"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 223-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2023 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидалары бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Кәсіптік даярлықты бағалау және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 404 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11449 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларын бағалау қағидаларын, білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № ҚР ДСМ-46 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18577 болып тіркелген, 2019 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
"___"____________2020 жыл
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 11 желтоқсаны № ҚР ДСМ-249/2020 Бұйрығына 1-қосымша |
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 223-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау тәртібін айқындайды (бұдан әрі – білім алушылар).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау оқыту нәтижелеріне сәйкес жүргізіледі.
3. Қағидалар меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – білім және ғылым ұйымдары) қолданылады.
4. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) апелляциялық комиссия – білім алушылардың апелляциялық өтініштерін қарау үшін білім беру ұйымы құратын комиссия;
2) бағалау жөніндегі ұйым – білім алушылардың, түлектердің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын бағалау рәсімін жүзеге асыратын уәкілетті орган аккредиттеген ұйым;
3) бағалаудың ақпараттық жүйесі (БАЖ) – пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолдау арқылы білім алушылардың, түлектер мен мамандардың білімі мен дағдыларын, денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік даярлығын бағалауды техникалық сүйемелдеуге және жүргізуге арналған автоматтандырылған ақпараттық платформа;
4) білім алушы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және үздіксіз интеграцияланған медициналық және (немесе) фармацевтикалық білімнің білім беру бағдарламасын меңгеретін тұлға;
5) емтихан алушы – денсаулық сақтау саласындағы мамандардың тәжірибелік дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын даярланған маман
6) медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау (бұдан әрі – Бағалау) - білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру сапасын және білімді, іскерлікті және дағдыларды қалыптастыруын бағалау;
7) оқу-әдістемелік бірлестіктер - әртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге арналған салалық (мамандықтар, пәндер топтары) белгі бойынша білім беру процесі субъектілерінің бірлестіктері;
8) симуляциялық технологиялар - дағдыларды пысықтау және тапсыру үшін жасанды ортадағы клиникалық жағдайлардың статикалық және динамикалық процестерін имитациялауға және жаңғыртуға мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар (манекендер, муляждар, симуляторлар, стандартталған пациенттер, виртуалды шындықтар, компьютерлік бағдарламалар);
9) тест спецификациясы - пән бөлімдерінің мазмұны мен емтихан материалдарының саны бойынша тесттің мақсатын, міндеттерін, құрылымын айқындайтын білімді бағалаудың егжей-тегжейлі жоспары.
5. Білім алушыларды бағалау денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының және (немесе) келісім бойынша Бағалау жөніндегі ұйымның базасында білім беру бағдарламаларын меңгеру сапасын, білім мен дағдылардың қалыптасуын өлшеу мақсатында жүргізіледі.
2-тарау. Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім берудің білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
Ескерту. 2-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Базалық пәндер циклін игеру аяқталғаннан кейін үздіксіз медициналық білім берудің білім беру бағдарламаларының білім алушылары бағалауға жатады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Бағалау жүргізу мерзімдерін денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары оқу процесінің кестесін ескере отырып айқындайды.
8. Білім алушыларды бағалау екі кезеңнен тұрады:
1) білімді бағалау;
2) дағдыларды бағалау.
9. Бағалау білім алушының таңдауы бойынша тілде (қазақ, орыс немесе ағылшын) жүргізіледі.
10. Білім алушыларды бағалауды бағалау жөніндегі ұйым жүргізеді.
Білім мен дағдыларды бағалау жөніндегі ұйымың немесе келісім бойынша денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының базасында жүргізіледі.
Емтихан материалдарын әзірлеу, сараптау және жаңарту тәртібін бағалау жөніндегі ұйым жүзеге асырады. Тест спецификациялары мен дағдыларды бағалау тізбесі денсаулық сақтау кадрларын даярлау бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктермен келісіледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Білім алушылардың білімін бағалау тест сұрақтарының көмегімен автоматтандырылған компьютерлік тестілеумен жүргізіледі.
Білім бағасының шекті балын оқу-әдістемелік бірлестіктермен келісім бойынша Бағалау жөніндегі ұйым белгілейді.
Апелляцияны есепке алмағанда білімді бағалау нәтижелерінің хаттамасы білімді бағалау жүргізілген күні Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына ұсынылады.
Білімді бағалауға келмеген білім алушылар нәтижелер хаттамасында көрсетілмейді.
Келмеу себебіне қарамастан, білімді бағалаудан өту үшін келмеген білім алушылар ұйымның базасында бағалау бойынша жаңадан белгіленген мерзімде білімін бағалаудан өтуге міндетті.
Белгіленген шекті балдан төмен білімнің қанағаттанарлықсыз бағасын алған кезде білім алушылар дағдыларды бағалаудың екінші кезеңіне жіберілмейді.
12. Дағдыларды бағалауды емтихан алушылар симуляциялық технологияларды пайдалана отырып білім алушының тілінде таңдау, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының базасында жүзеге асырады.
Білім беру ұйымдары дағдыларды бағалаудан өту кезінде бағалаудың екінші кезеңінен өтудің аудио - және бейне - жазбасын қамтамасыз етеді. Записи архивируются и хранятся не менее 30 календарных дней со дня прохождения оценки.
Дағдыларды бағалау БАЖ-дегі бағалау парағы бойынша жүзеге асырылады. Шекті балды бағалау жөніндегі ұйым оқу-әдістемелік бірлестіктердің келісімі бойынша белгілейді.
Дағдыларды бағалау нәтижелері дағдыларды бағалау өткізілген күні беріледі. Апелляцияны ескере отырып, дағдыларды бағалаудың түпкілікті нәтижелері апелляциялық комиссияның жұмысы аяқталғаннан кейін апелляцияға өтініш берілген күннен бастап 2 күннен кешіктірілмей ұсынылады.
13. Білім алушыларды бағалау нәтижесі екі кезеңнің балдарынан жинақталады және орташа арифметикалық саны ретінде шығарылады.
14. Білім алушыларды бағалау нәтижелері денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына әрбір білім алушыға беріледі.
15. Білім алушылар білім мен дағды деңгейін өз бетінше анықтау мақсатында ерікті негізде бағалау бойынша ұйымда өзін-өзі бағалаудан өтеді.
16. Себепке қарамастан, белгілі бір мерзімде келмеген жағдайда білім алушы басқа белгіленген мерзімде бағалаудан өтеді.
17. Қайта бағалауды жүргізудің мерзімдері мен шарттарын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарымен келісу кезінде бағалау жөніндегі ұйым айқындайды.
18. Циклдерді немесе пәндерді меңгеру нәтижелері бойынша және (немесе) курстан курсқа ауыстыру кезінде бағалауды денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары дербес айқындайды және жүзеге асырады.
19. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда білім алушыларды бағалауды ұйымдастыру және жүргізу онлайн режимінде қашықтықтан оқытуды қолдана отырып көзделеді.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.05.2021 № ҚР ДСМ-46 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3-тарау. Апелляциялық өтініштерді беру және қарау тәртібі
20. Даулы мәселелерді шешу және білім алушылардың құқықтарын қорғау үшін бағалау жүргізу кезеңінде денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляциялық комиссия құрамы ғылыми-педагогикалық қызметкерлерден, практикалық денсаулық сақтау қызметкерлерінен, Бағалау жөніндегі ұйымның, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен кемінде бес мүшеден тұрады.
Бағалаудың бір немесе екі кезеңінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, білім алушы апелляцияланатын бағалау кезеңі өткізілгеннен кейін келесі жұмыс күні сағат 13.00-ге дейін апелляция береді.
Апелляциялық комиссияның хатшысы апелляциялық өтініштерді және бағалаудың аудио және бейне жазбаларын, бағалау парағын (парақтарын) қамтитын өтініш берушінің бағалау материалдарын қабылдайды және тіркейді.
21. Апелляциялық комиссия бағалаудың бірінші және (немесе) екінші кезеңдері аяқталғаннан кейін келесі күні апелляцияларды қарауға кіріседі.
22. Апелляциялық комиссия қараған білім алушыларды бағалау нәтижелерінің қорытынды хаттамасы апелляциялық комиссия отырысынан кейін келесі күні ұсынылады.
23. Апелляцияны ескере отырып, бағалаудың қорытынды нәтижелері білім алушының ИСО-дағы жеке кабинетінде көрсетіледі және денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына бағалау нәтижелерінің жиынтық хаттамасы түрінде апелляциялық комиссия отырысынан кейін 48 сағат ішінде ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 11 желтоқсаны № ҚР ДСМ-249/2020 Бұйрығына 2-қосымша |
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 223-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің (бұдан әрі – түлектер) кәсіптік даярлығын бағалау жүргізу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Түлектердің кәсіптік даярлығын бағалау тиісті білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес жүргізіледі.
3. Қағидалар меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына және ғылыми ұйымдарға (бұдан әрі - денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары) қолданылады.
4. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) білімді бағалау нәтижелерінің хаттамасы – денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша білімін бағалаудың жиынтық нәтижесі;
2) бағалау жөніндегі ұйым – білім алушылардың, түлектердің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын бағалау рәсімін жүзеге асыратын уәкілетті орган аккредиттеген ұйым;
3) бағалаудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - БАЖ) - пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолдау арқылы білім алушылардың білімі мен дағдыларын, түлектер мен мамандардың денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік даярлығын бағалауды техникалық сүйемелдеуге және жүргізуге арналған автоматтандырылған ақпараттық платформа;
4) Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау (бұдан әрі - Бағалау) - Медициналық білім беру бағдарламасы түлегінің біліктілігінің денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарт талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін білім мен дағдыларды бағалау рәсімі;
5) Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, Медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган);
6) жауапты тұлға - денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығына бағалау жүргізу кезеңіне білім беру ұфымының бірінші басшысының бұйрығымен тағайындалған білім беру ұйымының қызметкері;
7) емтихан алушы – денсаулық сақтау саласындағы мамандардың тәжірибелік дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын даярланған маман;
8) клиникалық станция-әр түрлі симуляциялық жабдықтарды (манекендер, фантомдар, муляждар, атоматтандырылған виртуалды модельдер, интерактивті оқыту компьютерлік бағдарламалары, аудио-бейне материалдар) қолдана отырып және (немесе) стандартталған пациенттердің қатысуымен клиникалық білімдер мен дағдыларды бағалауға арналған және жабдықталған (бөлме немесе секция);
9) қорытынды аттестаттау - бітірушілердің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
10) Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – МАК) – денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламаларын бітірушілерді қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу үшін денсаулық сақтау саласындағы білім беру және (немесе) ғылым ұйымы құратын комиссия;
11) оқу-әдістемелік бірлестік - әртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу үшін салалық (мамандықтар, пәндер топтары) белгі бойынша білім беру процесі субъектілерінің бірлестіктері;
12) Республикалық апелляциялық комиссия - Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің апелляциялық өтініштерін қарау үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия;
13) симуляциялық жабдық- нақты жағдайларға барынша жақындатылған стандартталған жағдайларда модельдеуге мүмкіндік беретін құрылғылар, инструменттер, аппаратура;
14) стандартталған пациент – науқасты шынайы бейнелеуге оқытылған (оның шағымдарын, психоэмоционалдық жағдайын келтіретін, қандай да бір клиникалық жағдайды жоғарғы дәрежеде сахналауға қабілеті бар), дағдыларды бағалау үшін тартылатын жеке тұлға;
15) тест спецификациясы - пән бөлімдерінің мазмұны мен емтихан материалдарының саны бойынша тесттің мақсатын, міндеттерін, құрылымын айқындайтын білімді бағалаудың егжей-тегжейлі жоспары;
16) түлек – медициналық және (немесе) фармацевтикалық білімнің білім беру бағдарламасын, денсаулық сақтау саласындағы өзге де білім беру бағдарламасын меңгерген тұлға.
5. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалауға орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық, фармацевтикалық білімі бар және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы түлектер жатады.
6. Кәсіптік даярлықты бағалау мыналарға негізделеді:
1) тиісті мамандықтың білім беру бағдарламалары түлектерінің құзыреттеріне қойылатын талаптар;
2) салалық біліктілік шеңбері және кәсіби стандарт.
7. Түлектерді бағалау денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының қаражаты есебінен ақылы негізде жүргізіледі. Қайта тапсырған және (немесе) дәлелді себептермен келмеген жағдайларда төлем жүргізілмейді. Қайта тапсырған және (немесе) дәлелсіз себептермен келмеген жағдайларда ақы төлеу түлектердің жеке қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүргізіледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығына бағалау жүргізу тәртібі
8. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіби даярлығын бағалау екі кезеңнен тұрады:
1) білімді бағалау;
2) дағдыларды бағалау.
Кәсіптік даярлықты бағалау түлектің таңдаған тілінде (қазақ, орыс немесе ағылшын) жүргізіледі.
9. Түлектерді бағалауды бағалау жөніндегі ұйым жүргізеді.
Білім мен дағдыларды бағалау жөніндегі ұйымың немесе келісім бойынша денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының базасында жүргізіледі.
Емтихан материалын әзірлеуді, сараптауды және жаңартуды бағалау жөніндегі ұйым жүзеге асырады. Тесттерді сертификаттау және дағдыларды бағалау тізбесі денсаулық сақтау кадрларын даярлау бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктермен келісіледі.
Емтихан материалдарының базасын жаңарту түлектерді бағалау жүргізілгенге дейін бір ай бұрын жүргізіледі.
Емтихан материалын әзірлеуге білім берудің барлық деңгейлерінің сарапшылары тартылады.
Қорытынды мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша бағалау ұйымы түлектердің білім сапасына талдау жасайды.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Түлекерді бағалауды өткізу мерзімдері оқу процесінің кестесін ескере отырып, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарымен және бағалау жөніндегі ұйыммен келісіледі
11. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламаларын бітірушілердің деректерін растау үшін білім беру және ғылым ұйымдары бекітілген нысан бойынша бітірушілердің тізімін қалыптастырады және алдын ала бағалау жөніндегі ұйымға ұсынады.
12. Үміткер бағалауға келмеген жағдайда бағалауға қайта тіркеуден өту талап етілмейді. Үміткердің деректері БАЖ-да автоматты түрде сақталады.
13. Түлектердің білімін бағалау тест сұрақтарының көмегімен автоматтандырылған компьютерлік тестілеу арқылы жүргізіледі.
Білім бағасының шекті балын оқу-әдістемелік бірлестіктермен келісім бойынша бағалау жөніндегі ұйым белгілейді.
Апелляцияны есепке алмағанда білімді бағалау жөніндегі ұйым басшысы қол қойған нәтижелерінің хаттамасы білімді бағалау жүргізілген күні денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына ұсынылады.
Білімді бағалауға келмеген түлектер нәтижелер хаттамасында көрсетілмейді.
Келмеу себебіне қарамастан, білімді бағалаудан өту үшін келмеген түлектер қайта белгіленген мерзімде бағалау жөніндегі ұйымның базасында білімін бағалаудан өтеді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Білім мен дағдыларды бағалау бағалау жөніндегі ұйымның немесе денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының базасында келісім бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Дағдыларды бағалауды емтихан алушылар жүзеге асырады. Емтихан комиссиясының құрамын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымы бекітеді.
Емтихан комиссиясының құрамы оқыту бағыттары мен тілі бойынша білім беру ұйымының ғылыми – педагогикалық кадрларынан қалыптастырылады. Комиссия мүшелерінің саны әрбір станцияға бір емтихан алушыдан станциялардың санына сәйкес келеді.
16. Бітірушілердің дағдыларын бағалаудан өту кезінде ұйымдар бағалаудың екінші кезеңінен өтудің аудио - және бейне - жазбасын қамтамасыз етеді. Жазбалар мұрағатталады және бағалаудан өткен күннен бастап кемінде күнтізбелік 30 күн сақталады.
Дағдыларды бағалау БАЖ-дағы бағалау парағы бойынша жүзеге асырылады. Шекті балды бағалау жөніндегі ұйым оқу-әдістемелік бірлестіктердің келісімі бойынша белгілейді.
Дағдыларды бағалау нәтижелері дағдыларды бағалау өткізілген күні беріледі. Апелляцияны ескере отырып, дағдыларды бағалаудың түпкілікті нәтижелері апелляциялық комиссияның жұмысы аяқталғаннан кейін апелляцияға өтініш берілген күннен бастап 2 күннен кешіктірілмей ұсынылады.
17. Түлектердің кәсіби дайындығын бағалау нәтижесі екі кезеңнің балдарынан жинақталады және орташа арифметикалық саны ретінде шығарылады.
18. Кәсіптік даярлықты бағалау нәтижелері денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына әрбір түлекке беріледі.
19. Оқу бағдарламалары бойынша нәтижелілік деңгейін өз бетінше анықтау мақсатында түлектер ерікті негізде өзін-өзі бағалаудан өтеді.
20. Түлектің дәлелді себебі бойынша (денсаулық жағдайына, әскери қызметке шақырылуына немесе өзге де объективті себептерге байланысты) кәсіптік даярлықты бағалаудан (қорытынды аттестаттаудан) қайта өтуге жіберу МАК-тың оң шешімі негізінде жүзеге асырылады. Оң бағаны арттыру мақсатында білімді және (немесе) дағдыларды қайта бағалауға жол берілмейді.
Бағалаудың бірінші немесе екінші кезеңінің қанағаттанарлықсыз нәтижесі кезінде кәсіптік даярлықты қайта бағалаудан (қорытынды аттестаттаудан) өту мерзімі Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі негізінде 6 (алты) айдан кейін жүзеге асырылады.
Кәсіптік даярлықты қайта бағалау кезінде қанағаттанарлықсыз нәтиже алған түлектерге белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Кәсіптік даярлықты бағалау нәтижелері бойынша БАЖ тиісті мамандық бойынша дәрігер біліктілігін беру туралы шешім қабылдайды.
22. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда бітірушілерді бағалауды ұйымдастыру және жүргізу онлайн режимінде қашықтықтан оқытуды қолдана отырып көзделеді.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.05.2021 № ҚР ДСМ-46 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3-тарау. Республикалық апелляциялық комиссияға апелляциялық өтініштерді беру және қарау тәртібі
Ескерту. 3-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
23. Даулы мәселелерді шешу және білім алушылардың құқықтарын қорғау үшін білім мен дағдыларды бағалауды жүргізу кезеңінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен Республикалық апелляциялық комиссия құрылады.
24. Республикалық апелляциялық комиссияның құрамы бес мүшеден кем емес тақ саннан тұрады. Республикалық апелляциялық комиссияның құрамына ғылыми-педагог қызметкерлер, практикалық денсаулық сақтау қызметкерлері, аккредиттелген бағалау ұйымының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.
25. Бағалаудың бірінші немесе екінші кезеңдерінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, түлек бағалау жөніндегі ұйымға апелляциялық бағалау жүргізілген кейін 24 сағат ішінде апелляцияға береді. Бағалау жөніндегі ұйым бағалаудың бірінші немесе екінші кезеңі аяқталғаннан кейін үш күн ішінде апелляциялық өтініштерді қалыптастырады және қарау үшін Республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.
Бағалау жөніндегі ұйым 3 (үш) жұмыс күні ішінде апелляциялық өтініштерді қалыптастырады және қарау үшін Республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.
Республикалық апелляциялық комиссияның хатшысы бағалау жөніндегі ұйымның бағалау (бағалау) парағын (парақтарын), бағалаудың аудио және бейне жазбаларын қамтитын өтініш берушінің апелляциялық өтініштері мен бағалау материалдарын тіркейді.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Республикалық апелляциялық комиссия бағалау жөніндегі ұйымның апелляциялық өтініштерін қарау аяқталғаннан кейінгі күні апелляцияларды қарауға кіріседі.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Апелляциялық комиссия қараған кәсіптік даярлықты бағалау нәтижелерінің қорытынды хаттамасы Республикалық апелляциялық комиссияның отырысынан кейін ұсынылады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Кәсіптік даярлықты бағалаудың (қорытынды аттестаттаудың) қорытынды нәтижелері апелляцияны ескере отырып, бітірушінің БАЖ-дегі жеке кабинетінде көрсетіледі және Республикалық апелляциялық комиссия отырысынан кейін бағалау нәтижелерінің жиынтық хаттамасы түрінде денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына бағалау жөніндегі ұйым ұсынады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 11 желтоқсаны № ҚР ДСМ-249/2020 Бұйрығына 3-қосымша |
Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 223-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Кодекс) және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау (бұдан әрі – Бағалау) тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
1) апелляциялық комиссия – үміткерлердің апелляциялық өтініштерін қарау үшін бағалау жөніндегі ұйым қызметкерлері мен тәуелсіз сарапшылар қатарынан бағалау жөніндегі ұйым құратын комиссия;
2) бағалау жөніндегі ұйым – білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын бағалау рәсімін жүзеге асыратын, уәкілетті орган аккредиттеген ұйым;
3) бағалаудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – БАЖ) – пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолдау арқылы білім алушылардың білімі мен дағдыларын, түлектер мен мамандардың денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік даярлығын бағалауды техникалық сүйемелдеуге және жүргізуге арналған автоматтандырылған ақпараттық платформа;
4) білімді бағалау – денсаулық сақтау саласындағы тиісті мамандық бойынша үміткердің теориялық білім деңгейін анықтау;
5) дағды – алынған білімнің жиынтығымен қамтамасыз етілетін және жаттығулар арқылы қалыптасқан, іс-қимылды орындаудың меңгерілген әдісі; бірнеше қайтара қайталау жолымен автоматизмге дейін жеткізілген іс-қимыл;
6) денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру (бұдан әрі – қосымша білім беру) – кәсіптік білімді, машықтар мен дағдыларды қолдау, кеңейту, тереңдету және жетілдіру, сондай-ақ жаңа (қосымша) құзыреттерді игеру үшін денсаулық сақтау кадрларының білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын оқыту процесі;
7) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) емтихан алушы – денсаулық сақтау саласындағы мамандардың практикалық дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын даярланған маман;
9) клиникалық станция – әртүрлі симуляциялық жабдықтарды (манекендер, фантомдар, муляждар, автоматтандырылған виртуалды модельдер, интерактивті оқыту компьютерлік бағдарламалары, аудио-бейне материалдар) қолдана отырып және (немесе) стандартталған пациенттердің қатысуымен клиникалық білімдер мен дағдыларды бағалауға арналған жеке жарақтандырылған бөлме (бөлме не секция);
10) маман – денсаулық сақтау саласында кәсіптік білімі бар және медициналық немесе фармацевтикалық қызметті немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
11) симуляциялық технологиялар – дағдыларды пысықтау және тапсыру үшін жасанды ортадағы клиникалық жағдайлардың статикалық және динамикалық процестерін имитациялауға және жаңғыртуға мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар (манекендер, муляждар, симуляторлар, стандартталған пациенттер, виртуалды шындықтар, компьютерлік бағдарламалар);
12) стандартталған пациент – науқасты шынайы бейнелеуге оқытылған (оның шағымдарын, психоэмоционалдық жағдайын келтіретін, қандай да бір клиникалық жағдайды жоғарғы дәрежеде сахналауға қабілеті бар), шарт қатынастарының шеңберінде маманның коммуникативтік дағдыларын бағалау үшін тартылатын жеке тұлға;
13) дағдыларды бағалау – маманның машықтары мен дағдыларының қалыптасу деңгейін оларды көрсету немесе ситуациялық тапсырмаларды шешу процесінде анықтау дағдылары;
14) тәжірибелік дағдыларды бағалау станциясы – әр түрлі симуляциялық жабдықтарды (манекендер, фантомдар, муляждар, автоматтандырылған виртуалдық моделдер, интерактивті оқытатын компьютерлік бағдарламалар, аудио-бейне материалдар) қолдана отырып және (немесе) стандартталған пациенттердің қатысуымен мамандардың клиникалық білімдері мен дағдыларын бағалауға арналған жеке жарақтандырылған бөлме (бөлме не секция);
15) үміткер – Бағалаудан өтуге үміткер маман.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.03.2023 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Бағалау қазақ немесе орыс тілінде үміткердің талғамы бойынша жүргізіледі.
4. Бағалау нәтижесі Қазақстан Республикасының аумағында берілген күнінен бастап бір жыл бойы қолданылады.
5. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды бағалауды бағалау жөніндегі ұйым жүргізеді.
6. Бағалаудан өткені үшін ақы төлеу жұмыс берушінің қаражаты, кандидаттың жеке қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
2 тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік бағалауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі
7. Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер, орта, (техникалық және кәсіптік) орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық мамандар бағалауға жатады:
1) мамандығы бойынша кәсіптік қызметінде үш жылдан астам үзілісі бар;
2) медициналық оқиға, шағым жағдайында тиісінше орындамағаны туралы комиссия шешімі бойынша;
3) сертификаттау курсынан өткендер;
4) Қазақстан Республикасы аумағында рұқсат беру құжаттары және танылатын лицензиялық және (немесе) сертификаттау емтихандары жоқ шетел мамандары (бұдан әрі – үміткерлер);
5) "Болашақ" халықаралық стипендиясының, танудан босататын халықаралық шартқа (келісімге) қол қойған елдердің оқу орындарының және (немесе) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен үш халықаралық академиялық рейтингке және олардың екеуінің немесе одан да көбінің алғашқы 250 (екі жүз елу) позицияларының қатарына кіретін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектерін қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде білім алған тұлғалар.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2023 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Бағалауға тіркелу үміткердің жеке БАЖ кабинетінде онлайн режимінде өтінім беру және pdf, jpeg нысантында мынадай құжаттардың көшірмелерін ұсыну (бекіту) арқылы жүзеге асырылады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған шетел тұлғалары үшін білім туралы құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау туралы куәлігі;
4) тегінің, атының, әкесінің атының өзгергенін растайтын құжаттардың көшірмесі (бар болса);
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
6) бағалау жөніндегі ұйым бекіткен прейскурантқа сәйкес бағалаудан өтетіні үшін жасаған төлем чегінің түпнұсқасы. Бағалаудан өту үшін жасаған төлем түпнұсқасы бағалауға тіркелген сәттен бастап бір күнтізбелік жыл ішінде ғана жарамды.
7) орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар шетел мамандары бағалауға өтінім беру үшін үміткерлер немесе оларды шақырған ұйым осы Қағиданың тармағында қарастырылған тәртіпке сәйкес құжаттарды, сондай-ақ білім беру қызметін көрсетуге шақыртуды ұсынады.
9. Тіркеу рәсімі аяқталған соң үміткердің электронды поштасына 5 жұмыс күні ішінде сертификаттауға бағалаудан өту күні, мекенжайы, уақыты көрсетілген бағалауға тіркеу туралы хабарлама жіберіледі.
10. Бағалауды бағалау жөніндегі ұйым бекіткен кесте бойынша өткізеді.
11. Осы Қағиданың 7-тармағының 1), 2), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген денсаулық сақтау мамандарын бағалау дәйекті екі кезеңді өтуді қамтиды:
Бірінші кезең – мәлімделген мамандық бойынша тестілеу сұрақтары көмегімен тестілеу түрінде автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен білімді бағалау.
Екінші кезең – дағдылардың орындалуын көрсету, оның ішінде симуляциялық технологияларды қолдану арқылы дағдыларды бағалау.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.05.2021 № ҚР ДСМ-46 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).12. Білімді бағалауды жүргізудің объективтілігі жағдайлардың, уақыттың, нәтижелерді есептеудің стандарттылығымен қамтамасыз етіледі.
Білім бағасының шекті балын Бағалау жөніндегі ұйым уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді. Білімді бағалау нәтижесі үміткердің жеке кабинетіне білімді бағалау аяқталғаннан кейін бірден жіберіледі.
Білімді бағалаудың шекті балынан өте алмаған Кандидат дағдыларды бағалау кезеңіне жіберілмейді.
13. Дағдыларды бағалауды бағалау жөніндегі ұйым, оның ішінде симуляциялық технологияларды пайдалана отырып және емтихан алушыларды және (немесе) стандартталған пациенттерді (бұдан әрі - СП) тарта отырып жүргізеді.
Дағдыларды бағалау станцияларының тізбесін Бағалау жөніндегі ұйым белгілейді және бағалау жөніндегі ұйымның ресми сайтында орналастырылады.
14. Дағдыларды бағалауды құрамын бағалау жөніндегі ұйым бекітетін емтихан комиссиясы жүзеге асырады.
Емтихан комиссиясының құрамы практикалық денсаулық сақтау мамандарынан, бейінді кәсіптік қауымдастықтардан және қоғамдық бірлестіктерден қалыптастырылады және бағалау жөніндегі ұйымның бұйрығымен бекітіледі. Комиссия мүшелерінің саны әрбір станцияға бір емтихан алушыдан станциялардың санына сәйкес келеді.
15. Дағдыларды бағалау әрбір кандидаттың жауаптарын бейне - және аудио-жазу жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылады. Жазбалар мұрағатталады және бағалаудан өткен күннен бастап кемінде күнтізбелік 30 күн сақталады.
Дағдыларды бағалау БАЖ-дағы бағалау парағы бойынша жүзеге асырылады. Шекті балды бағалау жөніндегі ұйым уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді.
Тестілеуден қайта өту кезінде білімін бағалаудың шекті балын жинай алмаған кандидаттар мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін арттыру курстарынан қосымша өткеннен кейін кемінде 2 кредит көлемінде білімді бағалаудан өтуге жіберіледі.
Дағдыларды бағалаудан қайта өтпеген кандидаттар симуляциялық технологияларды пайдалана отырып, біліктілікті арттыру курстарынан қосымша өткеннен кейін кемінде 2 кредит көлемінде дағдыларды бағалаудан өтуге жіберіледі.
16. Осы Қағидалардың 6-тармағының 3-тармақшасында көрсетілген сертификаттау курстарының бағдарламалары бойынша мамандардың білімі мен дағдыларын бағалау оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес жүргізіледі.
Мамандардың білімі мен дағдыларына бағалау жүргізудің мерзімдері, шарттары мен форматы оқу процесінің кестесін ескере отырып, денсаулық сақтау саласындағы қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйыммен келісіледі.
Сертификаттау курстарының бағдарламаларын игеру нәтижелері бойынша денсаулық сақтау мамандарының білімі мен дағдыларын бағалаудың шекті балын Бағалау жөніндегі ұйым уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді.
Бағалау аяқталғаннан кейін нәтиже БАЖ-дағы маманның жеке кабинетінде көрсетіледі. Қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар үшін бағалау нәтижелерінің хаттамасы ұсынылады.
17. Шекті балдан өте алмаған немесе бағалаудан өту үшін келмеген мамандардың бағалаудан қайта өтуіне қосымша білім беруді іске асыратын ұйымның шешімі бойынша жол беріледі.
Қанағаттанарлықсыз нәтижесі бар мамандар үшін бағалаудан қайта өтуге жіберу алдыңғы бағалау күнінен бастап үш жұмыс күнінен ерте емес жүзеге асырылады.
Бағалаудан өту үшін келмеген мамандар келмеудің дәлелді себебін растайтын құжатты ұсынғаннан кейін бағалауға жіберіледі.
Бағалау жүргізудің мерзімдері мен шарттарын бағалау жөніндегі ұйым айқындайды.
18. Бағалау нәтижесі осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.
19. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда мамандарды бағалауды ұйымдастыру және жүргізу онлайн режимінде қашықтықтан оқытуды қолдана отырып көзделеді.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.05.2021 № ҚР ДСМ-46 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3-тарау. Апелляциялық өтініштерді беру және қарау тәртібі
20. Даулы мәселелерді шешу және кандидаттардың құқықтарын қорғау үшін Бағалау жөніндегі ұйым басшысының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады.
21. Апелляциялық комиссияның құрамы кемінде 5 мүшеден тұратын тақ саннан тұрады. Апелляциялық комиссияның құрамына жоғары білікті ғылыми-педагогикалық қызметкерлер, практикалық денсаулық сақтау мамандары, Бағалау жөніндегі ұйымның, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.
22. Бағалаудың бірінші кезеңінің нәтижелерін апелляциялауды кандидат тікелей БАЖ-да тестілеу кезінде келіспеу себептерін көрсете отырып, әрбір тест сұрағында "апелляция" функционалдық батырмасын пайдалану арқылы жүзеге асырады.
Тестілеу аяқталғаннан кейін үміткер БАЖ-ға апелляциялық өтініш беруі қажет.
Бағалаудың (тестілеудің) бірінші кезеңінің нәтижелері апелляцияны ескере отырып, апелляциялық комиссия отырысынан кейін 24 сағат ішінде ИСО жеке кабинетінде апелляция берген кандидаттардың назарына жеткізіледі.
23. Дағдыларды бағалау нәтижелеріне шағымдану кандидаттың емтиханнан кейін 24 сағат ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағымдану себебін негіздей отырып, бағалау жөніндегі ұйымның апелляциялық комиссиясына апелляциялық өтініш (бұдан әрі - өтініш) беруі арқылы жүзеге асырылады.
24. Апелляциялық комиссияның хатшысы кандидаттардың апелляциялық өтініштерін және тест сұрақтарын және (немесе) дағдыларды бағалаудың аудио және бейне жазбаларын, бағалау парағын (парақтарын) қамтитын өтініш берушінің бағалау материалдарын қабылдайды және тіркейді.
Апелляциялық комиссияның хатшысы өтінішті және материалдарды апелляциялық комиссияға өтініш тіркелген күннен бастап екі күннен кешіктірмей жолдайды.
25. Апелляциялық комиссия өтініштерді бағалау жөніндегі ұйымда тіркелген күннен бастап күнтізбелік 14 күн ішінде өтініштерді қарау бойынша отырыс өткізеді.
26. Апелляциялық өтініш осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешім шығаратын апелляциялық комиссияның отырысында қаралады.
27. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Дауыс беру нәтижелері апелляциялық комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады.
28. Апелляциялық комиссия шешімінің көшірмесі шешім шығарылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде кандидаттың электрондық мекенжайына жіберіледі.
Өтініш
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау үшін
_____________________________________________________ мамандығы
(қажеттісін жазыңыз)
бойынша кәсіптік даярлығын бағалаудан өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын.
Үміткердің қолы Күні |
|
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды бағалау қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Сертификаттауға бағалау нәтижесі
ЖСН / Төлқұжат нөмірі ________________ |
Үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _______________
Өтініш берілген мамандық ________________________________________
Тестілеу нәтижесі ________________________________________________
Дағдыны бағалау нәтижесі ________________________________________
Аймақтық сарапшы |
________________________________ |
М.О. |
Берілген күні
Апелляциялық өтініш Бағалау нәтижелерімен тестілеу/практикалық дағдылар, (қажеттісінің астын сызу)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
себебі бойынша келіспеймін.
Осыған байланысты, Сізден менің өтінішімді апелляциялық комиссия отырысында қарап, осы мәселе бойынша шешім қабылдауыңызды сұраймын.
Күні
Үміткердің қолы
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды бағалау қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Апелляциялық комиссияның шешімі
Үміткер _____________________________________________________
үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
20___ жылғы "__" _____ № __ апелляциялық өтінішін қарау бойынша
Шешім шығарылды
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
__________________________________
Күні
Төрағаның және Апелляциялық комиссия
мүшелерінің қолдары