Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі "Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларын бекіту туралы" № 20 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 134 өкімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 қаңтарда № 26350 болып тіркелді. Күші жойылды - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 4 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 27.01.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі "Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларын бекіту туралы" № 20 өкіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8892 тіркелген) мынандай өзгертулер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 40-бабы 2-тармағыңың 2-тармақшасын, "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 185-бабы 2-тармағының 2-тармақшасын, "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-11-бабының 2-тармағын, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабының 2-тармағын, "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағын, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-2-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында":";

      көрсетілген өкіммен бекітілген Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларын іріктеу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 40-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына, "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 185-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына, "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-11-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабының 2-тармағына, "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-2 бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген ".";

      8-тармақтың 6) тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын:

      "6) республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, оны ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтама;";

      8-тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын;

      8-тармақтың 10) тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын:

      "үй, жұмыс және ұялы телефондары, сондай-ақ дербес электрондық мекен-жайы көрсетілген бөлек парақ;";

      13-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "13. Үйлестіру кеңесі құжаттарды қарау қорытындысы бойынша ашық дауыс беру жолымен қарапайым көпшілік дауысымен ҰАТҚ құрамына үміткердің алынуы немесе алынудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.";

      19-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

      "19. ҰАТ өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, жаңа ҰАТ сайлау Үйлестіру кеңесінің шешімімен ағымдағы мерзімге ҰАТ іріктеуде бұрын мәлімделген үміткерлер қатарынан жүргізіледі.".

      2. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық заңнамада белгіленген тәртіппен осы өкімнің мемлекеттік тіркелуін және өкімнің Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысына жүктелсін.

      4. Осы өкім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
Э. Азимова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі