Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтыру енгізілетін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту |
|
| Агенттігінің Төрағасы | М. Абылкасымова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі
| Қазақстан Республикасының | |
| Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Басқармасының |
|
| 2026 жылғы 20 наурыздағы № 11 Қаулыға қосымша |
Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. "Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы қаржы компаниясы - жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін Секьюритилендіру туралы заңға сәйкес құрылатын, пайдасына талап ету құқықтары берілетін заңды тұлға;
2) биржалық ивестициялық пай қоры (Exchange Traded Fund) (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) - пайлары қор биржасында айналыста болатын индекстік инвестициялаудың аралық ивестициялық пай қоры;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) инвестициялық декларация - инвестициялау объектілерінің тізбесін, инвестициялық қор немесе эндаумент-қорлар активтеріне (нысаналы капитал) қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегияларын, талаптары мен шектеулерін, активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын айқындайтын құжат;
5) инвестициялық портфель - инвестициялық портфельді басқарушының меншігіндегі немесе басқаруындағы қаржы құралдарының алуан түрлерінің не өзге мүліктің жиынтығы;
6) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шарт - оған сәйкес клиент мүлікті инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беретін, ал инвестициялық портфельді басқарушы осы мүлікті клиенттің мүддесі үшін басқаруды жүзеге асыруға міндеттенетін шарт;
7) инвестициялық портфельді басқарушы - өз атынан клиенттің мүддесінде және оның есебінен азаматтық құқықтар объектілерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;
8) инвестициялық портфельді басқарушының есепке алу жүйесі - инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің инвестициялық шоттарында қамтылған, клиент пен оның активтерін сәйкестендіруді, инвестициялық портфельдің құрылымын және белгілі бір уақыт сәтінде клиенттің активтерімен мәмілелерді қамтамасыз ететін мәліметтер жиынтығы;
9) инвестициялық шешім - инвестициялық қордың немесе эндаумент-қордың активтерін (нысаналы капитал) басқару процесінде қабылданатын оның активтерімен мәміле жасасу туралы шешім;
10) клиент - инвестициялық портфельді басқарушының қызметтерін пайдаланатын немесе пайдалануға ниет білдірген тұлға, инвестициялық қор, нысаналы капитал қоры, инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және активтері инвестициялық портфельді басқарушысында болатын, сақтанушының инвестицияларға қатысу талаптарын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған кірістердің (шығындардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфель, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтеріне қатысты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры;
11) клиенттің активтері - инвестициялық портфельді басқарушының басқаруындағы активтердің жиынтығы;
12) құрылымдық өнім - шығару талаптары осы қаржы құралы бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары төлемдерінің оны шығару талаптарында берілген көрсеткіштерге қол жеткізуге және (немесе) оқиғалардың туындауына тәуелділігін көздейтін қаржы құралы;
13) маркет-мейкер - қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қаржы құралы бойынша баға белгілеуді жариялап отыру және қолдау қызметтерін ұсынатын ұйым;
14) мүдделер қақтығысы - инвестициялық портфельді басқарушы мен оның клиентінің (клиенттерінің) мүдделері бір-біріне сәйкес келмейтін жағдай;
15) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
16) үлестес тұлғалар - тізбесі "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес белгіленетін, тікелей және (немесе) жанама түрде шешімдерді айқындауға және (немесе) бір-бірімен (тұлғалардың бірімен) қабылданатын шешімдерге, оның ішінде жасалған мәмілеге орай ықпал етуге мүмкіндігі бар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар;
17) хеджирлеу - хеджирлеу объектiсi бағасының немесе өзге де көрсеткiшiнiң қолайсыз өзгеруi нәтижесiнде туындайтын ықтимал залалды өтеу мақсатында жасалатын туынды қаржы құралдарымен операциялар. Активтер және (немесе) мiндеттемелер, сондай-ақ көрсетілген активтерге және (немесе) мiндеттемелерге немесе күтiлетiн мәмiлелерге байланысты ақша ағыны хеджирлеу объектiлері деп танылады;
18) ішкі құжаттар - инвестициялық портфельді басқарушының, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдарының, өкілдіктерінің), қызметкерлерінің қызметінің талаптары мен тәртібін, қызметтер көрсетуді және оларға ақы төлеу тәртібін реттейтін құжаттар.";
7-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7-3. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт инвестициялық портфельді басқарушының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 37-бабы 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бұзылады.
Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт инвестициялық портфельді басқарушының бастамасы бойынша инвестициялық портфельді қалыптастыру өлшемшартымен айқындалатын және 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда күнтізбелік жылдар бойынша есептелетін қатарынан 12 (он екі), 36 (отыз алты) немесе 60 (алпыс) айды құрайтын зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару кезеңінің аяқталуынан ерте болмайтын уақытта бұзылуы мүмкін.";
25-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25-1. Инвестициялық портфельді басқарушы зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды мынадай өлшемшарттардың бірі бойынша жүзеге асырады:
1) инвестициялық портфель салымшылардың зейнетке шығу мерзіміне қарамастан, зейнетақы активтерінен тұрады және 12 (он екі) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәніне ие;
2) инвестициялық портфель зейнетке шығу мерзімі үш жылдан асатын салымшылардың зейнетақы активтерінен тұрады және 36 (отыз алты) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәніне ие;
3) инвестициялық портфель зейнетке шығу мерзімі он үш жылдан асатын салымшылардың зейнетақы активтерінен тұрады және 60 (алпыс) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәніне ие.
Осы тармақтың мақсаттары үшін салымшы деп міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы және (немесе) ол үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлға түсініледі.
Осы тармақтың мақсаттары үшін салымшының зейнетке шығару мерзімі деп оның Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жетуі түсініледі.
Зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 43 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32830 болып тіркелген) Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларына, сондай-ақ Инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес айқындалады.";
33-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33-6. Бір тұлға және оның үлестес тұлғалары шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың жиынтық мөлшері инвестициялық портфельді басқарушыда сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері құнының 10 (он) пайызынан аспауға тиіс.
Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде бір-біріне қатысты үлестес тұлғалар шығарған (ұсынған) инвестициялардың жиынтық мөлшері бөлігінде белгіленген нормалар дауыс беретін акцияларының 50 (елу) пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі бір-біріне қатысты үлестес тұлғалар шығарған (ұсынған) қаржы құралдарына қатысты қолданылмайды.
Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде белгіленген нормалар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар мен қаржы құралдарына, сондай-ақ орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының нысанасы болып табылатын қаржы құралдарына қатысты қолданылмайды.
Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде белгіленген нормалар активтерінің құрылымы MSCI ACWI Index (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Олл Кантри Ворлд Индекс) немесе Bloomberg Global-Aggregate Index (Блумберг Глобал-Агригейт Индекс) индекстерінің құрылымын қайталайтын немесе пайлары бойынша баға белгілеу осы индекстерге байланысты Exchange Traded Funds (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) пайларына қатысты қолданылмайды.
Осы зейнетақы активтерін есепке алуды және сақтауды жүзеге асыратын кастодианның банк шоттарындағы шетел валютасындағы қалдықтарды қоса алғанда, шетел валютасында номинирленген қаржы құралдарына зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың жиынтық мөлшері:
1) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы және зейнетке шығу мерзіміне қарамастан, салымшылардың 12 (он екі) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен зейнетақы активтерінен тұратын инвестициялық портфельдің зейнетақы активтері құнының 40 (қырық) пайызына дейін;
2) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы және зейнетке шығу мерзімі үш жылдан асатын салымшылардың 36 (отыз алты) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен зейнетақы активтерінен тұратын инвестициялық портфельдің зейнетақы активтері құнының 70 (жетпіс) пайызына дейін;
3) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы және зейнетке шығу мерзімі он үш жылдан асатын салымшылардың 60 (алпыс) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен зейнетақы активтерінен тұратын инвестициялық портфельдің зейнетақы активтері құнының 80 (сексен) пайызына дейін.
Инвестициялық портфельдің тәуекел көрсеткіші (стандартты ауытқу) қатарынан 12 (он екі) ай ішінде композиттік индекстің тәуекел көрсеткішінен (стандартты ауытқу) 1,2 (бір бүтін оннан екі) еседен астам аспайды және ай сайын есепті айдан кейінгі айдың біріндегі жағдай бойынша есептеледі.
Эмитенттің бір шығарылымының борыштық бағалы қағаздарына зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың жиынтық мөлшері эмитенттің осы шығарылымының орналастырылған борыштық бағалы қағаздарының жалпы санының 50 (елу) пайызынан кем болады.
Қазақстан Республикасының ұйымы шығарған акцияларға, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акцияларға зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың жиынтық мөлшері осы эмитенттің дауыс беретін акцияларының жалпы санының 10 (он) пайызынан кем болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және инвестициялық портфельді басқарушылардың сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың жиынтық мөлшері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің интернет-ресурсында жариялаған зейнетақы активтерінің есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерге сәйкес осы эмитенттің дауыс беретін акцияларының жалпы санының 10 (он) пайызынан асқан жағдайда, инвестициялық портфельді басқарушы зейнетақы активтерінің есебінен Қазақстан Республикасының ұйымы шығарған акцияларды, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акцияларды иелену жөнінде шешімдер қабылдамайды.";
59 және 60-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"59. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару шарты инвестициялық портфельді басқарушының бастамасы бойынша бұзылған жағдайда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға ақша түрінде толық көлемде қайтарады.
Инвестициялық портфельді басқарушы инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтерінің кірістілігінің ең аз мәні арасындағы инвестициялық портфельді қалыптастыру өлшемшартына қарай қатарынан 12 (он екі), 36 (отыз алты) немесе 60 (алпыс) айды құрайтын зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару кезеңінен кейінгі жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан теріс айырманы (бар болса) толық көлемде өтейді.
Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәнінің арасындағы теріс айырма Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 43 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32830 болып тіркелген) Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларына, сондай-ақ Инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес айқындалады және өтеледі.
60. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару шарты инвестициялық портфельді басқарушының бастамасы бойынша бұзылған жағдайда инвестициялық портфельді басқарушы теріс айырманы (бар болса) өтеген күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін зейнетақы активтерін қабылдау-өткізу актісінің негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтарады, ол мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) инвестициялық портфельді басқарушының толық атауы;
2) инвестициялық портфельді басқарушының атқарушы органы басшысының және бас бухгалтерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);
3) шоттардағы ұлттық және (немесе) шетел валютасында ақша қалдығы;
4) зейнетақы активтерін беру күнінің алдындағы күннің соңына зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны;
5) инвестициялық портфельді басқарушы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беретін зейнетақы активтеріне жататын өзге де мәліметтер.
Қабылдау-өткізу актісі зейнетақы активтерін беру күніне бір данадан қазақ және орыс тілдерінде 3 (үш) данада жасалады:
инвестициялық портфельді басқарушы үшін - инвестициялық портфельді басқарушының атқарушы органының басшысы және бас бухгалтері немесе оларды алмастыратын адамдар қол қояды;
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры үшін - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті тұлғасы қол қояды;
кастодиан-банк үшін - кастодиан-банктің уәкілетті тұлғасы және бас бухгалтері немесе оларды алмастыратын адамдар қол қояды.".
2. "Зейнетақы активтері есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсында жариялау қағидаларын және мерзімдерін, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты, оның ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттар жасасқан инвестициялық портфельді басқарушылардың тізбесін ашу қағидаларын және көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 26 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32672 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтері есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсында жариялау қағидаларында және мерзімдерінде:
қосымша осы өзгерістер мен толықтыру енгізілетін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. "Зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 28 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32663 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдерінде:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлға (бұдан әрі – салымшы) зейнетақы активтерін ИПБ-нің сенімгерлік басқаруына беру мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ) БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша және құжаттарды қоса бере отырып, жеке жүгінуі арқылы немесе БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған, Кодекстің 40-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген ИПБ таңдау туралы өтініш ұсынады.
БЖЗҚ Басқарушының инвестициялық портфельді қалыптастырудың өлшемшартын таңдау немесе оны өзгерту туралы хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде салымшыларды:
екі баспа басылымында және өзінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде тиісті ақпаратты жариялау арқылы - Басқарушы таңдаған инвестициялық портфельді қалыптастыру өлшемшарты немесе оның өзгергені туралы;
салымшының жасы Басқарушының инвестициялық портфелін қалыптастыру өлшемшартына сәйкес келмеген жағдайда салымшының - БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйелеріндегі байланыс деректеріне ақпарат жіберу арқылы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің немесе инвестициялық портфелі салымшының жасына сәйкес келетін басқа Басқарушының сенімгерлік басқаруына беру қажеттілігі туралы хабардар етеді.
БЖЗҚ инвестициялық портфельді қалыптастыру өлшемшартына қарай қатарынан 12 (он екі), 36 (отыз алты) немесе 60 (алпыс) айды құрайтын тиісті ИПБ-нің зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару кезеңінің аяқталуынан күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын осы ИПБ-нің инвестициялық портфелі үшін белгіленген шекті жасқа жеткен салымшыларды зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің немесе инвестициялық портфелін қалыптастыру өлшемшарты салымшының жасына сәйкес келетін басқа ИПБ-нің сенімгерлік басқаруына беру қажеттілігі туралы хабардар етеді. Хабарлама салымшының БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйелеріндегі байланыс деректеріне жіберіледі.
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ПИБ сенімгерлік басқаруындағы салымшының зейнетақы активтері салымшының басқа ПИБ таңдау туралы немесе зейнетақы жинақтарын ПИБ сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтаруға өтініші болмаған жағдайда, салымшы жасының ПИБ инвестициялық портфелін қалыптастыру өлшемшартына сәйкестігіне қарамастан, осы ПИБ-нің сенімгерлік басқаруында қалады.
4. БЖЗҚ мына:
1) БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында белгіленген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған;
2) салымшының жеке басын куәландыратын құжат ИПБ-ні таңдау туралы өтініш берілген күнгі жағдай бойынша жарамсыз болған;
3) егер салымшының ИПБ таңдау туралы өтініште көрсетілген және ИПБ-ге сенімгерлік басқаруға беруге жататын зейнетақы жинақтары ИПБ таңдау туралы өтініш берілген күні салымшының міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары сомасының елу пайызынан асқан;
4) ИПБ таңдау туралы өтінішті алған күннен кейінгі күннен бастап салымшы таңдалған ИПБ-нің инвестициялық портфелі үшін белгіленген шекті жасқа жеткенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аз уақыт қалған;
5) зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы тіркелген өтініш болған;
6) егер салымшы ИПБ таңдау туралы өтініште инвестициялық портфельді қалыптастыру өлшемшарты оның жасына сәйкес келмейтін ИПБ-ні көрсетсе;
7) ИПБ-нің бастамасы бойынша зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты жоспарланып отырған бұзу туралы ИПБ-нің хабарламасы болған;
8) уәкілетті орган Кодекстің 37-бабы 8-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу процесіне бастама жасаған жағдайларда ИПБ-ні таңдау туралы өтінішті алған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде зейнетақы активтерін ИПБ-нің сенімгерлік басқаруына беруден бас тартады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. БЖЗҚ зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруынан ИПБ-нің сенімгерлік басқаруына беруді зейнетақы жинақтарының ИПБ-ні таңдау туралы өтініште көрсетілген сомасына сәйкес келетін сомада ИПБ-ні таңдау туралы өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруынан ИПБ-нің сенімгерлік басқаруына беру уақытында зейнетақы жинақтары салымшының өтінішінде көрсетілген сомамен салыстырғанда жеткіліксіз болған жағдайда, БЖЗҚ мынадай жағдайларда:
ерікті зейнетақы жарналарының есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын берген кезде;
міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын берген кезде – салымшы сақтандыру ұйымымен жасаған зейнетақы аннуитеті шарты болған кезде жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының нақты ағымдағы қалдығы шегінде қаражатты беруді жүзеге асырады.";
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. БЖЗҚ мына:
1) БЖЗҚ-ның ішкі құжаттарында белгіленген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған;
2) салымшының жеке басын куәландыратын құжат ИПБ-ні өзгерту туралы өтініш берілген күнгі жағдай бойынша жарамсыз болған;
3) зейнетақы активтерін бір ИПБ-ден басқа ИПБ-ге сенімгерлік басқаруға беру үшін ИПБ-ні өзгерту туралы өтініш берудің жылына бір реттен жиі емес мерзімі сақталмаған;
4) ИПБ-ні өзгерту туралы өтінішті алған күннен кейінгі күннен бастап салымшы таңдалған ИПБ-нің инвестициялық портфелі үшін белгіленген шекті жасқа жеткенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аз уақыт қалған;
5) зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы тіркелген өтініш болған;
6) егер салымшы ИПБ-ні өзгерту туралы өтініште инвестициялық портфельді қалыптастыру өлшемшарты салымшының жасына сәйкес келмейтін ИПБ-ні көрсетсе;
7) ИПБ-нің бастамасы бойынша зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты жоспарланып отырған бұзу туралы ИПБ-нің хабарламасы болған;
8) уәкілетті орган Кодекстің 37-бабы 8-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу процесіне бастама жасаған жағдайларда, ИПБ-ні өзгерту туралы өтінішті алған күннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде зейнетақы активтерін ИПБ-нің сенімгерлік басқаруына беруден бас тартады.
10. БЖЗҚ зейнетақы активтерін бір ИПБ-ден басқа ИПБ-ге беруді ИПБ-ні өзгерту туралы өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде салымшының зейнетақы жинақтары сенімгерлік басқаруында болатын ИПБ-ні зейнетақы активтерін беру күніне дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей алдын ала хабардар ете отырып, ИПБ-ні өзгерту туралы өтініште көрсетілген зейнетақы тиісті сомасына сәйкес келетін сомада жүзеге асырады.
Бір ИПБ-нің сенімгерлік басқаруынан басқа ИПБ-нің сенімгерлік басқаруына беру уақытында зейнетақы жинақтары салымшының өтінішінде көрсетілген сомамен салыстырғанда жеткіліксіз болған жағдайда, БЖЗҚ салымшының жеке зейнетақы шотының құрамына кіретін тиісті қосалқы шотта ескерілетін олардың нақты ағымдағы қалдығы шегінде қаражатты беруді жүзеге асырады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. БЖЗҚ мынадай жағдайларда:
1) салымшы (алушы) Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде;
2) БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау (жерлеуге, мұрагерлеріне) туралы БЖЗҚ-ға өтініш не соттың заңды күшіне енген шешімі келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде, сондай-ақ Кодекстің 220-бабының 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында және 1-1-тармағында, 221-бабының 1-тармағының 2), 2-1) және 3) тармақшаларында, 223-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда;
3) ИПБ бастамасы бойынша зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жағдайын қоспағанда, зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт бұзылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей;
4) зейнетақы жинақтарын ИПБ-нің сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға қайтаруға өтінішті алған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;
5) салымшы ИПБ-нің инвестициялық портфелі үшін белгіленген шекті жасқа жеткен жағдайда, және осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген тәртіппен хабарлама салымшыға жіберілген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде ұсынылған басқа ИПБ-ні таңдау туралы немесе зейнетақы жинақтарын ИПБ-нің сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтаруға салымшының өтініші болмаған жағдайда, инвестициялық портфельді қалыптастыру өлшемшартына қарай қатарынан 12 (он екі), 36 (отыз алты) немесе 60 (алпыс) айды құрайтын зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару кезеңі аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;
6) зей нетақы активтерінің өтелген сомасы бөлігінде - ИПБ осы Қағидалардың 13-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда ИПБ алған зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы өтеуді жүзеге асырғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген екі және одан да көп жағдай туындаған кезде БЖЗҚ зейнетақы активтерін берудің соңғы немесе оған дейін жоспарланған мерзімі басқа орын алған жағдайлардың барлық тиісті мерзімдерінен бұрын туындайтын жағдай бойынша зейнетақы активтерін ИПБ-нің сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына беруді жүзеге асырады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. БЖЗҚ зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтаруды зейнетақы жинақтарын қайтаруға өтініште көрсетілген зейнетақы жинақтарының сомасына сәйкес келетін сомада зейнетақы жинақтарын қайтаруға өтініш негізінде жүзеге асырады.
ИПБ-нің сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтару уақытында зейнетақы жинақтары салымшының өтінішінде көрсетілген сомамен салыстырғанда жеткіліксіз болған жағдайда, БЖЗҚ салымшының жеке зейнетақы шотының құрамына кіретін тиісті қосалқы шотта ескерілетін олардың нақты ағымдағы қалдығы шегінде қаражатты қайтаруды жүзеге асырады.
ИПБ-нің зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты өз бастамасы бойынша бұзу туралы хабарламасының негізінде БЖЗҚ:
инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырма болған кезде - инвестициялық портфельді басқарушы теріс айырманы өтеген күннен бастап;
зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырма болмаған кезде – теріс айырманы өтеудің соңғы мерзімі күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтарады.
Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт БЖЗҚ зейнетақы активтерін іс жүзінде қайтарған күннен бастап ИПБ-нің бастамасымен бұзылған болып есептеледі.
Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәнінің арасындағы теріс айырма, сондай-ақ оны өтеудің соңғы мерзімі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 43 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32830 болып тіркелген) Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларына, сондай-ақ Инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес айқындалады.".
4. "Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың үлгілік нысанын, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 30 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32671 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың үлгілік нысанында:
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Басқарушы:
1) берілген зейнетақы активтерін қатаң түрде инвестициялық декларацияға, Әлеуметтік кодекске, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңға және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, осы Шарт бойынша өзіне сеніп тапсырылған зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-әрекеттерді басқа тұлғаға тапсыру құқығынсыз тиісінше сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруға;
2) уәкілетті органды және Қорды инвестициялық портфельді қалыптастырудың таңдалған өлшемшарты, немесе оның өзгеруі туралы таңдалған өлшемшартқа сәйкес инвестициялық портфельді қалыптастыруға көшу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын уәкілетті органға және Қорға ресми хат жіберу арқылы хабардар етуге;
3) инвестициялық декларацияны әзірлеуге және бекітуге;
4) Басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасында теріс айырма туындаған кезде Әлеуметтік кодекстің 15-бабының 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларына, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы өз капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы теріс айырманы Қорға өз капиталының есебінен өтеуге;
5) Басқарушының қол қою құқығы бар лауазымды тұлғаларының ауысқаны, мекенжайларының, байланыс деректерінің, БСН, банктік деректемелерінің өзгергені туралы Қорға осындай өзгерістер басталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлауға;
6) Шарт бойынша сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы активтерін өз мүдделері үшін пайдаланбауға;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Шарт талаптарын орындау нәтижесінде немесе оған байланысты алынған ақпаратты өз мүдделері үшін пайдаланбауға және үшінші тұлғаларға бермеуге;
8) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келетін тәуекелдерді басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етуге;
9) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге де жабдықтардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
10) Басқарушы сенімгерлік басқаруға қабылдаған зейнетақы активтері бойынша номиналдық кірістілік деңгейін зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәнінен төмен емес инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларында, сондай-ақ Әлеуметтік кодекстің 15-бабының 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталы есебінен теріс айырманы өтеу қағидаларында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде қамтамасыз етуге;
11) зейнетақы активтерімен мәмілелерді номиналдық ұстау, оларға қызмет көрсету және зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттарды жүргізу бойынша қызметтер көрсететін кастодиан банк ұсынған шоттарды, сондай-ақ Шарттың 11-тармағының 10) тармақшасында көзделген шығыстарды қоспағанда, қызметтері зейнетақы активтерін басқару үшін қажет үшінші тұлғаларды тартуға байланысты шығыстарды төлеуге;
12) бағалы қағаздар бойынша міндеттемелердің орындалмауына жол берген эмитенттерге қатысты, сондай-ақ Шарт бойынша Басқарушыға сенімгерлік басқаруға берілген Қордың зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі салымдар бойынша міндеттемелердің орындалмауына жол берген екінші деңгейдегі банктерге қатысты сотқа дейінгі және талап қою жұмысын жүзеге асыруға;
13) эмитенттің бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерді орындамауы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің Қордың зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі салымдар бойынша міндеттемелерді орындамауы анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы жағдайларды шешу жөніндегі Басқарушының жоспарланған шаралары туралы құжаттарды қоса бере отырып, Қорды хабардар етуге;
14) Қордың талабын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға қатысты барлық қажетті ақпарат пен құжаттарды (инвестициялық портфельдің құрамы, зейнетақы активтерімен жасалған мәмілелер, операциялар және т.б.) беруге;
15) Әлеуметтік кодекстің 15-бабының 9) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді бір басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдерінде белгіленген тәртіппен Қордың талап етуі бойынша Қордың зейнетақы активтерін басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға аударуға;
16) осындай мән-жайлар туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Басқарушыға қатысты қолданылған қадағалап ден қою шаралары, санкциялар және қолданылған әкімшілік жазалар туралы Қорды жазбаша хабардар етуге;
17) сенімгерлік басқаруда тұрған, берілген зейнетақы активтерінің ағымдағы құнын Қордың, Басқарушының және кастодиан-банктің арасында жасалған кастодиандық шартта көзделген тәртіппен және мерзімде Басқарушымен және кастодиан банкпен салыстырып тексеруді жүргізуге;
18) апта сайын Қорға және кастодиан банкке зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі қаржы құралдарының нарықтық бағалары бойынша ақпаратты аптаның бірінші жұмыс күнінен кейінгі жұмыс күні сағат 11:00-ден кешіктірмей беруге;
19) Әлеуметтік кодекстің 15-бабының 10) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құнын инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларында, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталы есебінен теріс айырманы өтеу қағидаларында белгіленген мерзімдерде және тәртіппен есептеуге;
20) тиісті есеп айырысулар жүргізілген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есептік құнын қормен салыстырып тексеруді жүргізуге;
21) қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттарды қолдану мақсатында салықтық нысандарды толтыруға жәрдемдесуге, нарықтарында инвестициялар жүзеге асырылатын шетелдік салық органдарына беру үшін жаһандық шетелдік кастодиандар талап ететін салықтық нысандарды, өтініштерді, декларацияларды және басқа да нысандарды толтыруға міндетті. Шарттың 13-тармағының 21) тармақшасында көрсетілген нысандарға Қор қол қояды;
22) салық салудан босатуды алу, жеңілдікті салық салуды қолдану немесе шетелдік эмитенттер төлейтін кірістерден салықтың артық ұсталған сомаларын қайтару үшін қажетті салықтық нысандарды, сертификаттарды және басқа да құжаттарды тұрақты жаңарту мәселелері бойынша жаһандық шетелдік кастодиандармен жұмыс жүргізуге;
23) эмитенттердің міндеттемелерін қайта құрылымдау шеңберінде жүргізілетін қаржы құралдарын есептен шығару/есепке алу операциялары бойынша өкімді Қорға және кастодиан банкке өкімде көрсетілген операцияларды жүргізу болжамдалған жұмыс күні сағат 11:00-ден кешіктірмей ұсынуға;
24) шетелдік эмитенттердің міндеттемелеріне қайта құрылымдау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға;
25) Басқарушының басқару органы осындай шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде осы Шарттың 15-тармағында көрсетілген комиссиялық сыйақы мөлшерінің өзгергені туралы Қорға жазбаша хабарлауға;
26) Әлеуметтік кодекстің 217-бабының 2-тармағы 19) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен зейнетақы активтерін есепке алу мен бағалауды жүзеге асыру қағидаларында көзделген қаржы құралдарын қайта сыныптау туралы Қорға және кастодиан банкке өкім беру, олар бойынша ИПБ жұмыс күні сағат 11:00-ден кешіктірмей қаржы құралдарын қайта сыныптау туралы шешім қабылдаған, онда қаржы құралдарын есепке алудың бір санатынан екіншісіне ауыстыру болжанады;
27) Шартты өз бастамасы бойынша бұзған жағдайда:
Қорды, кастодиан банкті және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды шартты бұзудың жоспарланған күніне дейін күнтізбелік бір жылдан кешіктірмей шартты бұзу жоспарланғаны туралы жазбаша хабардар етуге және бір мезгілде Басқарушының корпоративтік интернет-ресурсында тиісті хабарландыруды орналастыруға;
ақша түрінде сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына толық көлемде қайтаруға;
Басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы инвестициялық портфельді қалыптастыру өлшемшартына қарай қатарынан 12 (он екі), 36 (отыз алты) немесе 60 (алпыс) айды құрайтын зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару кезеңінен кейінгі жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан теріс айырманы (бар болса) толық көлемде өтеуге міндетті.
14. Басқарушы:
1) Шарттың 4-тарауында белгіленген жағдайларда және мөлшерде зейнетақы активтерін сенімгерлік басқарудан комиссиялық сыйақы алуға;
2) инвестициялық портфельді қалыптастыру өлшемшартын таңдағаннан кейін немесе өзгерткеннен кейін инвестициялық портфельді қалыптастыру өлшемшартына қарай қатарынан 12 (он екі), 36 (отыз алты) немесе 60 (алпыс) айды құрайтын зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару кезеңінің аяқталуынан ерте болмайтын уақытта инвестициялық портфельді қалыптастыру өлшемшартын өзгертуге. Бұл ретте Басқарушы Басқарушының алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтерінің кірістілігінің ең аз мәні арасындағы инвестициялық портфельді қалыптастыру өлшемшартына қарай қатарынан 12 (он екі), 36 (отыз алты) немесе 60 (алпыс) айды құрайтын зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару кезеңінен кейінгі жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан теріс айырманы (бар болса) толық көлемде өтейді;
3) Шарттың 13-тармағының 27-тармақшасында көзделген талаптармен Шартты бұзуға;
4) кастодиан-банкке Тараптардың өзара келісімі бойынша және Қор, Басқарушы және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шартқа сәйкес Шарттың 13-тармағының 21) және 22) тармақшаларында айқындалған міндеттемелерді орындауын тапсыруға құқылы.";
мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
"28-1. Шарттың 27-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда Шартты бұзған кезде Басқарушы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген, Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Шартты бұзу және зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтару туралы хабарлама бойынша рәсімдерді жүзеге асырады.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Шартты бұзуға бастамашы Тарап, Шарттың 13-тармағының 27) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, басқа Тарапқа болжамды бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын ескертеді.".
5. "Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларын, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы өз капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 43 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 32830 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Барлық Басқарушылар бойынша К2 номиналды кірістілік коэффициенттерінің, композиттік индекстің номиналды кірістілігі коэффициенттерінің мәндері және зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні ай сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында жарияланады.".
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы өз капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдерінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Басқарушы меншікті капиталы есебінен инвестициялық портфельді қалыптастыру өлшемшартына қарай қатарынан 12 (он екі), 36 (отыз алты) немесе 60 (алпыс) айды құрайтын зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару кезеңінен кейінгі жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан, мына формула бойынша есептелген теріс айырма сомасын (бұдан әрі – өтеу сомасы) өтейді:
S = (Сmin - Сt) * Yei, мұндағы: Сmin > Сt, мұндағы:
S - математикалық әдіспен үтірден кейін 2 (екі) таңбаға дейін дөңгелектелген өтеу сомасы;
Cmin - зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі коэффициентінің ең аз мәнін орындау үшін зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есепті күнге қажетті құны;
Ct - Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есепті күнге құны;
Yei - толық күнтізбелік он екі, отыз алты және алпыс ай Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің есепті күнге жалпы саны;
T - мыналар үшін:
1) зейнеткерлікке шығу мерзіміне қарамастан салымшылардың зейнетақы активтері есебінен портфель үшін - 12 (он екі) ай;
2) зейнеткерлікке шығу мерзімі үш жылдан асатын салымшылардың зейнетақы активтері есебінен портфель үшін - 36 (отыз алты) ай;
3) зейнеткерлікке шығу мерзімі он үш жылдан асатын салымшылардың зейнетақы активтері есебінен портфель үшін - 60 (алпыс) ай инвестициялық уақыт кезеңі.".
6. "Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 32801 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарын есепке алу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. ЖЗШ ашуға негіздеме мыналар болып табылады:
міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын немесе өсімпұлдарды аударған кезде БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер (бұдан әрі - агент) ұсынатын, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамынан (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) БЖЗҚ-ға келіп түскен жеке тұлғалардың тізімдері;
ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін - Заңға сәйкес БЖЗҚ және депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арасында жасалған келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімде БЖЗҚ-қа және (немесе) ЕЖЗҚ-қа түскен, жеке тұлға (ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы) өзінің пайдасына не үшінші тұлғаның (зейнетақы төлемдерін алушының) пайдасына аударған ерікті зейнетақы жарнасының бастапқы сомасы немесе ерікті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер ерікті зейнетақы жарналарын аударған кезде БЖЗҚ-ға ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері немесе ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның (зейнетақы төлемдерін алушының) ЕЖЗҚ-тан және (немесе) БЖЗҚ-тан аударған ерікті зейнетақы жинақтарының сомасы не БЖЗҚ-қа "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымнан түскен талап етілмеген кепілдік берілген өтем сомасы.
Міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың ЖЗШ құрамында ИПБ сенімгерлік басқаруына берілген міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған қосалқы шот ашу үшін негіздеме БЖЗҚ мен ИПБ арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес зейнетақы жинақтарының келіп түскен бастапқы сомасы болып табылады.
Қосалқы шоттар инвестициялық портфельді қалыптастыру өлшемшарттары бойынша жүргізіледі.".
20 __жылғы "_____" "_______________" жағдай бойынша
_________________________________________________
(атауы)
басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының
___________ (жарна түрі) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша
инвестициялық портфельдің құрылымы
_________________________________________________
(инвестициялық портфельді қалыптастыру өлшемшарттары)
Эмитенттің атауы және қаржы құралының түрі | Қаржы құралының сәйкестендіргіші | Номиналды құнның (базалық активтің) валютасы | Рейтингі | Өтеу күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
кестенің жалғасы
Саны | Номиналды құны | Ағымдағы құны | Инвестициялық портфельден үлес салмағы, % | Ескертпе |
6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Кестені толтыру бойынша түсіндірмелер.
Зейнетақы активтері есебінен қалыптастырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы активтері бойынша бөлек жарияланады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің құрылымы туралы мәліметтерді жариялаған кезде, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" көрсетіледі.
Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің құрылымы туралы мәліметтерді жариялаған кезде, осы инвестициялық портфельді басқарушының атауы көрсетіледі.
"Жарналардың түрі" деген жолда зейнетақы жарналарына қарай қалыптастырылған зейнетақы активтері: "міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары" және "жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары" бойынша мәліметтер көрсетіледі.
"Инвестициялық портфельді қалыпастыру өлшемшарттары" жолында оған сәйкес инвестициялық портфельді сенімгерлік басқарушының инвестициялық портфелі қалыптастырылған мына өлшемшарттардың бірі көрсетіледі:
1) инвестициялық портфель салымшының Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жетуіне қарамастан салымшылардың зейнетақы активтерінен тұрады және 12 (он екі) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәніне ие;
2) инвестициялық портфель Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жетуіне үш жылдан астам уақыт қалған салымшылардың зейнетақы активтерінен тұрады және 36 (отыз алты) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәніне ие;
3) инвестициялық портфель Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жетуіне он үш жылдан астам уақыт қалған салымшылардың зейнетақы активтерінен тұрады және 60 (алпыс) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәніне ие.
1-бағанда қаржы құралы эмитентінің толық атауы және оның түрі (оның ішінде "кері репо", "репо" операциясы нәтижесінде алынған бағалы қағаз, тазартылған бағалы металл, туынды қаржы құралы, банк депозиті) көрсетіледі.
2-бағанда баға белгіленетін қаржы құралдарының қысқаша атауы (бірегей сәйкестендіргіші), сондай-ақ қаржы құралдары үшін халықаралық сәйкестендіру нөмірі (Іnternatіonal Securіtіes Іdentіfіcatіon Number-ІSІN) не банк депозитін ашуға арналған шарттың нөмірі көрсетіледі.
3-бағанда ол номиналданған қаржы құралының 07 ІSO 4217 ҚР ҰЖ "Валюталар мен қорларды ұсынуға арналған кодтар" Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеушісіне сәйкес валюта коды не туынды қаржы құралы бойынша базалық актив болып табылатын валюта коды көрсетіледі.
4-бағанда борыштық бағалы қағаздар үшін бағалы қағаздың қолда бар рейтингтік бағасы, шетелдік мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша елдің рейтингі, акциялар (банк салымы) үшін эмитенттің (банктің) рейтингі не туынды қаржы құралдары үшін контрәріптестің рейтингі, сондай-ақ рейтингтік баға берген рейтингтік агенттіктің атауы көрсетіледі. Екі және одан да көп рейтингтік бағалар болған кезде рейтингтік агенттіктердің бірінің халықаралық және (немесе) ұлттық шәкілі бойынша ең жоғары рейтингтік бағасы көрсетіледі.
Осы баған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша толтырылмайды.
5-бағанда шығарылым (мәміле (шарт) талаптарына сәйкес борыштық бағалы қағаздар ("кері репо" немесе "репо" операциясы немесе банктік салым немесе туынды қаржы құралы) үшін "күні/айы/жылы" форматында өтеу (жабу) күні көрсетіледі. Үлестік және өзге де мерзімсіз бағалы қағаздар үшін бұл баған толтырылмайды.
6-бағанда қаржы құралдарының саны данамен көрсетіледі.
7-бағанда бір шығарылым облигацияларының санын осы шығарылымның бір облигациясының номиналды құнына көбейту ретінде есептелетін облигациялардың номиналды құны мың теңгемен көрсетіледі.
8-бағанда есепті күнге есептелген сыйақыны қамтитын қаржы құралдарының ағымдағы жиынтық құны олардың құнсыздануын ескере отырып, мың теңгемен көрсетіледі.