Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Қ. Келімбетов |
| Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 11 қаулысына қосымша |
Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін қалыптастыру
мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.04.2026 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге жабдықтардың нұсқаулығын бекіту туралы" 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 165 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7734 тіркелген, 2012 жылғы 29 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 562-569 (27642) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге жабдықтардың нұсқаулығында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мынадай операцияларды:
жеке шотты ашуды;
тіркелген тұлға, инвестициялық пай қоры немесе инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы туралы мәліметтердің өзгеруін;
эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын жоюды;
тіркелген тұлғалардың шоттарынан (шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығаруды (есепке алуды);
эмитенттің орналастырылған акциялары саны өсуіне байланысты тіркелген тұлғаның жеке шотында акциялардың саны ұлғайғаны (эмитент сатып алған акцияларын есептемегенде) жөніндегі жазбаны енгізуді;
эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге ақшалай міндеттемелерін эмитенттің жай акцияларына айырбастау туралы жазбаны енгізуді;
эмитенттің бір түрде орналастырылған акцияларын осы эмитенттің басқа түрдегі акцияларына айырбастау туралы жазбаны енгізуді;
бағалы қағаздардың ауыртпалығы және ауыртпалықты алып тастауды;
бағалы қағаздарды оқшаулау және бағалы қағаздарды оқшаулауды алып тастауды;
сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізуді және сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны жоюды;
жеке шотты жабуды;
белгілі күнге және уақытқа жеке шоттан (қосалқы шоттан) үзінді-көшірмені, жүргізілген операциялар туралы есепті, бағалы қағаздарды ұстаушылардың, орталық депозитарийдің, эмитенттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сұратуы бойынша есептерді, хабарламалар мен анықтамаларды жасау және беруді жүргізуді;";
6-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) мемлекеттік бағалы қағаздарды алғаш орналастырғанда оларды екінші деңгейдегі банктердің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, "өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен брокерлік қызметті көрсету не мүлікті сенімгерлік басқару туралы шарт жасалған клиенттерінің активтері есебінен емес берілетін өтінімдерді сатып алуға өтінімдерді автоматты түрде шеттетуді қамтамасыз етуі тиіс.";
7-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) орталық депозитарий үшін ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарда жасалған туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін жүргізу.".
| Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 1-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
| Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 2-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
| Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 3-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
| Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 4-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.