БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелер арасында функциялар мен өкілеттіктерді бөлуді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 370 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24385 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасы:
1 - тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның экологиялық бағалауына Экологиялық кодекстің 1-қосымшасының 1-бөліміне сәйкес қоршаған ортаға әсерді міндетті түрде бағалауға жататын көзделіп отырған қызмет объектілері, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген трансшекаралық мәнмәтінде көзделіп отырған қызметтің әсерінің скринингі жатады.
Қалған жағдайларда белгіленген қызмет объектілеріне экологиялық бағалауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жүргізеді."
2. Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және |
|
табиғи ресурстар министрі | С. Брекешев |