Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 наурыздағы № 10554 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, қазақ тілінде тақырыбы өзгермейді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-57) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 158 бұйрығымен бекітілген

Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптар (бұдан әрі – сертификаттық талаптар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-51) тармақшасына сәйкес әзірленген және авиация персоналын кәсіптік даярлауды жүзеге асыру үшін сәйкестік өлшемдерін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын осы сертификаттау талаптары Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, авиация персоналын кәсіптік даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың бәріне қолданылады.

      3. Осы сертификаттық талаптарда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) авиациялық оқу орталығы – авиация персоналын даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсіби деңгейін қолдауды жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – АОО);

      2) авиациялық оқу орталығының нұсқаушысы – өз біліктілігіне сәйкес тікелей азаматтық авиация саласының мамандарын кәсіптік даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлға;

      3) авиациялық персоналды кәсіптік даярлау – кәсіптік деңгейді бастапқы даярлау, қайта даярлау және қолдау;

      4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

      5) аралас оқыту – кәсіптік даярлықты әртүрлі оқыту нысандарын біріктіру арқылы өткізу;

      6) аудит немесе аудиторлық тексеру – бұл ұйымның, жүйенің, процестің, жобаның немесе өнімнің қызметін тәуелсіз бағалау рәсімі;

      7) бастапқы даярлау – құжаттарды бере отырып, авиациялық кәсібі немесе мамандығы жоқ адамды, сондай-ақ авиациялық жаңа кәсіпті және мамандықты игерту мақсатында авиация персоналын кәсіптік оқыту процесі;

      8) белгіленген үлгідегі құжат (куәлік, сертификат) – авиациялық оқу орталығы және/немесе азаматтық авиация ұйымы әзірлеген, уәкілетті ұйыммен келісілген авиациялық персоналды кәсіптік даярлау бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағанын куәландыратын, азаматтық авиация жүйесінде жұмыс істеуге рұқсат беру рәсімдері шеңберінде қызметтің белгілі бір түрін орындауға құқық беретін құжат;

      9) біліктілік – ұйғарылған деңгейдегі міндеттер мен функцияларды тиімді орындау үшін талап етілетін білімнің, дағды мен іскерліктің үйлесімі;

      10) біліктілік белгісі – куәлікке жазылған және оның бір бөлігі болып табылатын жазба, онда осы куәлікке қатысты ерекше шарттар, құқықтар мен шектеулер көрсетіледі;

      11) біліктілік талаптары – арнайы даярлау деңгейі мен бейінін айқындайтын талаптар, сондай-ақ жұмыс өтіліне қойылатын талаптар;

      12) даярлау мен бағалаудың біліктілік жүйесі – оқытылатын персоналды даярлау мен бағалау жүйесі, оған нәтижелерге бағдарлану, операцияларды орындау тиімділігінің стандарттарын айқындау және сақтау, сондай-ақ белгіленген тиімділік стандарттары негізінде оқу курсын әзірлеу тән;

      13) даярлау мен бағалаудың құзыреттілік жүйесі – нәтижелерге бағдарланумен, операцияларды орындау тиімділігінің стандарттарына және осы стандарттарды өлшеуге ерекше назар аударумен сипатталатын авиациялық персоналды даярлау және бағалау жүйесі, сондай-ақ белгіленген тиімділік стандарттарының негізінде оқу курсын әзірлеу;

      14) емтихан алушы – уәкілетті ұйым белгілейтін біліктілік талаптарына сәйкес келетін авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлға;

      15) жаттығу құрылғысында даярлау – авиация персоналын кәсіптік даярлау процесінің кезеңі, одан өткен кезде білім алушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым бекіткен имитациялайтын құрылғылардың көмегімен практикалық дағды мен машықты игереді, ұстайды және жетілдіреді;

      16) ИКАО – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы;

      17) кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламалары – авиациялық оқу орталығы үшін бағыттардың, мамандықтар мен қызметтің ерекшеліктерін көрсететін оқу бағдарламаларын өз бетімен жасау мүмкіндіктерін сақтау арқылы кәсіптік даярлаудың бірізді тәсілін қамтамасыз ететін бағдарламалар;

      18) кәсіптік деңгейді ұстау – авиация персоналын оқытудың ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық дамумен және азаматтардың жеке қажеттілігімен негізделген процесі, оның мақсаты кәсіптік білімді, машық пен дағдыны жаңарту, кеңейту және тереңдету болып табылады, белгіленген үлгідегі құжаттар беріледі;

      19) кешенді (үлгілік) оқыту – кәсіптік даярлықты белгіленген кезеңдегі оқытудың бүкіл бағдарламасын бір мезгілде іске асыру арқылы өткізу;

      20) куәлік, сертификат, диплом – бекітілген бағдарлама бойынша оқудың тәмамдалғанын куәландыратын және біліктілік белгісін алуға немесе тағылымдамадан сәтті өткеннен кейін қызметтің нақты түрін орындауға құқық беретін құжат;

      21) қайта даярлау – авиация персоналы мен авиация инспекторларын оқытудың жаңа (қосымша) кәсіптік білім, дағды, машық (оның ішінде біліктілік белгілерін) алуға және авиациялық техниканы зерделеуге бағытталған процесі, белгіленген үлгідегі құжаттар беріледі;

      22) құзыреттілік – белгілі бір жұмыстың сәтті орындалуын сенімді болжау үшін қолданылатын адамның мүмкіндіктерін өлшеу. Құзыреттілік белгілі бір жағдайларда қызметті жүзеге асыруға немесе міндеттерді орындауға тиісті білімді, дағдыларды және көзқарастарды жұмылдыратын әрекеттер арқылы көрінеді және байқалады.

      23) модульдік оқыту – кадрларды даярлаудың кезеңдік жүйесін пайдаланатын үздіксіз білім беру әдісі, мұнда әрбір саты (модуль) алынған білім мен дағдыны бақылаудың және бағалаудың рейтингтік жүйесі бар аяқталған цикл болып табылады;

      24) оқыту сапасы – белгілі бір стандарттар шеңберінде белгіленген немесе болжамды талаптарға сай келетін даярлық нәтижесі;

      25) оқыту техникасы – білім мен дағдыны барынша тиімді беру мен бақылау үшін оқыту процесінде пайдаланылатын тәсілдер мен әдістер;

      26) практикалық даярлық – авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау процесінің кезеңі, одан өткен кезде білім алушы әуе кемесінде, пайдалану объектілерінде, жаттығу құрылғыларында, интерактивтік оқыту құралдарында, зертханалық және стендтік жабықтарда, сондай-ақ жекелеген құрылғылармен, агрегаттармен және құрамдауыштармен жұмыс істеудің тәжірибелік дағдысы мен машығын игереді, ұстап тұрады және жетілдіреді;

      27) сапа – көрсетілген немесе болжанған қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілетін анықтайтын өнімнің немесе қызметтің ерекшеліктері мен сипаттамаларының жиынтығы;

      28) сапаны қамтамасыз ету – барлық оқу іс-шараларының белгіленген стандарттар мен талаптарға сай келетініне сенімділікті қалыптастыру үшін қажетті барлық жоспарланған және жүйелі іс-қимыл;

      29) сертификаттау талаптары – авиациялық персоналды даярлаудың ұйымға, мазмұнына, деңгейіне және сапасына сәйкестігін белгілеу мақсатында қойылатын авиациялық оқу орталықтарына қойылатын талаптар;

      30) сыртқы аудит – авиациялық оқу орталығының қызметіне объективті баға беру мақсатында шарттық негізде тәуелсіз аудиторлық ұйым (аудитор) өткізетін аудит;

      31) тағылымдама – мамандықты тәжірибеде игеру, қызмет көрсету мен басқару объектілеріне бейімделу, сондай-ақ жұмыс орнында жылдам бағдарлану және жұмыстың жаңа тәсілдерін игеру мақсатында оқытуды қамтамасыз ететін тұлғаның жетекшілік етуімен жұмыс орнында оқыту;

      32) теориялық даярлық – кәсіптік даярлау процесінің кезеңі, одан өткен кезде білім алушы өту кезінде арнайы теориялық білім алады, сондай-ақ оларды бекітілген оқу бағдарламаларына сәйкес қолдайды және жетілдіреді;

      33) ұшуға даярлық – ұшқыштар құрамын кәсіптік даярлау процесінің бір кезеңі, одан өткен кезде білім алушы ұшуды орындауға дағдыланады және машықтанады әрі оны жетілдіреді.

      34) ішкі аудит – менеджментке тәуекелдерді анықтау мен бағалауға және тәуекелдерді азайтуға және жүйелер мен процестердің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды орнатуға көмек беретін басқарушы бағытталған корпоративтік қызмет.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 12.08.2024 № 274 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптар

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-параграф. Құжаттама және ақпаратты сақтау

      4. Кәсіптік даярлау (сертификат алу) жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін АОО осы сертификаттық талаптарға сәйкес мынадай құжаттаманы әзірлейді және уәкілетті ұйымда (қағаз немесе электрондық түрде) келіседі:

      1) персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі басшылық;

      2) сапа жөніндегі басшылық (бұдан әрі – СЖБ);

      3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығымен бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламаларына сәйкес әзірленген кәсіптік даярлау бағдарламалары;

      4) қызмет көрсету барысында әуе кемелерінің ұшуын орындаумен байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі басшылық.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 12.08.2024 № 274 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Өз қызметінің заңдылығын растау үшін АОО:

      1) уәкілетті ұйыммен келісілген кәсіптік даярлау бағдарламалары, АОО нұсқаушы және емтихан алушы персоналы;

      2) АОО басшы, нұсқаушы және емтихан алушы персоналының олардың біліктілігін растайтын құжаттары.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Қызметті жоспарлау, бағдарламалар мен курстарға өзгерістерді бекіту және енгізу, өткізілетін сабақтарға қатысуды бақылауды қамтамасыз ету, білімді аралық және соңғы бақылауды бекіту, құжаттарды тіркеу үшін АОО-да:

      1) АОО-да жүргізілетін кеңестердің, жиналыстардың, оқу-әдістемелік топ (болған кезде) мәжілістерінің хаттамалары;

      2) оқу сабақтарының журналдары;

      3) сабақтар мен ашық сабақтарға бақылау үшін қатысу журналы;

      4) оқуды бітіру туралы құжаттардың берілгенін тіркеу журналы не персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаумен регламенттелген деректерді тіркеудің, сақтау мен берудің автоматтандырылған электрондық жүйесі;

      5) мыналарға:

      оқу процесіне;

      сапа жүйесіне;

      емтиханға немесе тестілеуге;

      ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесіне қойылатын талаптарды орындау үшін қажетті құжаттар жүргізіледі.

      7. АОО-да негізгі қызметін жүзеге асыруға негіз болатын өзекті нормативтік-құқықтық актілер бар.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. АОО құжаттамасын есепке алу жүйесінде мыналар қамтамасыз етіледі:

      1) АОО-да сақталатын есепке алу құжаттарында әр тыңдаушының оқу тарихын құжаттама түрінде растауға және қалпына келтіруге мүмкіндік беретін әр оқу іс-шарасының жазбасы жүргізіледі;

      2) есепке алу құжаттарының оларды заңсыз алу немесе алмастыру мүмкіндігін болғызбайтын тұтастығы, сондай-ақ күтпеген мән-жайлар туындаған жағдайда, оның үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында есепке алудың резервтік жүйесінің болуы қамтамасыз етіледі.

      9. АОО Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес есепке алу құжаттамасын мұрағатқа тапсыру жүйесін әзірлейді.

      10. Басқарушы, нұсқаушы және емтихан алушы персонал құжаттарының ең аз құрамы:

      1) базалық білімі туралы деректер;

      2) кәсіптік даярлау туралы деректер;

      3) лауазымдық нұсқаулықтар;

      4) жұмыс тәжірибесін көрсететін деректер.

      11. Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқау мен сапа жөніндегі нұсқау Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 1-қосымшаға 2-толықтырудан және "Оқу ұйымдарын бекіту жөніндегі нұсқау" DOC 9841 AN/456 ИКАО құжатының ережелеріне негізделген дербес құжаттар болып табылады.

      12. Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқауды қызметтің нақты жағын ашуға арналған жекелеген бөліктер түрінде шығаруға жол беріледі.

2-параграф. Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқау

      13. Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаулық мынадай аспектілерді қамтиды:

      1) сертификаттауға өтініш берілген, іске асырылатын кәсіптік даярлау түрлері мен тиісті курстардың жалпы сипаты;

      2) пайдаланылатын бағдарламалық жасақтама мен оқу курсын іске асыруға арналған жабдықтың сипатын қоса алғанда, ұсынылатын оқу бағдарламаларының мазмұны;

      3) ұйымда қолданылатын сапаны қамтамасыз ету жүйесінің жалпы сипаты;

      4) ұйымда бар үй-жайлардың, құралдар мен жабдықтардың сипаттамасы;

      5) АОО-ның сертификаттау талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге жауапты болып тағайындалған адамның тегі, міндеттері және біліктілігі;

      6) оқытуды жоспарлау мен жүргізуді қамтамасыз ететін, сондай-ақ осы процестерді бақылауды жүзеге асыратын персоналдың міндеттері мен біліктілігінің сипаттамасы;

      7) нұсқаушы және емтихан алушы персоналдың біліктілігін анықтау, қолдау және қызмет саласын кеңейту үшін пайдаланылатын рәсімдердің сипаттамасы;

      8) нұсқаушы және емтихан алушы персоналды даярлау бойынша есепке алу құжаттамасын жүргізу және сақтау тәртібінің сипаттамасы;

      9) егер АОО куәлікті немесе авиациялық персоналдың біліктілік белгісін беруге байланысты емтихандарды, сынақтарды немесе тестілеуді қабылдауды жүзеге асырса (жүзеге асыруды жоспарласа), онда уәкілетті персоналды іріктеудің, рөлінің және міндеттерінің, сондай-ақ осы мақсатта қолданылатын куәліктерді беретін уәкілетті ұйым белгілеген талаптардың сипаттамасы ұсынылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Мазмұнын жаңарту мақсатында персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқауға өзгерістер пен түзетулер енгізіліп, олар нұсқауға енгізілетін өзгерістер парағында тіркеледі, сондай-ақ оларды бекіту тәртібі енгізіледі.

      15. Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқауға енгізілетін өзгерістерді ретке келтіру үшін АОО ақпаратты жинау, талдау, тарату және оның жаңартылуын бақылау жүйесін әзірлейді, ол мыналарға қатысты өзгерістерді қадағалауға мүмкіндік береді:

      1) АОО саясаты;

      2) процестер, рәсімдер, ұйымдастыру;

      3) пайдалану тәжірибесін қолдану;

      4) өткізілетін даярлық көлемі;

      5) оқу бағдарламаларының мазмұны;

      6) жаңа жабдықты орнатуға негізделген нәтижелер;

      7) сертификаттың қолданылуы;

      8) стандарттауды қамтамасыз ету.

      16. Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқау ережелерінің өзектілігін талдау:

      жүйелі негізде (кем дегенде, жылына бір рет);

      негізгі активтердің бірігуі, сатып алу, жылдам өсу немесе шағындап бөлу сияқты ірі оқиғалардан кейін;

      технологиялық өзгерістерден кейін (мысалы, жаңа жабдықтарды енгізу);

      ұшу қауіпсіздігінің қағидалары өзгергеннен кейін жүзеге асырылады.

      17. Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқауға енгізілген бекітілген барлық өзгерістер мен түзетулердің көшірмелері осы персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқау арнайы әзірленген барлық заңды және жеке тұлғаларға жіберіледі. Өзгерістер мен түзетулерді тарату жүйесі міндетті түрде бақылау функциясын қамтиды.

      18. Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаудың құрылымы, сондай-ақ әзірлеуге берілетін ұсынымдар осы Сертификаттық талаптарға 1-қосымшада келтіріледі.

3-параграф. Сапаны қамтамасыз ету жүйесі

      19. АОО-ның сапаны қамтамасыз ету жүйесін қалыптастырудың басты мақсаты оқыту курстарын іске асыру үшін белгіленетін стандартталған рәсімдерді, сондай-ақ уәкілетті ұйым шығарған талаптар мен құжаттарды қатаң сақтай отырып, қажетті нәтижелерге қол жеткізу болып табылады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. АОО өз саясаты мен стратегиясын қалыптастырады, қолданысқа енгізеді және қайта қарайды, оларды қызметті ұйымдастырудың барлық деңгейлерінде қолданылатын жоспарлар мен іс-шаралар етіп түрлендіреді.

      21. Қандай да бір сәйкессіздік анықталған жағдайда, процестер мен рәсімдерді жетілдіруге бағытталған түзетуші әрекет қолданылады.

      22. Оқыту процестерінің барынша жоғары тиімділігін қамтамасыз ету үшін алдын алу түзетуші әрекеттерді де, сондай-ақ туындайтын мән-жайларға орай әрекет ететін түзетуші әрекеттерді қолдану қажет.

      23. АОО-ға сапаны қамтамасыз ету жөніндегі жауапты қызметкер тағайындалады, ол азаматтық авиацияда сапаны қамтамасыз ету саласында 2 (екі) жылда бір рет 1 (бір) кәсіби деңгейде бастапқы даярлықтан және қолдаудан өтеді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі жауапты қызметкер басшыға тікелей бара алады және АОО барлық бөлімшесіне қатынай алады.

      25. Сапаны қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуінің егжей-тегжейлі сипаты АОО-ның сапа жөніндегі нұсқауында көрсетіледі.

      26. Сапа жөніндегі нұсқаулықты авиациялық персоналды даярлау кезінде сапаны қамтамасыз ету саласындағы ИКАО саясатына сәйкес АОО әзірлейді.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқауда сапаны қамтамасыз ету жүйесінің мынадай элементтері айқындалады:

      1) кәсіптік даярлау саласындағы АОО саясаты (клиенттер үшін де, сондай-ақ өзінің қызметкерлері үшін);

      2) ұшуды дайындау және оның қауіпсіздігі стандарттары;

      3) жауапкершілікті бөлу;

      4) ресурстар, ұйымдық және пайдалану процестері;

      5) оқу процесінің жоғарыда аталған саясатқа және ұшу қауіпсіздігінің стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ететін рәсімдер;

      6) саясат пен стандарттардан ауытқуды анықтау және түзету шараларын қабылдау рәсімдері;

      7) іске асырылатын оқу сапасын үнемі жақсарту мақсатында кері байланысты қамтамасыз ету үшін саясат пен оқу стандарттары саласындағы тәжірибе мен үрдістерді бағалау және талдау.

      28. Сапа жөніндегі нұсқаудың құрылымы мен оны әзірлеуге берілетін ұсынымдар осы Сертификаттық талаптарға 2-қосымшада келтіріледі.

      29. Бұл жағдайда АОО және тысқары ұйымдар мен жеке тұлғалар арасында жасалатын жазбаша шартта көрсетілетін қызметтер мен кепілдендірілген сапа деңгейінің толық сипаты қамтылуы тиіс.

      30. Тысқары ұйымдар мен жеке тұлғалар жүзеге асыратын іс-шаралар АОО-ның сапаның қамтамасыз етілуін тексеру бағдарламасына қосылуы тиіс.

      31. Сапаның тиісті деңгейіне қол жеткізу үшін АОО бүкіл персоналдың өздеріне жүктелген міндеттер шеңберінде сапа жөніндегі нұсқауда көрсетілген мақсаттарды түсінуін қамтамасыз етеді.

      32. АОО сапаны қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерді даярлауды жүзеге асырады, ол мыналарды қамтиды:

      1) сапаны қамтамасыз ету тұжырымдамасы және онымен байланысты жүйелер;

      2) сапаны басқару;

      3) сапаны қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық;

      4) тексеру және аудит әдістері;

      5) есептілік және есепке алуды жүргізу.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Оқуды аяқтағаннан кейін және аудит және сапаны бақылау тәжірибесін алғаннан кейін 12 (он екі) ай ішінде сапаны қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер сапаны қамтамасыз ету мәселелері бойынша АОО қызметкерлеріне оқыту жүргізеді.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-параграф. Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі

      34. Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі (бұдан әрі – ҰҚБЖ) – бұл пайдалану және техникалық жүйелерді қаржылық және адами ресурстарды басқарумен біртұтас біріктіретін ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекелдерді бақылауға бағытталған құжатталған саясаттан, процестер мен рәсімдерден тұратын басқару жүйесі.

      35. Ұшу қауіпсіздігі саласындағы АОО саясаты құжат түрінде ресімделіп, оған жауапты басшы қол қояды.

      36. ҰҚБЖ мен сапаны қамтамасыз ету жүйесін "ұшу қауіпсіздігін және сапаны қамтамасыз ету бойынша" бірыңғай функцияға біріктіруге жол беріледі.

      37. Өз қызметтерін ұсыну барысында ұшу қауіпсіздігі үшін қауіп факторларына ұшыраған АОО Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласындағы заңнамасына сәйкес ҰҚБЖ енгізеді, ол:

      1) ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекелдерді айқындайды;

      2) қажетті түзету шараларын қабылдауды қамтамасыз етеді;

      3) ұшу қауіпсіздігі деңгейіне тұрақты мониторинг және тұрақты бағалау жүргізуді көздейді;

      4) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің бөлігі болып табылады.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      38. ҰҚБЖ практикасын енгізу туралы талап қызметі әуе кемесін пайдалану қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін АОО-ға ғана қатысты болады.

      39. Егер:

      1) тыңдаушыларды ұшуға даярлау үшін әуе кемелері пайдаланылса;

      2) әуе қозғалысына қызмет көрсетуші курсант-диспетчерлерді, авиация станцияларының операторларын практикалық даярлау жүзеге асырылған кезде әуеайлақтың, тікұшақ айлағының, тікұшақ алаңдарының АОО пайдаланатын (меншікті, жалға алынған не кәсіптік даярлауға байланысты қызметтер көрсету жөніндегі шарт негізінде) аймағында әуе кемелерін басқару нақты жүзеге асырылса, АОО міндетті түрде ҰҚБЖ бағдарламасын енгізеді.

      40. Егер әуе қозғалысына қызмет көрсетуші курсант-диспетчерлерді кәсіптік даярлау аэронавигациялық көрсетілетін қызметтерді берушінің құрылымындағы АОО-да жүзеге асырылатын болса, онда АОО мен аэронавигациялық көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін ортақ ҰҚБЖ әзірлеуге жол беріледі.

      41. Ұшуды имитациялаудың тек тренажерлік құрылғыларын пайдалана отырып, ұшу экипажы мүшелерін кәсіптік даярлауды АОО жүзеге асыру кезінде ТҚКБ әзірлеу және енгізу талап етілмейді.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 12.08.2024 № 274 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42. Егер АОО авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша кәсіптік даярлауды жүзеге асыратын болса және оқу бағдарламасы шеңберінде өндірістік практикадан өту үшін өз тыңдаушыларын әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді (бұдан әрі – ӘК ТҚ) тікелей жүзеге асыратын ұйымға жіберетін болса, бұл ӘК ТҚ жөніндегі ұйымның ҰҚБЖ-да көзделетін болады.

      43. Өз қызметін ҰҚБЖ шеңберінде жүзеге асыратын АОО ұшу қауіпсіздігі бойынша жауапты қызметкерді тағайындайды, ол даярлықтан және кем дегенде 2 жылда 1 рет ҰҚБЖ саласында кәсіптік деңгейді жүйелі қолдаудан өтеді.

      44. Қызметкердің ұшу қауіпсіздігі жөніндегі міндеттеріне ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жоспарлау, ұшу қауіпсіздігі бағдарламасын іске асыру және ҰҚБЖ жұмыс істеуін қамтамасыз ету кіреді.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45. Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі қызметкер АОО басшысына тікелей бара алады.

5-параграф. Материалдық-мүліктік база

      46. Авиациялық персоналы мен кәсіптік даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін АОО мынадай жабдықтармен қамтылады:

      1) кәсіптік даярлау бағдарламаларын іске асыру үшін жарақталған және белгіленген санитариялық және техникалық нормаларға сәйкес келетін оқу аудиториялары мен үй-жайлар;

      2) әуе кемелері, әуеайлақтар, тікұшақ айлақтары, ұшуды қамтамасыз ететін жерүсті жабдығы (меншікті, жалға алынған, тысқары ұйымдар шарттық талаптарда беретін);

      3) мазмұны оқытылатын персоналды кәсіптік даярлау бағдарламаларының іске асырылуын толық қанағаттандыратын, қағаз және/немесе электрондвқ түрдегі оқу әдебиеті мен әдістемелік материалдар қорымен жабдықталған кітапхана;

      4) жеке және ортақ пайдаланылатын жаттығу құрылғылары (меншікті, жалға алынған, тысқары ұйымдар шарттық талаптарда беретін), оқытудың техникалық құралдары, аудиокөрнекі құралдар, макеттер, агрегаттардың, тораптардың, құрылғылар мен жүйелердің имитаторлары, технологиялық жабдықтар мен құралдар;

      5) персоналға арналған үй-жайлар;

      6) техникалық, санитариялық және тұрмыстық үй-жайлар болады.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      47. Материалдық-мүліктік базаны егжей-тегжейлі сипаттау персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқауда келтірілген.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      48. Әуе кемелері, әуеайлақтар, тікұшақ айлақтары, ұшуды қамтамасыз ететін жерүсті жабдығы жарамдылық нормаларына қатысты Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында белгіленген нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес келуі тиіс.

      49. Осы сертификаттау талаптарының 54-тармағында көрсетілген оқу тренажерларын осы құралдардың кәсіптік даярлау бағдарламаларын іске асыру, тестілеу немесе дағдыларды тексеру кезінде оларды пайдалану үшін жарамдылығы туралы қорытынды бере отырып, уәкілетті ұйым бекітеді.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 12.08.2024 № 274 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      50. Мұндай қорытынды алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға мақұлдау рәсімін өткізу туралы еркін нысанда жазылған хат жіберіледі.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      51. Хатқа жабдықты әзірлеушінің (жасаушы зауыттың) пайдалану сәйкестігін растайтын құжатының (куәлік, сертификат, үлгі сертификаты, сәйкестік сертификаты, акт, хаттама) көшірмесі қоса беріледі.

      52. Ұсынылған құжаттардың негізінде уәкілетті ұйым оң немесе теріс қорытынды беру үшін мәлімделген оқу тренажеріне бағалау жүргізу туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 12.08.2024 № 274 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53. Ұшақтың немесе тікұшақтың ұшуын имитациялайтын пилотаждық тренажерлердің біліктілік деңгейін және жарамдылығын айқындау "Азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бағалау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 436 бұйрығына және ИКАО Doc 9625 құжаты "Пилотаждық тренажерлерді біліктілік бағалау критерийлері бойынша басшылық" (I және II Том) сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 12.08.2024 № 274 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      54. Тренажерлік дайындық мынадай тренажерларда жүзеге асырылады:

      1) ұшуды имитациялайтын тренажер құрылғылары;

      2) кабиналық рәсімдердің тренажерлері;

      3) кешенді пилотаждық тренажерлер;

      4) авариялық-құтқару рәсімдері бойынша тренажерлер;

      5) диспетчерлік тренажерлер.

      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 12.08.2024 № 274 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      55. Әуе қозғалысын имитациялауға арналған жаттығу құрылғыларына техникалық құралдарды келтіретін, әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде пайдаланылатын және практикалық дағды мен рәсімдерді жасап көруге мүмкіндік беретін жабдықтардың кез келген түрлері жатады.

      56. Әуе қозғалысына қызмет көрсететін диспетчерлерді кәсіптік даярлау үшін пайдаланылатын әуе қозғалысын имитациялайтын жаттығу құрылғыларын бекіту пайдалануға жарамдылығы туралы құжаттардың (үлгі сертификаты, актілер немесе сынақтардың, пайдалануға берудің хаттамалары) негізінде жүргізіледі.

      57. Машықтану құрылғыларын, ұшу немесе әуе қозғалысы имитаторларын пайдаланған кезде АОО міндетті түрде:

      1) тиісті біліктілігі бар нұсқаушы, инженер-техник және қосалқы персоналдың болуын;

      2) жоспарлы техникалық қызмет көрсетуді;

      3) пайдалану, қызмет көрсету тарихын және оқу бағдарламаларын іске асыру (сапаны бақылау) процесіне әсер етуі мүмкін функционалдық жай-күйі мен жұмыс сипаттамаларына қатысты кез келген ауытқуларды дәл тіркеуге мүмкіндік беретін есепке алу құжаттамасын жүргізуді қамтамасыз етеді.

6-параграф. АОО персоналы

      58. АОО тиісті дайындық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін ұйымдық құрылымды дербес анықтайды және кадрларды іріктеуді жүзеге асырады.

      АОО нұсқаушылық құрамының орындалатын функцияларын айқындау мақсатында орындалатын функцияларға сәйкес біліктілік санаттарының мынадай белгілері қолданылады:

      1) теориялық дайындықты жүзеге асыратын нұсқаушы;

      2) практикалық дайындықты жүзеге асыратын нұсқаушы;

      3) оқу курстарын әзірлеуші.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 12.08.2024 № 274 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      59. АОО-да оқитын авиациялық персоналдың санаттарына байланысты тікелей қызметті жүзеге асыратын персоналға қатысты жалпыға ортақ талаптардан басқа, әртүрлі біліктілік талаптары қалыптастырылады:

      1) авиациялық персонал куәлігін алу және иеленушілер үшін кандидаттарды кәсіптік даярлау және біліктілік бағалау бойынша;

      2) басқа мамандықтардың авиациялық персоналын кәсіптік даярлау бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 12.08.2024 № 274 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      59-1. Алып тасталды - ҚР Көлік министрінің 12.08.2024 № 274 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      60. Осы сертификаттау талаптарына сәйкес келмейтін АОО-ның басшы, нұсқаушы және емтихан алушы персоналы тиісті кәсіби қызметке жіберілмейді.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      61. АОО кадрлармен қамтамасыз етілуі таңдап алынған оқыту нысанына қарамастан, бекітілген бағдарламаларға сәйкес әр бағыт бойынша авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлауды жүзеге асырудың толық циклын қамтамасыз етуге тиіс.

      62. Кәсіптік даярлау бағыттары бойынша авиациялық оқу орталықтарының басқарушы, нұсқаушы (оқытушылық) және емтихан алушы персоналының құзыреті оның біліміне, біліктілігі мен өкілеттіктеріне сәйкес келуге тиіс.

      62-1. Алып тасталды - ҚР Көлік министрінің 12.08.2024 № 274 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      63. Авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлау жөніндегі қызметті тікелей жүзеге асыратын персонал бірнеше бағытты (пәнді) қоса атқара алады.

      64. Бұл ретте авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларына қатысты кәсіптік даярлау бойынша оқыту әдістемесіне жалпыға бірдей міндетті оқытудан басқа, әр бағыт (пән) бойынша кәсіптік даярлау жоспарланып, жүзеге асырылады.

      65. Авиация персоналын кәсіптік даярлауды жүзеге асыру үшін жұмылдырылатын азаматтық авиация ұйымдарының авиация персоналы практикалық және жаттығу құрылғысында даярлау жүргізілген кезде ғана қатыса алады.

      66. Азаматтық авиация ұйымдарында авиация персоналын теориялық оқытуды жүргізу үшін оқыту әдістемесіне тиісінше оқытудан өтуі тиіс.

      67. Бұл ретте азаматтық авиация ұйымдарының авиация персоналының өзінің кәсіптік міндеттері шеңберіндегі дербес қызметке арналған қолданыстағы рұқсаты болады.

      68. Авиациялық персоналды кәсіптік даярлауды жүзеге асыратын және ағылшын тілінде оқу әдебиеті мен құжаттаманы пайдаланатын АОО-ның персоналы ағылшын тілінде оқытатын кәсіптік даярлықтан өтеді.

      Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      69. Авиациялық персоналды кәсіптік даярлауды жүзеге асыратын АОО-ның персоналы қызмет бағыттарына сәйкес Халықаралық азаматтық авиация ұйымы не халықаралық және өңірлік авиациялық және білім беру қауымдастықтары, ұйымдар мен қауымдастықтар өткізетін мамандандырылған семинарларға, конференцияларға, форумдарға, кеңестер мен іс-шараларға жыл сайын қатысады.

      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      69-1. АОО теориялық даярлық нұсқаушысы мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) жоғары білім;

      2) пән бағыты бойынша бастапқы даярлау және (немесе) қайта даярлау;

      3) азаматтық авиация саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде үш жыл.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар жалпы техникалық, іргелі, экономикалық, гуманитарлық, Медициналық және (немесе) жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша АОО теориялық даярлау жөніндегі нұсқаушыларға қолданылмайды, тиісті салада жоғары немесе орта білімнің болуы және сатып алынған мамандық бойынша кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар қойылады.

      Ескерту. Талаптар 69-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 12.08.2024 № 274 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      69-2. Практикалық дайындық нұсқаушылары АОО мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) жоғары білім;

      2) пән бағыты бойынша бастапқы даярлау және (немесе) қайта даярлау;

      3) игерілген авиациялық кәсіп немесе мамандық бойынша азаматтық авиация саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде үш жыл.

      Ескерту. Талаптар 69-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 12.08.2024 № 274 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      69-3. АОО оқу курстарын әзірлеуші мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) АОО нұсқаушысы ретінде кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі;

      2) курстарды әзірлеушілерді даярлау бағдарламасы бойынша оқуды сәтті аяқтау.

      Ескерту. Талаптар 69-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 12.08.2024 № 274 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      70. Авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлауды тікелей жүзеге асыратын тұлғаларды бастапқы даярлау мен қайта даярлау жоспарланатын даярлау қажеттіліктеріне сәйкес жүргізіледі.

      71. Авиация персоналын кәсіптік даярлау жөніндегі қызметті тікелей жүзеге асыратын персоналдың біліктілік деңгейін ұстау бойынша оқудың толық циклі үш жылдық мерзімділікпен іске асырылады. Бұл ретте толық цикл әр бағыт (пән) бойынша мамандану ескеріліп, талап етілетін барлық көлем бойынша оқуды бітіруді білдіреді.

      72. Авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын кәсіптік даярлауды тікелей жүзеге асыратын тұлғалар оқытылатын орынды таңдау регламенттелмейді және дербес айқындалады. Бұл ретте шетелдік оқу ұйымдарын мақұлдау талап етілмейді. Оқыту көлемі оқытылатын авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларының санатына сәйкес айқындалады.

      73. Авиация персоналының куәлігін алу үшін және оны иеленушілерді кәсіптік даярлауға байланысты қызметті жүзеге асыратын персоналдың:

      1) құжатпен расталған (куәлік, сертификат, диплом) тиісті даярлығының болуы;

      2) біліктілік деңгейін ұстау бойынша оқудан өтуі;

      3) бұрын авиация персоналын кәсіптік даярлауда тәжірибесі болмаса, уәкілетті персоналдың қатысуымен тыңдаушыларға нәтижелері келешектегі қызметі туралы шешім қабылдауға негіз болатын бақылау сабағын өткізуі;

      4) өзінің бағыты (пәні) бойынша оқу материалын қалыптастыруы;

      5) жеке консультациялар мен емтихандарды қоса алғанда, АОО белгілейтін көлемде, бірақ аптасына оқу жылына немесе күнтізбелік жылға қатысты жиынтықтап реттелетін 20 оқу сағатынан аспайтын көлемде сабақтар жүргізуі;

      6) қажетті талаптарға сәйкес әдістемелік материалдарды әзірлеуі және түзетуі;

      7) қажет болған жағдайда, бекітілген бағдарламаларды түзету бойынша ұсыныстар жасауы тиіс.

      74. Авиация персоналының куәлігін алу үшін кандидаттарды және оны иеленушілерді кәсіптік даярлауға және біліктіліктерін бағалауға байланысты қызметті жүзеге асыратын персоналды оқыту осы параграфта көрсетілгеннен басқа мыналарды қамтуға тиіс:

      1) авиация персоналы мен мемлекеттік авиация инспекторларын оқыту әдіснамасының негіздері, оларды кәсіптік даярлаудың жаңа әдістері мен құралдары саласындағы білімді міндетті түрде зерделеу және жаңарту;

      2) қауіп-қатер факторлары мен қателерді бақылауды қоса алғанда, адами фактор саласындағы білімді міндетті түрде зерделеу және жаңарту;

      3) оқытудың әр бағыты (пәні) мен біліктіліктік бағалау бойынша кәсіптік білім мен дағдыны міндетті түрде алу және жаңарту;

      4) авиация персоналын кәсіптік даярлау саласындағы өзекті аспектілерді, даму жолдарын, проблемаларды, жетістіктерді зерделеу және талқылау, тәжірибе алмасу жөніндегі іс-шараларға қатысу;

      5) кәсіптік қызмет процесінде қажет болатын авиациялық техниканың, жерүсті жабдықтардың әрқилы түрлерімен және оларды пайдалану ерекшелігімен танысу;

      6) жаңа мамандықтар мен бағыттарды игеру (қажет болған жағдайда).

      75. Біліктілікті бағалау оқыту процесінде алынған білім мен дағдының ИКАО белгіленген стандарттарына, Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына және кәсіптік қызметтің белгілі бір түріне қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігін тексеру рәсімін білдіреді.

      76. ИКАО стандарттары, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің талаптары және кәсіптік қызметтің белгілі бір түріне қойылатын біліктілік талаптар кәсіптік даярлауда бекітілген бағдарламалар түрінде іске асырылады.

      77. Біліктілік бағалауды арнайы оқудан өткен және уәкілетті ұйымның осы функцияларын орындау үшін тағайындалған емтихан алушылар (емтихан алушылар, тестілеуші мамандар) жүзеге асырады.

      Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      78. Егер емтихан алушылар (емтихан алушылар, тестілеуші мамандар) АОО немесе азаматтық авиация ұйымының қызметкерлері болып табылмаса, онда мұндай бекітуді алу үшін емтихан алушылар уәкілетті ұйымға олардың біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін және оларды Қазақстан Республикасының аумағында емтихан алушы (емтихан алушы, тестілеуші маман) ретінде бекіту туралы еркін нысандағы өтінішпен қоса хат жібереді.

      Ескерту. 78-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      79. Уәкілетті ұйым ұсынған құжаттардың негізінде өтініш берушімен емтихан (тест, әңгімелесу) өткізу туралы немесе оң немесе теріс қорытынды беру туралы немесе қосымша ақпарат ұсыну қажеттігі туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      80. Азаматтық авиация ұйымдарының қызметкерлері болып табылатын және кәсіптік деңгейді қолдау бойынша оқытуды жүргізу кезінде рәсімдерге қатысатын емтихан алушыларға (емтихан алатындарға, тестілеуші мамандарға) осы сертификаттау талаптарының 78, 79-тармақтарында көрсетілген рәсім де қолданылады.

      Бұл ретте уәкілетті ұйымға хат емтихан алушы (емтихан алатын, тестілеуші маман) жұмыс істейтін азаматтық авиация ұйымдарының атынан жіберіледі.

      Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      81. Авиация персоналын авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты кәсіптік даярлау жөніндегі қызметті тікелей жүзеге асыратын персонал:

      1) құжатпен (куәлік, сертификат, диплом) расталған тиісті даярлығының болуы;

      2) біліктілік деңгейін ұстау бойынша оқудан өтуі;

      3) бұрын кәсіптік даярлауда тәжірибесі болмаса, уәкілетті персоналдың қатысуымен тыңдаушыларға нәтижелері келешектегі қызметі туралы шешім қабылдауға негіз болатын бақылау сабағын өткізуі;

      4) жеке консультациялар мен емтихандарды қоса алғанда, АОО белгілейтін көлемде, бірақ аптасына оқу жылына немесе күнтізбелік жылға қатысты жиынтықтап реттелетін 20 оқу сағатынан аспайтын көлемде сабақтар жүргізуі;

      5) қажетті талаптарға сәйкес әдістемелік материалдарды әзірлеуі және түзетуі;

      6) қажет болған жағдайда, бекітілген бағдарламаларды түзету бойынша ұсыныстар жасауы тиіс.

      82. Авиация персоналын авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты кәсіптік даярлау жөніндегі қызметті кәсіптік даярлауға байланысты қызметті жүзеге асыратын персоналды оқыту осы параграфта көрсетілген көлемнен басқа, мыналарды қамтуы тиіс:

      1) қызметі авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты авиация персоналын оқыту әдіснамасының негіздері, оларды кәсіптік даярлаудың жаңа әдістері мен құралдары саласындағы білімді міндетті түрде зерделеу және жаңарту;

      2) қауіп-қатер факторлары мен қателерді бақылауды қоса алғанда, адами фактор саласындағы білімді міндетті түрде зерделеу және жаңарту;

      3) оқытудың әр бағыты бойынша кәсіптік білім мен дағдыны міндетті түрде алу және жаңарту;

      4) жаңа мамандықтар мен бағыттарды игеру (қажет болған жағдайда).

      83. Авиация персоналының өзге санаттарын кәсіптік даярлауға байланысты қызметті жүзеге асыратын персонал:

      1) құжатпен (куәлік, не сертификат, не диплом, не өз бетінше жұмыс істеуге рұқсат) расталған тиісті даярлығының болуға;

      2) біліктілік деңгейін ұстау бойынша оқудан өтуге;

      3) бұрын кәсіптік даярлауда тәжірибесі болмаса, уәкілетті персоналдың қатысуымен тыңдаушыларға нәтижелері келешектегі қызметі туралы шешім қабылдауға негіз болатын бақылау сабағын өткізуге;

      4) жеке консультациялар мен емтихандарды қоса алғанда, АОО белгілейтін көлемде, бірақ аптасына оқу жылына немесе күнтізбелік жылға қатысты жиынтықтап реттелетін 20 оқу сағатынан аспайтын көлемде сабақтар жүргізуге;

      5) қажетті талаптарға сәйкес әдістемелік материалдарды әзірлеуі және түзетуге;

      6) қажет болған жағдайда, бекітілген бағдарламаларды түзету бойынша ұсыныстар енгізуге тиіс.

      84. Авиация персоналының өзге санаттарын кәсіптік даярлауға байланысты қызметті жүзеге асыратын персоналды оқыту осы параграфта көрсетілген көлемнен басқа мыналарды қамтуға тиіс:

      1) авиация персоналын оқыту әдіснамасының негіздері, оларды кәсіптік даярлаудың жаңа әдістері мен құралдары саласындағы білімді міндетті түрде зерделеу және жаңарту;

      2) оқытудың әр бағыты (пәні) бойынша кәсіптік білім мен дағдыны міндетті түрде алу және жаңарту;

      3) жаңа мамандықтар мен бағыттарды игеру (қажет болған жағдайда).

  Авиациялық оқу
орталықтарына қойылатын
сертификаттық талаптарға
1-қосымша

Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі
нұсқаудың құрылымы

      Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқау, кем дегенде, барлық төменде көрсетілген элементтерді олардың кәсіптік даярлаудың іске асырылатын түрлеріне сәйкес келетін шамасында қамтуы тиіс.

Барлық авиациялық оқу орталықтары үшін

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Нұсқауды пайдалану мен қолдану саласына қатысты кіріспе бөлім.

      2. Мазмұны.

      3. Нұсқауға түзетулер енгізу, оны қайта қарау және тарату:

      1) түзетулерді енгізу тәртібі;

      2) түзетулерді тіркеу беті;

      3) таратылып жіберілетін адресаттардың тізімі;

      4) нақты парақтар тізбесі.

      4. Акронимдер және/немесе қысқартулар тізбесін қоса алғанда, анықтамалар мен негізгі терминдер сөздігі.

      5. Мыналарды:

      1) бөліктер мен бөлімдерді, олардың сипатталуы мен пайдалануын;

      2) тармақтардың нөмірлену жүйесін қоса алғанда, нұсқаудың құрылымы мен құрастырылуын сипаттау.

      6. Мәлімделетін кәсіптік даярлау бағыттарына сәйкес қызмет саласының сипаттамасы.

      7. Ұйым (ұйымдық-басқарушылық құрылым схемасы) және лауазымды тұлғалардың тегі.

      8. Мыналарды қоса алғанда (бірақ шектелмей), басқарушы және негізгі өндірістік персоналдың жіктемесі, міндеттері мен субординация тәртібі:

      1) жауапты басшы;

      2) оқу бөлімінің меңгерушісі;

      3) көрсетілетін оқу қызметтері жөніндегі менеджер;

      4) сапаны қамтамасыз ету жөніндегі менеджер;

      5) техникалық қызмет көрсету жөніндегі менеджер (егер қолданылуы мүмкін болса);

      6) ұшу қауіпсіздігі жөніндегі менеджер (егер қолданылуы мүмкін болса);

      7) нұсқаушылар;

      8) емтихан алушылар, аттестаттаушылар және аудиторлар (егер қолданылуы мүмкін болса).

      9. Мыналарға қатысты саясат:

      1) мақсаттар, соның ішінде этикалық нормалар мен моральдық құндылықтар;

      2) персоналды іріктеу және біліктілігінің тиісті деңгейін қамтамасыз ету;

      3) сынақтан өткізу мен қайта қарау қажеттілігін қоса алғанда, оқу бағдарламаларының құрылымы мен қалыптасуы, сондай-ақ оқу бағдарламаларын әзірлеу мақсатында тысқары ұйымдарды тарту;

      4) оқу материалдары мен құралдарын бағалау, іріктеу және жаңарту;

      5) оқу құралдары мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету;

      6) сапаны басқару жүйесінің моделін әзірлеу және ұстау;

      7) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің моделін іске асыруды қоса алғанда (қажет болған кезде), еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мәдениетті әзірлеу және ұстау.

      10. Мыналарды қоса алғанда, қолда бар құралдар мен жабдықтарды сипаттау:

      1) үй-жайларды, сақтау қоймаларын және мұрағаттарды, кітапхананы немесе анықтамалық құжаттамаға арналған үй-жайларды қоса алғанда, ортақ пайдалану құралдары;

      2) орнатылған жабдықты қоса алғанда, аудиториялардың саны мен алаңы;

      3) егер олар негізгі оқу объектісінің аумағынан тыс орналасқан болса, жаттығу құрылғыдарының, ұшу немесе әуе қозғалысы имитаторларының орналасқан жерін қоса алғанда, олардың үлгісі мен саны.

2-тарау. Кадрларды даярлау

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. АОО сертификаттау талаптарының 6-параграфының талаптарына сәйкес кадрлармен қамтамасыз етуге байланысты барлық аспектілер егжей-тегжейлі ашылады.

      12. Персоналды кәсіптік даярлау және олардың біліктілігі стандарттарын қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың тегі немесе лауазымдарының атаулары міндетті түрде көрсетілуге тиіс.

      13. Аттестаттау және нұсқаушы мен емтихан персоналының біліктілігін айқындау тәртібінің толық сипаттамасы келтіріледі.

      Нұсқаушы және емтихан алушы персоналды аттестаттау және олардың біліктілігін айқындау осы сертификаттау талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау хаттамасымен ресімделеді және сертификаттау талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік парағы толтырылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Басқару жүйесінің процестеріне қатысты міндеттер тізбесімен танысуды қоса алғанда, бүкіл персоналды бастапқы даярлау және біліктілігінің деңгейін ұстау бағдарламаларының егжей-тегжейлі сипаттамасы келтіріледі.

      15. Кәсіптік даярлау және біліктілігін ұстау деңгейін тексеру рәсімдері ашып көрсетіледі.

      15-1. АОО-ның нұсқаушы және емтихан алушы персоналының тағылымдамадан өту тәртібінің толық сипаттамасы келтіріледі.

      Ескерту. Талаптар 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Оқу бағдарламалары

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Курстың оқу бағдарламасы әр модульмен қамтамасыз етілетін теориялық білімге де, сол сияқты тәжірибелік оқуға да қатысты оқу мақсаты мен төменде көрсетілген ақпаратты қамтитын, модульдерге бөлінген бірыңғай құжатты білдіреді.

      17. Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаудың мән мәтінінде бөлімнің басында қолданылатын оқу бағдарламалары құрылымының егжей-тегжейлі сипаттамасы келтіріледі. Бұл ретте оқу бағдарламаларының пайдаланылатын құрылымы, кем дегенде, төменде көрсетілген бөлімдерді қамтуға және осы қосымшаның 3-бөлімінде келтірілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

      18. Оқу бағдарламалары кәсіптік даярлау бойынша көрсетілетін қызметтердің толық спектрін қамтуға тиіс және оқу жоспарынан, іске асыру кезіндегі қосымша жағдайлар мен ерекшеліктерден, теориялық даярлау бөлімінен (егер қолданылуы мүмкін болса), тәжірибелік даярлау бөлімінен (егер қолданылуы мүмкін болса) тұрады.

      19. Оқу жоспары мыналарды қамтуға тиіс:

      1) тыңдаушының даярлау нәтижесінде білуі және жасай алуы тиістіні баяндау түріндегі курстың мақсаты, оқуды аяқтағаннан кейін оның құзыреттілігі (орындалатын функциялар) және осы курста оқудан өту үшін ықтималды шектеулер;

      2) мыналарды:

      ең төмен жасты;

      біліміне немесе біліктілігіне қатысты талаптарды;

      медициналық талаптарды;

      тіл талаптарын қоса алғанда, оқуға түсуге байланысты талаптар.

      20. Білім алушылардың өткен білімін, тәжірибесін немесе өзге даярлығын есепке алу.

      21. Мыналарды:

      1) теориялық даярлауды (білім);

      2) практикалық даярлауды (дағды);

      3) адами фактор саласындағы даярлауды (адамның мүмкіндіктері бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық материал ИКАО 9683 құжатында қамтылған);

      4) аттестаттау мен емтихандарды;

      5) аттестаттауды және емтихан алу іс-шараларын қоса алғанда, оқу процесін бақылауды қоса алғандағы, оқытудың ашып көрсетілген бағдарламасы.

      22. Мыналарға:

      1) тыңдаушылар мен нұсқаушыларды оқыту кезеңдерінің ұзақтығына қатысты шектеулерге;

      2) ең аз демалыс ұзақтығына (егер қолданылуы мүмкін болса) қатысты уақытша шектеулер.

      23. Мыналарды қоса алғанда, тыңдаушыларды аттестаттаудың басшылыққа алынатын қағидаттары:

      1) тестілерді жүргізуді бекіту тәртібі;

      2) қайта тестілеу алдындағы қосымша даярлау тәртібі және білімді тексеруге арналған тестілерді қайта тапсыру тәртібі;

      3) тестілер хаттамалары мен нәтижелерін тіркеу;

      4) дағдыны алу барысын тексеру тәртібі және дағдысын қолдануға арналған тестілер;

      5) теориялық даярлау барысын тексеру тәртібі және білімді тексеруге тестілеуді дайындау тәртібін, сұрақтар мен бағалау үлгілерін, сынақ немесе емтихан алу үшін қажетті нормаларды қоса алғанда, білімді тексеруге арналған тестілер;

      6) сұрақтарды талдау және қарау мен жаңа емтихандарды жүргізу тәртібі (білімді тексеруге арналған тестілерге қатысты қолданылады).

      24. Мыналарды қоса алғанда, оқыту тиімділігінің басшылыққа алынатын қағидаттары:

      1) оқу бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимыл жасау тәртібі;

      2) есептілік пен құжаттамаға қойылатын талаптар;

      3) оқытудың кемшіліктерін анықтау үшін кері байланыстың ішкі жүйесі;

      4) стандарттауды қамтамасыз ету мақсатында даярлаудың әртүрлі кезеңдерінде оқыту бағдарламасын орындау нормалары;

      5) тыңдаушылардың жеке міндеттері;

      6) оқытудың қанағаттандырылмаған барысын түзету тәртібі;

      7) нұсқаушыларды алмастыру тәртібі;

      8) бір тыңдаушыға есептегенде нұсқаушыларды алмастырудың ең жоғары саны;

      9) тыңдаушыны сабақтардан уақытша шеттету тәртібі.

      25. Егер АОО нәтижесі авиация персоналының куәлігін беру немесе біліктілік белгісі болып табылмайтын курстарды жүргізетін болса, онда осындай курстардың оқу бағдарламасы мыналарды қамтиды:

      1) талаптарды және әрбір пән бойынша даярлау мақсаттарын айқындаумен теориялық және тәжірибелік даярлаудың оқу жоспары;

      2) тиісті мерзімділікпен негізгі жаттығулардың тізбектілігін оқу және қайталау үшін неғұрлым тиімді оқыту бағдарламаларын іске асыру мақсатында кезеңдерді құру сұлбаларын көрсетумен оқыту курсын кезеңдерге бөлу тәртібін баяндау;

      3) әрбір кезең үшін және әр кезеңнің шеңберінде сабақтар сериясы үшін бағдарлама бойынша оқу сағаттары және оқу барысын тексеруді жүргізу мерзімдері;

      4) бір даярлау кезеңінен басқа даярлау кезеңіне өту үшін қажетті біліктіліктің деңгейлерін көрсету (тәжірибеге қойылатын ең аз талаптар, кезекті кезеңге өтер алдында тәжірибелік жаттығуларды қанағаттанарлық орындау);

      5) оқу әдістемесіне қойылатын талаптар;

      6) үлгерушілікті тексеруді жүргізуді және құжаттық рәсімдеу;

      7) қажет болған кезде емтихандар мен тестілерге қатысты нұсқаулықтар.

4-тарау. "Куәлік немесе біліктілік белгісін беру мақсатында жүргізілетін емтихандар, тестілер және тексерулер

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Осы бөлім азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның рұқсатына сәйкес куәлікті немесе біліктілік белгісін беруге байланысты тестілеуді жүзеге асыратын не осындай қызметті жоспарлайтын АОО үшін талап етіледі.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Біліктілік бағалауды АОО жүзеге асырады. Бағалауды жүзеге асыру үшін АОО тиісті персоналды кәсіптік даярлауды жүзеге асырады және уәкілетті ұйымға емтихан алушылар (емтихан алушы, тестілеуші мамандар) ретінде көрсетілетін тұлғаларды бекіту туралы еркін нысандағы өтінішпен бірге хат, оқудан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаудың көшірмесін жібереді, онда:

      1) тестілер мен емтихандарды жүргізуге уәкілетті қызметкерлердің тегі, олардың өкілеттіктерінің шеңбері;

      2) емтихан алушылардың функционалы;

      3) емтихан алушы нұсқаушы ретінде әрекет ететін оқу бағыттары (пәндер);

      4) емтихан алушыларға қойылатын біліктілік талаптары, сондай-ақ оларды іріктеу мен тағайындау рәсімдері;

      5) емтихан алушылардың біліктілігін қолдау;

      6) емтихан алушылар қызметінің бағытына қатысты белгіленген талаптар, атап айтқанда:

      тексерулер мен тесттер жүргізу кезінде сақталуға жататын рәсімдер;

      егер АОО куәлікті немесе біліктілік белгісін беру үшін талап етілетін тестілеуді өткізу үшін қызметкерлерді тағайындаса;

      емтихан алушыларды тағайындауға, сондай-ақ іріктеуге қатысты ең аз талаптар;

      тестілеу хаттамаларын ресімдеу және сақтау.

      Уәкілетті ұйым осы қызмет түрін мақұлдау рәсімін жүргізеді және персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі басшылықта рәсім бөліміне тиісті жазба енгізеді.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Есептік құжаттама

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Осы бөлімде мыналарға:

      1) сабақтарда болу журналдарына;

      2) тыңдаушылардың оқуын есепке алуға;

      3) өз персоналын даярлауға және оның біліктілігін есепке алуға;

      4) есепке алу құжаттамасы мен тыңдаушылар журналдарын тексеруге жауапты тұлғаларға;

      5) есепке алу құжаттамасын тексерудің сипаты мен кезеңділігіне;

      6) есепке алу құжаттарына жазбалардың енгізілуін стандарттауға;

      7) журналдарға жазбалар енгізуге;

      8) есепке алу жазбалары мен құжаттарының сақталуына қатысты саясат пен рәсімдер егжей-тегжейлі ашып көрсетіледі.

6-тарау. Сапаны қамтамасыз ету жүйесі

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Осы бөлім 2-тарадың 3-параграфының, сондай-ақ АОО сертификаттау талаптарының 2-қосымшасының талаптарына сәйкес сапаны қамтамасыз ету жүйесі тәжірибесінің қысқаша сипаттамасы болып табылады.

7-тарау. Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Осы бөлім АОО сертификаттау талаптарының 2-тарауы 3-параграфына сәйкес ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің егжей-тегжейлі сипаттамасы болып табылады.

8. Толықтырулар

      Осы бөлім АОО сертификаттау талаптарының 2-тарауы 2-параграфында көрсетілмеген қажетті қосымша құжаттардың тізбесінен және олардың егжей-тегжейлі сипаттамасынан тұрады.

Әуе кемелерін пайдалана отырып, пилоттарды
Бастапқы даярлауды жүзеге асыратын
АОО үшін қосымша мазмұн

      Әуе кемелерін пайдалана отырып, пилоттарды даярлауды қамтамасыз ететін АОО үшін Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаудың бөлімдері, бөлімде көрсетілгендерден басқа, қолданылу мүмкіндігін ескере отырып, кем дегенде барлық төменде көрсетілген элементтерді қамтуы тиіс.

      Осы бөлімдердің мазмұнын қалыптастырған кезде оның ұшуға даярлықтың барлық аспектілерін түгел қамтуға тиіс екендігін және машықтанып жаттығу ұшуларды жүргізу жөніндегі жекелеген нұсқауды құрастыруға әкелмеуге тиіс екендігін есепке алу талап етіледі.

9-тарау. Ұшу дайындығы

      Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Мыналарды қоса алғанда, бірақ шектелмей, басқарушы және негізгі өндірістік персоналдың жіктемесі, міндеттері мен субординация тәртібі (осы қосымшаның 8-тармағында көрсетілгенге толықтыру ретінде):

      1) бас пилот-нұсқаушы;

      2) жерүсті даярлау жөніндегі бас нұсқаушы.

      29. Мыналарға:

      1) ұшуды бекітуге;

      2) әуе кемесі командирінің міндеттеріне;

      3) ұшуды жоспарлау рәсімдері – жалпы ережелерге;

      4) жолаушыларды тасымалдауға;

      5) ұшуды басқару жүйелеріне;

      6) қауіптер көздері, авиациялық оқыс жағдайлар мен оқиғалар туралы хабарламаларды беруге;

      7) ұшу құрамы мен тыңдаушылардың жұмыс уақыты мен ұшатын жұмыс уақытының шектеулеріне;

      8) ұшу құрамы мен тыңдаушылардың демалуының ең аз ұзақтығына қатысты саясат пен рәсімдер.

      30. Мыналарды:

      1) ұшу жағдайларын имитациялайтын тренажерлерді және машықтанып жаттығу әуе кемелерін;

      2) техникалық қызмет көрсету құралдарын және машықтанып жаттығу әуе кемелері тұрақтарының перрон орындарын;

      3) компьютерлермен жабдықталған аудиторияларды;

      4) нұсқама алу үшін диспетчерлік жайлар мен үй-жайларды қоса алғанда, қолда бар құралдар мен жабдықтардың сипаттамасы (осы қосымшаның 10-тармағына толықтыру ретінде).

10-тарау. Әуе кемелерін пайдалану бойынша ақпарат

      Ескерту. 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Сертификаттық және пайдаланушылық шектеулер.

      32. Мыналарды:

      1) ұшу-техникалық шектеулерді;

      2) бақылау карталарын пайдалануды;

      3) пайдаланудың стандарттық ережелерін;

      4) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету ережелерін қоса алғанда, әуе кемесін басқару.

      33. Әуе кемесін жүктеу мен жүкті бекіту жөніндегі нұсқаулықтар.

      34. Отын құю қағидалары.

      35. Авариялық жағдайдағы іс-қимыл тәртібі.

11-тарау. Маршруттар

      Ескерту. 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Ұшып көтерілу, маршрут бойынша ұшу және қону сияқты ұшу-техникалық критерийлері.

      37. Мыналарды:

      1) отын мен майға қатысты талаптарды;

      2) ұшудың ең төмен қауіпсіз биіктіктерін;

      3) штаттан тыс жағдайдағы немесе маршруттан ауытқыған кездегі іс-қимылдар тәртібі сияқты төтенше оқиғалар жағдайына жоспарлауды;

      4) навигациялық жабдықты қоса алғанда, ұшу жоспарын жасау тәртібі.

      38. Күндіз, түнде, АҰҚ және ВҰҚ бойынша барлық машықтанып жаттығу ұшуларын орындауға арналған ауа райы минимумдары.

      39. Даярлаудың әртүрлі кезеңдерінде барлық машықтанып жаттығу ұшуды орындауға арналған ауа райы минимумдары.

      40. Оқу маршруттары мен практикалық сабақтар аймақтары.

12-тарау. Оқу ұшуларының жоспары

      Ескерту. 12-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. Қолданыла алатындығын ескеруді қоса алғанда, курс не кәсіптік даярлау курсы бөлімі (осы қосымшаның 3-бөлімінің ережелеріне толықтыру ретінде):

      1) курс не ұшуға даярлау курсының бөлімі (бір қозғалтқышты әуе кемесі);

      2) курс не ұшуға даярлау курсының бөлімі (көп қозғалтқышты әуе кемесі);

      3) курс не теориялық даярлау курсының бөлімі;

      4) курс не ұшу жағдайларын имитациялайтын жаттығу тренажерлерінде даярлау курсының бөлімі.

      42. Ұшуға даярлаудың, жерүсті даярлаудың және ұшу жағдайларын имитациялайтын тренажерлерде даярлаудың күнделікті және апта сайынғы бағдарламаларының жалпы сұлбасы.

      43. Мынадай аспектідегі даярлау қағидаттары:

      1) күрделі метеожағдайлар бойынша шектеулер;

      2) күніне/аптасына/айына тыңдаушыларды оқытудың ең көп уақыты (ұшуға даярлау, теориялық даярлау және пилотаждық тренажерде даярлау);

      3) тыңдаушыларды оқыту кезеңдеріне қатысты шектеулер;

      4) әртүрлі сатыларда оқу ұшуларының ұзақтығы;

      5) нақты уақыт кезеңінде күндіз немесе түнде тыңдаушы жеке өзі ұшқан сағаттардың барынша көп саны;

      6) нақты уақыт кезеңінде күндіз немесе түнде тыңдаушының жеке оқу ұшуларының барынша көп саны;

      7) оқу кезеңдері арасындағы демалудың барынша аз ұзақтығы.

  Авиациялық оқу
орталықтарына қойылатын
сертификаттық талаптарға
2-қосымша

Сапа жөніндегі нұсқаудың құрылымы

      Сапа саласындағы саясат 1-қосымшаға 2-толықтырудың тиісті бөліктерінің және 9841 ИКАО құжатының, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінің және АОО-ның ықтималды қосымша стандарттарының талаптарын тұрақты негізде іске асыру мен сақтауды көрсетеді.

1-тарау. Сапа саласындағы Стратегия мен саясат

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593№ 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Барынша ықтималды сапа стандарттарына қол жеткізу және қамтамасыз ету жоспарында АОО жауапты басшысының міндеттемелерін көрсете отырып, АОО барлық ұйымдық деңгейлеріндегі сапа саласында қолданылатын саясат пен стратегияны негіздеу, іске асыру рәсімдері, қайта қарау, іс-шараларды жоспарлау.

      2. Сапаны қамтамасыз ету жүйесі үшін жалпы жауапкершілікті, ішкі басқару әдістерін қайта қарау және талдау жөніндегі іс-шаралардың мерзімділігін, нысаны мен құрылымын қоса алғанда, АОО басшысының жауапкершілігі.

      3. Егер АОО құрылымында көзделген болса, онда сапаны қамтамасыз ету жөніндегі міндеттердің орындалуы үшін жауапкершілікті АОО сапасын қамтамасыз ету жөніндегі маманға жүктеу.

      4. Авиациялық мамандарды даярлау саласындағы АОО белгілеген стандарттарды және уәкілетті ұйымдардың кез келген қосымша талаптарын орындау саласындағы барлық қызметін мониторинг жолымен тексеруді қоса алғанда, сапаны қамтамасыз ету жөніндегі маманның негізгі функциялары.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі маманның сапаны қамтамасыз ету жүйелерін тиісінше құжаттық ресімдеу, енгізу, ұстау, тұрақты талдау және жетілдіру үшін жауапкершілігі.

      6. Кәсіптік даярлау сапасына ықпал ететін проблемалар туралы АОО жауапты басшысының толық хабардар болуын қамтамасыз ететін бағыныштылық, есептілік тәртібі, сапаны қамтамасыз ету жөніндегі маманның АОО барлық бөлімшелеріне кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету.

      7. Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі маманның сапаны қамтамасыз ету жүйесіне байланысты АОО персоналының кәсіптік даярлығын жүргізу үшін жауапкершілігі.

2-тарау. Сапаны қамтамасыз ету (СҚ)

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593№ 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Осы бөлімді әзірлеген кезде көрсетілетін қызметтерді тексеру мен бақылаудың – өнімдер мен көрсетілетін қызметтердегі ақаулықтарды анықтауға бағытталған, бірақ осы ақаулықтары болдырмауды қамтамасыз етпейтін "сапаны бақылау" шаралары ғана екенін есепке алу керек. СҚ мақсаты азаматтық авиация мамандарын кәсіптік даярлау процесін жетілдіру және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ проблемалардың туындауының басты себептері болып табылатын факторларды анықтау, болдырмау немесе, кем дегенде, барынша азайту болып табылады. СҚ әртүрлі бақылау кезеңдері мен тетіктерін белгілеу арқылы бүкіл оқу процесі барысында стандарттардың тұрақты сақталуын көздейді. Содан басқа, СҚ ресми бекітілген саясатты, процестерді, рәсімдерді мүлтіксіз сақтау мақсатында аудит жүйесін көздейді және оны "қамтамасыз ететін" сапаны басқарудың сол бөлігі болып табылады.

      9. Осы мақсатпен кем дегенде, мынадай іс-шараларға жататын қағидаттар, рәсімдер мен процестерден тұратын СҚ жоспары жасалады:

      1) кәсіптік даярлау бойынша ұсынылатын қызметтер мониторингі және оқу процесін бақылау тетіктері;

      2) бағалау мен тексеру әдістерінің мониторингі;

      3) АОО персоналының біліктілік және даярлық деңгейінің мониторингі;

      4) оқу тренажерлерінің сәйкес болуының, бапталуының және функционалдығының мониторингі (егер қолданылуы мүмкін болса);

      5) ішкі және сыртқы аудитті жүргізу;

      6) түзетуші және профилактикалық іс-шараларды, сондай-ақ олармен байланысты есептілік жүйелерін әзірлеу, іске асыру және мониторингілеу;

      7) туындайтын беталыстарды анықтау және оларға тиісінше ден қою үшін тиісті статистикалық талдауды қолдану.

3-тарау. Сапаны қамтамасыз ету жүйесі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593№ 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Осы бөлімді әзірлеген кезде келісілген күш-жігерді жұмсау арқылы сапаны қамтамасыз ету жүйесінің сапаны басқаруға кешендік тәсілді қамтамасыз етуге бағытталған АОО барлық іс-шараларының, жоспарларының, саясатының, процестерінің, рәсімдерінің, ресурстарының, бастамалары мен инфрақұрылымның жиынтығын білдіретіндігін есепке алу керек.

      11. Бұл үшін осы бөлімде сапаны басқару саласында озық тәжірибені енгізу арқылы жоғары сапаға қол жеткізгені үшін барлық қызметкерлердің жауапкершілігін нығайтатын құжаттамалық саясаттың, процестердің, рәсімдер мен ресурстардың толық жиынтығын қамтитын әзірленген ұйымдық құрылым келтіріледі.

      12. Сапаны қамтамасыз етудің тиімді жүйесінің негізгі элементтері кем дегенде мыналарды қамтуға тиіс:

      1) шешімдерді қабылдауға жауапты тұлғаларға сөзсіз және кедергісіз қолжетімділікті жеңілдететін және ықпал ететін басқару құрылымы;

      2) барынша аз талаптарды құр сақтап қана қоймай, барынша көп даярлау сапасын қамтамасыз ететін АОО-ның кешенді міндеттемесі;

      3) сапа саласында әзірленген саясат, процестер мен рәсімдер, сондай-ақ қолдану, қайта қарау және оңтайландыру тәртібі;

      4) сапаны басқаруда озық тәжірибені енгізу мен таратуды қамтамасыз ететін АОО персоналын кәсіптік даярлау жоспары;

      5) ұйым тәуекелдерінің сипаттамасы және жиынтығында АОО қызметіне байланысты қауіптердің түбегейлі тізбесін қалыптастыратын және тиімділіктің қалаулы стандарттарына қол жеткізуге қауіп төндіретін тәуекелдерді тиімді басқару бойынша өтеу шараларын белгілейтін тәуекелдерді басқарудың тиісті жоспары;

      6) салада өзгеріп жатқан беталыстарды немесе АОО ішінде болып жатқан өзгерістерді есепке ала отырып, олардың орындылығын тексеру негізінде АОО ағымдағы міндеттері мен жоспарларын бағалайтын саясат пен рәсімдерді стратегиялық қайта қарау.

4-тарау. Тәуекел сипаттамасы

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593№ 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Осы бөлімді әзірлеген кезде тәуекелдер сипаттамасы тиімділіктің қажетті стандарттарын сақтауға кедергі жасауы мүмкін анықталған қауіптер мен қатерлерді түгендеу екенін ескеру керек.

      14. "Сапаға қауіп-қатер" тізбесін қалыптастыру төмендегілер кіретін оқу бағдарламаларын іске асыру кезінде тән іс-шараларды бастапқы жасау жолымен жүзеге асырылады:

      1) АОО персоналын іріктеу және оқыту;

      2) оқу бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және қайта қарау;

      3) оқу курсының бағдарламалық қамтамасыз етілуін әзірлеу және өзектендіру;

      4) әкімшілік персоналдың оқу бағдарламасын, нұсқаушылар мен емтихан алушыларды, сондай-ақ тыңдаушыларды қамтамасыз ету жөніндегі функциялары;

      5) кәсіптік даярлау бағдарламаларын іске асыру;

      6) құжаттаманы жүргізу;

      7) бағалау және емтихандық тексеру;

      8) азаматтық авиация саласындағы білім алушылармен және уәкілетті ұйыммен кері байланыс.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Қалыптастырылған тізбе оқу бағдарламаларын іске асыру кезінде осы іс-шаралардың әрбіреуіне байланысты қауіптер мен қатерлер туралы мәліметтермен толықтырылады.

      16. Осы процесс нәтижесінде анықталған тәуекелдер сондай-ақ қолданыстағы мән-жайларды немесе жағдайларды өзгерткен кезде көрініс табуы мүмкін әлеуетті тәуекелдерді қамтуға тиіс.

      17. Тәуекелдерді (бар немесе әлеуетті) төмендету және/немесе жою, сондай-ақ тиісті бақылау шараларын қолдану арқылы оларды тиімді басқару мақсатында Тәуекелдерді басқару жоспары жасалады.

      18. АОО персоналының оны дәл орындауы және жақсарту бойынша пікірлерді қалыптастыру мақсатында тәуекелдерді басқарудың қолданыстағы жоспарына еркін қолжетімділігі болуға тиіс.

5-тарау. Талаптардың келісілу матрицасы

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593№ 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Осы бөлімді әзірлеген кезде нормативтік құжаттаманы қолдануға байланысты барлық аспектілерді есепке алып, төменде көрсетілген ұсынымдарды ұстану керек.

      20. Осы бөлімде АОО сақтауға міндетті барлық қолданыстағы нормативтік талаптарды егжей-тегжейлі қамтитын, кесте түрінде ресімделген құжат түрінде болатын Талаптардың келісілгендігінің матрицасы (сәйкестік матрицасы) деп аталатын жоғарыда көрсетілген іс-шараларға қосымша элемент ашып көрсетіледі.

      21. Сонымен қатар, келісілгендік матрицасы:

      1) нақты нормативтік-құқықтық актіге және/немесе стандартқа тұрақты сәйкестікті қамтамасыз етуге арналған қолданыстағы процестерді;

      2) әрбір процесті тиімді жүзеге асыру үшін жауап беретін басшының лауазымын айқындайтын кем дегенде екі сипаттаушы элементті қамтуға тиіс.

      22. Келісілгендік матрицасында аталған процестердің әрбіреуінің функционалдығын тексеруге арналған соңғы өткізілген және кезекті жоспарланған аудиттер көрсетіледі.

      23. Кез келген соңғы аудит барысында жасалған қорытындылар матрицада көрсетіледі немесе бөлек журналда құжаттамалық ресімделеді.

      24. Талаптардың келісілгендігі матрицасын сапаны қамтамасыз ету жөніндегі маман жасайды, жүргізеді және оны қайта қарау процестерін бақылайды.

      25. АОО персоналының оны дәл орындауы және жақсарту бойынша пікірлер қалыптастыру мақсатында ағымдағы келісілгендік матрицасына еркін қолжетімділігі болуға тиіс.

6-тарау. Түзету және алдын алу шаралары туралы есептер

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593№ 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Осы бөлімді әзірлеген кезде сапаны қамтамасыз етудің кез келген жоспарлары сапаны қамтамасыз етудің қажетті элементі ретінде түзетуші және профилактикалық шараларға қатысты АОО персоналының ұсыныстарын тіркеуді және оларға дереу ден қоюды қамтамасыз ететін есептіліктің нақты құрылымдалған жүйесін қамтитынын есепке алу керек.

      27. Әрбір нақты жағдайда айырмашылықты және/немесе сәйкес келмеушілікті жоюға тиіс тұлғаны және/немесе тұлғалар тобын, сондай-ақ түзетуші шаралар белгіленген мерзімде қолданылмаған болса, іс-қимылдар тәртібін айқындау.

      28. Есептілік жүйесінде тексерістер жүргізуге және қызмет нормативтерінің талаптарын бұзушылықтардың алдын алуға қабілетті шаралар көрсетілген ақпаратқа ден қоюға міндетті жауапты тұлғаны айқындау.

      29. Барынша ашық және тиімді есептілік үшін мүмкіндіктерді жасау мақсатында түзетуші және профилактикалық шаралар бөлігінде ақпаратты жасырын жіберуге қатысты саясат қосымша айқындалады.

      30. Есептілік жүйесін жасау, сүйемелдеу және түзету кезінде сапа жөніндегі маманның функцияларын айқындау.

7-тарау. Сапа мәселелері жөніндегі құжаттама

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593№ 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Осы бөлімде сапаны қамтамасыз етуге сілтемелер мен АОО сапасын қамтамасыз ету жүйесінде қолданылатын құжаттаманың толық сипаттамасы бар АОО барлық құжаттамасының тізбесі, қысқаша сипаттамасы келтіріледі.

      32. Кем дегенде, персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаудың сапаны қамтамасыз ету мәселелерін қозғайтын бөліктерінің тізбесі мен қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ мыналарды:

      1) сапа саласындағы саясат пен стратегияны;

      2) терминдер глоссарийін;

      3) ұйым тәуекелдерінің сипаттамасын;

      4) тәуекелдерді басқару жоспарын;

      5) талаптардың келісілгендігінің матрицасын;

      6) түзетуші және профилактикалық шараларға қатысты есептілік тәртібі мен жүйесін;

      7) даярлаудың нақты стандарттарын;

      8) ұйымның сипаттамасын;

      9) функциялар мен міндеттерді бөлуді;

      10) белгіленген нормативтік талаптарды сақтауға бағытталған сапаны қамтамасыз ету жүйесінің шеңберіндегі оқу рәсімдерін қамтитын АОО сапасын қамтамасыз ету жүйесінде әзірленетін, сүйемелденетін және қайта қаралатын құжаттама келтіріледі.

      33. Сондай-ақ, мыналарды:

      1) аудиторлық тексерістерді жүргізу кестесі мен тәртібін;

      2) есептілік тәртібі мен сапаны тексеру мен аудитінің нәтижелері туралы есептерді;

      3) кейінгі бақылау және түзету іс-қимылдарын қабылдау тәртібін;

      4) түзетуші және профилактикалық шаралар туралы есептерді;

      5) есеп жүргізу жүйесін;

      6) басшылықтың бақылау-талдамалық есептерін;

      7) сапа жөніндегі құжаттаманы бақылауды қамтитын АОО үшін талап етілетін сапаны қамтамасыз ету аудиті жүйесінің құжаттамасы егжей-тегжейлі сипатталады.

8-тарау. Сапаны қамтамасыз ету аудитінің бағдарламасы және сапаны тексеру

      Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593№ 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Осы бөлімді әзірлеген кезде сапаны қамтамасыз ету аудиті бағдарламасының даярлаудың барлық түрлері қолданыла алатын талаптарға, стандарттарға, рәсімдер мен нормативтерге сәйкес жүргізілгеніне сенімділікті қалыптастыру үшін қажетті барлық жоспарланған және жүйелі шараларды қамтитынын есепке алу керек.

      35. Сондай-ақ сапаны тексерудің негізгі мақсаты белгіленген стандарттардың, нормативтердің, рәсімдер мен талаптардың сақталуына көз жеткізу мақсатында нақты құжатты зерделеуден немесе нақты іс-шараны, іс-қимылды және т.б. бақылаудан тұратынын ескеру керек.

      36. Сапаны тексеруді жүргізген кезде, кем дегенде, қызметтің мынадай үлгі салаларын қамтитын барлық кезеңдер егжей-тегжейлі ашып көрсетіледі:

      1) нақты оқу сабақтары;

      2) техникалық қызмет көрсету (егер қолданылуы мүмкін болса);

      3) техникалық стандарттар (егер қолданылуы мүмкін болса);

      4) кәсіптік даярлау стандарттары.

9-тарау. Аудиторлар және сапа аудиті

      Ескерту. 9-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 № 593№ 593 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Осы тараудың ережелері сапа аудитін жүзеге асыратын аудиторларға қатысты АОО саясатын айқындауға тиіс, атап айтқанда:

      1) аудиторлар тобы құрамына тексерілетін қызмет үшін тікелей жауапты тұлғалардың кіру мүмкіндігіне жол бермей, сапалық және сандық құрамды айқындау;

      2) сапа аудиті саласындағы тысқары мамандарды тарту;

      3) аудиторларды оқыту;

      4) АОО-да қабылданған қағидалар мен ресімдеуге сәйкес бекітілген аудиторларға арналған міндеттер мен нұсқаулықтар.

      38. Сапа аудиті саласында арнайы даярлыққа ие және мыналарға:

      1) сапаны тұрақты қамтамасыз ету аясында сапаны тексеруге және оның аудитін жүргізуге;

      2) кез келген проблемаларды немесе тұжырымдарды және осындай проблемаларды немесе тұжырымдарды растайтын қажетті дәлелдемелерді айқындауға және бекітуге;

      3) проблемаларға немесе тұжырымдарға қатысты ұсыныстармен немесе ұсынымдармен АОО-да белгіленген каналдар арқылы шығуға;

      4) белгіленген және ақылға қонымды мерзімдерде шешімдердің орындалуын тексеруге;

      5) сапаны қамтамасыз ету жөніндегі маманға тікелей есеп беруге уәкілетті сапаны қамтамасыз ету аудиті бағдарламасының шеңберінде қызметті жүзеге асыру үшін жауапты тұлғаларды айқындау.

      39. 12 айлық кезеңде оқытудың барлық аспектілерін зерделеу үшін сапаны қамтамасыз ету аудиті бағдарламасының егжей-тегжейлі сипаттамасы.

      40. Аудит бағдарламасына сәйкес әзірленетін және тәуекелдерді басқару жоспарында, сол сияқты келісілгендік матрицасын қамтитын құжаттарда да көрсетілетін аудиторлық тексерістер кестесін әзірлеу және бекіту тәртібі мен рәсімдері.

      41. Сол немесе өзге тұжырымға байланысты түзетуші шаралардың қабылданғанын және олардың қаншалықты тиімді болып табылатынын тексеру үшін мониторинг рәсімдерінің, түзетуші шаралар мен бақылау тексерістерінің сипаттамасы.

      42. Сондай-ақ аудит – даярлаудың қолданылатын тәсілінің және нақты маманданудың мамандарын оқытудың жария етілген әдістемесіне сәйкес қолданылуы тиіс тәсілді жүйелі және тәуелсіз салыстыру екендігін есепке алу керек.

      43. Осы аспектіде, кем дегенде, оның сапасын қамтамасыз ететін мынадай рәсімдер мен процестерді қамтуға тиіс аудитті жүргізудің сипаттамасы келтіріледі:

      1) аудитке жататын АОО персоналына түсіндірілуі тиіс аудит көлемінің сипаттамасы;

      2) жоспарлау мен даярлау;

      3) алынған ақпаратты жинау мен хаттамалау;

      4) алынған ақпаратты талдау.

      44. Аудиттің жүргізілуін толыққанды көрсету үшін мыналар сияқты аудиттің тиімділігін қамтамасыз ететін рәсімдер ашылады:

      1) жарияланған құжаттарды шолу;

      2) әңгімелесу немесе қызметкерлермен талқылау;

      3) есептіліктің барабар үлгісін зерделеу;

      4) оқу іс-шараларын бақылау;

      5) құжаттарды сақтау және қадағалау нәтижелерін тіркеу.

      45. Осы өзгерістердің қалаулы нәтижелерге шынында әкелгенін белгілеу мақсатында процестерді үздіксіз жетілдіру аспектісіндегі рәсімдер.

  Авиациялық оқу орталықтарына
қойылатын сертификаттау
талаптарына
3-қосымша

      Ескерту. Талаптар 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Көлік министрінің 12.08.2024 № 274 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

АТТЕСТАТТАУ ХАТТАМАСЫ ______________________________________ № ____ (теориялық оқытуды жүзеге асыратын нұсқаушының, практикалық дайындықты жүзеге асыратын нұсқаушының, курстарды әзірлеушінің)

      Өткізу орны _____________________________________________________________

      Хаттаманың бекітілген күні "___" _____ 20___ жыл

      Аттестаттау түрі (бастапқы, мерзімді, қайталама)

      __________________________________________________________________________

      (Аттестатталушының) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _________________________________________________________________________

      Туған күні "___"_______________жыл.

      Атқаратын лауазымы _______________________________________________________

      1. Білімі және кәсіптік даярлығы туралы мәліметтер (білімі туралы құжат бойынша

      мамандығы мен біліктілігі, курстың және оқу орнының атауы, оқу кезеңі)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      2. Регламенттеуші құжаттарды білу

Құжат

Игеру деңгейі

Жалпы идеясы бар

Негізгі элементтерді тізімдейді

Мазмұнын түсіндіреді

Практикалық қызметте қолданады

Ескертпелер

Қызметкерлерді даярлау және рәсімдер бойынша нұсқаулық






Сапа бойынша нұсқаулық






Ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі нұсқаулық (бар болған жағдайда)






АОО-ның өзге де нұсқаулықтары






ИКАО (өзге халықаралық ұйымдардың) құжаттары






ҚР нормативтік құқықтық актілері





 
Жүктеу

      3. Оқу-әдістемелік, таныстыру және бағалау (тест және емтихан) материалдарының мазмұнына (кәсіптік даярлау бағдарламаларына сәйкес), құрылымына, ресімделуіне қойылатын талаптарға сәйкестігі

Іске асырылатын курс (модуль, тақырып, пән)


Бағаланатын элемент

Бағалау критерийлері

Ескертпелер

Жоқ/ жаңартылмаған

Бағдарлама мазмұнының аспектілерін толық қамтымайды

Бағдарлама мазмұнының барлық аспектілерін көрсетеді

Әдістемелік безендіру (1-ден 5-ке дейін, мұнда 1-нашар, 5-өте жақсы


Оқу жоспары және бағдарламасы






Тыңдаушыларға арналған оқу материалы






Таныстыруматериалы






Жаттығу (қажет болса)






Бағалау материалдары






Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті өзге де материалдар






      4. Тағылымдамадан өткен маманның ескертулері мен ерекше белгілері:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      5. Бақылау сабағын өткізуді бақылау нәтижесі:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      6. Өздігімен жұмысқа жіберу туралы қорытынды (оқу сабақтарын өткізуге рұқсат

      етіледі, қайта аттестаттауға жатады, өзге де шешім)

      __________________________________________________________________________

      (тегі,аты, әкесінің аты, лауазымы /қолы)

      Аттестаттау жөніндегі шешіммен таныстым

      __________________________________________________________________________

      (аттестатталатын маманның тегі, аты, әкесінің аты /қолы)

      "____" ___________ 20 __ жыл.

  Авиациялық оқу орталықтарына
қойылатын сертификаттау
талаптарына
4-қосымша

      Ескерту. Талаптар 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.03.2023 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

БІЛІКТІЛІК ПАРАҒЫ

      ____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      ____________________________________________________________

      (жұмыс орны, лауазымы, санаты)

Туған күні


Туған жері


Оқу орнының атауы (базалық білім)


Түскен/бітірген күні


Білімі бойынша мамандығы, біліктілігі


 
Еңбек қызметі

Күні

Жұмыс орны, лауазымы

Мекеменің орналасқан жері

Жұмысқа қабылдау

Жұмыстан шығару













Кәсіптік даярлық (толтыру күніне дейін алдыңғы 5 жыл бұрын)


Тәртіптік жазалар


      Толтыру күні "__"________ 20__ жыл.