"Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашыл

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 334 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 22 қыркүйекте № 33451 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 1 маусымдағы № 178 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22952 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. "Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке (астық сақтау орны, элеватор, астық қабылдау пункті) тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы, лицензия туралы, бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жұмыскері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен күні оларды тіркеуді жүзеге асырады және ол жауапты қызметкерді тағайындайтын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 4-1/339 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11595 болып тіркелген) бекітілген астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігіне рұқсаттық бақылауын жүргізеді, оның нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды дайындалады.

      Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыға көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері және көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы қорытындының негізінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияға қосымшаны рәсімдейді.

      Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Тыңдалым өткізу туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің аяқталуына кемінде 3 (үш) жұмыс күні қалғанда жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілген қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері құжаттарды берген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және (немесе) тиісінше ресімделуін тексереді.

      Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген кезде, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны және (немесе) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді.";

      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

      "13-1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

      Министрлік пен көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қағаз нысанда берілген кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы өтініш бойынша оны электрондық нысанға ауыстырады және лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның электрондық нысанын алады. Бұл ретте мұндай ауыстыру Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық форматқа аударуға өтініш беруі арқылы жүзеге асырылады. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз нысаннан электрондық нысанға ауыстыруды көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

      "17-1. ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды тұлғаға) келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды. Көрсетілетін қызметті беруші шағымды үш жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, әкімшілік іс-әрекет жасалған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын жағдайда шағымды қарайтын органға жібермейді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 334 бұйрығына
1-қосымша
  "Астық қолхаттарын шығару
арқылы қойма қызметі бойынша
қызметтер көрсетуге лицензия
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, оның ішінде заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 10 (он) жұмыс күні;
2) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;
3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық нысанға ауыстыру үшін – 2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген оны алу тәсілдері

Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыға ақылы негізде көрсетiледi.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлейді, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабына сәйкес:
1) лицензия бергені үшін – 10 (он) айлық есептік көрсеткішті;
2) лицензияларды қайта ресімдегені үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейлі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.
Лицензиялық алым:
1) лицензияға қосымшаларды беру кезінде;
2) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабында көзделген негіздер бойынша лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшаларды беру кезінде төленбейді.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші;
осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтердің электрондық нысаны;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші;
2) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері;
заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші;
2) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері;
3) заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген, бөлу жүргізілген заңды тұлғаның лицензияны бөлініп шыққан заңды тұлғаға қайта ресімдеуге келіскені туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
4) осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық форматқа ауыстыру үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық форматқа ауыстыруға арналған өтініші.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке (астық сақтау орны, элеватор, астық қабылдау пункті) тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы, лицензия туралы, бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер

1) заңды тұлғалардың осы санаты үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында қызмет түрiмен айналысуға тыйым салынған болуы;
2) лицензиялық алымның енгізілмеген болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 4-1/339 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11595 болып тіркелген) бекітілген астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілген қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің белгіленуі;
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін құжаттардың ұсынылмауы немесе тиісінше ресімделмеуі негіз болып табылады.
Заңды тұлға-лицензиат бөліп шығу және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған кезде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттардың ұсынылмауы немесе дұрыс ресімделмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
3) егер бұрын лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлғалар-лицензиаттардың бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болған басқа заңды тұлғаға қайта ресімделсе.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар

Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін мобильді қосымшада және пайдаланушының ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістерді пайдалана отырып авторизациядан өту керек, одан кейін "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжат қаралады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефоны 8 (7172) 55-59-61, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Астық қолхаттарын шығару
арқылы қойма қызметі бойынша
қызметтер көрсетуге лицензия
беру" мемлекеттік қызметін
көрсетуге қойылатын негізгі
талаптардың тізбесіне
1-қосымша

      Нысан

Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші

      Кімге ____________________________________________________________________

                        (лицензиардың толық атауы)

      кімнен_______________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,

      орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі болмаған кезде – шетелдік заңды тұлға филиалының

      немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лерінің) толық атауы

      көрсетілсін)

      ____________________________________________________________________

      жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруіңізді сұраймын

      Заңды тұлғаның мекенжайы____________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (почталық индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін), облыс, қала, аудан, елді мекен, көше

      атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың нөмірі)

      Электрондық почтасы _________________________________________________

      Телефондары_________________________________________________________

      Факсы_______________________________________________________________

      Банктік шоты_________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің

      мекенжайы___________________________________________________________

      (почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы,

      үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      ______ парақ қоса беріледі.

      Осымен:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және

      оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас

      тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен

      айналысуға сот тыйым салмағандығы;

      барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды

      болып табылатындығы;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде

      қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес

      деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.

      Осымен мен ұсынған (толтырылған) ақпараттың дұрыстылығы бойынша

      Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауаптылығымды растаймын.

      Басшы ______________________ ________________________________________

                  (электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__"____

  "Астық қолхаттарын шығару
арқылы қойма қызметі бойынша
қызметтер көрсетуге лицензия
беру" мемлекеттік қызметін
көрсетуге қойылатын негізгі
талаптардың тізбесіне
2-қосымша

      Нысан

Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысаны

      Астық сақтау орнының (элеватордың, астық қабылдау пунктінің)

      атауы: _______________________________________________________________

      Құқық иеленушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі: _____________________

      Астық сақтау орнының орналасқан жері және кадастрлық

      нөмірі _____________________________________________________________

      Меншік иесі (құқық иеленуші)_______________________________________

Технологиялық жабдықтың бар-жоғы туралы мәліметтер

Жабдықтың атауы

Өлшем бірлігі

20__ жылғы ______ бар-жоғы

Жай-күйі

1

2

3

4

астық кептіру жабдығы

сағатына дана/тонна



астық сақтауға арналған сыйымдылықтар

мың тонна



астық тазалау машиналары

дана



белсенді желдету жабдығы

дана



жылжымалы көлік жабдығы

дана



көтергіш-көлік жабдығы

дана



сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдық

жиынтық



таразы жабдығы (белгіленген тәртіппен салыстырып тексерілген)

дана



тиеу-түсіру құрылғылары

дана



Интернет желісіне қолжетімділік туралы мәліметтер


Сипаттамалары

20___ жылғы ____ бар-жоғы

1

2

3

Интернет желісіне қолжетімділік



      Өткізу режимінің, аумақ қоршауының, асфальтталған және (немесе)

      бетондалған алаңдардың бар жоғы туралы

      мәліметтер _____________________________________________________

      _____________________________________

      (асфальтталған және (немесе) бетондалған алаңдар бойынша шаршы

      метрдегі алаң көрсетіледі)

      Өлшеу құралдарының типін бекіту туралы, өлшеу құралдарын метрологиялық

      аттестаттау туралы және өлшеу құралдарын салыстырып тексеру туралы

      сертификаттардың бар-жоғы туралы мәліметтер (сертификаттарды мемлекеттік

      метрологиялық қызметтер немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық

      қызметтері береді) _________________________________________________________

Р/с №

Құжаттың атауы

Құжаттың нөмірі

Іс-қимыл басталған күн

Іс-қимыл аяқталған күн

Метрологиялық қызметтің атауы

1

2

3

4

5

6







Астық сапасын айқындауға арналған өндірістік-техникалық зертхананың жарамды жабдықпен және аспаптармен жарақталуы туралы мәліметтер

Объект

Өлшем бірлігі

20__ жылғы ____ бар-жоғы

1

2

3

Ақуыз құрамын анықтауға арналған құрылғылар

дана


Пуркалар

дана


Астық үлгілерін сақтауға арналған сөрелер

дана


Астықтың залалданғанын анықтауға арналған оптикалық аспаптар

дана


Дән маңызының құрамы мен сапасын анықтауға арналған құрылғылар

дана


Дәнді ұнтақтауға арналған диірмендер

дана


Елеуіштер жиынтықтары

дана


Зертханалық таразылар

дана


Кептіргіш шкафтар

дана


Түсу санын анықтауға арналған құрылғылар

дана


Сынама іріктегіштер

дана


Ылғал өлшегіштер

дана


Техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамының бар-жоғы туралы мәліметтер

Р/с №

Маманның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Лауазымы

Білімі бойынша мамандығы

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

1

2

3

4

5






  "Астық қолхаттарын шығару
арқылы қойма қызметі бойынша
қызметтер көрсетуге лицензия
беру" мемлекеттік қызметін
көрсетуге қойылатын негізгі
талаптардың тізбесіне
3-қосымша

      Нысан

Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші

      Кімге ____________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      кімнен_________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның), заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      болмаған кезде, шетелдік заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігінің бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі)

      _____________________________________________________ жүзеге асыруға арналған

      20___жылғы"___"_________берілген №__________________________________

      ____________________________________________________________________

      (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың нөмірі(лері), берілген

      күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген лицензиардың атауы)

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) (керегінің астын сызу)

      ____________________________________________________________________

      төмендегі негіздер бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз) қайта ресімдеуді сұраймын:

      1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының 34-бабында белгіленген тәртіпке сәйкес заңды тұлға-лицензиаттың

      (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз):

      бірігу_______________________________________________________________

      қайта құру ___________________________________________________________

      қосылу ______________________________________________________________

      бөліпшығару _________________________________________________________

      бөліну _________________________________жолымен қайта ұйымдастырылуы

      2) заңды тұлға лицензиат атауының өзгеруі____________________________

      ____________________________________________________________________

      3) заңды тұлға лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі________________

      _____________________________________________________________________

      4) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе

      лицензияларға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты

      көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайын өзгерту______

      ____________________________________________________________________

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта рәсімдеу талабының

      болуы ______________________________________________________________

      Заңды тұлғаның мекенжайы__________________________________________

      (ел – шетелдік заңды тұлға үшін, почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді

      мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      Электрондық почтасы _________________________________________________

      Телефондары _________________________________________________________

      Факсы _______________________________________________________________

      Банктік шоты _________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің

      мекенжайы___________________________________________________________

      (почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы,

      үйдің/ ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      ______ парақ қоса беріледі.

      Осымен:

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және

      оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас

      тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен

      айналысуға сот тыйым салмағандығы;

      барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды

      болып табылатындығы;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде

      қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі дербес

      деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады;

      өтініш беруші өтінішті (халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүгінген кезде)

      халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыскерінің электрондық цифрлық

      қолтаңбасымен куәландыруға келіседі

      Басшы _______________________________ _________________________________

                  (электрондық цифрлық қалтаңбасы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__"______

  "Астық қолхаттарын шығару
арқылы қойма қызметі бойынша
қызметтер көрсетуге лицензия
беру" мемлекеттік қызметін
көрсетуге қойылатын негізгі
талаптардың тізбесіне
4-қосымша

      Нысан

Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық форматқа ауыстыруға арналған өтініші

      Кімге ____________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      кімнен_______________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның), заңды тұлғаның бизнес- сәйкестендіру нөмірі

      болмаған кезде, шетелдік заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігінің бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (түрлерінің) толық

      атауын көрсету)

      жүзеге асыруға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны

      электрондық форматқа ауыстыруды өтінемін.

      Заңды тұлғаның мекенжайы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ел – шетелдік заңды тұлға үшін, почталық индексі, облыс, қала, аудан,

      елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      Электрондық почтасы ____________________________________________

      Телефондары ____________________________________________________

      Факсы __________________________________________________________

      Банктік шоты ____________________________________________________

      (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің

      мекенжайы_________________________________________________

      (почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/

      ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

      Осымен

      барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және

      оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас

      тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен

      айналысуға сот тыйым салмағандығы;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде

      қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі дербес

      деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.

      Басшы

      _______________________________             ________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңбасы)             (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__"______