Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 7 және 9-тармақтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банкпен, банк холдингімен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер жасасу қағидалары бекітілсін.
2. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының | |
|
Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
| Қазақстан Республикасының | |
| Қаржы нарығын реттеу және | |
| дамыту Агенттігінің | |
| Басқармасының 2026 жылғы 16 сәуірдегі № 66 қаулысымен бекітілген |
Банкпен, банк холдингімен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер жасасу қағидалары
Осы Банкпен, банк холдингімен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер жасасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 50-бабы 7 және 9-тармақтарына сәйкес әзірленген және банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер жасасу Банкпен, банк холдингімен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер жасасу тәртібін белгілейді.
1. Базалық банк лицензиясы бар банк банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылатын банк қызметкеріне банктің меншікті капиталының 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайызынан аспайтын жиынтық мөлшерде банктік қарыздарды, банк кепілдіктерін беруге құқылы.
Банк осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәмілелерді банкпен ерекше қатынстар арқылы байланысты тұлға болып табылатын қызметкермен Банктер туралы заңның 50-бабында көзделген талаптар мен шектеулерді сақтай отырып және мынадай шарттардың бірі орындалған:
мәміле жасалатын банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылатын банк қызметкері Қазақстан Республикасының резиденті болып табылған;
оған қойылатын талаптар мөлшері мен түрін қоса алғанда, Қағидаларға қосымшаның 1-тармағында белгіленетін мәміле бойынша қамтамасыз ету болған;
мәміле жасалатын банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға боып табылатын банк қызметкерінде Қағидаларға қосымшаның 2-тармағында көзделген орнықсыз қаржылық жағдай белгілері болмаған жағдайда жасайды.
2. Банктер туралы Заңның 50-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларының мақсаттары үшін банк, базалық банктік лицензиясы бар банкті қоспағанда, мынадай шарттардың бірі орындалған:
мөлшері мен түрін қоса алғанда, оған қойылатын талаптар Қағидаларға қосымшаның 1-тармағында белгіленетін қамтамасыз ету болған;
банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғада Қағидаларға қосымшаның 2-тармағында көзделген орнықсыз қаржылық жағдай белгілері болмаған жағдайда, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға, Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттеріне банктік қарыздар, банктік кепілдіктер беруге құқылы.
3. Банктер туралы заңның 50-бабы 3-тармағының 2) тармақшасының мақсаттары үшін банк банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға қамтамасыз етусіз беретін барлық қарыздарының (бланкілік қарыздар) жиынтық мөлшері 20 (жиырма) миллион теңгеден аспауға тиіс.
4. Банктер туралы Заңның 50-бабы 3-тармағының 3) тармақшасының мақсаттары үшін банк директорлар кеңесінің мүшесіне, банктің ірі қатысушысына және (немесе) банк холдингінің ірі қатысушысына беретін Банктер туралы заңның 22-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген банктік қарыздардың, қаржыландырудың мөлшері жиынтығында банктің меншікті капиталының 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайызынан аспауға тиіс.
5. Банктер туралы заңның 50-бабы 4-тармағының 5) тармақшасының мақсаттары үшін банкке мәмілені жасау туралы шешім қабылдаған күні жиынтығында құны мыналардан:
акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не ұйымдардағы үлестік қатысудың басқа да нысандарын иелену жөніндегі мәмілені қоспағанда, банктің меншікті капиталының 0,02 (нөл бүтін жүзден екі) пайызынан;
акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не ұйымдардағы үлестік қатысудың басқа да нысандарын иелену жөніндегі мәмілеге қатысты банктің меншікті капиталының 10 (он) пайызынан асатын мәміле жасауға тыйым салынады.
6. Банктер туралы заңның 50-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінің мақсаттары үшін банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға жеңілдікті жағдайлар ұсыну егер банктің банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәмілесінің немесе мәмілелер жиынтығының құны (ағымдағы қаржы жылы үшін) банктің мәміле немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығын жасау туралы шешім қабылдаған күні мыналардан:
акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не ұйымдардағы үлестік қатысудың басқа да нысандарын иелену жөніндегі мәмілелерді немесе мәмілелер жиынтығын қоспағанда, банктің меншікті капиталының 0,1 (нөл бүтін оннан бір бөлігі) пайызынан;
акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не ұйымдардағы үлестік қатысудың басқа да нысандарын сатып алу жөніндегі мәмілелерге немесе мәмілелер жиынтығына қатысты банктің меншікті капиталының 10 (он) пайызынан асқан жағдайда туындайды.
7. Банктер туралы заңның 50-бабы 7-тармағының 7) тармақшасының мақсаттары үшін мәмілелерді жеңілдікті жағдайлары бар мәмілелерге жатқызудың мынадай қосымша өлшемшарттары белгіленсін:
1) банктің қарыз алушы (қосалқы қарыз алушы, кепілдік беруші, кепілгер және кепіл беруші) туралы мәліметтерді тіркемей банктің ішкі құжаттарына сәйкес қарыз алушы – жеке тұлғамен және заңды тұлғамен банктік қарыз операцияларын жасауы;
2) банктің қарыз алушы – жеке немесе заңды тұлғамен банктік қарыз операцияларын банктік қарыз шартында қарыз алушының қажеттіліктеріне сәйкес келетін банктік қарыз алу мақсатын айқындамай жасауы (тұтынушылық банктік қарызды және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің қатысуымен айналым қаражатын, синдикатталған қарыздарды толықтыруға кредит беруді қоспағанда);
3) банктің қарыз алушы – жеке немесе заңды тұлғамен банктік қарыз операцияларын банктік қарыз шартында қарыз алушының ақшаны мақсатсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілігін (тұтынушылық банктік қарыз бен айналым қаражатын толықтыруға кредит беруді, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің, халықаралық қаржы ұйымдарының қатысуымен синдикатталған қаржыландыруды қоспағанда) айқындамай жасауы.
8. Банк онымен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес және Банктер туралы заңның 50-бабы 2-тармағының шарттарының біріне сәйкес келмейтін заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттеріне) банктің меншікті капиталының 0,05 (нөл бүтін жүзден бес) пайызынан аспайтын мөлшерде банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін береді.
9. Қағидалардың талаптары Банктер туралы заңның 50-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына, банк холдингтеріне (банк холдингі немесе банк холдингінің белгілері бар тұлға болып табылатын және Банктер туралы заңның 50-бабы 10-тармағының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының бейрезиденттерін қоспағанда) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына Қағидалардың талаптарын қолдану мақсаттары үшін банктің меншікті капиталы Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары үшін пруденциялық нормативтер мен лимиттер, олардың шекті мәндері және есептеу әдістемелеріне сәйкес есептелетін Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының резерв ретінде қабылданатын активтері түсініледі.
Қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, тұлғаның орнықсыз қаржылық жағдайының белгілері және өтімділігі жоғары активтер тізбесі
1. Талаптардың мақсаттары үшін тиісті қамтамасыз ету деп:
1) қарыз алушының міндеттемелерінің кемінде 90 (тоқсан) пайызын өтейтін өтімділігі жоғары, мынадай қамтамасыз ету:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық инвестициялық холдингтің кепілдіктері (кепілгерліктері);
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкала бойынша "А"-дан төмен емес немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А2"-дан төмен емес немесе Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктің халықаралық шкаласы бойынша "А"-дан төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғаларының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің кепілдіктері (кепілгерліктері);
Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкала бойынша "ВВВ-"-дан төмен емес немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "Ваа3"-дан төмен емес немесе Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-дан төмен емес ұзақ борыштық рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының, оның ішінде банктердің кепілдіктері (кепілгерліктері);
Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкала бойынша "А-"-дан төмен емес немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А3"-дан төмен емес немесе Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-дан төмен емес қаржылық сенімділігінің рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полисі;
Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкала бойынша "А-"-дан төмен емес немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А3"-дан төмен емес немесе Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар шет мемлекеттердің Үкіметтері және (немесе) орталық банктері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар;
монетарлық бағалы металдар;
Қазақстан Республикасының бірінші сыныпты эмитенттерінің векселдері;
Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкала бойынша "А"-дан төмен емес борыштық рейтингі немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А2"-дан төмен емес немесе Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктің халықаралық шкаласы бойынша "А"-дан төмен емес борыштық рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкала бойынша "ВВВ-"-дан төмен емес немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "Ваа3"-дан төмен емес немесе Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-дан төмен емес борыштық рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
жалғыз акционері мемлекет немесе ұлттық инвестициялық холдинг болып табылатын, шағын және орта бизнесті кредиттеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалардың кепілдіктері (кепілгерліктері);
жалғыз акционері мемлекет немесе ұлттық инвестициялық холдинг (білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде) болып табылатын заңды тұлғалардың кепілдіктері (кепілгерліктері);
кредитор-банктегі депозиттегі ақша және (немесе) кредитор-банкте кепіл нысанасы болып табылатын және банктің бухгалтерлік есебінің тиісті шоттарында көрсетілген ақша;
Қазақстан Республикасының резидент банктеріне қатысты бас банк болып табылатын және Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкала бойынша "ВВВ"-дан төмен емес немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "Ваа2"-дан төмен емес немесе Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ"-дан төмен емес борыштық рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің кепілдіктері (кепілгерліктері);
2) жиынтығында қарыз алушының міндеттемелерінің кемінде 100 (жүз) пайызын өтейтін мынадай қамтамасыз ету:
Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкала бойынша "ВВВ-"-дан төмен емес немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "Ваа3"-дан төмен емес немесе Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-дан төмен емес борыштық рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғаларының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің кепілдіктері (кепілгерліктері);
Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкала бойынша "ВВ-"-дан төмен емес немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "Ва3"-дан төмен емес немесе Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-дан төмен емес борыштық рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент заңды тұлғаларының, оның ішінде банктердің кепілдіктері (кепілгерліктері);
Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкала бойынша "ВВ-"-тан төмен емес немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "Ва3"-дан төмен емес немесе Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-дан төмен емес қаржылық сенімділік рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру полистері;
Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкала бойынша "ВВВ-"-дан төмен емес немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "Ваа3"-дан төмен емес немесе Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-дан төмен емес борыштық рейтингі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкала бойынша "ВВ-"-дан төмен емес немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "Ва3"-дан төмен емес немесе Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-"-дан төмен емес борыштық рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар;
3) құны қарыз алушы міндеттемелерінің кемінде 130 (жүз отыз) пайызын өтейтін жылжымайтын мүлік түріндегі қамтамасыз ету түсініледі.
2. Қағидалардың мақсаттары үшін "орнықсыз қаржылық жағдай" деп банктермен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғада мына белгілердің бірінің немесе бірнешеуінің болуы түсініледі:
1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес банктік қарызды, банк кепілдігін алуға ниеті бар қарыз алушы – жеке тұлғаға (қоса қарыз алушыға) қатысты:
қарыз алушының (қоса қарыз алушының) кірістері мен шығыстарын, қарыз, оның ішінде ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша төлемдерді жүйелі түрде және уақтылы жүзеге асыру мүмкіндігі тұрғысынан қаржылық жай-күйін бағалау нәтижелері бойынша анықталған төлемге қабілеттілігін және кредиттік тарихын талдауға сәйкес қарыз алушының (қоса қарыз алушының) қарыз, оның ішінде ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша төлемдерді уақтылы және толық көлемде жүзеге асыруға қабілетсіздігі;
қарыз алушының (қосалқы қарыз алушының) кредитті өтеу, тұрғынжай үшін бастапқы жарнаны төлеу, сондай-ақ тұрғынжайды сатып алу-сату мәмілелеріне және ипотекалық тұрғын үй қарызын беруге байланысты өзге де шығыстарды өтеу үшін қажетті қолма-қол ақшасының жеткіліксіздігі;
банкке қарыз алушының (қосалқы қарыз алушының) банк алдындағы міндеттемелерін тиісті түрде орындау мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін экономиканың тұрақты даму үстіндегі және әлеуетті рентабельді секторындағы білім деңгейінің, кәсіби тәжірибесінің, жүйелі жұмыспен қамтылуының болмауы;
ай сайынғы міндеттемелердің жалпы сомасының (қарыз, мүлік салықтары бойынша ай сайынғы төлемдерді, жылжымайтын мүлікті сақтандыру, жеке сақтандыру, шарт бойынша жауапкершілік бойынша ай сайынғы төлемдерді, шарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа тұрақты міндетті төлемдерді қоса алғанда) оның ай сайынғы жиынтық кірістерінің (жеке табыс салығы мен зейнетақы жарналарын шегергенде) сомасына қатынасы:
қарыз алушының (қоса қарыз алушының) ай сайынғы кірісінің мөлшері қарызды, банк кепілдігін беру және (немесе) еңбек қызметінің орнын өзгерту кезінде қолданылатын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін 40-еселенген айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК) дейін болған жағдайда 40 (қырық) пайыздан;
қарыз алушының (қоса қарыз алушының) ай сайынғы кірісінің мөлшері қарызды, банк кепілдігін беру және (немесе) еңбек қызметінің орнын өзгерту кезінде қолданылатын 40-тан 65-еселенген АЕК-ке дейін болған жағдайда 50 (елу) пайыздан;
қарыз алушының (қоса қарыз алушының) ай сайынғы кірісінің мөлшері қарызды, банк кепілдігін беру және (немесе) еңбек қызметінің орнын өзгерту кезінде қолданылатын 65-тен 90-еселенген АЕК-ке дейін болған жағдайда 60 (алпыс) пайыздан;
қарыз алушының (қоса қарыз алушының) ай сайынғы кірісінің мөлшері қарызды, банк кепілдігін беру және (немесе) еңбек қызметінің орнын өзгерту кезінде қолданылатын 90-еселенген АЕК-тен астам болған жағдайда, егер осы көрсеткіштерге сәйкес төлем жасаған кезде барлық міндеттемелер бойынша:
қарыз алушының (қоса қарыз алушының) отбасының әрбір мүшесіне Астана және (немесе) Алматы қалаларында 15-еселенген АЕК және (немесе) басқа өңірлерде кемінде 10-еселенген АЕК;
жасы 15-ке (он беске) толмаған балалар үшін көрсетілген мөлшерлердің кемінде жартысы тиесілі болған жағдайда 70 (жетпіс) пайыздан асуы;
2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты банктік қарыз, банк кепілдігін және (немесе) өзге де қаржыландыру алуға ниеті бар қарыз алушы (борышкер, қоса қарыз алушы) – заңды тұлғаға, жеке тұлғаға қатысты:
қарыз алушының (борышкердің, қоса қарыз алушының) қаржылық жай-күйінің орнықсыздығы;
қарыз алушының (борышкердің, қоса қарыз алушының) төлемге қабілетсіздігі;
ақшалай ағындар борышқа толық көлемде және (немесе) уақтылы қызмет көрсетуге мүмкіндік бермеуі;
бизнесті дамытудың нарықтық талаптары теріс немесе тұрақты емес болуы, қарыз алушының (борышкердің, қоса қарыз алушының) нарықтағы бәсекелестік позициясының әлсіз болуы;
ресурстарға және капитал нарығына қолжетімділіктің шектеулілігі, өнім берушілердің шектеулі санына тәуелділік, шарттың қолданылу мерзімі ішінде қарыз алушының (борышкердің, қоса қарыз алушының) қаржылық жай-күйінің айтарлықтай нашарлауына ықпал ететін сыртқы және (немесе) ішкі факторлардың болуы;
қарыз алушының (борышкердің, қоса қарыз алушының) банкпен өз міндеттемесі бойынша есеп айырысу мүмкіндігіндегі күмәндардың болуы;
қарыз алушының (борышкердің, қоса қарыз алушының) активтері мен міндеттемелері мерзімдері бойынша шамалас болмауы;
қарыз алушының (борышкердің, қоса қарыз алушының) теріс кредиттік тарихының болуы;
банкті басқару органы бекіткен және банктің ішкі қағидаларына ажырамас толықтыру болып табылатын әдістемеге (әдістемелерге) (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес есептелген коэффициенттер мәнінің қолайлы болмауы.
3. Әдістемені банк дербес түрде әзірлейді және ол қаржылық жай-күйді бағалау тәртібін, әдісін, кезеңділігін, тәсілдерін, қажетті құжаттардың тізбесін және қарыз алушының (борышкердің, қоса қарыз алушының) қаржылық жағдайын айқындауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты қамтиды.
Әдістеме атап айтқанда саланың ерекшеліктері, өндірістің маусымдылығы (циклділігі), қарыз алушының (борышкердің, қоса қарыз алушының) қызмет саласы ескеріліп есептелген мынадай негізгі көрсеткіштерден тұрады:
қарыз алушының (борышкердің, қоса қарыз алушының) төлем қабілеттілігі – қарыз алушының (борышкердің, қоса қарыз алушының) Әдістемеде белгіленген тиісті коэффиценттер жиынтығына қарай банк есептейтін өз міндеттемелеріне қызмет көрсету қабілетін ашады;
қарыз алушының (борышкердің, қоса қарыз алушының) қаржылық орнықтылығы – капитал құрылымын, кірістілік деңгейін (соңғы күнтізбелік жылдағы серпінде), рентабелділігін (серпінде), мерзімі өткен міндеттемелердің жоқ екендігін (бар екенін), қарыз алушының (борышкердің, қоса қарыз алушының) капитал нарығына қолжетімділігін, Әдістемеде белгіленген тиісті коэффициенттер жиынтығына қарай банк есептейтін, қарыз алушының (борышкердің, қоса қарыз алушының) қаржылық орнықтылығын бағалауға мүмкіндік беретін басқа маңызды ақпараттың болуын ашады;
қарыз алушының (борышкердің, қоса қарыз алушының) борышқа қызмет көрсету қабілеті, ақша ағындары қозғалысының болжамы;
қарыз алушының (борышкердің, қоса қарыз алушының) соңғы есептік және ағымдағы жылдар үшін дебиторлық-кредиттік берешегінің құрамы мен серпіні;
қарыз алушының (борышкердің, қоса қарыз алушының) өнімінің өзіндік құны, оның ішінде серпінде;
қарыз алушының (борышкердің, қоса қарыз алушының) кредиттік тарихы (бұрынғы кредиттік берешекті өтеу, қолданыстағы кредиттердің болуы);
қарыз алушының (борышкердің, қоса қарыз алушының) банк конгломераттарына, сақтандыру топтарына, банк, сақтандыру холдингтеріне тиістілігі;
қарыз алушының (борышкердің, қоса қарыз алушының) бір (бірнеше) өнім берушіге және (немесе) тапсырыс берушіге тәуелділігі;
қарыз алушының (борышкердің, қоса қарыз алушының) өзінің қаржылық жағдайын жақсарту үшін қабылдайтын шаралар;
қарыз алушының (борышкердің, қоса қарыз алушының) өзінің қаржылық жай-күйін нашарлатуы мүмкін сот талқылауларына тартылуы;
қарыз алушының (борышкердің, қоса қарыз алушының) нарықтық позициясын, оның (олардың) экономикадағы циклдік және құрылымдық өзгерістерге тәуелділігін (саланың түрі, қарыз алушы (борышкер, қоса қарыз алушы) дайындайтын (ұсынатын) тауарлардың (қызметтердің) тартымдылығын бағалау, осындай тауарлардың (қызметтердің) нарығы, қарыз алушы (борышкер, қоса қарыз алушы) қызметінің саласындағы бәсекелестік деңгейі, нақты нарықтағы қызметінің ұзақтығы) сипаттайтын өзге субъективтік факторлар.
| Қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, тұлғаның орнықсыз қаржылық жағдайының белгілері және өтімділігі жоғары активтер тізбесіне қосымша |
Рейтингтік агенттіктер деңгейлерінің салыстырма кестесі
№ | Standard & Poor’s (Стандард энд Пурс) | Moody’s Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) | Fitch (Фич) |
1. | ААА | Ааа | ААА |
2. | АА+ | Aa1 | АА+ |
3. | АА | Аа2 | АА |
4. | АА- | Аа3 | АА- |
5. | А+ | A1 | А+ |
6. | А | А2 | А |
7. | А- | A3 | А- |
8. | ВВВ+ | Baa1 | ВВВ+ |
9. | ВВВ | Ваа2 | ВВВ |
10. | ВВВ- | Ваа3 | ВВВ- |
11. | ВВ+ | Ba1 | ВВ+ |
12. | ВВ | Ва2 | BB |
13. | ВВ- | Ва3 | ВВ- |
14. | В+ | В1 | В+ |
15. | В | В2 | В |
16. | В- | В3 | В- |
| Қаулыға қосымша |
Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің тізбесі
1. "Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және Қазақстан Республикасының резиденттері және бейрезиденттері заңды тұлғаларға барлық берілген банктік қарыздарының және банк кепілдіктерінің жиынтық көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 80 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7510 болып тіркелген).
2. Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруі жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 72 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8411 болып тіркелген).
3. "Кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 74 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8436 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін банк қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 8-тармағы.
4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 192 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14294 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.
5. "Қамтылымсыз кредит (бланкілік кредит) беру критерийлерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 22 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14902 болып тіркелген).
6. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 23 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14997 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 9-тармағы.
7. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шiлдедегi № 157 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17559 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.
8. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 195 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17551 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығының мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 6-тармағы.
9. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 257 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17753 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін банк қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.
10. "Банкпен, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруге тыйым салуды белгілеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 273 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17781 болып тіркелген).
11. "Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруге тыйым салуды белгілеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 273 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 11 қарашадағы № 183 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19604 болып тіркелген).
12. "Банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңілдікті жағдайлар беруге тыйым салуды белгілеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 273 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 тамыздағы № 76 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21168 болып тіркелген).
13. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 128 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21946 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы.
14. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 24 ақпандағы № 43 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22259 болып тіркелген) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2, 3 және 5-тармақтары.
15. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне кредиттік бюролар мен банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 21 ақпандағы № 7 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26922 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар мен банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.