2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 109-V Заңы. Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 115-VI Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық Одақтың Кеден кодексі туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданысын тоқтатты (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)

      Ескерту. ҚР 13.12.2017 № 115-VI Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық Одақтың Кеден кодексі туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданысын тоқтатты (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).
      2012 жылғы 23 сәуірде Санкт-Петербургте жасалған 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының
 
Президенті
Н.Назарбаев

     

2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы
арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы
келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты және 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімді негізге ала отырып,
      халықаралық саудада жалпыға бірдей қабылданған нормалар мен қағидаларды басшылыққа ала отырып,
      халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларын назарға ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Келісімнің бүкіл мәтіні бойынша:
      а) "тауарларды декларациялаушы тұлға", "Тауарларды декларациялаушы тұлға", "тауарларды декларациялайтын тұлға", "тауарларды декларациялаушы тұлғаның", "Тауарларды декларациялаушы тұлғаның", "тауарларды декларациялаушы тұлғаға", "тауарларды декларациялаушы тұлғада" деген сөздер тиісінше "декларант (кеден өкілі)", "Декларант (кеден өкілі)", "декларанттың (кеден өкілінің)", "Декларанттың (кеден өкілінің)", "декларантқа (кеден өкіліне)", "декларантта (кеден өкілінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) "Тарап мемлекетінің", "Тараптар мемлекеттерінің" және "тиісті Тарап мемлекеті", "тиісті Тарап мемлекетінің", "тиісті Тарап мемлекетінде" деген сөздер тиісінше "Кеден одағына мүше мемлекеттің", "Кеден одағына мүше мемлекеттердің", "Кеден одағына мүше мемлекет", "Кеден одағына мүше мемлекетте" деген сөздермен ауыстырылсын;
      в) "коммерциялық және басқарушылық шығыстар", "Коммерциялық және басқарушылық шығыстар", "коммерциялық және басқарушылық шығыстардың" және "жалпы шығыстар", "жалпы шығыстардың" деген сөздер тиісінше "жалпы шығыстар (коммерциялық және басқарушылық шығыстар)", "Жалпы шығыстар (коммерциялық және басқарушылық шығыстар)", "жалпы шығыстардың (коммерциялық және басқарушылық шығыстардың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      г) осы Хаттаманың 1-бабы 2-тармағының "б" тармақшасын қоспағанда, "кеден одағының бірыңғай кеден аумағында", "кеден одағының бірыңғай кеден аумағына", "бірыңғай кеден одағының кедендік аумағына", "кеден одағының бірыңғай кеден аумағын", "кеден одағының бірыңғай кеден аумағынан" деген сөздер тиісінше "Кеден одағының кеден аумағында", "Кеден одағының кеден аумағына", "Кеден одағының кеден аумағын", "Кеден одағының кеден аумағынан" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 1-бапта:
      а) "1-бап" деген сөздер "1-бап. Жалпы ережелер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 2-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Егер тауарлар Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына (бұдан әрі - Кеден одағының кеден аумағы) әкелу кезінде іс жүзінде Кеден одағының кедендік шекарасынан алып өткізілген немесе егер тауарлар алдын ала декларациялауды қолдану кезінде әкелуге мәлімделген және осындай тауарларға қатысты кедендік шекарадан өткеннен кейін немесе алдын ала декларациялау кезінде бірінші рет кедендік рәсім мәлімделген жағдайда осы Келісімнің ережелері қолданылады.";
      в) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құны 1994 жылғы Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің (ТСБК 1994) VII бабында және 1994 жылғы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің VII бабын қолдану жөніндегі келісімде белгіленген қағидаттар мен жалпы қағидаларға негізделген осы Келісімге сәйкес айқындалады.
      Кеден одағының комиссиясы 1994 жылғы Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің VII бабын қолдану жөніндегі келісімнің тиісті ережелерін, оған түсіндірме ескертулерді қоса алғанда, сондай-ақ Дүниежүзілік кеден ұйымының Кедендік бағалау жөніндегі техникалық комитеті әзірлеген тауарлардың кедендік құны жөніндегі құжаттарды негізге ала отырып, осы Келісімде белгіленген әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды.".
      3. 2-бапта:
      а) "2-бап" деген сөздер "2-бап. Тауарлардың кедендік құнын айқындау жүйесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 1-тармақтың екінші абзацы "Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын оның мәміле құны бойынша айқындау мүмкін болмайтын жағдайда," деген сөздерден кейін "тауарлардың кедендік құны осы Келісімнің 6 және 7-баптарында белгіленген, жүйелі түрде қолданылатын ережелерге сәйкес айқындалады. Бұл ретте" деген сөздермен толықтырылсын.
      4. 3-бапта:
      а) "3-бап" деген сөздер "3-бап. Келісімде пайдаланылатын ұғымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 1-тармақтың он алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "тауарлардың Кеден одағының кеден аумағына келетін орны" — Кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы өткізу пункті не тауарлар Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік (кедендік) шекарасынан іс жүзінде өткізілгеннен кейін тауарлар жеткізілуге тиіс Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған өзге де орындар. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсатында көліктің саналуан түрлері үшін "тауарлардың Кеден одағының кеден аумағына келетін орны" ұғымының нақтылануын ескере отырып, тауарларды тасу (тасымалдау) бойынша шығыстарды әкелінетін тауарлардың кедендік құнына енгізу тәртібі Кеден одағы Комиссиясының шешімімен белгіленеді;".
      5. 4-бапта:
      а) "4-бап" деген сөздер "4-бап. Әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміленің құны бойынша әдіс (1-әдіс)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 1-тармақтың сегізінші абзацындағы "жағдайлардың кез келгені кезінде" деген сөздер "жағдайлар орындалған кезде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      в) 2-тармақта:
      "сатушыға немесе" деген сөздерден кейін "өзге тұлғаға" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Егер декларацияланатын тауарлар бір мәміленің шеңберінде сатып алынған дәл осындай тауарлардың Кеден одағының кеден аумағына әкелінетін көп мөлшерінің бір бөлігі болып табылса, декларацияланатын тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын баға декларацияланатын тауарлардың саны мен сатып алынған тауарлардың жалпы санының арақатынасындай арақатынаста (пропорцияда) айқындалады.";
      г) 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Сатушы мен сатып алушының арасындағы өзара байланыс фактісі жеке түрде тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсаттары үшін қолайсыз мәміленің құнын тану үшін негіз болмауға тиіс. Бұл жағдайда сатуға жанама мән-жайлар талдануға тиіс. Егер көрсетілген өзара байланыс іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға ықпал етпесе, мәміленің құны тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсаттары үшін қолайлы деп танылуға тиіс.
      4. Егер сатушы мен сатып алушы өзара байланысты тұлғалар болып табылса және бұл ретте декларант (кеден өкілі) ұсынған немесе кеден органы өзге тәсілмен алған ақпарат негізінде кеден органы сатушы мен сатып алушының өзара байланысы іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға ықпал ету белгілерін анықтаса, онда кеден органы осы белгілер туралы декларантқа (кеден өкіліне) жазбаша нысанда хабарлайды. Бұл жағдайда кеден органы оның ішінде сатуға жанама мән-жайларды талдау мақсатында қосымша тексеру жүргізу туралы шешім қабылдайды. Декларанттың (кеден өкілінің) сатушы мен сатып алушының өзара байланысының іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға ықпалының жоқ екенін дәлелдеуге құқығы бар.
      Әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміленің құны бойынша әдіс (осы баптың 1-тармағы) бойынша тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсатында сатушы мен сатып алушының өзара байланысының іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға ықпалының жоқ екенін дәлелдеу не осы баптың 4.1-тармағында көрсетілген тәсілмен не осы баптың 4.2-тармағында көрсетілген тәсілмен жүзеге асырылады.";
      д) мынадай мазмұндағы жаңа 4.1 және 4.2-тармақтармен толықтырылсын:
      "4.1. Сатушы мен сатып алушының арасындағы өзара байланыстың іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға ықпалының жоқ екенін дәлелдеу үшін декларант (кеден өкілі) қосымша құжаттар мен мәліметтерді, оның ішінде кеден органы қосымша сұратқан сатуға жанама мән-жайларды сипаттайтын (көрсететін) қосымша құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға тиіс. Сатушы мен сатып алушының арасындағы өзара байланыстың іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға ықпалын айқындау мақсатында кеден органы сатуға жанама мән-жайларға талдау жүргізу кезінде сатып алушы мен сатушы өздерінің коммерциялық қатынастарын ұйымдастыратын тәсілді қоса алғанда, мәміленің барлық шарттарын және қарастырылып отырған баға қалай белгіленгенін қарауға тиіс. Егер жүргізілген талдау нәтижесінде кеден органы сатып алушы мен сатушы өзара байланысты тұлғалар бола тұра, тауарларды өзара байланысты тұлғалар болмағандай шарттарда, оның ішінде салыстырмалы баға бойынша (яғни сондай деңгейдегі баға бойынша) өзара сататынын және сатып алатынын анықтаған жағдайда, онда бұл факт сатушы мен сатып алушының арасындағы өзара байланыс іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға ықпал етпегенінің дәлелі болып табылады.
      4.2. Сатушы мен сатып алушының арасындағы өзара байланыстың іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға ықпалының жоқ екенін дәлелдеу үшін декларант (кеден өкілі) әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміленің құны әкелінетін тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасынан алып өткізілген немесе оған сәйкес келетін уақыт кезеңінде орын алған мынадай тексеру шамаларының біріне:
      1) Кеден одағының кеден аумағына әкету үшін тұлғалар мұндай тауарларды сатушымен өзара байланысты болып табылмайтын сатып алушыларға сатқан кезде ұқсас немесе біртектес тауарлармен жасалған мәміле құнына;
      2) осы Келісімнің 8-бабына сәйкес айқындалған ұқсас немесе біртектес тауарлардың кедендік құнына;
      3) осы Келісімнің 9-бабына сәйкес айқындалған ұқсас немесе біртектес тауарлардың кедендік құнына жақын екенін растайтын құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға тиіс.
      Егер кеден органында осы тармақта белгіленген тексеру шамаларының бірі мәміле құнына жақын екені туралы жеткілікті ақпарат болса, онда ол декларанттан (кеден өкілінен) осы шарттардың сақталуын (яғни, мәміленің құны осы тексеру шамасына жақын екенін) растайтын қосымша ақпаратты сұратпауға тиіс.";
      е) 5-тармақтағы "Осы баптың 4-тармағына сәйкес" деген сөздер "Осы баптың 4, 4.1 және 4.2-тармақтарына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ж) 6-тармақтағы "Осы баптың 4-тармағында көрсетілген" деген сөздер "Осы баптың 4.2-тармағында көрсетілген" деген сөздермен ауыстырылсын.
      6. 5-бапта:
      а) "5-бап" деген сөздер "5-бап. Тауарларға іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға қосымша есептеулер" деген сөздермен
      ауыстырылсын;
      б) 1-тармақта:
      2 "г") тармақшасына орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
      6-тармақшадағы "осы баптың 1-тармағының 4 және 5-тармақшаларында көрсетілген" деген сөздер "осы тармақтың 4 және 5-тармақшаларында көрсетілген" деген сөздермен ауыстырылсын.
      7. 6-бапта:
      а) "6-бап" деген сөздер "6-бап. Ұқсас тауарлармен жасалатын мәміленің құны бойынша әдіс (2-әдіс)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Осы Келісімнің 4-бабына сәйкес кеден органы қабылдаған осы тауарлардың кедендік құны ұқсас тауарлармен жасалатын мәміле құны болып табылады.".
      8. 7-бапта:
      а) "7-бап" деген сөздер "7-бап. Біртектес тауарлармен жасалатын мәміленің құны бойынша әдіс (3-әдіс)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Осы Келісімнің 4-бабына сәйкес кеден органы қабылдаған осы тауарлардың кедендік құны біртектес тауарлармен жасалатын мәміле құны болып табылады.".
      9. 8-бапта:
      а) "8-бап" деген сөздер "8-бап. Шегеру әдісі (4-әдіс)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) l-тармақта "өтініші бойынша" деген сөздерден кейін "осы Келісімнің осы бабын және 9-бабын қолдану" деген сөздермен толықтырылсын;
      в) 2-тармақтың 3) тармақшасындағы "осы Тарап мемлекеті", "осы
      Тарап мемлекетінің" деген сөздер тиісінше "осы Кеден одағына мүше
      мемлекет", "осы Кеден одағына мүше мемлекеттің" деген сөздермен
      ауыстырылсын;
      г) 3-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
      д) 7-тармақтың екінші абзацындағы "тиісті" деген сөз алып тасталсын.
      10. 9-бапта:
      а) "9-бап" деген сөздер "9-бап. Қосу әдісі (5-әдіс)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      б) 2-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
      в) 3-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
      г) 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Егер Кеден одағының заңнамасында немесе Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше көзделмесе, Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары Кеден одағына мүше мемлекеттің резиденті болып табылмайтын қандай да бір тұлғадан тауарлардың есептік құнын айқындау мақсаттары үшін құжаттар мен мәліметтерді ұсынуды талап етуге құқылы емес.
      Тауарлардың есептік құнын айқындау мақсаттары үшін шетелдік тауар өндіруші ұсынған құжаттар мен мәліметтерді шетелдік тауар өндірушінің келісімімен және тауарларды өндіруші елдің уәкілетті органын алдын ала хабардар еткен және оның осындай тексеруді жүргізуге қарсылықтары болмаған жағдайда Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органдары тауарларды өндіруші елде тексеруі мүмкін. Шетелдік тауар өндіруші ұсынған немесе оның атынан ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді тексеруді осы мемлекет қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Кеден одағына мүше мемлекеттің уәкілетті органдары жүргізеді.".
      11. 10-баптағы "10-бап" деген сөздер "10-бап. Резервтік әдіс (6-әдіс)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      12. 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "11-бап. Тауарлардың кедендік құнын кейінге қалдырып айқындау рәсімі
      Егер бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде сыртқы сауда шартының талаптарына сәйкес тауарларға арналған декларация тіркелген күнге тауарлардың кедендік құнын есептеу үшін қажетті дәл мәліметтерді растайтын құжаттардың болмауына байланысты декларанттың (кеден өкілінің) осы кедендік құнды айқындауын (түпкілікті айқындауын) аяқтауды кейінге қалдыру қажеттігі туындаған жағдайда, декларанттың (кеден өкілінің) бағаланатын (әкелінетін) тауарларды Кеден одағының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен алуға құқығы бар.
      Тауарлардың кедендік құнын кейінге қалдырып айқындау рәсімін қолдану жағдайларын белгілейтін тауарлардың кедендік құнын кейінге қалдырып айқындау рәсімін пайдалану тәртібі, тауарлардың кедендік құнын кейінге қалдырып айқындау рәсімін қолдану кезінде әкелінетін тауарлармен жасалатын мәміленің құны бойынша әдісті қолдану ерекшеліктері, сондай-ақ тауарлардың кедендік құнын декларациялау мен бақылау тәртібі, осындай жағдайлар үшін кедендік баждарды, салықтарды есептеу мен төлеу ерекшеліктері Кеден одағы Комиссиясының шешімімен бекітіледі.".
      13. 12-бапта "12-бап" деген сөздер "12-бап. Ұғымдарды қолдану" деген сөздермен ауыстырылсын.
      14. 13-бапта "13-бап" деген сөздер "13-бап. Дауларды шешу және өзгерістер енгізу тәртібі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      15. 14-бапта "14-бап" деген сөздер "14-бап. Күшіне ену, қосылу және шығу тәртібі" деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап

      Осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар Келісімде белгіленген тәртіппен шешіледі.

3-бап

      Осы Хаттама ратификациялауға жатады және қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады.
      Осы Хаттаманың күшіне ену, оған қосылу және одан шығу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттамамен айқындалады.
      2012 жылғы 23 сәуірде Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы осы Хаттаманың депозитарийі болып табылатын және әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Кеден одағының Комиссиясында сақталады.

Беларусь
Қазақстан
Ресей
Республикасының
Республикасының
Федерациясының
Үкіметі
Үкіметі
Үкіметі
үшін
үшін
үшін

     
      Осы мәтіннің 2012 жылғы 23 сәуірде Санкт-Петербург қаласында
      Беларусь Республикасы үшін — Беларусь Республикасының Премьер-Министрі М.В. Мясникович;
      Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімов;
      Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы В.В. Путин
      қол қойған 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама көшірмесінің толық және түпнұсқасы болып табылатынын куәландырамын.
      Түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссиясында сақталуда.

Еуразиялық экономикалық комиссиясы
 
Құқықтық Департаментінің директоры
В.И. Тараскин

     
      2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың мемлекеттік тілдегі мәтінінің түпнұсқа тілдегі мәтінге сәйкес келетінін растаймын.

Қазақстан Республикасы
 
Қаржы министрлігі Мемлекеттер
 
тілді дамыту және редакциялау
 
басқармасының бастығы
Б. Ахметжанова