"Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында м

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 16 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 30 сәуірде № 34320 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21818 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданылуын растау қағидаларында, сондай-ақ көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында Медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарында:

      5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында Медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған көрсетілетін қызметті алушылар "орта, техникалық және кәсіптік туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 230 бұйрықтарына сәйкес білімі және (немесе) біліктілігі танылған жағдайда сертификаттауға жіберіледі, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33219 болып тіркелген) және "білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) (бұдан әрі - тану қағидалары).";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті алушы сертификаттаудан өту және қолданыстағы маман сертификатын растау үшін "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаментіне (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді.

      Медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушы осы қағиданың 2-қосымшасына сәйкес "Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында белгіленген тізбеге сәйкес құжаттар мен мәліметтерді ұсынады (бұдан әрі – № 1тізбе).

      Фармацевтикалық білімі бар көрсетілетін қызметті алушы осы қағиданың 3-қосымшасына сәйкес "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында белгіленген тізбеге сәйкес құжаттар мен мәліметтерді ұсынады (бұдан әрі – № 2 тізбе).

      Осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттары көрсетілген бұйрықпен 2, 3, 6 және 8-қосымшалар жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 26 сәуірдегі
№ 16 бұйрығына
1-қосымша
  Денсаулық сақтау саласындағы
маманды сертификаттауды
жүргізу, шетелдік мамандарды
қоса алғанда, денсаулық сақтау
саласындағы маман
сертификатының қолданысын
растау қағидаларын, сондай-ақ
Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерде денсаулық сақтау
саласында медициналық және
(немесе) фармацевтикалық білім
алған адамды денсаулық сақтау
саласындағы маманды
сертификаттауға жіберу
шарттарына
2-қосымша

"Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері.

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкімет" веб-порталы (www. egov.kz, www. eli cens e. kz).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні.

4

Көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты (бұдан әрі - маман сертификаты) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушының маман сертификатын (алғаш рет мәлімделген мамандыққа немесе мамандандыруға) алу үшін мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарының 1-қосымшасына (бұдан әрі – сертификаттау қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21818 болып тіркелген) сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
3) техникалық және кәсіптік, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім туралы диплом (2015 жылға дейін оқуын бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін) (ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда);
4) "Дәрігер" біліктілігін және (немесе) интернатурада және (немесе) резидентурада немесе клиникалық ординатурада (бар болса, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушылар үшін), жоғары оқу орнында оқуды аяқтағаннан кейін интернатураны, резидентураны бітіруді көздемейтін мамандықтар бойынша құжаттар;
5) "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 230 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33219 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы бұйрықтарының өзгеруіне байланысты сәйкес келтірілді № 268 "білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) (бұдан әрі – тану қағидалары), сәйкес берілген басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) медициналық білім алған көрсетілетін қызметті алушының білімін тану туралы құжат;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қосымша білім беру қағидалары) сәйкес мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша маман сертификаты болмаған кезде немесе бұрын берілген маман сертификатының қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан асқан кезде мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша еңбек қызметі үзілісі 3 (үш) жылдан асатын көрсетілетін қызметті алушылар үшін сертификаттау сәтінде жалпы көлемі кемінде 8 (сегіз) кредит (240 сағат) бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік. Медициналық білім беру ұйымын бітірген сәттен бастап 3 (үш) жыл ішінде маман сертификатын алмаған, сондай-ақ жаңа мамандыққа немесе мамандандыруға үміткер көрсетілетін қызметті алушылар мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша біліктілігін арттыру туралы куәлігін ұсынбайды;
7) мамандандыру бойынша қосымшасы бар сертификаттау курсы туралы куәлік (транскрипт) (бар болған жағдайда);
8) "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) сәйкес мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша еңбек қызметінде 3 (үш) жылдан астам үзілісі бар, маман сертификаты болмаған кезде немесе бұрын берілген маман сертификатының қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан астам өткен кезде, сондай-ақ жаңа мамандыққа немесе мамандандыруға үміткер көрсетілетін қызметті алушылар үшін маман кәсіптік даярлығын бағалау нәтижесі (оның ішінде шетелде медициналық білім алған тұлғалар үшін);
9) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына, қызметтің мәлімделетін кіші түрлеріне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжат (жұмыскерлердің бейіндері және іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінде (бұдан әрі – сервис) еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болмаған кезде) (бар болған жағдайда).
Қолданыстағы маман сертификаты болмаған кезде немесе бұрын алынған маман сертификатының қолданылу мерзімі мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша 3 (үш) жылдан астам өткен кезде көрсетілетін қызметті алушылар бағалау және дағдылар нәтижесін бере отырып, алғаш мәлімделген мамандық немесе мамандандыру ретінде маман сертификатын алуға үміткер болады.
Көрсетілетін қызметті алушылар "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-218/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21699 болып тіркелген) (бұдан әрі - Мамандықтар тізбесі) бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесінде көрсетілген мамандықтар немесе мамандандырулар бойынша маман сертификатын алады.
Мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша маман сертификатының қолданыстағы немесе қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан кем екенін растау үшін медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушылар мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:
1) cертификаттау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес қызметті алушының куәландырылған ЭЦҚ-сы бар электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
3) растау сәтінде соңғы 5 (бес) жыл ішінде жалпы көлемде кемінде 4 (төрт) кредиті (120 сағат) бар мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша еңбек қызметі үзіліссіз мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша қолданыстағы маман сертификаты бар көрсетілетін қызметті алушылар үшін қосымша білім беру қағидаларына сәйкес мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік;
4) мамандандыру бойынша қосымшасы бар сертификаттау курсы туралы куәлік (транскрипт) (бар болған жағдайда);
5) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметтің мәлімделетін кіші түрлеріне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжат (қызметкерлердің бейіндері және сервисте еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болмаған кезде);
6) мәлімделген мамандық бойынша интернатурада және (немесе) резидентурада немесе клиникалық ординатурада немесе қайта даярлауда оқуды аяқтағанын растайтын құжаттар (бар болған жағдайда) (2021 жылға дейін медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушылар алған жағдайда қайта даярлау туралы куәлік);
7) қолда бар мамандық немесе мамандандыру бойынша маман сертификатының көшірмесі (сервисте мәліметтер болмаған жағдайда) (қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын, мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша жарамсыз маман сертификаты немесе мамандандыруы бар көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
8) Тану қағидаларына сәйкес берілген басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) медициналық білім алған көрсетілетін қызметті алушының білімін тану туралы құжат. Мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша қолданыстағы маман сертификатын растау кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының қолданыстағы маман сертификатының (қолданылу мерзімі, мамандығы немесе мамандануы) болуын сервистен тексереді. Сервистен алынған деректер сәйкес келген жағдайда қолданыстағы маман сертификаты сертификаттау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша 5 (бес) жылға маман сертификатын берумен расталады.
Жұмыс өтілінде 3 (үш) жылдан кем үзілісі және (немесе) мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша мерзімі 3 (үш) жылдан кем жарамсыз маман сертификаты бар, көрсетілетін қызметті алушылар мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша бұрын алған маман сертификаты расталған кезде бағалау және дағдылар нәтижесін ұсынбайды. 2014 жылға дейін "Емдеу ісі", "Педиатрия" және "Шығыс медицинасы" мамандықтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымдарын бітірген, мәлімделген мамандық бойынша интернатура, резидентура, клиникалық ординатура мамандықтары сәйкес келмеген кезде Мамандықтар тізбесінде көзделген медициналық мамандықтар бойынша сертификат алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушылар мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлаудан өткені туралы оқу ұзақтығын сағатпен көрсете отырып құжаттарды ұсынады (жұмыс істейтін мамандар үшін).
2005 жылғы 1 қаңтарға дейін өтініш берілген мамандық бойынша Медициналық, оның ішінде клиникалық қызметке кіріскен және құжаттарды тапсыру сәтінде үздіксіз жұмыс өтілі бар, еңбек кітапшасындағы (ол болған кезде) немесе жеке еңбек шартындағы жазбалармен не қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелермен расталатын көрсетілетін қызметті алушыларға өтініш берілген мамандық бойынша қайта даярлаудан өтуі қажет емес.
"Емдеу ісі", "Педиатрия", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша 1998 жылдан кейін және "Шығыс медицинасы" және "Стоматология" мамандықтары бойынша және 2006 жылдан кейін жоғары медициналық білім беру ұйымдарын бітірген көрсетілетін қызметті алушылар Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңының 21-бабы 5-тармағына (бұдан әрі – "Білім туралы" Заңы) сәйкес интернатураны бітіргені туралы құжат ұсыну клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты болып табылады.
2013 жылдан кейін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымдарын бітірген, мамандықтар тізбесінде көзделген клиникалық мамандықтар бойынша сертификат алуға көрсетілетін қызметті алушы "Білім туралы" заңының 22-бабы 3-тармағына сәйкес резидентураны бітіргені туралы құжатты ұсынады.
Техникалық және кәсіптік білімі, орта білімнен кейінгі медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушы мамандықтар тізбесінде көрсетілген мамандықтар бойынша сертификат алу үшін оқуды бітірген жылын ескере отырып, мынадай құжаттарды ұсынады:
1) 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін: "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша – "Мейіргер ісі", "Емдеу ісі", "Акушериялық іс" мамандықтары бойынша жалпы орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандығы бойынша жоғары білімі туралы диплом, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандықтары бойынша бакалавриат және "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша соңғы 5 жыл ішінде біліктілігін арттыру туралы құжат;
"Емдеу ісі" мамандығы бойынша – "Емдеу ісі", "Акушериялық іс" мамандығы бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары білімі туралы диплом, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандықтары бойынша бакалаврлар және соңғы 5 жылдағы "Емдеу ісі" мамандығы бойынша 2021 жылға дейін қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы құжат;
"Акушериялық іс" мамандығы бойынша – "Акушериялық іс", "Емдеу ісі", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары білімі туралы диплом, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандықтары бойынша бакалаврлар және соңғы 5 жылдағы "Акушериялық іс" мамандығы бойынша 2021 жылға дейін қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы құжат;
2) 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін: "Зертханалық диагностика" мамандығы бойынша – "Зертханалық диагностика", "Акушериялық іс", "Емдеу ісі", "Мейіргер ісі" мамандығы бойынша орта медициналық білім туралы диплом, "Емдеу ісі", "Педиатрия", "Шығыс медицинасы", "Жалпы медицина" мамандықтары бойынша жоғары білім туралы диплом, "Жалпы медицина", "Мейіргер ісі" мамандықтары бойынша бакалаврлар және соңғы 5 жылғы сертификаттық курс (2021 жылға дейін қайта даярлау) немесе "Зертханалық диагностика" мамандығы бойынша біліктілігін арттыру туралы құжат.
2005 жылғы 1 қаңтарға дейін медициналық қызметке кіріскен және үздіксіз жұмыс істейтін "Мейірбике ісі", "Емдеу ісі", "Акушерлік іс", "Зертханалық диагностика", "Фельдшер-зертханашы", "Санитариялық фельдшер", "Стоматология", "Тіс дәрігері" мамандықтары бойынша орта медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушыларға құжаттарды тапсыру сәтіндегі жұмыс өтілі, ол еңбек кітапшасындағы (ол болған кезде) немесе жеке еңбек шартындағы жазбалармен не қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтардан үзінді көшірмемен расталады, өтініш берілген мамандық бойынша қайта даярлаудан өту талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушылар осы тармақта көрсетілген құжаттарды Қазақстан Республикасы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" заңының 1-бабы 7) тармақшасына сәйкес электрондық көшірмелер түрінде береді.
Шет тілінде берілген құжатқа қазақ немесе орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасының электрондық нұсқасы қосымша ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде оның "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
2015 жылдың 9 қазанына дейін мамандарға берілген мерзімсіз сертификаттар әр 5 жыл сайын біліктілікті арттырудан өту кезінде тұрақты жарамды болады.
Маман сертификатының қолданылу мерзімі өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы құжаттың көшірмесін (сервисте болмаған немесе мәртебесі жарамсыз болған жағдайда) ұсынады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
2. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің kmfk@ dsm. gov. kz интернет-ресурсында көрсетілген.
4. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс.
5. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері - 1414, 8-800-080-7777.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 26 сәуірдегі
№ 16 бұйрығына
2- қосымша
  Денсаулық сақтау саласындағы
маманды Сертификаттауды
жүргізу, шетелдік мамандарды
қоса алғанда, денсаулық сақтау
саласындағы маман
сертификатының қолданысын
растау қағидалары, сондай – ақ
Қазақстан Республикасынан
тыс жерлерде денсаулық сақтау
саласында медициналық және
(немесе) фармацевтикалық білім
алған мамандарды денсаулық
сақтау саласындағы маманды
сертификаттауға жіберу
шарттарына
3-қосымша

"Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкімет" веб – порталы (www. egov. kz, www. elicense. kz)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

4

Көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификаты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Маман сертификатын алу үшін фармацевтикалық білімі бар жеке тұлға (Қазақстан Республикасының резиденті не резиденті емес) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мынадай құжаттар мен мен мәліметтерді ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі -ЭЦҚ) куәландырылған, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарының 1-қосымшасына (бұдан әрі – сертификаттау қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21818 болып тіркелген) сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі қосымша нысанына сәйкес мәліметтер нысаны;
3) оқуды бітірген үміткерлер үшін техникалық және кәсіптік, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі фармацевтикалық білімі туралы диплом (2015 жылға дейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін) (ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда);
4) "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 230 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33219 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы бұйрықтарының өзгеруіне байланысты сәйкес келтірілді № 268 "білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) (бұдан әрі – тану қағидалары) сәйкес берілген басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған көрсетілетін қызметті алушының білім туралы құжаттарын тану және (немесе) нострификациялау туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес мәлімдеген мамандық бойынша сертификаттау сәтінде жалпы көлемде кемінде 4 кредит (120 сағат) сертификаттау сәтінде соңғы 5 (бес) жыл ішінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін арттыру туралы куәлік біліктілігін арттыру туралы куәлігі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) бұйрығына (бұдан әрі – қосымша білім беру қағидалары) (сертификат алуға өтініш берген сәтте 5 (бес) жылдан кешіктірмей фармацевтикалық оқуын аяқтаған техникалық және кәсіптік, жоғары оқу білім беру түлектерін қоспағанда);
6) мәлімденген мамандық бойынша қосымша білім беру қағидаларына сәйкес (мамандығы бойынша еңбек қызметінде 3 (үш) жылдан астам үзілісі бар) жалпы көлемі кемінде 8 кредит (240 сағат) біліктілігін арттыру туралы куәлік;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21673 болып тіркелген) бекітілген кәсіптік даярлықты бағалау нәтижесі техникалық және кәсіптік, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі фармацевтикалық білім беру түлектері және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша еңбек қызметінде 3 (үш) жылдан астам үзілісі бар үміткерлер үшін);
8) "Электрондық үкімет" шлюзінің ақпараттық жүйесінде қызметкерлердің бейіндері және еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болмаған жағдайда 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мәлімделген кіші қызмет түрлеріне сәйкес көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжат ұсынады (болған жағдайда);
9) шетелдік маманның жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі). Үміткер барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде оның "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушылар мамандығы бойынша үздіксіз жұмыс өтілі және соңғы 5 жыл ішінде біліктілігін арттырған куәлігі кемінде 4 кредит (120 сағат) көлемінде бар үміткерлер осы тармақтың 7) тармақшасында көзделген құжатты ұсынбастан бастапқы сертификаттауға жіберіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлкеттік қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
2. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің kmfk@ dsm. gov. kz интернет-ресурсында көрсетілген.
4. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс.
5. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері - 1414, 8-800-080-7777.




  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 26 сәуірдегі
№ 16 Бұйрығына
3- қосымша
  Денсаулық сақтау саласындағы
маманды сертификаттауды
жүргізу, шетелдік мамандарды
қоса алғанда, денсаулық сақтау
саласындағы маман
сертификатының қолданысын
растау қағидаларын, сондай-ақ
Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерде денсаулық сақтау
саласында медициналық және
(немесе) фармацевтикалық білім
алған адамды денсаулық сақтау
саласындағы маманды
сертификаттауға жіберу
шарттарына
6-қосымша

"Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маманға сертификат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"электрондық үкімет" веб-порталы (www. egov. kz, www. elicense. kz)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маман сертификаты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші –демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Шетелдік маман сертификатын алу үшін медициналық білімі бар жеке тұлға (Қазақстан Республикасының резиденті емес) (алғаш рет мәлімделетін мамандыққа немесе мамандандыруға) медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушылар мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі -ЭЦҚ) куәландырылған, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығымен Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарының 1-қосымшаға (бұдан әрі – сертификаттау қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21818 болып тіркелген) сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) шетелдік маманның жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (ақпараттық жүйеде болмаған жағдайда);
3) ""Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 230 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33219 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы бұйрықтарының өзгеруіне байланысты сәйкес келтірілді № 268 "білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) (бұдан әрі – тану қағидалары) қағидаларына сәйкес берілген басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) медициналық білім алған көрсетілетін қызметті алушының білімі туралы құжаттарын тану және (немесе) нострификациялау туралы құжат.
Қазақстан Республикасының аумағында білім беру ұйымдарын бітірген шетелдік мамандар мыналарды ұсынады:
2015 жылға дейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі медициналық білім туралы диплом (ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда); мәлімделінген мамандық немесе мамандандыру бойынша интернатурада және (немесе) резидентурада немесе клиникалық ординатурада (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) сәйкес мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша маман сертификаты болмаған кезде немесе бұрын берілген маман сертификатының қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан асқан кезде мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша еңбек қызметі үзілісі 3 (үш) жылдан асатын көрсетілетін қызметті алушылар үшін сертификаттау сәтінде жалпы көлемі кемінде 8 (сегіз) кредит (240 сағат) бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік;
6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат (оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа алғаш кіріскен адамдар ұсынбайды);
7) жұмыс берушіге (денсаулық сақтау ұйымы), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органына шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаты (Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік мамандар, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары болып табылатын шетелдік жұмыскерлер бермейді);
8) білімі туралы құжаттарды алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болса) өзгерткен шетелдік адамдар үшін атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстырғаны немесе неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы құжат;
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау, Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) сәйкес (өтінім берілген мамандық немесе мамандандыру бойынша маман сертификатын алғаш рет алуға үміткер не қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан астам, өтінім берілген мамандық немесе мамандандыру бойынша жарамсыз маман сертификаты бар көрсетілетін қызметті алушылар үшін). білім мен дағдыларды бағалау қағидаларына сәйкес шетелде медициналық білім алған адам үшін бағалау жөніндегі ұйым берген кәсіптік даярлықты бағалау нәтижесі.
Өтініш берілген мамандық немесе мамандану бойынша маман сертификатының қолданыстағы немесе қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан кем екенін растау үшін медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушылар мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі -ЭЦҚ) куәландырылған, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығымен Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарының 1-қосымшаға (бұдан әрі – сертификаттау қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21818 болып тіркелген) сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) шетелдік маманның жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (ақпараттық жүйеде болмаған жағдайда);
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) сәйкес өтініш берілген мамандық немесе мамандандыру бойынша біліктілігін арттыру туралы өтініш берілген мамандық немесе мамандандыру бойынша еңбек қызметінде 3 (үш) жылдан астам үзілісі бар, маман сертификаты болмаған кезде немесе бұрын берілген маман сертификатының қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан астам өткен кезде көрсетілетін қызметті алушылар үшін 8 (сегіз) кредит (240 сағат).
Шет тілінде берілген құжатқа қосымша қазақ немесе орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аударма ұсынылады.
4) қолда бар мамандық немесе мамандандыру бойынша маман сертификатының көшірмесі (сервисте мәліметтер болмаған жағдайда) (өтініш берілген мамандық немесе мамандандыру бойынша жарамдылық мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын жарамсыз маман сертификаты бар көрсетілетін қызметті алушылар үшін).
Мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша қолданыстағы маман сертификатын растау кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыда қолданыстағы маман сертификатының болуын (қолданылу мерзімі, мамандығы) сервистен тексереді. Сервистен алынған деректер сәйкес келген жағдайда, қолданыстағы маман сертификаты сертификаттау қағидаларының 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім берілген мамандық немесе мамандандыру бойынша 5 (бес) жылға маман сертификатын берумен расталады.
Өтініш берілген мамандық немесе мамандандыру бойынша еңбек өтілі 3 (үш) жылдан кем үзілісі бар және (немесе) өтініш берілген мамандық немесе мамандандыру бойынша 3 (үш) жылдан кем мерзімі өткен жарамсыз маман сертификаты бұрын алынған маман сертификатын растаған кезде көрсетілетін қызметті алушылар бағалау және дағдылар нәтижесін ұсынбайды.
Қолданыстағы маман сертификаты болмаған кезде немесе өтініш берілген мамандық немесе мамандандыру бойынша бұрын алынған маман сертификатының қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан астам өткен кезде көрсетілетін қызметті алушылар бағалау нәтижесі мен дағдыларын ұсына отырып, алғаш өтініш берілген мамандық немесе мамандандыру ретінде маман сертификатын алуға үміткер болады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
2. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің kmfk@ dsm. gov. kz интернет-ресурсында көрсетілген.
4. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс.
5. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері-1414, 8-800- 080-7777.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 26 сәуірдегі
№ 16 бұйрығына
4-қосымша
  Денсаулық сақтау
саласындағымаманды
сертификаттауды жүргізу,
шетелдік мамандарды қоса
алғанда, денсаулық сақтау
саласындағы маман
сертификатының қолданысын
растау қағидалары, сондай-ақ
Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерде денсаулық сақтау
саласында медициналық және
(немесе) фармацевтикалық білім
алған мамандарды денсаулық
сақтау саласындағы
мамандысертификаттауға
жіберу шарттарына
8-қосымша

"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Републикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері

"электрондық үкімет" (ww. egov. kz, www. eli cens e. kz) веб-порталы арқылы (бұдан әрі - Портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні

4

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Маман сертификаты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақының мөлшері және Қазақстан Републикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Сертификатты бастапқы беру үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған, осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша өтініш;
2) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
3) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, орта (техникалық және кәсіптік білім туралы дипломның электрондық көшірмесі;
4) "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 230 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33219 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы бұйрықтарының өзгеруіне байланысты сәйкес келтірілді № 268 "білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) (бұдан әрі – тану қағидалары) сәйкес берілген басқа мемлекеттерде және халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған көрсетілетін қызметті алушының білім туралы құжаттарын тану және (немесе) нострификациялау туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
5) сертификаттық курс туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
6) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі;
7) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда (оның ішінде шетелде медициналық білім алған адамдар үшін) бағалау жөніндегі ұйым берген кәсіптік даярлығын бағалау нәтижесінің электрондық көшірмесі.
Маман сертификатын қолдасын растау үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған, осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша өтініш;
2) Мәлімделген мамандандыру бойынша соңғы 5 (бес) жылда біліктілігін арттыру туралы куәлігінің электрондық көшірмесі.
Маман сертификатын қайта ресімдеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша өтініш;
2) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда сертификатты қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесі. Шетелде берілген құжатқа қазақ және орыс тіліндегі аудармасы наториалды расталған электрондық көшірмесі қосымша ұсынылады. "Биология", "Химия" (жаратылыстану ғылымы, математика және статистика бағыты), "Биотехнология", "Органикалық заттардың химиялық технологиясы", "Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы", "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша жоғары, жоғары орнынан кейінгі білімі бар жеке адамдарды сертификаттауға жіберу.
"Зертханалық диалностика", "Ветеринария", "Мейіргер ісі", "Емдеу ісі", "Акушерия ісі" мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік медициналық білімі бар үміткер өтінім берілген мамандану бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маманды сертификаттауға жіберіледі. Сертификаттың бастапқы берілуіне сертификаттық курс туралы куәліксіз және бағалау жөніндегі ұйым берген кәсіптік даярлығын бағалау нәтижесінсіз халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы еңбек міндеттерін жүзеге асыратын маман жатады.

9

Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары gov. egov. kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі болады.
3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі болады.
4. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары gov. egov. kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.