"Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 29.11.2024 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін бұқаралық ақпарат құралдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | Ж. Қасымбек |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығымен бекітілген |
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 29.11.2024 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 14-бабының 1-тармағының 41-26) тармақшасына (бұдан әрі – Заң), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру және "Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру" мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) азаматтық авиацияның авиация персоналының кәсіптік даярлауы (бұдан әрі – кәсіптік даярлау) бастапқы даярлау, қайта даярлау, кәсіптік деңгейін қолдау;
2) азаматтық авиация саласындағы төлемдер – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым көрсететін қызметтер үшін жеке және заңды тұлғалардың төлемі, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бюджетіне ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақты қадағалауды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың міндетті аударымы;
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
4) авиациялық оқу орталығы – авиация персоналын даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсіптік деңгейін ұстауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) авиациялық оқу орталығының жарғысы (құрылтай шарты) (бұдан әрі – Жарғы) – оның негізінде авиациялық оқу орталығы өз қызметін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын құжат;
6) кәсіптік даярлау бағдарламасы – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламаларға (бұдан әрі – үлгілік бағдарламалар) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына және ұсынылатын практикасына, Еуропалық авиациялық қағидаларға сәйкес авиациялық оқу орталықтары және (немесе) азаматтық авиация ұйымдары әзірленген және бекітілген және уәкілетті ұйыммен келісілген авиациялық персоналды кәсіптік даярлауға бағытталған құжат;
7) кәсіптік деңгейді ұстау – мақсаты құжаттарды (оқытудын аяқталуын куәландыратын куәлік, сертификат, және диплом) бере отырып, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық дамумен және азаматтардың жеке қажеттілігіне негізделген кәсіптік білімді, машық пен дағдыны жаңарту, кеңейту және тереңдету болып табылатын авиация персоналын оқыту процесі;
8) қайта даярлау – құжаттарды (оқытудын аяқталуын куәландыратын куәлік, сертификат және диплом) бере отырып, азаматтық авиация саласы мамандарын оқытудың жаңа (қосымша) кәсіптік білім, дағды, машық (оның ішінде біліктілік белгілерін) алуға және авиациялық техниканы зерделеуге бағытталған процесі;
9) өтініш – өтініш берушінің авиациялық оқу орталығының сертификатын алу, авиациялық оқу орталығының нұсқаушы және емтихан алушы персоналын келісу туралы хат алу, авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу саласын кеңейту, шетелдік авиациялық оқу орталығының сертификатын тану үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жазбаша өтініші;
10) өтініш беруші – осы Қағидаларда көзделген мемлекеттік қызметті алу үшін уәкілетті ұйымға жүгінген заңды тұлға;
11) сертификаттық талаптар – авиация персоналын ұйымдастыру, ұстау, даярлау деңгейі мен сапасын белгілеу мақсатында авиациялық оқу орталықтарына қойылатын талаптар;
12) танылған шетелдік авиациялық оқу орталықтарының тізілімі – Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық персоналын кәсіптік даярлауды жүзеге асыратын танылған шетелдік авиациялық оқу орталықтары туралы жазба жүргізілетін құжат;
13) үлгілік бағдарламалар – уәкілетті орган бекітетін, авиациялық оқу орталығы мен азаматтық авиацияны ұйымдастыру үшін бағыттардың, мамандықтардың және қызметтің ерекшеліктерін көрсететін оқу бағдарламаларын дербес құру мүмкіндігін сақтай отырып, кәсіптік даярлыққа бірыңғай тәсілді қамтамасыз ететін бағдарламалар.
3. Құжаттарды қабылдау және авиациялық оқу орталығының сертификатын (бұдан әрі – сертификат) беру "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
4. Авиациялық оқу орталығын сертификаттау (бұдан әрі - сертификаттау) және авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу аясын кеңейту үшін "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) айқындалатын тәртіппен ақы алынады.
Төлем мөлшері "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) анықталады.
Сертификаттау және сертификатының қолданылу аясын кеңейту азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бюджетіне төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
4-1. Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау мыналарды қамтиды:
өтініш берудің алдындағы кезеңі;
құжаттаманы бағалау кезеңі;
сертификаттауға ресми өтініш беру кезеңі;
көрсету және тексеру кезеңі;
сертификат беру кезеңі.
Ескерту. Қағидалар 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-2. Авиациялық оқу орталығын сертификаттауға өтініш берудің алдындағы кезең өтініш берушінің авиациялық оқу орталығын сертификаттау мақсатында консультациялық көмек алу үшін уәкілетті ұйымға жүгіну мүмкіндігін көздейді.
Ескерту. Қағидалар 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-3. Құжаттаманы бағалау кезеңі уәкілетті ұйымға персоналды даярлау жөніндегі нұсқаулықты және кәсіптік даярлау рәсімдері мен бағдарламасын келісуге өтініш берген сәттен басталады.
Ескерту. Қағидалар 4-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-4. Авиациялық оқу орталығын сертификаттауға ресми өтініш беру кезеңі уәкілетті ұйымға өтініш берген сәттен басталады.
Ескерту. Қағидалар 4-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-5. Көрсету және тексеру кезеңі авиациялық оқу орталығын сертификаттау процесінде басталады және материалдық-техникалық базаны, кәсіптік даярлау бағдарламаларын, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді бақылау және жоспарлау жүйелерін, ұшуларды жүргізуді және құжаттаманы жүргізуді тексеруді қамтиды.
Ескерту. Қағидалар 4-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-6. Сертификат беру кезеңі соңғы кезең болып табылады. Осы кезеңде авиациялық оқу орталығының сертификатын беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.
Ескерту. Қағидалар 4-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Авиациялық оқу орталығын сертификаттау
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаулықты келісу тәртібі
Ескерту. 2-тарау 1-параграфпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4-7. Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаулықты (бұдан әрі – Нұсқаулық) келісу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) сәйкес құжаттарды портал арқылы жібереді.
Уәкілетті ұйымның Нұсқаулығын келісу мерзімі 60 (алпыс) жұмыс күнін құрайды.
Құжаттарды портал арқылы берген кезде өтініш берушінің "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі, мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні көрсетіледі.
4-8. Уәкілетті ұйым құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Өтініш беруші жүгінген кезде немесе құжаттар жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде өтінішті қабылдау және нәтиже беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Уәкілетті ұйым жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
4-9. Уәкілетті ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және өтініш беруші негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде өтінішті портал арқылы қабылдаудан бас тартады.
Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде уәкілетті ұйым Нұсқаулықтың Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
4-10. Нұсқаулық Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес келген кезде уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ қол қойылған келісу туралы хабарламаны портал арқылы ресімдейді.
4-11. Нұсқаулық Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті ұйым Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздерге сәйкес Нұсқаулықты келісуден бас тартады.
4-12. Нұсқаулықты келісуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес Нұсқаулықты келісу мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді.
4-13. Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді немесе қарсылық білдіреді. Әкімшілік рәсімге қатысушы өзінің қарсылығын ауызша білдірген кезде уәкілетті ұйым тыңдау хаттамасын жүргізеді.
4-14. Тыңдау қорытындылары бойынша уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ қол қойылған келісу туралы хабарламаны немесе осы Қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.
2-параграф. Кәсіптік даярлық бағдарламасын келісу
Ескерту. 2-тарау 2-параграфпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4-15. Кәсіптік даярлау бағдарламасын келісу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, ЭЦҚ қол қойылған өтінішті портал арқылы жібереді.
4-16. Уәкілетті ұйымның кәсіптік даярлық бағдарламасын келісу мерзімі 60 (алпыс) жұмыс күнін құрайды.
4-17. Құжаттарды портал арқылы берген кезде өтініш берушінің "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі, мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні көрсетіледі.
4-18. Уәкілетті ұйым құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Өтініш беруші жүгінген кезде немесе құжаттар жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде өтінішті қабылдау және нәтиже беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
4-19. Уәкілетті ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде өтінішті қабылдаудан бас тартады.
4-20. Өтініш беруші Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде уәкілетті ұйым кәсіптік даярлау бағдарламасының Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
4-21. Кәсіптік даярлау бағдарламасы Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес келген кезде уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ қол қойылған келісу туралы хабарламаны портал арқылы ресімдейді.
4-22. Уәкілетті ұйым Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздерге сәйкес кәсіптік даярлау бағдарламасын келісуден бас тартады.
4-23. Кәсіптік даярлау бағдарламасын келісуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті ұйым ҚР ӘРПК 73-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны, сондай-ақ тыңдауды өткізу күні, уақыты мен орнын өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін жібереді.
Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді немесе қарсылық білдіреді.
Әкімшілік рәсімге қатысушы өзінің қарсылығын ауызша білдірген кезде уәкілетті ұйым тыңдау хаттамасын жүргізеді.
Тыңдау қорытындысы бойынша уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ қол қойылған келісу туралы хабарламаны немесе осы Қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ қол қойған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты портал арқылы жібереді.
3-параграф. Сертификаттау және сертификаттың қолданылу аясын кеңейту
Ескерту. 2-тарау 3-параграфтың тақырыбымен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Сертификаттың қолданылу аясын алу және (немесе) кеңейту үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ қол қойылған өтінішті және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 27 (жиырма жеті) жұмыс күнін құрайды.
Өтініш беруші құжаттарды портал арқылы берген кезде өтініш берушінің "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Уәкілетті ұйым құжаттар мен мәліметтерді тіркеуді олар келіп түскен күні жүзеге асырады.
Өтініш беруші жүгінген кезде немесе құжаттар жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде өтінішті қабылдау және нәтиже беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
7. Уәкілетті ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді егер өтініш беруші негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын қолданылу мерзімі өткен және (немесе) құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда уәкілетті ұйым басшысының не оның орнындағы адамның өтініш берушінің жеке кабинетіне электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті портал арқылы қабылдаудан бас тартады.
Өтініш беруші Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде уәкілетті ұйым "Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10554 болып тіркелген) бекітілген авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарға сәйкестігіне мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті өтініш берушінің ұсынылған құжаттарын тексереді (бұдан әрі – сертификаттау талаптары).
8. Құжаттар сертификаттау талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйым басшысының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен сертификаттық тексеру жүргізу үшін комиссиясын (бұдан әрі – комиссия) құрады.
Комиссияның құрамына уәкілетті ұйымның кемінде 2 (екі) қызметкері енгізіледі, олардың құзыретіне авиациялық персоналдың кәсіптік даярлау, куәліктер беру және (немесе) авиациялық оқу орталығында кәсіптік даярлау бағдарламасын іске асыру бағыты бойынша мәселелер жатады.
9. Авиациялық оқу орталығына сертификаттық тексеру (бұдан әрі – сертификаттық тексеру) жүргізу басталғанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні мерзімінде уәкілетті ұйым өтініш берушінің "жеке кабинетіне" порталға уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған, сертификаттау рәсімінің басталу күні, ықтимал өзгерістері мен толықтырулары туралы ақпаратты қамтитын хабарламаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және оларға сәйкес сертификаттық тексеру жүзеге асырылатын халықаралық ұйымдардың құжаттарының тізбесін жібереді.
10. Сертификаттық тексеру осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттық тексеру бағдарламасы бойынша және Заңының 16-9-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес уәкілетті ұйым әзірлеген және бекіткен нұсқаулық материалды пайдалана отырып "Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдері шеңберінде жүргізіледі.
11. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттық тексеру актісіне (бұдан әрі – акт) комиссияның барлық мүшелері қол қояды және қол қойылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде, бірақ мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімінен кешіктірмей танысу үшін өтініш берушіге жіберіледі.
Акт сертификаттау талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі, сондай-ақ сертификатын беру мүмкіндігі немесе мүмкін емес туралы қорытындылар, ұсынымдар мен қорытындылар көрсете отырып, екі данада жасалады.
12. Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау қорытындысы бойынша уәкілетті ұйым авиациялық оқу орталығына сертификаттық тексеру (бұдан әрі – сертификаттық тексеру) жүргізу мүмкіндігі туралы оң шешім не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қабылдайды.
13. Уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді № 8555 құқықтық актілер).
14. Сертификат 2 (екі) жыл мерзімге беріледі.
2 деңгей сәйкес келмеген жағдайда сертификат түзету іс-қимылдары жоспарын орындау кезеңіне арналған мерзім бойынша шектеліп және (немесе) қолданылу аясы шектеулі түрде беріледі.
Сертификаттың қолданылу аясын кеңейту кезінде оның қолданылу мерзімі өзгеріссіз қалады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Сертификаттауды жүргізуге және/немесе авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу саласын кеңейтуге өтініш бергенге дейін өтініш берушінің уәкілетті ұйыммен алдын ала келісілген мынадай құжаттамасы болады:
1) персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаулық (сертификаттау талаптарына сәйкес);
2) сапа жөніндегі нұсқаулық (сертификаттау талаптарына сәйкес);
3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығымен бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламаларына сәйкес әзірленген кәсіптік даярлау бағдарламалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8785 болып тіркелген);
4) қызмет көрсету барысында әуе кемелерінің ұшуын орындаумен байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі бойынша нұсқаулық (егер қолданылса) (сертификаттау талаптарына сәйкес).
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Сертификат басқа тұлғаға берілмейді. Авиациялық оқу орталығы сертификаттың қолданылу саласына сәйкес уәкілетті ұйыммен келісілген кәсіптік даярлау бағдарламаларын іске асыру нәтижесінде белгіленген үлгідегі құжаттарды береді.
17. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын, осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жолдайды.
18. Сертификаттық тексеру кезінде анықталған сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктер үш деңгейге бөлінеді: 1 деңгей, 2 деңгей және 3 деңгей.
1-деңгейге қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
2-деңгейге уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімдерде жойылған немесе шектеулер енгізілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
3-деңгейге қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде оны жоюға жататын сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
19. 1-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер өтініш берушінің техникалық және қаржылық мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өтініш берушінің адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмауымен сипатталады.
20. 1-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті ұйым сертификат беруден бас тартады.
Авиациялық оқу орталығында қолданыстағы сертификат болған кезде уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сертификатты кері қайтарып алады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. 2 деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті ұйым:
1) анықталған сәйкессіздікті жою үшін ол анықталған сәттен бастап үш айдан аспайтын мерзімге келіседі. Өтініш беруші анықталған сәйкессіздікті жою бойынша түзету іс қимылдарының жоспарын әзірлейді және актімен танысқан сәттен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға ұсынады;
2) анықталған сәйкессіздікті жою бойынша өтініш беруші ұсынған шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын келіседі не оны негіздемемен пысықтауға қайтарады.
Түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзімді уәкілетті ұйым өтініш беруші оны өзгерту қажеттігі туралы негіздеме ұсынған жағдайда ұзартады.
22. Уәкілетті ұйым өтініш берушінің тексеру немесе бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу жолымен жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдары жоспарын ұсынуын және (немесе) түзету іс-қимылдарының орындалуын бақылайды.
Егер өтініш беруші түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспарын ұсынбаса немесе уәкілетті ұйым келіскен мерзімдерде түзету іс-әрекеттерін орындамаса, 2-деңгейдің сертификаттау талаптарына сәйкес келмеуі 1-деңгейдің сертификаттау талаптарына сәйкес келмейді және уәкілетті ұйым сертификатын беруден бас тартады немесе бұрын берілген сертификатын кері қайтарып алады.
3-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген жағдайда түзету іс-қимылдарының жоспары талап етілмейді.
23. Авиациялық оқу орталығының сертификаты осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23-1. Кәсіптік даярлау бағдарламасы мен Нұсқаулық сертификаттық тексерудің оң нәтижесі болған кезде авиациялық оқу орталығында іске асырылады.
Ескерту. Қағидалар 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Портал арқылы жүгінген кезде өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама жіберіледі.
25. Өтініш беруші түзету іс-қимылдары жоспарының келісілген мерзімінен кешіктірмей 2-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін растайтын құжаттардың қосымшасымен барлық сәйкессіздіктерді жою туралы уәкілетті ұйымды хабардар етеді.
26. Тексеру нысанындағы түзету іс-қимылдары жоспарының орындалуын бақылау ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізуге, әуе кемесін, ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын пайдалануға, материалдық-техникалық базаны қамтамасыз етуге байланысты 2-деңгейдегі сәйкессіздіктер анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.
27. Ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі заңды тұлғалардың қызметін бақылау және талдау нысанында түзету іс-қимылдары жоспарының орындалуын бақылау авиациялық персоналды және авиациялық оқу орталығы персоналын кәсіптік даярлаудың басшы құжаттарына, бағдарламаларына байланысты 2-деңгейдегі сәйкессіздіктер анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.
28. Түзету іс-қимылдары жоспарының орындалуын бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті ұйым түзету іс-әрекеттерін белгіленген мерзімдерде орындау не орындамау туралы қорытынды шығара отырып, бақылау тексеру актісін ресімдейді.
3-тарау. Авиациялық оқу орталығының нұсқаушы және емтихан алушы персоналын келісу тәртібі
29. Авиациялық оқу орталығының нұсқаушы және емтихан алушы персоналы осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен уәкілетті ұйыммен келісіледі.
Осы талап авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау мақсатында уәкілетті ұйым тағайындайтын жеке тұлғаларға қолданылмайды.
30. Авиациялық оқу орталығының нұсқаушы және емтихан алушы персоналын келісу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға еркін нысанда портал арқылы нұсқаушы және емтихан алушы персоналдың тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), білімі, біліктілігі, жұмыс тәжірибесі (авиациялық оқу орталығының штаттық немесе штаттан тыс қызметкері) туралы деректерін және Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар пакетін көрсете отырып өтініш жібереді.
Уәкілетті ұйым авиациялық оқу орталығының нұсқаушы және емтихан алушы персоналын келісуді 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Өтініш беруші құжаттарды портал арқылы берген кезде өтініш берушінің "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
31. Уәкілетті ұйым құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Өтініш беруші өтініш берген немесе құжаттар жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде өтінімді қабылдау және нәтиже беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
32. Уәкілетті ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және өтініш беруші Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде өтінішті портал арқылы қабылдаудан бас тартады.
33. Осы Қағидаларға Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде уәкілетті ұйым авиациялық оқу орталығының нұсқаушы және емтихан алушы персоналының құжаттарын сертификаттау талаптарында белгіленген біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Авиациялық оқу орталығының нұсқаушы және емтихан алушы персоналы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті ұйым ҚР ӘРПК 73-бабына сәйкес келісу мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орнын өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін жібереді.
Тыңдау нәтижелері бойынша әкімшілік рәсімге қатысушы өзінің қарсылығын ауызша білдірген кезде уәкілетті ұйым тыңдау хаттамасын жүргізеді.
Тыңдау қорытындысы бойынша уәкілетті ұйым авиациялық оқу орталығының нұсқаушы және емтихан алушы персоналын келіседі, немесе дәлелді бас тарту туралы уәкілетті ұйым басшысының не оның орнындағы адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің жеке кабинетіне портал арқылы жібереді.
3-1 тарау. Қолданыстағы авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу аясын өзгертпейтін азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатына өзгерістер енгізу
Ескерту. Қағидалар 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
33-1. Қолданыстағы авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу аясын өзгертпейтін азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатына өзгерістер енгізу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттармен қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ қол қойылған өтінішті береді:
1) авиациялық оқу орталығының атауын және сертификатта көрсетілген басқа да мәліметтерді өзгерту;
2) авиациялық оқу орталығының ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту;
3) бұрын берілген сертификаттың қолданылу мерзіміне байланысты шектеулерді алып тастау.
Бұл ретте сертификаттауды жүргізу талап етілмейді, ал жаңа сертификат 10 (он) жұмыс күні ішінде беріледі.
33-2. Өтініш беруші құжаттарды портал арқылы берген кезде өтініш берушінің жеке кабинетінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
33-3. Уәкілетті ұйым құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Өтініш беруші жүгінген кезде немесе құжаттар жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде өтінішті қабылдау және нәтиже беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
33-4. Уәкілетті ұйымның жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде өтінішті портал арқылы қабылдаудан бас тартады.
33-5. Авиациялық оқу орталығының толық құжаттары мен жүзеге асырылатын қызметі ұсынылған кезде уәкілетті ұйым қолданыстағы авиациялық оқу орталығының сертификатының қолданылу аясын өзгертпейтін азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатына өзгерістер енгізеді.
33-6. Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздемелерге сәйкес уәкілетті ұйым қолданыстағы авиациялық оқу орталығының сертификатының қолданылу аясын өзгертпейтін азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатына өзгерістер енгізуден бас тартады.
33-7. Бас тарту үшін негіздемелер анықталған кезде уәкілетті ұйым мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрін көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ҚР ӘРПК 73-бабына сәйкес өтініш берушіге бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны, сондай-ақ тыңдауды өткізу күні, уақыты мен орнын өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін жібереді.
Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді немесе қарсылық білдіреді.
Әкімшілік рәсімге қатысушы өзінің қарсылығын ауызша білдірген кезде уәкілетті ұйым тыңдау хаттамасын жүргізеді.
Тыңдау қорытындысы бойынша уәкілетті ұйым қолданыстағы авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу аясын өзгертпейтін азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатына өзгерістер енгізеді немесе осы Қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді.
4-тарау. Шетелдік авиациялық оқу орталығының сертификатын тану тәртібі
34. Шетелдік авиациялық оқу орталықтары осы Қағидаларға сәйкес олардың сертификаттарын уәкілетті ұйым танығаннан кейін Азаматтық авиацияның авиациялық персоналын бастапқы даярлауға, қайта даярлауға және олардың кәсіби деңгейін қолдауға жіберіледі.
35. Шетелдік авиациялық оқу орталығы сертификатын (бұдан әрі – шетелдік сертификат) тану үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға портал арқылы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және осы Қағидаларға 1-4-қосымшаға сәйкес "Азаматтық авиацияның шетелдік авиациялық оқу орталығы сертификатын тану" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттарды жібереді. Өтініш беруші құжаттарды портал арқылы берген кезде өтініш берушінің жеке кабинетінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.36. "Азаматтық авиацияның шетелдік авиациялық оқу орталығы сертификатын тану" мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 45 (қырық бес) жұмыс күнін құрайды.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.37. Уәкілетті ұйым құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Өтініш беруші өтініш берген немесе құжаттар келіп түскен кезде жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтінішті қабылдау және нәтиже беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
38. Уәкілетті ұйымның жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді және "Азаматтық авиацияның шетелдік авиациялық оқу орталығы сертификатын тану" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде, өтінішті портал арқылы қабылдаудан бас тартады.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.39. Өтініш беруші "Азаматтық авиацияның шетелдік авиациялық оқу орталығы сертификатын тану" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде уәкілетті ұйымның жауапты орындаушысы 5 (бес) жұмыс күні ішінде шетелдік авиациялық оқу орталығы авиациялық персоналын кәсіби даярлау бағдарламасының Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.40. Шетелдік авиациялық оқу орталығының авиациялық персоналын кәсіптік даярлау бағдарламасы Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес келген кезде уәкілетті ұйымның жауапты орындаушысы шетелдік сертификаттың жарамдылығын растау үшін осы сертификатты берген шет мемлекеттің авиациялық билік орындарының ресми интернет-ресурсында жарияланған ақпаратты басшылыққа алады.
Шетелдік сертификат берген шет мемлекеттің авиациялық өкіметтерінің ресми интернет-ресурсынан ақпарат алу мүмкіндігі болмаған кезде уәкілетті ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы сертификаттың түпнұсқалығын растау үшін берген шет мемлекеттің авиациялық өкіметтеріне электрондық пошта арқылы сұрау салуды жібереді.
Шет мемлекеттің авиациялық билігіне сұрау салуға жауапты күту мерзімі 33 (отыз үш) жұмыс күнін құрайды.
41. Шетелдік сертификаттың жарамдылығын растауды алған кезде уәкілетті ұйым 3 (үш) жұмыс күні ішінде "Азаматтық авиацияның шетелдік авиациялық оқу орталығы сертификатын тану" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін портал арқылы ресімдейді.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.42. Уәкілетті ұйым шетелдік авиациялық оқу орталығының қолданылу саласында көзделген авиациялық персоналды кәсіптік даярлаудың нақты бағдарламасы бойынша шетелдік сертификатты таниды.
43. Уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша танылған шетелдік авиациялық оқу орталықтарының тізілімін қалыптастырады және жүргізеді.
44. Уәкілетті ұйым "Азаматтық авиацияның шетелдік авиациялық оқу орталығы сертификатын тану" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздерге сәйкес шетелдік сертификатты танудан бас тартады.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.45. Шетелдік сертификатты танудан бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті ұйым "Азаматтық авиацияның шетелдік авиациялық оқу орталығы сертификатын тану" мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны, сондай-ақ тыңдауды өткізу күні, уақыты мен орнын өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін жібереді.
Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді немесе қарсылық білдіреді.
Әкімшілік рәсімге қатысушы өзінің қарсылығын ауызша білдірген кезде уәкілетті ұйым тыңдау хаттамасын жүргізеді.
Тыңдау қорытындысы бойынша уәкілетті ұйым шетелдік сертификатты тану туралы хатты немесе осы Қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ қол қойған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты өтініш берушінің "жеке кабинетіне" портал арқылы жібереді.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.46. Шетелдік сертификатты уәкілетті ұйым 2 (екі) жылдан аспайтын мерзімге танылатын мерзімсіз сертификатты қоспағанда, шетелдік сертификаттың қолданылу мерзіміне таниды.
5-тарау. Шағымды қарау тәртібі
47. Әкімшілік актіні әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен қабылдауға байланысты уәкілетті ұйымның әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
48. Өтініш берушінің шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде қаралуға тиіс;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде қаралуға тиіс.
49. Шағым уәкілетті ұйымға және (немесе) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
Уәкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылданса, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Шағымды уәкілетті ұйымның, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның қарау мерзімі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды берген өтініш берушіге шағымды қарау мерзімі ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Авиациялық оқу орталығын сертификаттауды жүргізуге және (немесе) серификатының қолданылу саласын кеңейтуге өтініш
1. ___________________________________________________________________
(Авиациялық оқу орталығының,азаматтық авиация ұйымның, құрылымдық бөлімшенің атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Авиациялық оқу орталығына кәсіптік даярлаудың мынадай түрлері мен бағыттары бойынша сертификаттау және (немесе) сертификаттының қолданылу саласын кенейту жүргізуді сұрайды:
р/с №
Кәсіби даярлық түрлері
Бағыты (мамандығы, мамандануы, курс атауы)
1) Авиация персоналын бастапқы даярлау
2) Авиация персоналын қайта даярлау
3) Авиация персоналының кәсіби деңгейін қолдау
2. Ұйым туралы мәліметтер:
1) меншік нысаны
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
2) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
______________________________________________________________________
(нөмірі, кіммен және қашан берді)
3) заңды (пошталық) мекенжайы және басқа да деректемелері
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
4) телефон/факс, электрондық пошта______________________________________
3. Қоса берілетін құжаттар _______________________________________________
______________________________________________________________________
Авиациялық оқу орталығының, азаматтық авиация ұйымның, құрылымдық бөлімшенің басшысы
_____________________________________________________________________
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚЗ Заңының 20-бабының 6-тармағына сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін _____________________________ (қолы)
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)________________________________________
20___жылғы "___" _________________
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 1-1-қосымша |
|
Нысан |
Өтініш персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі басшылықты келісуге/ кәсіптік даярлау бағдарламасын келісуге/ қолданыстағы авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу саласын өзгертпейтін азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатына өзгерістер енгізуге
______________________________________________________________________
(авиациялық оқу орталығының атауы)
Ескерту. Қағидалар 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі басшылықты келісуді/ кәсіптік даярлау бағдарламасын келісуді/ қолданыстағы авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу саласын өзгертпейтін азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатына өзгеріс енгізуді сұрайды.
(керегінің астын сызу)
Ұсынылған мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын растаймын.
Авиациялық оқу орталығының басшысы ___________________________________
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 6-тармағына сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
_________________________________________
______________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ЭЦҚ
20_______жылғы "______" ______________
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 1-2-қосымша |
|
Нысан |
Келісу туралы хабарлама
Ескерту. Қағидалар 1-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ 20___ жылғы __________№ _____ Сіздің өтінішіңізді қарап мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлайды
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)
Ескертпе: кәсіптік даярлау бағдарламасы мен персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі басшылыққа сертификаттық тексерудің оң нәтижесі болған кезде авиациялық оқу орталығы мен уәкілетті ұйым қол қояды.
Уәкілетті ұйымның лауазымды адамы не ол уәкілеттік берген адамдар
______________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ЭЦҚ
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 1-3-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
Ескерту. Қағидалар 1-3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
______________________________________________________________________
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ 20___ жылғы __________ № _________ Сіздің өтінішіңізді қарап, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлайды
______________________________________________________________________
(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)
Бас тарту себебі
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Уәкілетті ұйымның басшысы
______________________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ЭЦҚ
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 1-4-қосымша |
"Шетелдік авиациялық оқу орталығының сертификатын тану" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. Қағидалар 1-4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с | "Шетелдік авиациялық оқу орталығының сертификатын тану" мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы | |
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "электрондық үкімет" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Шетелдік авиациялық оқу орталығының сертификатын тану – 45 (қырық бес) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | шетелдік авиациялық оқу орталығының сертификатын тану немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Шетелдік авиациялық оқу орталығының сертификатын тану - тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік авиациялық оқу орталығының сертификатын тануға ЭЦҚ көмегімен қол қойылған өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде көрсетілетін электрондық нысандағы өзге талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің –- www.transport.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде; |
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 2-қосымша |
"Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с |
"Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығына сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы | |
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "электрондық үкімет" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығына сертификат беру – 27 (жиырма жеті) жұмыс күн; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1) азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификаты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап; |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру және авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу саласын кеңейту "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 3-тармағына және "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) сәйкес – ақылы. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
8.1. Авиациялық оқу орталығының сертификатын беру: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде көрсетілетін электрондық нысандағы өзге талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған: |
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Авиациялық оқу орталығын сертификаттық зерттеу бағдарламасы
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Авиациялық оқу орталығының, азаматтық авиация ұйымның, құрылымдық бөлімшенің атауы Өткізу күні, негіздеме:
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
тексерушілердің Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, жұмыс орны
р/с № | Бағдарлама бойынша позициялар нөмірлері және тексерілетін элементтер | Сәйкестікті бағалау (+/-) | Сәйкессіздік позициясының нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Жарғының түпнұсқасы немесе оның көшірмесі (құрылтай шарты) | ||
2. | Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік (анықтама) | ||
3. | Азаматтық оқу орталығы қызметін регламенттейтін құжаттардың Қазақстан Республикасының және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігі: | ||
1) Даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқау | |||
2) Сапа жөніндегі нұсқау | |||
3) 3)Ұшу қауіпсіздігі жүйесін басқару жөніндегі нұсқау (қажет болғанда) | |||
4) Оқу орталығы құрылымының Жарғыда (Ережеде) белгіленген міндеттерге, функцияларға және қызмет пәніне сәйкестігі | |||
5) Электрондық түрлерін қоса алғанда, кітапхана қорының оқу-әдістемелік әдебиетінің сәйкестігі | |||
6) Оқу жоспары пәндерінің тізбесімен қосымша түлектерге берілетін құжаттардың үлгілері | |||
4. | Персонал: | ||
1) Азаматтық оқу орталығы | |||
2) Штат кестеге сәйкес жинақталуы | |||
3) Персоналдың іс жүзіндегі міндеттерінің және функцияларының атқарып отырған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі | |||
4) Персоналдың кәсіптік деңгейін қолдау жүйесі мен мерзімдерінің белгіленген талаптарға сәйкестігі | |||
5. | Оқу-әдістемелік жұмыс: | ||
1) Түрлері мен бағыттары бойынша бекітілген кәсіптік даярлау бағдарламалары | |||
2) Пәндер бойынша әдістемелік материалдар (анықтамалық, әдістемелік құралдар, таратылатын материал, оқу фильмдері) | |||
3) Білім алушыларды қабылдау, оларды аудару, қайта тағайындау, босату туралы бұйрықтар | |||
4) Оқу жоспарының пәндері бойынша бақылау сұрақтары, емтихан билеттері (тестілері) | |||
5) Дәрістер және практикалық сабақтар мазмұнының өзектілігі және жаңалығы, олардың оқу жоспары мен жұмыс бағдарламаларына, ИКАО ұсынымдары мен талаптарына сәйкестігі | |||
6) Оқу-әдістемелік кеңес отырыстарының хаттамалары (бар болса) | |||
6. | Мамандарды даярлау сапасы. Мамандарды даярлау сапасын бақылаудың енгізілген жүйесінің болуы: | ||
1) Сапаны бақылау жүйесінде жауапты маманның болуы | |||
2) Белгіленген аудит рәсімінің болуы | |||
3) Кері байланыс жүйесі | |||
4) Түзету шараларының жүйесі | |||
7. | Ұшу қауіпсіздігін басқару (қажеттілігіне қарай); | ||
1) Персоналды даярлау және рәсімдер бойынша нұсқауға сәйкес ұшу қауіпсіздігін басқарудың енгізілген жүйесінің болуы | |||
8. | Материалдық-техникалық база: | ||
1) Оқу және қосалқы үй-жайлардың (меншікті немесе жалға алынған) болуы | |||
2) Оқу сыныптарын жарақтаудың мамандарды даярлау міндеттеріне сәйкестігі | |||
3) Жалданатын үй-жайларға, құрылыстарға, жаттығу және ұшу техникасына шарттардың болуы | |||
4) Техникалық оқу құралдарының болуы | |||
5) Қазіргі заманғы электрондық оқу және бақылау құралдарының болуы | |||
6) Қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтау | |||
7) Тиісті өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдай қызметтерінің қорытындысының негізінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларын сақтау | |||
8) Авиациялық оқу орталығының оқу мақсаттары үшін (бар болса) жалға берілетін және (немесе) меншіктегі әуе кемелері бар екенін растайтын шарттардың болуы |
(*) – осы оқу орны үшін міндетті емес (авияциялық оқу орны);
(-1) – қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкес келмеуі;
(-2) – уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімде жойылған немесе шектеулер енгізілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкес келмеуі;
(-3) қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және оны өндіріс жетілдіру кезінде жоюға жататын сертификаттау талаптарына сәйкес келмеуі;
Қосымша: сәйкессіздіктер тізбесі ____ парақта (парақтарда).
Тексерушілер: (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы):
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
"Таныстым" __________________________________________________________
Авиациялық оқу орталығының, азаматтық авиация ұйымның, құрылымдық бөлімшенің басшысы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(қолы) __________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)__________________
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 4-қосымша Нысан |
Сертификаттық зерттеу актісі
____________________________________________________________________
(уәкілетті ұйымның атауы)
20____ жылғы "___" ________ № _____ бұйрығына сәйкес құрамындағы комиссия:
Комиссия төрағасы: __________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.А.), лауазымы)
Комиссия мүшелері: __________________________________________________
(Т.А.Ә.А, лауазымы)
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә.А., лауазымы)
__________________________________ сертификаттық зерттеу жүргізді.
(ұйымның атауы)
Қорытынды мәтіні:
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Комиссия төрағасы: ______________________________ ____________
Т.А.Ә.А. (бар болса) (қолы)
Комиссия мүшелері: ______________________________ ____________
Т.А.Ә.А.( бар болса) (қолы)
______________________________ __________
Т.А.Ә.А. (бар боса) (қолы)
Актімен таныстым:
Ұйым басшысы: __________________________________ ____________
Т.А.Ә.А. (бар болса) (қолы)
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Авиациялық оқу орталығының сертификаты № ________ Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайы 20__ жылғы "___" _________ берілген.
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 11.06.2025 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Осы сертификат ___________________________________________________________
(Авиациялық оқу орталығының, азаматтық авиация ұйымның, құрылымдық бөлімшенің атауы)
авиациялық оқу орталығының Қазақстан Республикасының белгіленген талаптарына, осы сертификатқа қосымшада көрсетілген авиациялық оқу орталығының қолданылу аясына қатысты ИКАО стандарттарына және ұсынылған тәжірибесіне сәйкес келетінін куәландырады.
Сертификат "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ авиациялық оқу орталығының 20____ жылғы "____" _________ № ________ сертификаттық зерттеу актісі негізінде берілген.
Сертификаттың қолданылуы мерзімі 20 __ жылғы "___" _____________ дейін.
Уәкілетті ұйымның басшысы
______________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ЭЦҚ
№___________ | |
Авиациялық оқу орталығының сертификатына қосымша |
Нысан
Авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу аясы
______________________________________________________________________
(Авиациялық оқу орталығының, азаматтық авиация ұйымның, құрылымдық бөлімшенің атауы))
№ | Кәсіби даярлау түрлері | Кәсіби даярлау бағдарламасының атауы |
1 | ||
2 | ||
3 |
Уәкілетті ұйымның басшысы
________________________________________________ ЭЦҚ
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау әне сертификат беру қағидаларына 6-қосымша Нысан |
Авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу аясын ұзарту мүмкіндігі туралы сертификаттық зерттеу актісі
____________________________________________________________________
(уәкілетті ұйымның атауы)
20__ жылғы "___" ________________ № ________ бұйрығына сәйкес
авиация инспекторы
_______________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.А.), лауазымы)
____________________________________________________________________
(ұйым атауы)
сертификаттық зерттеу жүргізді.
Қорытындының мәтіні
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Авиация инспекторы _________________________________________________
(Т.А.Ә.А) (қолы)
Актімен таныстым:
Ұйым басшысы: ________________________________ __________________
(Т.А.Ә.А.) (қолы)
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 7-қосымша Нысан |
Шетелдік авиациялық оқу орталығының сертификатын тануға өтініш
_____________________________________________________________________
(ұйымның атауы немесе өтініш берушінің Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
төмендегі ақпаратты ескере отырып, шетелдік авиациялық оқу орталығының сертификатын тану рәсімін өткізуді сұраймын.
1. Шетелдік авиациялық оқу орталығы орналасқан елдің атауы:
______________________________________________________________________
2. Шетелдік авиациялық оқу орталығының атауы:
______________________________________________________________________
(шетелдік авиациялық оқу орталығының сертификатында көрсетілгендей)
3. Шетелдік авиациялық оқу орталығы сертификатының нөмірі және қолданылу мерзімі (тексеру күні): ________________________________________________________
4. Кәсіптік даярлықтың түрі: _____________________________________________
(бастапқы дайындық, қайта даярлау, кәсіби деңгейді сақтау)
5. Авиациялық персонал: ________________________________________________
(ұшқыштар, ӘҚҚ диспетчерлері, санаты көрсетілген әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал және басқалар)
6. Әуе кемесінің түрі (егер қолданылса): _____________________________________
7. Өтініш берушінің электрондық мекенжайы: ________________________________
8. Өтініш берушінің байланыс телефоны:_____________________________________
9. Құзыретіне шетелдік авиациялық оқу орталығы сертификатын берген шетелдік орган қызметкерінің (қызметкерлерінің) электрондық мекенжайы(лары) шетелдік авиациялық оқу орталығы сертификатының түпнұсқалығын растау кіреді (бұл ақпаратты өтініш беруші тану рәсімдерін жеделдету мүмкіндігі үшін қалауы бойынша ұсынады)
____________________________________________________________________
Осы өтінімге қол қоя отырып, мен шетелдік авиациялық оқу орталығының авиациялық персоналын кәсіби даярлау бағдарламасы жан-жақты зерделенгенін және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетінін растаймын.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 12-тармағына сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
______________________________________________________________________
(азаматтық авиация ұйымы басшысының немесе жеке тұлғаның күні мен қолы)
Азаматтық авиацияның | |
авиациялық оқу орталығын | |
сертификаттау және сертификат | |
беру қағидаларына | |
8-қосымша | |
Нысан |
Қазақстан Республикасы Азаматтық авиацияның авиациялық персоналын кәсіптік даярлауды жүзеге асыратын танылған шетелдік авиациялық оқу орталықтарының тізілімі
№ | Шетелдік авиациялық оқу орталығының (тренажер орталығы) атауы | Сертификаттың № | Тану мерзімінің аяқталу күні | Шетелдік авиациялық оқу орталығының сертификатын берген авиациялық билік елі | Дайындау түрі және бағдарламаның атауы |
1. | |||||
2. | |||||
3. | |||||
4. | |||||
5. |
Жаңартылған: дд мм жж |