БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10486 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификаттау және сертификат беру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3, 4-4, 4-5 және 4-6-тармақтармен толықтырылсын:
"4-1. Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау мыналарды қамтиды:
өтініш берудің алдындағы кезеңі;
құжаттаманы бағалау кезеңі;
сертификаттауға ресми өтініш беру кезеңі;
көрсету және тексеру кезеңі;
сертификат беру кезеңі.
4-2. Авиациялық оқу орталығын сертификаттауға өтініш берудің алдындағы кезең өтініш берушінің авиациялық оқу орталығын сертификаттау мақсатында консультациялық көмек алу үшін уәкілетті ұйымға жүгіну мүмкіндігін көздейді.
4-3. Құжаттаманы бағалау кезеңі уәкілетті ұйымға персоналды даярлау жөніндегі нұсқаулықты және кәсіптік даярлау рәсімдері мен бағдарламасын келісуге өтініш берген сәттен басталады.
4-4. Авиациялық оқу орталығын сертификаттауға ресми өтініш беру кезеңі уәкілетті ұйымға өтініш берген сәттен басталады.
4-5. Көрсету және тексеру кезеңі авиациялық оқу орталығын сертификаттау процесінде басталады және материалдық-техникалық базаны, кәсіптік даярлау бағдарламаларын, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді бақылау және жоспарлау жүйелерін, ұшуларды жүргізуді және құжаттаманы жүргізуді тексеруді қамтиды.
4-6. Сертификат беру кезеңі соңғы кезең болып табылады. Осы кезеңде авиациялық оқу орталығының сертификатын беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылданады;
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Авиациялық оқу орталығын сертификаттау";
мынадай мазмұндағы 1 және 2-параграфтармен толықтырылсын:
"1-параграф. Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаулықты келісу тәртібі
4-7. Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаулықты (бұдан әрі – Нұсқаулық) келісу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) сәйкес құжаттарды портал арқылы жібереді.
Уәкілетті ұйымның Нұсқаулығын келісу мерзімі 60 (алпыс) жұмыс күнін құрайды.
Құжаттарды портал арқылы берген кезде өтініш берушінің "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі, мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні көрсетіледі.
4-8. Уәкілетті ұйым құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Өтініш беруші жүгінген кезде немесе құжаттар жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде өтінішті қабылдау және нәтиже беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Уәкілетті ұйым жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
4-9. Уәкілетті ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және өтініш беруші негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде өтінішті портал арқылы қабылдаудан бас тартады.
Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде уәкілетті ұйым Нұсқаулықтың Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
4-10. Нұсқаулық Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес келген кезде уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ қол қойылған келісу туралы хабарламаны портал арқылы ресімдейді.
4-11. Нұсқаулық Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті ұйым Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздерге сәйкес Нұсқаулықты келісуден бас тартады.
4-12. Нұсқаулықты келісуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес Нұсқаулықты келісу мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді.
4-13. Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді немесе қарсылық білдіреді. Әкімшілік рәсімге қатысушы өзінің қарсылығын ауызша білдірген кезде уәкілетті ұйым тыңдау хаттамасын жүргізеді.
4-14. Тыңдау қорытындылары бойынша уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ қол қойылған келісу туралы хабарламаны немесе осы Қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.
2-параграф. Кәсіптік даярлық бағдарламасын келісу
4-15. Кәсіптік даярлау бағдарламасын келісу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, ЭЦҚ қол қойылған өтінішті портал арқылы жібереді.
4-16. Уәкілетті ұйымның кәсіптік даярлық бағдарламасын келісу мерзімі 60 (алпыс) жұмыс күнін құрайды.
4-17. Құжаттарды портал арқылы берген кезде өтініш берушінің "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі, мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні көрсетіледі.
4-18. Уәкілетті ұйым құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Өтініш беруші жүгінген кезде немесе құжаттар жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде өтінішті қабылдау және нәтиже беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
4-19. Уәкілетті ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде өтінішті қабылдаудан бас тартады.
4-20. Өтініш беруші Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде уәкілетті ұйым кәсіптік даярлау бағдарламасының Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
4-21. Кәсіптік даярлау бағдарламасы Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес келген кезде уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ қол қойылған келісу туралы хабарламаны портал арқылы ресімдейді.
4-22. Уәкілетті ұйым Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздерге сәйкес кәсіптік даярлау бағдарламасын келісуден бас тартады.
4-23. Кәсіптік даярлау бағдарламасын келісуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті ұйым ҚР ӘРПК 73-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны, сондай-ақ тыңдауды өткізу күні, уақыты мен орнын өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін жібереді.
Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді немесе қарсылық білдіреді.
Әкімшілік рәсімге қатысушы өзінің қарсылығын ауызша білдірген кезде уәкілетті ұйым тыңдау хаттамасын жүргізеді.
Тыңдау қорытындысы бойынша уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ қол қойылған келісу туралы хабарламаны немесе осы Қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ қол қойған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты портал арқылы жібереді.";
мынадай мазмұндағы 3-параграфтың тақырыбымен толықтырылсын:
"3-параграф. Сертификаттау және сертификаттың қолданылу аясын кеңейту";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Сертификаттың қолданылу аясын алу және (немесе) кеңейту үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ қол қойылған өтінішті және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 27 (жиырма жеті) жұмыс күнін құрайды.
Өтініш беруші құжаттарды портал арқылы берген кезде өтініш берушінің "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Сертификат 2 (екі) жыл мерзімге беріледі.
2 деңгей сәйкес келмеген жағдайда сертификат түзету іс-қимылдары жоспарын орындау кезеңіне арналған мерзім бойынша шектеліп және (немесе) қолданылу аясы шектеулі түрде беріледі.
Сертификаттың қолданылу аясын кеңейту кезінде оның қолданылу мерзімі өзгеріссіз қалады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Сертификаттауды жүргізуге және/немесе авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу саласын кеңейтуге өтініш бергенге дейін өтініш берушінің уәкілетті ұйыммен алдын ала келісілген мынадай құжаттамасы болады:
1) персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаулық (сертификаттау талаптарына сәйкес);
2) сапа жөніндегі нұсқаулық (сертификаттау талаптарына сәйкес);
3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығымен бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламаларына сәйкес әзірленген кәсіптік даярлау бағдарламалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8785 болып тіркелген);
4) қызмет көрсету барысында әуе кемелерінің ұшуын орындаумен байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі бойынша нұсқаулық (егер қолданылса) (сертификаттау талаптарына сәйкес).";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. 1-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті ұйым сертификат беруден бас тартады.
Авиациялық оқу орталығында қолданыстағы сертификат болған кезде уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сертификатты кері қайтарып алады.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Авиациялық оқу орталығының сертификаты осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.";
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
"23-1. Кәсіптік даярлау бағдарламасы мен Нұсқаулық сертификаттық тексерудің оң нәтижесі болған кезде авиациялық оқу орталығында іске асырылады.";
мынадай редакциядағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
"3-1 тарау. Қолданыстағы авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу аясын өзгертпейтін азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатына өзгерістер енгізу
33-1. Қолданыстағы авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу аясын өзгертпейтін азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатына өзгерістер енгізу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттармен қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ қол қойылған өтінішті береді:
1) авиациялық оқу орталығының атауын және сертификатта көрсетілген басқа да мәліметтерді өзгерту;
2) авиациялық оқу орталығының ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту;
3) бұрын берілген сертификаттың қолданылу мерзіміне байланысты шектеулерді алып тастау.
Бұл ретте сертификаттауды жүргізу талап етілмейді, ал жаңа сертификат 10 (он) жұмыс күні ішінде беріледі.
33-2. Өтініш беруші құжаттарды портал арқылы берген кезде өтініш берушінің жеке кабинетінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
33-3. Уәкілетті ұйым құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Өтініш беруші жүгінген кезде немесе құжаттар жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде өтінішті қабылдау және нәтиже беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
33-4. Уәкілетті ұйымның жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде өтінішті портал арқылы қабылдаудан бас тартады.
33-5. Авиациялық оқу орталығының толық құжаттары мен жүзеге асырылатын қызметі ұсынылған кезде уәкілетті ұйым қолданыстағы авиациялық оқу орталығының сертификатының қолданылу аясын өзгертпейтін азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатына өзгерістер енгізеді.
33-6. Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздемелерге сәйкес уәкілетті ұйым қолданыстағы авиациялық оқу орталығының сертификатының қолданылу аясын өзгертпейтін азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатына өзгерістер енгізуден бас тартады.
33-7. Бас тарту үшін негіздемелер анықталған кезде уәкілетті ұйым мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ҚР ӘРПК 73-бабына сәйкес өтініш берушіге бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны, сондай-ақ тыңдауды өткізу күні, уақыты мен орнын өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін жібереді.
Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді немесе қарсылық білдіреді.
Әкімшілік рәсімге қатысушы өзінің қарсылығын ауызша білдірген кезде уәкілетті ұйым тыңдау хаттамасын жүргізеді.
Тыңдау қорытындысы бойынша уәкілетті ұйым қолданыстағы авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу аясын өзгертпейтін азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатына өзгерістер енгізеді немесе осы Қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді.";
35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Шетелдік авиациялық оқу орталығы сертификатын (бұдан әрі – шетелдік сертификат) тану үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға портал арқылы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және осы Қағидаларға 1-4-қосымшаға сәйкес "Азаматтық авиацияның шетелдік авиациялық оқу орталығы сертификатын тану" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттарды жібереді. Өтініш беруші құжаттарды портал арқылы берген кезде өтініш берушінің жеке кабинетінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
36. "Азаматтық авиацияның шетелдік авиациялық оқу орталығы сертификатын тану" мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 45 (қырық бес) жұмыс күнін құрайды.";
38 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Уәкілетті ұйымның жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және "Азаматтық авиацияның шетелдік авиациялық оқу орталығы сертификатын тану" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде, өтінішті портал арқылы қабылдаудан бас тартады.
39. Өтініш беруші "Азаматтық авиацияның шетелдік авиациялық оқу орталығы сертификатын тану" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде уәкілетті ұйымның жауапты орындаушысы 5 (бес) жұмыс күні ішінде шетелдік авиациялық оқу орталығы авиациялық персоналын кәсіби даярлау бағдарламасының Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.";
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Шетелдік сертификаттың жарамдылығын растауды алған кезде уәкілетті ұйым 3 (үш) жұмыс күні ішінде "Азаматтық авиацияның шетелдік авиациялық оқу орталығы сертификатын тану" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін портал арқылы ресімдейді.";
44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Уәкілетті ұйым "Азаматтық авиацияның шетелдік авиациялық оқу орталығы сертификатын тану" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздерге сәйкес шетелдік сертификатты танудан бас тартады.
45. Шетелдік сертификатты танудан бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті ұйым "Азаматтық авиацияның шетелдік авиациялық оқу орталығы сертификатын тану" мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны, сондай-ақ тыңдауды өткізу күні, уақыты мен орнын өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін жібереді.
Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді немесе қарсылық білдіреді.
Әкімшілік рәсімге қатысушы өзінің қарсылығын ауызша білдірген кезде уәкілетті ұйым тыңдау хаттамасын жүргізеді.
Тыңдау қорытындысы бойынша уәкілетті ұйым шетелдік сертификатты тану туралы хатты немесе осы Қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ қол қойған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты өтініш берушінің "жеке кабинетіне" портал арқылы жібереді.";
осы бұйрыққа 1, 2, 3, және 4-қосымшаларға сәйкес 1-1, 1-2, 1-3, және 1-4 қосымшалармен толықтырылсын;
2-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
С. Аблалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Өтініш персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі басшылықты келісуге/ кәсіптік даярлау бағдарламасын келісуге/ қолданыстағы авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу саласын өзгертпейтін азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатына өзгерістер енгізуге
______________________________________________________________________
(авиациялық оқу орталығының атауы)
персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі басшылықты келісуді/ кәсіптік даярлау бағдарламасын келісуді/ қолданыстағы авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу саласын өзгертпейтін азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатына өзгеріс енгізуді сұрайды.
(керегінің астын сызу)
Ұсынылған мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын растаймын.
Авиациялық оқу орталығының басшысы ___________________________________
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 6-тармағына сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
_________________________________________
______________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ЭЦҚ
20_______жылғы "______" ______________
Бұйрыққа 2-қосымша |
|
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 1-2-қосымша |
|
Нысан |
Келісу туралы хабарлама
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ 20___ жылғы __________№ _____ Сіздің өтінішіңізді қарап мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлайды
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)
Ескертпе: кәсіптік даярлау бағдарламасы мен персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі басшылыққа сертификаттық тексерудің оң нәтижесі болған кезде авиациялық оқу орталығы мен уәкілетті ұйым қол қояды.
Уәкілетті ұйымның лауазымды адамы не ол уәкілеттік берген адамдар
______________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ЭЦҚ
Бұйрыққа 3-қосымша |
|
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 1-3-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
______________________________________________________________________
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ 20___ жылғы __________ № _________ Сіздің өтінішіңізді қарап, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлайды
______________________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)
Бас тарту себебі
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Уәкілетті ұйымның басшысы
______________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ЭЦҚ
Бұйрыққа 4-қосымша |
|
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 1-4-қосымша |
"Шетелдік авиациялық оқу орталығының сертификатын тану" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
р/с | "Шетелдік авиациялық оқу орталығының сертификатын тану" мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы | |
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "электрондық үкімет" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Шетелдік авиациялық оқу орталығының сертификатын тану – 45 (қырық бес) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | шетелдік авиациялық оқу орталығының сертификатын тану немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Шетелдік авиациялық оқу орталығының сертификатын тану - тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік авиациялық оқу орталығының сертификатын тануға ЭЦҚ көмегімен қол қойылған өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде көрсетілетін электрондық нысандағы өзге талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің –- www.transport.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде; |
Бұйрыққа 5-қосымша |
|
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 2-қосымша |
"Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
р/с |
"Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығына сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы | |
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "электрондық үкімет" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығына сертификат беру – 27 (жиырма жеті) жұмыс күн; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1) азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификаты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап; |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру және авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу саласын кеңейту "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағына және "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) сәйкес – ақылы. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
8.1. Авиациялық оқу орталығының сертификатын беру: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде көрсетілетін электрондық нысандағы өзге талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған: |
Бұйрыққа 6-қосымша |
|
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Авиациялық оқу орталығының сертификаты № ________ Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайы 20__ жылғы "___" _________ берілген.
Осы сертификат ___________________________________________________________
(Авиациялық оқу орталығының, азаматтық авиация ұйымның, құрылымдық бөлімшенің атауы)
авиациялық оқу орталығының Қазақстан Республикасының белгіленген талаптарына, осы сертификатқа қосымшада көрсетілген авиациялық оқу орталығының қолданылу аясына қатысты ИКАО стандарттарына және ұсынылған тәжірибесіне сәйкес келетінін куәландырады.
Сертификат "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ авиациялық оқу орталығының 20____ жылғы "____" _________ № ________ сертификаттық зерттеу актісі негізінде берілген.
Сертификаттың қолданылуы мерзімі 20 __ жылғы "___" _____________ дейін.
Уәкілетті ұйымның басшысы
______________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ЭЦҚ
№___________ | |
Авиациялық оқу орталығының сертификатына қосымша |
Нысан
Авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу аясы
______________________________________________________________________
(Авиациялық оқу орталығының, азаматтық авиация ұйымның, құрылымдық бөлімшенің атауы))
№ | Кәсіби даярлау түрлері | Кәсіби даярлау бағдарламасының атауы |
1 | ||
2 | ||
3 |
Уәкілетті ұйымның басшысы
________________________________________________ ЭЦҚ
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)