Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы "Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 483/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 желтоқсанда № 30969 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16750 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) Бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне (нен) енгізу (алып тастау) туралы, сондай-ақ сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде қамтылған мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу бойынша өтінімдерді қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін енгізу жөніндегі өлшемшарттар негізінде сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне (нен) енгізу (алып тастау) туралы өтінімдерді қарау үшін, сондай-ақ сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде және осы Қағидалардың талаптарында қамтылған мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу үшін мемлекеттік органдардың, "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының және салалық қауымдастықтардың, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және электрондық өнеркәсіп саласындағы ұйымдар мен сарапшылардың өкілдерін тарта отырып, уәкілетті орган құратын алқалы орган;

      2) интернет-ресурс – бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік аты бар және интернетте жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған (мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды немесе өзге де түрдегі) ақпарат;

      3) өтініш беруші – бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіптің сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне (нен) енгізу (алып тастау) немесе сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде қамтылған мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы өтінім берген электрондық өнеркәсіп немесе бағдарламалық қамтылым өнімін өндіретін жеке және/немесе заңды тұлға;

      4) сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің елдің қорғанысын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттары үшін құрылған тізбесі;

      5) сәйкестікті растау жөніндегі орган – сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;

      6) электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – электрондық өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      3. Тізілім елдің қорғанысы мен мемлекеттің қауіпсіздігі үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын іске асыру мақсатында жүргізіледі.

      Осы Қағидалардың 10, 11, 12 және 13-тармақтарына сәйкес келетін бағдарламалық қамтылымның өтініш берушісі Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 146/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 1 шілдеде № 18949 болып тіркелген) "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларына сәйкес бастапқы бағдарламалық қамтылымды есепке алу және сақтау үшін беруді қамтамасыз етеді.

      Тізілімге енгізу түрі және мақсаты бойынша жіктеледі.

      Бағдарламалық өнім болып табылатын және дербес бағдарлама түрінде орындалған бағдарламалық қамтылым тізілімге енгізілуге жатады.

      Бағдарламалық қамтылымның бөліктері болып табылатын бағдарламалық өнімдер олар бір бөлігі болып табылатын бағдарламалық қамтылым құрамында тізілімге енгізіледі.

      "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидаларында көзделген өтпелі ережелер шеңберінде құрылған сервистік бағдарламалық өнімдер, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер тізілімге енгізілуге жатады.";

      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қағаз жеткізгіштердегі немесе құжаттар тізімдемесі қоса берілген электрондық түрдегі ұсынылған құжаттары бар өтінімдерді уәкілетті орган мен Комиссия түсуіне қарай 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Осы Қағидалардың 10 және 11-тармақтарына сәйкес бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімін тізілімге енгізу жөніндегі өлшемшарттарға сәйкестікті уәкілетті орган осы Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларының 12 және 13-тармақтарына, сондай-ақ 8, 12, 13-тармақтарына сәйкес Бағдарламалық қамтылымды/электрондық өнеркәсіп өнімін тізілімге енгізу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттарды зерделеу арқылы белгілейді.

      Осы Қағидалардың 10, 11, 12 және 13-тармақтарына сәйкес келмейтін өтініштерді уәкілетті орган қабылдамауы тиіс, бұл ретте өтініш берушіге өтініш келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессіздіктерді көрсете отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлама электрондық поштаға жіберіледі.

      15. Өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарламаны алғаннан кейін оларды жояды және қағаз жеткізгіштердегі немесе электрондық түрде қоса берілген құжаттары бар өтінішті уәкілетті органға 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайта береді.

      Қайта берілген өтінішті және қағаз жеткізгіштердегі немесе электрондық түрде қоса беріліп отырған құжаттарды уәкілетті орган мен Комиссия осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес қарайды.

      Бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін тізілімге енгізу Комиссияның ұсынымы негізінде құрылымдық бөлімше басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес тізілімге бағдарламалық қамтылым/электрондық өнеркәсіп өнімін енгізу туралы хабарламамен ресімделеді.";

      17, 18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Уәкілетті орган тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтініш негізінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы хабарламаны ресімдейді.

      Бағдарламалық қамтылымның немесе электрондық өнеркәсіп өнімінің атауы өзгерген кезде өтініш беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басқа атаумен тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтініш жіберуі қажет.

      Өкілдердің (дистрибьюторлардың және (немесе) дилерлердің) тізімі толықтырылған кезде, өтініш беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өтінішке қоса электрондық түрде немесе қағаз жеткізгіште өкілдігін растайтын құжатты ұсынады.

      18. Бағдарламалық қамтылымды немесе электрондық өнеркәсіп өнімін тізілімнен алып тастау құрылымдық бөлімше басшысының не оны алмастыратын тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес бағдарламалық қамтылымды немесе электрондық өнеркәсіп өнімін тізілімнен алып тастау туралы хабарламамен мынадай жағдайларда:

      1) осы Қағидалардың 3 және 14-тармағында көзделген талаптарды сақтамаған жағдайда;

      2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес тізілімнен бағдарламалық қамтылымды және электрондық өнеркәсіп өнімін алып тастау туралы өтініш негізінде өтініш берушінің бастамасы бойынша;

      3) өтініш берушінің бағдарламалық қамтылымының (электрондық өнеркәсіп өнімінің) тізілімде болуы кезеңінде уәкілетті орган өтініш берушінің дұрыс емес мәліметтерді және (немесе) дұрыс емес құжаттарды ұсыну фактілерін, сондай-ақ осы Қағидалардың 2 және 3-қосымшасының 10, 11, 12, 13-тармақтарында және 12, 15-тармақтарында көзделген құжаттардың қолданысын жоюы фактілерін анықтаған кезде;

      4) осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген талаптарды сақтамаған жағдайда ресімделеді.

      19. Тізілім, сондай-ақ тізілімге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде электрондық сатып алу ақпараттық жүйесінің операторларына жіберіледі және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жариялануға жатады.";

      2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      6-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      7-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрінің м.а.
А. Турысов

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
вице-министрінің м.а.
2022 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 483/НҚ Бұйрыққа
1-қосымша
Сенім білдірілген
бағдарламалық қамтылымның
және электрондық өнеркәсіп
өнімінің тізілімін қалыптастыру
және жүргізу қағидалары,
сондай-ақ бағдарламалық
қамтылым және электрондық
өнеркәсіп өнімін сенім
білдірілген бағдарламалық
қамтылымның және
электрондық өнеркәсіп өнімінің
тізіліміне енгізу
өлшемшарттарына
2-қосымша
  Нысан

Бағдарламалық қамтылымды сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу туралы өтініш

      1._______________________________________________________________________

      (тіркелген заңды мекенжайы)

      2. байланыс телефон нөмірі: _________________________________________________

      3.________________________________________________________________________

      (бағдарламалық қамтылымның толық атауы)

      4. қызмет түрі _____________________________________________________________

      5.________________________________________________________________________

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      6. бизнес сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі________________________

      7. электрондық пошта: ______________________________________________________

      8.________________________________________________________________________

      функционалын, ерекшеліктері мен артықшылықтарын, қолданылу саласын,

      тұтынушыларды көрсете отырып, мемлекеттік немесе орыс тілдерінде еркін нысанда

      бағдарламалық қамтылымның сипаттамасы және талап етілетін функционалдық,

      техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, сондай-ақ өнім әзірленген

      платформаның сипаттамасы (бар болса);

      9. _____________________________________________________________________

      Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80

      шешімімен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына

      сәйкес бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің коды

      (кодтары) (бар болса)

      10._____________________________________________________________________

      Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішіне сәйкес бағдарламалық

      қамтылымның коды (кодтары)

      11. ____________________________________________________________________

      тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық

      анықтамалығына сәйкес бағдарламалық қамтылымның коды

      12._____________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 111/НҚ бұйрығымен бекітілген

      (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 5

      маусымда № 18795 болып тіркелген) "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру

      объектілеріне және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды

      объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелерге олардың ақпараттық қауіпсіздік

      талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу қағидаларына сәйкес ақпараттық

      қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган берген сынақтар актісінің

      нөмірі (бар болса)

      13. _____________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін

      атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 135 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік

      құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13349

      болып тіркелген) Ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидаларын және

      ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышы қағидаларына сәйкес бағдарламалық

      қамтылым санаттары

      14. ______________________________________________________________________

      (электрондық қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      (заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаның атауы және сенімхат негізінде әрекет ететін

      заңды тұлға басшысының немесе өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      (сенімхаттың нөмірі және берілген күні)

      15. __________________________________________________________________

      өкілдің (дистрибьютордің немесе дилердің) (бар болса) бизнес-сәйкестендіру нөмірі /

      жеке сәйкестендіру нөмірі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
вице-министрінің м.а.
2022 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 483/НҚ Бұйрыққа
2-қосымша
Сенім білдірілген
бағдарламалық қамтылымның
және электрондық
өнеркәсіп өнімінің тізілімін
қалыптастыру және жүргізу
қағидалары, сондай-ақ
бағдарламалық қамтылым
және электрондық өнеркәсіп
өнімін сенім білдірілген
бағдарламалық қамтылымның
және электрондық өнеркәсіп
өнімінің тізіліміне енгізу
өлшемшарттарына
3-қосымша
Нысан

Электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу туралы өтініш

      1._______________________________________________________________________

      (Тіркеудің заңды мекенжайы)

      2. байланыс телефон нөмірі: ________________________________________________

      3. _______________________________________________________________________

      (электрондық өнеркәсіп өнімінің толық атауы)

      4. қызмет түрі _____________________________________________________________

      5.________________________________________________________________________

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      6. бизнес сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі________________________

      7. электрондық пошта: ______________________________________________________

      8. ________________________________________________________________________

      Электрондық өнеркәсіп өнімінің функционалын, ерекшеліктері мен

      артықшылықтарын, қолданылу саласын, тұтынушыларды көрсете отырып, еркін

      нысандағы мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі сипаттамасы және талап етілетін

      функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары, сондай-ақ

      өнімнің фотобейнесі;

      9.________________________________________________________________________

      Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80

      шешімімен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына

      сәйкес бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімдерінің коды

      (кодтары) (бар болса)

      10. ______________________________________________________________________

      Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішіне сәйкес электрондық

      өнеркәсіп өнімінің коды (кодтары)

      11. ______________________________________________________________________

      тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық

      анықтамалығына сәйкес электрондық өнеркәсіп өнімінің коды

      12._______________________________________________________________________

      сынақтар актісінің нөмірі (бар болса)

      13._______________________________________________________________________

      Электрондық өнеркәсіп өнімдерінің санаты

      14._______________________________________________________________________

      (электрондық қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      (заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаның атауы және сенімхат негізінде әрекет ететін

      заңды тұлға басшысының немесе өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      (сенімхаттың нөмірі және берілген күні)

      15. ______________________________________________________________________

      өкілдің (дистрибьютордің немесе дилердің) (бар болса) бизнес-сәйкестендіру нөмірі /

      жеке сәйкестендіру нөмірі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
вице-министрінің м.а.
2022 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 483/НҚ Бұйрыққа
3-қосымша
Сенім білдірілген
бағдарламалық қамтылымның
және электрондық өнеркәсіп
өнімінің тізілімін қалыптастыру
және жүргізу қағидалары,
сондай-ақ бағдарламалық
қамтылым және электрондық
өнеркәсіп өнімін сенім
білдірілген бағдарламалық
қамтылымның және
электрондық өнеркәсіп
өнімінің тізіліміне енгізу
өлшемшарттарына
6-қосымша

      Нысан

[УО мемлекеттік тілдегі атауы] УО мемлекеттік тілдегі деректемелері



 

[УО мемлекеттік тілдегі атауы] УО мемлекеттік тілдегі деректемелері

 

Уәкілетті органның бланкі
Анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлама
[Нөмірі]

Берілген күні: [Берілген күні]

[Өтініш берушінің атауы]

 
[УО атауы], Сіздің [Өтініш беру күні] № [Өтініш нөмірі], қарастырып келесіні хабарлайды.
Тізілімге енгізу туралы өтініш және оған қоса берілетін құжаттар Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 53/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 12 сәуірде № 16750 болып тіркелген) Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарына сәйкес беріледі және қаралады.
[Анықталған сәйкессіздіктер].
Осыған байланысты Сіздің компанияңыз мәлімдеген [өнімнің атауы] [бағдарламалық қамтылымы/электрондық өнеркәсіп өнімі] Тізілімге енгізуге жатпайды.

[Қол қоюшының лауазымы]

[Қол қоюшының (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)]


  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
вице-министрінің м.а.
2022 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 483/НҚ Бұйрыққа
4-қосымша
Сенім білдірілген
бағдарламалық қамтылымның
және электрондық өнеркәсіп
өнімінің тізілімін қалыптастыру
және жүргізу қағидалары,
сондай-ақ бағдарламалық
қамтылым және электрондық
өнеркәсіп өнімін сенім
білдірілген бағдарламалық
қамтылымның және
электрондық өнеркәсіп өнімінің
тізіліміне енгізу
өлшемшарттарына
7-қосымша

      Нысан

[УО мемлекеттік тілдегі атауы] УО мемлекеттік тілдегі деректемелері



 

[УО атауы (орыс тілінде] УО орыс тіліндегі деректемелері

Уәкілетті органның бланкі Бағдарламалық қамтылымды /электрондық өнеркәсіп өнімдерін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама

№ _______________

күні "___" ______20___ж.

Осы хабарлама
___________________________________________________________
(Заңды тұлғаның атауы / жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және (бағдарламалық қамтылым немесе электрондық өнеркәсіп өнімінің толық атауы)
_____________________________________________________________
(хабарламаны берген мемлекеттік органның атауы)
Бизнес сәйкестендіру нөмірі
_____________________________________
Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес бағдарламалық қамтылымның немесе электрондық өнеркәсіп өнімінің коды
_________________________________
Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішіне сәйкес бағдарламалық қамтылымның немесе электрондық өнеркәсіп өнімінің коды (кодтары)
_________________________________
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес бағдарламалық қамтылымның немесе электрондық өнеркәсіп өнімдерінің коды (кодтары)
_________________________________ берілді.
(хабарламаны берген мемлекеттік органның атауы)

[Қол қоюшының лауазымы]

[Қол қоюшының (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)]

[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)]