Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 13 мамыр N 592

      Мемлекет қатысатын шаруашылық серiктестiктерiндегi акциялардың мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерiн тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1.
      2.
      3.
      ЕСКЕРТУ. 1-3-тармақтардың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.30.
               N 1504 қаулысымен. P991504_
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде шаруашылық серiктестiгiнiң қаржы жағдайын байқаушы кеңес мүшелерiнiң талдауы бойынша ұсынымдар әзiрлеп, бекiтсiн.
      5. "Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру процесiндегi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк реттеу мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 шiлдедегi N 606 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 28, 341-бап) бекiтiлген "Мемлекеттiк акционерлiк компаниялардың басшыларын тағайындау және бекiту тәртiбi" деген N 3 қосымшасының;
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 24 тамыздағы N 1177 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 29, 353-бап) 2-тармағының оныншы, он бiрiншi абзацтарының күшi жойылған деп танылсын.
 

     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi