ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған "Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрінің | |
міндетін атқарушы | А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2021 жылғы 1 маусымдағы № 178 бұйрығына 1-қосымша |
"Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттiк қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) рұқсаттық бақылау – рұқсат беру органдарының рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруге бағытталған қызметі, сондай-ақ, олар берілгеннен кейін лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсатты иеленушілердің Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
3) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. "Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.09.2023 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке (астық сақтау орны, элеватор, астық қабылдау пункті) тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы, лицензия туралы, бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.09.2023 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жұмыскері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен күні оларды тіркеуді жүзеге асырады және ол жауапты қызметкерді тағайындайтын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.09.2023 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері тапсырылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында құжаттарды одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.
8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 4-1/339 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11595 болып тіркелген) бекітілген астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігіне рұқсаттық бақылауын жүргізеді, оның нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды дайындалады.
Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыға көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері және көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы қорытындының негізінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияға қосымшаны рәсімдейді.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдалым өткізу туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің аяқталуына кемінде 3 (үш) жұмыс күні қалғанда жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілген қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.09.2023 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Лицензияны қайта ресімдеу:
1) заңды тұлға-лицензиат Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес қайта ұйымдастырылғанда;
2) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгергенде;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта рәсімдеу туралы талаптар болған кезде;
4) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін объект нақты көшірілместен, оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген кезде жүзеге асырылады.
Егер заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің мекенжайының, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін объектінің орналасқан жерінің мекенжайының өзгеруі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көшелер атының өзгеруіне байланысты болса, онда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу осы тармақтың бірінші бөлімінің 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылмайды. Лицензиаттардың мекенжайларына мұндай өзгерістер мемлекеттік ақпараттық жүйелерді біріктіру арқылы жүзеге асырылады.
Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 33-бабы 2-тармағына сәйкес рұқсат беру тәртібі енгізілген қызмет түрінің атауы өзгерген кезде, лицензиаттың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге құқығы бар.
Атауы өзгерген қызмет түріне лицензиясы бар лицензиат лицензияны алдын ала қайта ресімдегеннен кейін лицензияға қосымша алуға құқылы.
10. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті беруші Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 34-бабы 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша қайта ресімдеуді қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексермейді.
11. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері құжаттарды берген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және (немесе) тиісінше ресімделуін тексереді.
Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген кезде, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды дайындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.09.2023 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
13. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
13-1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
Министрлік пен көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Ескерту. Қағидалар 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.09.2023 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қағаз нысанда берілген кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы өтініш бойынша оны электрондық нысанға ауыстырады және лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның электрондық нысанын алады. Бұл ретте мұндай ауыстыру Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық форматқа аударуға өтініш беруі арқылы жүзеге асырылады. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз нысаннан электрондық нысанға ауыстыруды көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.09.2023 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтату Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 35-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
16. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қателерін түзету, қолданысын тоқтата тұру, қайта жандандыру Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 44 және 45-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
17. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
17-1. ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды тұлғаға) келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды. Көрсетілетін қызметті беруші шағымды үш жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, әкімшілік іс-әрекет жасалған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын жағдайда шағымды қарайтын органға жібермейді.
Ескерту. Қағидалар 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.09.2023 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
19. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған кезде 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімін ұзарту кезінде шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
20. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.09.2023 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен."Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.09.2023 № 334 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, оның ішінде заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 10 (он) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген оны алу тәсілдері |
Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыға ақылы негізде көрсетiледi. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер |
1) заңды тұлғалардың осы санаты үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында қызмет түрiмен айналысуға тыйым салынған болуы; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар |
Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді. |
"Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 1-қосымша |
Нысан
Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші
Кімге ____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
кімнен_______________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,
орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-
сәйкестендіру нөмірі болмаған кезде – шетелдік заңды тұлға филиалының
немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________________________
(қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лерінің) толық атауы
көрсетілсін)
____________________________________________________________________
жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруіңізді сұраймын
Заңды тұлғаның мекенжайы____________________________________________
____________________________________________________________________
(почталық индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін), облыс, қала, аудан, елді мекен, көше
атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың нөмірі)
Электрондық почтасы _________________________________________________
Телефондары_________________________________________________________
Факсы_______________________________________________________________
Банктік шоты_________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің
мекенжайы___________________________________________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы,
үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
______ парақ қоса беріледі.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және
оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас
тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен
айналысуға сот тыйым салмағандығы;
барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды
болып табылатындығы;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде
қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес
деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.
Осымен мен ұсынған (толтырылған) ақпараттың дұрыстылығы бойынша
Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауаптылығымды растаймын.
Басшы ______________________ ________________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Толтырылған күні: 20__ жылғы "__"____
"Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 2-қосымша |
Нысан
Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны
Астық сақтау орнының (элеватордың, астық қабылдау пунктінің)
атауы: _______________________________________________________________
Құқық иеленушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі: _____________________
Астық сақтау орнының орналасқан жері және кадастрлық
нөмірі _____________________________________________________________
Меншік иесі (құқық иеленуші)_______________________________________
Технологиялық жабдықтың бар-жоғы туралы мәліметтер
Жабдықтың атауы | Өлшем бірлігі | 20__ жылғы ______ бар-жоғы | Жай-күйі |
1 | 2 | 3 | 4 |
астық кептіру жабдығы | сағатына дана/тонна | ||
астық сақтауға арналған сыйымдылықтар | мың тонна | ||
астық тазалау машиналары | дана | ||
белсенді желдету жабдығы | дана | ||
жылжымалы көлік жабдығы | дана | ||
көтергіш-көлік жабдығы | дана | ||
сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдық | жиынтық | ||
таразы жабдығы (белгіленген тәртіппен салыстырып тексерілген) | дана | ||
тиеу-түсіру құрылғылары | дана |
Интернет желісіне қолжетімділік туралы мәліметтер
Сипаттамалары | 20___ жылғы ____ бар-жоғы | |
1 | 2 | 3 |
Интернет желісіне қолжетімділік |
Өткізу режимінің, аумақ қоршауының, асфальтталған және (немесе)
бетондалған алаңдардың бар жоғы туралы
мәліметтер _____________________________________________________
_____________________________________
(асфальтталған және (немесе) бетондалған алаңдар бойынша шаршы
метрдегі алаң көрсетіледі)
Өлшеу құралдарының типін бекіту туралы, өлшеу құралдарын метрологиялық
аттестаттау туралы және өлшеу құралдарын салыстырып тексеру туралы
сертификаттардың бар-жоғы туралы мәліметтер (сертификаттарды мемлекеттік
метрологиялық қызметтер немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық
қызметтері береді) _________________________________________________________
Р/с № | Құжаттың атауы | Құжаттың нөмірі | Іс-қимыл басталған күн | Іс-қимыл аяқталған күн | Метрологиялық қызметтің атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Астық сапасын айқындауға арналған өндірістік-техникалық зертхананың жарамды жабдықпен және аспаптармен жарақталуы туралы мәліметтер
Объект | Өлшем бірлігі | 20__ жылғы ____ бар-жоғы |
1 | 2 | 3 |
Ақуыз құрамын анықтауға арналған құрылғылар | дана | |
Пуркалар | дана | |
Астық үлгілерін сақтауға арналған сөрелер | дана | |
Астықтың залалданғанын анықтауға арналған оптикалық аспаптар | дана | |
Дән маңызының құрамы мен сапасын анықтауға арналған құрылғылар | дана | |
Дәнді ұнтақтауға арналған диірмендер | дана | |
Елеуіштер жиынтықтары | дана | |
Зертханалық таразылар | дана | |
Кептіргіш шкафтар | дана | |
Түсу санын анықтауға арналған құрылғылар | дана | |
Сынама іріктегіштер | дана | |
Ылғал өлшегіштер | дана |
Техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамының бар-жоғы туралы мәліметтер
Р/с № | Маманның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі | Лауазымы | Білімі бойынша мамандығы | Мамандығы бойынша жұмыс өтілі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
"Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 3-қосымша |
Нысан
Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші
Кімге ____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
кімнен_________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі
(оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның), заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі
болмаған кезде, шетелдік заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігінің бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________ жүзеге асыруға арналған
20___жылғы"___"_________берілген №__________________________________
____________________________________________________________________
(лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың нөмірі(лері), берілген
күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген лицензиардың атауы)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) (керегінің астын сызу)
____________________________________________________________________
төмендегі негіздер бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз) қайта ресімдеуді сұраймын:
1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 34-бабында белгіленген тәртіпке сәйкес заңды тұлға-лицензиаттың
(тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз):
бірігу_______________________________________________________________
қайта құру ___________________________________________________________
қосылу ______________________________________________________________
бөліпшығару _________________________________________________________
бөліну _________________________________жолымен қайта ұйымдастырылуы
2) заңды тұлға лицензиат атауының өзгеруі____________________________
____________________________________________________________________
3) заңды тұлға лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі________________
_____________________________________________________________________
4) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе
лицензияларға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты
көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайын өзгерту______
____________________________________________________________________
5) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта рәсімдеу талабының
болуы ______________________________________________________________
Заңды тұлғаның мекенжайы__________________________________________
(ел – шетелдік заңды тұлға үшін, почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді
мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
Электрондық почтасы _________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факсы _______________________________________________________________
Банктік шоты _________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің
мекенжайы___________________________________________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы,
үйдің/ ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
______ парақ қоса беріледі.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және
оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас
тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен
айналысуға сот тыйым салмағандығы;
барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды
болып табылатындығы;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде
қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі дербес
деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады;
өтініш беруші өтінішті (халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүгінген кезде)
халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыскерінің электрондық цифрлық
қолтаңбасымен куәландыруға келіседі
Басшы _______________________________ _________________________________
(электрондық цифрлық қалтаңбасы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Толтырылған күні: 20__ жылғы "__"______
"Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 4-қосымша |
Нысан
Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық форматқа ауыстыруға арналған өтініші
Кімге ____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
кімнен_______________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі
(оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның), заңды тұлғаның бизнес- сәйкестендіру нөмірі
болмаған кезде, шетелдік заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігінің бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (түрлерінің) толық
атауын көрсету)
жүзеге асыруға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
электрондық форматқа ауыстыруды өтінемін.
Заңды тұлғаның мекенжайы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(ел – шетелдік заңды тұлға үшін, почталық индексі, облыс, қала, аудан,
елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
Электрондық почтасы ____________________________________________
Телефондары ____________________________________________________
Факсы __________________________________________________________
Банктік шоты ____________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің
мекенжайы_________________________________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/
ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
Осымен
барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және
оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас
тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен
айналысуға сот тыйым салмағандығы;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде
қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі дербес
деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.
Басшы
_______________________________ ________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңбасы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Толтырылған күні: 20__ жылғы "__"______
"Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Лицензия
20 ___ жылғы "___" ___________ | № _____________ |
___________________________________________________________________-_____
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланатын қызмет түрінің атауы)
______________________________________________________________ айналысуға
____________________________________________________________________ берілді
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес- сәйкестендіру нөмірі болмаған кезде – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Қызмет немесе іс-әрекеттер (операциялар) объектісінің мекенжайы
__________________________________________________________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі (стационарлық бөлме)
Ерекше жағдайлар _________________________________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес)
Лицензиар _______________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
Басшы (уәкiлеттi адам) (электрондық цифрлық қолтаңбасы)
__________________________________________________________________________
(аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi)
Алғашқы берілген күні: _______ жылғы "____" ____________
Лицензияның қолданылу кезеңі: _______ жылғы "____" ____________
Берілген орны
__________________________________________________________________________
"Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Лицензияға қосымша
Лицензияның нөмірі ____________
Лицензияның берілген күні 20 __ жылғы _________________
Лицензиат _______________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес- сәйкестендіру нөмірі болмаған кезде – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес- сәйкестендіру нөмірі)
Қызмет немесе іс-әрекеттерді (операциялар) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы
__________________________________________________________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимараттың (стационарлық бөлме) нөмірі)
Лицензияны қолданылудың ерекше шарттары ________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес)
Лицензиар _______________________________________________________________
(лицензияға қосымшаны берген органның толық атауы)
Басшы (уәкiлеттi адам)
_________________________________ _______________________________
(электрондық цифрлық қолтаңбасы) (аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi)
Қосымшаның нөмірі ________________
Қолданылу мерзiмi _______ жылғы "____" ____________
Қосымшаның берілген күні _______ жылғы "____" ____________
Берілген орны ________________________
"Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
[Уәкілетті органның атауы] | [Уәкілетті органның атауы] |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту
Берілген күні: [Берілген күні]
[Көрсетілетін қызметті алушының атауы]
Тіркеу орны: Облыс:
[Облыс] Аудан: [Аудан]
Қала\ елді мекен: [Қала\ елді мекен]
[бизнес-сәйкестендіру нөмірі] [БСН]
Мемлекеттік тіркеу күні [Күні]
Бас тарту себебі:
[Бас тарту себебі] [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі]
[Қол қоюшының лауазымы] [Аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi]
2021 жылғы 1 маусымдағы № 178 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтар тізбесі
1. "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 4-1/468 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11625 болып тіркелген).
2. "Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 4-1/468 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 2 ақпандағы № 53 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14899 болып тіркелген).
3. "Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 4-1/468 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № 327 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19374 болып тіркелген).