Пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылауқұралдарын, байқау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-335/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22006 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.04.2023 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. "Пациенттер құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсаттарында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11439 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 маусымдағы № 121 (28247) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 390 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалу туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-335/2020 бұйрыққа
қосымша

Пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураны қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 34) тармақшасына сәйкес әзірленді және оларды қолдану тәртібін анықтайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.04.2023 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) анықтама-ақпараттық үй-жайлар – әдістемелік ақпарат кабинеттері, анықтама беру бөлімі;

      2) жеке гигиена үй-жайы – дәретханалар, ванналар, душ бөлмелері;

      3) техникалық құралдар (бұдан әрі - ТҚ) – техникалық бақылау құралдары, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптары, фото-, бейнеаппаратуралар;

      4) үй-жайлардың аумағы – дәліздер, холлдар, тіркеу орнымен вестибюль, дәріхана пункті, дәріхана, арба қоятын жер, келушілер мен қызметкерлер үшін киім ілетін жер, анықтама-ақпараттық үй-жайлар, қабылдау бөлімшесінде амбулаториялық-емханалық ұйымның ақылы қызметтерге ақшаны қабылдау кассасының үй-жайы және стационарлық жағдайларда медициналық көмек көмек көрсететін бөлімшелердің постарында;

      5) жылжымалы медициналық кешендер - ауылдық жерлердің және шалғайдағы елді мекендердің халқына көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және тізбесін кеңейту үшін не қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін пайдаланылатын, қажетті медициналық жабдықпен жарақтандырылған автомобиль көлігі базасындағы мобильді клиникалар (кабинеттер);

      6) опоид агонистері - опоидты тәуелділікті емдеу үшін қолданылатын және оның әсер ету механизмі опоидті рецепторларды белсендіруден тұратын дәрілік заттар тобы.

      3. ТҚ қолдану бұл объективті шындықты білу үшін болып жатқан іс-қимылдарды, оқиғаларды, фактілерді белгілеу мақсатында ТҚ пайдалануды білдіреді.

      Пациент қайтыс болған жағдайда ТҚ арқылы жасалған жазбаларға қол жеткізу өтініш бойынша балалары мен артында қалған жұбайына (зайыбына) беріледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.01.2022 № ҚРДСМ-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. ТҚ ішкі және сыртқы болып бөлінеді:

      1) ішкі ТҚ медициналық ұйымдардың үй-жайларына орнатылады;

      2) сыртқы ТҚ бақыланатын аумақты толық қамтуға мүмкіндік беретін қашықтықтағы аумақтың периметрі бойынша орнатылады.

      5. Бақылау объектілері:

      1) медициналық ұйым аумағындағы үй-жайдағы азаматтар;

      2) медициналық ұйымда емделуде жүрген пациенттер;

      3) медицина қызметкерлері;

      4) медициналық ұйымның аумағы мен үй-жайы болыптабылады.

      6. ТҚ орналасқан жерлерде "Бейне бақылауда" деген жазумен маңдайша орнатылады.

2-тарау Денсаулық сақтау ұйымдарында техникалық бақылау құралдарының, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарының, фото-, бейнеаппаратуралардың орналасуы

      7. ТҚ қолданылуы (бір немесе бірнеше жерде) белгіленген аумақты бақылаумен мүмкін болатын қамтудың және іс-қимылды белгілеудің қажеттілігімен айқындалады.

      8. Амбулаториялық жағдайда медициналық көмек көрсететін ұйымдарда, ТҚ:

      1) жалпы үй-жайдың аумағында;

      2) емдеу-диагностикалық бөлімше, травматологиялық пункт, жедел медициналық жәрдем бөлімшесі, әйелдер консультациясы,дәріхана пункті, дәріхана, стоматологиялық бөлімше, жылжымалы медициналық кешендер орналасатын медициналық ұйымдардың дәліздерінде қолданылады.

      8-1. Пациенттің немесе оның заңды өкілінің фотосуретке немесе бейнеге жазбаша немесе электрондық ақпараттандырылған келісімін алған жағдайда биологиялық материалды алу және қабылдау пунктінің қан алу кабинетінде ТҚ-ны қолдануға және оның бейнелерін кейіннен пайдалануға жол беріледі.

      Медициналық қызметкер мен медициналық ұйым арасында еңбек шартын жасасу кезінде медициналық қызметкердің фотосуретке немесе бейнежазбаға немесе электрондық түрде хабардар етілген келісімі осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес орналасқан жерлерінде ТҚ қолданған кезде оның бейнелерін жазу және кейіннен пайдалану ресімделеді.

      Жазбаша немесе электрондық ақпараттандырылған келісім еркін нысанда ресімделеді.

      Ескерту. 2-тарау 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.04.2023 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. ТҚ стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін ұйымдарда:

      1) жалпы үй-жайдың аумағында;

      2) патологоанатомиялық бөлімшені, дәріханаларды, ас дайындау қызметін, қызметтік үй-жайларды, клиникалық кафедралардың үй-жайларын қоса алғанда құрылымдық бөлімшелердің дәліздерінде қолданылады.

      10. ТҚ перинаталдық орталықтарда, перзетханаларда, босандыру бөлімшелерінде, жүкті әйелдерді, босанатын және босанған әйелдерді қабылдау үй-жайларына, жаңа туған нәрестелердің патологиясы және туабіткен даму ақаулары бар балалар үшін бөлімшелердің үй-жайларында орнатылады.

      11. ТҚ психикалық денсаулық облысында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда және фтизиопульмонологиялық ұйымдарда:

      1) жалпы үй-жайдың аумағында;

      2) медициналық ұйымның қабылдау бөлімшесінде;

      3) психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және масаң күйде болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізуге арналған үй-жайларды қоса алғанда, опиоид агонистерімен қолдау көрсететін терапия кабинеттерінде, уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарда емдеу-диагностикалық бөлімшелер орналасқан үй-жайлардың дәліздерінде қолданылады.

      12. ТҚ қолдану осы Қағидалардың 8-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың жеке гигиена үй-жайларында, ем-шара және манипуляциялық кабинеттерде, операциялық блоктарда ТҚ қолдануға рұқсат етілмейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.04.2023 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.