ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 32-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ тізілімге енгізілетін цифрлық объектілердің түрлерін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбедегі кейбір бұйрықтар күшін жойды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің цифрлық ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеде қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Ж. Мадиев |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі 2026 жылғы 2 маусымдағы № 279/НҚ Бұйрықпен бекітілген |
Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ тізілімге енгізілетін цифрлық объектілердің түрлерін айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары, сондай-ақ тізілімге енгізілетін цифрлық объектілердің түрлерін айқындау (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 32-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ тізілімге енгізілетін цифрлық объектілердің түрлерін айқындау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын Ұлттық әл-ауқат қоры, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, "Астана" халықаралық қаржы орталығы органдарының, олардың ұйымдарының және қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым;
2) комиссия – өтінім берушілердің цифрлық объектіні тізілімге (нен) енгізу (алып тастау) туралы, сондай-ақ тізілімде қамтылған мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы өтінімдерін қарау кезіндегі ұсыныстар әзірлеу бойынша консультативтік-кеңесші орган;
3) өтініш беруші – Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, шетелдік мекемелерін, жергілікті атқарушы органдарын, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін, квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында бағдарламалық қамтылымды өндіретін жеке және заңды тұлғалар;
4) сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) - осы Қағидаларда белгiленген өлшемдерге сәйкес келетiн цифрлық объектiлердiң тізбесі;
5) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы (бұдан әрі – ТЖҚ БНА) - сатып алу процестерін жоспарлау, есепке алу және талдау үшін Қазақстан Республикасының барлық реттеліп сатып алуларында қолданылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сыныптауышы;
6) цифрландыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) цифрландыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымын дамыту үшін өзге тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерін сүйемелдеуді және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін басқа да тұлғалардың цифрлық инфрақұрылым объектілерін тартады;
8) цифрлық объект – цифрлық технологиялар арқылы құрылған, пайдаланылатын немесе берілетін, бірегей цифрлық сипаттамаларға ие және цифрлық орта субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көлемде иелену, пайдалану не билік ету құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін цифрлық ортаның ерекшеленген элементі;
9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).
Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтылымды уәкілетті орган Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу (өзектендіру) кезінде ұсынылған құжаттардың қолданылу мерзімдерінің өзектілігіне мониторинг жүргізу қорытындылары бойынша Сенім білдірілген цифрлық объектілер тізіліміне енгізеді.
2-тарау. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібі
3. Тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді уәкілетті орган цифрлық объектілерді Тізілімге (ден) енгізу және алып тастау, сондай-ақ олар туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу арқылы жүзеге асырады.
4. Тізілімді жүргізу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
5. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу өтініш беруші берген цифрлық объектілерді Тізілімге (тiзiлiмнен) енгізу (алып тастау) туралы өтініштер (бұдан әрі – өтініш) негізінде, 8-тармақта айқындалған құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес олар туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу негізінде жүзеге асырылады.
6. Өтініш "цифрлық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz немесе www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы беріледі.
7. Цифрлық объектілер киберқауіпсіздік, сенімділік, оқшаулау және техникалық қолдау өлшемдеріне сәйкес келген жағдайда:
1) цифрлық объект болып табылатын немесе цифрлық объектінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымға айрықша мүліктік құқықтар өтініш берушіге тиесілі, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және айрықша құқықтың бүкіл қолданылу мерзіміне қолданылады;
2) "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерінің жіктеуішіне сәйкес цифрлық объектінің мәлімделген түріне және санатына сәйкестігі;
3) цифрлық объектінің белгіленген киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігі;
4) цифрлық объектінің мәлімделген функционалдық және пайдалану сипаттамаларына сәйкестігі;
5) цифрлық объект болып табылатын немесе цифрлық объектінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымды оқшаулау үлесі кемінде 80%;
6) цифрлық объектінің техникалық қолдау қызметімен қамтамасыз етілуі;
Егер оның жұмыс істеуі үшін Тізілімде жоқ бағдарламалық қамтылым (ашық бастапқы коды бар бағдарламалық қамтылымды қоспағанда) талап етілсе, цифрлық объектіні Тізілімге енгізуге жол берілмейді.
8. Цифрлық объектіні сенім білдірілген цифрлық объектілер тізіліміне енгізу үшін цифрлық объектінің сәйкестігін растайтын мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беріледі:
1) "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілеріне және аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен берілген киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтардың оң нәтижелері бар сынақтар хаттамаларының болуы;
2) Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау тәртібіне сәйкес бағдарламалық қамтылымдағы оқшаулау үлесінің кемінде 80% есебін растайтын құжаттар;
3) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша цифрлық объектінің Қазақстан Республикасының аумағында техникалық қолдау қызметімен қамтамасыз етілуі туралы мәліметтер;
4) өтініш берушіде цифрлық объект болып табылатын немесе цифрлық объектінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымға айрықша мүліктік құқықтардың болуын, олардың Қазақстан Республикасының аумағында айрықша мүліктік құқықтардың бүкіл қолданылу мерзіміне қолданылуын растайтын құжаттар:
автордан немесе осындай құқықтарға ие өзге де құқық иеленушіден өтініш берушіге айрықша мүліктік құқықтарды беру туралы шарт не өтініш берушінің осындай құқықтарды қызметтік шығарма ретінде алғанын растайтын құжаттар;
авторлық құқық туралы куәлік.
9. Құжаттарды портал арқылы берген кезде "жеке кабинетке" өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама мәртебесі жіберіледі.
10. Уәкілетті орган Тізілімде қамтылған мәліметтерге, құжаттардың жарамдылығына мониторинг жүргізеді.
11. Цифрлық объектілерді Тізілімнен шығару:
1) өтініш беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Тізілімнен цифрлық объектілерді алып тастау туралы берген өтінішті;
2) дәйексіз мәліметтерді, дәйексіз құжаттарды, қолданылу мерзімі өткен және (немесе) цифрлық объектіні осы Қағидаларда белгіленген Тізілімге енгізу жөніндегі өлшемшарттарға сәйкестігін жоғалтқан құжаттарды ұсыну фактілері анықталған жағдайда тізілімінді мониторингілеу.
12. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі өтініш пен құжаттар келіп түскеннен кейін оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
13. Өтініш беруші осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған, цифрлық объект Жіктеуішке сәйкес мәлімделген түр мен санатқа сәйкес келмеген, сондай-ақ осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген енгізу критерийлеріне сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті орган өтінішті қабылдаудан бас тартады.
14. Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде уәкілетті орган оны ұсынымдар беру үшін Комиссияның қарауына жібереді.
15. Цифрлық объектіні енгізу өлшемшарттарына сәйкестігін, сондай-ақ Тізілімде қамтылған мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізудің негізділігін Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген критерийлер бойынша Комиссияның ұсынымдарын ескере отырып, өтініш беруші ұсынған құжаттарды зерделеу арқылы уәкілетті орган айқындайды.
Осы Қағидаларда белгіленген критерийлерге сәйкес келмейтін өтініштер қабылданбауға жатады.
16. Өтініш беруші ұсынған құжаттардың ережелерін нақтылау қажет болған жағдайда уәкілетті орган өтініш берушіні тыңдауға бастамашылық жасайды.
17. Өтінішті қарау нәтижесі өтініш берушінің "жеке кабинетіне" 5, 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде жіберіледі.
18. Уәкілетті орган құжаттарды қабылдаған және тіркеген күннен бастап құжаттарды қараудың және нәтижелерді берудің жалпы мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
19. Цифрлық объект туралы ақпарат нәтижелерді беру нәтижелері бойынша Тізілімге енгізіледі.
20. Цифрлық объектілерді Тізілімге енгізу осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес ТЖҚ БНА кодтарын бере отырып, Жіктеуішке сәйкес түрі мен мақсаты бойынша жіктеледі.
21. Тізілім, сондай-ақ Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар электрондық сатып алу цифрлық жүйесінің операторына 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде жіберіледі және тиісті шешім қабылданғаннан кейін 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ресми цифрлық ресурсында жариялануға тиіс.
22. Өтініш беруші 8-тармақта көзделген құжаттардың қолданылу мерзімдері аяқталатын күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей уәкілетті органға Тізілімде қамтылған мәліметтердің өзектілігін тексеру мақсатында құжаттардың өзектендірілген нұсқаларын ұсына отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді.
23. Цифрлық объектiлердi тiзiлiмге (тiзiлiмнен) енгiзу (алып тастау), сондай-ақ олар туралы мәлiметтерге өзгерiстер (толықтырулар) енгiзу туралы шешiм қабылдауды Комиссияның осы Қағиданың 7-тармағындағы өлшемдерге сәйкестiгi туралы ұсынымдарын ескере отырып, уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
24. Өтініш берушіге дәлелді бас тарту үшін:
өтініш беруші 8-тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен және (немесе) цифрлық объектінің Жіктеуішке сәйкес мәлімделген түр мен санатқа сәйкес келмеген құжаттарды ұсынған жағдайларда тоқтатылады;
өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау.
25. Комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс істеу тәртібі уәкілетті орган бекітетін ережемен айқындалады.
3-тарау. Тізілімге енгізілетін цифрлық объектілердің түрлерін айқындау тәртібі
26. Сенім білдірілген цифрлық объектілер тізіліміне енгізілетін цифрлық объектілердің түрлеріне мынадай цифрлық объектілер жатады:
1) бағдарламалық қамтылым – белгілі бір функциялардың орындалуын, цифрлық деректерді өңдеуді, сақтауды, қайта көшіруді және (немесе) беруді қамтамасыз ететін алгоритмдерді іске асыратын, пайдалану үшін дайындалған кодтардың жиынтығы болып табылатын сандық объект;
2) цифрлық ресурстар – реттелген цифрлық деректер, цифрлық жазбалар мен оларды жасауға, сақтауға, өңдеуге, көрсетуге және таратуға арналған бағдарламалық қамтылым жиынтығы;
3) цифрлық жүйелер – цифрлық деректерді құруды, жинауды, өңдеуді, сақтауды және таратуды қамтамасыз ету мақсатында цифрлық инфрақұрылым объектілерін пайдаланатын, сондай-ақ цифрлық орта субъектілерінің өзара іс-қимылын автоматтандыратын және (немесе) цифрлық ортада қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін функционалдық байланысты цифрлық ресурстар кешені;
4) цифрлық платформалар – цифрлық орта субъектілері орналастыратын цифрлық ортадағы көрсетілетін қызметтерге, деректерге, сервистерге, тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) қол жеткізуді және олардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін цифрлық объект.
Егер цифрлық объектіде бірнеше түрдің белгілері болған жағдайда, ол оның негізгі функционалдық мақсатына қарай басым түрге жатқызылуға тиіс.
Өтініш беруші өтінішке қоса берілетін, цифрлық объектінің осы Қағидаларда белгіленген критерийлерге сәйкестігін растайтын құжаттардағы мәліметтер негізінде цифрлық объектінің түрін көрсетеді.
| 1-қосымша Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына |
Сенім білдірілген цифрлық объектілер тізілімін жүргізу нысаны
Тізілім жазбасының реттік нөмірі | Тізілім жазбасын қалыптастыру күні | Цифрлық объектінің атауы | Өтініш беруші туралы мәліметтер | ТЖҚ БНА коды (кодтары) | Цифрлық объект санатының коды (кодтары) | Цифрлық объектінің қысқаша сипаттамасы | |||
Өтініш берушінің ЖСН/БСН | Заңды тұлғаның ТАӘ/ атауы | Өтініш берушінің байланыс деректері | Техникалық қолдау/сервис орталығының мекенжайы және байланыс деректері (жөндеу бойынша) | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |||
| 2-қосымша Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына |
Сенім білдірілген цифрлық объектілер тізілімінде қамтылған ақпаратқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтініш
______________________________________________________________
(енгізілетін тізілімдік жазбаның атауы және мазмұны өзгерістер және (немесе)
толықтырулар)
______________________________________________________________
жаңа редакциядағы тізілім жазбасының атауы мен мазмұны: мәлімделген өзгерістердің
және (немесе) толықтырулардың себебі________________________________________
байланыс телефон нөмірлері
* Ескертпе: Ақпаратқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтініш әрбір цифрлық объекті үшін бөлек беріледі
Сенім білдірілген цифрлық объектілер тізіліміне цифрлық объектілерді енгізу туралы өтініш
1. ________________________________________________________________
(компанияның/жеке кәсіпкердің атауы)
2. байланыс телефон нөмірі: ______________________________________
3. _______________________________________________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
4. бизнес сәйкестендіру нөмірі / жеке сәйкестендіру нөмірі
___________________________________________________________
5. электрондық пошта: ______________________________________________
Бағдарламалық қамтылым туралы мәліметтер:
6. _______________________________________________________________
Растайтын құжаттарға сәйкес цифрлық объектінің түрі және атауы
8. _______________________________________________________________
цифрландыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен Цифрлық объектілердің сыныптауышын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес цифрлық объект санатының коды(кодтары).
9. _______________________________________________________________
цифрлық объектінің ТЖҚ БНА коды (кодтары) (бағдарламалық қамтылымды жеткізу нұсқаларын көрсете отырып: тауар түрінде және/немесе цифрлық қызмет түрінде)
10. ______________________________________________________________
жұмыс істеуі Тізілімге енгізу үшін мәлімделген бағдарламалық қамтылыммен қамтамасыз етілген цифрлық жүйенің, цифрлық платформаның немесе цифрлық ресурстың сипаттамасы (егер бағдарламалық қамтылым тәуелсіз болмаса).
11._______________________________________________________________
(электрондық қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (заңды тұлғалар/жеке тұлғалар үшін: заңды/жеке тұлғаның атауы және сенімхат негізінде әрекет ететін заңды/жеке тұлға басшысының немесе өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (сенімхаттың нөмірі және берілген күні)
| 4-қосымша Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына |
Цифрлық объектіні Сенім білдірілген цифрлық объектілер тізілімінен алып тастау туралы өтініш
_____________________________________________________________________
(тізілімнен шығарылатын тізілімдік жазбаның атауы мен мазмұны)
_____________________________________________________________________
Тізілімнен шығару себебі
_____________________________________________________________________
байланыс телефон нөмірлері
* Ескертпе: әрбір цифрлық объект бойынша жеке өтініш беріледі
| 5-қосымша Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына |
| 6-қосымша Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына |
Ескерту:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ТЖҚ БНА– тауар, жұмыс және қызмет көрсетудің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығы.
| 7-қосымша Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына Нысан |
| 8-қосымша Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына Нысан |
| 9-қосымша Сенім білдірілген цифрлық объектілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына Нысан |
Цифрлық объекттің техникалық қолдаудың болуы туралы ақпарат
№ | Қазақстан Республикасының аумағында орналастырудың нақты мекенжайы |
Байланыс деректері |
| Сенім білдірілген цифрлық объектілер тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 10-қосымша |
Цифрлық объектің түріне байланысты тағайындалған ТЖҚ БНА кодтары
| Бұйрыққа қосымша |
Перечень приказов, подлежащих признанию утратившими силу
1) "Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2018 жылғы 12 сәуірде № 16750 болып тіркелді);
2) "Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 147/НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2019 жылғы 5 шілдеде № 18980 болып тіркелді);
3) "Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 152/НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2020 жылғы 22 сәуірде № 20459 болып тіркелді);
4) "Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 334/НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2020 жылғы 16 қыркүйекте № 21211 болып тіркелді);
5) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы "Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы" № 53/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 354/НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2022 жылғы 3 қазанда № 29967 болып тіркелді);
6) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы "Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы" № 53/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 483/НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2022 жылғы 6 желтоқсанда № 30969 болып тіркелді);
7) "Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 16 мамырдағы № 179/НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2023 жылғы 22 мамырда № 32548 болып тіркелді);
8) "Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 106/НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2024 жылғы 1 наурызда № 34100 болып тіркелді);
9) "Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізіліміне енгізу критерийлерін бекіту туралы" бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 829/НҚ бұйрығы "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2024 жылғы 24 желтоқсанда № 35510 болып тіркелді);
10) "Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2025 жылғы 7 қарашадағы № 567/НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2025 жылғы 13 қарашада № 37408 болып тіркелді).



