Әмбебап банк лицензиясы бар банктер, базалық банк лицензиясы бар банктер, ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметт

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 17 сәуірдегі № 70 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 20 сәуірде № 38481 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 5-тармағының үшінші бөлігіне және 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Әмбебап банк лицензиясы бар банктер, базалық банк лицензиясы бар банктер, ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті және брокерлік қызметті жүзеге асыратын қаржы құралдарын сатып алу қағидалары және тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Басқармасы кейбір қаулыларының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулысының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2026 жылғы 17 сәуірдегі
№ 70 қаулысымен бекітілген

Әмбебап банк лицензиясы бар банктер, базалық банк лицензиясы бар банктер, ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті және брокерлік қызметті жүзеге асыратын қаржы құралдарын сатып алу қағидалары және тізбесі

      1. Осы Әмбебап банк лицензиясы бар банктер, базалық банк лицензиясы бар банктер, ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті және брокерлік қызметті жүзеге асыратын қаржы құралдарын сатып алу қағидалары және тізбесі (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 22-бабы 5-тармағының үшінші бөлігіне және 6-тармағына сәйкес әзірленді және әмбебап банк лицензиясы бар банктер, базалық банк лицензиясы бар банктер, ислам банктері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті және брокерлік қызметті жүзеге асыратын қаржы құралдарының тізбесін және оларды сатып алу тәртібін айқындайды.

      2. Әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкінің филиалы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) берген тиісті лицензия негізінде мынадай қаржы құралдарымен бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік қызметті жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік борыштық эмиссиялық бағалы қағаздары;

      2) Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-дан төмен емес немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша ""Ваа3"-дан төмен емес не Fitch (Фич) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған шетелдік мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;

      3) базалық активі бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздар;

      4) базалық активі:

      шетел және ұлттық валютасы;

      валюталық индекстер;

      тазартылған бағалы металдар;

      сыйақы мөлшерлемесі: купон, дисконт, кірістілік, пайыздық своп бойынша мөлшерлеме, спред, пайыздық өзгеріс және құбылмалылық;

      бағалы қағаздар;

      есептік көрсеткіштер (Француз қор биржасының индексі (Cotation Assistée En Continu, САС 40), Неміс қор индексі (Deutscher Aktienindex, DAX 40), Доу Джонс индексі (Dow Jones Industrial Average, DJIA), Еуро Сток 50 (EURO STOXX 50 Price Index), Лондон қор биржасының индексі (Financial Times Stock Exchange 100 Index, FTSE 100), Гонконг қор биржасының индексі (Hang Seng Index, HSI), Қазақстан қор биржасының индексі (Kazakhstan Stock Exchange Index, KASE), Морган Стэнли әлемдік индексі (Morgan Stanley Capital International World Index, MSCI World Index), Мосбиржа индексі (MOEX Russia Index/IMOEX), Жапондық Никкей индексі 225 (Nikkei-225 Stock Average Index, NIKKEI 225), Ресейлік сауда жүйесінің индексі (Russian Trade System Index, RTSI), Стандард энд Пурс 500 индексі (Standard and Poor's 500 Index, S&P 500), Токио акцияларға бағалар индексі (Tokyo Stock Price 100 Index, TOPIX 100), НАСДАК-100 индексі (Nasdaq-100 Index, NASDAQ-100);

      кредиттік тәуекел (credit risk);

      тауар активтері (мұнай және мұнай өнімдері, табиғи газ және газ конденсаты, түсті металдар, қара металдар, астық және астық өнімдері, көмір және кокс, қант, мақта, электр энергиясы) оларды нақты жеткізуді жүзеге асырмай, сондай-ақ осы тауар активтеріне индекстер;

      5) Қағидалардың 7-тармағының талаптары сақталған жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілмеген қаржы құралдары.

      Базалық банк лицензиясы бар банк осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қаржы құралдарымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асырады.

      3. Әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкінің филиалы уәкілетті орган берген тиісті лицензия негізінде мынадай қаржы құралдарымен бағалы қағаздар нарығындағы дилерлік қызметті жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік борыштық эмиссиялық бағалы қағаздары;

      2) Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-дан төмен емес немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша ""Ваа3"-дан төмен емес не Fitch (Фич) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған шетелдік мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;

      3) тізбесі банктің, бейрезидент-банк филиалының Банктер туралы заңның 23-бабының 6-тармағына сәйкес белгіленген инвестициялық қызметін жүзеге асыру тәртібінде айқындалатын, халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық эмиссиялық бағалы қағаздар;

      4) тізбесі Банктер туралы заңның 23-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында айқындалған мемлекеттік емес борыштық эмиссиялық бағалы қағаздар;

      5) Банктер туралы заңның 23-бабының 2-тармағында көзделген ұйымдардың мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;

      6) меншікті борыштық эмиссиялық бағалы қағаздар;

      7) базалық активі бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздар;

      8) базалық активі:

      шетел және ұлттық валютасы;

      валюталық индекстер;

      тазартылған бағалы металдар;

      сыйақы мөлшерлемесі: купон, дисконт, кірістілік, пайыздық своп бойынша мөлшерлеме, спред, пайыздық өзгеріс және құбылмалылық;

      бағалы қағаздар;

      Қағидалардың 2-тармағы 4) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген есептік көрсеткіштер;

      кредиттік тәуекел (credit risk);

      Қағидалардың 2-тармағы 4) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген тауар активтері, оларды нақты жеткізуді жүзеге асырмай, сондай-ақ осы тауар активтеріне индекстер;

      9) цифрлық қаржы активтері;

      10) исламдық бағалы қағаздар.

      Базалық банк лицензиясы бар банк осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3, 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген қаржы құралдарымен бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асырады.

      4. Қағидалардың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында және 3-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көрсетілген қаржы құралдарымен мәмілелер Банктер туралы заңның 23-бабының 6-тармағына сәйкес белгіленген банктің, бейрезидент-банк филиалының инвестициялық қызметті жүзеге асыру тәртібінде көзделген мәмілелер жасау жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және (немесе) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың тізімінде көрсетілген, халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылар жүйесінде жасалады.

      5. Әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкінің филиалы базалық активі төмендегі ұйымдардың кредиттік тәуекелі болып табылатын туынды қаржы құралдарымен брокерлік қызметті және дилерлік қызметті жүзеге асырады:

      1) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-дан төмен емес не Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша ""Ва3"-дан төмен емес не Fitch (Фич) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-дан төмен емес рейтингі не жоғарыда көрсетілген рейтингтік агенттіктерінің ұлттық шкаласы бойынша "kzВВВ"-дан төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары;

      2) Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-дан төмен емес не Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша ""Ваа3"-дан төмен емес не Fitch (Фич) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-дан төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары;

      3) Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және (немесе) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың тізімінде көрсетілген, халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылар жүйесінде айналысқа жіберілген, кредиттік тәуекелі туынды қаржы құралының базалық активі болып табылатын ұйымдардың бағалы қағаздары.

      6. Әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкінің филиалы базалық активі кредиттік тәуекел болып табылатын туынды қаржы құралдармен брокерлік қызметті және дилерлік қызметті мына талаптарды бір мезгілде орындаған кезде, кредиттік дефолт своптарын және жиынтық кіріс своптарын сатып алу (сатып алушы ретінде болуы) арқылы жүзеге асырады:

      1) базалық активі әмбебап банк лицензиясы бар банктің, ислам банкінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкі филиалының меншікті міндеттемесі болып табылмайды;

      2) кредиттік тәуекелді базалық актив бойынша хеджирлеу мақсатында сатып алу;

      3) сатып алу Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында және (немесе) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылар тізімінде көрсетілген, халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылар жүйесінде жүзеге асырылады.

      7. Қағидалардың 2-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген қаржы құралдарымен (бұдан әрі – өзге де қаржы құралдары) мәмілелерді әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкінің филиалы бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік қызмет шеңберінде осындай мәмілелерді жасау ниеті туралы уәкілетті органға хабарлама берген күні ағымдағы өтімділік коэффициентінің k4 мәні кем дегенде 0,6 болып сақталған жағдайда жасайды.

      Әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкінің филиалы бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік қызмет шеңберінде өзге де қаржы құралдарымен мәмілелерді жасауға ниет білдірген жағдайда, әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкінің филиалы осы қызметті жүзеге асыра бастаған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде уәкілетті органды осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талапты сақтау туралы ақпаратты көрсете отырып, осындай ниеті туралы хабардар етеді.

      Әмбебап банк лицензиясы бар банк, ислам банкі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкінің филиалы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талапқа сәйкессіздікті анықтаған жағдайда, осындай сәйкессіздік фактісі туралы уәкілетті органды дереу хабардар етеді және аталған сәйкессіздік анықталған күннен бастап бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік қызмет шеңберінде өзге де қаржы құралдарын сатып алу бойынша жаңа мәмілелер жасамайды.

  Әмбебап банк лицензиясы бар
банктер, базалық банк
лицензиясы бар банктер, ислам
банктері, Қазақстан
Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті және брокерлік қызметті жүзеге асыратын қаржы құралдарын сатып алу қағидаларына және тізбесіне қосымша

Халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың тізімі

      1. Австралия қор биржасы (Australian Securities Exchange)

      2. Австрия қор биржасы (Wiener bourse AG)

      3. АҚШ қор биржасы (National Association of Securities Dealers Automated Quotation, NASDAQ)

      4. Амстердамдағы "Еуронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Amsterdam)

      5. "Астана" халықаралық қаржы орталығының биржасы (Astana International Exchange, AIX)

      6. Афина қор биржасы (Athens Stock Exchange (ATHEX)

      7. Бомбей қор биржасы (Bombay Stock Exchange Limited, BSE)

      8. Бразилия қор биржасы (B3 S.A. – Brasil, Bolsa, Balcão)

      9. Брюссельдегі "Еуронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Brussels)

      10. Варшава қор биржасы (Warsaw Stock Exchange)

      11. Гонконг қор биржасы (Hong Kong Exchanges and Clearing)

      12. Джакарта қор биржасы (Jakarta Stock Exchange)

      13. Жаңа Зеландия қор биржасы (New Zealand Exchange)

      14. Ирландия қор биржасы (Euronext Dublin)

      15. Испания біріккен қор биржасы (Bolsas y Mercados Españoles (BME), Spain)

      16. Италия қор биржасы (Borsa Italiana SPA)

      17. Йоханнесбург (Оңтүстік Африка) қор биржасы (JSE Johannesburg Stock Exchange, South Africa)

      18. Копенгаген қор биржасы (Nasdaq Copenhagen)

      19. Құрамына Стокгольм, Хельсинки, Таллин және Рига биржалары кіретін Біріккен қор биржасы (Hex Integrated Markets Ltd.)

      20. Лиссабондағы "Еуронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Lisbon)

      21. Лондон қор биржасы (London Stock Exchange)

      22. Люксембург қор биржасы (Bourse de Luxembourg)

      23. Малайзия қор биржасы (Bursa Malaysia)

      24. Мальта қор биржасы (Malta Stock Exchange)

      25. Мексика қор биржасы (Bolsa Mexicana de Valores, BMV)

      26. Монреаль қор биржасы (Bourse de Montreal)

      27. Неміс қор биржасы (Deutsche bourse AG)

      28. Нью-Йорк қор биржасы (New York Stock Exchange)

      29. Оңтүстік Корея қор биржасы (Korea Stock Exchange)

      30. Осака қор биржасы (Osaka Securities Exchange)

      31. Осло қор биржасы (Oslo bourse)

      32. Париждегі "Еуронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Paris)

      33. Ресей Федерациясының қор биржасы (Мәскеу биржасы ЖАО)

      34. Сингапур қор биржасы (Singapore Exchange)

      35. Стамбул қор биржасы (Borsa İstanbul A.Ş.)

      36. Стокгольм қор биржасы (Nasdaq Stockholm)

      37. Токио қор биржасы (Tokyo Stock Exchange)

      38. Торонто қор биржасы (Toronto Stock Exchange)

      39. Үндістан қор биржасы (Delhi Stock Exchange)

      40. Үндістан Ұлттық қор биржасы (National Stock Exchange of India Limited)

      41. Филиппин қор биржасы (Philippine Stock Exchange)

      42. Франкфурт қор биржасы (Frankfurt Stock Exchange)

      43. Шанхай қор биржасы (Shanghai Stock Exchange)

      44. Швейцария қор биржасы (SIX Swiss Exchange)

      45. Шэньчжень қор биржасы (Shenchzhen Stock Exchange)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
Басқармасының
2026 жылғы 17 сәуірдегі
№ 70 қаулысына қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Басқармасы кейбір қаулыларының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасы қаулысының құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдары базалық активтерінің тізбесін және оларды сатып алу тәртібін, қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайларын, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер брокерлік қызметті жүзеге асыра алатын өлшемшарттарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 210 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4892 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар рыногында брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздардың базалық активтерін сатып алу тізбесі және тәртібі туралы" 2007 жылғы 16 шілдедегі № 210 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 2 қарашадағы № 228 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5889 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар рыногында брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздардың базалық активтерін сатып алу тізбесі және тәртібі туралы" 2007 жылғы 16 шілдедегі № 210 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2012 жылғы 25 мамырдағы № 193 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7778 болып тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығындағы екінші деңгейдегі банктер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 69 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8412 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы екінші деңгейдегі банктер қызметінің мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 11 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9264 болып тіркелген) бекітілген Толықтырулар мен өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының туынды қаржы құралдарымен мәмілелердің тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктер арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 78 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11149 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының банктер арасындағы активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы.

      7. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 192 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14294 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.

      8. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 23 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14997 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 4-тармағы.

      9. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 72 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15221 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.

      10. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 11 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16643 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.

      11. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 151 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19369 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.

      12. "Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдары базалық активтерінің тізбесін және оларды сатып алу тәртібін, сондай-ақ қайталама нарықта мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен, ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 210 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22132 болып тіркелген).

      13. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 19 шілдедегі № 40 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34873 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.