"Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 7-бабы 14) тармақшасының үшінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының міндетін атқарушы А.С. Умаровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл |
А. Ластаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
2023 жылғы 20 қаңтардағы № 1 Бұйрыққа 1-қосымша |
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ереже 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 7-бабы 14) тармақшасының үшінші абзацына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) қызметінің мақсатын, міндеттерін, функцияларын, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
2. Үйлестіру кеңесі консультативтік-кеңестік орган ретінде, ұлттық превентивтік тетіктің қызметін тиімді үйлестіру мақсатында превентивтік тетікке қатысушылардың қызметі арқылы жұмыс істейтін, азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн алдын алу жүйесі ретінде құрылады.
3. Үйлестіру кеңесіне:
1) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
2) қылмыс жасауда күдікті немесе айып тағылып отырған;
3) сотпен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектелген деп танылған;
4) психиатрда және (немесе) наркологта есепте тұратын тұлғалар мүше бола алмайды.
Үйлестіру кеңесіне сондай-ақ қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған; жағымсыз себептермен мемлекеттік немесе әскери қызметтен, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар коллегиясынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясынан айырылған тұлғалар мүше бола алмайды.
2-тарау. Үйлестіру кеңесінің міндеттері
4. Үйлестіру кеңесінің міндеттеріне:
1) азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн алдын алу;
2) ұлттық превентивтік тетіктің қызметіне мониторинг жүргізу, оның тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізу;
3) ұлттық превентивтік тетікке қатысушылардың алдын ала болу мекемелері мен ұйымдарымен, мемлекеттік органдармен, ғылыми және қоғамдық ұйымдармен, бірлестіктермен азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн алдын алумен және жоюмен байланысты мәселелер бойынша өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
4) алдын ала болуды жүргізу нәтижесінде алынған деректерді талдау, жүйелеу және пайдалану.
3-тарау. Үйлестіру кеңесінің құрамы
5. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (бұдан әрі – Уәкіл) барлық ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларының қызметін үйлестіреді, қатысушылардың қажетті әлеуетін және кәсіби біліктіліктерін қамтамасыз ету бойынша шара қолданады.
6. Үйлестіру кеңесінің мүшелерін, Уәкілді қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан Уәкіл құратын комиссия сайлайды.
Комиссия қызметінің мақсаты, міндеттері мен тәртібі Уәкіл бекітетін Ережемен айқындалады.
7. Үйлестіру кеңесінің хатшысын Үйлестіру кеңесінің сайланған мүшелерінің арасынан Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындайды.
8. Үйлестіру кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды ұсыну Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті ерік білдіруі негізінде жүзеге асырылады.
Үйлестіру кеңесінің мүшелерін іріктеу туралы хабарландыру Уәкілдің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
9. Үйлестіру кеңесінің мүшелерін сайлау құпия дауыс беру жолымен қарапайым көпшілік даусымен жүргізіледі.
10. Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жалпы саны әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша өкілдік ету қағидаты бойынша сайланатын кемінде 20 (жиырма) мүшені құрауға тиіс.
11. Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жартысы әрбір төрт жыл сайын қайта сайланады. Бірінші сайлауда сайланған мүшелер санының жартысының өкілеттіктері екі жылдық кезең өткен соң аяқталады. Бірінші сайлаудан кейін бұл мүшелердің аты-жөндері жеребе тастау арқылы анықталады, оны Үйлестіру кеңесінің Төрағасы жүргізеді. Сайлау олардың өкілеттіктері аяқталғанға дейін бір ай бұрын кешіктірілмей жүргізіледі.
12. Үйлестіру кеңесі мүшесінің бейтараптылығына күмән тудыратын жағдай болғанда, ол Үйлестіру кеңесінің мүшелігінен бас тартады. Үйлестіру кеңесінің мүшесі Уәкілге тиісті хабарлама жіберу арқылы оның құрамынан шыға алады.
4-тарау. Үйлестіру кеңесінің өкілеттіктері
13. Үйлестіру кеңесі ұлттық превентивтік тетіктің міндеттерін шешу үшін:
1) Біріккен Ұлттар Ұйымының Азаптауларға қарсы комитетінің Азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн алдын алу жөніндегі шағын комитетімен өзара іс-қимыл жасайды;
2) ұлттық превентивтік тетіктің қызметін жүзеге асыру саласындағы мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар мен ескертулер енгізеді;
3) белгіленген міндеттер мен өкілеттіктер шегінде мемлекеттік билік органдарынан, алдын ала бару мекемелерінен, сондай-ақ меншіктің ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдардан және олардың лауазымды тұлғаларынан Үйлестіру кеңесінің қызметін жүзеге асыруға қажет құжаттарға сұрау салады;
4) өзінің отырыстарына әр түрлі мемлекеттік билік органдарының, алдын ала бару мекемелерінің, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де ұйымдардың басшылары мен өкілдерін шақырады;
5) өзінің отырыстарында тиісті лауазымды тұлғалардың олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратын (хабарламалар, баяндамалар және т.б.) тыңдайды;
6) бөлінген бюджеттік қаражат шегінде алдын ала баруға жататын мекемелердің тізімі мен мерзімін белгілейді;
7) азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн қолдану туралы хабарламалар мен шағымдар туралы ақпаратты қабылдайды. Қабылданған және тікелей Үйлестіру кеңесіне хабарламалар мен шағымдар туралы жіберілген ақпарат Үйлестіру кеңесінің хаттамасына енгізіледі;
8) алдын ала болуды жүзеге асыру үшін ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларын іріктейді;
9) ұлттық превентивтік тетік топтарының алдын ала бару нәтижелері бойынша есептілік нысанын бекітеді;
10) алдын ала болуды өткізу нәтижелері бойынша есептілік құжаттаманы өңдейді және талдайды;
11) уәкілетті мемлекеттік органдарға алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жағдайларын жақсарту жөнінде ұсыныстарды әзірлейді және жібереді;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстарды әзірлейді;
13) ұлттық превентивтік тетікке қатысушылардың алдын ала болу нәтижелері бойынша есептіліктерін, уәкілетті мемлекеттік органдарға алдын ала болуға жататын мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жағдайларын жақсарту жөніндегі әзірленген ұсынымдарды және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстарын ескере отырып, ұлттық превентивтік тетікке қатысушылардың жыл сайынғы шоғырландырылған баяндамасын әзірлейді;
14) ұлттық превентивтік тетікке қатысушылары алдын ала болу туралы есепті адалдығына күмәнданған жағдайда Үйлестіру кеңесінің мүшелері осы қатысушыларды ұлттық превентивтік тетік өңірлік топтарының құрамынан шығару туралы шешім қабылдайды.
14. Уәкілдің функциялары:
1) Үйлестіру кеңесінің Төрағасы болып табылады;
2) Үйлестіру кеңесі мен оның мүшелерінің қызметін үйлестіреді;
3) Үйлестіру кеңесі мүшелерінің қатысушылардың қажетті әлеуетін және кәсіби біліктіліктерін қамтамасыз ету үшін шара қолданады;
4) Үйлестіру кеңесінің отырыстарына төрағалық етеді;
5) Үйлестіру кеңесінің жұмыс жоспарын бекітеді;
6) азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн қолдану туралы ақпаратты, хабарламаларды және шағымдарды қарауға қабылдайды;
7) Үйлестіру кеңесі мүшесінің орнынан кетуі туралы хабарламасын қабылдайды.
15. Үйлестіру кеңесінің хатшысының функциялары:
1) отырыстың қарауына шығарылатын материалдарды дайындауды ұйымдастырады және бақылайды;
2) отырыстың хаттамасын ресімдейді;
3) Төрағаның тапсырмаларын орындайды және Үйлестіру кеңесі жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды.
16. Үйлестіру кеңесінің мүшелері:
1) Үйлестіру кеңесінің отырысында қаралатын мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие;
2) Үйлестіру кеңесі Төрағасының тапсырмасы бойынша оның отырыстарында төрағалық етеді;
3) Үйлестіру кеңесінің отырысында талқылау үшін мәселелерді енгізеді;
4) Үйлестіру кеңесінің дауыс беруіне өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін енгізеді;
5) ерекше пікірге ие бола алады, оны білдірген жағдайда ол жазбаша түрде баяндалады;
6) қажет болған жағдайда алдын ала болуға қатысады.
5-тарау. Үйлестіру кеңесі мүшесінің өкілеттіктерін тоқтату
17. Үйлестіру кеңесі мүшесінің өкілеттіктері:
1) осы Ереженің нормаларын бұзған;
2) өз өкілеттіктерін тоқтату туралы жазбаша өтініші болған;
3) қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
4) Қазақстан Республикасы аумағынан тыс тұрақты тұруға кеткен;
5) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
6) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген кезде;
7) заңда көзделген өзге де жағдайлар басталған кезде тоқтатылады.
18. Үйлестіру кеңесі мүшесінің өкілеттіктері:
1) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдікті деп танылған;
2) Үйлестіру кеңесінің шешімі бойынша тоқтатылады.
6-тарау. Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және тәртібі
19. Үйлестіру кеңесі жұмысының нысаны - Үйлестіру кеңесінің отырысы, соның ішінде өңірлер бойынша көшпелі отырыстар.
20. Үйлестіру кеңесінің отырысын Төраға шақырады, ал ол болмағанда, оның тапсырмасы бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшесі бір тоқсанда кемінде бір рет шақырады.
21. Үйлестіру кеңесінің кезектен тыс отырысы Үйлестіру кеңесінің үштен бір бөлігінен кем емес мүшелерінің талабы бойынша шақырылады және өткізіледі.
22. Үйлестіру кеңесінің отырысы Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан кезде өткізіледі.
23. Үйлестіру кеңесінің кезектен тыс отырысының жұмысын ұйымдастыруды Төраға, ол уақытша болмаған кезде оның тапсырмасы бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшесі жүзеге асырады.
24. Үйлестіру кеңесі отырысының нәтижелері бойынша шешім қабылданады.
25. Үйлестіру кеңесінің шешімі, егер оған Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жартысынан көбі дауыс берген жағдайда, қабылданған болып есептеледі. Егер шешім қабылдау кезінде дауыстар тең бөлінсе, отырыста төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданған шешім болып саналады. Үйлестіру кеңесі мүшесінің өкілеттігін тоқтату (тоқтата тұру) мәселесі бойынша шешім қатысушылардың 2/3 көпшілігімен қабылданады.
26. Үйлестіру кеңесі мүшесінің өкілеттігін тоқтату (тоқтата тұру) мәселелері жөніндегі шешімдерді қоспағанда, Үйлестіру кеңесінің шешімдері ұсыным беру сипатына ие.
27. Үйлестіру кеңесінің отырысында алдын ала болу нәтижелері, ұлттық превентивтік тетіктің қызмет нысанына байланысты нормативтік-құқықтық актілерді талқылау бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленеді.
28. Үйлестіру кеңесінің отырааысында хаттама жүргізіледі, онда күн тәртібі, қатысқандардың аты-жөндері, дауыс беру нәтижелері, қабылданған ұсынымдар мен ұсыныстар көрсетіледі. Хаттамаға Үйлестіру кеңесінің Төрағасы мен хатшысы қол қояды.
29. Үйлестіру кеңесінің жұмыс тілі мемлекеттік және орыс тілдері болып табылады.
30. Үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықпен жүзеге асырылады.
31. Үйлестіру кеңесін жою туралы ұсыныс толық құрамдағы отырыста қарапайым көпшілік даусымен қабылданады.
32. Үйлестіру кеңесінің қатысушылары адамның жеке өмірі туралы оған алдын ала болу нәтижелері бойынша есептіліктермен танысу барысында белгілі болған мәліметтерді осы адамның келісімінсіз жария етпейді.
2023 жылғы 20 қаңтардағы № 1 Бұйрыққа 2-қосымша |
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдерінің тізбесі
1 "Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы" Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 18 өкімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8891 болып тіркелген).
2. "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 14 өкімімен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9815 болып тіркелген).
3. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2019 жылғы 3 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 5 өкімімен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкімдері тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19033 болып тіркелген).
4. "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 18 "Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы" өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 15 өкімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19034 болып тіркелген).