"Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 542 бұйрығына өзгеріс

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 223 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 маусымда № 28560 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары − Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 542 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18158 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
С. Брекешев

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 20 маусымдағы
№ 223 Бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
Министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 542 бұйрығына
2-қосымша

Балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт (кәсіпшілік немесе әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу кезінде)

_________________ (елді мекен)

20 ___ жылғы
"___" ___________

___________________ облысы (ауданы) әкімдігінің балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы 20 ___ жылғы "____"_____________№____шешімі (қаулысы)

      негізінде_________________________________________________________________

                  (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды)

      жүргізу мақсатында Ереже негізінде әрекет ететін, бұдан әрі "Уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелері" деп аталатын, __________ бір тараптан және

      __________________________________________________________________________

      (уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелері)

      __________________________________________________________________________

      __________________

      негізінде әрекет ететін, бұдан әрі "Пайдаланушы" деп аталатын

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты,

      әкесінің аты (бар болса), тегі, мекенжайы) атынан

      __________________________________________________________________________

      (пайдаланушы өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы)

      __________________________________________________________________________

      екінші тараптан төмендегілер туралы осы шартты жасасты.

1-тарау. Шарттың нысаны

      1. "Уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелері" осы шартқа қоса беріліп отырған балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің паспортында алаңы, мөлшері және басқа параметрлері көрсетілген, ________________ облысы _________________________ ауданында орналасқан "Пайдаланушыға" ___________________________________жүргізу мақсатында

      (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды)

      бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдын (дар) ында және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығын жүргізу құқығын береді.

      2. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі және/немесе олардың нөмірлері __________________________________

2-тарау. Тараптардың құқықтары

      3. "Пайдаланушы" "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:

      1) жануарлар дүниесiнiң өздерiне рұқсат етiлген түрлерiн ғана пайдалануды жүзеге асыруға;

      2) ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның ішінде балық аулау олжаларын және бұл ретте алынған өнiмдi меншiктенуге, сондай-ақ оларды тасымалдауға және сатуға құқығы бар.

      4. "Уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелері" Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген құзіреті шегінде осы шартты біржақты тәртіппен мынадай жағдайларда:

      1) осы шарттың талаптары жүйелі түрде бұзылғанда (жылына үш немесе одан да көп рет);

      2) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары жүйелі түрде бұзылғанда (жылына үш немесе одан да көп рет);

      3) "Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10890 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша Балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарына сәйкес міндеттемелер орындалмағанда немесе толық орындалмағанда бұзады.

3-тарау. Тараптардың міндеттері

      5. "Пайдаланушы" "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:

      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны уақтылы енгізуге;

      3) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;

      4) жануарлар дүниесiн халық пен қоршаған ортаға қауiпсiз, табиғи үйiрлер тұтастығының бұзылуына және жануарларға қатыгез қарауға жол бермейтiн тәсiлдермен пайдалануға;

      5) мыналарды:

      бақылау үшін аулауды жүзеге асыру үшін – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – Инспекция);

      ғылыми-зерттеу үшін аулауды жүзеге асыру үшін – жеке және заңды тұлғаларға;

      әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін – жеке тұлғаларға сервитут беруге;

      6) биологиялық негіздеменің негізінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде балық шаруашылығы мелиорациясын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіптік запасының деректерін жыл сайын түзетуді жүргізуге;

      7) әрбір балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде, кемеде (балық аулайтын және көліктік), қабылдау пунктінде, бригадада немесе звенода "Аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекаралары аншлагтарының үлгілерін, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/96 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7573 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша (бұдан әрі –Үлгілер) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналын (кәсіпшілік журналын) жүргізуге және оны Инспекцияның лауазымды адамдарының талап етуі бойынша ұсынуға;

      8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 185 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6196 болып тіркелген) бекітілген Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну ережесімен белгіленген тәртіппен және мерзімде Инспекцияға ауланған балық ресурстары және басқа да су жануарлары, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай және берілген жолқұжаттар туралы мәліметтерді ұсынуға;

      9) жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупі төнгендерiн қорғауды және олардың өсімін молайтуды қамтамасыз ету және олардың санының азаюына жол бермеуге;

      10) балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өсiмiн молайтуды қамтамасыз ететiн қажеттi iс-шараларды жүргiзуге;

      11) үлгілер бойынша қыстау шұңқырларының, уылдырық шашатын жерлердің шекараларын, балық аулауға тыйым салынған балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерінің және жерлердің шекараларын белгілейтін аншлагтарды орнатуға;

      12) қорықшылық қызметiн құруға және оның күзет қызметін ұйымдастыруға;

      13) қорықшыларды көлік, байланыс құралдарымен, айырым белгілері бар арнайы киіммен, қорықшының төсбелгісімен, қорықшының куәлігімен қамтамасыз етуге;

      14) "Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9203 болып тіркелген) бекітілген нысандар бойынша және тәртіппен Инспекцияға мәліметтер ұсынуға;

      15) жеке тұлғаларға олардың ауызша және/немесе жазбаша өтініштері бойынша әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беруге;

      16) кәсіпшілік күш-жүгер нормативтерін сақтауға;

      17) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 341 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15739 болып тіркелген) бекітілген Шаруашылық қызметі нәтижесінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеуге;

      18) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау мақсатында тексерулерді жүзеге асыруға кедергі келтірмеуге;

      19) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асырғанда Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық рұқсат алуға;

      20) балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде және балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігінің қозғалысын келісуге;

      21) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға міндетті;

      22) Қазақстан Республикасы заннамасында санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес су объектілерінің жағауларын немесе олардың бөліктерін олар пайдаланатын жерлерде күтіп ұстауға міндетті.

      6. "Жергілікті атқарушы орган (Әкімдік)" Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде:

      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 болып тіркелген) бекітілген Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру қағидаларында белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда, "Пайдаланушыға" жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беруге міндетті.

4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      7. "Пайдаланушы" осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін ешкімге толығымен де, ішінара да бермеуі тиіс.

      8. Бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру "Пайдаланушының" өз қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

      9. Осы шарттың шеңберінде "Пайдаланушының" құқықтары бұзылған жағдайда Инспекция немесе "Жергілікті атқарушы орган (Әкімдік)" "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауапты болады.

5-тарау. Бой бермейтін күштің мән-жайлары

      10. Егер Шарттың қандай да бір міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау бой бермейтін күштің мән-жайларынан туындаса, Тараптардың ешқайсысы оларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болмайды.

      11. Бой бермейтін күштің мән-жайлары деп Тараптардың бақылауына көнбейтін, олардың қателігімен немесе салақтығымен байланысты емес және тосын сипатқа ие осы Шартты орындауға кедергі келтіретін оқиға танылады.

      12. Бой бермейтін күштің мән-жайлары туындаған жағдайда, Пайдаланушы бұл жайында почтамен немесе факсимильді байланыспен бой бермейтін күштің мән-жайлары басталған уақытты және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарлама тапсыру және (немесе) жөнелту арқылы "Жергілікті атқарушы органды (Әкімдікті)" және Инспекцияны дереу хабардар етеді.

      13. Бой бермейтін күштің мән-жайлары туындаған кезде, Тараптар орын алып отырған жағдайдан шығудың амалын іздестіру үшін Инспекция өкілдерінің қатысуымен дереу кеңес өткізеді және бой бермейтін күш мән-жайларының зардаптарын барынша азайту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін барлық құралдарды пайдаланады.

      14. Осы тарауда көрсетілген бой бермейтін күштің мән-жайларын құзыретті мемлекеттік органдар мен ұйымдар растаған болса, олар заңды болып танылады.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      15. Осы Шарт қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi және____ жыл мерзiмге жасалған.

      16. Осы Шарттың қолданылуы мынадай:

      1) балық шаруашылығын жүргізуден ерікті түрде бас тартқан;

      2) осы шарттың қолданылу мерзімі аяқталған;

      3) "Пайдаланушының" қызметі тоқтатылған;

      4) балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi бекiтiлiп берiлген жер учаскелерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекет мұқтажына алып қойылған жағдайларда тоқтатылады.

      "Пайдаланушы" қызметі тоқтатылған жағдайда күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелерін пошта арқылы жазбаша хабарлама жіберу арқылы қызметінің тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.

      17. Балық шаруашылығын жүргізу бойынша дауларды шешу кезінде Тараптар осы Шарттың талаптарын және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

      18. "Пайдаланушыға" бекітіліп берілген осы шартқа қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің паспорты осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      19. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалса және оған екі тараптың уәкілетті өкілдері қол қойса заңды күшке ие болады және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

      20. Тараптар осы Шарттан туындаған дауларды келіссөздер арқылы шешуге тырысады, ал егер Тараптар келісімге келе алмаса, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен шешіледі.

      21. Осы Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей заңды күші бар ___ данада жасалды.

7-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, деректемелері және қолтаңбалары

"Уәкілетті органның
ведомствосының
аумақтық бөлімшелері"
_______________________
(атауы)
_______________________
(почталық мекенжайы)
_______________________
(банктік деректемелері)
_______________________
(лауазымы, аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі)
_______________________
(қолы, мөрі (бар болса)


"Пайдаланушы"
___________________________
(атауы)
___________________________
(почталық мекенжайы)
___________________________
(банктік деректемелері)
___________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі
___________________________
(қол, мөр орны (жеке
кәсіпкерлік субъектісі болып
табылатын адамдарды
қоспағанда)