"Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар ж

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2022 жылғы 26 мамырдағы № 11-1-4/243 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 мамырда № 28237 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1265 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13039 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 282-бабының 7-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхатты беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхатты беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 282-бабының 7-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заң) 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхатты беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза беру "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";

      6-тармақта:

      1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар электронды көшірмесі (сұратылатын визаның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін үш айдан кем емес паспорттың немесе оны алмастыратын құжаттың қолданыс мерзімімен)";

      4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) өтініш берушінің инвестициялық жобаға инвестиция салу фактісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (инвестордың нақты шығындарын растайтын құжаттар: "бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресімделген бастапқы есепке алу құжаттары; "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ресімделген шот-фактуралар; "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы "Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ресімделген кедендік декларациялар)";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәтте тіркеледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.​

      Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдейді.".

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай шарттардың бірі болған кезде өтініш беру туралы шешім қабылдайды:

      1) өтініш берушінің "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1050 қаулысына сәйкес өңдеуші өнеркәсіптің басым салалары шеңберінде жобаларды іске асыруы;

      2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіне мүшелігі;

      3) өтініш берушіде Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған инвестициялық келісімшарттың болуы;

      4) өтініш берушіде мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өтініш берушінің инвестициялық жобаны Қазақстан Республикасының аумағында іске асырғанын растайтын ұсынымдарының болуы.

      Осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген шарттардың бірі болған кезде өтінішхат 5 (бес) жыл мерзімге беріледі. Егер өтініш беруші паспортының (немесе оны алмастыратын құжат) қалған қолданылу мерзімі 5 (бес) жылдан аз болса, өтінішхат өтініш беруші паспортының (немесе оны алмастыратын құжат) қалған қолданылу мерзіміне беріледі.

      Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген шарттар болған кезде өтінішхат 3 (үш) жыл мерзімге беріледі. Егер өтініш беруші паспортының (немесе оны алмастыратын құжат) қалған қолданылу мерзімі 3 (үш) жылдан аз болса, өтінішхат өтініш беруші паспортының (немесе оны алмастыратын құжат) қалған қолданылу мерзіміне беріледі.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға қолдаухат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала шешім туралы, Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабардар етеді көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші қолдаухат беру туралы шешім қабылдайды не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жібереді.".

      3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған Әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын іс-әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      15. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      16. Егер Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.".

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхат беру қағидаларына 2-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің м.а.
А. Рахметуллин

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіщдік комитеті

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің м.а.
2022 жылғы 26 мамырдағы
№ 11-1-4/243
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасының
бейрезиденттері болып
табылатын және
Қазақстан Республикасының
аумағында инвестициялық
қызметті жүзеге асыратын
тұлғалар үшін инвесторлық
виза алуға өтінішхатты
беру қағидаларына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекіту туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті.

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі– Портал).

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету уақыты

Құжаттар топтамасы Порталға берілген сәттен бастап - 3 (үш) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету түрі

Электронды (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инвесторлық виза алуға өтінішхат беру, немесе мемлекеттік қызметті көрсету бойынша дәлелді бас тарту.

6.

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем соммасы және оны жинаудың Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайлардағы тәсілдері

Заңды және жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7.

Жұмыс графигі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

8.

Мемлекетік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

1) инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар электронды көшірмесі паспорттың (немесе оны алмастыратын құжаттың) қолданыс мерзімі (сұратылатын визаның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін үш айдан
кем болмауы тиіс);
2) өтініш беруші жарғысының мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар электронды көшірмесі;
3) осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес, тұлғаның лауазымын растайтын құжаттың электронды көшірмесі;
4) өтініш берушінің инвестициялық жобаға инвестиция салу фактісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (инвестордың нақты шығындарын растайтын құжаттар: "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресімделген бастапқы есепке алу құжаттары; "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ресімделген шот-фактуралар; "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ресімделген кедендік декларациялар) болып табылады.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздемелер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.

10.

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктеріне сәйкес, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайлары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған – www.mfa.gov.kz, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.