"Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 386 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 қазанда № 21353 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 № 279 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14170 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарында:

      2-тамақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) маусымдық шетелдік жұмыскерлер – "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін кәсіптер тізбесіне сәйкес климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер бір жылдан аспайтын мерзімге жұмысқа тартатын көшіп келушілер";

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсаттарды беру "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 21-1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат:

      1) бірінші санат үшін – жұмыс берушінің өтініші негізінде рұқсат мерзімін бір, екі немесе үш жылға ұзарту құқығымен бір, екі немесе үш жылға;

      2) екінші және үшінші санаттар үшін – он екі ай мерзімге, бірақ үш реттен артық емес ұзартумен он екі айға;

      3) төртінші санат үшін – ұзарту құқығынсыз он екі айға;

      4) маусымдық шетелдік жұмыскерлер үшін – ұзарту құқығынсыз күнтізбелік тоқсан, жүз сексен, екі жүз жетпіс, үш жүз алпыс бес күнге дейінгі мерзімге беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:

      "28-1. Мынадай:

      1) бөлінген квотаның мөлшерінен асып кеткен;

      2) жұмыс беруші осы Қағидалардың 16-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған;

      3) төртінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін алмастыру жөніндегі міндеттемелерді орындамаған;

      4) жұмыс берушінің шетелдік жұмыскерлерді рұқсатсыз тарту, сондай-ақ шетелдік жұмыскердің рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіпке немесе мамандыққа тартылуы фактісі анықталған жағдайларда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілмейді. Мұндай жағдайда осындай факт анықталған күннен бастап он екі ай бойы рұқсаттардың мерзімдері ұзартылмайды.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат осы Қағидалардың 59-тармағының 1), 2), 3), 5) тармақшаларда көзделген жағдайларда ұзартылмайды.";

      2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ж. Шапкеновке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Б. Нурымбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика

      министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы 30 қыркүйегі
№ 386 бұйрығына 1-қосымша
  Жұмыс берушілерге шетелдік
жұмыс күшін тартуға рұқсат
беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік
ауыстыруды жүзеге асыру
қағидалары мен шарттарына
2-қосымша
  нысан
  Қайда
____________________________
(облыстың, Нұр-Сұлтан, Алматы
және Шымкент қалаларының
жергілікті атқарушы органының
атауы)
  Кімнен
____________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның
толық атауы)

ӨТІНІШ

      __________________ облысына (қаласына) ______ адамға, оның ішінде:

      бірінші санат бойынша – ____ адамға,

      оның ішінде лауазымдары

      (кәсіптері) бойынша:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      екінші санат бойынша – ____ адамға,

      оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша (рұқсаттың қолданылу мерзімін көрсету

      қажет (рұқсат берілген/ұзартылған кезде):

      _________________________________________________________________

      үшінші санат бойынша – ____ адамға,

      оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша:

      __________________________________________________________________

      төртінші санат бойынша – ____ адамға,

      оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша:

      __________________________________________________________________

      маусымдық жұмыстарға – ____ адамға,

      оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша (рұқсаттың мерзімін көрсету (рұқсат берген кезде)):

      шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруді/ ұзартуды/ қайта ресімдеуді (қажеттінің асты сызылсын) сұраймын.

      Шетелдік жұмыс күші еңбек қызметін жүзеге асыратын экономикалық қызмет түрі:

      __________________________________________________________________

      Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде:

      Облыс (қала):______________________.

      Шетелдік жұмыскерлер саны: __________ адам, оның ішінде:

      басшы – ___ адам,

      лауазымы

      _________________________________________________________________;

      менеджерлер – ___ адам,

      оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша:

      ________________________

      мамандар – ___ адам,

      оның ішінде лауазымдары (кәсіптері) бойынша:

      _________________________________________________________________

      Жұмыс берушінің (қабылдаушы ұйымның) атауы:

      __________________________________________________________________

      Жұмыс беруші (қабылдаушы ұйым) туралы мәліметтер:

      ___________________________________________________________

      ___________________________________________________________

      Ұйымның меншік нысаны

      _________________________________________________________

      _________________________________________________________

      Құрылған күні 20___ жылғы "____" _________________.

      Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелгені туралы куәлік

      _________________________________________________________________

      (нөмірі, қашан және кім берген)

      жеке сәйкестендіру нөмірі:

      ___________________________________________________________,

      бизнес сәйкестендіру нөмірі:

      ____________________________________________________________

      Жүзеге асыратын қызмет түрі:

      ____________________________________________________________

      Кәсіпкерлік субъектісінің санаты:

      ____________________________________________________________

      (шағын/орта/ірі кәсіпкерлік субъектісі)

      Мекенжайы, телефон, факс:

      __________________________________________________________________

      Қоса берілетін құжаттар:

      __________________________________________________________________

      Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру/ұзарту/қайта ресімдеу

      қажеттілігінің негіздемесі:

      __________________________________________________________________

      Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік

      жұмыскерлерді тартқан кезде

      Шетелдік заңды тұлғаның – жұмыс берушінің толық атауы:

      _________________

      Резидент елде тіркелгені туралы деректер:

      _____________

      (мемлекеттік тіркеу №, күні және тіркеу органының атауы)

      Резидент елдегі салықтық тіркеу нөмірі немесе оның аналогі:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Жүзеге асыратын қызмет түрі:

      _____________________

      Резидент елдегі мекенжайы, телефоны:

      __________________________________________________________________

      Шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігінің негіздемесі:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарының 35-тармағына сәйкес шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде:

      Шетелдік заңды тұлға – жұмыс берушінің толық атауы:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Резидент елде тіркелгені туралы деректер:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (мемлекеттік тіркеу №, күні және тіркеу органының атауы)

      Резидент елдегі салықтық тіркеу нөмірі немесе оның аналогі:

      __________

      Жүзеге асыратын қызмет түрі:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Резидент елдегі мекенжайы, телефоны:

      ___________________________________________________________________

      "Қолданыстағы Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру мен (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарымен таныстым".

      "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келесім беремін.

      Басшы _________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)

      20 ___жылғы "___" _____________

      Өтініш 20 ___жылғы "__" ______________ қарауға қабылданды

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (жауапты адамның тегі, аты-жөні, қолы)

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы 30 қыркүйегі
№ 386 бұйрығына 2-қосымша
  Жұмыс берушілерге шетелдік
жұмыс күшін тартуға рұқсат
беру және (немесе) ұзарту,
сондай-ақ корпоративішілік
ауыстыруды жүзеге асыру
қағидалары мен шарттарына
3-қосымша

"Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

www. egov. kz, www. elіcense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Рұқсат беру 19 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, оның ішінде:
шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру/ұзарту туралы қабылданған шешім туралы хабарлама – 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде;
рұқсат беру үшін алымды төлеу мерзімі – шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру / ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күнін құрайды;
рұқсатты қайта ресімдеу – 6 (алты) жұмыс күні;
рұқсатты ұзарту:
рұқсат беру не беруден бас тарту туралы хабарлама – 4 (төрт) жұмыс күні ішінде;
рұқсат беру үшін алымды төлеу мерзімі шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру / ұзарту туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күнін құрайды;
корпоративішілік ауыстыру шеңберінде:
рұқсат беру – 8 (сегіз) жұмыс күні;
рұқсатты қайта ресімдеу – 6 (алты) жұмыс күні;
рұқсатты ұзарту– 6 (алты) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсат, қайта ресімделген және ұзартылған рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәждемелі жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру нысаны - электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жұмыс берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы/тегін көрсетіледі.
1) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру мен (немесе) ұзарту бойынша мемлекеттік қызмет "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 157 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерінің көлеміне сәйкес ақылы негізде көрсетіледі;
2) бұрын берілген шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды қайта ресімдеу бойынша, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, ұзарту және (немесе) қайта ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін негізде көрсетіледі.
Салық алымын төлеу облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру не ұзарту туралы шешім қабылдағаны туралы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қолсыз нысанда жүзеге асырылады.
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асырылатын шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту тегін негізде жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында орналастырылған.

8

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу немесе басқа шетелдік жұмыскерге қайта ресімдеу үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге ұажетті құжаттардың тізбесі

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу немесе қайта ресімдеу үшін:
1. Маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде:
жұмыс берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, айы мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжатының) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шығу елі, білімі, Кодекстің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын кәсіптік стандарттарға, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 "Кәсіптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышына сәйкес (бұдан әрі - Біліктілік талаптары) мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атауы көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер (бұдан әрі – тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер);
шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
рұқсатты бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
2. Шетелдік жұмыскерлерді бірінші, екінші, үшінші және төртінші санаттар бойынша тартқан кезде:
жұмыс берушінің ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған өтініш;
тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың және нотариат куәландырған аудармаларының электрондық көшірмелері (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса);
жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге келісімшарттың нотариат куәландырған электрондық көшірмесі және аудармасы (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса) (заңды тұлға - жұмыс беруші өз қызметін Қазақстан Республикасында Қағидалардың 35-тармағына сәйкес филиал, өкілдік құрмай жүзеге асырған жағдайда);
шетелдік жұмыскер мен шетелдік жұмыскерді уақытша ауыстыру жүзеге асырылатын шетелдік заңды тұлға - жұмыс беруші арасында келісілген құжаттың (ауыстыру туралы хаттың немесе келісімнің) нотариат куәландырған электрондық көшірмесі және аудармасы (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылмаған болса) (шетелдік заңды тұлға - жұмыс беруші өз жұмыскерлерін Қазақстан Республикасына жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін мұндай заңды тұлға - жұмыс берушінің тікелей немесе жанама түрде акциялары немесе қатысу үлестері бар шетелдік заңды тұлғаның еншілес ұйымына, өкілдігіне, филиалына жіберген жағдайда);
шетелдік жұмыскердің біліктілігі мен кәсіби тәжірибесінің оны тарту жүзеге асырылатын лауазымға сәйкестігін растайтын жұмыс беруші хатының электрондық көшірмесі;
өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде жүктелген міндеттемелерді орындау туралы ақпарат (бар болса);
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат (шағын кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды, шетелдік заңды тұлғалардың жұмыскерлерінің саны 30 адамнан аспайтын өкілдіктері мен филиалдарын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14149 болып тіркелген) бекітілген Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидаларына, басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы суранысқа ие кәсіптердің тізбесіне сәйкес, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде шығу елдері бойынша квоталар шегінде берілетін рұқсаттар бойынша Қазақстан Республикасына өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік жұмыскерлерді қоспағанда) (бұдан әрі – басым жобалар үшін кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі шарттар туралы құжаттың нотариат куәландырылған көшірмесі);
осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес рұқсаттарды алу және ұзарту үшін қабылданатын міндеттемелер туралы ақпарат;
шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
рұқсатты бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты қайта ресімдеу үшін осы Стандарттың мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінің 2-тармағында көзделген қажетті құжаттар ұсынылады.
4. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту үшін:
жұмыс берушінің ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған өтініш;
тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер;
кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;
шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
рұқсатты бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты алу немесе қайта ресімдеу үшін:
жұмыс берушінің ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған өтініш;
еңбек шартының (Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғамен жасалған) не жұмыс берушімен (Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және әрекет ететін заңды тұлғамен жасалған), Қазақстан Республикасында құрылған/есептік тіркеуден өткен аталған заңды тұлғаның филиалымен, өкілдігімен, аффилиирленген тұлғасымен жасалған корпоративішілік ауыстыру туралы хаттың немесе келісімнің нотариат куәландырған аудармасы (құжат қазақ немесе орыс тілінде толтырылмаған болса);
Қазақстан Республикасында танылатын растаушы құжаттар қоса берілген жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпарат;
өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі (бар болса) келген ерекше шарттарды орындау туралы ақпарат (еркін нысанда);
шетелдік жұмыскердің корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын лауазымның біліктілігі мен кәсіби тәжірибесіне сәйкестігін растайтын шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші хатының электрондық көшірмесі, сондай-ақ қабылдаушы тараптан жұмыскердің қажетті біліктілігі мен кәсіби жұмыс тәжірибесі бар екенін растайтын хат;
осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттарды алу және ұзарту үшін қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпарат;
осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартқан кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;
жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру жері бойынша жұмыспен қамту орталығына бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәліметтерді жібергенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (рұқсатты беру кезінде беріледі);
кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарламаның электрондық көшірмесі (бар болса);
шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі.
6. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту үшін:
жұмыс берушінің ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған өтініш;
өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарын (бар болса) орындау туралы ақпарат;
корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартқан кезде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат;
рұқсаттардың мерзімін ұзартудың негіздемесі;
шетелдік жұмыскердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпарат.
7. Шетелдік жұмыскердің тегі, аты, әкесінің атының, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясының өзгеруіне байланысты және жұмыс беруші-Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) бірігу, қосылу, бөліну, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда, сондай-ақ оның атауы немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатта көрсетілген деректемелері өзгерген жағдайда, рұқсатты қайта ресімдеу үшін:
жұмыс берушінің ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған өтініш;
шетелдік жұмыскердің тегі, аты, әкесінің атының, жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен сериясының өзгергенін, Қазақстан Республикасының жұмыс берушісі-заңды тұлғасының немесе шетелдік заңды тұлға филиалының (өкілдігінің) бірі
гу, қосылу, бөліну, бөлу немесе қайта құру түрінде қайта құрылуын, сондай-ақ оның атауы немесе шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатта көрсетілген деректемелер өзгерген жағдайда.соны растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін:
1) жұмыс берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) бөлінген квотаның мөлшерінен асып кеткен;
3) төртінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін алмастыру жөніндегі міндеттемелерді орындамаған;
4) жұмыс беруші осы Қағидалардың 16-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған;
5) жұмыс берушінің шетелдік жұмыскерлерді рұқсатсыз тарту, сондай-ақ шетелдік жұмыскердің рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша тарту фактісі анықталған жағдайларда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілмейді. Мұндай жағдайда осындай факт анықталған күннен бастап он екі ай бойы жаңа рұқсаттар берілмейді;
6) шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіби даярлығы) және практикалық жұмыс тәжірибесі (еңбек өтілі) кәсіптік стандарттарға, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес жұмысшы кәсіптеріне және басшылар, мамандар және қызметшілер лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілмейді.
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат:
1) жұмыс берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) жұмыс беруші осы Қағидалардың 57-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған;
3) жұмыс берушінің шетелдік жұмыскерлерді рұқсатсыз тарту, сондай-ақ шетелдік жұмыскердің рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша тарту фактісі анықталған жағдайларда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілмейді. Мұндай жағдайда осындай факт анықталған күннен бастап он екі ай бойы жаңа рұқсаттар берілмейді;
4) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарын (бар болса) орындамаған;
5) шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжірибесі (өтілі) осы Қағидалардың 41 және 42-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеген;
6) кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарламада көзделген шараларды (шарттарды) орындамаған жағдайларда берілмейді.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Бизнес сәйкестендіру нөмірі және электрондық цифрлық қолтанба болған кезде мемлекеттік қызметті, сондай-ақ рұқсатты беру, қайта ресімдеу және ұзарту туралы ақпаратты портал арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
Жұмыс берушінің мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары 1414, 8-800-080-7777.