"Пошта байланысы қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 265/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 мамырда № 36163 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Пошта байланысы қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14370 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пошта туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 70) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пошта байланысы қызметтерін ұсыну қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Пошта байланысы қызметтерін ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Пошта туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 70) тармақшасына сәйкес әзірленді және пошта операторларының пошта байланысы қызметтерін ұсыну тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақаулы жөнелтілім – салынымына қол салушылық белгілері бар (буып-түю бүтіндігі бұзылған) немесе салмағы қабылданған кездегі салмаққа сәйкес келмейтін пошта жөнелтілімі;

      2) алғаны туралы хабарламасы бар пошта жөнелтілімі – беру кезінде жөнелтуші пошта жөнелтілімінің кімге және қашан табыс етілгендігін өзіне немесе көрсеткен адамына хабарлауды пошта операторына тапсыратын тіркелетін пошта жөнелтілімі;

      3) жай сәлемдеме – салынымының құнын бағаламай түбіртек беріп жөнелтушіден қабылданатын және алушыға қолхат арқылы берілетін сәлемдеме;

      4) жеделдетілген пошта байланысы жөнелтілімдері – жеделдетілген тәртіпте өңделетін және жеткізілетін пошта жөнелтілімдері;

      5) карантинге жатқызылған өнiм – карантинге жатқызылған өнiм (карантинге жатқызылған жүктер, карантинге жатқызылған материалдар, карантинге жатқызылған тауарлар) (бұдан әрі – карантинге жатқызылған өнiм) – карантиндi объектiлердi (карантинді зиянды организмдерді) тасығыштар болуы және (немесе) олардың таралуына әсер етуі мүмкін, карантинге жатқызылған өнiм тізбесіне енгізілген және оларға қатысты карантиндік шаралар қабылдау қажет болатын өсімдіктер, өсімдіктен алынатын өнім, ыдыс, орам, жүктер, топырақ, организмдер немесе материалдар;

      6) каталог – таратылу аймағына қарай, жазылым бойынша таратуға қабылданған, республикалық, жергілікті және шетелдік мерзімді баспа басылымдары бойынша бөлімдерді қамтитын жинақ-тізбе;

      7) консигнация – бір жөнелтуші бір алушының мекенжайына шетелді белгілей отырып топтастырған пошта жөнелтілімдерін тағайындалған операторлар арасында жіберу қызметі;

      8) курьерлік пошта байланысының жөнелтілімдері – курьерді пайдалану арқылы өңделетін және жеткізілетін тіркелетін пошта байланысының жөнелтілімдері;

      9) құндылығы жарияланған пошта жөнелтілімі – пошта жөнелтілімі (пошта карточкасынан басқа), оны беру кезінде жөнелтуші оның құнын пошта саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен растаушы құжаттарды ұсыну арқылы жариялайды;

      10) операциялық терезе – пошта операторының қызметтерін пайдаланушыға қызметтердің бір немесе одан көп түрін ұсынатын пошта операторының өндірістік объектісінде жабдықталған жұмыс орны;

      11) пакет – пошта төлемінің белгілерін, оның ішінде пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін жапсырмай жіберілетін, салынымы, көлемдері, массасы және буып-түйілуі осы Қағидаларда көзделген тіркелетін жөнелтілім;

      12) пошта жөнелтілімінің санаты – пошта жөнелтілімін (тіркелетін, тапсырысты, құндылығы жарияланған, арнайы белгілері бар) қабылдау, өңдеу, жіберу және жеткізу тәртібі мен шарттарын айқындайтын белгілер жиынтығы;

      13) пошта жөнелтілімдерін, пошталық ақша аударымдарын, жеделдетілген және курьерлік пошта байланысы жөнелтілімдерін жіберу мерзімдері – пошта операторы жөнелтілімдерді қабылданған жердегі өндірістік объектіде берілген жердегі өндірістік объектіге дейін жіберуді жүзеге асыратын мерзім;

      14) секограмма – секографиялық тәсілмен жазылған, ашық түрде берілетін жазбаша хабарлар, секография белгілері басылған клишелер, тек зағиптарға арналған дыбыстық жазбалар салынған пошта жөнелтілімі;

      15) таратылмаған пошта жөнелтілімдері – белгіленген мерзім ішінде адресатқа жеткізілмеген (табыс етілмеген) және жөнелтушіге негіздемелі себептермен (алудан бас тарту, кері мекенжайдың болмауы, талап етілмеу) қайтарылмаған пошта жөнелтілімдері;

      16) техникалық құралдар – пошта операторлары пошта қызметінде пайдаланатын өлшеу функциялары бар құрылғыларды қоса алғанда, жабдық, құрылғылар, бағдарламалық қамтылымы бар және бағдарламалық қамтылымы жоқ жүйелер;

      17) тікелей пошта контейнері – заттар, нәрселер және тауарлар салынып, жөнелтуші пломбалаған (мөрлеп бекіткен) және межелі жерге жеткізілгенге дейін жолда ашылмайтын контейнер түріндегі пошта жөнелтілімі;

      18) ұсақ пакет – тауарлардың бір-бір үлгілері, сыйлық сипатындағы ұсақ заттар салынған және көлемдері, салынымы, массасы және буып-түйілуі осы Қағидаларда көзделген халықаралық тапсырыстың пошта жөнелтілімі;

      19) ыдыс – гофрленген картоннан жасалған қораптар, пластик пакеттер, конверттер және пошта жөнелтілімін жіберуге арналған ағаш жәшіктер және ыдыс қаптары;

      20) "М" қабы (арнайы қап) – бір жөнелтуші бір адресатқа жіберетін, мерзімді баспа басылымдарын (газеттер мен журналдарды), кітаптар мен брошюраларды қамтитын халықаралық тапсырысты пошта жөнелтілімі.";

      31-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Тіркелетін пошта жөнелтілімін жіберу пошта жөнелтілімінің қабылданғанын құжаттық не электрондық растау, пошта жөнелтіліміне пошталық тіркеу нөмірін (сәйкестендіру әріптік-цифрлық штрих-код) бере отырып, жөнелтушіге қағаз жеткізгіште не электрондық нысанда растау құжатын беру, сондай-ақ адресатқа пошта жөнелтілімін қол қойғызып не осындай табыс етуді өзге де тәсілмен растайтын автоматтандырылған (электрондық) құрылғыларды, жабдықты, ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып табыс ету арқылы жүзеге асырылады. Тіркелетін пошта жөнелтілімін табыс ету кезінде қолхат алынады. Тіркелетін пошта жөнелтілімдері кері мекенжайы міндетті түрде көрсетіліп қабылданады.";

      35-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жіберуші пошта жөнелтілімінің жарияланған құны бар салымының сомасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жариялайды, оны тиісті құжаттармен (түбіртек, шот-фактура, сатып алу-сату шарты және/немесе жөнелтілетін пошта жөнелтілімін сатып алуды растайтын құжаттар) растайды және осы Қағидаларға сәйкес тасымалдау кезінде тіркеменің сақталуын қамтамасыз ететін қаптаманы таңдайды. Тиісті құжаттар (чектер, шот-фактуралар, сатып алу-сату шарттары және/немесе жөнелтілетін пошта жөнелтілімін сатып алуды растайтын құжаттар) болмаған жағдайда жөнелтуші Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы құны жарияланған пошта жөнелтілімін бағалау сомасын айқындайтын жазбаша өтініш береді.";

      55-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) адресаттан (немесе оның уәкілетті өкілінен немесе адресаттың пин-кодты енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу жолымен расталған келісімі болған кезде үшінші тұлғадан) тіркелетін хатты (пошта карточкасын) тапсыру туралы қолхат алынса;";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Адресаттан немесе оның сенiмхат негiзiнде әрекет ететін заңды өкiлiнен немесе немесе үшінші тұлғадан, егер адресаттың рұқсатын пин-код енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу арқылы растау болған жағдайда, тіркелген хатты (пошталық карточканы) алғаны туралы хабарлама электронды түрде қалыптасады және ақпараттық жүйеге немесе пошта операторының ақпараттық жүйесінде жеткізілгені/табыс етілгені туралы тиісті статус пайда болғаннан кейін пошта операторының қызметтерін пайдаланушының электрондық абоненттік жәшігіне жіберіледі.";

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Пошта жөнелтілімі жөнелтушіге пошта операторы адресатқа немесе оның заңды өкіліне немесе сенімхат негізінде әрекет ететін сенім білдірілген өкілге не парольді (пин-кодты) енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу арқылы құқықты растау процесі арқылы адресаттың немесе жөнелтушінің келісімін алу жолымен үшінші тұлғаларға жеткізген және (немесе) тапсырған сәтке дейін тиесілі болады.

      Пошталық ақша аударымы жөнелтушіге пошта операторы оны адресатқа жеткізген және (немесе) тапсырған сәтке дейін тиесілі болады.

      Алушының қайтыс болуы, алушының мекенжайы бойынша болмауы, алушының пошта жөнелтілімін алудан бас тартуы себебінен пошта жөнелтілімін тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, мұндай жөнелтілім жөнелтушіге бұл туралы пошта операторына белгілі болған сәттен бастап қайтарылады. Қайтарылатын пошта жөнелтілімін кері жөнелтуді пошта операторы пошта жөнелтілімін жөнелту мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырады.";

      66-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) үлкен көлемдегі пошта конверттеріндегі хаттар операциялық залдарда орнатылатын жәшіктерге салынады немесе пошта операторының өндірістік объектісінің операциялық терезесіне беріледі;";

      69 тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Пошта операторлары пошта жөнелтілімін қабылдау немесе тапсыру алдында пошта операторының қызметтерін пайдаланушының дербес деректерді жинауға, жинақтауға, пайдалануға және сақтауға өтінішін (келісімін) алуға міндетті. Мұндай келісім электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып немесе келісімді алуды растайтын өзге де тәсілмен, автоматтандырылған (электрондық) Құрылғыларды, жабдықтарды пайдалана отырып немесе Ақпараттық жүйелер арқылы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі арқылы қағаз жеткізгіште қол қойғыза отырып таңдалады.";

      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. Ішкі және халықаралық тіркелетін пошта жөнелтілімдерін және пошталық ақша аударымдарын беру кезінде жөнелтуші қалауы бойынша пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабарлама сұратады. Хабарлама үшін төлем пошта жөнелтілімдерін және пошталық ақша аударымдарын беру кезінде жүргізіледі.";

      92-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "92. Адресатқа немесе оның сенiмхат негiзiнде әрекет ететін заңды өкiлiне немесе немесе үшінші тұлғаларға пошта жөнелтілімінде көрсетілген орналасқан жері бойынша адресаттың пин-кодты енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу жолымен расталған келісімі болған кезде, мыналар табысталады:

      1) салмағы бес жүз граммға дейін тапсырысты пошта жөнелтілімдері ("М" қаптарынан және ұсақ пакеттерден басқа);

      2) пошта жөнелтілімдері мен пошталық ақша аударымдарын алғаны туралы тапсырысты хабарламалар;

      3) жеделдетілген және курьерлік почта байланысының жөнелтілімдері.";

      99-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "99. Тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін, пошта жөнелтілімдерін алғаны туралы хабарламаларды, тіркелетін пошта жөнелтілімдері және пошталық ақша аударымы туралы хабарламаларды елді мекендерден тыс жеткізуді жүзеге асырады:";

      100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "100. Елді мекендердің аумағына жатпайтын саяжай учаскелеріне жолданатын пошта жөнелтілімдерін пошта операторы пошта байланысының жақын маңдағы өндірістік объектісіне дейін жібереді. Мұндай почта жөнелтімдері адресаттарға немесе оның сенiмхат негiзiнде әрекет ететін заңды өкiлiне немесе пин-кодты енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу жолымен расталған адресаттың келісімі болған кезде үшінші тұлғаларға пошта операторының өндірістік объектілерінде беріледі.";

      103-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "103.Тіркелетін пошта жөнелтілімдері, пошталық ақша аударымдары адресатқа, оның заңды өкіліне және сенім білдірген адамына, адресаттың немесе оның өкілінің жеке басын куәландыратын мына құжаттардың бірін көрсеткенде ғана беріледі:

      1) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын;

      2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін;

      3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;

      4) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

      5) шетелдік паспорт;

      6) туу туралы куәлік.

      Жеке басын куәландыратын құжатты пошта операторының қызметтерін пайдаланушы қағаз жеткізгіште не цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық түрде ұсынады.

      Сенім білдірілген адам тиісті өкілеттіктерді растау үшін пошта операторына сенімхаттың түпнұсқасын және (немесе) "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-1-бабына сәйкес электрондық нысанда қосымша көрсетеді.

      Пошталық ақша аударымын және үстеме төлемді пошта жөнелтімін қоспағанда, почта жөнелтімін беру адресаттың келісімі болған кезде үшінші тұлғаға жүргізілуі мүмкін. Мұндай келісім парольді (пин-кодты) енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу жолымен расталады.

      Пошта операторының қызметтерін пайдаланушы пошта жөнелтілімін алу кезінде ұсынған құжаттың деректерін көрсетеді.

      Пошталық ақша аударымдары Бланк толтырыла отырып беріледі.";

      104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "104. Тіркелетін пошта жөнелтілімін алған кезде пошта операторының қызметтерін пайдаланушы осы Қағидалардың 31-тармағының алтыншы бөлімімен көзделген жағдайларды қоспағанда, жөнелтілімді алғаны туралы қолхат береді.

      Пошта операторлары пошта жөнелтілімін қабылдау немесе табыс ету алдында пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушының дербес деректерді жинауға, жинақтауға, пайдалануға және сақтауға өтінішін (келісімін) алуға міндетті. Мұндай келісім электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып немесе "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі арқылы автоматтандырылған (электрондық) құрылғыларды, жабдықтарды пайдалана отырып немесе ақпараттық жүйелер арқылы келісімді алғанын растайтын өзге тәсілмен электрондық түрде не қол қойғызып қағаз жеткізгіште іріктеледі.

      Тіркелетін пошта жөнелтілімін беру не тапсыру пошта жөнелтілімінде көрсетілген адресатқа (алушыға) не адресаттың пин-кодты енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу жолымен расталған келісімі болған кезде үшінші тұлғаға тікелей жүзеге асырылады.

      Мынадай жағдайларды қоспағанда, тіркелетін пошта жөнелтілімі пошта жөнелтілімінде көрсетілмеген адамға берілмейді не табыс етілмейді:

      1) алушылардан пошта жөнелтілімдерін алуға арналған сенімхатты қағаз жеткізгіште не электрондық цифрлық қолтаңбасы бар электрондық нысанда:

      2) адресаттың пин-кодты енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу жолымен расталған келісімі.

      Жөнелтуші дербес деректерді жинауға, жинақтауға, пайдалануға және сақтауға келісім беруден бас тартқан жағдайда, пошта операторы көрсетілетін қызметтерді пайдаланушыға пошта жөнелтілімін табыс етпейді.";

      106-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) ПИН-кодты енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу жолымен расталған адресаттың келісімі болған кезде үшінші тұлғаларға;";

      110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "110. Салынымдарының тізімдемесі бар пошта жөнелтілімдері мен ақаулы тіркелетін пошта жөнелтілімдерін пошта операторының жұмыскері адресатқа не адресаттың пин-кодты енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу жолымен расталған келісімі болған кезде ашады.

      Салыным тізімдемесіне сәйкес келмеген немесе бұзылған кезде, пошта операторының өндірістік объектісінің басшысы, жұмыскері мен адресат немесе пин-кодты енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу жолымен расталған келісімі болған кезде үшінші тұлғалармен қол қоятын акті жасалады. Актінің бір данасы ақаулы пошта жөнелтілімінің салымымен бірге адресатқа немесе пин-кодты енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу жолымен расталған келісімі болған кезде үшінші тұлғаларға тапсырылады.

      Салыным тізімдемеге сәйкес келмеген Адресат немесе пин-кодты енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу жолымен расталған келісімі болған кезде үшінші тұлғалар актіге қол қоюдан бас тартқан кезде, пошта операторының жұмыскері "Адресат қол қоюдан бас тартты" деген белгі жасайды. Акт қызметтік тексеру және (немесе) өтемақыны төлеуге негіздеме болады. Пошта жөнелтілімінің буып-түю материалы (тысы) заттай дәлел ретінде пошта операторының өндірістік объектісінде қалады.

      Пошта жөнелтілімін ашудан бас тартқан жағдайда, адресат немесе пин-кодты енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу жолымен расталған келісімі болған кезде үшінші тұлғалар хабарламаға тиісті белгі жасайды, бұл келешекте адресаттың шағымын, наразылығын қанағаттандырудан бас тартуға негіздеме болып табылады.";

      5-тарау мынадай мазмұндағы 4-параграфпен толықтырылсын:

      "4-параграф. ПИН-кодты немесе штрих-кодты пайдалана отырып, құқықты растау арқылы тіркелетін пошта жөнелтілімдерін үшінші тұлғаларға тапсыру

      4-параграф. Тіркелетін пошта жөнелтілімдерін пин-кодты немесе штрих-кодты пайдалана отырып, құқықты растау арқылы үшінші тұлғаларға тапсыру

      112-1. Тіркелген пошта жөнелтілімдерін тапсыру, ақша почта аударымын және үстеме төлемі бар почта жөнелтілімдерін қоспағанда, үшінші тұлғаға пин-кодты немесе штрих-кодты пайдалана отырып алу құқығын растау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      112-2. Пошта операторлары тиісті техникалық инфрақұрылым болған кезде тіркелетін пошта жөнелтілімін алу құқығын үшінші тұлғаға беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      Пин-код және (немесе) штрих-код пошта жөнелтілімін жіберу кезінде деректері көрсетілген алушының өзіне (адресатқа) тікелей жіберіледі.

      112-3. Тіркелетін почта жөнелтілімін алушы (адресат) почта байланысы операторының ақпараттық жүйесі арқылы алушының өзі жасаған және жіберген пин-кодты немесе штрих-кодты үшінші тұлғаға береді.

      112-4. Үшінші тұлға ПИН-кодты айтады немесе пошта операторының ақпараттық жүйесінде алушы (адресат) жіберген штрих-кодты оқуға ұсынады.

      112-5. Тіркелетін пошта жөнелтілімін үшінші тұлғаға пин-кодты немесе штрих-кодты пайдалана отырып тапсыру алушы (адресат) үшін пошта операторының ақпараттық жүйесінде жасалған пин-кодты немесе штрих-кодты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      112-6. Тіркелген пошта жөнелтілімдерін пин-кодты немесе штрих-кодты пайдалана отырып үшінші тұлғаларға тапсыру пошта жөнелтілімдерінің мынадай санаттары үшін мүмкін болады:

      1) қарапайым;

      2) тапсырыс;

      3) жарияланған құндылығы бар.

      112-7. Беру пунктінің жауапты қызметкері ПИН-кодты енгізу немесе штрих-кодты сканерлеу арқылы алушыны тексеруді жүзеге асырады.

      112-8. Сәтті тексеруден кейін тіркелетін пошта жөнелтілімін тапсыру туралы мәртебе үшінші тұлғаға тапсыру белгісі көрсетіле отырып, ақпараттық жүйеде тіркеледі.

      112-9. Тексеру сәтсіз болған жағдайда (кез келген себеппен) тіркелетін пошта жөнелтімдері үшінші тұлғаға берілмейді.

      112-10. Почта жөнелтімдерін үшінші тұлғаларға пин-кодты немесе штрих-кодты пайдалана отырып тапсыру осы қызмет көзделген және тиісті инфрақұрылым көзделген почта байланысының барлық автоматтандырылған бөлімшелерінде жүзеге асырылады.

      112-11. Жасалған пин-кодтың немесе штрих-кодтың жарамдылық мерзімі оны көрсету үшін пошта операторының ақпараттық жүйесінде ашқан сәттен бастап 3 (үш) минутты құрайды, содан кейін ол автоматты түрде жаңартылады.

      112-12. Пин-кодты немесе штрих-кодты пайдалана отырып, үшінші тұлғаларға тіркелетін пошта жөнелтілімдерін тапсыруға кедергі келтіретін техникалық іркілістер кезінде пин-кодты немесе штрих-кодты пайдалана отырып, үшінші тұлғаларға тіркелетін пошта жөнелтілімдерін тапсыру процесін қайта бастау осындай іркілістер жойылғаннан кейін жүзеге асырылады.

      112-13. Пин-кодты немесе штрих-кодты пайдалана отырып, үшінші тұлғаларға тіркелетін пошта жөнелтілімдерін тапсыруға кедергі келтіретін техникалық іркілістер жойылғанға дейін тіркелетін пошта жөнелтілімдерін тапсыру адресатқа немесе оның заңды өкіліне немесе сенімхат негізінде әрекет ететін сенім білдіретін өкілге жүзеге асырылады.

      112-14. Үшінші тұлғалар туралы ақпарат пошта операторының ақпараттық жүйесінде сақталмайды.";

      130-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "130 Мекенжайсыз немесе мекенжайы толық емес, түсініксіз, мекенжайы қысқартылған тіркелмейтін хаттар, мекенжайы жоқ (бүлінген) межелі жерге жіберуге немесе жөнелтушіге қайтаруға болмайтын пошта жөнелтілімдері, сондай-ақ алудан бас тарту себебінен адресаттарға табыс етілмеген қосымша төленетін пошта жөнелтілімдері таратылмағандар ретінде уақытша сақтауға тапсырылады.

      Құжаттар (жеке куәліктер, паспорттар, әскери билеттер, куәліктер) тиісті мекемелер мен ұйымдарға беріледі.

      1 (бір) жыл бойы талап етілмеген пошта аударымдары пошта операторында сақталады және адресатқа немесе жөнелтушіге олардың өтініші негізінде мерзімінде төлемеу себептерін зерделегеннен кейін төленеді. 1 (бір) жылдан кейін талап етілмеген кезде почталық аударым сомасы почта операторының бюджетіне есептеледі, олар бойынша өндірістік құжаттама ағымдағы мұрағатта 3 (үш) жыл бойы сақталады. Жөнелтуші немесе адресат 1 (бір) жыл өткеннен кейін талап етілмеген пошта аударымын алуға жүгінген кезде, пошта операторы пошта аударымының жөнелтушісін немесе адресатын сәйкестендіруді жүргізгеннен кейін аударымды беру немесе бермеу туралы шешім қабылдайды.";

      155-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мекенжайды өзгерту, пошта жөнелтілімін немесе пошталық ақша аударымын қайта жіберу немесе қайтару туралы өтінішті пошта операторы пошта жөнелтілімі немесе пошталық ақша аударымы өтініш берген сәтте шынында табыс етілмеген жағдайда, жөнелтушіден немесе адресаттан қабылдайды.";

      160-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "160. Құндылығы жарияланған жөнелтілім үшін пошта байланысы қызметтерінің төлеміне салмағына қарай жіберу және жөнелтілімнің құндылығын жариялау ақысы кіреді.

      Пошта операторы жарияланған құндылық үшiн тариф төленген жағдайда "Пошта туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 3-1-тармағына сәйкес құндылығы жарияланған пошта жөнелтiлiмi үшiн жауап бередi.

      Құндылығы жарияланған халықаралық сәлемдемелер үшін пошта байланысы қызметтерінің төлеміне салмағына қарай жіберу үшін салмақ алымы, құндылығын жариялау және экспедициялық алым кіреді.":

      166-тармақ алынып тасталсын;

      173-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "173. Пошта байланысы қызметтеріне ақы төленгенін растайтын, сатып алынған пошта төлемінің белгілері пошта төлемінің осы белгісін айналымға шығарған пошта операторында қолданылады. Пошта операторынан сатып алынған пошта төлемінің белгілері бар пошта жөнелтілімін пошта операторының қызметтерін пайдаланушы операциялық терезе арқылы тапсырады.";

      182-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "182. Тапсырысты хат немесе бандерольді, құндылығы жарияланған пошта жөнелтілімі, жеделдетілген және курьерлік пошта жөнелтілімі және пошталық ақша аударымы табыс етілетін сәтке дейін жөнелтуші түбіртекті қоса бере отырып, өз тілегін жазбаша түрде жазып, пошта операторы белгілеген қосымша ақыға:".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және ақпарат министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі