"Алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы" Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 22 өкіміне және "Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидаларын бекі

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 мамырда № 32483 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы" Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 22 өкімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8894 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 40-бабы, "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 185-бабы, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 144-бабы, "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-11-бабы, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабы, "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабын іске асыру мақсатында:";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау қағидаларында:

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Баяндаманы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары алдын ала болу, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетігі аясында жүргізілген өзге де іс-шаралардың нәтижелері бойынша оған ұсынылған есептері негізінде дайындайды.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Үйлестіру кеңесі мүшелерінің арасынан Баяндаманы дайындауды үйлестіруге жауапты тұлғаны тағайындайды.

      5. Баяндаманы дайындауға жауапты тұлға Баяндаманы дайындау жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлейді және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге бекітуге ұсынады, онда Үйлестіру кеңесінің Баяндама бөліктерін дайындауға жауапты мүшелерін бекіту, сондай-ақ Баяндаманы және оның бөліктерін құру мерзімдері көрсетіледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Бекітілген баяндама уәкілетті мемлекеттік органдарға қарау үшін жіберіледі және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің интернет-ресурсына оның бекітілуі күнінен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей орналастырылады.";

      Қағидаға қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) "Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 4 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31836 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидалары:

      мынадай редакциядағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Ұлттық превентивтік тетікке қатысушылар құрамына Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен ұсынылған Үйлестіру кеңесінің шешімі бойынша тұлғалар іріктелінуі мүмкін.

      Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұсынысына осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттар қоса беріледі.

      Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұсынысын алған күннен бастап бір ай ішінде оны қарайды және осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен шешім қабылдайды.".

      2. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының 1) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
А. Ластаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  2023 жылғы 11 мамырдағы
№ 7 Бұйрығына
қосымша
  Алдын ала болу
қорытындылары бойынша
жыл сайынғы жинақталған
баяндаманы дайындау
қағидаларына
қосымша

Жыл сайынғы жинақталған баяндаманың құрылымы

1 - тарау. Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенциясына Факультативтік хаттамаға сәйкес қызмет

      1. Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенциясына Факультативтік хаттама.

      2. Азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн болдырмау мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы.

      3. Консультативтік кеңестің, Ұлттық алдын алу тетігі мүшелерінің өкілеттіктері.

      4. Ұлттық алдын алу тетігін қаржыландыру.

      5. Ұлттық алдын алу тетігінің қызметіне қоғамдық бірлестіктердің қатысуы.

      6. Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенциясына Факультативтік хаттамасынаның талаптарына сәйкес қамауда ұстау орындарында алдын ала болу.

2 - тарау. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мекемелерде ұсталатын тұлғалардың жағдайы

      7. Жалпы ережелер.

      8. Жағдайды бағалау.

      9. Қорытындылар мен ұсынымдар.

3 - тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ведомстволық бағыныстағы мекемелерде ұсталатын тұлғалардың жағдайы

      10. Жалпы ережелер.

      11. Жағдайды бағалау.

      12. Қорытындылар мен ұсынымдар.

4 - тарау. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мекемелерде ұсталатын тұлғалардың жағдайы

      13. Жалпы ережелер.

      14. Жағдайды бағалау.

      15. Қорытындылар мен ұсынымдар.

5 - тарау. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мекемелерде ұсталатын тұлғалардың жағдайы

      16. Жалпы ережелер.

      17. Жағдайды бағалау.

      18. Қорытындылар мен ұсынымдар.

6 - тарау. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мекемелерде ұсталатын тұлғалардың жағдайы

      19. Жалпы ережелер.

      20. Жағдайды бағалау.

      21. Қорытындылар мен ұсынымдар.

7 - тарау. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мекемелерде ұсталатын тұлғалардың жағдайы

      22. Жалпы ережелер.

      23. Жағдайды бағалау.

      24. Қорытындылар мен ұсынымдар.

8 - тарау. Қорытынды

      25. Қорытындылар.

      26. Ұсынымдар.