"Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығына және "Авиация персоналы куә

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 194 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 наурызда № 32165 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10486 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификаттау және сертификат беру қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:

      "3-тарау. Авиациялық оқу орталығының нұсқаушы және емтихан алушы персоналын келісу тәртібі

      30. Авиациялық оқу орталығының нұсқаушы және емтихан алушы персоналы осы Қағидаларда айқындалатын тәртіппен уәкілетті ұйыммен келісіледі.

      Бұл талап авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау мақсатында уәкілетті ұйым тағайындайтын жеке тұлғаларға қолданылмайды.

      31. Авиациялық оқу орталығы уәкілетті ұйымға тегі, аты және әкесінің атын (болған жағдайда), білімі, біліктілігі, жұмыс тәжірибесі туралы деректерді (авиациялық оқу орталығының штаттық немесе штаттан тыс қызметкері) мынадай құжаттарды ұсына отырып, еркін нысанда өтініш жібереді:

      1) жеке куәліктің көшірмесі;

      2) білімі туралы дипломның көшірмесі;

      3) кәсіптік даярлықты көрсете отырып, біліктілік сәйкестігін қамтамасыз ететін өтініш беруші қатысуы жоспарланатын курстардың тізбесі (курстың (модульдің) атауы, оқу орны мен кезеңі) (кесте нысанында);

      4) кәсіптік даярлық курсын сәтті аяқтағаны туралы сертификаттың көшірмесі;

      5) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10554 болып тіркелген) бекітілген Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау хаттамасы (бұдан әрі – сертификаттық талаптар);

      6) сертификаттық талаптарға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік парағы.

      32. Уәкілетті ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау немесе мәліметтердің жоқтығы фактісі анықталған кезде өтініш берушіге оларды осы Қағидалардың 31-тармағының талаптарына сәйкес келтіру туралы хабарлама жібереді.

      Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкестендіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Өтініш беруші хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде, егер құжаттарды осы Қағидалардың 31-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келтірмесе, уәкілетті ұйым өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды еркін нысанда (бұдан әрі – дәлелді бас тарту) жібереді.

      33. Осы Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде уәкілетті ұйым авиациялық оқу орталығының нұсқаушы және емтихан алушы персоналының құжаттарын сертификаттық талаптарда белгіленген біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Авиациялық оқу орталығының нұсқаушы және емтихан алушы персоналы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті ұйым ҚР ӘРПК 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жолдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша әкімшілік рәсімге қатысушы өзінің қарсылығын ауызша білдірген кезде уәкілетті ұйым тыңдау хаттамасын жүргізеді.

      Тыңдау қорытындысы бойынша уәкілетті ұйым авиациялық оқу орталығының нұсқаушы және емтихан алушы персоналын келісуді немесе дәлелді бас тарту туралы ресми хат жолдайды.

      34. Уәкілетті ұйым авиациялық оқу орталығының нұсқаушы және емтихан алушы персоналын келісуді 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.".

      2. "Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8782 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:

      "3-2. Уәкілетті ұйым авиация персоналының куәліктерін ресімдеуді шет мемлекеттердің авиация билігі куәліктер беретін біліктілік және арнайы белгілердің қолданылу құқықтары мен мерзімдерін еш қиындықсыз анықтай алатындай етіп ресімдеуді қамтамасыз етеді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын, осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жолдайды.";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Авиациялық персонал куәлігінің қолданылуы (тану туралы шешім) мынадай:

      1) авиациялық персоналының куәлігі жоғалған, ұрланған, бүлінген немесе оның иесі тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) ауыстырған;

      2) еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы (жұмыс орнынан деректер ұсыну бойынша);

      3) қайтыс болған жағдайларда тоқтатылады.";

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:

      мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) уәкілетті ұйымға – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 08:30-ден 17.30-ға дейін.
2) мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін түскі үзіліссіз,кезекші бөлімдер дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша электрондық кезек тәртібімен, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы "броньдауға" болады;
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      ".

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі