Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төмен мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларын, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы өз кап

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 43 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 16 маусымда № 32830 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 15-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мына:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төмен мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидалары;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы өз капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.

      2. Мына:

      1) "Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларын, сондай-ақ Инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы меншікті капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 15 ақпандағы № 30 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22216 тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 2 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31848 тіркелген) 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2023 жылғы 7 маусымдағы
№ 43 Қаулыға
1-қосымша

Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төмен мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төмен мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 15-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленген және инвестициялық портфельді басқарушы (бұдан әрі – Басқарушы) алған зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төмен мәні арасындағы теріс айырманы есептеу тәртібін бекітеді.

      2. Қағидалардың мақсаттары үшін "таза" зейнетақы активтері деп зейнетақы активтеріне жататын міндеттемелерді (зейнетақы төлемдері, аударымдар бойынша міндеттемелерді және ұқсас міндеттемелерді) шегергенде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері түсініледі.

2-тарау. Басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төмен мәні арасындағы теріс айырманы есептеу тәртібі

      3. Басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы Басқарушы мынадай формула бойынша ай сайын есептейді:

      S = (Сmin - Сt) * Yei, мұндағы: Сmin > Сt, мұндағы:

      S – Басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы өтеу бойынша Басқарушы міндеттемелерінің сомасы;

      Cmin – зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі коэффициентінің ең аз мәнін орындау үшін зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есепті күнге қажетті құны;

      Ct – Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есепті күнге құны;

      Yei – Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің есепті күнге жалпы саны.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.10.2025 № 67 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Cmin мәні мына формула бойынша есептеледі:

      Сmin (12, 36, 60) = (Кi * (95%, 90%, 85%) + 100)/100 * Со, мұндағы:

      Кi (12, 36, 60) – есепті күнге қалыптасқан, тиісінше:

      1) зейнеткерлікке шығу мерзіміне қарамастан, 12 (он екі) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен салымшылардың зейнетақы активтері есебінен;

      2) зейнеткерлікке шығу мерзімі үш жылдан асатын, 36 (отыз алты) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен салымшылардың зейнетақы активтері есебінен;

      3) зейнеткерлікке шығу мерзімі он үш жылдан асатын, 60 (алпыс) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен салымшылардың зейнетақы активтері есебінен инвестициялық портфель үшін композиттік индекстің номиналдық кірістілігі коэффициентінің мәні;

      Со – Әлеуметтік кодекстің 37-бабы 4-тармағының және 40-бабының 1-тармағы 9)-тармақшасының талаптары ескеріле отырып, есепті күннің алдындағы он екі ай (зейнетақы активтерін он екі ай және одан көп, бірақ отыз алты айдан аз басқарған жағдайда), отыз алты ай (зейнетақы активтерін отыз алты ай және одан көп, бірақ алпыс айдан аз басқарған жағдайда), алпыс ай (зейнетақы активтерін алпыс ай және одан көп басқарған жағдайда) бұрын Басқарушыда болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің Қағидалардың 6-тармағына сәйкес есептелген құны.

      Композиттік индекстің номиналдық кірістілігінің коэффициенті Қағидалардың 11-тармағына сәйкес есептеледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.10.2025 № 67 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Басқарушының сенімгерлік басқаруындағы, зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі әр айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша мынадай формула бойынша есептелетін К2 номиналдық кірістілік коэффициентімен сипатталады:

      Ct

      К2 (12, 36, 60) = (---------- -1) х 100, мұндағы:

      Co

      Сt – есепті күнтізбелік айдағы кезеңнің соңына Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған инвестициялық портфельдің зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны;

      Со – Әлеуметтік кодекстің 37-бабы 4-тармағының және 40-бабының 1-тармағы 9) тармақшасының талаптары ескеріле отырып, он екі, отыз алты, алпыс ай бұрын Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің Қағидалардың 6-тармағына сәйкес есептелген құны.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.10.2025 № 67 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны осы Басқарушыда сенімгерлік басқаруда болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігі құнының айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша Қағидалардың 7-тармағына сәйкес есептелген мәні ретінде есептеледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.10.2025 № 67 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құнын Басқарушы апта сайын аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша мынадай формула бойынша есептейді:

      ЗАi

      Қi = --------------, мұндағы:

      ШБi

      Қi – зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігі құнының айдың әр аптасының бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша құны;

      ЗАi – күн сайынғы ағымдағы құны Қағидалардың 8-тармағына сәйкес есептелетін "таза" зейнетақы активтерінің есептеу күнгі ағымдағы құны;

      ШБi – күн сайынғы саны Қағидалардың 9-тармағына сәйкес есептелетін зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің есептеу күнгі жалпы саны.

      8. "Таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құны мынадай формула бойынша күн сайын есептеледі:

      ЗАі = ЗА (і-1) + Ti - Еi + ИКі + S, мұндағы:

      ЗА (i-1) – "таза" зейнетақы активтерінің алдыңғы күнтізбелік күннің соңындағы жағдай бойынша ағымдағы құны;

      Ti – басқа Басқарушыдан және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен сенімгерлік басқаруға алынған зейнетақы активтерінің осы күнтізбелік күндегі аударымдары;

      Еi – басқа Басқарушыға және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға осы күнтізбелік күндегі аударымдар;

      ИКі – айдың әрбір аптасының бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша бөлінбеген пайданың (өтелмеген залалдың) жинақталған сомасы, ол есептелген инвестициялық кіріс сомасынан, есептелген комиссиялық сыйақы сомасынан тұрады және аптаның бірінші жұмыс күнінің соңындағы және айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша "таза" зейнетақы активтерінің ағымдағы құнын есептеу үшін қабылданады;

      S – Басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төмен мәні арасындағы теріс айырманы өтеу сомасы.

      9. Әрбір күнтізбелік күннің соңындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің жалпы саны мынадай формула бойынша есептеледі:

      Ti - Еi

      ШБi = ШБ (i -1) + -----------------, мұндағы:

      Қ(i-1)

      ШБ(i-1) – алдыңғы күнтізбелік күннің соңындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің жалпы саны;

      Қ(i-1) – алдыңғы есептеу күнгі жағдай бойынша зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны.

      10. Зейнетақы активтері Басқарушыға сенімгерлік басқаруға алғаш түскен кезде Қ(і-1) берілетін зейнетақы активтерінің шартты бірлігінің соңғы есептік құнына тең.

      11. Композиттік индекстің номиналдық кірістілігінің коэффициенті композиттік индекстің теңгемен кірістілігі ретінде апта сайын есептеледі.

      Кi (12) инвестициялық портфельдің композиттік индексінің құрамы мынадай: KASE индексінің 10 (он) пайызы, KZGB_DPs индексінің 60 (алпыс) пайызы, MSCI ACWI Index индексінің (MXWD Index) (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Олл Кантри Ворлд Индексі) 10 (он) пайызы, Bloomberg Global-Aggregate Total Return Index Value Hedged USD (LEGATRUH Index) индексінің (Блумберг Глобал-Агригейт Тотал Ретен Индекс Валю Хэджед ЮСД) 20 (жиырма) пайызы.

      Кi (36) инвестициялық портфельдің композиттік индексінің құрамы мынадай: KASE индексінің 20 (жиырма) пайызы, KZGB_DPm индексінің 20 (жиырма) пайызы, MSCI ACWI Index индексінің (MXWD Index) (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Олл Кантри Ворлд Индексі) 40 (қырық) пайызы, Bloomberg Global-Aggregate Return Index Value Hedged USD (LEGATRUH Index) индексінің (Блумберг Глобал-Агригейт Тотал Ретен Индекс Валю Хэджед ЮСД) 20 (жиырма) пайызы.

      Кi (60) инвестициялық портфельдің композиттік индексінің құрамы мынадай: KASE индексінің 20 (жиырма) пайызы, KZGB_DPl индексінің 10 (он) пайызы, MSCI ACWI индексінің (MXWD Index) (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Олл Кантри Ворлд Индексі) 60 (алпыс) пайызы, Bloomberg Global-Aggregate Total Return Index Value Hedged USD (LEGATRUH Index) индексінің (Блумберг Глобал-Агригейт Тотал Ретен Индекс Валю Хэджед ЮСД) 10 (он) пайызы.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.10.2025 № 67 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні тиісті кезең үшін Қағидаларға 11-тармаққа сәйкес есептелген тиісті композиттік индекстің номиналдық кірістілігі коэффициентінің мәнінен:

      1) зейнеткерлікке шығу мерзіміне қарамастан, 12 (он екі) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен салымшылардың зейнетақы активтерінен тұратын инвестициялық портфель үшін - 95 (тоқсан бес) пайызды;

      2) зейнеткерлікке шығу мерзімі үш жылдан асатын, 36 (отыз алты) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен салымшылардың зейнетақы активтерінен тұратын инвестициялық портфель үшін - 90 (тоқсан) пайызды;

      3) зейнеткерлікке шығу мерзімі он үш жылдан асатын, 60 (алпыс) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен салымшылардың зейнетақы активтерінен тұратын инвестициялық портфель үшін – 85 (сексен бес) пайызды құрайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.10.2025 № 67 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Барлық Басқарушылар бойынша К2 номиналды кірістілік коэффициенттерінің, номиналды кірістіліктің соңғы өткен толық он екі, жиырма төрт және отыз алты айдағы және зейнетақы активтері кірістілігінің ең төмен мәнінің орташа алынған коэффициентінің мәндері ай сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында жарияланады.

  Инвестициялық портфельді
басқарушы алған зейнетақы
активтерінің номиналды
кірістілігі мен зейнетақы
активтері кірістілігінің
ең төмен мәні арасындағы теріс
айырманы есептеу
қағидаларына
қосымша

      Кесте

Сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігі құнының есебі

Есептеу күні

Басқа Басқарушыдан және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен сенімгерлік басқаруға алынған зейнетақы активтерінің есептеу кезеңіндегі аударымдары

Басқа Басқарушыға және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға есептеу кезеңіндегі аударымдар

"Таза" зейнетақы активтерінің есептеу күнгі ағымдағы құны

Шартты бірліктердің есептеу күнгі саны

1

2

3

4

5






      кестенің жалғасы:

Зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есептеу күнгі құны

Зейнетақы активтерінен есептеу кезеңіндегі комиссиялық сыйақы

Инвестициялық кірістен есептеу кезеңіндегі комиссиялық сыйақы

Зейнетақы активтері бойынша есептеу кезеңінде есептелген инвестициялық кіріс

6

7

8

9





  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2023 жылғы 7 маусымдағы
№ 43 Қаулыға
2-қосымша

Инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы өз капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы өз капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 15-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленген және инвестициялық портфельді басқарушының (бұдан әрі – Басқарушы) теріс айырманы өз капиталы есебінен өтеу тәртібі мен мерзімдерін бекітеді.

      2. Қағидалардың мақсаттары үшін "таза" зейнетақы активтері деп зейнетақы активтеріне жататын міндеттемелерді (зейнетақы төлемдері, аударымдар бойынша міндеттемелерді және ұқсас міндеттемелерді) шегергенде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері түсініледі.

2-тарау. Басқарушының теріс айырманы өз капиталы есебінен өтеу тәртібі мен мерзімдері

      3. Басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төмен мәні теріс ауытқыған кезде Басқарушыда болашақта теріс айырманы өтеуі жөнінде шартты міндеттемелер туындайды.

      4. Болашақта теріс айырманы өтеу жөніндегі шартты міндеттемелерді толық көлемде өтеуі үшін Басқарушы резервті ай сайын есептейді.

      5. Басқарушы ай сайын, барлық Басқарушылар бойынша К2 номиналдық кірістілік коэффициенттерінің мәндері және зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында жарияланған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасында теріс ауытқу болған кезде резерв (бұдан әрі – резерв) сомасын мына формула бойынша есептейді:

      Sr (12,36,60) = (Сm (12,36,60) - Сt) * Yei, мұндағы:

      Sr – резерв сомасы;

      Сm – номиналды кіріс коэффициентінің ең аз мәнін орындау үшін зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есепті күнге қажетті құны;

      Ct – Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есепті күнге құны;

      Yei – есепті күнге Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің жалпы саны.

      Сm мәні мына формула бойынша есептеледі:

      Сm (12, 36, 60) = (Кi * (12, 36, 60) * (95%, 90%, 85%) + 100)/100 * Со, мұндағы:

      Кi (12, 36, 60) – есепті күнге қалыптасқан, тиісінше:

      1) зейнеткерлікке шығу мерзіміне қарамастан, 12 (он екі) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен салымшылардың зейнетақы активтері есебінен;

      2) зейнеткерлікке шығу мерзімі үш жылдан асатын, 36 (отыз алты) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен салымшылардың зейнетақы активтері есебінен;

      3) зейнеткерлікке шығу мерзімі он үш жылдан асатын, 60 (алпыс) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен салымшылардың зейнетақы активтері есебінен инвестициялық портфель үшін композиттік индекстің номиналдық кірістілігі коэффициентінің мәні;

      Со – Басқарушының сенімгерлік басқаруында он екі, отыз алты, алпыс ай бұрын болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны.

      Композиттік индекстің номиналдық кірістілігінің коэффициенті Қағидалардың 10-тармағына сәйкес есептеледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.10.2025 № 67 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Резервті Басқарушы ай сайын әрбір есепті күнге есептейді және ағымдағы айда өткен ай үшін қалыптастырылады.

      Бұрын қалыптастырылған резерв есептеу жүргізілген күнгі резервтен асқан жағдайда, резервті өтеу сомасына азайтуға жол беріледі.

      7. Басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең төмен мәні арасындағы теріс айырма нақты өтелген жағдайда, Басқарушының резервті бірмезгілде есептен шығаруына жол беріледі.

      8. Басқарушы меншікті капиталы есебінен Басқарушы зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асырған толық күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қалыптасқан, мына формула бойынша есептелген теріс айырма сомасын (бұдан әрі – өтеу сомасы) өтейді:

      S(T) = (Сmin(T) - Сt) * Yei, мұнда: Сmin > Сt, мұндағы:

      S – математикалық әдіспен үтірден кейін 2 (екі) таңбаға дейін дөңгелектелген өтеу сомасы;

      Cmin – зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі коэффициентінің ең аз мәнін орындау үшін зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есепті күнге қажетті құны;

      Ct – Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің есепті күнге құны;

      Yei – толық күнтізбелік он екі, отыз алты және алпыс ай Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған зейнетақы активтерінің шартты бірліктерінің есепті күнге жалпы саны;

      T – мыналар үшін:

      1) зейнеткерлікке шығу мерзіміне қарамастан салымшылардың зейнетақы активтері есебінен портфель үшін - 12 (он екі) ай;

      2) зейнеткерлікке шығу мерзімі үш жылдан асатын салымшылардың зейнетақы активтері есебінен портфель үшін - 36 (отыз алты) ай;

      3) зейнеткерлікке шығу мерзімі он үш жылдан асатын салымшылардың зейнетақы активтері есебінен портфель үшін - 60 (алпыс) ай инвестициялық уақыт кезеңі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.10.2025 № 67 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Cmin мәні мына формула бойынша есептеледі:

      Сmin (T) = (Кi (12, 36, 60) * (95%, 90%, 85%) + 100)/100 * Со, мұндағы:

      Кi (12, 36, 60) – есепті күнге қалыптасқан, тиісінше:

      1) зейнеткерлікке шығу мерзіміне қарамастан, 12 (он екі) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен салымшылардың зейнетақы активтері есебінен;

      2) зейнеткерлікке шығу мерзімі үш жылдан асатын, 36 (отыз алты) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен салымшылардың зейнетақы активтері есебінен;

      3) зейнеткерлікке шығу мерзімі он үш жылдан асатын, 60 (алпыс) айдың қорытындысы бойынша есептелетін кірістіліктің ең аз мәнімен салымшылардың зейнетақы активтері есебінен инвестициялық портфель үшін композиттік индекстің номиналдық кірістілігі коэффициентінің мәні;

      Со – Әлеуметтік кодекстің 37-бабы 4-тармағының және 40-бабының 1-тармағы 9) тармақшасының талаптары ескеріле отырып, есепті күннің алдындағы он екі ай (зейнетақы активтерін он екі ай және одан көп, бірақ отыз алты айдан аз сенімгерлік басқарған жағдайда), отыз алты ай (зейнетақы активтерін отыз алты ай және одан көп, бірақ алпыс айдан аз сенімгерлік басқарған жағдайда), алпыс ай (зейнетақы активтерін алпыс және одан көп сенімгерлік басқарған жағдайда) бұрын Басқарушыда болған зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құны;

      T – мыналар үшін:

      1) зейнеткерлікке шығу мерзіміне қарамастан салымшылардың зейнетақы активтері есебінен портфель үшін - 12 (он екі) ай;

      2) зейнеткерлікке шығу мерзімі үш жылдан асатын салымшылардың зейнетақы активтері есебінен портфель үшін - 36 (отыз алты) ай;

      3) зейнеткерлікке шығу мерзімі он үш жылдан асатын салымшылардың зейнетақы активтері есебінен портфель үшін - 60 (алпыс) ай инвестициялық уақыт кезеңі.

      Композиттік индекстің номиналдық кірістілігінің коэффициенті Қағидалардың 10-тармағына сәйкес есептеледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.10.2025 № 67 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Композиттік индекстің номиналдық кірістілігінің коэффициенті композиттік индекстің теңгемен кірістілігі ретінде апта сайын есептеледі.

      Кi (12) инвестициялық портфельдің композиттік индексінің құрамы мынадай: KASE индексі 10 (он) пайыз, KZGB_DPs индексі 60 (алпыс) пайыз, MSCI ACWI Index (MXWD Index) индексі (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Олл Кантри Ворлд Индексі) 10 (он) пайыз, Bloomberg Global-Aggregate Total Return Index Value Hedged USD (LEGATRUH Index) индексі (Блумберг Глобал-Агригейт Тотал Ретен Индекс Валю Хэджед ЮСД) 20 (жиырма) пайыз.

      Кi (36) инвестициялық портфельдің композиттік индексінің құрамы мынадай: KASE индексі 20 (жиырма) пайыз, KZGB_DPm 20 (жиырма) пайыз, MSCI ACWI Index (MXWD Index) индексі (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Олл Кантри Ворлд Индексі) 40 (қырық) пайыз, Bloomberg Global-Aggregate Total Return Index Value Hedged USD (LEGATRUH Index) индексі (Блумберг Глобал-Агригейт Тотал Ретен Индекс Валю Хэджед ЮСД) 20 (жиырма) пайыз.

      Кi (60) инвестициялық портфельдің композиттік индексінің құрамы мынадай: KASE индексі 20 (жиырма) пайыз, KZGB_DPl индексі 20 (жиырма) пайыз, MSCI ACWI Index (MXWD Index) индексі (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Олл Кантри Ворлд Индексі) 60 (алпыс) пайыз, Bloomberg Global-Aggregate Total Return Index Value Hedged USD (LEGATRUH Index) индексі (Блумберг Глобал-Агригейт Тотал Ретен Индекс Валю Хэджед ЮСД)10 (он) пайыз.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.10.2025 № 67 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Басқарушы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес есептелген теріс айырманы өтеу сомасын Басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін сақтауды және есепке алуды жүзеге асыратын кастодиан-банктегі (бұдан әрі - кастодиан-банк) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – Қор) шотына Басқарушының, кастодиан-банктің және Қордың уәкілетті өкілдері қол қойған салыстырып-тексеру актісі негізінде күнтізбелік он күн ішінде, бірақ есепті жылдан кейінгі жылғы 10 ақпаннан кешіктірмей есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша толық күнтізбелік он екі, отыз алты және алпыс ай Басқарушының сенімгерлік басқаруында болған, міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың зейнетақы жеке шоттарына кейіннен есепке жазу үшін толық көлемде есепке жазады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.10.2025 № 67 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Басқарушы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген өтеу сомасы есептелген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға осы соманың Қордың кастодиан банктегі шотына есептелгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін жібереді.