Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымдарына және банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әре

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 61 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қыркүйекте № 29734 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымдарына және банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2022 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 61 қаулысына
қосымша

Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымдарына және банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге қойылатын талаптар

      1. Осы Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымдарына және банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 36-1-бабы 4-тармағының төртінші бөлігіне және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Микроқаржылық қызмет туралы заң) 9-1-бабы 5-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес әзірленді және бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымдарына және банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге қойылатын талаптарды айқындайды.

      2. Талаптарда Банктер туралы заңда және "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Коллекторлық қызмет туралы заң) көзделген ұғымдар пайдаланылады.

      3. Банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру үшін банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты (бұдан әрі – сенімгерлік басқару шарты) негізінде бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы (бұдан әрі – еншілес ұйым) банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компания ретінде әрекет ететін еншілес ұйым мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) еншілес ұйымның бас ұйымының меншікті капиталының мөлшері кемінде 10 000 000 000 (он миллиард) теңгені құрайды;

      2) банкке немесе банк холдингіне банктің еншілес ұйым құруына рұқсат беру сәтінен бастап үш жыл ішінде қызметін жүзеге асыруы;

      3) еншілес ұйым сервистік компаниялар тізіліміне енгізілген күнге қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) қолданған орындалмаған және (немесе) қолданыстағы қадағалап ден қою шараларының және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 227-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалардың болмауы;

      4) еншілес ұйымның бірінші басшысында алынбаған және өтелмеген соттылығының болмауы.

      4. Сенімгерлік басқару шарты негізінде банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру үшін банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компания ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттік мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының мөлшері кемінде 300 000 000 (үш жүз миллион) теңге құрайды;

      2) коллекторлық агенттік қызметін коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізілген сәттен бастап үш жыл ішінде жүзеге асыруы;

      3) коллекторлық агенттік сервистік компаниялар тізіліміне енгізілген күнге уәкілетті орган қолданған орындалмаған және (немесе) қолданыстағы шектеулі ықпал ету шараларының және сервистік компаниялар тізіліміне енгізілген күнге дейін соңғы он екі ай ішінде қолданылған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 211-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалардың болмауы;

      4) коллекторлық агенттіктің бірінші басшысында алынбаған және өтелмеген соттылығының болмауы;

      5) борышкердің тұрғылықты жері бойынша не орналасқан жері бойынша не тіркелген жері бойынша не борышкердің тұрғылықты жерінде не орналасқан жерінде немесе тіркелген жерінде елді мекен орналасқан облыстардың әкімшілік орталықтарында банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқару шарты негізінде коллекторлық агенттікке берілген филиалдардың немесе өкілдіктердің болуы;

      6) Банктер туралы заңның 36-1-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде не Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардан коллекторлық агенттіктің сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) жөніндегі мәліметтерді (деректерді) алуын, сондай-ақ коллекторлық агенттік сенімгерлік басқаруға алған банктік қарыз шарттары бойынша құқықтар (талаптар) туралы және (немесе) микрокредит беру туралы мәліметтерді (деректерді) коллекторлық агенттік өзге тұлғалардан сатып алған және (немесе) нысанасы берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу бойынша, сондай-ақ Коллекторлық қызмет туралы заңға сәйкес берешекке байланысты ақпарат жинау бойынша кредиторға қызметтер көрсету болып табылатын шарттар шеңберінде алынған құқықтар (талаптар) жөніндегі мәліметтерден (деректерден) жеке көрсетуді қамтамасыз ететін бағдарламалық қамтылымның болуы.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.12.2022 № 115 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) қаулысымен.