Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 440 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарға көшу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 қаулы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы N 31 қаңтардағы N 25 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 5 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2191. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 305 қаулысымен.

      Спopттық peзеpвтi және ұлттық құрамa командаларды сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi
агенттiгінiң Астана қаласындағы "Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) құрылсын. 

      2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.

      3. Спорт саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi, соның iшiнде олимпиада резервiн және республиканың ұлттық құрама командаларының мүшелерiн даярлауды жүзеге асыру Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi
агенттiгi заңнамада белгiленген тәртіппен бiр ай мерзiмде:
      1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне
бекiтуге енгiзсiн;
      2) әдiлет органдарында Кәсiпорынның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі