ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі |
Е. Кошербаев |
| 2026 жылғы 16 маусымдағы № 11-1-4/328 бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер" және "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 08-1-1-1/114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 8438 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер" және "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларында:
көрсетілген қағидаларға 1-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. "Қазақстан Республикасының Құрметті (штаттан тыс) консулдарының функциялары мен өкілеттіктерін айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 23 мамырдағы № 08-1-1-1/201 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 8508 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасының Құрметті (штаттан тыс) консулдарының функциялары мен өкілеттіктерін айқындау жөніндегі нұсқаулықта:
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік немесе орыс тілінде жасалған жылдық есепте Құрметті консулдың консулдық округте уақытша немесе тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты қызметі жайлы, Қазақстанның қатысуымен құрылған ұйымдар мен фирмалар, консулдық округке келіп кеткен Қазақстан Республикасының әуе және теңіз кемелерінің экипаждары туралы, жүзеге асырылған консулдық іс-қимылдар туралы ақпарат, болу мемлекетінің консулдық қызметке қатысты жаңа заңдары туралы мәліметтер, имидждік жобалардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ консулдық округтың сауда, экономика және мәдени өміріндегі негізгі оқиғалары туралы баяндалады.".
3. "Дамуға ресми көмектің жобалық ұсынысының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 11-1-2/43 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10430 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дамуға ресми көмектің жобалық ұсынысының нысанында:
реттік нөмірі 12-жолдың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
4. "Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 11-1-2/130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11240 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетел азаматтары асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған шетел азаматтары асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетел азаматтары асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Шетел азаматтары асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды (бұдан әрі – балалар) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде (бұдан әрi – Министрлік) есепке қою олар Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары кеткенге дейiн Министрлікте жүзеге асырылады.";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) шетел азаматтарының асырауына берілген балаға – Қазақстан Республикасының азаматына (бұдан әрі – бала) берілген Қазақстан Республикасының азаматы паспортының түпнұсқасы;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) шетел азаматтарының баланы асырап алуы туралы өтінішін қанағаттандыру туралы сотпен куәландырылған сот шешімі (салыстырып-тексеру үшін).";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетел азаматтарына асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды (қыздарды) есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидалардың 2-1 қосымшасында қамтылған.";
4-тармақтың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші шетел азаматтарына асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке қоюды жүзеге асырады не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.";
көрсетілген қағидаларға 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетел азаматтары асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша";
көрсетілген қағидаларға 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген қағидаларға 2-1 қосымшада:
оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетел азаматтарына асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды (қыздарды) есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі";
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Шетел азаматтарына асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу (паспортқа қосымша бет) немесе дәлелді бас тарту. |
";
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
";
көрсетілген қағидаларға 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген қағидаларға 4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген қағидаларға 5-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қағидаларға 6-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген қағидаларға 7-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
5. "Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12572 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 3 және 4-қосымшалардың орыс тіліндегі мәтіндеріне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіндер өзгермейді.
6. "Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1265 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 13039 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхатты беру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Егер көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға болса, өтінішхатты заңды тұлғаның басшысының, басшысы орынбасарының немесе оның құрылымдық бөлімше басшысының лауазымында жұмыс атқаратын шетел азаматына беріледі.
Егер көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға болса, өтінішхат оның атына беріледі.".
7. "Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12780 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларында:
көрсетілген қағидаларға 1-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
8. "Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін және олардың журналистерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 11-1-2-192 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 13781 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін және олардың журналистерін аккредиттеу қағидаларында:
16-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) шетелдік паспорттың (шетел азаматы үшін), азаматтығы жоқ адамның куәлігінің (азаматтығы жоқ адам үшін) немесе жеке басын куәландыратын құжаттың (Қазақстан Республикасының азаматы үшін) көшірмесін;";
29-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) шетелдік паспорттың (шетел азаматы үшін), азаматтығы жоқ адамның куәлігінің (азаматтығы жоқ адам үшін) немесе жеке басын куәландыратын құжаттың (Қазақстан Республикасының азаматы үшін) көшірмесі қоса беріледі.".
9. "Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2016 жылғы 14 маусымдағы № 11-1-2/262 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 13958 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетел азаматтарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 89-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетел азаматтарын есепке алу қағидалары бекітілсін.";
Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетел азаматтарын есепке алу қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетел азаматтарын есепке алу қағидалары";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетел азаматтарын есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексі) 89-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетел азаматтарын есепке алу тәртібін анықтайды.
2. "Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетел азаматтарын есепке алу" (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсетілетін мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген шетел азаматтарына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.";
3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті аккредиттеген бала асырап алу жөніндегі агенттіктің қолдаухаты.
1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында қол қойылған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны (бұдан әрі - Ковенция) ратификациялаған мемлекеттерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар және Конвенцияны ратификациялаған елдердің азаматтары болып табылатын шетел азаматтары үшін осы мемлекеттегі қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органдарының қолдаухатын ұсыну қажет;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фотосуреті бар толтырылған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетел азаматтарын толтырылған есепке алу карточкасы;";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Есепке алу карточкалары әліпби тәртібімен "Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдар, шетел азаматтары" бөлімі бойынша есепке алу үшін қабылданған картотекада сақталады.";
10-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағым Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";
көрсетілген қағидаларға 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген қағидаларға 2-қосымшада:
оң жоқ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетел азаматтарын есепке алу карточкасы";
көрсетілген қағидаларға 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген қағидаларға 4-қосымшада:
оң жоқ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетел азаматтарын есепке қою" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі";
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
1) "Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетел азаматтарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 14 маусымдағы № 11-1-2/262 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13958 болып тіркелген) бекітілген осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті аккредиттеген бала асырап алу жөніндегі агенттіктің қолдаухаты. |
| "; |
көрсетілген қағидаларға 5-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
10. "Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2016 жылғы 14 маусымдағы № 11-1-2/263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 14093 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидалар "Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 11-1-2/130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11240 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылатын шетел азаматтарына асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балалардың есебін жүргізуде қолданылмайды.".
11. "Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштерді қабылдау және қарау, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 11-1-2/420 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 15884 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштерді қабылдау және қарау, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын (жатпайтынын) айқындау қағидаларында:
көрсетілген қағидаларға 2-қосымша осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
12. "Құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 16116 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құжаттарды заңдастыру қағидаларында:
көрсетілген қағидаларға 1-қосымшада белгіленген "Құжаттарды заңдастыру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
| ". |
13. "Шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-4/71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 16650 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берілген Шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 33-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 167) тармақшасына сәйкес әзірленді, және шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасы азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) шетел азаматы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын әрі өзінің басқа мемлекеттің азаматы екендігі туралы дәлелі бар адам.";
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) шет елдегі мекемеге Қазақстан Республикасының электрондық форматта және шет елдегі мекемеге барусыз берілетін визаларынан басқа визаларды алу үшін өтініш білдірген он алты жасқа толған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан.";
4-тармақтың 2) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, арнаулы мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның шақыруы бойынша келетін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар;";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды дактилоскопиялау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 730 бұйрығымен бекітілген Дактилоскопиялау және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларының 23, 32 және 37-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35161 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тіркеу қағидалары).";
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарын "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) мынадай дербес деректерді енгізеді:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
туған күні;
жынысы;
қолдарындағы он саусағының папиллярлық өрнектерінің құрылымдық ерекшеліктері туралы ақпарат;
азаматтығы;
шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының визасын ресімдеуге жүгіну кезіндегі жасына сәйкес келетін, беті фотосуреттің жалпы ауданының шамамен 75 пайызын алатын ашық фонда, байсалды жүзбен, аузы жабық, дәлме-дәл анфас түсірілген фотосуреті;
жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні, жарамдылық мерзімі;
жеке басты куәландыратын құжатты берген органның атауы;
дактилоскопиялық тіркеудің жүргізілген күні және негізі;
дактилоскопиялық тіркеуді жүргізген уәкілетті қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).";
10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты – "Бүркіт" БАЖ-ға.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Қазақстан Республикасының азаматы, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам дактилоскопиялық тіркеуден бұрын өткен болса және "ХҚТ ТП" АЖ-да және "Бүркіт" БАЖ-да белгі болған жағдайда, уәкілетті қызметкер Тіркеу қағидаларында айқындалған тәртіппен жеке басты верификациялауды жүзеге асырады.".
14. "Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 11-1-4/149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 20627 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын шетел азаматының отбасы мүшелері болып табылатындарға;";
3-тармақтың 1) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Шетел азаматы ата-анасынан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алуға нотариалды расталған өтініш-келісімі (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, олардың біреуі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және осы уақытта ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болған жағдайда);";
көрсетілген қағидаларға 2-қосымшада белгіленген "Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
| "; |
15. "Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 11-1-4/192 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 20857 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру қағидаларында:
көрсетілген қағидаларға 2-қосымшада белгіленген "Шетелде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
| ". |
16. "Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде бухгалтерлік есепке алу жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы" нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы № 11-1-4/355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 24154 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде бухгалтерлік есеп бойынша жалпы ережелерді қолдану тәртібі белгіленген нұсқаулықта:
көрсетілген нұсқаулықта 4-қосымша осы тізбеге 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген нұсқаулыққа 6-қосымша осы тізбеге 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
17. "Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 11-1-4/590 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 26282 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалығы (бұдан әрі – заңдық ауыртпалық) – Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптардың келісімінде көзделген тәртіппен туындаған және құқық иеленушінің жылжымайтын мүлікті иеленуге, пайдалануға және (немесе) оған билік етуге құқығын шектеуді білдіретін жылжымайтын мүлікке құқықтың кез келген шектеулері;";
көрсетілген қағидаларға 3-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
18. Инвестициялар туралы келісімдерді жасасу, өзгерту және бұзу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2023 жылғы 17 наурыздағы № 11-1-4/113 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 32095 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялар туралы келісімдерді жасасу, өзгерту және бұзу қағидаларында:
көрсетілген қағидаларға 1-қосымшада белгіленген Инвестициялар туралы келісім жасасуға өтініште:
реттік нөмірі 11 және 12-жолдардың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген қағидаларға 2-қосымшада белгіленген Бизнес-жоспарды жасау нысанында:
көрсетілген нысанға 1-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген нысанға 2-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген нысанға 3-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген қағидаларға 4-қосымшада белгіленген Инвестициялар туралы келісімнің үлгілік нысанында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Инвестициялық жобаны іске асыру үшін инвестор _____ теңге көлемінде инвестициялайды.";
көрсетілген үлгілік нысанға қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген қағидаларға 5-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген қағидаларға 6-қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
19. Инвесторлар үшін "бір терезені" ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 11-1-4/327 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 32910 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвесторлар үшін "бір терезені" ұйымдастыру қағидаларында, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібінде:
3-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"14) инвестицияларға тапсырыс – облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың инвестицияларға қажеттілігі, оны белгілі бір өңірге қатысты және осы өңір үшін заңда белгіленген экономикалық жоспарлар мен міндеттер, өңірлердің бәсекелестік артықшылықтары және басқа да факторлар негізделген жергілікті атқарушы орган немесе белгілі бір салаға қатысты орталық мемлекеттік орган тиісті түрде ресімдеуі;";
9-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) инвестордың сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған Қазақстан Республикасының заңдарында (салық салу, технологиялар трансферттері, визалық қолдау), Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарынан тыс қаралуы мүмкін заң жобаларына түзетулерге бастамашылық жасайды;".
20. Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2024 жылғы 28 ақпандағы № 11-1-4/71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 34089 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымшада белгіленген Қазақстан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелері осы тізбеге 11-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Балаларды есепке алу журналы
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/documents/details/adilet/V1500011240?lang=ru
Индекс: 1-БА
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезеңі: 20___ жылғы _______ ай
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті
Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5 күніне дейін
Консулдық есепке алу № | Баланың асырап алынғанға дейінгі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) | Баланың туған күні, жері | Ата-анасының асырап алынғанға дейінгі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), азаматтығы | Асырап алу жүзеге асырылған мекеменің атауы, мекен-жайы | Баланың асырап алынғаннан кейінгі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) | Асырап алушылардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), азаматтығы | Асырап алушылардың тұрғылықты мекен-жайы | Асырап алу туралы шешім шығарған соттың атауы | Баланың паспортын жасаған ішкі істер органдарының атауы, паспорттың нөмірі мен берілген күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Орындаушы: ___________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), қолы)
Қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлға:
_______________________________________________ қолы _________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
"Балаларды есепке алу журналы" нысанын толтыру бойынша түсініктеме (Индексі: 1-БА, кезеңділігі: ай сайын)
1. 1-бағанда шетел азаматтарына асырауға берілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы консулдық есепке алу нөмірі көрсетіледі.
2. 2-бағанда шетел азаматтарына асырауға берілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланың асырап алынғанға дейінгі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) көрсетіледі.
3. 3-бағанда шетел азаматтарына асырауға берілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланың туған күні, жері көрсетіледі.
4. 4-бағанда шетел азаматтары асырап алғанға дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланың ата-анасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), азаматтығы көрсетіледі.
5. 5-бағанда шетел азаматтары асырап алған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алу жүзеге асырылған мекеменің атауы, мекенжайы көрсетіледі.
6. 6-бағанда шетел азаматтары асырап алғаннан кейінгі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) көрсетіледі.
7. 7-бағанда Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланының шетелдік асырап алушыларының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), азаматтығы көрсетіледі.
8. 8-бағанда Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланының шетелдік асырап алушыларының тұрғылықты мекен-жайы көрсетіледі.
9. 9-бағанда шетел азаматтары асырап алған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алу туралы шешім шығарған соттың атауы көрсетіледі.
10. 10-бағанда шетел азаматтары асырап алған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаға паспорт жасаған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының атауы, паспорттың нөмірі мен берілген күні көрсетіледі.
Өтініш-келісім
Мен, __________________________________________________________, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға / Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруге өтініш білдіре отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерін, оның аумақтық тұтастығын қорғауға, мемлекеттік тіл мен оның аумағында тұратын барлық ұлттардың тілдеріне, әдет-ғұрпына, дәстүрлеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш-құдіретін, Егемендігін және Тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндеттенемін.
Шақырылған адамдардың тізімі
Өкілдік іс-шараны өткізу күні: 20 __ жылғы "__" ______
Мақсаты іс-шаралар: _____________________________________________
______________________________________________________________
Шақырылған адамдардың саны: ____ адам, оның ішінде ____ шетел азаматы.
№ | Шақырылған адамның тегі, аты | Шақырылған адам туралы мәліметтер (ұйымның атауы/лауазымы) |
1 | ||
2 | ||
_________________ ________________ ____________________
(лауазымы) (қолы) (тегі және аты-жөні)
Өкілдік шығыстарды есептен шығару актісі
_____________ қаласы
20 ____ жылғы "____" ________
Құрамындағы өкілдік шығындарды есептен шығару жөніндегі комиссия:
_____________ ___________________________,
(лауазымы) (қызметкерлердің аты-жөні)
_____________ ___________________________,
(лауазымы) (қызметкерлердің аты-жөні)
_____________ ___________________________,
(лауазымы) (қызметкерлердің аты-жөні)
төмендегі өкілдік іс-шараға шығыстарды есептен шығару туралы осы актіні жасады:
1. Өкілдік іс-шараның түрі:
_______________________________________________________________
(қызметкерлердің лауазымы мен тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, сапарларды ұйымдастыру шеңберіндегі ресми қабылдау/іс-шара/дипломатиялық кездесу)
2. Іс-шараны өткізу күн: 20 ___ жылғы "___" ______________.
3. Мақсаты ісшаралар: __________________________________________.
4. Шақырылған адамдардың саны: ______ адам, оның ішінде ____ шетел азаматы.
5. Қатысушылардың нақты саны (іс-шара күніндегі ауызша есептеулер негізінде): ______ адам, оның ішінде ____ шетел азаматы.
6. Іс-шараны өткізуге келесі шығындар жұмсалды:
№ | Өкілдік шығындардың түрлері |
Сомасы | |
жергілікті валютада | қаржыландыру валютамен | ||
Қаржыландыру валютасындағы жиыны | |||
7. Бұдан басқа, шетелдік мекеменің қоймасынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бөлінісі бойынша келіп түскен кәдесыйлар, полиграфиялық және өзге де үлестіру өнімдері мемлекеттік мекеменің мұқтаждықтарына арналған материалдарды беру ведомостарына сәйкес берілді:
_________ жылғы №_____ _______,
(валютаны көрсете отырып, цифрмен сомасы)
_________ жылғы _________ №_____
(валютаны көрсете отырып, цифрмен сомасы)
Шығыстар нысаналы мақсаты бойынша жүргізілген және шетелдегі мекеменің өкілдік шығындарына бухгалтерлік есеп бойынша есептен шығаруға жатады.
Қосымшалар: ___ парақ.
____________ __________ ____________________________
(лауазымы) (қолы) (қызметкерлердің аты-жөні)
____________ __________ _____________________________
(лауазымы) (қолы) (қызметкерлердің аты-жөні)
____________ __________ _____________________________
(лауазымы) (қолы) (қызметкерлердің аты-жөні)
Қазақтан Республикасының аумағында алынатын консулдық алым мөлшерлемелері
№ | Консулдық iс-әрекеттердiң атауы | Консулдақ алымның мөлшерлемелері |
1. | Қазақстан Республикасы азаматтарының және заңды тұлғаларының, сондай-ақ шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың визалар беру туралы өтініштерін өңдеу және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне визалар беру (визалық қолдау) туралы нұсқауларды жолдау | |
бір мәрте келу - кету | айлық есептік көрсеткіштің 20%-ы | |
екі немесе одан да көп келу - кету | айлық есептік көрсеткіштің 50%-ы | |
2. | Құжаттарды заңдастыру (әрбiр құжат үшін) | айлық есептік көрсеткіштің 50 %-ы |