"Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында м

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 3 наурыздағы № 24 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 4 наурызда № 38092 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21818 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 27-бабының 6-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 27-бабының 6-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі –Заң) 10-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы сертификатты алу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау тәртібін, сондай – ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын айқындайды.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден:

      1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы;

      2) орта (техникалық және кәсіптік) білімінің болуы;

      3) білімі туралы құжаттарды алғаннан кейін атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), тегін өзгерткен көрсетілетін қызметті алушылар үшін атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), тегін ауыстыру немесе неке (ерлі-зайыптылық) туралы немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу;

      4) мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша қолданыстағы сертификаттың болуы;

      5) Білім мен дағдыларды бағалау қағидаларына сәйкес алынған кәсіптік даярлығын бағалау нәтижелері;

      6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес көрсетілген қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттары (жұмыскерлердің бейіндері және еңбек шарттарын есепке алу туралы);

      7) мамандандыру бойынша қосымшасы бар (транскрипт) сертификаттау курсы туралы куәлігі;

      8) мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша қызметке тыйым салудың болуы немесе болмауы салынбау туралы мәліметтерді алады.";

      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Осы Қағидалардың 56-тармағында көзделген негіздер бойынша сертификатты қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 10-қосымшада көзделген нысан бойынша өтінішті және № 3 тізбенің 8-тармағына сәйкес құжаттарды портал арқылы жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 48-52 тармақтарында көзделген ұқсас рәсімдерді жүзеге асырады.";

      көрсетілген Қағидаларға 8, 9, 11 және 12-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының екінші, үшінші, бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және цифрлық даму

      министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2026 жылғы 3 наурыздағы
№ 24 Бұйрыққа 1-қосымша
  Денсаулық сақтау саласындағы
  маманды сертификаттауды
жүргізу, шетелдік мамандарды
қоса алғанда, денсаулық сақтау
саласындағы маман
сертификатының қолданысын
растау қағидалары, сондай-ақ
Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерде медициналық білім
алған адамды денсаулық сақтау
саласындағы маманды
  сертификаттауға жіберу
шарттарына 8-қосымша

"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы:
"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы:
- халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын растау;
- халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын қайта ресімдеу

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Републикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері

"электрондық үкімет" (www.​egov.​kz, www.​eli​cens​e.​kz) веб-порталы арқылы (бұдан әрі - Портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні

4

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Маман сертификаты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақының мөлшері және Қазақстан Републикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша тегін негізде көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда) тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Маман сертификатын алу үшін (мәлімделген мамандыққа немесе мамандандыруға) медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушы:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21818 болып тіркелген) (бұдан әрі - Сертификаттау қағидалары) 11-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша өтінішті;
2) Сертификаттау қағидаларының 12-қосымшасына сәйкес электрондық мәліметтер нысанын;
3) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы дипломның электрондық көшірмесін;
4) Қазақстан Республикасы шекарасынан тыс медициналық білім алған кезде "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 және "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33219 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 230 бұйрықтарына (бұдан әрі – Тану қағидалары) сәйкес берілген басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған көрсетілетін қызметті алушының білім туралы құжаттарын тану және (немесе) нострификациялау туралы құжаттың электрондық көшірмесін;
5) "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қосымша білім беру қағидалары) сәйкес алынған (мәлімделген мамандандыру үшін) кемінде 10 кредит (300 академиялық сағат) қосымшасымен (транскрипт) сертификаттық курс туралы куәліктің электрондық көшірмесін;
6) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады, ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда (түлектерден басқа) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген құжаттардың біреуін;
7) "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген болып № 21763) (бұдан әрі – Білім мен дағдыларды бағалау қағидалары) сәйкес біліктілік деңгейін көрсете отырып, бағалау жөніндегі ұйым берген кәсіптік даярлықты бағалау нәтижесін (бар болған кезде) ұсынады.
Мамандығы (медициналық білімі бар) немесе мамандандыру (медициналық емес білімі бар) бойынша жұмыс еңбек өтілі 3 жылдан астам үзіліс кезінде маман сертификатын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, Сертификаттау қағидаларының 11-қосымшаcына сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша өтінішті;
2) Сертификаттау қағидаларының 12-қосымшасына сәйкес электрондық мәліметтер нысанын;
3) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы дипломның электрондық көшірмесін;
4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған кезде Тану қағидаларына сәйкес берілген басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған көрсетілетін қызметті алушының білім туралы құжаттарын тану және (немесе) нострификациялау туралы құжаттың электрондық көшірмесін;
5) Қосымша білім беру қағидаларына сәйкес алынған мәлімдеген мамандық немесе мамандандыру бойынша жалпы көлемі кемінде 6 кредит (180 академиялық сағат) біліктілікті арттыру туралы куәліктің электрондық көшірмесін;
6) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады, ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген құжаттардың біреуін;
7) Білім мен дағдыларды бағалау қағидаларына сәйкес медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушылар үшін, біліктілік деңгейін көрсете отырып, бағалау жөніндегі ұйым берген кәсіптік даярлықты бағалау нәтижесін (бар болған кезде) ұсынады.
Маман сертификатын алу үшін медициналық емес білімі бар көрсетілетін қызметті алушы:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, Сертификаттау қағидаларына 11-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша өтінішті;
2) Сертификаттау қағидаларына 12-қосымшасына сәйкес электрондық мәліметтер нысанын;
3) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы дипломның электрондық көшірмесін;
4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде білім алған кезде Тану қағидаларына сәйкес берілген басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған көрсетілетін қызметті алушының білім туралы құжаттарын тану және (немесе) нострификациялау туралы құжаттың электрондық көшірмесін;
5) Қосымша білім беру қағидаларына сәйкес берілген мәлімдеген мамандандыру бойынша кемінде 10 кредит (300 академиялық сағат) қосымшасымен (транскрипт) сертификаттау курсы туралы куәліктің электрондық көшірмесін;
6) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады, ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген құжаттардың біреуін;
7) Білім мен дағдыларды бағалау қағидаларына сәйкес, біліктілік деңгейі көрсетілмей, бағалау жөніндегі ұйым берген кәсіптік даярлықты бағалау нәтижесін (бар болған кезде);
8) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған кезде Тану қағидаларына сәйкес берілген басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған көрсетілетін қызметті алушының білім туралы құжаттарын тану және (немесе) нострификациялау туралы құжаттың электрондық көшірмесін ұсынады.
Маман сертификатын және 3 жылдан кем қолданылу мерзімі өткен маман сертификатын растау үшін көрсетілетін қызметті алушы:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, Сертификаттау қағидаларының 11-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша өтінішті;
2) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады, ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген құжаттардың біреуін;
3) мәлімдеген берілген мамандық немесе мамандандыру бойынша еңбек қызметі үзіліссіз қолданыстағы маман сертификаты бар көрсетілетін қызметті алушылар үшін жалпы көлемі кемінде 4 кредит (120 академиялық сағат) болатын Қосымша білім беру қағидаларына сәйкес алынған біліктілікті арттыру туралы куәліктің (соңғы 5 жыл ішінде) электрондық көшірмесін;
4) Білім мен дағдыларды бағалау қағидаларына сәйкес медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушылар үшін біліктілік деңгейін көрсете отырып, бағалау жөніндегі ұйым берген кәсіптік даярлықты бағалау нәтижесін (бар болған кезде) ұсынады.
Маман сертификатын қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушы:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, Сертификаттау қағидаларының 10-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша өтінішті;
2) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда сертификатты қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Санат беру туралы мерзімсіз куәліктері бар көрсетілетін қызметті алушыны біліктілік деңгейі тиісті мамандық бойынша маман сертификатына қайта ресімдеген кезде бағалау нәтижесін ұсынбайды.
Мамандық немесе мамандандыру бойынша маман сертификатын алған кезде медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушыға Үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін растау қағидаларына сәйкес дәйектілікті сақтай отырып, біліктіліктің кезекті деңгейі беріледі.
Біліктілік деңгейлерін беру және растау "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша білімі бар жеке тұлғаларға жүргізіледі.
Шет тілінде берілген құжатқа қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы нотариалды расталған электрондық көшірмесі қосымша ұсынылады

9

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылған соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қол жеткізуге келісімнің болмауы

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

1) Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары gov.​egov.​kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
2) Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі болады.
3) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі болады.
4) Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар үстелшелер болуы.
5) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары gov.​egov.​kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777

  Қазақстан Республикасының
  Денсаулық сақтау министрі
  2026 жылғы 3 наурыздағы
  № 24 Бұйрыққа 2-қосымша
  Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарына
  9-қосымша

      Нысан

Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      ____________________________________________________________________

      (номенклатура бойынша мамандық немесе мамандандыру)

      _____________________________________________________________________

      мамандығы немесе мамандандыру бойынша халықтың санитариялық-

      эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін шын

      мәнінде осы маман сертификатын алды.

      Біліктілік деңгейі_______________.

      Берілген күні 20 ____ жылғы "____" ___________.

      Сертификаттың расталған күні 20 ____ жылғы "____" ___________.

      Сертификатты растау/қайта рәсімдеу кезінде ӘҚНК № _______ көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
  Денсаулық сақтау министрі
  2026 жылғы 3 наурыздағы
  № 24 Бұйрыққа 3-қосымша
  Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарына
  11-қосымша

      Нысан

      ___________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      _____________________басшысы

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар

      болған жағдайда), ЖСН)

      Тұрғылықты жері __________

Өтініш

      Сізден, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы

      кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін

      ____________________________________________________________________

      (мамандық немесе мамандандырудың атауы)

      ____________________________________________________________________

      маман сертификатын беруді/растауды (қажетінің астын сызу) сұраймын (расталған

      кезде сертификаттың ӘҚНК нөмірі көрсетіледі).

      Біліктілік деңгейі*_______________

      Мен дұрыс мәліметтер мен құжаттарды ұсынамын.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге

      келісім беремін.

      Қолы күні, айы, жылы.

      *Ескертпе: Біліктілік деңгейі "Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 21843 болып тіркелген) сәйкес беріледі.

  Қазақстан Республикасының
  Денсаулық сақтау
  Министрі
2026 жылғы 3 наурыздағы
№ 24 Бұйрыққа 4-қосымша
  Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарына
  12-қосымша

Мәліметтер нысаны

      1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы

      мамандар үшін мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау және біліктілігінің

      сәйкестігін растау нәтижесі

      1.1. Мәлімдеген мамандықтың атауы_____________________________

      1.2. Мәлімдеген мамандандырудың атауы_________________________

      1.3. Бағалау қорытындысын берген орган____________________________

      1.4. Бағалау қорытындысын алған жылы, айы, күні____________________

      1.5. Біліктілік деңгейі*_______________

      2. Білім_______________________________________________________

      2.1. Білімі (орта білім, орта білімнен кейінгі білім, техникалық және кәсіби білім,

      жоғары білім)

      2.2. Диплом нөмірі_______________________________________________

      2.3. Диплом сериясы____________________________________________

      2.4. Білім беру ұйымының толық атауы____________________________

      2.5. Оқитын елі__________________________________________________

      2.6. Түскен жылы______________________________________________

      2.7. Бітірген жылы_____________________________________________

      2.8. Диплом бойынша мамандығы__________________________________

      2.9. Диплом бойынша біліктілігі____________________________________

      2.10. Нострификация және дипломды тану (Қазақстан Республикасынан тыс жерде

      білім алған тұлғалар үшін)

      Оқитын елі___________________________________________________

      Білім беру ұйымының толық атауы_________________________________

      Нострификация туралы куәлік берген орган________________________

      Нострификация бұйрығының нөмірі______________________________

      Нострификацияның тіркеу нөмірі___________________________________

      Нострификация куәлігінің берілген күні_____________________________

      3. Мәлімдеген мамандық бойынша жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім (магистратура)

      (бар болғанда) туралы мәліметтер (жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін)

      3.1. Магистратура мамандығы______________________________________

      3.2. Түскен жылы________________________________________________

      3.3. Бітірген жылы________________________________________________

      3.4. Оқу ұзақтығы________________________________________________

      3.5. Оқудың сағат бойынша көлемі__________________________________

      3.6. Ұйымның толық атауы________________________________________

      3.7. Магистратура өткен орны______________________________________

      4. Мәлімдеген мамандандыру бойынша сертификаттау курсы жөніндегі куәлік туралы

      мәліметтер

      4.1. Сертификаттау курсы туралы куәліктің нөмірі_____________________

      4.2. Сертификаттау курсы бойынша мамандандыру___________________

      4.3. Оқытатын ұйымның атауы_____________________________________

      4.4. Оқу көлемі сағатпен___________________________________________

      4.5. Оқудың басталуы____________________________________________

      4.6. Оқудың аяқталуы____________________________________________

      5. Қазіргі жұмыс орны туралы мәліметтер____________________________

      5.1. Мәлімдеген мамандық бойынша жұмыс өтілі (жыл, ай, күн)_________________

      5.2. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны__________________________________

      5.3. Атқаратын лауазымы_________________________________________

      5.4. Өтініш берілген мамандық бойынша еңбек қызметі

Қабылданған күні

Жұмыстан босатылған күні

Жұмыс орны

Атқаратын лауазымы

Бұйрықтың №

Бұйрықтың шығарылған күні







      6. Мәлімдеген мамандық немесе мамандандыру бойынша соңғы 5 жылда біліктілігін арттыру:

      1) өтініш берілген мамандық немесе мамандандыру бойынша біліктілікті арттыру куәлігі туралы мәліметтер______________________________________

      2) біліктілікті арттыру туралы куәліктің нөмірі ______________________

      3) цикл атауы ___________________________________________________

      4) оқытатын ұйымның атауы _______________________________________

      5) оқудың басталуы ______________________________________________

      6) оқудың аяқталуы ______________________________________________

      7) оқыту көлемі сағатпен__________________________________________

      *Ескертпе: Біліктілік деңгейі "Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 21843 болып тіркелген) сәйкес беріледі.