"Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 қаңтарда № 31642 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12880 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру және оны жою тәртібін айқындайды.

      Көші-қон саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына, "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) адам саудасының құрбаны – жасалған іс-әрекеттер бойынша қылмыстық іс қозғау фактісінің болуына қарамастан, адам саудасына байланысты құқық бұзушылықтан тікелей зардап шекті деп пайымдауға негіз бар жеке тұлға;

      2) адам саудасының құрбанын бірдейлендіру – адамды адам саудасына, оның ішінде кәмелетке толмағандарға, оларды пайдаланудың өзге де түрлеріне байланысты іс-әрекеттер салдарынан әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгез қарым-қатынастан зардап шеккендерге жатқызу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 630, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 399 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 240 бірлескен бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10013 болып тіркелген) (бұдан әрі – Өлшемдер) әлеуметтік бейімсіздік пен әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгез қарым-қатынастың болуын бағалау өлшемшарттарына сәйкес адамдарды ұрлау;

      3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға "бір терезе" қағидаты бойынша беру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      4) азаматтығы жоқ адам – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзге мемлекеттiң азаматтығына тиесілігінің дәлелдемелерi жоқ адам;

      5) арыз иесі – әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданым берген адам, сондай-ақ өзіне қатысты әкімшілік акт қабылданатын, әкімшілік әрекет жасалатын (әрекетсіздік танылатын) адам (әкімшілік актінің адресаты);

      6) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі - АХҚО) – қаржы саласында ерекше құқықтық режим қолданылатын, Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын нақты белгіленген шекаралары бар Астана қаласының шегіндегі аумақ;

      7) АХҚО инвестициялық резиденті – АХҚО инвестициялық салық резиденттігінің бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген шарттарға сәйкес келетін инвестицияларды жүзеге асырған шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

      8) әкімшілік акт – жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір тұлғаның немесе жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім;

      9) әкімшілік орган – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым;

      10) әкімшілік рәсім – әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі, жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет;

      11) бизнес-көшіп келуші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келуші;

      12) "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) – Қазақстан Республикасына көшіп келушілердің кіруін - шығуын бақылайтын бірыңғай ақпараттық жүйе;

      13) бұрынғы отандас – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұдан бұрын азаматтығында болған және шетелде тұрақты тұратын адам;

      14) жақын туыстары – ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек ағалы-iнiлер мен апалы-сiңлiлер, атасы, әжесi, немерелерi;

      15) жеке кабинет – "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті;

      16) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) – жеке тұлғаға бір рет және өмір бойы берілетін он екі таңбалы цифрлық код;

      17) жол жүру құжаты – шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасы аумағынан тыс шығу үшін берілетін құжат;

      18) келуге және кетуге берілетін рұқсат (бұдан әрі - виза) – осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының көшіп-қонушының паспортындағы немесе оны ауыстыратын құжатындағы белгісі, ол визада белгіленген уақытқа, мақсаттарда және шарттармен Қазақстан Республикасының аумағына келуге, оның аумағы арқылы жүріп-тұруға, онда болуға және Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге құқық береді;

      19) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс істейтін заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;

      20) көшіп келу – шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі;

      21) көшіп келуші – Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

      22) Көші-қон полициясының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - КҚП АЖ) – Ішкі істер министрлігінің ішкі және сыртқы көші-қон процестері дерекқорын қалыптастыру бойынша, сондай-ақ "электронды үкімет" шеңберінде құрылып жатқан басқа ақпараттық жүйелермен және деректер базаларымен интеграциялық қарым-қатынас процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйесі;

      23) қабылдаушы тұлға – көшіп келушілерді Қазақстан Республикасына уақытша тұру үшін шақыру туралы өтінішхат беретін және (немесе) олардың тұруына мекенжайдың тіркеу коды бар (бұдан әрі – МТК) орын беретін Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік және азаматтығы жоқ адам немесе Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға;

      24) қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және осы Заңмен белгіленген тәртіпте тиісті мәртебесін алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;

      25) құжаттың электрондық көшірмесі – түпнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;

      26) қызмет көрсету орталықтарының біріктірілген ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚО БАЖ) – Қазақстан Республикасының Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;

      27) мекенжайдың тіркеу коды – "Мекенжай тіркелімі" АЖ құратын жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының бірегей коды.";

      28) миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктер атынан Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі;

      29) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама (бұдан әрі – біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама) –"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңында айқындалған Қазақстан Республикасында экономиканың басым салаларындағы (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік талаптары мен білім деңгейіне сәйкес келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға берілетін құжат;

      30) пана іздеген адам - уәкілетті орган босқын мәртебесін беру туралы өздерінің өтінішхаты бойынша түпкілікті шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында пана сұрауға тілек білдірген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

      31) тұрақты тұруға арналған рұқсат – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және оларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат;

      32) уақытша тұруға арналған рұқсат – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және болу мақсатына қарай оларға Қазақстан Республикасының аумағында белгілі бір мерзімге тұру құқығын беретін құжат;

      33) цифрлық құжаттар сервисі - операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын көрсетілген мемлекеттік қызметтерді іске асыру мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, электрондық нысанда қызметтер алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі;

      34) шетелдік – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын өзге мемлекеттің азаматтығына тиесілігінің дәлелдемелері бар адам;

      35) шет елдердегi мекемелер – Қазақстан Республикасының шет елдегі дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкілдiктерi, сондай-ақ консулдық мекемелерi;

      36) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      37) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігі мен мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жинағы;

      38) этникалық қазақ – ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру қағидалары "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – УТР мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Заңның 6-1-бабында көрсетілген қабылдаушы тұлғалар қызмет алушылар болып табылады.

      Визасыз кіру және болу тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттары бар мемлекеттерден келген АХҚО инвестициялық резиденттері мен олардың отбасы мүшелері бойынша қызметті алушы "АХҚО әкімшілігі" болып табылады.

      Адам саудасының құрбандарына қатысты қабылдаушы тарап жергілікті атқарушы органдар болып табылады. УТР иммигрантқа арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну үшін ресімделеді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен (бұдан әрі – қаулы) бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуі және онда болуы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі қағидаларының 6-тармағының 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 абзацтарында көрсетілген көшіп-келушілерге көші-қон қызметтерінің аумақтық бөліністері Қаулыда көрсетілген мерзімге шығуға хабарлама ресімдейді.

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. УТР мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушылар елде болу мақсатына қарай осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес "Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – УТР мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талап) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы УТР беру туралы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру туралы өтініш-сауалнамамен тіркеу орны бойынша аумақтық полиция органдарына (бұдан әрі – қызмет берушіге) не Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде уақытша тұру үшін пайдаланылатын шетелдіктің тұрғын үй иесінің не өкілеттіктерде көзделген іс-қимылдарды жүзеге асыруға нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сенім білдірілген адамның жеке қатысуы қажет.

      Қажетті мәліметтерді қамтитын және ХҚКО БАЖ-бен және (немесе) порталмен біріктірілген ақпараттық жүйелер болған кезде ақпараттық жүйелердің мәліметтері пайдаланылады. Бұл ретте тиісті мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсыну талап етілмейді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері құжаттар келіп түскен күні ұсынылған құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы УТР мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 8-тармақта көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда, қызмет берушінің уәкілетті қызметкері осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша тұруға рұқсат беруге құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат (бұдан әрі – Құжаттарды қабылдау туралы қолхат) береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы УТР мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 8-тармақта көзделген құжаттардың пакетін толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, қызмет берушінің уәкілетті қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша тұруға рұқсат беруге құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат (бұдан әрі – Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат) береді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Құжаттарды қабылдау күні УТР мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы УТР мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 8-тармақта көзделген құжаттардың пакетін толық емес ұсынған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ХҚҚО БАЖ-да электрондық өтінімді ресімдейді, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйелерден сұратады (ХҚКО БАЖ-да біріктіру болған жағдайда) немесе құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса береді және тиісті шешім қабылдау үшін КҚП АЖ-ға жолдайды.

      Электрондық түрдегі өтінім орындау үшін қызмет берушіге КҚП АЖ-ға түседі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік қызметті порталда алу үшін қызмет алушыда (қабылдаушы тұлғаларда) ЭЦҚ болуы талап етіледі.

      Қызмет алушы:

      1) порталда авторланады, "Азаматтық, көші-қон және көшіп келу - Шетелдіктерге: Қазақстан Республикасына кіру және азаматтық" бөлімінде "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін таңдайды және "Көрсетілетін қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басады;

      2) өтінімді шетелдіктің құжаттарына сәйкес ресімдейді, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйелерден сұратады (порталда біріктіру болған жағдайда) не УТР мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 8-тармақтарында көрсетілген тізбеге сәйкес сканерленген құжаттардың көшірмелерін қоса береді, өтінімге ЭЦҚ-мен қол қояды және өтінімді орындауға жолдайды.

      Өтініш портал арқылы берілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      Электрондық түрдегі өтінім көрсетілетін қызметті берушіге орындауға КҚП АЖ-ға түседі. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.";

      9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері құжаттарды, оның ішінде Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы келіп түскен өтінімдерді қабылдағаннан кейін:

      1) ұсынылған құжаттарды қабылдайды және толықтығын тексереді;

      2) "Бүркіт" БАЖ мәліметтері бойынша шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуі туралы ақпаратты тексереді;

      3) ішкі істер органдары мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректер қоры бойынша соттылығы және іздестірілуі, алдыңғы болу кезеңінде оған салынған қылмыстық немесе әкімшілік бұзушылық жасағаны үшін орындалмаған міндеттемелердің болуы туралы мәліметтерді тексереді;

      4) ақпараттық жүйеде шетелдіктің және оның бірге келген отбасы мүшелерінің жеке сәйкестендіру нөмірлерінің бар-жоғын тексереді.

      5) тұрғын үйдің көрсетілетін қызметті алушыға немесе сенімгерге тиесілілігін ақпараттық жүйелер бойынша тексеру.

      6) Заңның 43-2-бабының 5-тармағы негізінде үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі еңбек шарттары негізінде жұмыс берушіге берілген қолданыстағы УТР санын тексеру.

      Өтінімнің дұрыстығы және УТР мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 9-тармақта көзделген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері КҚП АЖ-да осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес УТР қалыптастырады, басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушыға береді.

      Егер УТР беруге өтінім Мемлекеттік корпорация арқылы келіп түскен жағдайда, уәкілетті қызметкер КҚП АЖ-да УТР қалыптастырады және біріктіру арқылы ХҚКО БАЖ-ға жолдайды. Мемлекеттік корпорация операторы УТР басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушыға береді.

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжаттарды не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілін көрсеткен кезде Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Егер УТР беруге өтінім портал арқылы келіп түскен жағдайда, уәкілетті қызметкер КҚП АЖ-да УТР қалыптастырады және біріктіру арқылы көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жолдайды.

      Келіп түскен электрондық өтінім көрсетілетін қызметті алушының айқындамалық деректеріне сәйкес келмеген не егер өтінімге құжаттардың сапасыз электрондық көшірмелері берілген жағдайларда уәкілетті қызметкер қате туралы тиісті хабарлама қалыптастырады, ол Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға жолданады.";

      9-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-3. Көрсетілетін қызметті беруші УТР мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 9-тармақтарында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады, осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға УТР беруден бас тарту туралы хабарлама береді.

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға визамен уақытша келетін не Қазақстан Республикасымен келу және болудың визасыз тәртібі туралы келісім жасаған мемлекеттерден келген не Қазақстан Республикасында босқын мәртебесі бар шетелдіктер не азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ этникалық қазақтарға берілген визаның санатына қарамастан, мемлекеттік қызметті алу үшін Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) беру туралы өтінішхатпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге негізгі талаптар (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар) тізбесіне сәйкес құжаттар пакетін қоса аумақтық полиция органдарына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) не "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік копорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүгінеді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде, көрсетілетін қызметті алушы осы Мемлекеттік қызмет көсретуге қойылатын талаптарда көзделген тізбеге сәйкес толық емес құжаттар пакетін, сондай-ақ жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті беруші жүгінген кезде:

      "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік деректер базасына" (бұдан әрі – ЖТ МДБ) Халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріктірілген ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - ХҚКО АЖ) көрсетілетін қызметті алушыда жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН) бар-жоғына сұрау салу қалыптастырылады;

      ЖСН болған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін барлық қажетті құжаттардың электрондық көшірмелерін бекіте отырып, ХҚҚО АЖ өтінім қалыптастырады.

      ХҚКО АЖ-дан КҚП АЖ-ға өтінім келіп түскеннен кейін не көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:

      көрсетілетін қызметті беруші:

      1) күнтізбелік 2 күн ішінде:

      мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті барлық құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметті КҚП АЖ-ға енгізеді (мәліметтер болмаған кезде);

      тұрақты сақтау мерзімімен әрбір кәмелетке толмаған адамға жеке есепке алу ісіне қабылданған материалдарды қалыптастырады, олар осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды істерді есепке алу журналында тіркеледі. Журнал бойынша реттік нөмірі біруақытта істің реттік нөмірі болып табылады;

      2) күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде:

      КҚП АЖ арналары бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттері Көші-қон қызметі басқармасына (бұдан әрі - ПД КҚҚБ) келісуге есепке алу ісі жолданады;

      3) күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде:

      банктік мекемеге төлемқабілеттігін растау туралы құжаттардың тұпнұсқалығы мәніне сұрау салуды жолдайды;

      ішкі істер органдарының есептері бойынша тексеруді жүзеге асырады;

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тексеруді жүзеге асырады;

      "Бүркіт" БАЖ арналары арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісуге материалдарды жолдайды.

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары материалдарды келісуді күнтізбелік 25 (жиырма бес) күн ішінде жүзеге асырады;

      4) күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тексеріс нәтижелері бойынша мүдделі органдардан жауап алғаннан кейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты беру не осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты беруден бас тарту туралы қорытынды шығарады, қабылданған шешім туралы ақпаратты КҚП АЖ-ға енгізеді;

      5) күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру не рұқсатты беруден бас тарту туралы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша хабарлама көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға жолданады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін мемлекеттік қызметі көрсету мерзімінің өтуіне дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсатты беру не беруден бас тарту туралы, сондай-ақ оның күшін жою туралы қорытындыны Полиция департаментінің бастығы немесе оның орынбасары, қалалық (аудандық) ішкі істер органдарының бастығы не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы бекітеді.";

      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

      "17-1. Тұрғылықты жерін өзгерткен кезде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам есепте тұрған ішкі істер органынан оның ісі сұратылады. Бұл ретте шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысмен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларына сәйкес жүгінген күні жүзеге асырылады.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;

      1-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;

      1-2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;

      1-3-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;

      3-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;

      6-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;

      7-қосымша осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;

      9-қосымша осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;

      10-қосымша осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 6 қаңтардағы
№ 6 бұйрығына
1-қосымша
  Шетелдіктерге және азаматтығы
жоқ адамдарға
Қазақстан Республикасында
уақытша және тұрақты тұруға
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
  ____________________________
қала, облыс
Полиция департаменті
____________________________
өтініш берушінің, заңды тұлға
____________________________
өкілінің тегі, аты әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
____________________________
тұрақты тұрғылықты жері
(заңды тұлғалар үшін – заңды
тұлғаның тіркелу мекенжайы)
____________________________
үй, ұялы телефондары

Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру туралы өтініш-сауалнама

      Қазақстан Республикасына __________________________________________

      (оқу, емдеу, миссионерлік, бизнес-көшіп келушілер, жұмыс немесе отбасын қосу)

      мақсатында келген мынадай шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға уақытша

      тұруға рұқсат беруіңізді сұраймын.

№ р/р

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (шақырылған адамның паспортымен қатаң сәйкестікте толтырылады)

Азаматтығы, құжаттың, түрі, нөмірі, берілген күні және қолданылу мерзімі

Туған күні

Туған жері

Ұлты

Жынысы

Елі, мекенжайы және тұрақты тұрғылықты жері

Шетелдіктің жеке сәйкестендіру нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      Қазақстан Республикасына бірге келген отбасы мүшелері, оның ішінде 16 жасқа дейінгі балалары туралы мәліметтер _______________________________

№ р/р

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (шақырылған адамның паспортымен қатаң сәйкестікте толтырылады)

Азаматтығы, құжаттың, түрі, нөмірі, берілген күні және қолданылу мерзімі

Туған күні

Туған жері

Көшіп келушімен туыстық дәрежесі

Ұлты

Жынысы

Елі, мекенжайы және тұрақты тұрғылықты жері

Шетелдіктің жеке сәйкестендіру нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жерінің мекенжайы

      (мекенжайдың тіркеу кодты растаумен)

      ______________________________________________________

      (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше түрі, № үй, корпус, пәтер)

      Уақытша тұруға рұқсат қандай мерзімге алады:

      20___ жылғы "____"_______ бастап 20____ жылғы "___"_______дейін.

      Қабылдаушы тарап туралы мәліметтер:

      Жеке басты куәландыратын құжат_____№____ 20___ "___" ___ бастап ________ дейін

      қолдану мерзімімен берілген жеке сәйкестендіру нөмірі

      №_________________________________

      Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік: атауы ____________________________

      №_______________ 20___ "____"__________,

      бизнес сәйкестендіру нөмірі №___________________

      (Қабылдаушы тараптың атауы) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға олардың құқықтары мен міндеттерін уақтылы түсіндіру бойынша міндеттемелерді алады.

      Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болуы құқығына, ел аумағында жүріп-тұруы және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексінің 518-бабына, Қазақстан Республикасының Көші-қон саласындағы заңнамасына сәйкес белгілі бір болу мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан шығуды қамтамасыз ету бойынша құжаттарды ресімдеу бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілігі туралы ескертілді.

      20 __ жылғы "___" ________________________________________________

      (өтініш берушінің қолы)

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20____жылғы "____" ____ ______(Өтініш берушінің қолы)

      Өтініш-сауалнама 20___жылғы "____" _______________ қабылданды

      _________________________________________________________________

      өтініш-сауалнаманы қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 6 қаңтардағы
№ 6 бұйрыққа
2-қосымша
  Шетелдіктерге және
азаматтығы жоқ адамдарға
Қазақстан Республикасында
уақытша және тұрақты тұруға
рұқсат беру қағидаларына
1-1-қосымша

"Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрcетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға отбасының қайта қосылуына байланысты Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру;
2. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру;
3. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қазақстандық оқу орындарында білім алу үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру;
4. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қазақстандық медициналық мекемелерде стационарлық емделуден өту үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру;
5. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру;
6. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бизнес-көшіп келушілерге)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аумақтық полиция органдары

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Барлық кіші түрлері бойынша құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) "электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға немесе портал арқылы қажетті құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап – 1 (бір) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
көрсетілетін қызметті берушіде және Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Барлық кіші түрлері бойынша: электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Барлық кіші түрлері бойынша: Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптың 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында (сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін).
Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырады.
2) Мемлекеттік корпорацияда – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру және өтініштер қабылдау Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00 дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00 дейін және сенбіде сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы "электрондық кезекті" броньдауға болады.
3) порталда - жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталған кезде, демалыс және мереке күндерінде жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнінде беріледі).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www. mvd. gov. kz интернет-ресурсында "Министрлік туралы" бөлімінде, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністерінің Веб-ресурстары" кіші бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www. gov4c. kz интернет-ресурсында;
3) www. egov. kz порталында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация арқылы уақытша тұруға рұқсат беру туралы өтініш берген кезде:
1. Осы Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларға (бұдан әрі - Қағидалар)
1-қосымшаға сәйкес уақытша тұруға рұқсат беру туралы өтініш-сауалнама. 2. визасыз болу туралы келісімдер ратификацияланған шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады); 3. медициналық сақтандырудың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады) (Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің азаматтарын қоспағанда (бұданәрі-ЕАЭО).
Мемлекеттік қызметтің кіші түріне байланысты мыналарды қосымша ұсынады:
1) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға отбасының қайта қосылуына байланысты Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
егер көрсетілетін қызметті алушы көшіп келушіге оның уақытша тұруы үшін берілетін тұрғын үйдің меншік иесі болып табылмаса, көшіп келушінің тұруына нотариалды куәландырылған келісім;
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адаммен отбасылық қатынастарды растайтын құжат.
2) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
егер көрсетілетін қызметті алушы көшіп келушіге оның уақытша тұруы үшін берілетін тұрғын үйдің меншік иесі болып табылмаса, көшіп келушінің тұруына нотариалды куәландырылған келісім;
жергілікті атқарушы орган берген шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат;
жергілікті атқарушы орган берген шетелдіктің біліктілік сәйкестігі туралы анықтама немесе рұқсат; еңбекші көшіп келушіге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы орган берген рұқсат;
ЕАЭО азаматтары үшін - уәкілетті органда (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) – "ЕШЕБЖ" еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек шарты немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарт;
Қазақстан Республикасының халықтың көші - қоны саласындағы заңнамасына және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес осы тармақшаның бірінші, екінші, үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген рұқсаттарды алу талап етілмейтін көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс;
"Астана" халықаралық қаржы орталығында (бұдан әрі -АХҚО) қызметін жүзеге асыру мақсатында келудің және болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттары бар елдерден Қазақстан Республикасына келген көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ ол еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс;
Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттар бар мемлекеттерден келген АХҚО инвестициялық резиденттеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат АХҚО әкімшілігінің өтінішхаты бойынша жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге ресімделеді. Бұл ретте, инвестициялық резиденттің отбасы мүшелерінің уақытша тұруына арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі инвестициялық резиденттің уақытша тұруына арналған рұқсаттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.
3) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қазақстандық оқу орындарында білім алу үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
егер көрсетілетін қызметті алушы көшіп келушіге оның уақытша тұруы үшін берілетін тұрғын үйдің меншік иесі болып табылмаса, көшіп келушінің тұруына нотариалды куәландырылған келісім;
Қазақстан Республикасындағы оқу орнының қолдаухаты негізінде.
4) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қазақстандық медициналық мекемелерде стационарлық емделуден өту үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
Қазақстан Республикасында орналасқан медициналық ұйым берген, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында емдеу немесе Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында емделіп жатқан шетелдік пациентке, сондай-ақ жақын туыстарына - Қазақстан Республикасының азаматтарына не Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге тұрақты күтім жасау қажеттігін растайтын құжаттар.
5) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
егер көрсетілетін қызметті алушы көшіп келушіге оның уақытша тұруы үшін берілетін тұрғын үйдің меншік иесі болып табылмаса, көшіп келушінің тұруына нотариалды куәландырылған келісім;
діни қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген куәлік.
6) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бизнес-көшіп келушілерге)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру:
егер көрсетілетін қызметті алушы көшіп келушіге оның уақытша тұруы үшін берілетін тұрғын үйдің меншік иесі болып табылмаса, көшіп келушінің тұруына нотариалды куәландырылған келісім;
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңның (бұдан әрі - Заң) 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы орган берген құжат.
Шет тілінде жасалған құжаттар мемлекеттік не орыс тіліне аударылуға жатады.
"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариус бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығын куәландырады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттер билігінің қатысуымен жасалған немесе осы биліктен шығатын құжаттар мен актілер "Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығының 60-тармағына сәйкес заңдастырылған жағдайда қарауға қабылданады.".

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Барлық кіші түрлері бойынша:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету деректері мен мәліметттерінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру кіші түрлері бойынша:
-Заңның 43-2-бабының 5-тармағы негізінде үй шаруашылығындағы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі еңбек шарттары негізінде жұмыс берушіге берілген қолданыстағы уақытша тұруға рұқсат санының (бестен астам) артуы.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы немесе порталдағы "жеке кабинет" арқылы алу мүмкіндігі бар;
2) дене мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, ғимараттарға кіретін жерлер пандустармен жабдықталған, күтуге арналған креслолар бар;
3) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www. mvd. gov. kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777;
4) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 6 қаңтардағы
№ 6 бұйрыққа
3-қосымша
  Шетелдіктерге және
азаматтығы жоқ адамдарға
Қазақстан Республикасында
уақытша және тұрақты тұруға
рұқсат беру қағидаларына
1-2-қосымша

Уақытша тұруға рұқсат беру құжаттарын қабылдау туралы қолхат

      Осы қолхат ________________________________________________берілді

      (тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда) көрсету)

      және "Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талапта көзделген тізбеге сәйкес шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында уақытша тұруына рұқсатты ресімдеу үшін құжаттардың қабылданғанын растайды.

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      Орындаушы _____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      Телефон ________________

      Алдым: ________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы)

      20_____ жылғы "_____" _________

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 6 қаңтардағы
№ 6 бұйрыққа
4-қосымша
  Шетелдіктерге және
азаматтығы жоқ адамдарға
Қазақстан Республикасында
уақытша және тұрақты тұруға
рұқсат беру қағидаларына
1-3-қосымша

Уақытша тұруға рұқсат беру құжаттарын қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабын және 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, қызмет беруші/"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" Коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №___ бөлімі _________________(мекенжайын көрсету) "Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, себебі Сіз мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талапта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбадыңыз, атап айтқанда:

      Болмаған құжаттардың атауы:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3) ________________________________________.

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      __________________________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда, қолы)

      Орындаушы _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Телефон __________________________________________________________________

      Алдым: __________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда, қолы)

      20_____ жылғы "_____" _________

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 6 қаңтардағы
№ 6 бұйрыққа
5-қосымша
  Шетелдіктерге және
азаматтығы жоқ адамдарға
Қазақстан Республикасында
уақытша және тұрақты тұруға
рұқсаттар беру қағидаларына
3-қосымша

"Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметке негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аумақтық полиция органы

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Құжаттарды қабылдау және нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қажетті құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күн;
көрсетілетін қызметті берушіге және Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут; көрсетілетін қызметті берушіде және Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі, төлем мөлшері – мемлекеттік баж төленетін күнге анықталған 4 айлық есептік көрсеткіш.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндері демалыс, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырады.
2) Мемлекеттік корпорацияда – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру және өтініштер қабылдау Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00 дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00 дейін және сенбіде сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырады.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы "электрондық кезекті" броньдауға болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында "Министрлік туралы" бөлімінде, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрылымдық бөліністерінің Веб-ресурстары" кіші бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан сұралатын құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (балалары және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар үшін олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) өкілдікке өкілеттіктерін растайтын құжаттарды ұсына отырып) өздері көрсетілетін қызметті алушыға және Мемлекеттік корпорацияға жеке жүгінген кезде:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтініш-сауланама;
2) көрсетілетін қызметті алушының шетелдік паспортының көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін), азаматтығы жоқ адамның құжаты, жарамдылық мерзімі өтініш берген күнге күнтізбелік 180 күннен астам болуы тиіс.
3) "Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау қағидаларына сәйкес өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы не Заңның 49-бабы 4) тармақшасына сәйкес төлем қабілеттілігін растаудан босатуға арналған негіздердің болуын куәландыратын құжат;
4) азаматтығы тиесілілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (Қазақстан Республикасында босқын мәртебесі бар адамдарды және Қытай Халық Республикасы азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда, егер өзге халықаралық шарттарда көзделмесе);
5) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға 14-тен 18 жасқа дейінгі баланың нотариалды куәландырылған келісімі;
6) өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне кемінде күнтізбелік 180 күн қою туралы жеке және заңды тұлғамен (Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өзінің төлем қабілеттігін растайтын көрсетілетін қызметті алушылар үшін)нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған өтініш;
7) "Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7274 тіркелген) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы (028/у медицинская анықтама);
8) мөлшері 35х45 мм бір фотосурет;
9) мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат.
3), 4), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың жарамдылық мерзімі күнтізбелік 180 күннен аспауы тиіс.
Өзге мемлекеттің азаматтығын, Қазақстан Республикасында орналасқан дипломатиялық өкілдік және консулдық мекеме арқылы ресімдеген және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркеуі бар көрсетілетін қызметті алушы 1), 2), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Ата-анасының бірімен келген жасы он сегізге толмаған көрсетілетін қызметті алушы, егер оның заңды өкілі (ата-анасы, қамқоршысы, жанашыры) Қазақстан Республикасының азаматы немесе шетел азаматы, азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын болып табылған жағдайда 1), 2), 6), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ он алты жасқа толмаған баланың жеке басын куәландыратын баланың туу туралы куәлігі немесе басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін); Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын екінші ата-анасынан нотариалдық расталған өтініш-келісім ұсынады.
Шет тілінде жасалған құжаттар қазақ не орыс тіліне аударылуы тиіс. Бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығын "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариус куәландырады.
Егер өзгеше Қазақстан Республикасы заңнамаларымен немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен көзделмесе, шетел мемлекеті өкілеттерінің қатысуымен немесе сол өкімет тарапынан шыққан құжаттар мен актілер "Қазақстан Республикасы Елшілік жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығының 60-тармағына сәйкес заңдастырылған кезде қаралуға қабылданады.;

9

Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасымен бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз

Мемлекеттік қызмет беруден бас тарту:
1. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабына сәйкес:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
2. "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49 - бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылады, не болмаса бұрын берілген рұқсаттың күші мынадай көрсетілетін қызметті қабылдаушыларға жойылады:
1) заңсыз келгендерге, сондай-ақ жасалған қылмысы үшін, тумасы болып табылатын елдің заңнамасымен қудаланатын азаматтарға;
2) сотталғанға дейін тұрақты тұрғылықты жері Қазақстан Республикасынан тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған;
3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған;
4) этникалық қазақтарды, бұрынғы отандастарды, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіпте және мөлшерде өзінің төлем қабілеттілігін растауды ұсынбаған;
5) Қазақстан Республикасында шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бірнеше рет бұзған;
6) ұлтаралық, конфессияаралық және діни араздықты қоздыртқан;
7) іс-әрекеттері конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталғандар;
8) Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы шыққан, оның аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырғандар;
9) қылмысы үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы барлар;
10) ұлттық қауіпсіздік органдарында олардың экстремизмге немесе террористік іс-әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтер болған кезде;
11) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы қолдаухатпен өтініш жасаған кезде жалған құжаттарды ұсынған не өзі туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған немесе қажетті құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде дәлелді себепсіз ұсынбаған;
12) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты берген сәтке бес жылдың ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберілген;
13) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса;
14) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға рұқсат алған және тұрақты тұруға рұқсат берілген күннен бастап ретімен келетін кез келген он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен аз тұрып жатқандар;
15) Қазақстан Республикасының азаматтарымен некелескен, осы некесі тұруға ықтиярхат алу үшін негіз болған, егер бұл неке заңды күшіне енген сот шешімімен жарамсыз деп танылса;
16) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны, салық салу және еңбек заңнамасы саласындағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған;
17) ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қатер төндіретін;
18) Қазақстан Республикасына келуге қарсы айғақ болып табылатын аурулары бар;
19) егер бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса;
20) егер бұрын "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса.
Этникалық қазақтар және олардың отбасыларына, жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты азаматтығы жоқ тұлғаларға немесе КСРО 1974 жылғы үлгідегі паспорты негізінде, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Тұрмыстағы әйелдердің азаматтығы туралы конвенцияға қосылуы туралы" заңының аясына түсетін әйелдерге қатысты 14) және 16) тармақшалары қолданылмайды

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысандаы және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.mdai.gov.kz интернет ресурсында, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 6 қаңтардағы
№ 6 бұйрыққа
6-қосымша
  Шетелдіктерге және
азаматтығы жоқ адамдарға
Қазақстан Республикасында
уақытша және тұрақты тұруға
рұқсаттар беру қағидаларына
4-қосымша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРАҚТЫ ТҰРУҒА РҰҚСАТ БЕРУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ – САУАЛНАМА _______________________________________________________________________ полиция органының атауы


Фотосуреттің орны (35 x 45 миллиметр)

      Өтініш беруші (өтініш берушілер) туралы мәліметтер

      1. Құқықтық мәртебесі______________________________________________________

      _______________________________________________________________________

                        (азаматтығы жоқ адам, шетелдік)

      Жеке сәйкестендіру нөмірі (егер бар болса)

      _______________________________________________________________________

                  (куәлік нөмірі, берген күні мен орны, берген органның атауы)

      2. Аты,жөні, тегі (болған жағдайда)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (егер атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен болса, бұрынғы атын, әкесінің

      атын (ол болған жағдайда) көрсету қажет, өзгерту себебі мен күнін көрсетсін, жеке

      басын куәландыратын құжатқа сәйкес тегі мен аты орыс және латын алфавиттерінің

      әріптерімен жазылады)

      3. Туған күні, айы, жылы және жері ___________________________________________

      _________________________________________________________________________

      4. Қазіргі уақытта қандай шет мемлекеттің азаматтығы (тиесілігі) бар

      ________________________________________________________________________

      5. Бұрынғы азаматтығы (тиесілігі)

      ________________________________________________________________________

                  (қайда, қашан және қандай негізде алынды, айырылды)

      6. Жынысы ______________________________________________________________

      7. Отбасы жағдайы _______________________________________________________

      (үйленген (тұрмыста), бойдақ (тұрмысқа шықпаған),

      ________________________________________________________________________

      ажырасқан, неке қию (бұзу) туралы куәлік, берілген күні және орны)

      8. Ұлты _________________________________________________________________

                  (қалауы бойынша көрсетіледі)

      9. Жеке басын куәландыратын құжат _______________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      (берген ел, құжаттың түрі, нөмірі, сериясы, берілген күні, жарамдылық мерзімі)

      10. Қазақстан Республикасында нақты тұратын жерінің мекенжайы,

      телефоны_____________________

      11. Отбасы мүшелері:

Өтініш берушіге қатысы

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған жылы және жері

Азаматтығы (тиесілігі)

Тұратын жерінің мекенжайы

Жеке сәйкестендіру нөмірі ол болған жағдайда









      12. Бұрын Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтінішпен

      жүгіндіңіз бе ____________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      егер иә болса, онда қандай органға және қашан, қандай шешім қабылданды

      13. Оқуын қоса алғанда, еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Қабылданған және босатылған күні, айы және жылы

Мекемені, ұйымды көрсете отырып, лауазымы

Оқу, жұмыс орнының мекенжайы

      14. Сіз ауыр және аса ауыр қылмыстық теріс қылық не рецидиві қауіпті деп танылған қылмыстық теріс қылық жасағаныңыз үшін заңды күшіне енген сот үкімімен сотталдыңыз ба, егер сотталсаңыз, қанша рет және қашан

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      15. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін бірге жүгінген отбасы

      мүшелері туралы мәліметтер:

Өтініш берушіге қатысы

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған жылы және жері

Азаматтығы (тиесілігі)

Тұратын жерінің мекенжайы

ЖСН ол болған жағдайда









      Өтінішпен бірге мынадай құжаттар ұсынамын: ___________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабымен көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттан бас тартылатыны не бұрын берілген рұқсаттың күші жойылатыны туралы маған ескертілді.

      Ұсынылған құжаттардың тұпнұсқалығын және жазылған мәліметтердің шынайылығын растаймын.

      20__ жылғы "___" _______________ ________________________

      (өтініш берілген күні) (өтініш берушінің қолы)

      20__ жылғы "___" ________________ _________ өтініш қарауға қабылданды.

      Өтініштің дұрыс толтырылғанын және қажетті құжаттардың бар-жоғын тексердім, өтінішке менің қатысуыммен қол қойылды, өтініш берушінің қолының түпнұсқалығын растаймын _____________________________________________

      _________________________________________________________________________

      арнаулы атағы (егер бар болса), құжатты қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні)

      __________________________________________________________________________ (лауазымды адамның қолы)

      Ескертпе: Өтініш қысқартуларсыз, аббревиатураларсыз, түзетулерсіз және шимайсыз қолмен немесе техникалық құралдарды (жазу машинкалары, компьютерлер) пайдалана отырып толтырылады.

      Сұрақтарға жауап толық. Қолмен орындалған мәтін түсінікті болуы тиіс.

      Өтінішті қабылдаған көші-қон қызметі бөлінісінің мөртабаны қойылады.

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 6 қаңтардағы
№ 6 бұйрыққа
7-қосымша
  Шетелдіктерге және
азаматтығы жоқ адамдарға
Қазақстан Республикасында
уақытша және тұрақты тұруға
рұқсаттар беру қағидаларына
6-қосымша

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Сіздің мемлекеттік қызмет көрсетуге талаптармен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты "Азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атаулары:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3) ….

      Осы қолхат 2 данада жасалды, әрбір тарапқа бір-біреуден.

      Көрсетілетін қызметті беруші тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

      Орындаушы: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)_____________

      Телефоны______________________

      Алдым: көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/ қолы

      20__ жылғы "___"_________

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 6 қаңтардағы
№ 6 бұйрыққа
8-қосымша
  Шетелдіктерге және
азаматтығы жоқ адамдарға
Қазақстан Республикасында
уақытша және тұрақты тұруға
рұқсаттар беру қағидаларына
7-қосымша

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге көзделген талаптардағы тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты "Азаматтығы жоқ шетелдіктерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады:

      Болмаған құжаттардың атауы:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3) ________________________________________.

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      ____________________________________________________________________

      (Көрсетілетін қызметті берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы)

      Орындаушы: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      Телефон _________________________________________________________________

      Алдым: __________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде, қолы)

      20_____ жылғы "_____"_________

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 6 қаңтардағы
№ 6 бұйрыққа
9-қосымша
  Шетелдіктерге және
азаматтығы жоқ адамдарға
Қазақстан Республикасында
уақытша және тұрақты
тұруға рұқсаттар
беру қағидаларына
9-қосымша

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беру/ не рұқсат беруден бас тарту туралы ҚОРЫТЫНДЫ

      _________________________________________________________________________

      қызметкердің лауазымы, арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ____________________________________________________________________,

      ____________________________________________________________________

      өтініш берушінің азаматтығы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ____________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беру туралы өтінішті қарап, БЕЛГІЛЕЙДІ:

      өтініш берушінің толық сауалнамалық деректері, өтініш берушінің уақытша/тұрақты тіркеу орны,

      өтінішпен жүгінуге себеп болған салдар;

      білім, кәсібі, бұрын Қазақстан Республикасының аумағында уақытша/тұрақты тұрған кезеңде айналысқан ісі, тұрғылықты жері, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуы, шығу мерзімдері;

      егер біруақытта Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты өтініш берушімен бірге балалары алса, онда бұл туралы айқындамалық сияқты қаулы ету бөлігінде де көрсетіледі. Егер баланың басқа тегі болған жағдайда, оның тегі көрсетіледі;

      өтініш берушінің жеке басының ерекшеліктері, жүзеге асыруға қаражат көзі, отбасы

      жағдайы, туысқандары туралы қысқаша мәлімет;

      адамды ішкі істер органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың есептері бойынша тексеру нәтижелері, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәлімет;

      балалары және толық айқындамалық деректер туралы мәлімет;

      өтініш берушінің мінездемесі көрсетіледі.

ҚАУЛЫ ЕТІЛДІ:

      1. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беру туралы оң немесе теріс шешім қабылдауға дәлелді негіздеме жазылады.

      2. Қабылданған шешім туралы хабарлама жолданатын ішкі істер органының атауы көрсетіледі.

      3. Есепке алуға өзгерістерді қамтамасыз ететін бөлініс көрсетіледі.

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      Қызметкердің лауазымы, арнаулы атағы, (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      "КЕЛІСЕМІН"

      Көші-қон қызметі бөлінісінің басшысы не орынбасары

      ____________________________________________________________________

      арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      (қолы) 20__ ж. "__" ____________

      Ескертпе: Егер шешім қабылдау құқығы берілген орынбасары бекітсе, оның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және арнаулы атағы көрсетіледі.

      Егер біруақытта рұқсатты өтініш берушімен оның кәмелетке толмаған балалары алса, онда бұл туралы айқындамалық және белгілеу бөлігінде көрсетіледі.

      Егер баланың басқа тегі болған жағдайда, оның тегі көрсетіледі. Қазақстан Республикасында тұрақты тұрауға арналған рұсат беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нақты бабына (бөлік, тармақ) сілтеме міндетті.

      Қол қою құқығы берілген орынбасар шешімге қол қойған жағдайда оның лауазымы,

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және арнаулы атағы көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 6 қаңтардағы
№ 6 бұйрыққа
10-қосымша
  Шетелдіктерге және
азаматтығы жоқ адамдарға
Қазақстан Республикасында
уақытша және тұрақты
тұруға рұқсаттар
беру қағидаларына
10-қосымша
  ____________________________
____________________________
____________________________
(бөлініс атауы)

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру/ рұқсат беруден бас тарту туралы хабарлама

      _________________________________________________________________________

      шешімді қабылдаған орган, қабылдаған күні және нөмірін көрсету

      _________________________________________________________________ шешіммен

      __________________________________________________________________________

      заңның тармағын, бөлігін, бабын көрсету

      негізінде сізге Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берілгенін/рұқсат

      беруден бас тартылғанын хабарлаймыз.

      (керегін сызу)

      Тұрақты тұруға ықтиярхат ресімдеу үшін сізге

      __________________________________________________________________________

      Полиция департаменті, қалалық, аудандық басқарма, полиция бөлімінің мекенжайы,

      қабылдау күндері және қабылдау сағаттары, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған кезде)

      ____________________________________________________________________

      ______________________________________________________________ жүгіну қажет.

      Полция департаменіт, қалалық, аудандық басқарама, полиция бөлімі көші-қон қызметі

      бөлінісінің (бөлімі, бөлімшесі) бастығы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (арнаулы атағы, тегі, аты-жөні) (қолы)

      20__ жылғы "__"____________ мөр орны