Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін көрсету қағидалары;
4) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына (арнайы топтарға/сыныптарға) қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
| Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығына 1-қосымша |
"Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі – Қағида)
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және оны ұсыну тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.11.2022 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне және (немесе) www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді.
Көрсетілетін қызмет процесінің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі енгізілген мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері ескерілген басқа мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет негізгі талаптарының тізбесінде берілген.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.11.2022 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүгінген кезде тіркеуші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Балаларды консультацияға алдын ала жазу журналына психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру күнін тағайындайды және көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттар пакетін психологиялық-медициналық-педагогикалық тексерудің белгіленген күні ұсынады.
Телефон арқылы және (немесе) көрсетілетін қызметті алушы тікелей жүгінген кезде алдын ала жазылу көзделген.
6. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы "Отбасы" бөлімінде электрондық мемлекеттік қызметті таңдауды, электрондық сұрау салу жолдарын толтыруды және құжаттар топтамасын бекітуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын өңдеуді (тексеруді, тіркеуді) жүзеге асырады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының Порталдағы "жеке кабинетіне" электрондық сұрау салудың мәртебесі және психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру күні туралы хабарлама жібереді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Мемлекеттік қызметті алу үшін кезекте күту уақыты отыз күнтізбелік күнге дейін құрайды.
Көрсетілетін қызметті алушылардан цифрлық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.7-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушінің бастамасымен мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірі Порталда тіркелген жағдайда проактивті тәсілмен көрсетілуі мүмкін және оған мыналар кіреді:
1) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраным жасалған автоматты хабарлама жіберу;
2) көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтерді алу.
Көрсетілетін қызметті алушыдан жауапты күту мерзімі сұрау салуды алған сәттен бастап жиырма төрт сағатты құрайды.
Қабылдауға көрсетілетін қызметті алушы eGov Mobile қосымшасындағы Bilim сервисі арқылы жазылады. Сәтті жазылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қабылдаудан бір күн бұрын және қабылдау күні еске салумен күні расталған смс-хабарлама жіберіледі.
Ескерту. Қағида 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.11.2022 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) бұйрықтарымен.8. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттардың толық емес тізбесін және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жібереді.
9. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде тіркеуші көрсетілетін қызметті алушы келген кезде белгіленген күні көрсетілетін қызметті алушының деректерін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ПМПК-да Балаларды тексеруді есепке алу журналына енгізеді, құжаттар топтамасын мамандарға береді.
10. Құжаттар топтамасын алғаннан кейін мамандар ата-анасының (заңды өкілдерінің) қатысуымен баланы психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеруді және қызмет берушінің мамандарымен кеңес беруді жүргізеді.
11. Психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеруден кейін көрсетілетін қызметті берушінің мамандары ұсынылатын білім беру, медициналық және әлеуметтік қызметтер, білім беру бағдарламасының түрі көрсетілген жазбаша қорытынды әзірлейді, мәліметтер "Ұлттық білім беру дерекқоры" цифрлық жүйесіндегі ПМПК модуліне енгізіледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Жазбаша қорытындыға көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға тексерілген күні беріледі және/немесе көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі жұмыс күні ішінде электрондық құжат нысанында жібереді.
13. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.";
"Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкімет" операторына және көрсетілетін қызметті берушілерге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) бұйрығымен.3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарына көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің және (немесе) оның мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
14. Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға берілуі мүмкін.
Әкімшілік орган, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік актіні қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекетті жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.11.2022 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
| "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық- медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына 1-қосымша |
Балаларды консультацияға алдын ала жазу журналы
Тексеру күні |
Тексеру уақыты |
Баланың ТАӘ (ол болған жағдайда) |
Баланың |
Жасы |
ПМПК-ға келу себептері |
| "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық- медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 2-қосымша |
"Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) бұйрығымен.
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | Жоқ |
3. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлері (бар болса) көрсету тәсілдері |
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Мемлекеттік қызметті алу үшін кезекте күту уақыты отыз күнтізбелік күнге дейін құрайды. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру күні жүгінген күні белгіленеді. |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) Қағаз түрінде/проактивті түрде |
6. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4 және 6-қосымшаларға сәйкес қорытынды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
7. | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері | Тегін. |
8. | Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбі – жұма аралығында көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. |
9. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүгінген кезде: |
10. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайда; |
11. | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы, сонымен қатар Порталда тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы проактивті түрде алу мүмкіндігіне ие. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414. |
| "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық- медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына 3-қосымша |
_____________________________________________
Білім беру ұйымының атауы
Құжаттарды қабылдау туралы хабарлама
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 28.02.2025 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Құрметті ______________________ Сіздің құжаттарыңыз қабылданды.
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Сізге 20__жылғы "___"__________ тексеруден өту қажеттігін еске саламыз.
Тексеру түрі: _______________________
бастапқы/қайталама
Өткізу орны: ____________________________________________
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация атауы
Ұйым мекенжайы: _______________________
Телефон: _________________
Құжаттарды қабылдаған күн: ___________________________
Құжатты қабылдаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________.
| "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық- медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
| ___________________________ (Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ____________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
Құжатты қабылдаудан бас тарту туралы ХАБАРЛАМА
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер туралы" ҚазақстанРеспубликасы Заңының 20-бабының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып,
____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті беруші ұйымының атауы)
"Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру
және оларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетудің негізі талаптар тізбесіне сәйкес
_____________________________________________________________________
(бас тарту себебі)
байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін құжаттар қабылдаудан бас тартады.
Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ___________
Телефон: ___________________________
Күні: ______________________________
| "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық- медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына 5-қосымша |
ПМПК-да балаларды тексеруді есепке алу журналы
№ |
Баланың ТАӘ (ол болған жағдайда) |
Туылған күні |
Тексерілген күні |
Бастапкы |
Мекенжайы |
ПМПК қорытындысы |
Ұсынымдар |
| "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық- медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына 6-қосымша |
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 28.02.2025 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
________________________________________
мекенжайы
Телефон _________________________
__________________________________берілді
баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Ол "____" ____________ 20___ жылы тексеруден өтті.
1. Қорытынды _______________________________________
2. Білім беру бағдарламасы және ерекше білім беру қажеттіліктері бойынша
ұсынымдар: ______________________________________
_____________________________
Қорытынды ___________________ дейін жарамды
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация басшысы
_____________
Мамандар ____________________
____________________.
| Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығына 2-қосымша |
"Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және оны ұсыну тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:
1) проактивті қызмет-көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін мемлекеттік қызмет.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.11.2022 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, аутизмі (аутистік спектр бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталықтары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 28.02.2025 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне және (немесе) www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді.
Қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде келтірілген.
Құжаттарды тікелей көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды және тіркейді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді.
Телефон арқылы және/немесе көрсетілетін қызметті алушы тікелей жүгінген кезде алдын ала жазылу көзделген.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.11.2022 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) бұйрықтарымен.5. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы "Отбасы" бөлімінде электрондық мемлекеттік қызметті таңдауды, электрондық сұрау салу жолдарын толтыруды және құжаттар топтамасын бекітуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын өңдеуді (тексеруді, тіркеуді) жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушының Порталдағы "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы хабарламаны жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушылардан цифрлық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.6. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттардың толық емес тізбесін және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.
7. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарайды. Басшы құжаттарды қарағаннан кейін баланы психологиялық-педагогикалық қолдау мен оңалтуды ұйымдастыру үшін мамандарға береді.
8. Көрсетілетін қызметті беруші психологиялық-педагогикалық қолдау және оңалту курсын жүргізеді. Психологиялық-педагогикалық қолдау және оңалту курсы 90 күннен 365 күнге дейінгі аралықты құрайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 28.02.2025 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Курс аяқталғаннан кейін оңалту орталықтарында, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мамандардың командалық бағалауы негізінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау және оңалту курсының нәтижелері туралы қорытындымен анықтама, аутизмі (аутистік спектр бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталықтарында осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптасқан дағдыларды бекіту және үйде жаңа дағдыларды қалыптастыру үшін ата-аналарға (заңды өкілдерге) ұсыныстары бар анықтама беріледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 28.02.2025 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Психологиялық-педагогикалық қолдау және оңалту курсының нәтижелері туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтамаға, қалыптасқан дағдыларды бекіту және үйде жаңа дағдыларды қалыптастыру үшін осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) берілетін ұсыныстары бар анықтамаға көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға психологиялық-педагогикалық қолдау және оңалту курсы аяқталған күні беріледі және/немесе көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" екі жұмыс күні ішінде электрондық құжат нысанында жібереді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 28.02.2025 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.";
Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкімет" операторына және көрсетілетін қызметті берушілерге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) бұйрығымен.11-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушінің бастамасымен мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірі Порталда тіркелген жағдайда проактивті тәсілмен көрсетілуі мүмкін және оған мыналар кіреді:
1) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраным жасалған автоматты хабарлама жіберу;
2) көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтерді алу.
Көрсетілетін қызметті алушыдан жауапты күту мерзімі сұрау салуды алған сәттен бастап жиырма төрт сағатты құрайды.
Ескерту. Қағида 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.11.2022 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) бұйрықтарымен.3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарына көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің және (немесе) оның мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға берілуі мүмкін.
Әкімшілік орган, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік актіні қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекетті жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.11.2022 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
| "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1-қосымша |
"Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) бұйрығымен.
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтары, аутизмі (аутистік спектр бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталықтары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | Жоқ |
3. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлері (бар болса) көрсету тәсілдері |
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) қызмет көрсету мерзімі – 90 күнтізбелік күннен 365 күнтізбелік күнге дейін; |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) Қағаз түрінде/проактивті түрде |
6. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары – "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама; |
7. | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері | Тегін. |
8. | Жұмыс кестесі | Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады. Өтініш қабылдау және нәтижесін беру сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін жүзеге асырылады. Портал/Порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының заңының 5-бабына сәйкес өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
9. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүгінген кезде: |
10. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайда; |
11. | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы, сонымен қатар Порталда тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы проактивті түрде алу мүмкіндігіне ие. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414. |
| "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына 2-қосымша |
__________________________________
Білім беру ұйымының атауы
Құжаттарды қабылдау туралы хабарлама
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 28.02.2025 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Құрметті _____________________ Сіздің құжаттарыңыз қабылданды.
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Сізге психологиялық-педагогикалық қолдау курсын алу үшін балаңызбен
мына мекенжай бойынша келу қажеттілігі туралы еске саламыз:
_________________________________
ұйымның мекенжайы
Телефон: ____________________
Күні: ____________________
Құжатты қабылдаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_________________ .
Құжатты қабылдаудан бас тарту туралы ХАБАРЛАМА
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармақшасын басшылыққа ала отырып,
____________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті беруші ұйымның атауы)
____________________________________________________________________________
(бас тарту себебі)
байланысты "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және
әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету үшін құжаттар қабылдаудан бас тартады.
Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ____________
Телефон: _________________________________
Күні: ____________________________________
| "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына 4-қосымша |
|
| Нысан |
АНЫҚТАМА
20 __ ж. "__" _____ туылған __________________________________________,
(баланың Т.А.Ә.(болған жағдайда)
___________________________________________________________________
(ОО, ППТК атауы)
"__" ____ 20 __ жылдан бастап "__" ______ 20 __ жылға дейін шын мәнінде қатысқаны
туралы беріледі.
__________________________.
(қызметті көрсету күні)
Қорытынды _________________________________________
Білім беру ұйымы басшысының Т.А.Ә. (болған жағдайда)
М.О.
| "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына 4–1-қосымша |
АНЫҚТАМА
Ескерту. Қағида 4-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 28.02.2025 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20 __ жылы "__" _____ туған ___________________________________,
(баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________
(аутизм орталығының атауы)
20 __ жылғы "__" __________ бастап 20 __ жылғы "__" ___________ дейін
келгені туралы берілді.
Қалыптасқан дағдыларды бекіту және үйде жаңа дағдыларды қалыптастыру
үшін ұсыныстар
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________.
______________________________________
Білім беру ұйымы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
мөр орны
| Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығына 3-қосымша |
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі – Қағида)
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және оны ұсыну тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:
1) проактивті қызмет-көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін мемлекеттік қызмет.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.11.2022 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне және (немесе) www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді.
Қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер "Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес келтірілген.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы құжаттар топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді (еркін нысанда).
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.11.2022 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) бұйрықтарымен.5. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы "Білім беру" бөлімінде электрондық мемлекеттік қызметті таңдауды, электрондық сұрау салу жолдарын толтыруды және құжаттар топтамасын бекітуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын өңдеуді (тексеруді, тіркеуді) жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушының Порталдағы "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы хабарламаны немесе осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтінішті одан әрі қараудан бас туралы дәлелді жауап жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушылардан цифрлық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.6. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оқыту сыныбын, тілін анықтау үшін қарайды. Басшы құжаттарды қарағаннан кейін баланы үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін мамандарға береді.
7. Көрсетілетін қызметті беруші үйде жеке тегін оқуға қабылдау туралы бұйрықты қалыптастырады.
7-1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушінің бастамасымен мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірі Порталда тіркелген жағдайда проактивті тәсілмен көрсетілуі мүмкін және оған мыналар кіреді:
1) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраным жасалған автоматты хабарлама жіберу;
2) көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтерді алу.
Көрсетілетін қызметті алушыдан жауапты күту мерзімі сұрау салуды алған сәттен бастап жиырма төрт сағатты құрайды.
Ескерту. Қағида 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.11.2022 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) бұйрықтарымен.8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.";
Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкімет" операторына және көрсетілетін қызметті берушілерге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) бұйрығымен.3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарына көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің және (немесе) оның мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
9. Көрсетілетін қызметті алушының орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тікелей көрсететін мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау мерзімін ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) шағымды қарау мерзімін ұзарту себептерін көрсетіп ұзарту туралы хабарлайды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға берілуі мүмкін.
Әкімшілік орган, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік актіні қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекетті жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.11.2022 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) бұйрығымен.
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы | Жоқ |
3. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлері (бар болса) көрсету тәсілдері |
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Қызмет көрсету мерзімі – 2 (екі) жұмыс күні; |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) Қағаз түрінде/проактивті түрде |
6. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: |
7. | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері | Тегін. |
8. | Жұмыс кестесі | Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Өтініш қабылдау және нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін атқарылады. Портал/Порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының заңының 5-бабына сәйкес өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
9. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүгінген кезде: |
10. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайда; |
11. | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы, сонымен қатар Порталда тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы проактивті түрде алу мүмкіндігіне ие. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414. |
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
немесе ұйымның атауы
көрсетілетін қызметті алушы) ________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
___________________________________________________________________________ [МО атауы]
Бас тарту туралы ХАБАРЛАМА
Құрметті: [Оқушының аты-жөні]
[Білім беру ұйымының атауы], [сынып, оқу тілі] оқуға қабылдау үшін құжаттар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ.
Себебі_______________________________________________________________
Түсіндіру үшін қабылдау коммисиясына [білім беру ұйымының атауы] хабарласуларыңызды сұраймыз
Мекенжай____________________
________________________________________________________________________ [МО атауы]
Құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау туралы хабарлама
[білім беру ұйымының атауы]
Құрметті: [Оқушының аты-жөні]
Құжаттар [білім беру ұйымының атауы] қабылданды. Сіз [күні] № [бұйрық нөмірі] бұйрығына сәйкес [сынып, әдебиет, оқу тілі] қабылдандыңыз.
Сізден [мектеп атауы] баруыңызды сұраймыз_____________________
Мекенжай____________________
| Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығына 4-қосымша |
"Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына (арнайы топтар/сыныптар) қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетудің қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.11.2022 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-Тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына (арнайы топтар/сыныптар) қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және оны ұсыну тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет.
3. "Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына (арнайы топтар/сыныптар) қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) арнайы білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-Тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы және (немесе) www.egov.kz "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі – Портал) жүгінеді.
Көрсетілетін қызмет процесінің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі енгізілген мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері ескерілген басқа мәліметтер осы Қағидалардағы 1-қосымшаға сәйкес "Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына (арнайы топтар/сыныптар) қабылдау" жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет негізгі талаптарының тізбесінде берілген.
Құжаттар топтамасын көрсетілген қызметті беруші кеңсесі арқылы көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат (еркін нысанда) береді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес тізбесін және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды осы Қағидалардағы 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) бұйрығымен.5. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы "Білім беру" бөлімінде электрондық мемлекеттік қызметті таңдауды, электрондық сұрау салу жолдарын толтыруды және құжаттар топтамасын бекітуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті беруші үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын өңдеуді (тексеруді, тіркеуді) жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушының Порталдағы "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы хабарламаны жібереді не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.
Көрсетілетін қызметті алушылардан цифрлық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.6. Оқу жылы басталғаннан кейін арнайы білім беру ұйымына (арнайы топтар/сыныптар) қабылдау үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы негіз болып табылады.
7. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оқыту сыныбын, тілін анықтау үшін қарайды. Басшы құжаттарды қарағаннан кейін баланы оқытуды ұйымдастыру үшін мамандарға береді.
8. Көрсетілетін қызметті беруші арнайы білім беру ұйымына (арнайы топтар/сыныптар) қабылдау туралы бұйрықты қалыптастырады.
9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.";
Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкімет" операторына және көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) бұйрығымен.10. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушінің бастамасымен мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірі Порталда тіркелген жағдайда проактивті тәсілмен көрсетілуі мүмкін және оған мыналар кіреді:
1) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраным жасалған автоматты хабарлама жіберу;
2) көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтерді алу.
Көрсетілетін қызметті алушыдан жауапты күту мерзімі сұрау салуды алған сәттен бастап жиырма төрт сағатты құрайды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) бұйрығымен.3-Тарау. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарына көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің және (немесе) оның мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
"Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына (арнайы топтарға/сыныптарға) қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 26.06.2026 № 180-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) бұйрығымен.
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Арнайы білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы |
1. Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау. |
3. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлері (бар болса) көрсету тәсілдері |
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған) Қағаз түрінде/проактивті түрде |
6. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: |
7. | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері | Тегін. |
8. | Жұмыс кестесі | Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Өтініш қабылдау және нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін. Портал/Порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы заңының 5-бабына сәйкес өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
9. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүгінген кезде: |
10. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайда; |
11. | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы, сонымен қатар Порталда тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы проактивті түрде алу мүмкіндігіне ие. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414. |
________________________________________________________________ [МО атауы]
Бас тарту туралы ХАБАРЛАМА
Құрметті: [Оқушының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)]
[Білім беру ұйымының атауы], [сынып, оқу тілі] оқуға қабылдау үшін
құжаттар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ.
Себебі ____________________________________________________________
Түсіндіру үшін қабылдау коммисиясына [білім беру ұйымының атауы] хабарласуларыңызды сұраймыз
Мекенжай ____________________
_____________________________________________ [МО атауы]
Құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау туралы хабарлама
[білім беру ұйымының атауы]
Құрметті: [Оқушының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)]
Құжаттар [білім беру ұйымының атауы] қабылданды. Сіз [күні] № [бұйрық нөмірі] бұйрығына сәйкес [сынып, әдебиет, оқу тілі] қабылдандыңыз.
Сізден [мектеп атауы] баруыңызды сұраймыз_____________________
Мекенжай____________________
| Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығына 5-қосымша |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші жойылатын кейбір бұйрықтарының тізімі
1. "Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11047 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 мамырда жарияланған).
2. "Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 462 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 125325 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2018 жылғы 25 қазанда жарияланған).
3."Кемтар балаларға арнаулы түзеу ұйымдары мен басқа да ұйымдарға медициналық, арнаулы білім және арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуы үшін жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 120 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 113285 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2017 жылғы 17 шілдеде жарияланған).