Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 300 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 3 қазандағы № 33498 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 300 бұйрығымен
бекітілген/

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 32) тармақшасына сәйкес әзірленді және ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау тәртібін айқындайды.";

      9-тармақтың 10-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) сәйкес жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар балаларға арналған жеке көмекшінің қызметі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Бірінші топтағы балалардың ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарынының үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) сәйкес ПМПК қорытындысы мен ұсыныстары және психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің (немесе) білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің шешімі негіз болып табылады.".

      2. "Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26513 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 31) тармақшасына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) психологиялық-педагогикалық қолдап отыру тәртібін реттейді.";

      7-тармақтың 7-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      7) "Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 284 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32984 болып тіркелген) сәйкес алынған мүмкіндігі шектеулі (тірек-қимыл аппараты, есту, көру, сөйлеу бұзылыстары бар) білім алышулар үшін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын пайдалану.

      Арнайы жағдайлар жасау үшін білім беру ұйымдары техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын, дамыту құрал-жабдықтарын "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) сәйкес сатып алады және пайдаланады.".

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар әрбір жас тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығына айқындалады және орта білім беру ұйымында – 45 минутты құрайды.".

      3. "Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31505 болыптіркелген) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 532 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 90) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 90) тармақшасына сәйкес әзірленді және мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс).".