БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 16750 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 23 сәуірде жарияланған) Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттары бекітілсін.";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
А. Жұмағалиев |
Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу жөніндегі өлшемшарттар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу жөніндегі өлшемшарттар (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-1-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу жөніндегі өлшемшарттарын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) индустриялық сертификат – өтініш берушінің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімінде бар екенін растайтын құжат;
3) өтініш беруші – тізілімге қосу, тізілімнен шығару немесе тізілімге өзгерістер енгізу туралы өтінім берген электрондық өнеркәсіп немесе бағдарламалық қамтылым өнімін өндіретін жеке және/немесе заңды тұлға;
4) сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің елдің қорғанысын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттары үшін құрылған тізбесі.
3. Тізілім мемлекеттік органдарда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен электрондық өнеркәсіп және бағдарламалық қамтылым өнімдерін өндіретін отандық өндірушілерді дамыту үшін жағдайлар жасау мақсатында жүргізіледі.
Елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігі үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын іске асыру мақсатында тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінен жүзеге асырылады.
Бұл ретте сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде қажетті өнім болмаған жағдайда, тауарларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алуға жол беріледі.
4. Тізілімде қамтылған мәліметтер мүдделі тұлғалардың танысуы үшін ашық және қолжетімді болып табылады.
2-тарау. Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі
5. Тізілімді қалыптастыру мен жүргізу деп мыналар:
1) тізілімге бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімі туралы мәліметтер енгізу;
2) өтініш берушілер ұсынған мәліметтер өзгерген (толықтырылған) кезде, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым немесе электрондық өнеркәсіп өнімі тізілімнен шығарылған кезде тізілімді жаңарту;
3) уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында тізілімді орналастыру түсініледі.
6. Тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді уәкілетті орган тізілімге бағдарламалық қамтылым немесе электрондық өнеркәсіп өнімін енгізу және одан шығару, сондай-ақ тізілімдегі мәліметтерге өтініш берушілердің өтінімдері негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырады.
7. Тізілімді жүргізу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
8. Тізілімге енгізуге осы Қағидалардың 20, 21-тармақтарында қарастырылған бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін тізілімге енгізу жөніндегі өлшемшарттарға (бұдан әрі – өлшемшарттар) сәйкес келмейтін бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімдері, сондай-ақ Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілген өндірушілердің бағдарламалық қамтылымы мен электрондық өнеркәсіп өнімдері жатпайды.
9. Тізілімді қалыптастыру мен жүргізу бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін өндірушілердің тізілімге енгізу (шығару) немесе тізілімге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы берген өтінімдері (бұдан әрі – өтінім) негізінде жүзеге асырылады.
10. Өтінімдерді уәкілетті органға бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер ұсынады.
Тізілімге енгізу туралы өтінімдер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
11. Тізілімге енгізу туралы өтінімге осы тармақтың 8) тармақшасында көзделген құжаттарды қоспағанда, мынадай құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері қоса беріледі:
1) бағдарламалық қамтылым үшін:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген, бағдарламалық қамтылымға арналған айрықша құқықты растайтын құжат;
электрондық өнеркәсіп өнімдері үшін:
бағдарламалық қамтылымның өніміне айрықша құқықты растайтын құжат немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген, Қазақстан Республикасының аумағында бағдарламалық қамтылымды қайта шығару және тарату құқығын растайтын құжат (авторлық шарт);
2) мемлекеттік тіркелуі туралы анықтама (куәлік) (заңды тұлғалар үшін);
3) бағдарламалық қамтылым үшін:
индустриялық сертификат немесе "Тауардың шығу тегі жөнінде сертификаттар бланкілерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 6 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10235 болып тіркелген, бұдан әрі – № 6 бұйрық) бекітілген нысаны бойынша "СТ-KZ" нысанды тауардың шығу тегі туралы сертификат;
электрондық өнеркәсіп өнімдері үшін:
№ 6 бұйрықпен бекітілген нысаны бойынша "СТ-KZ" нысанды тауардың шығу тегі туралы сертификат;
4) ақпарат қауіпсіздік талаптары бойынша ақпараттық жүйелерді сертификаттау жүйесінің сенім білдірудің 4-деңгейінен төмен емес СТ РК ISO/IEC 15408-3 стандартына (сертификация өткізу кезіндегі өзекті нұсқада) сәйкес сертификат;
5) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 135 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13349 болып тіркелген) ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидаларына және ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институтының бағдарламалық қамтамасыз етудің (электрондық өнеркәсіп өнімінің) мәлімделген функционалдық, техникалық, сапалық, пайдалану сипаттамаларына және ақпараттандыру объектілерінің санаттарына сәйкестігіне сараптамалық қорытынды;
6) бағдарламалық қамтылымның (электрондық өнеркәсіп өнімінің) сипаттамасы және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық, пайдалану сипаттамалары;
7) бастапқы кодтарды ұсынған кезде сенім деңгейіне 4-тен төмен емес ҚР СТ ISO/IEC 15408-3 сәйкес электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымды сертификаттауды жүргізудің мүмкін еместігі туралы сәйкестікті растау органдарының кемінде екі қорытындысы (қажет болған жағдайда);
8) бағдарламалық қамтылым немесе электрондық өнеркәсіп өнімдерінің осы Қағидалардың 20 немесе 21-тармақтарында белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігі туралы, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растайтын кепілдік міндеттемер (өтініш берушінің растауы) түпнұсқасы.
12. Өтінімдер мен ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган өтінім түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарастырады.
Осы Қағидалардың 10 және 11-тармақтарына сәйкес келмейтін өтінімдерді уәкілетті орган қабылдамайды, бұл ретте өтініш берушіге өтінім түскен күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде анықталған сәйкессіздіктерді көрсете отырып, хабарлама жіберіледі.
13. Бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін тізілімге (тізілімнен) енгізу (шығару), тізілімге өзгерістер (толықтырулар) енгізу уәкілетті орган бұйрығымен рәсімделеді.
14. Уәкілетті орган бұйрық бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өтініш берушіні өтінімді қарастыру нәтижелері туралы жазбаша түрде хабарлайды.
15. Тізілімге өзгерістер (толықтырулар) енгізу тізілімдегі мәліметтер өзгерген жағдайда іске асырылады.
16. Тізілімдегі мәліметтер өзгерген жағдайда, өтініш беруші уәкілетті органға ондай өзгертулер орын алған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімге өзгертулер (толықтырулар) енгізу туралы мәлімделген өзгерістерді растайтын құжаттарды ұсынып, өтінім береді.
17. Өтініш беруші осы Қағидалардың 11-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттардың қолданылу мерзімі өткен күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей уәкілетті органға құжаттардың өзектендірілген нұсқаларын ұсына отырып, осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы өтінім береді.
Бұл ретте тізілімдегі мәліметтердің өзектілігіне мониторингті уәкілетті орган жыл сайын 25 желтоқсанға дейін жүргізеді.
18. Тізілімнен бағдарламалық қамтылымды немесе электрондық өнеркәсіп өнімін шығару мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға таратылғанда (дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметін тоқтатқанда);
2) Тізілімге енгізілген бағдарламалық қамтылым немесе электрондық өнеркәсіп өнімін өндіруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп танылғанда;
3) осы Қағидалардың 17-тармағында көзделген талаптар сақталмағанда;
4) өтініш берушінің бастамасы бойынша тізілімнен шығару туралы еркін нысанда берілетін өтінім негізінде;
5) Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес бағдарламалық қамтылым немесе электрондық өнеркәсіп өнімін өндіруші Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілгенде жүзеге асырылады.
19. Тізілім, сондай-ақ тізілімге өзгерістер мен толықтырулар уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында бұйрық бекітілген 2 (екі) күннен кем емес жұмыс күні ішінде жариялануы тиіс.
3-тарау. Бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу жөніндегі өлшемшарттар
20. Бағдарламалық қамтылымның тізілімге енгізу жөніндегі өлшемшарттары мыналар болып табылады:
1) бағдарламалық қамтылымның СТ РК ISO/IEC 15408-3 стандартына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай келуі;
2) айрықша құқықты қолданудың барлық мерзімдерінде бағдарламалық қамтылымның өніміне айрықша құқық мынадай тұлғалардың (құқық иеленушілердің) біреуіне немесе бірнешеуіне: Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына; Қазақстан Республикасының жеке тұлға/сына/ларына тиесілі;
3) бағдарламалық қамтылымның жергілікті қамту үлесі кемінде 70% немесе индустриялық сертификаттың болуы.
21. Электрондық өнеркәсіптің тізілімге енгізу жөніндегі өлшемшарттары мыналар болып табылады:
1) электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымның СТ РК ISO/IEC 15408-3 стандартына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай келуі (СТ РК ISO/IEC 15408-3 сәйкес электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымды сертификаттау мүмкін болмаған жағдайда өтініш беруші электрондық өнеркәсіп өнімінің құрамына кіретін бағдарламалық қамтылымды сертификаттау мүмкін еместігі туралы қорытынды алу үшін кемінде екі сәйкестікті растау органына жүгінеді);
2) электрондық өнеркәсіп өніміне айрықша құқық немесе электрондық өнеркәсіп өнімін қайта шығару мен тарату құқығы құқықтың бүкіл қолданылу мерзіміне мынадай тұлғалардың (құқық иеленушілердің) біреуіне немесе бірнешеуіне: Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына; Қазақстан Республикасы жеке тұлғасына/ларына тиесілі;
3) электрондық өнеркәсіп өнімдеріндегі жергілікті қамту үлесі кемінде 30%-ды құрайды.
Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімі
Тізілімдік жазба № | Бағдарламалық қамтылымның (электрондық өнеркәсіп өнімінің) атауы (экономикалық қызметтін жалпы сыныптауышына сәйкес коды) | Ақпараттандыру объектілерінің коды және санаты (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 135 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13349 болып тіркелген) бекітілген Ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидаларына және ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышына сәйкес) | бағдарламалық қамтылымның (электрондық өнеркәсіп өнімінің) сипаттамасы және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық, пайдалану сипаттамалары | "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың нөмірі / индустриялық сертификаттың нөмірі | Уәкілетті органның бағдарламалық қамтылым (электрондық өнеркәсіп өнімі) туралы мәліметтерді тізілімге енгізу (өзгерту) туралы актісінің нөмірі мен күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу туралы өтінім
________________________________________________________________________________
(уәкілеттік органның атауы)
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы/ жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) )
________________________________________________________________________________
(бағдарламалық қамтылымның (электрондық өнеркәсіп өнімінің) толық атауы)
________________________________________________________________________________
қызмет түрі
________________________________________________________________________________
БСН/ЖСН
________________________________________________________________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
________________________________________________________________________________
тіркелген заңды мекенжайы:
________________________________________________________________________________
байланыс тел.(факс) нөмірлері:
________________________________________________________________________________
интернет-ресурсының мекенжайы:
________________________________________________________________________________
Өтінімге қоса беріледі:
1) ______________________________________________________________________________
2) ______________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғалар үшін: қолданыстағы сенімхат негізінде заңды тұлғаның атауы және басшының немесе заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (сенімхаттың берілген күні және нөмірі))
____________________ 20 __ жылғы "____" ____________.
(қолы)
М.П. (болған жағдайда)
Кепілдік міндеттемелер (өтініш берушінің растауы)
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы/ жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ) (бағдарламалық қамтылымның (электрондық өнеркәсіп өнімінің) толық атауы)
Жоғарыда көрсетілген бағдарламалық қамтылымның (электрондық өнеркәсіп өнімінің) Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16750 болып тіркелген) Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу жөніндегі өлшемшарттарының 20, 21-тармақтарында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетіні, сондай-ақ үшінші тұлғалардың заңдық наразылығынан босатылғандығы расталады.
Сондай-ақ Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу туралы өтінімге қоса берілген мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы расталады.
Осы кепілдік міндеттемелерден туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілгердің қолы және мөрі:
_______________________
(лауазымы)
____________________ 20 __ жылғы "____" ____________.
(қолы)
М.О. (болған жағдайда)
"Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне" өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы өтінім
________________________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы/ жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) )
Өзгерістер (толықтырулар) енгізілетін тізілімдік жазбаның атауы мен мазмұны:
________________________________________________________________________________
Жаңа редакциядағы тізілімдік жазбаның атауы мен мазмұны:
________________________________________________________________________________
Мәлiмделген өзгерістердің (толықтырулардың) себебі:
________________________________________________________________________________
өтінім беруші туралы мәліметтер:
________________________________________________________________________________
байланыс тел.(факс) нөмірлері:
________________________________________________________________________________
1) ______________________________________________________________________________
2) ______________________________________________________________________________
(заңды тұлғалар үшін: қолданыстағы сенімхат негізінде заңды тұлғаның атауы және басшының немесе заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (сенімхаттың берілген күні және нөмірі))
____________________ 20 __ жылғы "____" ____________.
(қолы)
М.О. (болған жағдайда)