ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілетін, осы бұйрықпен бекітілетін қоса беріліп отырған кейбір бұйрықтар тізбесінің 3 және 6-тармақтарын қоспағанда, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
А. Саткалиев |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2023 жылғы 30 маусымдағы № 248 Бұйрыққа қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы " " ____ № ___ бұйрығымен бекітілді |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстанның бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10552 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстанның бірыңғай электр энергетикасы жүйесіндегі авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөніндегі қағидаларда:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою тәртібін айқындайды.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Авариялық бұзушылықтарды болғызбау және жою тәртібі";
17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"17. Генерацияны төмендетуге арналған аварияға қарсы басқаруды блоктық электр станцияларында, гидроэлектростанцияларда, жаңартылатын энергия көздері немесе турбиналарды түсіру негізіндегі электр станцияларында генераторларды ажыратуға әсер ететін электр станцияларын автоматты түсіру құрылғылары жүзеге асырады. Генерацияны авариялық ұлғайту үшін аварияға қарсы басқаруды генераторларды автоматты жүктеу құрылғылары жүзеге асырады.";
24-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"24. Жүйелік оператор жүктемені ажыратудың арнайы автоматикасына қосылған жүктеме көлемінің мониторингін жүзеге асырады. Мониторингті қамтамасыз ету үшін жүктемені ажыратудың арнайы автоматикасына қосылған жүктеменің барлық көлемі "Электр желілік қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 210 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10899 болып тіркелген) 191-тармағында көзделген тәртіппен деректерді берудің келісілген хаттамалары және телеметрия алмасу тізбелері бойынша Жүйелік оператордың диспетчерлік пунктіне деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін телеметрия құрылғыларымен жарақтандырылады.";
29-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"29. Гидрогенераторлардың жүктемесін түсіру генератордың ажыратқышын ажырату, содан кейін бағыттаушы аппаратты жабу арқылы жүзеге асырылады.
Электр станцияларын автоматты түсірудің түрі мен көлемі динамикалық және статикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, электр энергетикалық жүйеде немесе оның жекелеген тораптарында туындайтын авариялық ажыратулар кезінде жабдықтың ток жүктемесін болдырмау шарттарының негізінде айқындалады.
Электр станциясын автоматты түсіру бірыңғай электр энергетикалық жүйенің құрамында жұмыс істейтін меншік түріне қарамастан, блоктық электр станцияларында, гидроэлектростанцияларда, жаңартылатын энергия көздері негізіндегі электр станцияларында орындалады.
Бірыңғай электр энергетикалық жүйеде электр станцияларын автоматты түсіруді қолдануды жүйелік оператор айқындайды.".
2. "Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 111 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 ақпанда № 10533 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) есеп айырысу кезеңi – электрмен жабдықтау шартында айқындалатын, көрсетiлген қызметтер және (немесе) электр энергиясын жеткiзгенi үшiн есеп айырысу жүргiзiлетiн уақыт бөлiгi;
2) нақты теңгерім – электр энергиясының бөлшек сауда нарығындағы субъектiлердiң есеп айырысу кезеңінде жеткiзген және тұтынған электр энергиясы көлемiнiң атаулы бөлiнуiн белгiлейтiн, өңірлік деңгейдегі электр желілерін пайдаланатын энергия беруші ұйым жасаған құжат;
3) өңірлік деңгейдегі электр желілері – бір облыс ішіндегі аудандар арасында не әртүрлі облыстардың аудандары арасында электр энергиясын беруге арналған кіші станциялардың, тарату құрылғыларының және оларды қосатын электр беру желілерінің жиынтығы;
4) техникалық шарттар – электр желілеріне қосуды орындау үшін қажетті техникалық талаптар;
5) электрмен жабдықтау шарты – электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты негізінде жасалатын келісім, оған сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыға жалғастырылған желi арқылы энергия беруге мiндеттенеді, ал тұтынушы алған электр энергиясына ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимiн сақтауға, өзінің қарамағындағы электр желiлерiн пайдалану қауiпсiздiгiн және электр энергиясын тұтынуымен байланысты олар пайдаланатын аспаптар мен жабдықтардың жарамдылығын қамтамасыз етуге мiндеттенеді.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.";
2-тараудың 1-параграфы алып тасталсын;
8-тармақ алып тасталсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның қызмет көрсету аймағы олар жасасқан энергиямен жабдықтау шарттарына сәйкес желілеріне тұтынушылар қосылған энергия беруші ұйымдар желілерінің шекарасымен, сондай-ақ бөлшек сауда тұтынушыларын энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының шиналарына қосу нүктесімен айқындалады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Электр энергиясын кепілдікпен жеткізуші Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 116-бабы 3-тармағы 14) тармақшасына сәйкес реттелетін энергиямен жабдықтаушы ұйымдар ішінен айқындалады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Энергия беруші ұйымның оралымды-диспетчерлiк басқаруы қолданылатын аумақ және энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен электр энергиясын беруге жасалған шарттарға сәйкес энергия беруші ұйымның электр желiлерi арқылы электр энергиясын алатын, сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының шиналарына қосылған барлық тұтынушылар электр энергиясына кепілдік беріп жеткізушілердің жауапкершілік аймағы болып табылады.";
23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығында жасалатын электр энергиясын сатып алу-сату және беру электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйелерінің көрсеткіштеріне сәйкес желілеріне бөлшек сауда тұтынушылары қосылған энергия беруші ұйымдардың деректеріне сәйкес жүргізіледі.
24. Энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушылар берген тұтыну туралы ақпарат бойынша, сондай-ақ электр тұтыну режимін сақтау жөніндегі талаптар қойылмайтын тұтынушыларды есепке ала отырып, алдағы тәулiктерге өтiнiмдердi қалыптастырады.";
25-тармақ алып тасталсын;
26, 27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Энергия беруші ұйым өз желілеріне қосылған электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарықтары субъектілерінің тұтынуын ескере отырып, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен көтерме тұтынушылардың тәулік сайын ұсынған өтінімдері негізінде өзінің тәуліктік кестесін қалыптастырады.
27. Жүйелік оператор келіскен және бекіткен энергия беруші ұйымның тәуліктік кестесі энергия беруші ұйымға, энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға және көтерме тұтынушыларға орындау үшін беріледі.
28. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның тәуліктік кестеде бекітілген электр энергиясының мәлімделген көлемдерінен асып кету электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында реттеледі.";
29-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы субъектілерінің әрқайсысы бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен электр энергиясын сатып алу-сату шарттары бойынша электр энергиясының бөлшек сауда нарығында электр энергиясын жеткізудің (тұтынудың) түзетулерін ескере отырып, тәуліктік кестеге мәлімделген көлемі;";
32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Энергия беруші ұйымдардың не желілердің өзге де иелерінің электр желілері арқылы беруге электр энергиясының нақты шығысы (электр энергиясының нақты ысырабы) тұтынушылар алған және басқа энергия беруші ұйымдардың желілеріне берілген электр энергиясының көлемін шегергендегі электр энергиясын жеткізу нүктелерінде белгіленген коммерциялық есепке алу жүйелерінің деректері бойынша генерациялайтын көздерден және басқа да энергия беруші ұйымдардан электр желісіне кірген электр энергиясының жиынтық көлемі арасындағы айырма ретінде айқындалады.
33. Энергия берушi ұйымдардың электр желiлерiндегi электр энергиясының нормативтiк шығысының шамасын анықтау "Электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 580 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14771 болып тіркелген) 30-қосымшаға сәйкес бекітілген Электр желілеріндегі электр энергиясы шығындарының нормативтік шамасын есептеу әдістемесіне сәйкес белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Энергия беруші ұйымдардың желілеріндегі электр энергиясының нормативтік технологиялық ысыраптарын өтеуге байланысты шығындары энергия беруші ұйымдардың тарифінде ескеріледі және оны Табиғи монополиялар туралы заңның 16-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және 17-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес белгіленген тәртіппен осы энергия беруші ұйыммен электр энергиясын беруге шарт жасасқан энергия беруші ұйымның тұтынушылары төлейді.".
3. "Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 147 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10627 болып тіркелді):
бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 70-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары алып тасталсын;
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясының босату бағасы – электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобына енгізілген энергия өндіруші ұйымның Заңның 5-бабының 70-5) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган айқындаған тәртіппен айқындалатын тиісті сағатттық мөлшерлемелеріне көбейтілген электр энергиясына арналған шекті тарифінен аспайтын электр энергиясын сату бағасы;";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Электр энергиясына шекті тарифті бекіту тәртібі.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Электр энергиясына шекті тариф электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтары бойынша әр жеті жыл сайын жылдар бойынша бөлініп бекітіледі және қажет болған жағдайда түзетіледі";
7, 8, 9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясын босату бағасынан жоғары емес сатады.
8. Электр энергиясына шекті тарифті айқындау үшін олардың қолданысының алғашқы жеті жылына электр энергиясына шекті тариф енгізілген жылдың алдындағы жыл ішінде электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобында қалыптасқан электр энергиясын өндіруге арналған ең жоғары шығындар пайдаланылады.
Бұл ретте, егер электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар топтарын қалыптастыру нәтижелері бойынша бір немесе бірнеше энергия өндіруші ұйым электр энергиясына шекті тариф енгізілген жылдың алдындағы жыл ішінде олар болған топтардан ерекшеленетін топтарға енгізілсе, электр энергиясына шекті тарифті айқындау үшін олардың қолданысының алғашқы жеті жылына электр энергиясына шекті тариф енгізілген жылдың алдындағы жыл ішінде электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың қалыптасқан топтарына сәйкес келетін энергия өндіруші ұйымдар арасында қалыптасқан электр энергиясын өндіруге жұмсалатын ең жоғары шығындар пайдаланылады.
Электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясының шекті тарифіне осы тарифтің қолданысының алғашқы жеті жылына электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 205 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20700 болып тіркелген) Пайда нормаларын айқындау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) (бұдан әрі – Пайда нормасы) сәйкес айқындалатын пайда нормасы да қосымша қосылады, оған электр қуаты нарығында жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттар бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде тартылатын қарыздар бойынша сыйақылардың шығындары, сондай-ақ теңгерімдеу үшін үстемеақылар кіреді.
9. Қолданысының алғашқы жеті жылындағы электр энергиясының шекті тарифін есептеу формуласы:
ЭШТ - электр энергиясына шекті тариф, киловатт сағатына теңгемен (теңге/кВт*сағ);
ЭӨМШ - электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар тобына енгізілген энергия өндіруші ұйымдар арасында электр энергиясын өндіруге арналған есеп айырысу жылындағы максималды шығындар, теңгемен;
ПН - пайда нормасы, теңгемен;
ЭК - электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шығындары электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар тобында максималды болып табылатын энергия өндіруші ұйымның электр станцияларының шиналарынан есеп айырысу жылы электр энергиясын босату көлемі, киловатт*сағатта (кВт*сағ);
Раттест - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 686 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12489 болып тіркелген) бекітілген генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларына сәйкес электр энергиясына шекті тарифті енгізу жылының алдындағы жылы жүргізілген энергия өндіруші ұйымның аттестатталған электр қуаты, мың киловатт (мың. кВт).
Электр энергиясына шекті тарифтің қолданылуының алғашқы жеті жылына энергия өндіруші ұйымның аттестатталған электр қуаты Әдістеменің 2-тарауының 1-параграфы қолданысқа енгізілген жылға қабылданады.
Бұл ретте генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өтпеген энергия өндіруші ұйымдарға Раттест мәні белгіленген қуатқа теңестіріледі;
Ренгізу - есеп айырысу жылы пайдалануға берілген, генерациялайтын қондырғылардың белгіленген қуаты, мың киловатт (мың. кВт);
Ршығу - есеп айырысу жылы пайдаланудан шығарылған генерациялайтын қондырғылардың белгіленген қуаты, мың киловатт (мың кВт).
10. Уәкілетті орган олардың қолданысының алғашқы жеті жылындағы электр энергиясына шекті тарифті айқындау үшін пайдаланатын электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өндіруге жұмсайтын максималды шығындарының мәндерін уәкілетті орган Заңның 12-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және (немесе) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша энергия өндіруші ұйымдар ұсынған электр энергиясын өндіруге арналған нақты және болжамды деректердің негізінде айқындайды.
11. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес кейінгі жылдарға электр энергиясына шекті тарифті түзету қажет болған кезде энергия өндіруші ұйымдар 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде уәкілетті органға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, электр энергиясын өндіруге арналған негізгі шығындардың болжамды ұлғаюы туралы ақпаратты, өткен жылғы қаржылық есептілікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларында көзделген инфляцияның болжанатын деңгейін ескере отырып есептеулерді ұсынады.
Кейінгі жылдарға электр энергиясына арналған шекті тарифті түзету қажет болған кезде электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасы өзгерген кезде энергия өндіруші ұйымдар 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде уәкілетті органға Әдістемеге сәйкес есептеулерді қоса бере отырып, электр энергиясына шекті тарифті түзетуге еркін нысанда өтінім береді.
Уәкілетті орган түзеткен электр энергиясына шекті тарифтер және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтер Әдістеменің 2-тарауының 1-параграфы қолданысқа енгізілген жылды қоспағанда, электр энергиясына шекті тарифтер түзетілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ағымдағы жылы электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шығындардың нақты ұлғаюы кезінде энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясына өзгертілген шекті тарифтерді енгізудің болжамды күніне екі ай қалғанда растайтын құжаттарды қоса бере отырып, электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шығындардың ұлғаюы туралы ақпаратты уәкілетті органға бір реттен артық емес ұсынады.
Электр энергиясына өзгертілген шекті тарифтерді қолданысқа енгізу олар бекітілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
Растайтын құжаттар болмаған кезде уәкілетті орган энергия өндіруші ұйымды хабардар ете отырып, электр энергиясына шекті тарифтерді түзетуден бас тартады.".
4. "Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы жүйесі - электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын өндіру-тұтыну, электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін қалыптастыру бойынша өтінімдерді беруге, орталықтандырылған сауда-саттық көлемін (сатып алушыларды іріктеу бойынша) айқындауға, орталықтандырылған сауда-саттық көлемін (сатушыларды іріктеу бойынша) айқындауға, бекітілген тәуліктік кестеге жүйелік оператормен келісілген түзетулер енгізуге, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын өндіру-тұтынуының нақты мәндерін қалыптастыруға, электр энергиясының сағаттық теңгерімсіздіктерін есептеуге, электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алу-сатудың сағаттық бағаларын, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алудың және теріс теңгерімсіздіктерді сатудың сағаттық бағаларын есептеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;";
24) тармақша алып тасталсын;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Энергия өндіруші ұйым Аттестаттауды жүргізу қағидаларына сәйкес генерацияланатын қондырғының электр қуатына аттестаттау (бұдан әрі – Аттестаттау) жүргізгеннен кейін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру және қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерін өткізуді жүзеге асырады.";
25-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Осы Қағидалардың 25-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуаты ретінде осы Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт (шарттар) бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемі (көлемдері) пайдаланылады.
Осы Қағидалардың 25-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуаты ретінде осы Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт (шарттар) бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемі (көлемдері) пайдаланылады.
Осы Қағидалардың 25-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген экспорттың есеп айырысу жылындағы ең жоғары электр қуатына энергиямен жабдықтаушы ұйым (ұйымдар) арқылы экспорттың есеп айырысу жылындағы ең жоғары электр қуаты да қосылады.
27. Энергия өндіруші ұйым бірыңғай сатып алушымен осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт (шарттар) жасасады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шартты (шарттарды) жасасу үшін энергия өндіруші ұйым 1 қарашаға дейін бірыңғай сатып алушыға осы шарттардың мынадай параметрлері: меншікті тұтынудың электр қуатының есеп айырысу жылындағы ең жоғары мәні және экспорттың электр қуатының есеп айырысу жылындағы ең жоғары мәні туралы ақпарат жібереді.";
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жүйелік операторға электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында жоғарылатуға және төмендетуге арналған теңгерімдеуге қатысуға өтінімдерді күн сайын беру;";
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында жоғарылатуға және төмендетуге арналған теңгерімдеуге қатысуға өтінімдерді орындау;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) күн сайын, ағымдағы тәулікте сағат 8:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша), жүйелік операторға алдағы жоспарлау тәуліктеріне энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының генерациясының жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері туралы ақпарат беру, бұл ретте алдағы тәулік ішінде осы электр станцияларының генерациялайтын жабдығын жөндеуден шығарған жағдайда (жабдықты жөндеуге шығару туралы жүйелік операторға тиісті өтінім болған жағдайда) осы ақпаратты бір рет (тәулігіне бір рет) түзетуге, сондай-ақ жүйелік операторға Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларынан тиісті тәулік ішінде келіп түскен осы электр станцияларының су режимінің өзгеруі туралы өкімнің көшірмесін берген жағдайда, осы ақпаратты қосымша түзетуге жол беріледі;";
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"7) жүйелік операторға жоспарлаудың тиісті тәуліктеріне берілген, энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының генерациясының жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері туралы ақпарат бойынша айқындалатын техникалық мүмкіндік шегінде генерациялау режимін сағаттық жоспарлау;
8) ай сайын, есеп айырысу айының алдындағы айдың соңғы күніне дейін, жүйелік операторға алдағы есеп айырысу кезеңнің (күнтізбелік айдың) әрбір тәулігіне генерацияның ықтимал электр қуатының мәндері туралы ақпаратты ұсыну және осы ақпаратты жүйелік оператормен келісу (бірыңғай сатып алушымен осы Қағидалардың 11-тармағының 6) тармақшасына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасқан энергия өндіруші ұйымдар үшін, сондай-ақ тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар үшін (құрамына қалаларды күзгі-қысқы кезеңнен өту кезеңінде орталықтандырылған жылумен жабдықтауды жүзеге асыратын жылу электр орталықтары ғана кіретін).
Жүйелік операторға берілген және осы тармақтың 8) тармақшасына сәйкес жүйелік оператормен келісілген энергия өндіруші ұйымның генерациясының ықтимал электр қуатының мәні көрсетілген мәндерге бір рет түзету жол берілетін жылыту кезеңі басталған (аяқталған) айдан басқа, олар берілген есеп айырысу кезең (күнтізбелік ай) ішінде түзетуге жатпайды, бұл ретте, осы түзету энергия өндіруші ұйымның тиісті хаты (жүйелік оператордың атына) және жүйелік оператордың тиісті келісімі негізінде жүзеге асырылады және көрсетілген айдың жылыту кезеңі басталған (аяқталған) күннен басталатын бөлігі үшін ғана қолданылады.
Энергия өндіруші ұйым жүйелік операторға осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген мерзімде алдағы есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) әрбір тәулігіне генерациялаудың ықтимал электр қуатының мәндері туралы ақпаратты бермеген не осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген мерзімде көрсетілген ақпаратты (оны жүйелік операторға ұсынғаннан кейін) жүйелік оператормен келіспеген жағдайда, жүйелік оператор энергия өндіруші ұйымның жиынтық электр қуаты мен энергия өндіруші ұйымның тиісті күнтізбелік жылдың электр қуатымен қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінің қосындысының мәніне тең генерациялаудың жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдардың ведомосіне энергия өндіруші ұйымның генерациясының ықтимал электр қуатының мәнін (алдағы күнтізбелік ай үшін) қосады.
Энергия өндіруші ұйым осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген мерзімде алдағы тәуліктерге жүйелік операторға оның құрамына кіретін электр станциялары генерациясының жұмыс электр қуатының мәні туралы ақпаратты ұсынбаған не осы ақпаратты жүйелік оператормен келіспеген жағдайда (оны жүйелік операторға ұсынғаннан кейін), жүйелік оператор энергия өндіруші ұйымның жиынтық электр қуаты мен энергия өндіруші ұйымның тиісті күнтізбелік жылдың электр қуатымен қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінің қосындысының мәніне тең генерациялаудың жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдардың ведомосіне энергия өндіруші ұйымның электр станцияларын генерациялаудың жұмыс электр қуатының мәнін (алдағы тәуліктерге) қосады.";
29, 30, 31, 32 және 33-тармақтар алып тасталсын;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Энергия өндіруші ұйым есептік кезең (күнтізбелік ай) ішінде немесе энергия өндіруші ұйымның бастамасы бойынша жоғарылатуға және төмендетуге теңгеруге қатысуға қатарынан үш және одан да көп өтінімдерді орындамаған жағдайда не энергия өндіруші ұйымның бастамасы бойынша жүйелік оператор Аттестаттауды жүргізу қағидаларына сәйкес энергия өндіруші ұйымның электр станцияларын кезектен тыс аттестаттауды жүргізеді.";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Энергия өндіруші ұйым жүйелік операторға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10532 болып тіркелген) (бұдан әрі – Теңгерімдеуші нарықтың жұмыс істеу қағидалары) сәйкес электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында жоғарылату үшін теңгерімдеуге қатысу туралы өтінімді (бұдан әрі – жоғарылатуға арналған өтінім) күн сайын береді.
Бұл ретте жоғарылатуға арналған өтінімде көрсетілетін жоғарылатуға теңгерімдеудің минималды рұқсат етілетін шамасы мына формула бойынша МВт-пен операциялық тәуліктердің әрбір сағаты үшін жеке анықталады:
ОЗжоғарыл = min((Р∑ + Рқамт); Ржұмыс; Pмәлім) – Рген. – Рқайта.рет., мұндағы:
ОЗжоғарыл – операциялық тәуліктің тиісті сағаты үшін жоғарылатуға теңгерімдеудің минималды рұқсат етілетін шамасы, МВт;
min((Р∑ + Рқамт.);Ржұмыс) – мәндердің ең азы (Р∑ + Рқамт.) және Ржұмыс, МВт;
(Р∑ + Рқамт) – Р∑ және Рқамт. қосындысы., МВт;
Р∑ – тиісті күнтізбелік жылдың жиынтық электр қуаты, МВт;
Рқамт – электр қуатымен қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі;
Рмәлім - энергия өндіруші ұйым электр энергиясының көтерме сауда нарығында сатуға мәлімдеген көлем;
Ржұмыс – генерациялаудың, технологиялық және техникалық минимумдардың жұмыс электр қуаттарының ведомосіне сәйкес ағымдағы тәуліктің тиісті сағатына энергия өндіруші ұйымның электр станцияларын генерациялаудың жұмыс электр қуатының мәні, МВт;
Рген – операциялық тәуліктің тиісті сағатына энергия өндіруші ұйымдардың электр станциялары генерациясының электр қуатының жоспарлы жиынтық мәні, МВт;
Рқайта.рет. – жиілік пен қуатты қайта реттеу бойынша қосалқы көрсетілетін қызметтер көлемі, оның ішінде жүйелік операторға энергия өндіруші ұйым көрсететін жиілік пен қуатты автоматты реттеу арқылы, МВт;
Бұл ретте егер жоғарылатуға арналған өтінім көлемін айқындау нәтижесінде оның мәні теріс болса, онда жоғарылатуға арналған өтінім көлемінің мәні нөлге теңеледі.";
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Энергия өндіруші ұйым күн сайын жүйелік операторға Теңгерiмдеуші нарықтың жұмыс iстеу қағидаларына сәйкес электр энергиясын теңгерімдеуші нарықта төмендетуге теңгерімдеуге қатысу үшін өтінім береді.
Бұл ретте өтінімде көрсетілген төмендетуге теңгерімдеу шамасы мына формула бойынша операциялық тәуліктің әр сағаты үшін жеке айқындалады:
ОЗтөменд = Рген. – Р∑мин – Рқайта.рет., мұндағы:
ОЗтөменд - операциялық тәуліктің тиісті сағаты үшін төмендетуге теңгерімдеу шамасы, МВт;
Рген - операциялық тәуліктің тиісті сағатына жоспарлы, электр өндіруші ұйымдар электр станциялары генерациясының электр қуатының жиынтық мәні, МВт;
Р∑мин - операциялық тәуліктің тиісті сағаты үшін орташадан көп осы электр станцияларының өнеркәсіптік тұтынушыларын бумен жабдықтауды есепке алып, энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдары мәнінің қосындысы, МВт;
Р қайта рет - жиілік пен қуатты қайта реттеу бойынша қосалқы қызметтер көлемі, оның ішінде жиілік пен қуатты автоматтандырылған реттеу арқылы жүйелік операторға энергия өндіруші ұйым көрсететін қызмет, МВт.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Егер жоғарылатуға арналған өтінім іске қосылған кезде өтінімде көрсетілген теңгерімдеу көлемінің және осы өтінімді орындау процесінде энергия өндіруші ұйым жасаған теріс теңгерімсіздіктің оң айырмасы өтінімде көрсетілген теңгерімдеу көлемінің 1 % - дан астамын құраса, жүйелік оператор іске қосқан энергия өндіруші ұйымның жоғарылатуға арналған өтінімі орындалмаған деп есептеледі.
Егер төмендетуге арналған өтінім іске қосылған кезде өтінімде көрсетілген теңгерімдеу көлемінің және осы өтінімді орындау процесінде энергия өндіруші ұйым жасаған оң теңгерімсіздіктің оң айырмасы өтінімде көрсетілген теңгерімдеу көлемінің 1 % - дан астамын құраса, жүйелік оператор іске қосқан энергия өндіруші ұйымның төмендетуге арналған өтінімі орындалмаған деп есептеледі.
Энергия өндіруші ұйымдардың жүйелік оператор іске қосқан жоғарылатуға арналған өтінімді және төмендетуге арналған өтінімді орындамағаны жүйелік оператордың және тиісті энергия өндіруші ұйымдардың кезекші персоналының жедел журналдарында тіркеледі.";
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Есеп айырысу кезеңінде (күнтізбелік ай) энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерін сатып алу туралы барлық қолданыстағы шарттары жөніндегі электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі (бұдан әрі – ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі) мына формулалар бойынша ондыққа дейінгі дәлдікпен есептеледі:
тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кірмейтін энергия өндіруші ұйымдар үшін:
ҚН = ҚШ * k1 * k2 * min (k3; k4 ) *k8*k9, мұнда:
ҚН – энергия өндіруші ұйымның электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алудың барлық қолданыстағы шарттары жөніндегі ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі, МВт;
ҚШ – ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің шарттық көлемі, МВт;
k1, k2, k3, k4, k8, k9 – бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға шарт (шарттар) немесе электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт (шарттар) жасасқан әрбір энергия өндіруші ұйым үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік ай) қорытындысы бойынша жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттер;
min (k3; k4) – есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік ай) қорытындысы бойынша k3 және k4 коэффициенттерінің ішіндегі ең азы;
тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар үшін:
ҚН = ҚШ – (ҚШ + ҚШг) * (1 - k2 * min (k3; k4) * k6 *k8* k9), мұнда:
ҚН – энергия өндіруші ұйымның электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алудың барлық қолданыстағы шарттары жөніндегі ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі, МВт;
ҚШ – ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің шарттық көлемі, МВт;
КШг – электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтердің шарттық көлемі, МВт;
1 – шарттық көлемді білдіретін коэффициент;
k2, k3, k4, k6, k8, k9 – бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға шарт (шарттар) немесе электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт (шарттар) жасасқан әрбір энергия өндіруші ұйым үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік ай) қорытындысы бойынша жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффиценттер;
min (k3; k4) – есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік ай) қорытындысы бойынша k3 және k4 коэффициенттерінің ішіндегі ең азы.
k1, k2, k3, k4, k6, k8, k9 коэффициенттерінің мәнін жүйелік оператор:
1) растайтын есептеулерімен бірге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті акті түрінде тиісті есеп айырысу кезең (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бірыңғай сатып алушыға;
2) осы энергия өндіруші ұйымның тиісті сұрау салуының негізінде растаушы есептеулерімен бірге k1, k2, k3, k4, k6, k8, k9, коэффициенттерінің оған сәйкес келетін мәндері туралы ақпарат түрінде электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алуға шартты (шарттарды) және электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметті көрсетуге шартты (шарттарды) бірыңғай сатып алушымен жасасқан энергия өндіруші ұйымға береді.
Қажет болған жағдайда энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы барлық қолданыстағы шарттар жөніндегі ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің нақты көлемі осы Қағидалардың 62-тармағына сәйкес түзетіледі.";
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"59. Қуат нарығының тұтынушысына есеп айырысу кезеңінде (күнтізбелік айда) бірыңғай сатып алушы жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілген қызметтің нақты көлемі (бұдан әрі – қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі) мына формулалар бойынша ондықтарға дейінгі дәлдікпен есептеледі:
электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын және тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген, тұлғалар тобына кірмейтін энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар үшін:
НК = (ШК + nо * (Dо - 0,05* ШК)),
мұндағы:
НК – қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі, МВт;
ШК – қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі, МВт;
nо – Dо-ға тәуелді өлшемсіз коэффициент:
1) n0 = 0, егер Dо қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 5,0 пайыз аспаған жағдайда;
2) n0 = 1,3, егер Dо қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 5,1-ден 20,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрса;
3) n0 = 1,5, егер Dо қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 20,1-ден 40,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрса;
4) n0 = 1,7, егер Dо қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 40,1-ден 50,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрса;
5) n0 = 2,0, егер Dо қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 50,0 пайызға асқан жағдайда;
Dо – есеп айырысу кезеңіндегі (күнтізбелік ай) қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің тиісті шарттық көлемінен қуат нарығының тұтынушысы тұтынатын электр қуатының асып кеткен нақты максималды мәні, МВт;
0,05 – қуат нарығының тұтынушысы үшін ауытқу диапазоны;
электр энергиясы көтерме нарығы субъектілері болып табылатын және тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін тұтынушылар үшін:
НК = ШК + n1 * D1, мұнда:
НК – қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі, МВт;
ШК – қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі, МВт;
n1 – D1 -ге тәуелді өлшемсіз коэффициент, мұнда:
1) n1 = 0, егер D1 қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 5,0 пайыз аспаған жағдайда;
2) n1 = 1,3, егер D1 қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 5,1-ден 20,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрса;
3) n1 = 1,5, егер D1 қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 20,1-ден 40,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрса;
4) n1 = 1,7, егер D1 қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 40,1-ден 50,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрса;
5) n1 = 2,0, егер D1 қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 50,0 пайыздан асқан жағдайда;
D1 - электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі болып табылатын және тұлғалар топтарының тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін тұтынушының электр қуатын тұтынудың есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) нақты ең жоғары мәнінен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің тиісті шарттық көлемінің және онымен бірге бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар нақты көрсеткен сомасынан асып кету мәні адамдар топтарының, олардың арасындағы электр қуатымен қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы екіжақты шарттар бойынша электр қуатымен қамтамасыз ету жөніндегі қызмет көлемдерінің тізілімі, МВт, мынадай формула бойынша есептеледі:
НМ – тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін және электр энергиясы көтерме нарығы субъектілері болып табылатын тұтынушының электр қуатын тұтынуы мәнінің есеп айырысу кезеңіндегі (күнтізбелік ай) нақты максималды мәні, МВт;
ШК – қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі, МВт;
НКr.i – аталған энергия өндіруші ұйымның электр қуатымен қамтамасыз ету жөніндегі барлық қолданыстағы екі жақты шарттар бойынша электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің есеп айырысу кезеңіндегі (күнтізбелік ай) осы Қағидалардың 91-тармағына сәйкес белгіленетін i-ші энергия өндіруші ұйым нақты көрсеткен көлемі, МВт;
ШКr.i – i-ші энергия өндіруші ұйым электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша көрсететін қызметтердің шарттық көлемі, МВт;
Дi – тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін және электр энергиясы көтерме нарығы субъектісі болып табылатын тұтынушы i-ші энергия өндіруші ұйыммен жасаған электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша екі жақты шартта белгіленген электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі, МВт;
n – тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін және электр энергиясы көтерме нарығы субъектісі болып табылатын тұтынушы электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша екі жақты шарт жасаған энергия өндіруші ұйымдардың саны;
i – реттік нөмірі, 1-ден n-ға дейін;
Бұл ретте D1 коэффициентінің мәні теріс болған жағдайда, оның мәні нөлге тең болып қабылданады.";
85-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) шарттың қолданылу мерзімі ішінде өз тұтынуының электр қуатының ең жоғары мәні (оның ішінде электр станцияларының өз қажеттілігі электр қуатының ең жоғары мәні) және энергия өндіруші ұйымның экспортының ең жоғары электр қуаты.";
2) тармақша алып тасталсын;
88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"88. Осы Қағидалардың 87-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген есеп айырысу жылындағы экспорттың максималды электр қуатына есеп айырысу жылындағы энергиямен жабдықтаушы ұйым (ұйымдар) арқылы экспорттың максималды электр қуаты енгізіледі.
Осы Қағидалардың 87-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген электр қуатының максималды мәні ретінде электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметтің тиісті шарттық көлемінің мәні қолданылады.";
2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында жоғарылатуға және төмендетуге арналған теңгерімдеуге қатысуға өтінімдерді орындау;";
7) тармақша алып тасталсын;
2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. "Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 686 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12489 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) максимумды тіркеу кезеңі – жүйелік оператордың хатында көрсетілген уақыт бөлігі, соның ішінде энергия өндіруші ұйымның электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының желіге жіберілетін электр қуаты тіркеледі;";
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) минимумды тіркеу кезеңі – жүйелік оператордың хатында көрсетілген уақыт бөлігі, соның ішінде энергия өндіруші ұйымның электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының генерациясының минималды электр қуаты тіркеледі;";
8) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
13), 14) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"13) электр станциясының аттестатталған электр қуаты – энергия өндіруші ұйымның электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының желіге жіберілетін электр қуатының максимумды тіркеу кезеңіндегі орташа мәні, МВт;
14) электр қуатын төмендетудің аттестатталған жылдамдығы – генерацияның электр қуатын төмендету жылдамдығының мәнін тіркеудің басталу уақыты мен оның аяқталу уақыты арасында тіркелген энергия өндіруші ұйымның электр станциясының электр қуатын төмендету жылдамдығының орташа мәні, МВт/минутпен;
15) электр қуатын ұлғайтудың аттестатталған жылдамдығы – генерацияның электр қуатын ұлғайту жылдамдығының мәнін тіркеудің басталу уақыты мен оның аяқталу уақыты арасындағы уақыт ішінде энергия өндіруші ұйымның электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын ұлғайту жылдамдығының орташа мәні, МВт/минутпен;";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Энергия өндіруші ұйым жыл сайын отыз бірінші қаңтарға дейін энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін әрбір станция бойынша аттестаттаудан өтудің жоспарланатын күні туралы ақпаратты жүйелік операторға жібереді. Бұл ретте аттестаттаудан өтудің көрсетілген жоспарланатын күні ағымдағы жылдың 10 қазанынан кешіктірілмей тағайындалады.
Аттестаттаудан өтудің жоспарланған күнінен 5 жұмыс күні бұрын энергия өндіруші ұйым өзінің құрамына кіретін, оны пайдалана отырып, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойнша қызмет көрсетуді жоспарлап отырған әрбір электр станциясы бойынша жүйелік операторға өзінің ресми бланкісінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды жүргізуге өтінім береді.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-4, 15-6 және 15-8-баптарына сәйкес іске қосылатын негізгі генерациялайтын жабдық осы жабдық пайдалануға берілген күнінен бастап электр қуатын аттестаттауға жатады.";
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жүйелік оператор энергия өндіруші ұйымның өтінімі бойынша генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды (бұдан әрі – аттестаттау) онымен келісілген мерзімдерде, бірақ өтінімді алғаннан кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
Аттестаттауды энергия өндіруші ұйымның электр станциясында электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі, "Электр желілік қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 210 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10899 болып тіркелген) 191-тармағына сәйкес тәртіппен деректерді автоматты беруді қамтамасыз ететін телеметрия аспаптары болған жағдайда, жүйелік оператордың диспетчерлік пунктіне келісілген деректерді беру хаттамалары және телеметрия алмасу тізбелері бойынша, осы Қағидалардың 16-тармағын ескере отырып, жүйелік оператор жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінде және қатарлас жұмыс істейтін энергия жүйелерінде режимдік жағдай өзгерген (нашарлаған) жағдайда, сондай-ақ энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі және (немесе) телеметрия аспаптары ақаулы болса не Жүйелік оператордың диспетчерлік пункттеріне автоматты түрде трансляцияланған жағдайда, жүйелік оператордың бұл туралы тиісті энергия өндіруші ұйымдарды хабардар ете отырып осы мерзімді (күнді, уақытты) өзгертуіне жол беріледі, бұл ретте жүйелік оператор айқындаған аттестаттауды өткізу күні тиісті электр станцияларын (генерациялайтын қондырғыларды) жоспарлы жөндеу мерзімдерімен қатар келмеуге тиіс.
6. Энергия өндіруші ұйымның өтінімінде көрсетілген аттестаттауды өткізудің жоспарланған күніне дейін күнтізбелік 2 күннен кешіктірмей жүйелік оператор энергия өндіруші ұйымның өтінімінде көрсетілген деректердің, электр станциясы генерациясының электр қуатын ұлғайту және төмендетудің ең төменгі жылдамдықтарына қойылатын талаптардың, сондай-ақ соңғы өткен операциялық тәуліктерде энергия өндіруші ұйымның осы электр станциясы орналасқан Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің базалық аймағының электр қуатын тұтыну бейіні негізінде айқындалған аттестаттау өткізу күніне энергия өндіруші ұйымның электр станциясы генерациясының жоспарлы электр қуатының бейінін айқындайды және ресми бланкідегі хатпен жібереді.
Бұл хатта жүйелік оператор сонымен қатар максимумды тіркеу кезеңін және минимумды тіркеу кезеңін, сондай-ақ генерацияның электр қуатының ұлғаю және төмендеу жылдамдығын тіркеудің басталу уақытын көрсетеді.";
мынадай мазмұндағы 6-1, 6-2 және 6-3-тармақтармен толықтырылсын:
"6-1. Энергия өндіруші ұйым генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өтетін күні жүйелік оператор белгілеген генерациялаудың электр қуатының бейінін аттестаттаудан өтетін электр станциясының сақтауын қамтамасыз етеді.
Егер генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өтетін энергия өндіруші ұйым электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатуды жүзеге асырған жағдайда, Бірыңғай сатып алушы электр энергиясын орталықтандырылған электр энергиясы сауда-саттығынан тыс жүйелік оператор белгілеген генерацияның электр қуаты бейінін сақтау үшін қажетті көлемде осы энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын сатып алады .
Жиілік пен қуатты автоматты реттеуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымның электр станциясы аттестаттау уақытына жүйелік оператордың оралымды басқаруына ауыстырылады.
6-2. Электр станциясы генерациясының электр қуатын ұлғайту жылдамдығының мәнін тіркеудің басталуы осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес энергия өндіруші ұйымның атына жіберілген жүйелік оператордың хатында көрсетілген генерацияның электр қуатын ұлғайту жылдамдығын тіркеудің басталу уақытынан, ал соңы – электр станциясы ұзақ уақыт бойы сақтай алатын электр қуатының ең үлкен мәніне қол жеткізу туралы электр станциясынан жедел ақпараттың жүйелік оператор тіркеген уақытынан басталады.
6-3. Электр станциясы генерациясының электр қуатын төмендету жылдамдығының мәнін тіркеудің басталуы осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес энергия өндіруші ұйымның атына жіберілген жүйелік оператордың хатында көрсетілген генерацияның электр қуатының төмендеу жылдамдығын тіркеудің басталу уақытынан, ал соңы – технологиялық және техникалық минимумдардың ағымдағы мәндерінің ең үлкен мәніне қол жеткізу туралы электр станциясынан жедел ақпараттың жүйелік оператор тіркеген уақытынан басталады.";
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Егер энергия өндіруші ұйым генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өтетін күні аттестаттаудан өтетін электр станциясының жүйелік оператор белгілеген генерациялаудың электр қуаты бейінінің сақтауын қамтамасыз етпесе немесе электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің деректері бойынша айқындалған энергия өндіруші ұйымның электр станциясының аттестатталған электр қуаты ол жүйелік операторға берген өтінімде мәлімдеген мәннен аз болса, немесе энергия өндіруші ұйымның электр станциясының электр қуатын ұлғайтудың (төмендетудің) аттестатталған жылдамдығы осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген электр қуатын ұлғайтудың (төмендетудің) орташа жылдамдығының оның түріне сәйкес келетін ең төменгі мәнінен кем болып шықса, аттестаттаудан өтпеген болып есептеледі.
Бұл ретте егер электр станциясының құрамында технологиялық тұрғыдан тек жылу тұтынумен жұмыс істеуге арналған қолданыстағы генерациялайтын қондырғылар болмаса, онда электр станциясының аттестатталған электр қуаты нөлге, ал электр станциясының құрамында олар болған жағдайда – осы Қағидалардың 2-тармағына сәйкес осы генерациялайтын қондырғылар (олардың жылу жүктемесінің белгіленген деңгейі кезінде) желісіне жіберудің ең төменгі электр қуатының алдағы жылы жоспарлы ең жоғары мәніне теңестіріледі.
10. Аттестаттаудан өтпеген күннен кейін төрт жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде берілген энергия өндіруші ұйымның қайталама өтінімі бойынша сол жылы энергия өндіруші ұйымның электр станциясын қайта (бір рет) аттестаттау жүргізіледі. Қайта аттестаттауды өткізу мерзімдерін жүйелік оператор аттестаттаудан өтпеген күннен кейін күнтізбелік елу күннен кешіктірмей және ағымдағы жылдың 10 қазанынан кешіктірмей дербес айқындайды және бұл туралы энергия өндіруші ұйымға өтінімді алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Жүйелік оператор мынадай жағдайларда генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын кезектен тыс аттестаттайды:
1) жүйелік оператор электр қуатының нақты шамасы мен генерациялайтын қондырғылардың параметрлері аттестатталғанға сәйкес келмейтінін (бұдан әрі – сәйкессіздік) анықтаған кезде;
2) энергия өндіруші ұйымның бастамасы (бұдан әрі – бастама) бойынша.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) Электр қуаты нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларына сәйкес жүйелік оператор беретін қатарынан үш сынақ командасын энергия өндіруші ұйымның есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) ішінде орындамауы сәйкессіздік болып табылады.
Бастама энергия өндіруші ұйым өзінің ресми бланкінде өзінің құрамына кіретін, соны пайдалана отырып электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсетуге жоспарланып отырған әрбір электр станциясы бойынша өтінім беру арқылы осы энергия өндіруші ұйымның электр станциясының белгіленген электр қуатына өзгерістер енгізілген жағдайда іске асырылады.
Жүйелік оператор энергия өндіруші ұйымның электр станцияларын кезектен тыс аттестаттауды соңғы орындалмаған сынақ командасы күнінен бастап немесе энергия өндіруші ұйымның бастамасы бойынша кезектен тыс аттестаттауды жүргізуге өтінім алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді. Бұл ретте кезектен тыс аттестаттауды өткізу күні мен уақытын Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі және қатарлас жұмыс істейтін энергия жүйелеріндегі режимдік жағдайды ескере отырып, жүйелік оператор түзетуі мүмкін.
Кезектен тыс аттестаттаулар осы Қағидалардың 6, 6-1, 6-2, 6-3, 7, 8 және 9-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесінің тиісті жоспарлы шамаларына (бұдан әрі – ауытқу) қатысты аттестаттау шеңберінде энергия өндіруші ұйымның электр станцияларының шиналарынан қосымша босатылған немесе толық жіберілмеген электр энергиясы электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында қаржылық реттеледі.
Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы имитациялық режимде жұмыс істеген жағдайда, ауытқуларды жүйелік оператор ағымдағы есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) ішінде физикалық реттейді.";
1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жазылсын.
6. "Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайданың, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданың нормаларын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 205 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20700 болып тіркелді):
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасын айқындау әдістемесін бекіту туралы";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайданың, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданың нормаларын айқындау әдістемесінде:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 70-9) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясына шекті тарифтерді, сондай-ақ теңгерімдеу үшін үстемеақыны бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасын айқындау тетігін анықтайды.
2. Әдістеме электр энергиясын өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын электр станцияларының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін электр энергиясына шекті тарифтерді, сондай-ақ теңгерімдеу үшін үстемеақыларды бекіту кезінде пайда нормасының деңгейін негізді есептеу және есепке алу мүмкіндігі мақсатында қолданылады.
Бұл ретте энергия өндіруші ұйым инвестицияланған капиталға кірістілік әдісі бойынша нақты алынатын пайданың кемінде 50 (елу) пайызын негізгі активтерді жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға, оның ішінде электр энергиясын өндіруге арналған шығындарда ескерілмейтін тартылған кредиттер бойынша қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға жібереді.";
3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді айқындау кезінде ескерілетін теңгерімдеу үшін үстемеақыны айқындау";
33, 34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеу үшін үстемеақы теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтің құрамдас бөлігі болып табылады.
34. Теңгерімдеу үшін үстемеақы Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің осы аймағындағы энергия өндіруші ұйымның осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес айқындалатын капиталдың орташа салмақталған құнына (WACC) (11,79%) көбейтілген ең жоғары шекті тарифіне тең.
Теңгерімдеу үшін үстемеақы мынадай формула бойынша анықталады:
оның ішінде,
N – теңгерімдеу үшін үстемеақы;
- Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің осы аймағындағы энергия өндіруші ұйымның ең жоғары шекті тарифі.
35. Электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтарына енгізілген энергия өндіруші ұйымдар арасында электр энергиясын өндіруге арналған ең жоғары шығындарды уәкілетті орган энергия өндіруші ұйымдар және (немесе) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ұсынған электр энергиясын өндіруге арналған нақты және болжамды деректер негізінде айқындайды.";
қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
"Электр энергиясына арналған шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін пайда нормасын айқындау әдістемесіне қосымша".
Тізбеге 1-қосымша |
|
Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларына 2-қосымша |
k1, k2, k3, k4, k6, k8, k9 коэффициенттерін анықтау
1. k1 коэффициентін анықтау.
k1 коэффициенті мына формула бойынша анықталады:
ҚШ – ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі, МВт;
D - энергия өндіруші ұйымның өз тұтынуының электр қуатының және экспорттық электр қуатының жиынтық мәнінің есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) барлық бақылау кезеңдеріндегі нақты орташа мәнінен энергия өндіруші ұйымның шегерілетін жиынтық электр қуатынан асып кетуінің мәні, МВт;
n - D -ға тәуелді өлшемсіз коэффициент;
1) n = 0, егер D жиынтық шегерілетін электр қуатынан 5,0 пайызынан аспаған жағдайда;
2) n = 1,3, егер D жиынтық шегерілетін электр қуатынан 5,1-ден 20,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрған жағдайда;
3) n = 1,5, егер D жиынтық шегерілетін электр қуатынан 20,1-ден 40,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрған жағдайда:
4) n = 1,7, егер D жиынтық шегерілетін электр қуатынан 40,1-ден 50,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрған жағдайда;
5) n = 2,0, егер D - жиынтық шегерілетін электр қуатынан 50,0 пайыздан асқан жағдайда.
Бұл ретте, k1 коэффициентінің теріс мәні болғанда, оның мәні нөлге тең болады.
Есеп айырысу кезең (күнтізбелік ай) бойынша жеке тұтынудың электр қуатының, бөлшек сауда нарығының субъектілеріне жеткізудің электр қуатының және энергия өндіруші ұйым экспортының электр қуатының нақты максималды жиынтық мәнін анықтау кезінде қолданылатын электр қуатының мәндері Жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алуының автоматтандырылған жүйесінің (бұдан әрі – ЭКЕАЖ) орталық деректер қорына келісілген хаттамалар бойынша ЭКЕАЖ деректер базасынан сағат бойынша есепке алу деректерін беруді қамтамасыз ететін ЭКЕАЖ деректері бойынша айқындалады. Жүйелік операторда ЭКЕАЖ деректері болмаған жағдайда электр қуатының нақты максималды мәні жүктеменің өңірлік бейіні бойынша айқындалады.
2. k2 коэффициентін анықтау:
1) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы нақты уақыт режимінде енгізілгеннен кейін мынадай формула бойынша айқындалады:
k2 = min [kарттыру; kтөмен], мұндағы:
kжоғарыл – жоғарылату үшін реттеуге қатысудың теңгерімдеуші коэффициенті;
kтөмен – төмендету үшін реттеуге қатысудың теңгерімдеуші коэффициенті;
min [kжоғарыл; kтөмен] – kжоғарыл және kтөмен коэффициенттерінің ең төмені;
kжоғарыл коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:
Сай – есеп айырысу кезеңіндегі (күнтізбелік ай) сағаттар саны, сағатпен;
Стөмен – жоғарылату үшін теңгерімдеуге қатысуға энергия өндіруші ұйымдардың өтінімі болмаған не Жүйелік операторға толық емес көлемде берілген есеп айырысу кезеңіндегі (күнтізбелік ай) сағаттар саны, сағатпен;
kтөмен коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:
Сай – есеп айырысу кезеңіндегі (күнтізбелік ай) сағаттар саны, сағатпен;
Стөмен – төмендеуге теңгерімдеуге қатысуға энергия өндіруші ұйымдардың өтінімі болмаған немесе Жүйелік операторға толық емес көлемде берілген есеп айырысу кезеңіндегі (күнтізбелік ай) сағаттар саны, сағатпен.
3. k3 коэффициентін анықтау
k3 коэффициенті мынаны формула бойынша анықталады:
Мұндағы k3-жоғарылатуға және төмендетуге арналған теңгерімдеуге өтінімдердің орындалуын ескеретін коэффициент;
Rор-энергия өндіруші ұйым орындаған есептік кезеңде жоғарылатуға және төмендетуге арналған теңгерімдеуге өтінімдердің жиынтық саны;
RS-есепті кезеңде жоғарылатуға және төмендетуге теңгерімдеуге энергия өндіруші ұйымның Жүйелік оператор іске қосқан өтінімдерінің жиынтық саны.
RS=0 болған жағдайда k3 коэффициенті 1-ге тең болады.
4. k4 коэффициентін анықтау
k4 коэффициенті мына формула бойынша анықталады
n-энергия өндіруші ұйымның электр станцияларын генерациялайтын қондырғыларының жалпы саны;
m-авариялық немесе жоспардан тыс жөндеудегі немесе резервтен тыс күйдегі энергия өндіруші ұйымның электр станцияларының генерациялайтын қондырғыларының саны;
k-жоспарлы жөндеу ұзақтығы номиналды жоспарлы жөндеу кезеңінің ұзақтығынан асып кеткен энергия өндіруші ұйымның электр станцияларының генерациялайтын қондырғыларының саны;
q-энергия өндіруші ұйымның жылу электр станцияларының генерациялайтын қондырғыларының жұмысындағы қазандықтар корпустарының не осы электр станцияларының қазандықтарының авариялық тоқтауына байланысты жүйелік операторға берілген энергия өндіруші ұйымнан есеп айырысу кезең (күнтізбелік ай) ішінде қолданыста болған жөндеу өтінімдерінің нақты саны;
t-энергия өндіруші ұйымның жылу электр станцияларының генерациялайтын қондырғыларының жұмысындағы белгіленген электр қуатының маусымдық шектеулеріне байланысты жүйелік операторға берілген энергия өндіруші ұйымнан есеп айырысу кезең (күнтізбелік ай) ішінде қолданыста болған жөндеу өтінімдерінің нақты саны;
ἰ-сәйкесінше 1-ден: k, m, n, q немесе t-ге дейін өзгеретін реттік нөмір;
Рбелг.ап.ἰ- апаттық немесе жоспардан тыс жөндеудегі немесе жоспардан тыс тәртіпте резервтен тыс күйдегі, МВт-тағы генерациялайтын қондырғының белгіленген электр қуаты;
Чап.ἰ-есепті кезеңде апаттық немесе жоспардан тыс жөндеуде немесе резервтен тыс жағдайда, жоспарланбаған тәртіппен, Жүйелік операторға берілген жөндеу өтініміне сәйкес айқындалатын минуттарда генерациялайтын қондырғының нақты тоқтап қалу ұзақтығы;
Рбелг.пр. ἰ-жоспарлы жөндеу ұзақтығы номиналды жоспарлы жөндеу кезеңінің ұзақтығынан асатын, МВт-тағы генерациялайтын қондырғының белгіленген электр қуаты;
ТЖК.ἰ-Жүйелік операторға берілген жөндеу өтініміне сәйкес айқындалатын, номиналды жоспарлы жөндеу кезеңіне қатысты ҰБТ генерациялайтын қондырғыны жоспарлы жөндеу ұзақтығының есепті кезеңдегі нақты асып кету ұзақтығы, минуттармен
Рогр.i – энергия өндіруші ұйымның жылу электр станцияларының генерациялайтын қондырғыларының жұмысындағы қазандықтар корпустарының не осы электр станцияларының қазандықтарының авариялық тоқтауына байланысты жүйелік операторға берілген энергия өндіруші ұйымның есеп айырысу кезең (күнтізбелік ай) ішінде қолданыста болған I-ші жөндеу өтінімінде көрсетілген энергия өндіруші ұйымның жылу электр станцияларын генерацияның электр қуатының жиынтық ағымдағы шектеулерінің мәні МВт;
Чогр.i – есеп айырысу кезеңінде (күнтізбелік айда) энергия өндіруші ұйымның жылу электр станцияларының генерациялайтын қондырғыларының жұмысындағы қазандықтар корпустарының не осы электр станцияларының қазандықтарының авариялық тоқтауына байланысты жүйелік операторға берілген энергия өндіруші ұйымнан I-ші жөндеу өтінімінің іс жүзіндегі ұзақтығы минуттармен;
Чмес– есептік кезеңнің ұзақтығы, минуттармен;
Руст. ἰ – ἰ-нің орнатылған электр қуаты генераторлық қондырғылар;
Рогр.сез.i – энергия өндіруші ұйымның жылу электр станцияларының генерациялайтын қондырғыларының жұмысындағы белгіленген электр қуатының маусымдық шектеулеріне байланысты жүйелік операторға берілген энергия өндіруші ұйымның есептік кезең (күнтізбелік ай) ішінде қолданыста болған I-ші жөндеу өтінімінде көрсетілген энергия өндіруші ұйымның жылу электр станцияларын генерациялаудың электр қуатының жиынтық ағымдағы шектеулерінің мәні МВт-та;
Чогр.сез.i – i-нің есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) нақты әрекет ету ұзақтығы энергия өндіруші ұйымның жылу электр станцияларының генерациялайтын қондырғыларының жұмысындағы белгіленген электр қуатының маусымдық шектеулеріне байланысты жүйелік операторға берілген энергия өндіруші ұйымнан минуттармен берілетін жөндеу өтінімі;
5. Алып тасталсын.
6. k6 коэффициентін анықтау
k6 коэффициенті мына формула бойынша анықталады
ҚШ – ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі, МВт;
ҚШг – электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтердің шарттық көлемі, МВт;
∆ - энергия өндіруші ұйымның өз тұтынуының электр қуатының және экспортының электр қуатының жиынтық мәнінің есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) барлық бақылау кезеңдеріндегі нақты орташа мәнінің энергия өндіруші ұйымның жиынтық шегерілетін электр қуатынан МВт-қа артуының мәні;
1) n = 0, егер D жиынтық шегерілетін электр қуатынан 5,0 пайызынан аспаған жағдайда;
2) n = 1,3, егер D жиынтық шегерілетін электр қуатынан 5,1-ден 20,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрған жағдайда;
3) n = 1,5, егер D жиынтық шегерілетін электр қуатынан 20,1-ден 40,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрған жағдайда:
4) n = 1,7, егер D жиынтық шегерілетін электр қуатынан 40,1-ден 50,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрған жағдайда;
5) n = 2,0, егер D жиынтық шегерілетін электр қуатынан 50,0 пайыздан асқан жағдайда.
Бұл ретте, k6 коэффициентінің теріс мәні болғанда, оның мәні нөлге тең болады.
Энергия өндіруші ұйымның меншікті тұтынуы электр қуатының және экспорты электр қуатының нақты ең жоғары есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) жиынтық мәнін айқындау кезінде пайдаланылатын электр қуатының мәндері келісілген хаттамалар бойынша Жүйелік оператордың ЭКЕАЖ орталық дерекқорына ЭКЕАЖ дерекқорынан сағаттық есепке алу деректерін беруді қамтамасыз ететін ЭКЕАЖ деректері бойынша айқындалады. Жүйелік операторда ЭКЕАЖ деректері болмаған кезде электр қуатының мәндері жүктеменің өңірлік бейіні бойынша айқындалады.
7. k8 коэффициенті мынадай формула бойынша анықталады:
Тасыру – есеп айырысу кезеңіндегі (күнтізбелік айдағы) нақты күн (тәулік) саны, олардың әрбір (әрбір) ішінде кемінде бір сағат шеңберінде ЭКЕАЖ деректері бойынша айқындалған, энергия өндіруші ұйымның электр станцияларын генерациялаудың (МВт) электр қуатының осы сағатына сәйкес келетін орташа мәнінен асып кетуі тіркелген, генерациялаудың жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдардың тізімдемесінде көрсетілген энергия өндіруші ұйымның электр станцияларын генерациялаудың жұмыс электр қуатының (МВт) осы сағатқа сәйкес келетін мәнінен генерациялаудың жұмыс электр қуатының көрсетілген мәнінен 1,0 % - дан астам асып кету (бұдан әрі – Асып кету);
Тм – есеп айырысу кезеңіндегі күн саны (күнтізбелік айда).
Егер Т асыру энергия өндіруші ұйымның Заңның 12-бабы 3-тармағының 11) тармақшасына сәйкес Жүйелік оператордың осы өкімін (өкімдерін) орындауы себебінен болған жағдайда, онда бұл асып кету Т асыру айқындау кезінде есепке алынбайды.
k8 коэффициентінің мәні 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін бірлікке теңестіріледі.
8. k9 коэффициенті мынадай формула бойынша анықталады:
Тшартсыз – Жүйелік оператормен электр қуатын реттеу бойынша қызмет көрсету шарты болмаған айдағы күндер саны;
Tай – бір айдағы күндер саны;
Nн/к – Жүйелік оператордың бір айда реттеу бойынша орындалмаған өкімдерінің саны. Егер қуатты жинаудың орташа жылдамдығы Аттестаттауды өткізу қағидаларында станцияның осы түрі үшін белгіленген ең төменгі жылдамдықтан аз болса немесе Жүйелік оператор берген реттеудің шарттық ауқымы шеңберінде генерациялау (босату) қуатының шамасына қол жеткізілмеген жағдайда өкім орындалмаған болып есептеледі;
Nжалпы – бір ай ішінде реттеу бойынша Жүйелік оператор берген өкімдердің жалпы саны.
Заңның 15-8-бабының 8-тармағына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы және электр қуатын реттеу бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шарттар жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны үшін жауаптылық, электр қуаты нарығының тетіктерін пайдалану арқылы туындайды.
k9 коэффициенті (бірге тең болмайды) тек генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары үшін ғана қолданылады.
Тізбеге 2-қосымша |
|
Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
20__ жылғы ______________________ (есеп айырысу кезеңін көрсету (күнтізбелік ай)* қорытындылары бойынша айқындалған k1, k2, k3, k4, k6, k8, k9 коэффициенттерінің мәні туралы акті
№ | Энергия өндіруші ұйымның атауы | k1 | k2 | k3 | k4 | k6 | k8 | k9 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бірыңғай сатып алушымен шарт (шарттар) жасасқан энергия өндіруші ұйымдар (тұлғалар топтарының тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кірмейтін) | ||||||||
1. | е-ді ** | |||||||
2. | е-ді ** | |||||||
3. | е-ді ** | |||||||
Бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға шарт (шарттар) жасасқан, сондай-ақ электр қуатын қамтамасыз ету бойынша екі жақты шарт (екі жақты шарттар) жасасқан (тұлғалар топтарының тізіліміне енгізілген тұлғалар топтарына кіретін) энергия өндіруші ұйымдар. | ||||||||
1. | е-ді ** | |||||||
2. | е-ді ** | |||||||
3. | е-ді ** | |||||||
Бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға шарт (шарттар) жасаспаған, бірақ электр қуатын қамтамасыз ету бойынша екі жақты шарт (екі жақты шарттар) жасасқан (тұлғалар топтарының тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін) энергия өндіруші ұйымдар. | ||||||||
1. | е-ді ** | |||||||
2. | е-ді ** | |||||||
3. | е-ді ** |
|
Ескертпе:
* - кесте параметрлерінің сандық мәндері жүздікке дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** - "е-ді" - "есептелмейді": тиісті ұяшықтар толтырылмайды.
Тізбеге 3-қосымша |
|
Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
(Жүйелік оператор болып табылатын ұйымның атауы көрсетілетін орын) |
Өтінім _________________________________________________________________ (энергия өндіруші ұйымның атауын көрсетіңіз) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өткізуге ___________________________________________________________________. (энергия өндіруші ұйымның электр станциясының атауын көрсету)
№ | Электр станциясының параметрлері | Өлшемі | Мәні* |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Белгіленген электр қуаты | МВт | |
2. | Орташа жылдық қолда бар электр қуаты | МВт | |
3. | Электр станциясының жеке қажеттіліктерінің электр қуаты | МВт | |
4. | Жұмыс істейтін генерациялайтын қондырғылардың саны | Бірлік | |
5. | Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттаудан өтетін жұмыс істейтін генерациялайтын қондырғылардың станциялық нөмірлері | - | |
6. | Аттестатталған электр қуатының күтілетін мәні | МВт | |
7. | Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау кезінде генерациялаудың электр қуатының күтілетін минималды мәні | МВт |
Ескертпе:
* - кесте параметрлерінің сандық мәндері бүтіндей дәлдікпен көрсетіледі, кестенің 8 және 9-жолдарын қоспағанда, олардың сандық мәндері ондыққа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.
Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу күні: "____" ____________ 20___ж. (бұл күн тиісті күнтізбелік жылдың 10 қазанынан кешіктірілмей белгіленеді).
(Энергия өндіруші ұйымның уәкілетті тұлғасының лауазымын көрсету орны) | (қол қою орны) | (Энергия өндіруші ұйымның уәкілетті тұлғасының Т.Ә.А. көрсету орны) |
Тізбеге 4-қосымша |
|
Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларына 2-қосымша |
Электр станцияларының электр қуатын ұлғайтудың орташа жылдамдығының минималды мәндері
МВт/мин
№ | Электр станциясының түрі | Жылдамдық мәні |
1 | 2 | 3 |
1 | Конденсаттық электр станциясы | 3,0 |
2 | Жылу-электр орталығы | 1,4 |
3 | Гидравликалық электр станциясы | 8,0 |
4 | Деривациялық шағын ГЭС каскады | 2,0 |
5 | Газ турбиналы электр станциясы | 6,0 |
6 | Бу-газ электр станциясы, газ поршеньді электр станциясы | 4,0 |
7 | Кәдеге жарату қазандықтарымен салынған газ турбиналық қондырғылар базасындағы жылу электр орталығы | 1,4 |
Электр станцияларының электр қуатын азайтудың орташа жылдамдығының минималды мәндері
МВт/мин
№ | Электр станциясының түрі | Жылдамдық мәні |
1 | 2 | 3 |
1 | Конденсациялық электр станциясы | 3,0 |
2 | Жылу электр орталығы | 1,5 |
3 | Гидравликалық электр станциясы | 8,0 |
4 | Деривациялық шағын ГЭС каскады | 2,0 |
5 | Газ турбиналы электр станциясы | 6,5 |
6 | Бу-газ электр станциясы, газ поршеньді электр станциясы | 4,0 |
7 | Кәдеге жарату қазандықтарымен салынған газ турбиналық қондырғылар базасындағы жылу электр орталығы | 1,5 |
Тізбеге 5-қосымша |
|
Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларына 3-қосымша |
Аттестаттау нәтижелерінің актісі _______________________________________ (электр станциясының атауын көрсетіңіз) _______________________________________, (энергия өндіруші ұйымның атауын көрсетіңіз) ___________ қаласы, "____" __________ 20___ж. Аттестаттау № _______өтінімге сәйкес жүргізілді.
№ | Электр станциясының параметрлері | Өлшемі | Мәні * |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Электр станциясының аттестатталған электр қуаты, оның ішінде: | МВт | |
жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім бойынша пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуаты | МВт | ||
2. | Электр қуатын ұлғайтудың аттестатталған жылдамдығы | МВт/мин | |
3. | Электр қуатын азайтудың аттестатталған жылдамдығы | МВт/мин | |
4. | Электр станциясының өз қажеттіліктерінің электр қуаты | МВт | |
5. | Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау кезінде генерациялаудың электр қуатының ең аз мәні | МВт |
Ескертпе:
* - кесте параметрлерінің сандық мәндері бүтіндей дәлдікпен көрсетіледі, кестенің 2 және 3-жолдарын қоспағанда, олардың сандық мәндері оннан онға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.
(Жүйелік оператордың уәкілетті тұлғасының лауазымы және Т.А.Ә, (ол болған кезде) көрсетілген орны) | (қол қою орны) |
Тізбеге 6-қосымша |
|
Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларына 4-қосымша |
АКТ Кезектен тыс аттестаттаудың нәтижелері ______________________________ (электр станциясының атауын көрсетіңіз) ________________________________________________________________, (энергия өндіруші ұйымның атауын көрсетіңіз) ______________ қаласы, "____" ____________ 20___ж.
№ | Электр станциясының параметрлері | Өлшемі | Мәні * |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Электр станциясының аттестатталған электр қуаты | МВт | |
2. | Электр қуатын ұлғайтудың аттестатталған жылдамдығы | МВт/мин | |
3. | Электр қуатын азайтудың аттестатталған жылдамдығы | МВт/мин | |
4. | Электр станцияларының жеке қажеттіліктерінің электр қуаты | МВт | |
5. | Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау кезінде генерациялаудың электр қуатының минималды мәні | МВт |
Ескертпе:
* - кесте параметрлерінің сандық мәндері бүтіндей дәлдікпен көрсетіледі, кестенің 2 және 3-жолдарын қоспағанда, олардың сандық мәндері ондыққа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.
(Жүйелік оператордың уәкілетті тұлғасының лауазымы және Т.А.Ә, (ол болған кезде) көрсетілген орны) | (қол қою орны) |