"Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Рес

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 наурыздағы № 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 наурызда № 32112 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 223-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау тәртібін айқындайды (бұдан әрі – білім алушылар).";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім берудің білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Базалық пәндер циклін игеру аяқталғаннан кейін үздіксіз медициналық білім берудің білім беру бағдарламаларының білім алушылары бағалауға жатады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Білім алушыларды бағалауды бағалау жөніндегі ұйым жүргізеді.

      Білім мен дағдыларды бағалау жөніндегі ұйымың немесе келісім бойынша денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының базасында жүргізіледі.

      Емтихан материалдарын әзірлеу, сараптау және жаңарту тәртібін бағалау жөніндегі ұйым жүзеге асырады. Тест спецификациялары мен дағдыларды бағалау тізбесі денсаулық сақтау кадрларын даярлау бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктермен келісіледі.";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 223-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің (бұдан әрі – түлектер) кәсіптік даярлығын бағалау жүргізу тәртібін айқындайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Түлектерді бағалау денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының қаражаты есебінен ақылы негізде жүргізіледі. Қайта тапсырған және (немесе) дәлелді себептермен келмеген жағдайларда төлем жүргізілмейді. Қайта тапсырған және (немесе) дәлелсіз себептермен келмеген жағдайларда ақы төлеу түлектердің жеке қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүргізіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Түлектерді бағалауды бағалау жөніндегі ұйым жүргізеді.

      Білім мен дағдыларды бағалау жөніндегі ұйымың немесе келісім бойынша денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының базасында жүргізіледі.

      Емтихан материалын әзірлеуді, сараптауды және жаңартуды бағалау жөніндегі ұйым жүзеге асырады. Тесттерді сертификаттау және дағдыларды бағалау тізбесі денсаулық сақтау кадрларын даярлау бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктермен келісіледі.

      Емтихан материалдарының базасын жаңарту түлектерді бағалау жүргізілгенге дейін бір ай бұрын жүргізіледі.

      Емтихан материалын әзірлеуге білім берудің барлық деңгейлерінің сарапшылары тартылады.

      Қорытынды мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша бағалау ұйымы түлектердің білім сапасына талдау жасайды.";

      13, 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Түлектердің білімін бағалау тест сұрақтарының көмегімен автоматтандырылған компьютерлік тестілеу арқылы жүргізіледі.

      Білім бағасының шекті балын оқу-әдістемелік бірлестіктермен келісім бойынша бағалау жөніндегі ұйым белгілейді.

      Апелляцияны есепке алмағанда білімді бағалау жөніндегі ұйым басшысы қол қойған нәтижелерінің хаттамасы білімді бағалау жүргізілген күні денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына ұсынылады.

      Білімді бағалауға келмеген түлектер нәтижелер хаттамасында көрсетілмейді.

      Келмеу себебіне қарамастан, білімді бағалаудан өту үшін келмеген түлектер қайта белгіленген мерзімде бағалау жөніндегі ұйымның базасында білімін бағалаудан өтеді.

      14. Білім мен дағдыларды бағалау бағалау жөніндегі ұйымның немесе денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының базасында келісім бойынша жүргізіледі.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Түлектің дәлелді себебі бойынша (денсаулық жағдайына, әскери қызметке шақырылуына немесе өзге де объективті себептерге байланысты) кәсіптік даярлықты бағалаудан (қорытынды аттестаттаудан) қайта өтуге жіберу МАК-тың оң шешімі негізінде жүзеге асырылады. Оң бағаны арттыру мақсатында білімді және (немесе) дағдыларды қайта бағалауға жол берілмейді.

      Бағалаудың бірінші немесе екінші кезеңінің қанағаттанарлықсыз нәтижесі кезінде кәсіптік даярлықты қайта бағалаудан (қорытынды аттестаттаудан) өту мерзімі Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі негізінде 6 (алты) айдан кейін жүзеге асырылады.

      Кәсіптік даярлықты қайта бағалау кезінде қанағаттанарлықсыз нәтиже алған түлектерге белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Республикалық апелляциялық комиссияға апелляциялық өтініштерді беру және қарау тәртібі";

      25, 26, 27, 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Бағалаудың бірінші немесе екінші кезеңдерінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, түлек бағалау жөніндегі ұйымға апелляциялық бағалау жүргізілген кейін 24 сағат ішінде апелляцияға береді. Бағалау жөніндегі ұйым бағалаудың бірінші немесе екінші кезеңі аяқталғаннан кейін үш күн ішінде апелляциялық өтініштерді қалыптастырады және қарау үшін Республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.

      Бағалау жөніндегі ұйым 3 (үш) жұмыс күні ішінде апелляциялық өтініштерді қалыптастырады және қарау үшін Республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.

      Республикалық апелляциялық комиссияның хатшысы бағалау жөніндегі ұйымның бағалау (бағалау) парағын (парақтарын), бағалаудың аудио және бейне жазбаларын қамтитын өтініш берушінің апелляциялық өтініштері мен бағалау материалдарын тіркейді.

      26. Республикалық апелляциялық комиссия бағалау жөніндегі ұйымның апелляциялық өтініштерін қарау аяқталғаннан кейінгі күні апелляцияларды қарауға кіріседі.

      27. Апелляциялық комиссия қараған кәсіптік даярлықты бағалау нәтижелерінің қорытынды хаттамасы Республикалық апелляциялық комиссияның отырысынан кейін ұсынылады.

      28. Кәсіптік даярлықты бағалаудың (қорытынды аттестаттаудың) қорытынды нәтижелері апелляцияны ескере отырып, бітірушінің БАЖ-дегі жеке кабинетінде көрсетіледі және Республикалық апелляциялық комиссия отырысынан кейін бағалау нәтижелерінің жиынтық хаттамасы түрінде денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына бағалау жөніндегі ұйым ұсынады.";

      көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларында:

      1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 223-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Кодекс) және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау (бұдан әрі – Бағалау) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:

      1) апелляциялық комиссия – үміткерлердің апелляциялық өтініштерін қарау үшін бағалау жөніндегі ұйым қызметкерлері мен тәуелсіз сарапшылар қатарынан бағалау жөніндегі ұйым құратын комиссия;

      2) бағалау жөніндегі ұйым – білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын бағалау рәсімін жүзеге асыратын, уәкілетті орган аккредиттеген ұйым;

      3) бағалаудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – БАЖ) – пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолдау арқылы білім алушылардың білімі мен дағдыларын, түлектер мен мамандардың денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік даярлығын бағалауды техникалық сүйемелдеуге және жүргізуге арналған автоматтандырылған ақпараттық платформа;

      4) білімді бағалау – денсаулық сақтау саласындағы тиісті мамандық бойынша үміткердің теориялық білім деңгейін анықтау;

      5) дағды – алынған білімнің жиынтығымен қамтамасыз етілетін және жаттығулар арқылы қалыптасқан, іс-қимылды орындаудың меңгерілген әдісі; бірнеше қайтара қайталау жолымен автоматизмге дейін жеткізілген іс-қимыл;

      6) денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру (бұдан әрі – қосымша білім беру) – кәсіптік білімді, машықтар мен дағдыларды қолдау, кеңейту, тереңдету және жетілдіру, сондай-ақ жаңа (қосымша) құзыреттерді игеру үшін денсаулық сақтау кадрларының білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын оқыту процесі;

      7) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      8) емтихан алушы – денсаулық сақтау саласындағы мамандардың практикалық дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын даярланған маман;

      9) клиникалық станция – әртүрлі симуляциялық жабдықтарды (манекендер, фантомдар, муляждар, автоматтандырылған виртуалды модельдер, интерактивті оқыту компьютерлік бағдарламалары, аудио-бейне материалдар) қолдана отырып және (немесе) стандартталған пациенттердің қатысуымен клиникалық білімдер мен дағдыларды бағалауға арналған жеке жарақтандырылған бөлме (бөлме не секция);

      10) маман – денсаулық сақтау саласында кәсіптік білімі бар және медициналық немесе фармацевтикалық қызметті немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;

      11) симуляциялық технологиялар – дағдыларды пысықтау және тапсыру үшін жасанды ортадағы клиникалық жағдайлардың статикалық және динамикалық процестерін имитациялауға және жаңғыртуға мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар (манекендер, муляждар, симуляторлар, стандартталған пациенттер, виртуалды шындықтар, компьютерлік бағдарламалар);

      12) стандартталған пациент – науқасты шынайы бейнелеуге оқытылған (оның шағымдарын, психоэмоционалдық жағдайын келтіретін, қандай да бір клиникалық жағдайды жоғарғы дәрежеде сахналауға қабілеті бар), шарт қатынастарының шеңберінде маманның коммуникативтік дағдыларын бағалау үшін тартылатын жеке тұлға;

      13) дағдыларды бағалау – маманның машықтары мен дағдыларының қалыптасу деңгейін оларды көрсету немесе ситуациялық тапсырмаларды шешу процесінде анықтау дағдылары;

      14) тәжірибелік дағдыларды бағалау станциясы – әр түрлі симуляциялық жабдықтарды (манекендер, фантомдар, муляждар, автоматтандырылған виртуалдық моделдер, интерактивті оқытатын компьютерлік бағдарламалар, аудио-бейне материалдар) қолдана отырып және (немесе) стандартталған пациенттердің қатысуымен мамандардың клиникалық білімдері мен дағдыларын бағалауға арналған жеке жарақтандырылған бөлме (бөлме не секция);

      15) үміткер – Бағалаудан өтуге үміткер маман.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният