Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 желтоқсанда № 21763 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 223-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2023 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Бекітілсін:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидалары бекітілсін.

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Кәсіптік даярлықты бағалау және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 404 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11449 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларын бағалау қағидаларын, білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № ҚР ДСМ-46 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18577 болып тіркелген, 2019 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрі

      "___"____________2020 жыл

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 11 желтоқсаны
№ ҚР ДСМ-249/2020 Бұйрығына
1-қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 223-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау тәртібін айқындайды (бұдан әрі – білім алушылар).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау оқыту нәтижелеріне сәйкес жүргізіледі.

      3. Қағидалар меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – білім және ғылым ұйымдары) қолданылады.

      4. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) апелляциялық комиссия – білім алушылардың апелляциялық өтініштерін қарау үшін білім беру ұйымы құратын комиссия;

      2) бағалау жөніндегі ұйым – білім алушылардың, түлектердің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын бағалау рәсімін жүзеге асыратын уәкілетті орган аккредиттеген ұйым;

      3) бағалаудың ақпараттық жүйесі (БАЖ) – пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолдау арқылы білім алушылардың, түлектер мен мамандардың білімі мен дағдыларын, денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік даярлығын бағалауды техникалық сүйемелдеуге және жүргізуге арналған автоматтандырылған ақпараттық платформа;

      4) білім алушы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және үздіксіз интеграцияланған медициналық және (немесе) фармацевтикалық білімнің білім беру бағдарламасын меңгеретін тұлға;

      5) емтихан алушы – денсаулық сақтау саласындағы мамандардың тәжірибелік дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын даярланған маман

      6) медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау (бұдан әрі – Бағалау) - білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру сапасын және білімді, іскерлікті және дағдыларды қалыптастыруын бағалау;

      7) оқу-әдістемелік бірлестіктер - әртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге арналған салалық (мамандықтар, пәндер топтары) белгі бойынша білім беру процесі субъектілерінің бірлестіктері;

      8) симуляциялық технологиялар - дағдыларды пысықтау және тапсыру үшін жасанды ортадағы клиникалық жағдайлардың статикалық және динамикалық процестерін имитациялауға және жаңғыртуға мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар (манекендер, муляждар, симуляторлар, стандартталған пациенттер, виртуалды шындықтар, компьютерлік бағдарламалар);

      9) тест спецификациясы - пән бөлімдерінің мазмұны мен емтихан материалдарының саны бойынша тесттің мақсатын, міндеттерін, құрылымын айқындайтын білімді бағалаудың егжей-тегжейлі жоспары.

      5. Білім алушыларды бағалау денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының және (немесе) келісім бойынша Бағалау жөніндегі ұйымның базасында білім беру бағдарламаларын меңгеру сапасын, білім мен дағдылардың қалыптасуын өлшеу мақсатында жүргізіледі.

2-тарау. Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім берудің білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Базалық пәндер циклін игеру аяқталғаннан кейін үздіксіз медициналық білім берудің білім беру бағдарламаларының білім алушылары бағалауға жатады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Бағалау жүргізу мерзімдерін денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары оқу процесінің кестесін ескере отырып айқындайды.

      8. Білім алушыларды бағалау екі кезеңнен тұрады:

      1) білімді бағалау;

      2) дағдыларды бағалау.

      9. Бағалау білім алушының таңдауы бойынша тілде (қазақ, орыс немесе ағылшын) жүргізіледі.

      10. Білім алушыларды бағалауды бағалау жөніндегі ұйым жүргізеді.

      Білім мен дағдыларды бағалау жөніндегі ұйымың немесе келісім бойынша денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының базасында жүргізіледі.

      Емтихан материалдарын әзірлеу, сараптау және жаңарту тәртібін бағалау жөніндегі ұйым жүзеге асырады. Тест спецификациялары мен дағдыларды бағалау тізбесі денсаулық сақтау кадрларын даярлау бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктермен келісіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Білім алушылардың білімін бағалау тест сұрақтарының көмегімен автоматтандырылған компьютерлік тестілеумен жүргізіледі.

      Білім бағасының шекті балын оқу-әдістемелік бірлестіктермен келісім бойынша Бағалау жөніндегі ұйым белгілейді.

      Апелляцияны есепке алмағанда білімді бағалау нәтижелерінің хаттамасы білімді бағалау жүргізілген күні Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына ұсынылады.

      Білімді бағалауға келмеген білім алушылар нәтижелер хаттамасында көрсетілмейді.

      Келмеу себебіне қарамастан, білімді бағалаудан өту үшін келмеген білім алушылар ұйымның базасында бағалау бойынша жаңадан белгіленген мерзімде білімін бағалаудан өтуге міндетті.

      Белгіленген шекті балдан төмен білімнің қанағаттанарлықсыз бағасын алған кезде білім алушылар дағдыларды бағалаудың екінші кезеңіне жіберілмейді.

      12. Дағдыларды бағалауды емтихан алушылар симуляциялық технологияларды пайдалана отырып білім алушының тілінде таңдау, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының базасында жүзеге асырады.

      Білім беру ұйымдары дағдыларды бағалаудан өту кезінде бағалаудың екінші кезеңінен өтудің аудио - және бейне - жазбасын қамтамасыз етеді. Записи архивируются и хранятся не менее 30 календарных дней со дня прохождения оценки.

      Дағдыларды бағалау БАЖ-дегі бағалау парағы бойынша жүзеге асырылады. Шекті балды бағалау жөніндегі ұйым оқу-әдістемелік бірлестіктердің келісімі бойынша белгілейді.

      Дағдыларды бағалау нәтижелері дағдыларды бағалау өткізілген күні беріледі. Апелляцияны ескере отырып, дағдыларды бағалаудың түпкілікті нәтижелері апелляциялық комиссияның жұмысы аяқталғаннан кейін апелляцияға өтініш берілген күннен бастап 2 күннен кешіктірілмей ұсынылады.

      13. Білім алушыларды бағалау нәтижесі екі кезеңнің балдарынан жинақталады және орташа арифметикалық саны ретінде шығарылады.

      14. Білім алушыларды бағалау нәтижелері денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына әрбір білім алушыға беріледі.

      15. Білім алушылар білім мен дағды деңгейін өз бетінше анықтау мақсатында ерікті негізде бағалау бойынша ұйымда өзін-өзі бағалаудан өтеді.

      16. Себепке қарамастан, белгілі бір мерзімде келмеген жағдайда білім алушы басқа белгіленген мерзімде бағалаудан өтеді.

      17. Қайта бағалауды жүргізудің мерзімдері мен шарттарын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарымен келісу кезінде бағалау жөніндегі ұйым айқындайды.

      18. Циклдерді немесе пәндерді меңгеру нәтижелері бойынша және (немесе) курстан курсқа ауыстыру кезінде бағалауды денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары дербес айқындайды және жүзеге асырады.

      19. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда білім алушыларды бағалауды ұйымдастыру және жүргізу онлайн режимінде қашықтықтан оқытуды қолдана отырып көзделеді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.05.2021 № ҚР ДСМ-46 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. Апелляциялық өтініштерді беру және қарау тәртібі

      20. Даулы мәселелерді шешу және білім алушылардың құқықтарын қорғау үшін бағалау жүргізу кезеңінде денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады.

      Апелляциялық комиссия құрамы ғылыми-педагогикалық қызметкерлерден, практикалық денсаулық сақтау қызметкерлерінен, Бағалау жөніндегі ұйымның, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен кемінде бес мүшеден тұрады.

      Бағалаудың бір немесе екі кезеңінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, білім алушы апелляцияланатын бағалау кезеңі өткізілгеннен кейін келесі жұмыс күні сағат 13.00-ге дейін апелляция береді.

      Апелляциялық комиссияның хатшысы апелляциялық өтініштерді және бағалаудың аудио және бейне жазбаларын, бағалау парағын (парақтарын) қамтитын өтініш берушінің бағалау материалдарын қабылдайды және тіркейді.

      21. Апелляциялық комиссия бағалаудың бірінші және (немесе) екінші кезеңдері аяқталғаннан кейін келесі күні апелляцияларды қарауға кіріседі.

      22. Апелляциялық комиссия қараған білім алушыларды бағалау нәтижелерінің қорытынды хаттамасы апелляциялық комиссия отырысынан кейін келесі күні ұсынылады.

      23. Апелляцияны ескере отырып, бағалаудың қорытынды нәтижелері білім алушының ИСО-дағы жеке кабинетінде көрсетіледі және денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына бағалау нәтижелерінің жиынтық хаттамасы түрінде апелляциялық комиссия отырысынан кейін 48 сағат ішінде ұсынылады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 11 желтоқсаны
№ ҚР ДСМ-249/2020 Бұйрығына
2-қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 223-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің (бұдан әрі – түлектер) кәсіптік даярлығын бағалау жүргізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Түлектердің кәсіптік даярлығын бағалау тиісті білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес жүргізіледі.

      3. Қағидалар меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына және ғылыми ұйымдарға (бұдан әрі - денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары) қолданылады.

      4. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) білімді бағалау нәтижелерінің хаттамасы – денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша білімін бағалаудың жиынтық нәтижесі;

      2) бағалау жөніндегі ұйым – білім алушылардың, түлектердің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын бағалау рәсімін жүзеге асыратын уәкілетті орган аккредиттеген ұйым;

      3) бағалаудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - БАЖ) - пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолдау арқылы білім алушылардың білімі мен дағдыларын, түлектер мен мамандардың денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік даярлығын бағалауды техникалық сүйемелдеуге және жүргізуге арналған автоматтандырылған ақпараттық платформа;

      4) Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау (бұдан әрі - Бағалау) - Медициналық білім беру бағдарламасы түлегінің біліктілігінің денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарт талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін білім мен дағдыларды бағалау рәсімі;

      5) Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, Медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган);

      6) жауапты тұлға - денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығына бағалау жүргізу кезеңіне білім беру ұфымының бірінші басшысының бұйрығымен тағайындалған білім беру ұйымының қызметкері;

      7) емтихан алушы – денсаулық сақтау саласындағы мамандардың тәжірибелік дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын даярланған маман;

      8) клиникалық станция-әр түрлі симуляциялық жабдықтарды (манекендер, фантомдар, муляждар, атоматтандырылған виртуалды модельдер, интерактивті оқыту компьютерлік бағдарламалары, аудио-бейне материалдар) қолдана отырып және (немесе) стандартталған пациенттердің қатысуымен клиникалық білімдер мен дағдыларды бағалауға арналған және жабдықталған (бөлме немесе секция);

      9) қорытынды аттестаттау - бітірушілердің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

      10) Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – МАК) – денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламаларын бітірушілерді қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу үшін денсаулық сақтау саласындағы білім беру және (немесе) ғылым ұйымы құратын комиссия;

      11) оқу-әдістемелік бірлестік - әртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу үшін салалық (мамандықтар, пәндер топтары) белгі бойынша білім беру процесі субъектілерінің бірлестіктері;

      12) Республикалық апелляциялық комиссия - Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің апелляциялық өтініштерін қарау үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия;

      13) симуляциялық жабдық- нақты жағдайларға барынша жақындатылған стандартталған жағдайларда модельдеуге мүмкіндік беретін құрылғылар, инструменттер, аппаратура;

      14) стандартталған пациент – науқасты шынайы бейнелеуге оқытылған (оның шағымдарын, психоэмоционалдық жағдайын келтіретін, қандай да бір клиникалық жағдайды жоғарғы дәрежеде сахналауға қабілеті бар), дағдыларды бағалау үшін тартылатын жеке тұлға;

      15) тест спецификациясы - пән бөлімдерінің мазмұны мен емтихан материалдарының саны бойынша тесттің мақсатын, міндеттерін, құрылымын айқындайтын білімді бағалаудың егжей-тегжейлі жоспары;

      16) түлек – медициналық және (немесе) фармацевтикалық білімнің білім беру бағдарламасын, денсаулық сақтау саласындағы өзге де білім беру бағдарламасын меңгерген тұлға.

      5. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалауға орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық, фармацевтикалық білімі бар және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы түлектер жатады.

      6. Кәсіптік даярлықты бағалау мыналарға негізделеді:

      1) тиісті мамандықтың білім беру бағдарламалары түлектерінің құзыреттеріне қойылатын талаптар;

      2) салалық біліктілік шеңбері және кәсіби стандарт.

      7. Түлектерді бағалау денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының қаражаты есебінен ақылы негізде жүргізіледі. Қайта тапсырған және (немесе) дәлелді себептермен келмеген жағдайларда төлем жүргізілмейді. Қайта тапсырған және (немесе) дәлелсіз себептермен келмеген жағдайларда ақы төлеу түлектердің жеке қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүргізіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығына бағалау жүргізу тәртібі

      8. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіби даярлығын бағалау екі кезеңнен тұрады:

      1) білімді бағалау;

      2) дағдыларды бағалау.

      Кәсіптік даярлықты бағалау түлектің таңдаған тілінде (қазақ, орыс немесе ағылшын) жүргізіледі.

      9. Түлектерді бағалауды бағалау жөніндегі ұйым жүргізеді.

      Білім мен дағдыларды бағалау жөніндегі ұйымың немесе келісім бойынша денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының базасында жүргізіледі.

      Емтихан материалын әзірлеуді, сараптауды және жаңартуды бағалау жөніндегі ұйым жүзеге асырады. Тесттерді сертификаттау және дағдыларды бағалау тізбесі денсаулық сақтау кадрларын даярлау бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктермен келісіледі.

      Емтихан материалдарының базасын жаңарту түлектерді бағалау жүргізілгенге дейін бір ай бұрын жүргізіледі.

      Емтихан материалын әзірлеуге білім берудің барлық деңгейлерінің сарапшылары тартылады.

      Қорытынды мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша бағалау ұйымы түлектердің білім сапасына талдау жасайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Түлекерді бағалауды өткізу мерзімдері оқу процесінің кестесін ескере отырып, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарымен және бағалау жөніндегі ұйыммен келісіледі

      11. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламаларын бітірушілердің деректерін растау үшін білім беру және ғылым ұйымдары бекітілген нысан бойынша бітірушілердің тізімін қалыптастырады және алдын ала бағалау жөніндегі ұйымға ұсынады.

      12. Үміткер бағалауға келмеген жағдайда бағалауға қайта тіркеуден өту талап етілмейді. Үміткердің деректері БАЖ-да автоматты түрде сақталады.

      13. Түлектердің білімін бағалау тест сұрақтарының көмегімен автоматтандырылған компьютерлік тестілеу арқылы жүргізіледі.

      Білім бағасының шекті балын оқу-әдістемелік бірлестіктермен келісім бойынша бағалау жөніндегі ұйым белгілейді.

      Апелляцияны есепке алмағанда білімді бағалау жөніндегі ұйым басшысы қол қойған нәтижелерінің хаттамасы білімді бағалау жүргізілген күні денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына ұсынылады.

      Білімді бағалауға келмеген түлектер нәтижелер хаттамасында көрсетілмейді.

      Келмеу себебіне қарамастан, білімді бағалаудан өту үшін келмеген түлектер қайта белгіленген мерзімде бағалау жөніндегі ұйымның базасында білімін бағалаудан өтеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Білім мен дағдыларды бағалау бағалау жөніндегі ұйымның немесе денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының базасында келісім бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Дағдыларды бағалауды емтихан алушылар жүзеге асырады. Емтихан комиссиясының құрамын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымы бекітеді.

      Емтихан комиссиясының құрамы оқыту бағыттары мен тілі бойынша білім беру ұйымының ғылыми – педагогикалық кадрларынан қалыптастырылады. Комиссия мүшелерінің саны әрбір станцияға бір емтихан алушыдан станциялардың санына сәйкес келеді.

      16. Бітірушілердің дағдыларын бағалаудан өту кезінде ұйымдар бағалаудың екінші кезеңінен өтудің аудио - және бейне - жазбасын қамтамасыз етеді. Жазбалар мұрағатталады және бағалаудан өткен күннен бастап кемінде күнтізбелік 30 күн сақталады.

      Дағдыларды бағалау БАЖ-дағы бағалау парағы бойынша жүзеге асырылады. Шекті балды бағалау жөніндегі ұйым оқу-әдістемелік бірлестіктердің келісімі бойынша белгілейді.

      Дағдыларды бағалау нәтижелері дағдыларды бағалау өткізілген күні беріледі. Апелляцияны ескере отырып, дағдыларды бағалаудың түпкілікті нәтижелері апелляциялық комиссияның жұмысы аяқталғаннан кейін апелляцияға өтініш берілген күннен бастап 2 күннен кешіктірілмей ұсынылады.

      17. Түлектердің кәсіби дайындығын бағалау нәтижесі екі кезеңнің балдарынан жинақталады және орташа арифметикалық саны ретінде шығарылады.

      18. Кәсіптік даярлықты бағалау нәтижелері денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына әрбір түлекке беріледі.

      19. Оқу бағдарламалары бойынша нәтижелілік деңгейін өз бетінше анықтау мақсатында түлектер ерікті негізде өзін-өзі бағалаудан өтеді.

      20. Түлектің дәлелді себебі бойынша (денсаулық жағдайына, әскери қызметке шақырылуына немесе өзге де объективті себептерге байланысты) кәсіптік даярлықты бағалаудан (қорытынды аттестаттаудан) қайта өтуге жіберу МАК-тың оң шешімі негізінде жүзеге асырылады. Оң бағаны арттыру мақсатында білімді және (немесе) дағдыларды қайта бағалауға жол берілмейді.

      Бағалаудың бірінші немесе екінші кезеңінің қанағаттанарлықсыз нәтижесі кезінде кәсіптік даярлықты қайта бағалаудан (қорытынды аттестаттаудан) өту мерзімі Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі негізінде 6 (алты) айдан кейін жүзеге асырылады.

      Кәсіптік даярлықты қайта бағалау кезінде қанағаттанарлықсыз нәтиже алған түлектерге белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Кәсіптік даярлықты бағалау нәтижелері бойынша БАЖ тиісті мамандық бойынша дәрігер біліктілігін беру туралы шешім қабылдайды.

      22. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда бітірушілерді бағалауды ұйымдастыру және жүргізу онлайн режимінде қашықтықтан оқытуды қолдана отырып көзделеді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.05.2021 № ҚР ДСМ-46 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. Республикалық апелляциялық комиссияға апелляциялық өтініштерді беру және қарау тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Даулы мәселелерді шешу және білім алушылардың құқықтарын қорғау үшін білім мен дағдыларды бағалауды жүргізу кезеңінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен Республикалық апелляциялық комиссия құрылады.

      24. Республикалық апелляциялық комиссияның құрамы бес мүшеден кем емес тақ саннан тұрады. Республикалық апелляциялық комиссияның құрамына ғылыми-педагог қызметкерлер, практикалық денсаулық сақтау қызметкерлері, аккредиттелген бағалау ұйымының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.

      25. Бағалаудың бірінші немесе екінші кезеңдерінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, түлек бағалау жөніндегі ұйымға апелляциялық бағалау жүргізілген кейін 24 сағат ішінде апелляцияға береді. Бағалау жөніндегі ұйым бағалаудың бірінші немесе екінші кезеңі аяқталғаннан кейін үш күн ішінде апелляциялық өтініштерді қалыптастырады және қарау үшін Республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.

      Бағалау жөніндегі ұйым 3 (үш) жұмыс күні ішінде апелляциялық өтініштерді қалыптастырады және қарау үшін Республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.

      Республикалық апелляциялық комиссияның хатшысы бағалау жөніндегі ұйымның бағалау (бағалау) парағын (парақтарын), бағалаудың аудио және бейне жазбаларын қамтитын өтініш берушінің апелляциялық өтініштері мен бағалау материалдарын тіркейді.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Республикалық апелляциялық комиссия бағалау жөніндегі ұйымның апелляциялық өтініштерін қарау аяқталғаннан кейінгі күні апелляцияларды қарауға кіріседі.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Апелляциялық комиссия қараған кәсіптік даярлықты бағалау нәтижелерінің қорытынды хаттамасы Республикалық апелляциялық комиссияның отырысынан кейін ұсынылады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Кәсіптік даярлықты бағалаудың (қорытынды аттестаттаудың) қорытынды нәтижелері апелляцияны ескере отырып, бітірушінің БАЖ-дегі жеке кабинетінде көрсетіледі және Республикалық апелляциялық комиссия отырысынан кейін бағалау нәтижелерінің жиынтық хаттамасы түрінде денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына бағалау жөніндегі ұйым ұсынады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 11 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығына
3-қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 27.06.2024 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 223-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау (бұдан әрі – Бағалау) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) апелляциялық комиссия – кандидаттардың апелляциялық өтініштерін қарау үшін бағалау жөніндегі ұйым қызметкерлері мен тәуелсіз сарапшылар қатарынан бағалау жөніндегі ұйым құратын комиссия;

      2) ақпараттық бағалау жүйесі (бұдан әрі – АБЖ) – пайдаланушылардың ақпараттық қажеттілігін қамтамасыз ету және қауіпсіздікті қолдау арқылы білім алушылардың білімі мен дағдыларын, түлектер мен денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды техникалық сүйемелдеуге және жүргізуге арналған автоматтандырылған ақпараттық платформа;

      3) бағалау жөніндегі ұйым – білім алушылардың білімі мен дағдыларын, түлектердің кәсіптік даярлығын және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың бағалау рәсімін жүзеге асыратын уәкілетті орган аккредиттеген ұйым;

      4) білімді бағалау – денсаулық сақтау саласындағы тиісті мамандық бойынша маманның қалыптастырылған білім деңгейін айқындау;

      5) біліктілік – кәсіптік қызметтің тиісті түрі шеңберінде еңбек функцияларын орындау үшін қажетті кәсіптік білімдердің, іскерліктердің, дағдылар мен жұмыс тәжірибесінің жиынтығы;

      6) біліктілік деңгейі – күрделілік, еңбек әрекеттерінің стандарттылығы, жауапкершілік және дербестік параметрлері бойынша сараланатын қызметкерлердің біліміне, іскерлігіне және кең құзыретіне қойылатын жалпыланған талаптар.

      7) дағдыларды бағалау – білімі мен дағдыларын көрсету процесінде немесе жағдаяттық есептерді шешу процесінде қолданылатын қалыптасу деңгейін анықтау;

      8) денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру (бұдан әрі – қосымша білім беру) – кәсіптік білімді, машықтар мен дағдыларды қолдау, кеңейту, тереңдету және жетілдіру, сондай-ақ жаңа (қосымша) құзыреттерді игеру үшін денсаулық сақтау кадрларының білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын оқыту процесі;

      9) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму жүйесіндегі сынақ бірлігі (бұдан әрі – СБ) – кәсіптік қызметтің белгілі бір кезеңінде үздіксіз кәсіптік дамуға ықпал ететін іс-шараларға қатысу көлемін өлшеудің бірегей шартты бірлігі;

      11) кандидат – бағалаудан өтуге үміткер маман;

      12) маман – денсаулық сақтау саласында кәсіптік білімі бар және медициналық немесе фармацевтикалық қызметті немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;

      13) симуляциялық технологиялар – дағдыларды пысықтау және оны тапсыру үшін жасанды ортадағы клиникалық ахуалдың статикалық және динамикалық процестерін имитациялауға және жаңғыртуға мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар (манекендер, муляждар, симуляторлар, стандартталған пациенттер, виртуалды шынайы жағдайлар, компьютерлік бағдарламалар);

      14) үздіксіз кәсіптік даму – қосымша және формальды емес білім беру, кәсіптік даму, құзыреттілік деңгейі, практикалық жұмыс өтілі бойынша денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіптік білімі мен іскерлігін жетілдіруге, қосымша құзыреттіліктерін меңгеруге бағытталған өзге де іс-шаралар.

      3. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби даярлығын бағалауды (бұдан әрі – бағалау) бағалау жөніндегі ұйым кәсіби стандарттың талаптарына сәйкес жүргізеді.

      4. Бағалау қазақ және орыс тілдерінде бағалау жөніндегі ұйымның филиалдары мен өңірлік өкілдіктерінің базасында жүзеге асырылады.

      5. Бағалау нәтижесі Қазақстан Республикасының барлық аумағында берілген күнінен бастап бір жыл бойы қолданылады.

      6. Бағалаудан өткені үшін ақы төлеу жұмыс берушінің қаражаты, кандидаттың жеке қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби даярлығын бағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі

      7. "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар медицина және фармацевтика қызметкерлері, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бағалауға жатады:

      1) мамандығы бойынша үш жылдан астам жұмыс өтілі үзілгенде денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар адамдар;

      2)
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2) тармақша 23.10.2024 бастап күшіне енеді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 27.06.2024 № 37 бұйрығымен.

      3) кезекті біліктілік деңгейін беруді немесе растауды бағалауға үміткерлер;

      4) Қазақстан Республикасы аумағында рұқсат беру құжаттары жоқ шетел мамандары;

      5) "Болашақ" халықаралық стипендиясының, танудан босатылған халықаралық шартқа (келісімге) қол қойған елдердің оқу орындарының және (немесе) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен үш халықаралық академиялық рейтингке және олардың екеуінің немесе одан да көбінің алғашқы 250 (екі жүз елу) позицияларының қатарында (әлемнің үздік университеттерінің әлемдік рейтингі Квакарелли Симондс (QS World University Rankings, Кьюес World University Ranking), әлем университеттерінің академиялық рейтингі (Academic Ranking of World Universities, Академик Ranking of World University), Times басылымының (Times Higher Education World University Rankings) нұсқасы бойынша әлемнің үздік университеттерінің рейтингі, Таймс Хайер Юдукейшн World University Ranking) "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығында көзделген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген), Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде білім алған тұлғалар.

      8. Үміткер бағалаудан өту үшін Бағалау жөніндегі ұйымға АБЖ жеке кабинетінде мынадай құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі өтінімін және электрондық көшірмелерін ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат;

      3) "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом;

      4) мәлімделген мамандық және (немесе) мамандану бойынша интернатурада және (немесе) резидентурада немесе клиникалық ординатурада оқуды аяқтау немесе қайта даярлау немесе сертификаттау курсы (бар болса, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар үміткерлер үшін) туралы құжаттар;

      5) басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (қажет болған жағдайда) сәйкес айқындалған тәртіппен берілген үміткердің білімін тану туралы құжат;

      6) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) өзгергенін растайтын құжат;

      7) бағалау жөніндегі ұйым бекіткен прейскурантқа сәйкес бағалаудан өткені үшін төлем туралы түбіртек. Бағалаудан өткені үшін төлем туралы түбіртек төлем жасалған күннен бастап бір күнтізбелік жыл ішінде жарамды.

      8) орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық немесе фармацевтикалық білімі бар шетелдік мамандарды бағалауға өтінім беру үшін кандидаттар немесе оларды шақырған ұйым Қағидалардың осы тармағында көзделген тәртіпке сәйкес құжаттарды, сондай-ақ білім беру қызметтерін көрсету үшін шақыруды ұсынады;

      9) біліктілік деңгейін бағалауға өтінім беру үшін кандидаттар Қағидалардың осы тармағында көзделген тәртіпке сәйкес құжаттарды, сондай ақ, соңғы 5 жылда денсаулық сақтау қызметкерлерінің осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес мәлімделетін біліктілік деңгейіне үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін және оларды растайтын құжаттар, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құрылымдық бөлімшенің басшысы қол қойған, мәлімделген біліктілік деңгейінің орындалған еңбек функцияларының санын көрсете отырып, соңғы 3 жылдағы кәсіптік қызмет туралы есеп немесе көрсетілетін қызметтердің электрондық тіркелімінен есеп және бейіндік қауымдастықтың және (немесе) жұмыс берушінің ұсыным хатын ұсынады .

      9. Бағалау жөніндегі ұйым құжаттар келіп түскен күні оларды тіркеуді жүзеге асырады. Кандидат 18:00 кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес құжаттарды тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      10. Бағалау жөніндегі ұйым кандидаттың құжаттарын тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кандидат ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда Бағалау жөніндегі ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде кандидатқа құжаттарды қараудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.

      11. Құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде 2 (екі) жұмыс күні ішінде кандидатқа электрондық поштаға бағалау рәсімінің өтетін күнін, уақытын және орнын белгілеу туралы хабарлама жіберіледі.

      12. Бағалау бағалау жөніндегі ұйым бекіткен график бойынша жүргізіледі.

      13. Білім мен дағдыларды бағалаудан өту кезінде үміткерлерге:

      - ақпаратты тасымалдау функцияларымен жабдықталған ұялы байланыс заттарын, пейджер, ұялы телефондар, планшет, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), ноутбук, плейер, модем (мобильді роутер), радио-электрондық байланыстың кез келген түрін, смарт-сағатты, смарт-көзілдірікті қоса алғанда, соның ішінде фитнес-білезік (трекер), диктофон, сымды және сымсыз құлаққаптар, шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, жазбаларға;

      - білім мен дағдыларды бағалау үшін үй-жайда басқа кандидаттармен сөйлесуге;

      - отырған жерді өз бетінше ауыстырға, білім мен дағдыларды бағалау жүргізілетін үй-жайдан кетуге.

      - веб-камераның, компьютерлік техника мониторының орналасу бағытын өз бетінше өзгертуге жол берілмейді.

      14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген бұзушылықты тіркеу кезінде білім мен дағдыларды бағалаудан өту кезінде кандидатқа ескерту жасалады, білім мен дағдылар қайта бұзылған кезде нәтижелер жойыла отырып, білім немесе дағдыларды бағалау тоқтатылады.

      15. осы Қағидалардың 7-тармағының 1), 3), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген денсаулық сақтау мамандарын бағалау мынадай кезеңдердің бірізді өтуін қамтиды:

      1) мәлімделген мамандық немесе мамандану бойынша білімді бағалау;

      2) компьютерлік және симуляциялық технологияларды қолдана отырып дағдыларды бағалау.

      Кандидаттардың білімін бағалау тест сұрақтары арқылы автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен (компьютерлік тестілеу) және биометриялық сәйкестендіру және онлайн-прокторинг жүйелерін қолдану арқылы жүргізіледі.

      Тесттердің бір нұсқасындағы тест сұрақтарының жалпы саны – 100 (жүз) сұрақ.

      Білімді бағалауды орындауға 100 минут (1 сағат 40 минут) беріледі көрсетілген уақыт өткеннен кейін білімді бағалау автоматты түрде аяқталады. Тест сұрағына әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл, қате жауап – 0 балл беріледі. Білімді бағалаудың қорытынды нәтижесі барлық дұрыс жауаптар үшін балдарды жинақтау жолымен автоматты түрде қалыптастырылады және білімді бағалау аяқталғаннан кейін АБЖ-ға үміткердің жеке кабинетінде көрсетіледі.

      Білімді бағалаудың шекті деңгейін бағалау жөніндегі ұйым уәкілетті органның келісуі бойынша белгілейді.

      Білімді бағалаудың шекті деңгейіне жетпеген Кандидат дағдыларды бағалау кезеңіне жіберілмейді.

      Шекті деңгейден төмен нәтижесі бар кандидаттар үшін білімді қайта бағалаудан өтуге жіберу алдыңғы бағалау күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен ерте емес жүзеге асырылады.

      Дағдыларды бағалау жағдаяттық есептерді (кейс-тестинг) шешу кезінде компьютерлік және симуляциялық технологияларды пайдалана отырып жүргізіледі.

      Кейс-тестингтің бір нұсқасындағы жағдаяттық міндеттердің жалпы саны 5 (бес) тапсырманы құрайды. Әр тапсырма бірізді тапсырмалардан тұрады.

      Кейс-тестингті шешуге көрсетілген уақыт өткеннен кейін 90 минут бөлінеді, кейс-тестинг автоматты түрде аяқталады. Жағдаяттық тапсырманың бір тапсырмасына әрбір дұрыс жауап үшін тапсырманың күрделілігіне сәйкес ұпайлар беріледі, қате жауап-0 балл.

      Дағдыларды бағалаудың шекті деңгейін уәкілетті органның келісімі бойынша Бағалау жөніндегі ұйым әрбір жағдаяттық міндетке белгілейді.

      Жағдаяттық міндеттерді (кейс-тестинг) шешудің шекті деңгейіне жетпеген Кандидат алдыңғы кейс-тестинг күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен ерте емес қайта өтуге жіберіледі.

      16. "Расталған" (шекті деңгейге тең және одан жоғары) немесе "Расталмаған" (шекті деңгейден төмен) деп көрсетілген білім мен дағдыларды бағалау нәтижесі кандидаттың жеке кабинетінде көрсетіледі.

      17. Осы Қағидалардың 7-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген денсаулық сақтау мамандарын бағалау біліктілік деңгейін бастапқы немесе кезекті беру кезінде мынадай кезеңдерден бірізділікпен өтуді қамтиды:

      1) білімді бағалау және кейс-тестинг (жағдаяттық міндеттерді шешу);

      2) біліктіліктің тиісті деңгейіне құзыреттерді бағалау.

      Біліктілік деңгейін беруді бағалау кезінде

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы" бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2020 жылғы 20 желтоқсанда № 21818 болып тіркелген) 4-тармағына сәйкес біліктілік деңгейлерінің бірізділігі сақталады.

      Бірінші кезең тест сұрақтары мен жағдаяттық есептерді (кейс-тестинг) шешу арқылы білімді бағалаудан бірізділікпен өтуді қамтиды.

      Білімді бағалаудың бір нұсқасындағы тест сұрақтарының жалпы саны 100 (жүз) сұрақты құрайды. Кейс-тестингтің бір нұсқасындағы жағдаяттық міндеттердің жалпы саны 5 (бес) тапсырманы құрайды. Әр тапсырма дәйекті тапсырмалардан тұрады.

      Білімді бағалауды орындауға 100 минут (1 сағат 40 минут) беріледі көрсетілген уақыт өткеннен кейін білімді бағалау автоматты түрде аяқталады. Тест сұрағына әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл, қате жауап – 0 балл беріледі. Білімді бағалаудың қорытынды нәтижесі барлық дұрыс жауаптар үшін балдарды жинақтау жолымен қалыптастырылады және білімді бағалау аяқталғаннан кейін АБЖ-ға үміткердің жеке кабинетінде көрсетіледі.

      Білімді бағалаудың шекті деңгейін бағалау жөніндегі ұйым Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңеспен келісу бойынша белгіленеді.

      Білімді бағалаудың шекті деңгейіне жетпеген кандидат кейс-тестке жіберілмейді.

      Шекті деңгейден төмен нәтижесі бар кандидаттар үшін білімді қайта бағалаудан өтуге жіберу алдыңғы бағалау күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен ерте емес жүзеге асырылады.

      Кейс-тестингті шешуге 90 минут бөлінеді, көрсетілген уақыт өткеннен кейін кейс-тестинг автоматты түрде аяқталады. Жағдаяттық тапсырманың бір тапсырмасына әрбір дұрыс жауап үшін тапсырманың күрделілігіне сәйкес ұпайлар беріледі, қате жауап-0 балл.

      Шекті деңгейді уәкілетті органмен келісу бойынша Бағалау жөніндегі ұйым әрбір жағдаяттық міндетке белгілейді.

      Жағдаяттық міндеттерді (кей-тестинг) шешудің шекті деңгейіне жетпеген Кандидат алдыңғы кейс-тестинг күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен ерте емес қайта өтуге жіберіледі.

      "Расталған" (шекті деңгейге тең және одан жоғары) немесе "Расталмаған" (шекті деңгейден төмен) деп көрсетілген білім мен кейс-тестингті бағалау нәтижесі кандидаттың жеке кабинетінде көрсетіледі. "Расталмаған" нәтижесі бар кандидат біліктіліктің тиісті деңгейінің құзыреттерін бағалау кезеңінен өтуге жіберілмейді.

      Біліктіліктің тиісті деңгейінің кезең құзыреттерін бағалау сараптама комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) сарапшылары кандидаттың құжаттарын қарау жолымен жүргізіледі. Қарау мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Комиссия құрамына сарапшыларының тақ саны кіреді, бірақ бейінді қауымдастықтар, жұмыс берушілер, білікті мамандар өкілдерінің ішінен тиісті мамандық немесе мамандану бойынша кемінде 5 адам кіреді.

      Комиссияның дербес құрамы жыл сайын бағалау жөніндегі ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      Комиссия сарапшыларының жұмысы кандидат ұсынған құжаттарды сараптау және кандидаттың бағалау парағын толтыру арқылы АБЖ-да қашықтықтан жүзеге асырылады. Кандидаттардың ақпаратына қол жеткізу және бағалау парағын толтыру құқығы бағалау жөніндегі ұйым басшысының бұйрығына сәйкес Комиссияның әрбір сарапшысына беріледі.

      Комиссияның әрбір сарапшысы АБЖ-ның жеке кабинетінде кандидаттың құжаттарын дербес қарайды және түсініктемелерді көрсете отырып, бағалау парағында ұпайларды есептейді. Әрбір үміткер бойынша бағалау парағындағы қорытынды балл барлық өлшемшарттар үшін балдарды жинақтау және орташа арифметикалық мәнді шығару жолымен автоматты түрде шығарылады.

      Үміткердің біліктілігінің тиісті деңгейінің құзыреттерін бағалаудың жалпы нәтижесі Комиссияның әрбір сарапшысының бағалау парақтарының қорытынды балдарын жинақтау және орташа арифметикалық мәнді шығару жолымен қалыптастырылады. Кандидаттың жалпы нәтижесі "Расталды" (шекті деңгейге тең және одан жоғары) немесе "Расталмады" (шекті деңгейден төмен) өлшемшарттар бойынша сарапшылардың түсініктемелері көрсетіліп кандидаттың жеке кабинетінде көрсетіледі.

      Біліктіліктің тиісті деңгейінің құзыреттерін бағалау кезеңінің шекті деңгейін бағалау жөніндегі ұйым Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңеспен келісу бойынша белгілейді.

      Біліктіліктің тиісті деңгейінің құзыреттері кезеңнің шекті деңгейіне бағалауға жетпеген Кандидат 3 (үш) жұмыс күнінен ерте емес қайта өтуге жіберіледі.

      18. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби даярлығын бағалау рәсімінен өткен кандидаттарға Бағалау жөніндегі ұйымның БЖА жеке кабинетінде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау нәтижесі беріледі.

      19. "Расталды" деген денсаулық сақтау мамандарының кәсіби даярлығын бағалау нәтижесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінде Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттаудан өту үшін негіз болып табылады.

      20. Кандидат бағалаудан өтуге келмеген жағдайда бағалау күні мен уақыты бағалау жөніндегі ұйымға кандидаттың өтініші бойынша тағайындалады. Бағалаудан өткені үшін төлем туралы түбіртек төлем жасалған күннен бастап бір күнтізбелік жыл ішінде жарамды.

      Осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бағалау нәтижесі жойылған жағдайда, бағалаудан өту жөніндегі қызмет ұсынылған болып есептеледі, төлем қайтарылмайды.

      21. Карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби даярлығын бағалауды ұйымдастыру және жүргізу онлайн режимде қашықтықтан оқыту технологиялары қолдана отырып көзделеді.

3-тарау. Апелляциялық өтініштерді беру және қарау тәртібі

      22. Даулы мәселелерді шешу және кандидаттардың құқықтарын қорғау үшін Бағалау жөніндегі ұйым басшысының бұйрығымен комиссия төрағасы мен мүшелерінен тұратын апелляциялық комиссия құрылады.

      Апелляциялық комиссияның құрамына мүшелердің тақ саны, бірақ тиісті мамандық бойынша кемінде екі маман және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңесінің, бейінді қауымдастықтардың, жұмыс берушілер мен білім беру және ғылым ұйымдардың өкілдері қатарынан кемінде бір аралас мамандық бойынша бір маман кіреді.

      Апелляциялық комиссия өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік 14 күн ішінде өтініштерді қарау бойынша отырыс өткізеді. Апелляциялық комиссияның шешімі апелляциялық комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен айқындалады.

      Апелляциялық комиссияның шешімі, егер отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі, оның ішінде қашықтан қатысса, заңды деп есептеледі.

      Кәсіптік даярлықты бағалау нәтижесіне апелляция кандидаттың кәсіптік даярлықты бағалау нәтижесін алғаннан кейін 24 (жиырма төрт) сағат ішінде келіспеу себебін көрсете отырып, бағалау жөніндегі ұйымның апелляциялық комиссиясына апелляциялық өтініш беру жолымен жүзеге асырылады.

      23. Білімді бағалау және (немесе) кейс-тестингті (жағдаяттық міндеттерді шешуді) нәтижелеріне апелляция беруді компьютерлік тестілеу кезінде "Апелляция" батырмасын басу және ұсынылған тізімнен себебін таңдау жолымен жүзеге асырады. Апелляцияны растау үшін компьютерлік тестілеу аяқталғаннан кейін бағалау ұйымының АБЖ жеке кабинетіне апелляциялық өтініш жіберу қажет.

      Білімді бағалау немесе кейс-тестинг нәтижелері (жағдаяттық міндеттерді шешу) апелляцияны ескере отырып, апелляциялық комиссия отырысынан кейін 24 сағат ішінде АБЖ жеке кабинетінде апелляция берген кандидаттарға жеткізіледі.

      Кәсіптік даярлықты бағалау нәтижесіне Апелляция кандидаттың келіспеу себебін көрсете отырып, аккредиттелген ұйымның апелляциялық комиссиясына кәсіптік даярлықты бағалау нәтижесін алғаннан кейін 24 (жиырма төрт) сағат ішінде апелляциялық өтініш беру жолымен жүзеге асырылады.

      24. Кезең нәтижесіне Апелляция, құзыреттердің біліктілік деңгейіне сәйкестігін тану келіспеу себебін көрсете отырып, аккредиттелген ұйымның апелляциялық комиссиясына "Расталмаған" нәтижесін алғаннан кейін 24 (жиырма төрт) сағат ішінде өтініш беру арқылы жүзеге асырылады.

      25. Бағалау жөніндегі ұйымның апелляциялық комиссиясының хатшысы кандидаттардың апелляциялық өтініштерін және өтініш берушінің материалдарын тіркейді және өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күннен кешіктірмей апелляциялық комиссияға жібереді.

      26. Апелляциялық өтініш апелляциялық комиссияның отырысында қаралады, ал осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешім шығарады.

      27. Апелляциялық комиссия шешімінің көшірмесі шешім шығарылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде кандидаттың электрондық мекенжайына жіберіледі.

  Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарды бағалау
қағидаларына
1-қосымша
нысан
___________________________
Басшысына
(Бағалау жөніндегі ұйымның
атауы)
____________________________
____________________________
  _________________________-
дан
(тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса)
____________________________
(мамандық)

Өтініш

      Маған денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау үшін

      ___________________________________________________________________дұрыс

      сәйкестендіру мамандығы бойынша кәсіби даярлықты бағалаудан және

      __________________________________ біліктілік деңгейінен өтуге рұқсат беруіңізді

      сұраймын.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының

      8-бабының 4-тармағына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандарды

      сертификаттау үшін кәсіби даярлықтан өту үшін қажетті ақпараттық жүйелерде

      қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын менің қол жетімділігі шектеулі

      дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

  Дата
Кандидаттың қолы
Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарды бағалау
қағидаларына
2-қосымша
нысан

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_____________________________

      2. Өтініш берілген мамандық ___________________________________

      3. Денсаулық сақтау қызметкерінің жалпы өтілі (жыл, ай, күн)_______

      4. Өтініш берілген мамандық бойынша жұмыс өтілі (жыл, ай, күн) ___

      5. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны _______________________________

      6. Атқаратын лауазымы _______________________________________

      7. Мәлімделген мамандық бойынша еңбек қызметі (мәлімделген мамандық бойынша үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін растау сәтінде)

Қабылдау күні

Босатылған күні

Жұмыс орны

Атқаратын лауазымы

Бұйрық нөмірі

Бұйрықтың шыққан күні













      8. Салалық біліктілік шеңберінің деңгейі _________________________

      9. Біліктілік санаты (бар болса) _________________________________

      10. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ________________________

      11. ҮКД нәтижелері ___________________________________________

Өлшемшарттардың атауы

Сынақ бірліктеріндегі нәтиже

1-тарау. Қосымша білім

1



2-тарау. Формальды емес білім беру

2



3



4



5



3-тарау. Қосымша құзыреттер

6



7



8



9



10



11



12



13



14



15



16



17



18



19



20



21




ҮКД нәтижелерінің жиыны:


      Персоналды басқару қызметінің басшысы _________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _________________

      (қолы)

      Медициналық ұйымның басшысы ______________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _________________

      (қолы)

  Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарды бағалау
қағидаларына
3-қосымша
нысан
Келісілді
____________________________
(ұйым басшысының (басшының
уәкілетті орынбасарының)
қолы және тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда))

Кәсіптік қызмет туралы есеп

      ___________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), атқаратын лауазымы (бар болса)

      ___________________________________________________________________

      (кәсіптік қызмет туралы есеп берілетін кезең көрсетіледі)

Өлшемшарт атауы

Сипаттамасы

Мамандығы және (немесе) мамандығы бойынша өтілі


Кандидат кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйым туралы мәліметтер (ұйымның қызметінің негізгі бағыттарын көрсететін қысқаша сипаттамасы, оның құрылымы:
МСАК, АМК, САК, ЖМК және т. б.)


Кандидат кәсіптік қызметін және атқаратын лауазымын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің атауы


Кәсіптік стандарттың еңбек функциясына сәйкес орындалатын жұмыстың сипаттамасы


Еңбек функциясына сәйкес орындалған жұмыстар саны


Сақтандыру жағдайларының болуы / болмауы туралы мәліметтер (негізді шағым, жазбаша сотқа дейінгі талап, сот талабы)


      _________________ _______________________________

      Күні (кандидаттың жеке қолы)

  Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарды бағалау
қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Кәсіптік даярлығын бағалау нәтижесі



 

ЖСН / Төлқұжат нөмірі*
________________



      Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _______________

      Мамандығы / Мамандануы___________________________________________

      Біліктілік деңгейі __________________________________________________

      Қорытынды нәтижесі: расталды/расталмаған___________________________

Ұйымның басшысы
__________________________
(қолы)

_________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)




Мөр орны

      Берілген күні



      Ескерту:

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес