"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 90) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.09.2023 № 300 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі |
А. Аймагамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 532 бұйрығына қосымша |
Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 90) тармақшасына сәйкес әзірленді және мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.09.2023 № 300 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мүмкіндігі шектеулі бала (балалар) – белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым қуалайтын, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік әрекеті шектелген, дене және (немесе) психикалық бұзылыстары бар он сегіз жасқа дейінгі бала (балалар);
2) мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау – қызметтің қандай да бір түрін орындау қабілетін қалпына келтіруге немесе оның орнын толтыруға бағытталған қызметтер мен іс-шаралар кешені.
3. Мемлекеттік тапсырысты орналастыруды меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық – педагогикалық қолдау жөнінде қызметтер көрсететін білім беру ұйымдарында (бұдан әрі-Ұйым), "Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26502 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 12 бұйрық) сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік тапсырысты орналастыру шарттарын жасай отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары (бұдан әрі – білім беруді басқару органдары) жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарынының үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу–ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) (бұдан әрі - №385 бұйрық) бекітілген арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларындағы 1-қосымшаға сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы және осы Қағидалардағы 2-қосымша сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация жолдауы бар мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету үшін жүзеге асырылады.
2-тарау. Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру
5. Мемлекеттік тапсырысты орналастыруды білім беруді басқару органы жүзеге асырады.
6. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін білім беруді басқару органдары мүмкіндігі шектеулі балаларды ұлттық білім беру деректер базасында (бұдан әрі – ҰБДБ) есепке алуды қамтамасыз етеді.
ҰБДБ-да тіркелмеген мүмкіндігі шектеулі балаларды есепке алу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялармен жүргізіледі (бұдан әрі-ПМПК). ПМПК бұзылыстар санаты бөлінісінде мүмкіндігі шектеулі балалардың санын көрсете отырып, қалыптастырылған өтінімдерді (тізімдерді) конкурс өткізуді ұйымдастыру үшін білім беруді басқару органына береді.
7. Білім беруді басқару органдары өздерінің ресми интернет-ресурстарында мемлекеттік тапсырысқа арналған конкурсты өткізу күнін, уақытын, орнын және мерзімдерін көрсете отырып, конкурстық рәсімді өткізу туралы және мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру орналастырады.
Білім беруді басқару органы комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) құрамын бекітеді. Комиссия мүшелерінің тақ санынан, Төрағаны қоса алғанда кемінде 7 (жеті) адамнан тұрады. Комиссияның құрамы жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, білім беруді басқару органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен қалыптастырылады.
Комиссия төрағасы жергілікті атқарушы органдарының және білім беруді басқару органдарының өкілдерінен сайланады. Комиссияның қызметі білім беруді басқару органының шешімі негізінде тоқтатылады. Комиссия төрағасы мен мүшелері дауыс беруге ауыстыру құқығынсыз қатысады. Егер отырысқа Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды деп есептеледі. Комиссия құрамының дауыстары тең болған кезде Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссия шешімдері тиісті хаттамамен рәсімделеді, оған Комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды.
Конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімі білім беруді басқару органдарының ресми интернет-ресурстарында конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен бастап 32 (отыз екі) жұмыс күнін құрайды.
8. Конкурсқа қатысуға қызметтің басталғаны туралы хабарлаған және:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішке (бұдан әрі-өтініш) сәйкес № 385 бұйрықпен бекітілген әлеуметтік-педагогикалық сыныптамаға сәйкес дамуында бұзылыстар санаттары (есту, көру, тірек-қимыл аппараты, интеллект, сөйлеу, психикалық дамуы тежелген, эмоционалды-ерік саласының бұзылулары (аутистік спектрдің бұзылуы), күрделі (біріктірілген) бұзылыстары бойынша) бойынша орындар санын;
2) "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) (бұдан әрі –Санитариялық қағидалар) сәйкес жағдайды;
3) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі – Өрт қауіпсіздігі қағидалары) сәйкес жағдайды;
4) төтенше жағдайлар туындаған кезде хабарлау жүйені (дабыл түймешесінің, автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесінің болуы);
5) "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына сәйкес терроризмге қарсы қорғалуды (бейнебақылау жүйесінің болуы);
6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бағалау қағидалары) сәйкес ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін арнайы жағдайлар және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолжетімді ортаны;
7) "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) сәйкес (бұдан әрі – Жарақтандыру нормалары) жабдықтармен және жиһазбен жабдықталуды;
8) Санитариялық қағидаларға сәйкес алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жағдайды;
9) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтермен және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес (бұдан әрі – Үлгі штаттары) санмен;
10) № 12 бұйрыққа сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелуді қамтамасыз еткендер;
11) бұзылыстар санаттарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық – педагогикалық қолдаудың іске асырылатын түзету – дамыту бағдарламаларын көрсете отырып, "Ұлттық білім беру деректер базасы" ақпараттық жүйесінде тіркеу.
9. Мемлекеттік тапсырысты орналастыруға үміткер ұйымдар мынадай құжаттарды электрондық форматта ұсынады:
1) Өтініш;
2) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған бейнебақылау камераларын, дабыл кнопкасын және дауыстық хабарландыруды орналастыру схемасы;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;
4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері.
10. Басқару органы мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелері арқылы (www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы) алынған мынадай құжаттардың бар болуын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:
1) қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар;
2) медициналық көмек (медициналық қызмет көрсету) көрсетуге арналған шарт болмағанда, медициналық қызметке лицензия;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама, жылжымайтын мүлікке (жалға алынған) құқықты белгілеуші және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер;
4) ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
5) Конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.
11. Құжаттарды тіркеу аяқталған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органы ұйымдар ұсынған, оның ішінде мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды қарастырады және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес оларды ресми интернет-ресурстарында орналастырады.
Білім беруді басқару органдары ұсынылған құжаттарды қарастырғаннан кейін келесі 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұйымға бару арқылы ұсынылған құжаттардың дұрыстылығы тексеруді жүзеге асырады.
12. Ұйымның осы Қағидаларға сәйкес келмейтін өтінішті және (немесе) оған қоса берілген құжаттарды ұсыну фактісі анықталған не ұйымның Мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеуі болмағанда, білім беруді басқару органы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде білім беру ұйымын өтініште көрсетілген электрондық поштаға не электрондық пошта болмаған кезде пошта мекенжайына өтініште көрсетілген сәйкессіздіктерді жою қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
Ұйым хабарламаны алғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жояды және басшының қолы қойылған растайтын құжаттарды электронды форматта ұсынады.
13. Білім беруді басқару органы Ұйымның қайта өтініші мен қоса берілген құжаттары келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды қарауды жүзеге асырады.
14. Ұйымның осы Қағидаларға сәйкес келмейтін өтінішті және (немесе) оған қоса берілген құжаттарды ұсыну фактісі қайта анықталған не ұйымның мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеуі болмағанда, білім беруді басқару органы Ұйымға өтініште көрсетілген пошталық мекенжайға немесе электрондық поштаға мемлекеттік тапсырысты орналастырудан негізделген және бас тарту жөнінде дәлелді жауап жолдайды.
15. Бұрын мемлекеттік тапсырыс орналастырылған ұйымдар келесі күнтізбелік жылға арналған мемлекеттік тапсырысты осы Қағиданың 9-тармағында көрсетілген өзектендірілген құжаттарды ұсынған жағдайда алады.
16. Ұсынылған құжаттарды қарау және Ұйымға бару нәтижелері бойынша білім беруді басқару органы өтініш берген кездегі бос орындардың атауын, санын және байланыс деректерін көрсете отырып, сәйкестігі, сондай-ақ Ұйымның осы Қағидалардың талаптарына сәйкес еместігі туралы хаттама жасайды және 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органының ресми интернет-ресурсында орналастырады.
17. Ұйымдардың мемлекеттік тапсырысты орналастырудан бас тартуы келесі конкурстық рәсімге қайта қатысуына кедергі болмайды.
18. Мемлекеттік тапсырысты орналастыруды білім беруді басқару органдары осы Қағидаларда көзделген тәртіппен мемлекеттік тапсырысты орналастыру шарттарын жасай отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы, №12 бұйрыққа сәйкес Ұйымдармен 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.
Мемлекеттік тапсырысты орналастыру шарты Ұйымдармен тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде бір қаржы жылына жасалады.
19. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру шарты жасалғаннан кейін, Ұйым бос орындар туралы мәліметтерді Білім беруді басқару органдарының ақпараттық жүйелерінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде орналастырады.
20. Ата-аналар немесе балалардың өзге де заңды өкілдері білім беруді басқару органдарының ақпараттық жүйесіндегі бос орындар туралы мәліметтер негізінде Ұйыммен білім беру қызметтерін көрсетуге шарт жасай отырып, ұйымға өз бетінше жолдама алады. Психологиялық – медициналық – педагогикалық консультация осы қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес жолдама береді.
Ата-ана немесе балалардың өзге де заңды өкілдері шарт жасалғаннан кейін арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауды алудан бас тартқанда, мемлекеттік тапсырысты орналастыру ата-ана немесе балалардың өзге де заңды өкілдері мен Ұйым арасында жаңа шарт жасалғанға дейін тоқтатыла тұрады немесе ата-ананың немесе балалардың өзге де заңды өкілдерінің таңдауы бойынша арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауды алуға кезекті тіркеу жүзеге асырылады.
21. Өткізілмеген жеке сабақтарды (науқастану, емделу, медициналық, санаторий-курорттық ұйымдарда сауықтырылу мен оңалтылуы, ата-анасының бірінің немесе өзге де заңды өкілдерінің демалыста болуы себептері бойынша) өткізу үшін ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші негізінде жеке кесте бойынша не қашықтықтан сабақтар қосымша ұйымдастырылады.
22. Ұйым белгіленген бюджет шегінде мемлекеттік тапсырысты қосымша өткізілген сабақтарға қосымша қаржыландыру үшін табельді (электрондық), орындалған жұмыстар актісін, электрондық шот фактурасын ұсынады.
23. Ұйымдарда мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру есепке алынған мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жүзеге асырылады:
1) Ұйымға нақты келетін;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін психологиялық-педагогикалық қолдау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20744 болып тіркелген) 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша баланың психологиялық-педагогикалық қолдау алуына одан әрі қажеттілігі туралы ұйым мамандарының командалық бағалауы негізінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау және оңалту курсының нәтижелері туралы анықтамасы бар және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның жолдамасы бар;
3) Ұйымда аптасына екі сабақта болмаған жағдайда.
24. Мемлекеттік тапсырыс мөлшерін есептеу кезінде жалпы көрсеткіштер пайдаланылады:
1) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы 1193 қаулысымен белгіленген базалық лауазымдық жалақы (бұдан әрі – БЛЖ);
2) тиісті жылға арналған "Республикалық бюджет туралы" ҚР Заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК).
Мемлекеттік тапсырыс көлемін есептеу мыналарға сәйкес жүзеге асырылады:
1) V – айына мемлекеттік тапсырысын қаржыландыру көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:
V = ∑ Nжалпы перс
Nжалпы жеке – пәнаралық командалық және жеке бағалау қорытыныдылары бойынша бір балаға жеке көзделген айына мемелекеттік тапсырысты қаржыландырудың жиынтық нормативі, мынадай формула бойынша есептеледі:
Nжалпы перс =∑(N қызмет z * nz),
мұнда:
nz - балалар санатының тобына байланысты пәнаралық командалық және жеке бағалау нәтижелерінің қорытындылары бойынша көзделген бір балаға сағат саны:
1 – топ – сөйлеу қабілеті, қозғалыс саласы бұзылған ( өз бетінше қозғалатын, ақыл – ойы сақталған); мінез – құлықтың бұзылуы мен қиындықтары, ақыл – ой дамуының тежелуі, көру қабілеті нашар, есту қабілеті нашар мүмкіндігі шектеулі балалар;
Көмек көлемі – ең аз:
бір маманның (логопед немесе психолог немесе дефектолог) көмегі;
көмектің ұзақтығы жылына 90 күннен бастап;
2 – топ –мүмкіндіктері шектеулі, тірек – қимыл аппараты бұзылған (көмекші құралдардың көмегімен қозғалатын, сөйлеу қабілеті бұзылған, бірақ ақыл – ойы сақталған), есту және көру қабілеті терең бұзылған (көзі көрмейтін, естімейтін), сөйлеу қабілеті ауыр, жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл – ойы бұзылған, қарым – қатынас және әлеуметтік өзара іс – қимыл бқзылған (аутизм) балалар;
Көмек көлемі – орташа:
Екі маманның (логопед және психолог немесе дефектолог және логопед немесе логопед және ЕДШ нұсқаушы);
Көмектің ұзақтығы жылына 180 күннен бастап;
3 – топ - мүмкіндіктері шектеулі, күрделі (аралас) бұзылыстары бар, 2 немесе одан да көп бұзылыстары бар балалар: көру және есту қабілетінің бұзылуы, тірек-қимыл аппараты мен ақыл-ойының бұзылуы, ақыл-ой мен есту қабілетінің бұзылуы, әлеуметтік өзара әрекеттесуінің бұзылуы (аутизм) және ақыл-ойдың бұзылуы және басқалар.
Көмек көлемі – жоғары:
үш маманның көмегі (логопедтің, психологтың және ЕДШ нұсқаушысының немесе дефектологтың, логопедтің және психологтың және т. б.;
көмектің ұзақтығы жылына 180 күннен 270 күнге дейін;
2) N қызмет z – сабақтың түріне байланысты 1 (бір) қызметтің құны: жеке, кіші топтық, топтық, айына бір білім алушыға мынадай формула бойынша есептеледі:
N қызмет z = Т + S + А,
мұнда:
S – оқу шығыстарын қоса алғанда, сағатына бір балаға білім беру ұйымын ағымдағы қамтуға арналған шығыстар нормасы 0,03*АЕК құрайды;
А – педагогтер: психолог, логопед, дефектолог, тифлопедагог, олигофренопедагог, сурдопедагог қызмет көрсеткен кезде бір балаға арналған жабдықты амортизациялауға/сатып алуға арналған шығыстар нормасы - 0,032*АЕК;
ЕДШ нұсқаушысы қызмет көрсеткен кезде - 0,052*АЕК;
Z – педагог қызметін көрсететін индекс: психолог, логопед, дефектолог, тифлопедагог, олигофренопедагог, сурдопедагог, ЕДШ нұсқаушысы;
T – сағатына бір балаға есептегендегі психологиялық-педагогикалық қолдау ұйымы персоналының еңбегіне ақы төлеудің айлық қоры мынадай формула бойынша есептеледі:
Т z = Tнег z + Ткомп z ,
мұнда:
Tнег z = ((W z + Wэ/р z ) * sno + БДО*( КЕ z + КЕ әбп +КЕе отп) +R) * mp * MVz,
Tкомп z = (W z * kp + Экомп) * MVz / 12,
мұнда:
Tнег z – өтемақы төлемдерін есепке алмағанда, персоналдың еңбегіне ақы төлеудің айлық қоры;
Tкомп z – қызметкерлердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыруға жәрдемақы төлеуге арналған шығыстардың ай сайынғы көлемі;
W z – қызметкерлердің жалақысы мына формула бойынша есептеледі:
W z = (ҚЖ z * kp + БҚЖ * f) * ks+БҚЖ * с + Қосымz,
мұнда:
ҚЖz – айына бір педагогикалық мөлшерлеменің қызметтік жалақысы, ол БҚЖ-ны қызметтік жалақыны есептеу коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады:
педагог-психолог - 4,25;
мұғалім-логопед - 4,57;
мұғалім-дефектолог - 4,68;
тифлопедагог - 4,66;
ЕДШ нұсқаушысы – 4,19;
олигофренопедагог - 4,81;
сурдопедагог-мұғалім - 4,55;
kp -педагогтің қызметтік жалақысының белгіленген мөлшеріне түзету коэффициенті:
2022 жылға – 1,75;
2023 және одан кейінгі жылдарға – 2;
f - басқарушы персоналдың жалақы қорын есептеу коэффициенті:
2022 жылға – 1,183;
2023 жылға және одан кейінгі жылдарға – 1,352;
KS-мамандарға ауылдық жердегі жұмысы үшін қосымша ақы төлеу коэффициенті 1,25 құрайды;
қала мектептері үшін – 1,0;
с - оқу-көмекші персоналдың жалақы қорын есептеу коэффициенті:
2022 жылға – 0,540;
2023 жылға - 0,636;
2024 жылға – 0,751;
2025 және одан кейінгі жылдарға – 0,878;
Қосымz – персоналдың жалақысына қосымша ақының коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:
Қосым z = БҚЖ * (ЕЖҮz + ЕЖҮәбп + ЕЖҮтех +u z),
мұнда:
ЕЖҮz – педагогтердің ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақы коэффициенті:
Жыл | ЕЖҮпсх | ЕЖҮлгп | ЕЖҮдфк | ЕЖҮтфл | ЕЖҮлфк | ЕЖҮолгф | ЕЖҮсрдп |
2022 жыл | 0,744 | 0,800 | 0,819 | 0,816 | 0,733 | 0,842 | 0,796 |
2023 жыл | 0,850 | 0,914 | 0,936 | 0,932 | 0,838 | 0,962 | 0,910 |
2024 жыл | 0,850 | 0,914 | 0,936 | 0,932 | 0,838 | 0,962 | 0,910 |
2025 жыл | 0,850 | 0,914 | 0,936 | 0,932 | 0,838 | 0,962 | 0,910 |
ЕЖҮәбп – әкімшілік-басқару персоналының ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақы коэффициенті:
2022 жылға – 0,810;
2023 жылға және одан кейінгі жылдарға – 0,926;
ЕЖҮтех - техникалық персоналдың ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақы коэффициенті:
2022 жылға – 0,459;
2023 жылға - 0,541;
2024 жылға – 0,638;
2025 жылға және одан кейінгі жылдарға – 0,746;
uz – ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істегені үшін қосымша ақы төлеу коэффициенті:
педагог-психолог – 1,70;
мұғалім-логопед – 1,83;
мұғалім-дефектолог – 1,87;
тифлопедагог – 1,86;
ЕДШ нұсқаушысы – 1,68;
олигофренопедагог – 1,92;
мұғалім – сурдопедагог – 1,82;
Wэ/р z – экология және радиация аймақтарында қосымша демалыс кезінде алмастырушы қызметкердің жалақы коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:
Wэ/р z= Wz / 30 / 12 / * 9,
мұнда:
30 – күнтізбелік күндер саны;
12 – жылдағы айлар саны;
9 – "Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" және "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес демалысқа қосымша күндердің орташа саны;
Sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті-1,0836;
2025 және одан кейінгі жылдарға – 1,0968;
КЕz – педагогтар үшін экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңға сәйкес экологиялық апат аймағында тұрғаны үшін қосымша төлем коэффициенті:
Жыл | КЕпсх | КЕлгп | КЕдфк | КЕтфл | КЕлфк | КЕолгф | КЕсрдп |
2022 жыл | 2,454 | 2,639 | 2,703 | 2,691 | 2,420 | 2,778 | 2,628 |
2023 жыл | 2,805 | 3,016 | 3,089 | 3,076 | 2,765 | 3,175 | 3,003 |
2024 жыл | 2,805 | 3,016 | 3,089 | 3,076 | 2,765 | 3,175 | 3,003 |
2025 жыл | 2,805 | 3,016 | 3,089 | 3,076 | 2,765 | 3,175 | 3,003 |
КЕәбп - әкімшілік-басқару персоналы үшін экологиялық зілзала салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңға сәйкес экологиялық зілзала аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті:
2022 жылға – 2,674;
2023 жылға және одан кейінгі жылдарға – 3,056;
КЕотп - оқу-көмекші персонал үшін экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңға сәйкес экологиялық апат аймағында тұрғаны үшін қосымша төлем коэффициенті:
2022 жылға – 1,514;
2023 жылға – 1,785;
2024 жылға – 2,105;
2025 жылға және одан кейінгі жылдарға – 2,462.
Егер осы қосымша ақы экологиялық зілзаланың салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы заңда көзделмеген жағдайда, КЕувп 0-ге тең болады;
R – ядролық полигонда зардап шеккендерді қорғау туралы Заңға сәйкес радиациялық қатер аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы-1,5 АЕК.
Егер осы қосымша ақы ядролық полигонда зардап шеккендерді қорғау туралы заңда көзделмеген жағдайда R 0-ге тең;
mp – міндетті зейнетақы жарналарының және жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдарының коэффициенті:
2022 жылға – 1,03;
2023 жылға – 1,045;
2024 жылға – 1,055;
2025 жылға – 1,065;
MVz – оқушы-сағат коэффициенті:
жеке сабақтар үшін-0,021;
кіші топта орташа саны 3 бала болатын кіші топ сабақтары үшін - 0,007;
орташа саны 7 бала болатын топтық сабақтар үшін - 0,003;
Экомп – экологиялық апат салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы Заңға сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қатысты қолданыстағы төлемдерден тыс сауықтыруға материалдық көмек мынадай формула бойынша есептеледі:
Экомп z = ДОz * kp + БДО * (f + с)
егер осы қосымша ақы экологиялық зілзаланың салдарынан зардап шеккендерді қорғау туралы заңда көзделмеген жағдайда, Экомп =0.
25. Ұйымдарда мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру рұқсаттамалардың себептерін көрсете отырып (қатысу табеліне электрондық түрде бекітілетін өткізу себебін растайтын құжаттардың міндетті түрде болуы), орындалған жұмыстардың электрондық актісін, Ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі-ЭЦҚ) қойылған электрондық шот – фактураны көрсете отырып, қатысудың электрондық табелін ұсыну кезінде жүзеге асырылады.
26. Орналасқан жері өзгергенде (басқа ғимаратқа/үй-жайға көшіру) Ұйым орналасқан жері өзгергенге дейін бір ай бұрын білім беруді басқару органына хабарлауға міндетті.
Ұйымның басшысы қол қойған, басқа ғимаратқа/үй-жайға көшіру мерзімдері көрсетілген хабарлама білім беруді басқару органының электрондық поштасына электрондық форматта жіберіледі.
Орналасқан жерінің өзгергені туралы хабарлаған Ұйым хабарлама тіркелген кезден бастап бір ай мемлекеттік тапсырыс бойынша қаржыландырылады.
Білім беруді басқару органын хабардар еткен сәттен бастап бір ай өткен соң Ұйым мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) басшының қолымен және мөрімен куәландырылған бейнебақылау камераларын, дабыл кнопкасын және дауыстық хабарландыруды орналастыру схемасын қамтуға тиіс.
Ұйым көрсетілген құжаттарды білім беруді басқару органының электрондық поштасына электрондық форматта жібереді.
Аталған құжаттарды тіркегеннен кейін білім беруді басқару органы мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы алады және мынадай құжаттардың бар-жоғын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:
1) Ұйымдар қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама;
2) Ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
3) Ұйымның медициналық қызметіне лицензия (медициналық көмек (медициналық қызмет көрсету) көрсетуге шарт болмағанда).
27. Мемлекеттік тапсырыстың көлемі мен мөлшері жергілікті атқарушы органдардың шешімімен айқындалады:
1) шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың нәтижесінде балалар Ұйымға бармайтын кезеңде;
2) кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтіруді (құжаттамалық растау болған кезде) жүргізу себебі бойынша ұйымға қабылданған, бірақ бармайтын балалар үшін жылына 2 (екі) айдан аспайды.
28. Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған Ұйымдарда қаржы жылында бір рет білім беруді басқару органдары осы Қағидаларда көзделген талаптардың сақталуы бойынша жоспарлы мониторинг жүргізеді.
Жоспарлы мониторингті білім беруді басқару органы психологиялық – медициналық – педагогикалық консультациясын, жергілікті атқарушы органдарды, білім беруді басқару органдарын, аккредиттелген (салалық) қауымдастықтардың өкілдерін тарта отырып жүзеге асырады.
Білім беруді басқару органы ұйымға жоспарлы мониторинг жүргізудің мерзімдері көрсетілген хабарламаны бір ай бұрын жібереді.
Жоспарлы мониторинг нәтижелері бойынша білім беруді басқару органы 3 (үш) жұмыс күні ішінде акт жасайды және Ұйымдармен танысу үшін білім беруді басқару органының ресми интернет-ресурсында орналастырады.
Осы Қағидалардың талаптарын сақтамау және міндеттемелерін орындамау фактілері анықталғанда, Ұйымдар актіні алғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жояды және білім беруді басқару органына басшының қолымен расталған құжаттарды ұсынады.
Ұйым анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймағанда, білім беруді басқару органы 3 (үш) жұмыс күні ішінде Ұйымға мемлекеттік тапсырысты орналастыруды тоқтату туралы хабарлайды.
Ұйымдардың қызметіндегі бұзушылықтар бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері және осы Қағидалардың талаптары негізінде білім беруді басқару органы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген мерзімдерде жоспардан тыс мониторинг жүргізеді.
29. Жоспардан тыс/жоспарлы мониторинг және ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша білім беруді басқару органы Ұйымның осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы хаттама жасайды және 3 (үш) жұмыс күні ішінде білім беруді басқару органдарының ресми интернет-ресурстарына орналастырады.
30. Ұйымда мемлекеттік тапсырысты орналастыру осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмегенде келесі конкурстық рәсімге дейін тоқтатылады.
31. Ұйым мен мемлекеттік тапсырысты орналастыру шарты Қағидалардың осы тармағының талаптары бойынша хабарлама тәртібі бұзылған кезде, орналасу орнының өзгеруі анықталған күннен бастап 3 (үш) күн ішінде біржақты тәртіппен бұзылады.
Өтініш
Жаңа орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтері бойынша жеткізушілер тізбесіне
_____________________________________________________ қосуды өтінемін.
(**Ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Осымен келесіні хабарлаймын:
1) Ұйымның жаңа орындарының саны (бұзылулар санаттары бойынша):_____________________
2) өтініш берген күнгі жағдай бойынша мүмкіндігі шектеулі балалардың нақты контингенті:___балалардың, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ___ балалар;
3) бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысы _______________________________;
(орналастырылған/орналастырылмаған)
4) Ұйым Ұлттық білім беру деректер базасын пайдаланушы болып табылады.
Осы арқылы Ұйым:
1) санитариялық-эпидемиологиялық, оның ішінде есепке алу жөніндегі талаптарды Ұйымның нақты жобалық қуаты шегінде балаларды Ұйымға жіберуді;
2) Үлгілік қағидаларында көзделген Ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларын;
3) ай сайын Ұлттық білім беру деректер базасында өзінің ақпаратын толтыру:
мүмкіндігі шектеулі балалар, оның ішінде Қағидалардың 5-тармағына сәйкес білім басқармасы қалыптастырған контингентке кіретіндер;
педагогтер, оның ішінде олардың саны, білім деңгейі, біліктілігі, еңбек өтілі туралы;
4) мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын;
5) осы Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру Қағидаларында көрсетілген талаптарды сақтауды қамтамасыз етеді.
Осы арқылы Ұйым мынадай міндеттемелердің орындалуына кепілдік береді:
1) балаларды мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша тек қана облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының жолдамалары және психологиялық-миедициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысы бойынша қабылдау;
2) "Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген), "Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау қағидаларын бекіту туралы", Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26513 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін арнайы жағдайлар жасау.
Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар _____ бетте.
Ұйымның басшысы ____________________________________________
(Ұйымның атауы)
____________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)
Толтырылған күні "_____" ____________ 20____жыл.
Мөрдің орны (болған жағдайда)
*Ескерту: Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұсынатын мемлекеттік емес ұйымның бланкісінде толтырылады (бұдан әрі - Ұйым)
**Қысқарту: Ұйым - мемлекеттік тапсырысты орналастыруды меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық – педагогикалық қолдау жөнінде қызметтер көрсететін білім беру ұйымы
Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына 2-қосымша Үлгі |
Жолдама (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысынсыз жарамды емес) баланы Ұйымға қабылдау үшін _____________________________ психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация
ұйымға жіберді
___________________________________________________________________
____________________________________ мекен-жайы бойынша орналасқан
баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_______________________________
туған күні___________________________________________________________
мекен-жайы, телефон нөмірі___________________________________________
Жолдама ұйымға 5 жұмыс күні ішінде беріледі.
Жолдама берілген күні________________________________________________
баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және психологиялық-медициналық-
педагогикалық консультация басшысының қолы___________________________
Мөрдің орны