"Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 827 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 қыркүйекте № 24578 болып тіркелді

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20775 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Көрсетілетін қызметті алушының аттестаттауға жіберу туралы құжаттарын Комиссия 11 (он бір) жұмыс күні ішінде қарайды. Қарау қорытындысы бойынша Комиссия Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша үміткерді аттестаттауға жіберу немесе жіберуден бас тарту туралы дәлелді шешім шығарады.

      Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлға өтініш берген кезде аттестаттау өткізілетін тілді (қазақ немесе орыс) айқындайды.

      Егер, көрсетілетін қызметті алушы "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келмесе, аттестаттауға жіберуден бас тартылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша комиссия үміткерді аттестаттауға жіберу не жіберуден бас тарту туралы дәлелді шешім шығарады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Аттестаттауға жіберілген үміткерлердің тізімі оны өткізгенге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылады.

      Комиссия отырысына келген кезде үміткердің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) цифрлық жеке куәлігі болуы қажет.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Тестілер мен емтихан билеттеріне енгізілуге жататын сұрақтардың тізбесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қалыптастырады және бекітеді. Үміткерлер үшін Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын білуге арналған сұрақтар (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Қазақстан Республикасының Жер Кодексі, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" және "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының заңдары) кемінде үш нұсқасы бар біреуі дұрыс болатын жауапты құрайды.

      Тестілеу компьютер техникасын пайдалана отырып өткізіледі. Тестілеуге бөлінген уақыт тоқсан минутты құрайды.

      Емтихан билеттері нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін білуі қажет құқықтық пәндердің тақырыбына сәйкес болуы тиіс үш сұрақтан тұрады.

      Тестілер мен емтихан билеттері құпия ақпарат болып табылады және еркін таратылмайды.

      Аттестаттаудан өтудің алдында Комиссия үміткерге аттестаттауды өткізу тәртібі, үміткерлерді іріктеу рәсімінің ұзақтығы мен мазмұны туралы хабарлайды.";

      20-22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау туралы дәлелді шешім не 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттамау туралы шешім мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.

      Комиссияның аттестаттау не аттестаттамау туралы шешімі аттестаттау өткізілген күні шығарылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электронды цифлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Комиссияның аттестаттаудан өту туралы шешімі Заңның 7-2-бабының 9-тармағына сәйкес ол шығарылған сәттен бастап үш жыл бойы жарамды болып табылады.

      21. Дәлелді себеппен аттестаттауға келмеген көрсетілетін қызметті алушы (денсаулық жағдайы бойынша, іссапарда болу себебі бойынша, еңсерілмейтін күш салдарынан қатысудың мүмкін еместігі туралы растайтын құжаттарды ұсынған кезде) осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген тәртіппен Комиссияның келесі отырысына шақырылады.

      Үмiткер қайта келмеген немесе дәлелсіз себептермен аттестаттауға келмеген жағдайда, оның өтiнiшi қараусыз қалады.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсетілу сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      22. Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына www.adilet.gov.kz.

      Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына немесе Министрлiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қарауға жатады.

      Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші оны жаңартып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

      Көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдана алады.";

      Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау жүргізу қағидаларына 1-қосымшаның 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

44

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны:

Электрондық (толық автоматтандырылған)/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін

      "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрселетін қызметтің қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Лицензияны алуға ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 11 (он бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10270 болып тіркелген) сәйкестігін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттары біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде мемлекеттік қызмет 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия не көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберілген көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап немесе қайта рәсімдеу болып табылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына www.adilet.gov.kz.

      Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына немесе Министрлiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қарауға жатады.

      Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші оны жаңартып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

      Көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдана алады.";

      "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 1-қосымшаның 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

44

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны:

Электрондық (толық автоматтандырылған)/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі