Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияны бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Заңы. 2002 жылғы 14 қараша N 354

      Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.01. N 314 қаулысымен ;

      2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысына :

      2-тармақта:

      2) тармақшада "Ауыл шаруашылығы министрлігiнің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi" деген сөздер "Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшада "Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң" деген сөздер "Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 2003.04.01 N 314, 2005.04.06 N 310 қаулыларымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Pecпубликасының


Премьер-Министрі