РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 293-бабы 2-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 11.08.2022 № 11-1-4/417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 01.06.2020 № 11-1-4/179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 183 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 7759 болып тіркелген, 2012 жылғы 4 тамыздағы № 464-470 (27543) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ивестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.К. Хаиров):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін.
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады, бұл ретте Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы |
Ж. Қасымбек |
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1281 бұйрығымен бекітілген |
Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 25.07.2023 № 11-1-4/390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) 293-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Мемлекеттік қызметтер туралы" Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ивестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау тәртібін, сондай-ақ "Инвестицияларды жүзеге асыру мен инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы ережелерде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған әрi электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгi мен мазмұнының өзгерместігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жинағы;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғандағы шоғырландырылған үкіметтік ақпараттың барлығына және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылудың техникалық шарттарын беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы қағидаларға сәйкес көрсетеді.
4. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды өзектендіреді және ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, портал операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.
5. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
2-тарау. Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау тәртібі
6. Инвестицияларды жүзеге асыру және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыру туралы инвестициялық келісімшарт (бұдан әрі – инвестициялық келісімшарт) жасасу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы көрсетілетін қызмет берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінінің 8-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық преференциялар беруге өтінімді (бұдан әрі – өтінім) мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады.
7. Көрсетілетін қызметті беруші өтінімді келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтінімді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
8. Көрсетілетін қызметті беруші порталда өтінім тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінінің 8-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда өтінімді одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарын қарайды.
9. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қараған кезде:
1) өтініштің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді;
2) Кодекстің 292-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес инвестициялық жобаның бизнес-жоспарына талдау жүргізеді;
3) Кодекстің 282-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.
10. Мемлекеттік мүлікті, жер ресурстарын, кеден ісін басқару саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өтінім порталда келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оң немесе теріс жауаптар дайындайды және оларды порталда орналастырады.
11. Мемлекеттік мүлікті, жер ресурстарын, кеден ісін басқару саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардан, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан өтінімді қарау бойынша алынған жауаптардың нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші инвестициялық преференциялар беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау туралы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданған күнге дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын хабардар етеді. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші инвестициялық преференциялар беру туралы не оларды толық немесе ішінара қабылдамау туралы шешім қабылдайды.
12. Көрсетілетін қызметті беруші инвестициялық преференциялар беру туралы шешім қабылданған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде электрондық түрде дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ арқылы қол қояды, инвестициялық келісімшартты тіркейді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы шешім шығарылған кезде көрсетілетін қызметті беруші электрондық нысанда дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" орналастыру арқылы электрондық құжат нысанында жүзеге асырылады.
14. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік қызметтер туралы" Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде ішінде техникалық проблема туралы еркін нысанда хаттаманы жасау және көрсетілетін қызметті берушімен қол қою үшін портал операторын хабардар етеді.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібі
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
17. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарайтын органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
18. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім
1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы туралы мәліметтер | ||
1. | Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы | |
2. | Тұрған жері: заңды мекенжайы және нақты тұрған жері | |
3. | Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) | |
4. | Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының басшысы |
____________________________ |
5. | Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының бас бухгалтері |
____________________________ |
6. | Инвестициялық жобаның менеджері |
____________________________ |
2. Инвестициялық жоба туралы мәліметтер | ||
7. | Инвестициялық жобаның атауы | ____________________________ |
8. | Инвестициялық жобаны іске асыру орны (облыс, аудан, қала) | |
9. | Инвестициялау үшін таңдалған қызметтің басым түрі(лері) (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуші сыныптарының деңгейінде) | ____________________________ |
10. |
Қосылған құн салығын есепке алмай заңды тұлғаның тіркелген активтерге инвестициялардың көлемі (тіркелген актив шығындары пайдалануға берілгенге дейін инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді берген күнге дейін |
____________________________ |
11. |
Жобаны қаржыландыру көздері, мыналардың: |
1)___________________________ |
3. Жобаны іске асыру үшін талап етілетін инвестициялық преференциялар* | ||
12. |
Мыналарды: |
1)___________________________ |
13. | Шикізаттардың және (немесе) материалдардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеуден босату |
____________________________ |
14. | Кедендік тазартуды жүргізу орны | |
15. | Мемлекеттік заттай грант |
____________________________ |
16. | Жер салығы бойынша жеңілдіктер** |
____________________________ |
17. | Мүлік салығы бойынша жеңілдіктер** |
____________________________ |
18. | Корпоративтік табыс салығы бойынша жеңілдіктер*** |
____________________________ |
19. |
Шетелдік жұмыс күшінің саны***, оның ішінде (инвестициялық преференцияларды ұсынуға арналған өтінімге тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтер нысанына сәйкес): |
1)___________________________ |
Ескертпе:
* қажеттілігіне карай толтырылады;
** жаңа өндірісті құру бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыратын заңды тұлға үшін арналған;
*** жаңа өндірісті құру, сондай-ақ қолданыстағы өндірісті кеңейту және (немесе) жаңарту (реконструкциялау, жаңғырту) бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыратын заңды тұлғаға арналған.
4. Инвестициялық жоба бойынша жұмыс бағдарламасы
______________________________________________________________
(атауы)
Инвестордың атауы: _____________________________________________
1-бөлім: тіркелген активтерге инвестициялар, мың теңге | |||||
Шығын баптары | Тіркелген активтерді пайдалануға енгізу күні | Күнтізбелік жыл | Барлығы | ||
1-жартыжылдық | 2-жартыжылдық | Жыл бойынша жиынында | |||
1-бөлім бойынша жиынында: | |||||
2-бөлім: технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектер, шикізат және материалдар импорты, саны | |||||
Шығын баптары | Өлшем бірлігі | Игеру кезеңі | Барлығы | ||
1-жартыжылдық | 2-жартыжылдық | Жыл бойынша жиынында | |||
1. Қосалқы бөлшектер, оның ішінде: | |||||
2. Шикізат, материалдар, оның ішінде: | |||||
2-бөлім бойынша жиыны: | |||||
3-бөлім. Өндірістік көрсеткіштер, заттай көріністегі саны | |||||
№ р/н | Тауарлардың жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы | Күнтізбелік жыл | Барлығы | ||
1-жартыжылдық | 2-жартыжылдық | Жыл бойынша жиынында | |||
3-бөлім бойынша жиыны: |
5. Кеден одағының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден баждарын салудан босатылатын, импортталатын технологиялық жабдық пен оның жиынтықтауыштарының, қосалқы бөлшектердің, шикізат пен материалдардың тізімі және көлемі*.
№ | Атауы | Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық комиссиясының тауарлық номенклатурасы- ЕАЭО СЭҚ ТН (кем дегенде алғашқы 6 белгі) | Өлшем бірлігі | Саны | Тауарларды бірдей жіктеуге мүмкіндік беретін құжаттар* |
1. | |||||
Жиыны: |
Ескертпе:
* қажеттілігіне қарай болған жағдайда толтырылады;
** тауарларды жіктеу іштері бойынша ақпарат тауарлардың толық коммерциялық атауын, фирмалық атауын, негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамаларын және бұйымдардың фотосуреттерін, суреттерін, сызбаларын, паспорттарын, және өтінім берген заңды тұлға басшысының қолымен расталған құжаттарды қамтуы тиіс.
6. Инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференциялар Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінінің 286-бабының 5-тармағының талаптарын қамтылған сақтаған кезде беріледі.
_____________________________________ | _____________________ (қолы және күні) |
Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімге қосымша |
Нысан
Тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтер
№ | Тегі, аты, әкесінің аты, (оның ішінде латын әріптерімен) | Туылған күні | Азаматтығы/ тұрғылықты елі | Паспортының нөмірі, берілген күні мен берген орган (жеке басын куәландыратын құжат) | Тарту кезеңі (ай, жыл) | |
_____________________________________ (Қазақстан Республикасының заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің ат (бар болған кезде) | _____________________ (қолы және күні) |
Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларына 2-қосымша |
"Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті |
2. | Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәсілдері | веб-портал "электрондық үкімет" www.egov.kz (бұдан әрі– портал). |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - 27 (жиырма жеті) жұмыс күні. |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электронды (толық автоматтандырылған) |
5. | Мемлекеттік қызмет нәтижесі | Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға келісімшарт жасасу немесе осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағымен қарастырылған жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы жазбаша нысанда уәжді түрдегі жауап. |
6. | Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем соммасы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайда оны жинау тәсілдері | Тегін |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. |
8. | Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекетік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізімі |
1) көрсетілетін қызметті алушының инвестициялық преференциялар беру жөнінде электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімі; |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы; |
10. | Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзгеде талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |
Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптар
1. Бизнес-жоспар мынадай бөлімдерден тұрады:
1) жобаның түйіндемесі;
2) технологиялық бөлім;
3) коммерциялық бөлім;
4) әлеуметтік-экономиялық ықпалы;
5) қаржылық бөлім.
2. Жобаның түйіндемесі өзіне мыналарды қамтиды:
1) заңды тұлға туралы ақпарат:
елді көрсете отырып, шетелдік қатысу үлесі;
квазимемлекеттік сектордың қатысу үлесі;
2) жоба бойынша ақпарат:
жобаның атауы;
жобаның мақсаты;
болжанатын инвестициялық жобаның сипаты (жаңа өндірістерді құру, жұмыс істеп тұрғандарды кеңейту және жаңарту);
құрылатын жаңа жұмыс орындарының (уақытша және тұрақты) саны;
экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішісіне сәйкес шығарылатын өнімнің номенклатурасы (ҚР ЭҚТӨЖ);
3. Технологиялық бөлім өзіне мыналарды қамтиды;
1) технологиялық процесте сатып алынатын және қолданатын тіркелген активтерді, сондай-ақ импортталатын шикізат пен материалдарды көрсете отырып, инвестициялық жоба технологиясының сипаттамасы;
2) инвестициялық жобадағы қазіргі заманғы технологиялардың қолданылуы;
3) осы Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес техникалық және құндық сипаттамалары бойынша импортталатын шикізат пен материалдардың салыстырмалы талдауы;
4. Коммерциялық бөлім өзіне мыналарды қамтиды:
1) шикізатты, материалдар мен жабдықтарды жеткізу:
пайдаланатын шикізат пен материалдар түрлерінің тізбесі;
пайдаланылатын шикізат пен материалдардың атауы мен көлемін көрсете отырып, инвестициялық жоба шеңберінде жабдықта шығарылатын дайын өнім бірлігінің өндірісіне импортталатын шикізат пен материалдар шығыстарының орташа нормасы (технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектердің, шикізат пен материалдардың импорты кезінде кеден баждарын төлеуден босату, сонымен қатар шикізат пен (немесе) материалдардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеуден босату кезінде толтырылады);
қажетті технологиялық жабдықтардың тізбесі;
технологиялық жабдықтың жаңалығы (жабдықтың шығарылған күні мен моделі);
2) маркетинг:
өнімді өткізу - қандай өңірлерге, қандай тұтынушыларға, шетелдегі қай елдерге беру болжанатынын, нарықта ұқсас, өзара алмастырушы немесе өзара толықтырушы тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің бар екенін көрсету;
5. Әлеуметтік-экономиялық ықпалету өзіне мыналарды қамтиды:
1) инвестициялық жобаның тікелей қатысушылары:
жобаны құрушы, бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында (іздену және жобалау қызметін, инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтерді орындаушы, жабдықты беруші, шикізат пен материалдарды беруші, делдалдар;
2) осы Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы (саны);
3) тартылатын шетелдік жұмыс күшінің функционалды міндеттемелерін бөлу (инвестициялық басым жобаларды іске асырған кезде толтырылады);
4) осы Талаптарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға мұқтаждығы;
5) инвестициялық жобаны іске асыру кезінде күтілетін әлеуметтік әсер.
6. Қаржы бөлімі өзіне мыналарды қамтиды:
1) инвестициялық жобаны іске асыру құны, қаржыландыру көздері:
меншік қаражаты;
қарыз қаражаты (кредиттер немесе тартылған шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражаты) және/немесе грант;
бюджеттік қаражат;
2) қаржылық талдау:
инвестициялық преференцияларды есепке алмай және тиісті инвестициялық преференцияларды есепке ала отырып, модельдерді есептеуді қамтитын жобаның қаржылық моделі;
жобаның өмірлік циклі ішінде таза дисконттық кіріс (NPV);
жобаның өмірлік циклі ішінде түсімдердің ішкі нормасы;
жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі (қарапайым және дисконттық);
табыстың қарапайым нормасы (рентабельділігі);
осы Талаптарға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер үшін шартты шығындар мен кірістердің есебі.
7. Бизнес-жоспарды тігу және нөмірлеу, заңды тұлғаның бірінші басшысының қолымен расталуы қажет.
Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарға 1-қосымша |
Нысан
Техникалық және құндық сипаттамалары бойынша импортталатын шикізат пен материалдарды салыстырмалы талдау
Тауардың атауы | Техникалық сипаты | Құндық сипаты | ||||
Қазақстан Республикасында | Еуразиялық экономикалық одағының елдерінде | Басқа (лар) елде(рде) | Қазақстан Республикасында | Еуразиялық экономикалық одағының елдерінде | Басқа (лар) елде(рде) | |
Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарға 2-қосымша |
Нысан
Жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы (саны)
Құрылыс кезеңінде | Пайдалануға енгізгеннен кейін (1 жыл) | ||
Қазақстан Республикасының азаматтары | Шетелдік жұмыс күші | Қазақстан Республикасының азаматтары | Шетелдік жұмыс күші |
Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарға 3-қосымша |
Нысан
Өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға мұқтаждығы
Р/с № | Кәсіптің атауы | Біліктілік деңгейі (тарифтік разряды, санаты) | Саны |
Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарға 4-қосымша |
Нысан
Республикалық және жергілікті бюджет үшін шартты шығындар мен кірістердің есебі
Бюджетке міндетті төлемдердің түрлері | күнтізбелік жыл | күнтізбелік жыл | ||
преференцияларды есепке алмай бюджетке түсетін түсім | преференцияларды есепке алғанда бюджетке түсетін түсім | преференцияларды есепке алмай бюджетке түсетін түсім | преференцияларды есепке алғанда бюджетке түсетін түсім | |
Корпоративтік табыс салығы | ||||
Мүлік салығы | ||||
Жер салығы | ||||
Кедендік баж салығы | ||||
Әлеуметтік салық | ||||
Зейнетақы төлемдері |