"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерінде шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2021 жылғы 2 сәуірдегі № ҚР ДСМ -27 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерінде шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерінде шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес әзірленді және стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерінде шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру процестеріне қойылатын талаптар мен қағидаларды айқындайды.
2. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;
2) жедел медициналық жәрдем (бұдан әрі – ЖМЖ) – өмірге қатер төндіретін жіті аурулар мен жай-күйлер кезінде, сондай-ақ оқиға орнында және (немесе) медициналық ұйымға бару жолында денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау үшін шұғыл және кезек күттірмейтін нысандағы медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесі;
3) қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр – клиникалық қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген дәрілік заттардың, сондай-ақ орфандық (сирек) дәрілік препараттардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық ұйымдардың дәрілік формулярларын әзірлеу және дәрілік заттарды сатып алу тізімдерін қалыптастыру үшін міндетті негіз болып табылатын тізбесі;
4) кезек күттірмейтін медициналық көмек – пациенттің өміріне анық қатер төндірмейтін, кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек;
5) клиникалық хаттама – пациенттің белгілі бір ауруы немесе жай-күйі кезіндегі профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсынымдар;
6) консилиум – кемінде үш дәрігердің қатысуымен диагноз қою, емдеу тактикасын айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу;
7) медициналық бұйымдар – медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника;
8) медициналық ұйым – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
9) төтенше жағдайлар – адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, елеулі материалдық нұқсанға және адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан аварияның, өрттің, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзаланың салдарынан қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай;
10) шұғыл медициналық көмек – денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек.
2-тарау. Стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымның қабылдау бөлімшесінің құрылымы
3. Қабылдау бөлімшесі кейіннен шұғыл медициналық көмек көрсетумен триаж-жүйе бойынша медициналық іріктеу жүзеге асырылатын стационардың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Шұғыл пациенттерді қабылдауға арналған қабылдау бөлімшесіне кіру жоспарлы емдеуге жатқызуға түсетін пациенттер үшін кіреберістен бөлек болады.
4. Қабылдау бөлімшесі стационардың негізгі кіреберісінен бөлек, негізгі жолға жақын және 8 (сегіз) градустан аспайтын еңістігі бар зембілдерге арналған пандусы бар жедел медициналық жәрдем қызметінің санитариялық автокөлігінің еркін кіру және шығу мүмкіндігі бар оңай жерде, цокольдық қабатта немесе жедел медициналық жәрдем қызметінің санитариялық автокөліктерінің тікелей кіру мүмкіндігі бар қабатта орналасады.
5. Бір аумақта орналасқан бірнеше ғимаратта медициналық қызметтерді көрсететін медициналық ұйымдар пациентті қабылдау бөлімшесі мен стационардың басқа құрылымдық бөлімшелерінің арасында тасымалдау үшін жабық жалғау өткелдерімен қамтамасыз етіледі.
6. Пациенттердің жай-күйіне жағымсыз ауа райы жағдайларының әсерін болдырмау үшін жедел медициналық жәрдемнің санитариялық автокөлік, сондай-ақ басқа да көлік құралдары тұрағы мен қабылдау бөлімшесінің арасында жабық аймақ орнатылады.
7. Стационардың іргелес аумағында және сыртқы көшелерде қабылдау бөлімшесіне бағытты көрсететін белгілер орнатылады.
8. Стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін ұйымның аумағына кірер кезде ақ негізде қызыл жазулармен жарықтандырылған және түнгі уақытта көрінетін бағыттаушы белгілер орнатылады.
9. Қабылдау бөлімшесіне кіре берісте кемінде 20 (жиырма) метр қашықтықтан оқылатын шамада "Қабылдау бөлімі", "Приемное отделение", "Emergency department" деген жазулары бар жарықтандырылған маңдайша орнатылады.
10. Қабылдау бөліміне кіре берісте кресло-арбаларды және функционалдық сырғытқыларды сақтауға арналған аймақ болады.
11. Қабылдау бөлімшесінде триаж-жүйесі бойынша медициналық іріктеу жүргізуге және пациенттерді тіркеуге арналған аймақ бөлінеді.
12. Қабылдау бөлімшесінің құрылымында мыналар:
1) тіркеу орны (тіркеу орны - диспетчерлік);
2) пациенттерді байқауға арналған пост;
3) триаж-жүйесі бойынша медициналық іріктеу нәтижелерін ескере отырып, мобильдік функционалдық сырғытпалары (кереуеттері) бар қарап-тексеру аймақтары;
4) шұғыл хирургиялық араласуға арналған операциялық зал;
5) манипуляциялық;
6) келіп түскен сәттен бастап емдеуге жатқызуға көрсетілімдер және алдын ала диагноз анықталғанға дейін шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған пациенттердің қысқа мерзімді болу палаталары (диагностикалық палаталар);
7) қарқынды терапия палатасы (палаталары) (бұдан әрі – ҚТП);
8) зертханалық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық және эндоскопиялық диагностика жүргізуге арналған аймақтар;
9) амбулаториялық пациенттерді қарап-тексеру аймақтары;
10) инфекциялық ауруға күдігі бар адамдарға арналған изолятор ұйымдастырылады.
13. Триаж-жүйе бойынша іріктеу аймағы функционалдық сырғытқылармен, кресло-арбалармен жарақтандырылған.
14. Пациенттердің қысқа уақыт болу аймақтары (палаталары) (диагностикалық палаталар) мобильдік функционалдық сырғытқылармен (кереуеттермен) жарақтандырылған жеке бөлмелермен айқындалады, жеке бөлмелерді бөлу мүмкін болмаған жағдайда кереуеттер бір-бірінен төсекаралық перделермен бөлінеді. Кереуеттердің жанында мобильдік диагностикалық жабдық орналасқан.
15. Зертханалық зерттеулерге арналған биоматериалдар пациенттің тұрған жерінде сары және қызыл аймақтарда алынады және персоналдың алып жүруімен тиісті бөлімшелерге жіберіледі.
16. Қабылдау бөлімшесінде пациенттердің және олардың жақындарының биоматериалдарын жеткізуге жол берілмейді.
17. Қабылдау бөлімшесінде зертханалық тексеру әдістеріне арналған мобильді, жылжымалы, портативті аппараттар, ықшам автоматты гематологиялық анализаторлар, палатадағы пациенттің жанында жедел диагностика жүргізу үшін автоматты зәр анализаторлары пайдаланылады.
18. ҚТП қарқынды терапия жүргізуге арналған дәрілік заттармен және медициналық жабдықтармен жарақтандырылады.
19. Шұғыл хирургиялық араласуға арналған операциялық зал шұғыл операцияларды жүргізуге арналған дәрілік заттармен және медициналық жабдықтармен жарақтандырылады.
20. Операциялық залдарға және ҚТП кіру тек медицина персоналдарына ғана ашылатын есіктерді орнатумен бұғатталады. Шұғыл пациенттердің жарақаттануын барынша азайту мақсатында тыныс алу медициналық жабдығы, сондай-ақ стационардың қабылдау бөлімшесі пациентінің жай-күйін мониторингілеуге арналған жабдық жедел медициналық көмек қызметінің санитариялық көлігінің жабдықтарымен бірдей болуы тиіс.
21. Триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеуге сәйкес қабылдау бөлімшесі қызыл аймаққа, сары аймаққа және жасыл аймаққа бөлінеді, олар тиісті түсті бағыттаушы көрсеткіштерімен белгіленеді.
22. Аймақтардағы пациенттердің ағындары еденде тиісті түсті бағыттаушы жолақтармен (сызықтармен) және қабырғалардағы ақпараттық көрсеткіштермен белгіленеді.
23. Күту үшін пациенттер мен оның жақындарына жасыл және сары аймаққа жақын күту аймақтары, ақпараттық баған қамтамасыз етіледі.
24. Қабылдау бөлімшесінде көрінетін жерде кезекші дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мамандығы, лауазымы, өтініш жасауға арналған телефон нөмірлері, кезекші дәріханалардың тізімі көрсетілген жарықтандырылған маңдайша орнатылады.
25. Қабылдау бөлімшесіне кіру және шығу кезінде мүмкіндіктері шектеулі пациенттерге қолайлылықты қамтамасыз ету үшін тасымалдау құралдары (кресло-арбалар, сырғытқылар) болады.
26. Қабылдау бөлімшесі "Пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылауқұралдарын, байқау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-335/2020 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22006 болып тіркелген) сәйкес бақылау камераларымен жарақтандырылады. Бақылау жүйесі 2 (екі) ай бойы сақталатын бейне- аудиожазбаны да қамтиды.
27. Қабылдау бөлімшелері жанындағы автотұрақтар қауіпсіздік шараларымен, жарықпен, бақылау камераларымен қамтамасыз етіледі.
3-тарау. Стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымның қабылдау бөлімшесі қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары
28. Шұғыл медициналық көмек "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде көрсетіледі.
29. Стационардың қабылдау бөлімшесінде шұғыл медициналық көмек "Тәулік бойы стационар жағдайларында емдеуді қажет етпейтін диагнозды анықтағанға дейін тәулік бойы стационардың қабылдау бөліміндегі емдік-диагностикалық іс-шаралар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-192/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21639 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі.
30. Стационардың қабылдау бөлімшесі қызметінің негізгі бағыттары:
1) шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету;
2) халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетудің ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін дамыту және жетілдіру, заманауи медициналық технологияларды енгізу, медицина персоналдарының жұмыс сапасын арттыру;
3) халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету кезінде медициналық ұйымдармен сабақтастықты қамтамасыз ету;
4) төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылға қатысу болып табылады.
31. Шұғыл медициналық көмек көрсету клиникалық хаттамалардың негізінде жүзеге асырылады.
32. Бастапқы медициналық құжаттама "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) сәйкес толтырылады.
33. Қабылдау бөлімшелері тізбесін Кодекстің 7-бабының 46) тармақшасына сәйкес бекітілген Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр негізінде стационардың Формулярлық комиссиясы бекітетін дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.
4-тарау. Стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымның қабылдау бөлімшесінде триаж жүйесі бойынша медициналық іріктеу тәртібі
34. Қабылдау бөлімшесінде медициналық көмек олардың жай-күйінің ауырлық дәрежесіне және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпке қарай триаж (пациенттерді медициналық немесе санитариялық іріктеу) негізінде көрсетіледі.
35. Қабылдау бөлімшесінің медициналық персоналы триаж-жүйесі бойынша медициналық іріктеуді қолдана отырып, қабылдау бөлімшесінің жұмысын ұйымдастырудың негізгі қағидаттарымен оқытылған.
36. Триаж-жүйе бойынша медициналық іріктеу үздіксіз және сабақтастықпен жүргізіледі. Бір пациенттің жай-күйін алғашқы бағалаудың бүкіл процесі 60 (алпыс) секундтан аспайды.
37. Триаж-жүйесі бойынша медициналық іріктеуді жүргізу кезінде пациенттердің 3 тобы бөлінеді:
бірінші топ (қызыл аймақ) – өміріне тікелей қауіп төнетін немесе нашарлау қаупі жоғары және шұғыл медициналық көмекті талап ететін пациенттің жай-күйі;
екінші топ (сары аймақ) – өміріне әлеуетті қауіп төнетін немесе жағдайдың дамуымен өршуі мүмкін, шұғыл медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай-күйі;
үшінші топ (жасыл аймақ) - өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп жоқ және емдеуге жатқызуды талап етпейтін пациенттің жай-күйі.
38. Пациент стационардың қабылдау бөлімшесіне келіп түскен кезде арнайы оқытылған мейіргер пациенттің жай-күйіне, оның ықтимал нашарлауына және шұғыл медициналық көмек көрсетудің бірінші кезектілігіне қарай алғашқы бағалауды және келіп түскен пациенттерді топтарға бөлуді жүргізеді.
39. Алғашқы бағалау аяқталғаннан кейін іріктеу аймағындағы пациенттер түсі іріктеу тобына сәйкес келетін білезіктермен (биркалар, ленталар) сәйкестендіріледі.
40. Пациентке тіркеу аймағында осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша триаж картасы ашылады.
41. Қажеттілігіне қарай жауапты маман қосымша орындармен қамтамасыз етіледі және бөлімшенің жұмысын күшейту және уақтылы шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қабылдау бөлімшесінен тыс бөлімшелерден қосымша мамандар тартылады.
42. Жасыл аймақтың пациенті қабылдау бөлімшесінің қарап-тексеру кабинетіне жіберіледі. Қарап-тексеру кабинетінде емдеу-диагностикалық іс-шаралардың қажетті көлемі жүргізіледі.
43. Қабылдау бөлімшелерінде сары аймақта пациентті бақылау 24 (жиырма төрт) сағаттан аспайды, осы уақыт ішінде қабылдау бөлімшесінің мамандары шұғыл медициналық көмектің қажетті көлемін жүзеге асырады.
44. Пациенттерге сары және жасыл аймақтарда емдеу-диагностикалық іс-шаралар дереу және толық көлемде жүргізіледі.
45. Денсаулық сақтау ұйымына емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдер болмаған жағдайда қабылдау бөлімшесінің дәрігері пациентке "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамаларының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 027/е нысаны бойынша анықтама береді.
46. Қабылдау бөлімшесінің мейіргері медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымына МСАК-қа тіркелген жағдайда пациенттің тіркелген орны бойынша ақпараттық жүйе арқылы активті (хабарлама) жібереді.
47. Қызыл аймақ пациенті кідіріссіз және тіркеусіз қарқынды терапия палатасына тасымалданады.
48. Жай-күйінің нашарлауы немесе жақсаруы кезінде пациент алғашқы аймақтан оның жай-күйіне сәйкес келетін басқа аймаққа ауыстырылады.
49. Қабылдау бөлімшесінің дәрігері емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүргізгеннен кейін пациенттің жай-күйіне қайта бағалау жүргізеді және мынадай:
1) пациентті амбулаториялық емдеуге жіберу;
2) стационардың бейінді бөлімшесіне емдеуге жатқызу;
3) басқа медициналық ұйымға емдеуге ауыстыру шешімдерінің бірін қабылдайды.
50. Стационарда бос орын болмаған жағдайда пациентті бос орны бар қолайлы медициналық ұйымдардың біріне жіберу жүзеге асырылады.
51. Жүрек-қантамыр жүйесінің, тыныс алудың, санасының тежелуінің және созылмалы қан кетумен тұрақсыз көрсетілімдері бар пациенттер басқа медициналық ұйымға тасымалдауға жатпайды.
52. Пациент тасымалдауға жатпайтын жағдайда және қажетті бейінді мамандар болмаған кезде басқа медициналық ұйымдардан білікті мамандарды шақыру жүзеге асырылады. Пациент қарқынды терапияның барлық кешені жүргізілетін ҚТП-ға орналастырылады.
53. Пациенттің жай-күйі тұрақтанғаннан кейін консилиумның шешімімен пациент бейінді медициналық ұйымға ауыстырылады. Пациентті одан әрі тексеру және емдеу үшін ауру бейіні бойынша басқа медициналық ұйымға ауыстыру үшін жіберуші медициналық ұйым өзінің санитариялық автокөлігін пайдаланады.
54. Егер пациент жүгінген немесе жеткізілген медициналық ұйымда шұғыл медициналық көмек көрсету үшін барлық ресурстар болса, ол басқа медициналық ұйымға жіберілмейді.
55. Пациент қабылдау бөлімшесінде қайтыс болған кезде пациенттің қайтыс болу фактісі "Жүкті, босанатын әйелдердің қайтыс болу жағдайлары, сондай-ақ босанған әйелдер босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болған жағдайда, пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтер) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу жағдайлары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-100/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21181 болып тіркелген) сәйкес осы медициналық ұйымға тіркеледі.
56. Айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық ауру фактісі анықталған кезде пациентті байқау және шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қабылдау бөлімшесінің басқа үй-жайларынан оқшауланған оқшаулағышқа орналастырады.
57. Оқшаулағышқа (боксқа) кіру арнайы тамбур арқылы жүзеге асырылады, онда жеке қорғаныш құралдары (бір реттік қолданылатын киім жиынтығы, бір реттік қолданылатын маскалар, қалпақтар, бахилалар) орналастырылады және санитариялық торабы бар санитариялық бөлме бар.
58. Оқшаулағыш оттегі жеткізгіштерімен, сығылған ауамен және вакуум аспираторымен, сондай-ақ медициналық бұйымдармен және дәрілік препараттармен қажетті медициналық жабдықпен толық жарақтандырылған.
59. ЖМК бригадалары пациентті инфекциялық стационарлардың қабылдау бөлімшесіне жатқызған кезде осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша санитариялық көлікке дезинфекциялық өңдеу жүргізу актісін бере отырып, арнайы жабдықталған санитариялық алаңда санитариялық көлікті дезинфекциялауды жүзеге асырады және бригада мүшелерінің қорғаныш костюмдерін, жеке қорғаныш құралдарын алып тастау, оларды кейіннен зарарсыздандыру және қажет болған жағдайда бригада мүшелерін санитариялық өңдеу үшін жағдайлар ұсынылады.
60. Қабылдау бөлімшесі "Денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-167/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21560 болып тіркелген) сәйкес медициналық бұйымдармен қамтамасыз етіледі.
61. Стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерінде көмек көрсететін жұмыскерлер штаты Кодекстің 138-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерінде шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 1-қосымша |
|
Нысан |
ТРИАЖ КАРТАСЫ КАРТА ТРИАЖА
Медициналық ұйымның атауы: …………………………………………………………………... | |||||||||||||||||||||
Пациенттің тіркеу нөмірі: Регистрационный номер пациента | Триаж коды (біріншілік) /Триаж код (первичный) | Күні/Дата: …../…../……. | Уақыты/Время: | ||||||||||||||||||
|
Жынысы/Пол: | ||||||||||||||||||||
Қан тобы/Группа крови:……………… | |||||||||||||||||||||
Пациент жеткізілді |
Пациентті алып жүруші адам/ |
Пациенттің жағдайы/ | |||||||||||||||||||
□ ЖМЖ бригадасымен/ бригадой СМП |
□ Өзі/Один |
□ Өздігінен жүре алады/ Может самостоятельно ходить | |||||||||||||||||||
Есінің деңгейі/ Уровень сознания: | Пациенттің эмоционалды жай-күйі/ Эмоциональное состояние пациента: | Сөйлеудегі жай-күйі/ Состояние речи: | |||||||||||||||||||
□ Айқын/ Ясное |
□ Сабырлы/Спокойный |
□ Қалыпты/ Норма | |||||||||||||||||||
Ақпарат алынды/Информац. собрана от: | Аллергия: | Бұрын сіреспеге қарсы вакцина алды/ Получил ранее вакцину против столбняка: | |||||||||||||||||||
□ Пациенттен/Пациента |
□ Жоқ/Нет; □Иә/ Да (реагент):………………………. | □ Жоқ/Нет; □ Иә/Да; □ Ақпарат алынған жоқ/ Не удалось получить информацию | |||||||||||||||||||
Диспансерлік тіркеуде тұрады/ Состоит на диспансерном учете: |
Зиянды әдеттер/ Вредные привычки: |
Алкогольдік / есірткілік мас болу/ Алкогольное/наркотическое опьянение | |||||||||||||||||||
Пайдаланылатын протездер мен қосалқы құралдар/Используемые протезы и вспомогательные инструменты | |||||||||||||||||||||
Салдарлық аурулар/Фоновые заболевания: | |||||||||||||||||||||
Түскен кездегі шағымдары/Жалобы при поступлении:............................................................................................. | |||||||||||||||||||||
Дәрілік заттарды қабылдайды/ Принимает лекарственные средства: □ Жоқ/ Нет; □ Иә/Да:………………………..... | |||||||||||||||||||||
Ауырған аурулар ( инфекциялық аурулар/ жарақаттар / хир. операциялар)/Перенесенные заболевания ( инфекционные болезни/ травмы/ хир. операции): □ Жоқ/ Нет; □ Иә/Да:………………………… | |||||||||||||||||||||
Дәрігердің Т.А.Ә./ Ф.И.О. врача: | Мейіргердің Т.А.Ә./Ф.И.О. медсестры: | ||||||||||||||||||||
Ауруды бағалау/Оценка боли боль, по рисунку о 1 до 10 балла 0 2 4 6 8 10 Ауру жоқ/ Жеңіл ауырсыну Шыдамды ауырсыну Айқын ауырсыну Қатты ауырсыну Шыдатпайтын ауырсыну Боли нет Легкая боль Терпимая боль Выраженная боль Сильная боль Невыносимая боль Байланысу мүмкін емес пациенттер үшін бет өрнек шкаласын пайдаланыңыз Используйте шкалу выражений лица для пациентов, с которыми нельза связаться Ауырсынудың модификацияланған бет шкаласы | |||||||||||||||||||||
Уақыт/ Время | Мейіргердің Т.А.Ә.(бар болса)/ФИО мед.сестры (при его наличии) | Тағайындалған дәрілік заттар (атауы, дозасы, енгізу жолы, уақыты)/ Назначенные лекарственные средства (название, доза, путь введения, время) | |||||||||||||||||||
t | Тамыр соғысы/пульс | ТЖ/ ЧД | АҚ/АД | Sat O2 | |||||||||||||||||
Уақыт/ Время | Аспаптық зерттеу әдісінің атауы /Наименование инструментального метода исследования | Дәрігердің/мейіргердің Т.А.Ә.(бар болса)/ ФИО врача/мед.сестры (при его наличии) | Зерттеудің Клиникалық-зертханалық әдісінің атауы/Наименование клинико-лабораторного метода исследования | Дәрігердің/мейіргердің Т.А.Ә.(бар болса)/ ФИО врача/мед. сестры (при его наличии) | |||||||||||||||||
Уақыты/Время | Медициналық іс-шаралардың атауы/ Наименование медицинской процедуры | Дәрігердің/мейіргердің Т.А.Ә.(бар болса)/ ФИО врача/мед.сестры (при его наличии) | |||||||||||||||||||
Клиникалық диагнозы/ Клинический диагноз |
Триаж коды (екіншілік)/ | Нәтиже/ Исход | |||||||||||||||||||
Красный | Желтый | Зеленый |
□ АРҚТБ/ҚТП емдеуге жатқызылды/Госпитализирован в ОАРИТ/ПИТ; | ||||||||||||||||||
□ Қызыл/Красный |
Дәрігердің/мейіргердің Т.А.Ә. (бар болса)/ ФИО врача/мед.сестры (при его наличии)
____________________________________________________
Қолы/Подпись
Күні/Дата: _____/_____/_____________ж./г.
Уақыты/ Время: _______сағ._________мин
МАЖ бар болған жағдайда электрондық түрде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерінде шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 2-қосымша |
Санитариялық көлікке дезинфекциялық өңдеу жүргізу актісі
Пациенттің Т.А.Ә. (бар болса)____________________
Жасы, туған күні __________________
Диагнозы: ___________________________________
Медициналық ұйымға түскен күні және уақыты _____________
Дезинфекцияның басталу уақыты __________ Дезинфекцияның аяқталуы уақыты _________
Көлік дезинфекциясы №____________
Дезинфекциялау құралының атауы ______________
Пайдаланылған концентрация _____________
Экспозиция уақыты __________________
Дезинфекциялаушы (Т.А.Ә., қолы) ________________
Экипаж фельдшері немесе командирі (Т.А.Ә., қолы) ____________________