Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 қаңтарда № 31836 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 7-бабы 14) тармақшасының алтыншы абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының міндетін атқарушы А.С. Умаровқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
А. Ластаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі
уәкіл 2023 жылғы 27 қаңтардағы
№ 4 Бұйрыққа
1-қосымша

Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 7-бабы 14) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес әзірленді және алдын ала бару үшін ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (бұдан әрі - Уәкіл), сондай-ақ Үйлестіру кеңесі іріктейтін азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын қоғамдық байқау комиссияларының және қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер ұлттық превентивтік тетікке қатысушылары болып табылады.

      2-1. Ұлттық превентивтік тетікке қатысушылар құрамына Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен ұсынылған Үйлестіру кеңесінің шешімі бойынша тұлғалар іріктелінуі мүмкін.

      Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұсынысына осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттар қоса беріледі.

      Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұсынысын алған күннен бастап бір ай ішінде оны қарайды және осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен шешім қабылдайды.

      Ескерту. Қағида 2-1-тармақпен толықтырылды - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 11.05.2023 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Ұлттық превентивтік тетікке қатысушылары алдын ала болу үшін іріктеу кезінде тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша қатысушылардың ешқайсысын ешқандай кемсітуге болмайды.

      4. Ұлттық превентивтік тетікке:

      1) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын тұлғалар;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлғалар;

      3) қылмыс жасауда күдікті немесе айып тағылып отырған тұлғалар;

      4) сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектелген деп танылған тұлғалар;

      5) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер және әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

      6) психиатрда және/немесе наркологта есепте тұратын тұлғалар;

      7) қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған тұлғалар;

      8) жағымсыз себептермен мемлекеттік немесе әскери қызметтен, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар коллегиясынан шығарылған тұлғалар;

      9) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясынан айырылған тұлғалар қатысушы бола алмайды.

2-тарау. Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларын іріктеу тәртібі

      5. Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларының құрамын қалыптастыру бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:

      1) Уәкілдің ресми интернет-ресурсында іріктеу өткізу туралы хабарландыру жариялау;

      2) үміткерлердің құжаттарын қабылдау және қарау;

      3) Үйлестіру кеңесінің шешімдері негізінде ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларының құрамына қабылдау.

      6. Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларының құрамына енгізу үшін кандидаттар Үйлестіру кеңесіне мынадай құжаттармен:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) үміткердің өз қолымен жазылған өмірбаяны;

      3) білімі туралы дипломның көшірмесі, ал ол болмаған жағдайда аттестаттың көшірмесі;

      4) еңбек қызметін растайтын, жұмыс орнынан кадр қызметі куәландырған құжаттың көшірмесі;

      5) жұмыс орнынан анықтама (жұмыс болған жағдайда);

      6) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, оны ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

      7) психоневрологиялық диспансерден берілген сәтте жарамды анықтама;

      8) наркологиялық диспансерден берілген сәтте жарамды анықтама;

      9) үй, жұмыс және ұялы телефондары, сондай-ақ дербес электрондық мекен-жайы көрсетілген бөлек парақ;

      10) электрондық форматта 3 х 4 фотосуретті, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беріледі.

      7. Құжаттар Уәкілдің Жұмыс органымен Уәкілдің ресми интернет-ресурсында іріктеу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қолма-қол, пошта немесе электрондық пошта арқылы қабылданады.

      8. Үміткерлердің көрінеу жалған ақпарат пен құжаттар ұсыну фактісін анықтау олардың іріктеуден оның кез-келген кезеңінде шығарылуы үшін негіз болып табылады.

      9. Азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын қоғамдық байқау комиссияларының (бұдан әрі – ҚБК) және қоғамдық бірлестіктердің (бұдан әрі – ҮЕҰ) ҰАТҚ құрамына енгізу үшін өздерінің мүшелерін ҚБК және ҮЕҰ жалпы жиналысының шешімі бойынша не ҚБК немесе ҮЕҰ Төрағасының (Бірінші басшысының) жазбаша ұсынысы бойынша ұсынады.

      10. Ұлттық превентивтік тетіктің құрамына енгізу үшін ҚБК немесе ҮЕҰ үміткері осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      11. Үйлестіру кеңесі құжаттарды қарау қорытындысы бойынша ашық дауыс беру жолымен қарапайым көпшілік дауысымен ұлттық превентивтік тетіктің құрамына үміткердің алынуы немесе алынудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      12. Үйлестіру кеңесі үміткерге іріктеу нәтижелері туралы Уәкілдің ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ хабарламаны электрондық поштаға жіберу арқылы хабарлайды.

      13. Үйлестіру кеңесінің шешімі мен ұлттық превентивтік тетікке іріктелген тізім Уәкілдің интернет-ресурсында орналастырылады.

      14. Үміткерлер арасынан ұлттық превентивтік тетіктің құрамы Үйлестіру кеңесінің шешімімен бекітіледі.

      15. Ұлттық превентивтік тетіктің өкілеттік мерзімі екі жылға анықталады. Ұлттық превентивтік тетіктің өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін Үйлестіру кеңесі есепті жылдың (кезеңнің) соңында келесі мерзімге превентивтік тетікке қатысушыларын іріктеуді жүргізеді.

      16. Өкілеттілігі тоқтатылған ұлттық превентивтік тетіктің алдағы мерзімге ұлттық превентивтік тетіктің құрамында жұмысты жалғастыруға ниет білдірген жағдайда Үйлестіру кеңесіне осы Қағидалардың 6-тармағында және 7-тармағының 5), 6), 7), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      17. Ұлттық превентивтік тетікке қатысушының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, ұлттық превентивтік тетікке жаңа қатысушыны сайлау ағымдағы мерзімге іріктеуде бұрын мәлімделген кандидаттар қатарынан Үйлестіру кеңесінің шешімімен жүргізіледі.

  Ұлттық превентивтік тетікке
қатысушыларды іріктеу
қағидаларына қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
жанындағы Үйлестіру кеңесі

Өтініш

      ___________ облысы/қаласы бойынша ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларының

      құрамына енгізу үшін менің кандидатурамды қарауыңызды сұраймын.

      Жұмыс орны және лауазымы (болған жағдайда):______________________

      Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы, күні.

  Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
2023 жылғы 27 қаңтардағы
№ 4 Бұйрыққа
2-қосымша

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдерінің тізбесі

      1. "Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 20 өкімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8892 болып тіркелген).

      2. "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 14 өкімімен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9815 болып тіркелген).

      3. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2019 жылғы 3 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 5 өкімімен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімдері тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19033 болып тіркелген).

      4. "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 20 өкіміне "Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларын бекіту туралы" өзгерістер енгізу туралы" Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 16 өкімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19073 болып тіркелген).

      5. "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі "Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларын бекіту туралы" № 20 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 134 өкімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26350 болып тіркелген).