"Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 542 бұйрығына өзгеріс

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 17 маусымдағы № 201 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 маусымда № 23124 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 542 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18158 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2021 жылғы 17 маусымдағы
№ 201 Бұйрыққа
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 542 бұйрығына
2-қосымша

Балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт (кәсіпшілік немесе әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу кезінде)

_________________ (елді мекен)

20 ___ жылғы "___"___________

      ___________________ облысы (ауданы) әкімдігінің балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы 20 ___ жылғы "____"_____________№____шешімі (қаулысы)

      негізінде ________________________________________________________________________

      (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды)

      жүргізу мақсатында Ереже негізінде әрекет ететін, бұдан әрі "Уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелері" деп аталатын, ________________________________________________________________ бір тараптан және

      ________________________________________________________________________________

      (уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелері)

      ________________________________________________________________________________

      негізінде әрекет ететін, бұдан әрі "Пайдаланушы" деп аталатын __________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, мекенжайы)

      атынан _________________________________________________________________________

      (пайдаланушы өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы)

      ________________________________________________________________________________

      екінші тараптан төмендегілер туралы осы шартты жасасты.

1-тарау. Шарттың нысаны

      1. "Уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелері" осы шартқа қоса беріліп отырған балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің паспортында алаңы, мөлшері және басқа параметрлері көрсетілген, ___________________________________ облысы _________________________ ауданында орналасқан "Пайдаланушыға" ______________________________________________________

      ______________________________________________________________ жүргізу мақсатында

      (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды)

      бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдын (дар) ында және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығын жүргізу құқығын береді.

      2. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі және/немесе олардың нөмірлері __________________________________

2-тарау. Тараптардың құқықтары

      3. "Пайдаланушы" "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:

      1) жануарлар дүниесiнiң өздерiне рұқсат етiлген түрлерiн ғана пайдалануды жүзеге асыруға;

      2) ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның ішінде балық аулау олжаларын және бұл ретте алынған өнiмдi меншiктенуге, сондай-ақ оларды тасымалдауға және сатуға құқығы бар.

      4. "Уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелері" Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген құзіреті шегінде осы шартты біржақты тәртіппен мынадай жағдайларда:

      1) осы шарттың талаптары жүйелі түрде бұзылғанда;

      2) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары жүйелі түрде бұзылғанда;

      3) "Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10890 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша Балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарына сәйкес міндеттемелер орындалмағанда немесе толық орындалмағанда бұзады;

3-тарау. Тараптардың міндеттері

      5. "Пайдаланушы" "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:

      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақыны уақтылы енгізуге;

      3) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;

      4) жануарлар дүниесiн халық пен қоршаған ортаға қауiпсiз, табиғи үйiрлер тұтастығының бұзылуына және жануарларға қатыгез қарауға жол бермейтiн тәсiлдермен пайдалануға;

      5) мыналарды:

      бақылау үшін аулауды жүзеге асыру үшін – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – Инспекция);

      ғылыми-зерттеу үшін аулауды жүзеге асыру үшін – жеке және заңды тұлғаларға;

      әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін – жеке тұлғаларға сервитут беруге;

      6) биологиялық негіздеменің негізінде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде балық шаруашылығы мелиорациясын, балық ресурстарының және басқа да су жануарларының кәсіптік запасының деректерін жыл сайын түзетуді жүргізуге;

      7) әрбір балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде, кемеде (балық аулайтын және көліктік), қабылдау пунктінде, бригадада немесе звенода "Аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекаралары аншлагтарының үлгілерін, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/96 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7573 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша (бұдан әрі –Үлгілер) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналын (кәсіпшілік журналын) жүргізуге және оны Инспекцияның лауазымды адамдарының талап етуі бойынша ұсынуға;

      8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 185 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 6196 болып тіркелген) бекітілген Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулап алу, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай, берілген жолдамалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну ережесімен белгіленген тәртіппен және мерзімде Инспекцияға ауланған балық ресурстары және басқа да су жануарлары, су айдынындағы кәсіпшілік жағдай және берілген жолқұжаттар туралы мәліметтерді ұсынуға;

      9) жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупі төнгендерiн қорғауды және олардың өсімін молайтуды қамтамасыз ету және олардың санының азаюына жол бермеуге;

      10) балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өсiмiн молайтуды қамтамасыз ететiн қажеттi iс-шараларды жүргiзуге;

      11) Үлгілер бойынша қыстау шұңқырларының, уылдырық шашатын жерлердің шекараларын, балық аулауға тыйым салынған балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерінің және жерлердің шекараларын белгілейтін аншлагтарды орнатуға;

      12) қорықшылық қызметiн құруға және оның күзет қызметін ұйымдастыруға;

      13) қорықшыларды көлік, байланыс құралдарымен, айырым белгілері бар арнайы киіммен, қорықшының төсбелгісімен, қорықшының куәлігімен қамтамасыз етуге;

      14) "Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9203 болып тіркелген) бекітілген нысандар бойынша және тәртіппен Инспекцияға мәліметтер ұсынуға;

      15) жеке тұлғаларға олардың ауызша және/немесе жазбаша өтініштері бойынша әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беруге;

      16) кәсіпшілік күш-жүгер нормативтерін сақтауға;

      17) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 341 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15739 болып тіркелген) бекітілген Шаруашылық қызметі нәтижесінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеуге;

      18) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау мақсатында тексерулерді жүзеге асыруға кедергі келтірмеуге;

      19) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асырғанда Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық рұқсат алуға;

      20) балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігінің қозғалысын келісуге;

      21) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға міндетті.

      6. "Жергілікті атқарушы орган (Әкімдік)" Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде:

      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168 болып тіркелген) бекітілген Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру қағидаларында белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда, "Пайдаланушыға" жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беруге міндетті.

4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      7. "Пайдаланушы" осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін ешкімге толығымен де, ішінара да бермеуі тиіс.

      8. Бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру "Пайдаланушының" өз қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

      9. Осы шарттың шеңберінде "Пайдаланушының" құқықтары бұзылған жағдайда Инспекция немесе "Жергілікті атқарушы орган (Әкімдік)" "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауапты болады.

5-тарау. Бой бермейтін күштің мән-жайлары

      10. Егер Шарттың қандай да бір міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау бой бермейтін күштің мән-жайларынан туындаса, Тараптардың ешқайсысы оларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болмайды.

      11. Бой бермейтін күштің мән-жайлары деп Тараптардың бақылауына көнбейтін, олардың қателігімен немесе салақтығымен байланысты емес және тосын сипатқа ие осы Шартты орындауға кедергі келтіретін оқиға танылады.

      12. Бой бермейтін күштің мән-жайлары туындаған жағдайда, Пайдаланушы бұл жайында почтамен немесе факсимильді байланыспен бой бермейтін күштің мән-жайлары басталған уақытты және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарлама тапсыру және (немесе) жөнелту арқылы "Жергілікті атқарушы органды (Әкімдікті)" және Инспекцияны дереу хабардар етеді.

      13. Бой бермейтін күштің мән-жайлары туындаған кезде, Тараптар орын алып отырған жағдайдан шығудың амалын іздестіру үшін Инспекция өкілдерінің қатысуымен дереу кеңес өткізеді және бой бермейтін күш мән-жайларының зардаптарын барынша азайту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін барлық құралдарды пайдаланады.

      14. Осы тарауда көрсетілген бой бермейтін күштің мән-жайларын құзыретті мемлекеттік органдар мен ұйымдар растаған болса, олар заңды болып танылады.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      15. Осы Шарт қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi және____ жыл мерзiмге жасалған.

      16. Осы Шарттың қолданылуы мынадай жағдайларда тоқтатылады:

      1) балық шаруашылығын жүргізуден ерікті түрде бас тартқан;

      2) осы шарттың қолданылу мерзімі аяқталған;

      3) "Пайдаланушының" қызметі тоқтатылған;

      4) балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi бекiтiлiп берiлген жер учаскелерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекет мұқтажына алып қойылған;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер туындаған жағдайларда тоқтатылады.

      "Пайдаланушы" қызметі тоқтатылған жағдайда күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелерін пошта арқылы жазбаша хабарлама жіберу арқылы қызметінің тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.

      17. Балық шаруашылығын жүргізу бойынша дауларды шешу кезінде Тараптар осы Шарттың талаптарын және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

      18. "Пайдаланушыға" бекітіліп берілген осы шартқа қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің паспорты осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      19. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалса және оған екі тараптың уәкілетті өкілдері қол қойса заңды күшке ие болады және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

      20. Тараптар осы Шарттан туындаған дауларды келіссөздер арқылы шешуге тырысады, ал егер Тараптар келісімге келе алмаса, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен шешіледі.

      21. Осы Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей заңды күші бар ___ данада жасалды.

7-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, деректемелері және қолтаңбалары

"Уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелері"
_________________________
(атауы)
________________________________
(почталық мекенжайы)
________________________________
(банктік деректемелері)
________________________________ (лауазымы, аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)
________________________________
(қолы, мөрі (бар болса)

"Пайдаланушы" ________________________________
(атауы)
________________________________
(почталық мекенжайы)
________________________________
(банктік деректемелері)
________________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі
________________________________
(қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын адамдарды қоспағанда)

  Балық шаруашылығын
жүргізуге арналған (кәсіпшілік,
әуесқойлық (спорттық) балық
аулауды жүргізу кезінде) шартқа
қосымша
  Нысан

Балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің паспорты

      ____________________________________________________________________

      (су айдынының және (немесе) учаскенің атауы)

1-тарау. Географиялық орналасуы

      Әкімшілік облысы ____________________________________________________

      Әкімшілік ауданы _____________________________________________________

      Су айдынының орналасқан жері ________________________________________

      (жақын маңдағы елді мекеннің атауы, су айдынының,

      ____________________________________________________________________

      орналасу бағыты, шақырыммен қашықтығы)

      Учаскенің шекаралары ________________________________________________

      (шекараның сипаттамасы, координаталары)

      ____________________________________________________________________

2-тарау. Физикалық сипаттамасы

      Ұзындығы, шақырым __________________________________________________

      Ені, шақырым ________________________________________________________

      Алаңы, гектар ________________________________________________________

      Ең жоғарғы тереңдігі, метр _____________________________________________

      Орташа тереңдігі, метр ________________________________________________

3-тарау. Биологиялық сипаттамасы

      Су айдынын: суүсті өсімдігінің басу дәрежесі ___________________________

      (қатты, орташа, әлсіз)

      суасты өсімдігінің басу дәрежесі ______________________________________

      (қатты, орташа, әлсіз)

      Фитопланктонның даму дәрежесі (судың гүлденуі) ______________________

      __________________________________________________________________

      (қатты, орташа, әлсіз)

      Су айдыны барлық фаунасының түрлік құрамы:

      ихтиофауна ________________________________________________________

      сүтқоректілер ______________________________________________________

      омыртқасыз су жануарлары __________________________________________

      Су айдыны кәсіпшілік фаунасының түрлік құрамы:

      Су айдынының балық өнімділігі, гектарына килогамм:

4-тарау. Шаруашылық сипаттамасы

      ___________________________________________________________________________

      (өнеркәсіптік кәсіпорындардың ағын суларымен, өндірістің басқа да қалдықтарымен) су айдынының ластануы

      Сутартқыштар __________________________________________________________

      (сутартқыш құрылыстардың типтері, қуаттылығы, ведомстволық тиістілігі)

      Тартымдардың, қалқымалардың, қосындардың, су айдынының (учаскесінің) балық ресурстарын пайдаланудың басқа да тұрақты орындарының саны

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      Басқа мәліметтер

      _________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Осы паспорт екі данада жасалды және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Осы паспортты рәсімдеген жергілікті атқарушы органның атауы

      ___________________________________________________________________________

      Мөрдің (бар болса)орны                  Басшы _____________________________

      (Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ________________

      (қолы)

  Бұйрыққа 2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 542 бұйрығына
3-қосымша

Балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт (көл-тауарлы балық өсiру шаруашылығын немесе тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізу кезінде)

      _______________________

      (елді мекен)                              20 ___ жылғы "___"___________

      ___________________ облысы (ауданы) әкімдігінің балық шаруашылығы су айдындарын және

      (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы 20___ жылғы "___" _____ № ____ шешімі (қаулысы)

      негізінде __________________ ____________________________________________________

      (көлде тауарлы балық шаруашылығын (бұдан әрі – КТБШ), тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын)

      жүргізу мақсатында Ереже негізінде әрекет ететін, бұдан әрі "Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі" деп аталатын, _______________________________________________ бір тараптан

      және __________________________________________________________________________

      (уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелері)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      негізінде әрекет ететін, бұдан әрі "Пайдаланушы" деп аталатын _________________________

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, мекенжайы)

      атынан ______________________________________________________________

      (пайдаланушы өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      екінші тараптан төмендегілер туралы осы шартты жасасты.

1-тарау. Шарттың нысанасы

      1. "Уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелері" осы шартқа қоса беріліп отырған балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің паспортында алаңы, мөлшері және басқа параметрлері көрсетілген, ___________________________________ облысы _________________________ ауданында орналасқан "Пайдаланушыға" ______________________________________________________ _____________________________________________________________ жүргізу мақсатында

      (КТБШ, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын)

      бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдын (дар) ында және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығын жүргізу құқығын береді.

      2. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі және/немесе олардың нөмірлері __________________________________

2-тарау. Тараптардың құқықтары

      3. Пайдаланушы" "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:

      1) қолданыстағы заңнамамен тыйым салынғандарды қоспағанда, балықтардың және басқа да су жануарларының барлық түрлерін өсіруді жүзеге асыруға;

      2) туризмді, сондай-ақ азаматтардың рекреациялық қызметін, оның ішінде өзіне бекітілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қамтамасыз ету мақсатында коммерциялық мақсаттарда тауарлық балық өсіруді жүзеге асыруға;

      3) табиғи су қоймаларын балық жіберу мақсатында және тауарлы өсіру үшін отырғызу материалы ретінде кәсіпшілік, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балық түрлерінің шабақтарын өсіруді жүзеге асыруға;

      4) жануарлар дүниесінің өсірілген объектілеріне, оның ішінде балық аулау олжаларын және бұл ретте алынған өнiмдi меншiктенуге, сондай-ақ оларды тасымалдауға және сатуға;

      5) жеке және заңды тұлғалармен өсірілетін балық түрлерінің аналық балықтар басы және олардың шабақтарын сатып алуға шарттар жасасуға;

      6) өндірушілердің аналық және аналық табындарын ұстауға;

      7) жанар-жағар май материалдарының суға түсуіне жол бермеу мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жүзу құралдарының қозғалысына, сондай-ақ фарватер желісі бойынша жүріп келе жатқан кеме қатынасына кедергі келтірмейтін балықтардың мазасыздану факторын болдырмау мақсатында, бұл ретте туристік, жеке, әуесқойлық және кез келген өзге де бөгде жүзу құралдарының және адамдардың кіруіне кедергі келтіретін арқандармен және буйлармен жыл бойы (шарбақтық балық өсіру шаруашылықтары үшін) бөгеуге;

      8) жыртқыштар шарбақты жыртқан немесе жеген кезде балықтың жоғалуының алдын алу үшін, шарбақтарды жөндеу қажет болған жағдайда (шарбақтық балық өсіру шаруашылықтары үшін) әртүрлі ұяшықтары бар жаппай ауларын (бұзуларды жою) орнатуға;

      9) балық шаруашылығы субъектілерінің даму жоспарын мерзімінен бұрын орындау және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – Инспекция) есеп беруге;

      10) еңсерілмейтін күш жағдайлары болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11227 болып тіркелген) Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларына және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес құратын конкурстық комиссия (бұдан әрі – комиссия) балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарын қайта қарау жөнінде ұсыныс енгізуге құқығы бар.

      4. "Уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелері" Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген құзіреті шегінде осы шартты біржақты тәртіппен мынадай жағдайларда:

      1) осы Шарттың талаптары жүйелі түрде бұзылған кезде;

      2) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары жүйелі түрде бұзылғанда;

      3) "Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10890 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша Балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарына сәйкес міндеттемелер орындалмағанда немесе толық орындалмағанда бұзады.

3-тарау. Тараптардың міндеттері

      5. Пайдаланушы" "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:

      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;

      2) жыл бойынша балық өсіру көлемін көрсете отырып, бекітіліп берілетін кезеңге балық шаруашылығы субъектілерінің даму жоспарын жасау және оны уақтылы орындау*;

      3) балық және басқа да су жануарларының рұқсат етілген түрлерін ғана өсіруді жүзеге асыруға;

      4) балық және басқа да су жануарларын өсімін молайту және тауарлы өсіру жөніндегі технологияларды халыққа және қоршаған ортаға қауіпсіз, қоршаған орта мен жануарлар дүниесіне теріс әсер етуге жол бермейтін тәсілдермен пайдалануға;

      5) "Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9203 болып тіркелген) бекітілген нысандар бойынша және тәртіппен Инспекцияға мәліметтер ұсынуға;

      6) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау мақсатында тексерулерді жүзеге асыруға кедергі келтірмеуге;

      7) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асырғанда Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық рұқсат алуға;

      8) өздеріне бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, сондай-ақ жағалау жолақтарында өсіру орындарын, бақтарды тиісті санитарлық және экологиялық жағдайда ұстауды қамтамасыз етсін.

      6. "Уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелері" Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде комиссияның "пайдаланушының" балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарын қайта қарау жөніндегі ұсыныстарын қарауын қамтамасыз етеді.

4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      7. "Пайдаланушы" осы шарт бойынша өзінің міндеттемелерін ешкімге толығымен де, ішінара да бермеуі тиіс.

      8. Осы шарттың шеңберінде "Пайдаланушының" құқықтары бұзылған жағдайда Инспекция немесе "Жергілікті атқарушы орган (Әкімдік)" "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауапты болады.

5-тарау. Бой бермейтін күштің мән-жайлары

      9. Егер осы Шарттың қандай да бір міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау бой бермейтін күштің мән-жайларынан туындаса, Тараптардың ешқайсысы оларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болмайды.

      10. Бой бермейтін күштің мән-жайлары деп Тараптардың бақылауына көнбейтін, олардың қателігімен немесе салақтығымен байланысты емес және тосын сипатқа ие осы Шартты орындауға кедергі келтіретін оқиға танылады.

      11. Бой бермейтін күштің мән-жайлары туындаған жағдайда, Пайдаланушы бұл жайында почтамен немесе факсимильді байланыспен бой бермейтін күштің мән-жайлары басталған уақытты және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарлама тапсыру және (немесе) жөнелту арқылы Инспекцияны дереу хабардар етеді.

      12. Бой бермейтін күштің мән-жайлары туындаған кезде, Тараптар орын алып отырған жағдайдан шығудың амалын іздестіру үшін Инспекция өкілдерінің қатысуымен дереу кеңес өткізеді және бой бермейтін күш мән-жайларының зардаптарын барынша азайту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін барлық құралдарды пайдаланады.

      13. Осы тарауда көрсетілген бой бермейтін күштің мән-жайларын құзыретті мемлекеттік органдар мен ұйымдар растаған болса, олар заңды болып танылады.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      14. Осы Шарт қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi және 49 жыл мерзiмге жасалған.

      15. Осы шарттың қолданылуы:

      1) балық шаруашылығын жүргізуден ерікті түрде бас тартқан;

      2) осы шарттың қолданылу мерзімі аяқталған;

      3) "Пайдаланушының" қызметі тоқтатылған;

      4) балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерi бекiтiлiп берiлген жер учаскелерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекет мұқтажына алып қойылған;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер туындаған жағдайларда тоқтатылады.

      "Пайдаланушы" қызметі тоқтатылған жағдайда күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелерін пошта арқылы жазбаша хабарлама жіберу арқылы қызметінің тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.

      16. Балық шаруашылығын жүргізу бойынша дауларды шешу кезінде Тараптар осы Шарттың талаптарын және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

      17. "Пайдаланушыға" бекітіліп берілген осы балық шаруашылығын жүргізуге арналған шартқа қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы паспорт шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      18. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде жасалса және оған екі тараптың уәкілетті өкілдері қол қойса заңды күшке ие болады және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

      19. Тараптар осы Шарттан туындаған дауларды келіссөздер арқылы шешуге тырысады, ал егер Тараптар келісімге келе алмаса, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен шешіледі.

      20. Осы Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей заңды күші бар ___ данада жасалды.

7-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, деректемелері және қолтаңбалары

Уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелері
_______________________
(атауы)
________________________________
(почталық мекенжайы)
________________________________
(банктік деректемелері)
________________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)
________________________________
(қолы, мөрі (бар болса)

"Пайдаланушы" ________________________________
(атауы) ________________________________
(почталық мекенжайы) ________________________________
(банктік деректемелері)
________________________________ (лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
________________________________
(қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын адамдарды қоспағанда)

      Ескертпе: * − бой бермейтін күштің мән-жайларында балық шаруашылығы субъектілерінің даму жоспарларына балықтарды тауарлық өсірудің жыл сайынғы көлемін түзету бөлігінде өзгерістер енгізілуі мүмкін.

  Балық шаруашылығын
жүргізуге арналған шартқа
(көлде тауарлы балық
шаруашылығын немесе тор
қоршамада балық өсіру
шаруашылығын жүргізу кезінде)
қосымша
  Нысан

Балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің паспорты

      ____________________________________________________________________

      (су айдынының және (немесе) учаскенің атауы)

1-тарау. Географиялық орналасуы

      Әкімшілік облысы ____________________________________________________

      Әкімшілік ауданы ____________________________________________________

      Су айдынының орналасқан жері ________________________________________

      (жақын маңдағы елді мекеннің атауы, су айдынының,

      ____________________________________________________________________

      орналасу бағыты, шақырыммен қашықтығы)

      Учаскенің шекаралары ________________________________________________

      (шекараның сипаттамасы, координаталары)

      ____________________________________________________________________

2-тарау. Физикалық сипаттамасы

      Ұзындығы, шақырым __________________________________________________

      Ені, шақырым ________________________________________________________

      Алаңы, гектар ________________________________________________________

      Ең жоғарғы тереңдігі, метр _____________________________________________

      Орташа тереңдігі, метр ________________________________________________

3-тарау. Биологиялық сипаттамасы Глава

      Су айдынын:

      суүсті өсімдігінің басу дәрежесі ___________________________________

      (қатты, орташа, әлсіз)

      суасты өсімдігінің басу дәрежесі ______________________________________

      (қатты, орташа, әлсіз)

      Фитопланктонның даму дәрежесі (судың гүлденуі) ______________________

      __________________________________________________________________

      (қатты, орташа, әлсіз)

      Су айдыны фаунасының түрлік құрамы:

      ихтиофауна ________________________________________________________

      сүтқоректілер ______________________________________________________

      омыртқасыз су жануарлары __________________________________________

      Су айдыны кәсіпшілік фаунасының түрлік құрамы:

      ихтиофауна ________________________________________________________

      сүтқоректілер ______________________________________________________

      омыртқасыз су жануарлары __________________________________________

      Су айдынының балық өнімділігі, гектарына килогамм:

      ихтиофауна ________________________________________________________

      сүтқоректілер ______________________________________________________

      омыртқасыз су жануарлары __________________________________________

4-тарау. Шаруашылық сипаттамасы

      ____________________________________________________________________

      (өнеркәсіптік кәсіпорындардың ағын суларымен, өндірістің басқа да қалдықтарымен) су айдынының ластануы

      Сутартқыштар ________________________________________________________

      (сутартқыш құрылыстардың типтері, қуаттылығы, ведомстволық тиістілігі)

      Тартымдардың, қалқымалардың, қосындардың, су айдынының (учаскесінің) балық ресурстарын пайдаланудың басқа да тұрақты орындарының саны

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Басқа мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Осы паспорт екі данада жасалды және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Осы паспортты рәсімдеген жергілікті атқарушы органның атауы

      ___________________________________________________________________

      Мөрдің (бар болса)орны                        Басшы ________________

      (Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ________________

      (қолы)