Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 тамызда № 14149 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 236 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.06.2023 № 236 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 20) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.05.2020 № 204 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) тіркелген осы бұйрық алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрі
Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      __________________Д. Абаев

      2016 жылғы 26 шілде

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      __________________Е. Сағадиев

      2016 жылғы 8 шілде

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      __________________Ж. Қасымбек

      2016 жылғы 20 шілде

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрі

      __________________А. Мұхамедиұлы

      2016 жылғы 30 маусым

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрі

      __________________Е. Ыдырысов

      2016 жылғы 29 маусым

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      __________________Қ. Қасымов

      2016 жылғы 27 маусым

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      __________________Қ. Бозымбаев

      2016 жылғы 16 маусым



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 13 маусымдағы
№ 503 бұйрығына
1-қосымша

Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2020 № 537 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 21) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасында жұмысқа өз бетінше орналасу үшін экономиканың басым салаларындағы (экономикалық қызмет түрлеріндегі) сұранысқа ие кәсіптер бойынша біліктілік талаптары және білім деңгейі сәйкес келетін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға берілетін белгіленген нысандағы құжат;

      2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету бойынша функцияларды орындауға облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері уәкілеттік берген мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган);

      3) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.

2-тарау. Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту тәртібі

      3. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам (не ол уәкілеттік берген адам) "Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту" көрсетілетін мемлекеттік қызметін алу үшін "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беру туралы өтінішті жібередi.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – стандарт) келтірілген.

      5. Өтініш беруші құжаттарды берген кезде "электрондық үкіметтің" веб-порталында оның "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      6. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның біліктілігіне және білім деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) жергілікті атқарушы орган құрады, оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, білім беру, ішкі істер, индустриалдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық өкілдері, Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қауымдастықтардың аумақтық өкілдері, сондай-ақ шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлері) және оларда сұранысқа ие кәсіптердің тізбесінде көзделген салаларға жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының өкілдері кіреді.

      7. Құжаттар толық ұсынылған жағдайда жергілікті атқарушы органның қызметкері құжаттарды тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды Комиссияның қарауына жібереді.

      8. Комиссия шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың өтініштерін қараған кезде уәкілетті орган осы Қағидаларда көзделген тәртіппен бекітетін экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптердің біліктілігіне және білім деңгейіне қойылатын талаптарына сәйкестігін тексереді.

      Анықтама беру туралы өтініш беретін шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның білім деңгейі (кәсіби даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжірибесі (өтілі) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 117-бабының 2-тармағына сәйкес кәсіптік стандарттарға, Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйым басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес біліктілік талаптарына жауап беруге тиіс.

      9. Комиссия шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам ұсынған құжаттарды талдаудың, сондай-ақ осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген біліктілік сипаттамалары өлшемшарттарының негізінде бағалау жүргізеді және шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға анықтама беру не осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесімен одан бас тарту туралы ұсынынымдар береді. Комиссияның шешімі әрбір шетелдік пен азаматтығы жоқ адамға қатысты бөлек қабылданады, хаттамамен ресімделеді және оған отырысқа қатысушы комиссия мүшелері қол қояды.

      10. Комиссия шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілік сипаттамаларының өлшемшарттарына сәйкес мынадай балдар есептейді:

      1) білімі:

      экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге сәйкес мамандық бойынша жоғары білімі – 3 балл;

      экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге сәйкес мамандық бойынша ғылыми дәрежесі – 4 балл;

      ағылшын тілін оқыту үшін берілген сертификат – 3 балл.

      2) жұмыс өтілі:

      экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге сәйкес мамандық бойынша жұмыс өтілі:

      1 жылдан 3 жылға дейін – 2 балл;

      3 жылдан 10 жылға дейін – 4 балл;

      10 жылдан жоғары – 6 балл.

      11. Комиссия ұсынымының негізінде жергілікті атқарушы орган өтінішті қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      12. Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға анықтама беруден бас тарту стандартқа сәйкес жүзеге асырылады.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі "электрондық үкіметтің" веб-порталында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат ретінде жіберіледі.

      14. Жергілікті атқарушы орган берген анықтама басқа адамға берілмеуі тиіс және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.

      15. Анықтама үш айдан аспайтын мерзімге беріледі.

      16. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам анықтама мерзімін ұзарту үшін стандартта көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда жергілікті атқарушы орган үш жұмыс күні ішінде анықтаманы еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартады.

      17. Анықтаманың мерзімін ұзарту үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жұмыс берушімен еңбек шарты жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға не Мемлекеттік корпорация немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы анықтаманы ұзарту үшін стандартта көзделген құжаттарды жолдайды.

      18. Анықтаманың қолданылу мерзімі ішінде жұмыс беруші өзгерген жағдайда шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жаңа еңбек шартын жасасқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ол туралы жергілікті атқарушы органға жазбаша хабарлама жібереді.

      19. Жұмыс беруші ауысқан кезде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамға анықтама беру осы Қағидалардың 16 және 17-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      20. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген негіздер бойынша еңбек шарты тоқтатылған кезде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам бес жұмыс күні ішінде ол туралы жергілікті атқарушы органға жазбаша хабарлама жібереді.

      21. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның анықтамаға сәйкес келмейтін кәсіп бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруы анықтаманы кері қайтарып алуға негіз болып табылады.

      22. Бұрын берілген анықтаманы қайта ресімдеу шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен сериясы өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.

      Шетелдік және азаматтығы жоқ адам тегі, аты, әкесінің аты, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға не Мемлекеттік корпорация немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы аталған мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, анықтаманы қайта ресімдеу туралы өтініш береді.

      Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде анықтаманы жаңа нөмір бере отырып қайта ресімдейді.

      Анықтама жоғалған, бүлінген жағдайда жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде анықтаманы береді.

      Бұл ретте берілген аңықтама жоғалған немесе бүлінген анықтаманың түпнұсқасында көрсетілген мерзім өткенге дейін қолданылады.

      Жоғалған, бүлінген анықтамалар шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам оның жоғалғаны, бүлінгені туралы "электрондық үкімет" веб-порталына өтініш берген күннен бастап жарамсыз болып саналады.

      23. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым жергілікті атқарушы орган басшысының атына беріледі.

      Жергілікті атқарушы органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

      24. Анықтаманың қолданысы мынадай:

      1) оның берілген мерзімі аяқталған;

      2) берілген анықтама кері қайтарылып алынған;

      3) Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның анықтамаға сәйкес келмейтін кәсіп бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруы анықталған жағдайларда тоқтатылады.

  Өз бетінше жұмысқа орналасуы
үшін шетелдік немесе
азаматтығы жоқ адамға
біліктілігінің сәйкестігі туралы
анықтама беру немесе ұзарту
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
____________________________
____________________________
____________________________
(облыстардың, Нұр-Сұлтан,
Алматы және Шымкент
қалаларының жергілікті
атқарушы органының атауы)
___________________________
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса))
____________________________
____________________________
(паспортының (жеке басын
куәландыратын құжатының)
№, берілген күні және берген
орган)
Мекенжайы, телефон, факс
____________________________
____________________________
Резидент еліндегі мекенжайы,
телефоны
_________________________

ӨТІНІШ

      _________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      ("Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14149 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес кәсіп, экономика саласы (экономикалық қызмет түрі) көрсетіледі) кәсібі бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама беруді/ұзартуды сұраймын.

      Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама беру үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Өтінішке:

      1)__________________________________________

      2)__________________________________________

      3)__________________________________________

      қоса беріледі.

      Өтініш берілген күн: 20_жылғы "__" ___________

      Өтініш берушінің қолы _______________________

  Өз бетінше жұмысқа орналасуы
үшін шетелдік немесе
азаматтығы жоқ адамға
біліктілігінің сәйкестігі туралы
анықтама беру немесе ұзарту
қағидаларына
2-қосымша

"Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары (қол жеткізу арналары)

"Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz, www. elicense.kz

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Үш айға дейінгі мерзімге анықтама беру - 6 (алты) жұмыс күні ішінде (өтініш тіркелген күннен бастап).
Анықтаманы ұзарту – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Анықтаманы қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Анықтама жоғалған, бүлінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық түрде

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама не осы стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәждемелі жауап.

6

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері
және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

Портал жұмыс қызмет кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (жұмыс күні аяқталғаннан кейін өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Құжаттар тізбесі

1. Аңықтама беру үшін:
өтініш беру тіліндегі, қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасы қамтамасыз етілген, бекітілген нысан бойынша анықтама беру туралы өтініш.
жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тану немесе нострификациялау рәсімінен өткен білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған аудармалары (қазақ немесе орыс тілінде) не ағылшын тілін оқыту үшін берілген сертификаттардың нотариат куәландырған аудармалары (қазақ немесе орыс тілінде);
еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі, сондай-ақ оның қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы.
2. Анықтаманың мерзімін ұзарту үшін:
жұмыс берушінің атауын, бизнес-сәйкестендіру нөмiрiн немесе жеке сәйкестендiру нөмiрiн қамтитын ол туралы мәліметтер көрсетілген еркін нысандағы анықтаманы ұзарту жөнінде өтініш;
уәкілетті орган бұрын берген анықтама;
еңбек шартының көшірмесі.
3. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі мен сериясы өзгерген жағдайда анықтаманы қайта ресімдеу үшін:
анықтаманы қайта ресімдеуге өтініш;
жеке басын куәландыратын құжаттың тегі, аты, әкесінің аты, нөмірі мен сериясы өзгертілген құжаттың көшірмесі.
4. Аңықтама жоғалған немесе бүлінген кезде:
аңықтаманың телнұсқасын беруге өтініш.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1. Басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) тізбесінде көзделген экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) талап етілетін кәсіптерге қойылатын біліктілік талаптарына және білім деңгейіне қойылатын талаптарға және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды өз бетінше жұмысқа орналастыру үшін оларда талап етілетін кәсіптерге қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі;
2. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды бағалау нәтижесінің шекті мәніне қол жеткізбеу;
3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті орган немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты біріңғай байланыс орталығы - "1411" арқылы алуға мүмкіндігі бар.
2. "Электрондық үкімет" веб-порталы - www.egov.kz, www. elicense.kz арқылы жүгіну үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу үшін жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алуы қажет.

  Өз бетінше жұмысқа орналасуы
үшін шетелдік немесе
азаматтығы жоқ адамға
біліктілігінің сәйкестігі туралы
анықтама беру немесе ұзарту
қағидаларына
3-қосымша

________________________________________________________________ облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органының атауы Өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы АНЫҚТАМА

      № _____                                           20__ жылғы "__" __________

      _________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      ______________________________________________________________

      Қазақстан Республикасында экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие мынадай кәсіп бойынша өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін біліктілік талаптарына және білім деңгейіне сәйкестігі үшін берілді:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      ("Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14149 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіп, сала көрсетіледі).

      Анықтаманы беру үшін негіздеме__________________________________

      Анықтаманың қолданылу мерзімі__________ бастап______________ дейін

      (күні, айы, жылы)       (күні, айы, жылы)

      М.О. __________________ _______________

      (тегі, аты-жөні)             (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығына
2-қосымша

Шетелдік жұмыскерлердің өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым
салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы
сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2018 № 242 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Экономиканың басым салалары

Экономикалық қызмет түрі

Кәсіптер

1

2

3

4

1.

Білім беру

Жалпы орта білім

1. Мұғалім – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 6 және 7 - біліктілік деңгейлері (білім беру ұйымында атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:
1) биология мұғалімі (шет тілін білетін)
2) информатика мұғалімі (шет тілін білетін)
3) қосымша білім беру педагогі (шет тілін білетін)
4) физика мұғалімі (шет тілін білетін)
5) химия мұғалімі (шет тілін білетін)
6) шет тілінің мұғалімі
7) математика мұғалімі (шет тілін білетін)

Техникалық және кәсіптік орта білім

1. Оқытушы – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 6 және 7 - біліктілік деңгейлері (білім беру ұйымында атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:
1) жалпы білім беретін, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы (бейін бойынша) пәндер оқытушысы (шет тілін білетін)
2) шет тілінің оқытушысы

Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім

1. Оқытушы, ғылыми қызметкер – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 - біліктілік деңгейлері (білім беру ұйымында атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:
1) арнайы пәндер мұғалімі (шет тілін білетін)
2) ғылыми қызметкер (шет тілін білетін)
3) менеджер (ректор, проректор, декан, құрылымдық бөлімшелер басшылары) (шет тілін білетін)
4) шет тілінің оқытушысы

2.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер ұсыну

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

1. Анестезиолог-реаниматолог дәрігер
2. Балалар хирург дәрігері (неонатальдық)
3. Жалпы пракика дәрігері
4. Неонатолог дәрігер
5. Онкогематолог дәрігер
6. Онколог дәрігер
7. Патологоанатом дәрігер (оның ішінде цитолог дәрігер)
8. Педиатр дәрігер
9. Психиатр-нарколог дәрігер
10. Физик инженер (медицинадағы)
11. Фтизиатр дәрігер

3.

Жылжымайтын мүлікпен орындалатын операциялар, жалға алу және тұтынушыларға қызметтер ұсыну

Есептеуіш техникамен байланысты қызмет

1. Бағдарламалық өнімдерді қолдау жөніндегі маман (компьютерлік арнайы эффектер жөніндегі маман, электроника және ақпараттық технологиялар жөніндегі маман, анимация және компьютерлік графика жөніндегі маман)
2. Бағдарламашы (компьютерлік), (Бағдарламашы-жасаушы)
3. Дерекқор әкімшісі
4. Жаңа техника мен технологиялар енгізу жөніндегі инженер
5. Жүйелік сәулетші
6. Жүйелік талдаушы


4.

Коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызметтер ұсыну

Демалыс пен ойын-сауықты, мәдениет пен спортты ұйымдастыру саласындағы қызмет

1. Әртіс
2. Бутафор
3. Жабдыққа қызмет көрсету жөніндегі инженер (аудио-, бейне-)
4. Дыбысты жазу жөніндегі инженер (Dolby дыбыс жүйелері)
5. Өнертанушы
6. Таспаны сынау және өңдеу жөніндегі инженер (кинотаспаны дайындау жөніндегі инженер)
7. Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері бар заңгер, экономист, инженер (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:
1) орталық директоры (мұражай-көрме, ғылыми-техникалық шығармашылық)

5.

Көлік және байланыс

Теміржол көлігі қызметі

1. Зауыттағы инспектор- қабылдаушы (теміржол өнімін)

Әуе көлігі қызметі

1. Авиациядағы инженер-конструктор
2. Авиациялық тасымалдарды (жолаушылар, пошта-жүк, халықаралық) ұйымдастыру жөнiндегi диспетчер (ұшуды ұйымдастыру жөніндегі маман)
3. Авиациялық техниканы диагностикалау жөніндегі инженер (авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету, оны жөндеу және диагностикалау жөніндегі инженер-бақылаушы)
4. Авиациялық және радиоэлектрондық жабдық жөніндегі инженер
5. Әуе кемесінің жолаушылар салонын жабдықтау жөніндегі маман
6. Ғарыш аппараттарын баллистикалық қамтамасыз ету жөніндегі маман
7. Ғарыш аппараттарының борт жүйелері жөніндегі маман
8. Өндірістік-диспетчерлік қызмет диспетчері (әуе кемелерінің ұшуға дайындығын бақылау, тәуліктік ұшу жоспарын қамтамасыз ету, ақпараттық-анықтамалық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі) (авиациялық нормативтер мен жарияланымдарды бақылау жөніндегі маман)
9. Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі әкімші (ұшу қауіпсіздігі жөніндегі маман)

Теңіз көлігі қызметі

1. Заңгер, инженер, экономист – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:
1) порт флотының басшысы
2) порт флоты басшысының орынбасары
2. Капитан-тәлімгер
3. Кеме жасаудағы инженер-конструктор
4. Кеме жасаудағы техникалық қызмет көрсету жөніндегі аға инженер
5. Механик-тәлімгер
6. Суасты-техникалық жұмыстар жөніндегі инженер (теңіз құбырларын салу жөніндегі инженер, теңіз құбырлары жөніндегі маман)
7. Супервайзер (теңіз құрылыстары жөніндегі)
8. Электр жүйелерінің инженері (теңіз жабдығын басқару)

6.

Өңдеу өнеркәсібі

Металлургия өнеркәсібі мен дайын металл бұйымдары өндірісі

1. Заңгер, инженер, экономист – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:
1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарма төрағасы, басқарушысы)
2) инвесторлармен байланыс жөніндегі директор
3) директордың өндіріс жөніндегі орынбасары (директор, вице-президент)
4) инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер
5) инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы)

Кокс, мұнай өнімдері және ядролық материалдар өндірісі

1. Заңгер, инженер, экономист – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:
1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарма төрағасы, басқарушысы)
2) инвесторлармен байланыс жөніндегі директор
3) директордың өндіріс жөніндегі орынбасары (директор, вице-президент)
4) инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер
5) инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы)

Сусындар мен темекіні қоса алғанда, тамақ өнімдері өндірісі

1. Заңгер, инженер, экономист – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:
1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарма төрағасы, басқарушысы)
2) инвесторлармен байланыс жөніндегі директор
3) директордың өндіріс жөніндегі орынбасары (директор, вице-президент)
4) инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер
5) инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы)

Химия өнеркәсібі және мұнайгаз-химия

1. Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жөніндегі инженер
2. Жабдықты жинақтау жөнiндегі инженер (газ тасымалдау саласында)
3. Желілік құрылыстар инженері (газ тасымалдау саласындағы)
4. Өндіріс бастығы
5. Сынақтарды ретке келтіру жөніндегі инженер (газ тасымалдау саласындағы)
6. Инженер-технолог
7. Технологияны ретке келтіру, жетілдіру және пайдалану жөніндегі инженер (газ тасымалдау саласындағы)
8. Инженер-химик
9. Инженер-электрик (энергиямен және сумен жабдықтау және электр химиялық қорғаныс)

Машина мен жабдықтар өндірісі

1. Бас инженер
2. Еңбекті нормалау жөніндегі инженер
3. Заңгер, инженер, экономист –Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:
1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарма төрағасы, басқарушысы)
2) инвесторлармен байланыс жөніндегі директор
3) директордың өндіріс жөніндегі орынбасары (директор, вице-президент)
4) инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер
5) инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы)
4. Инженер-электрик

Электр жабдығы, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісі

1. Бас инженер
2. Заңгер, инженер, экономист – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:
1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарма төрағасы, басқарушысы)
2) инвесторлармен байланыс жөніндегі директор
3) директордың өндіріс жөніндегі орынбасары (директор, вице-президент)
4) инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер
5) инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы)
3. Инженер-технолог
4. Электр энергетикалық жабдықты ретке келтіру және жөндеу жөніндегі инженер

Басқа металл емес минералдық өнімдер өндірісі

1. Заңгер, инженер, экономист – Ұлттық (салалық) біліктілік шеңбері бойынша 7 және 8 біліктілік деңгейлері (ұйымда қызмет атқару үшін ұсынылатын лауазымдар:
1) ұйым директоры (бас директоры, атқарушы директоры, президенті, басқарма төрағасы, басқарушысы)
2) инвесторлармен байланыс жөніндегі директор
3) директордың өндіріс жөніндегі орынбасары (директор, вице-президент)
4) инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер
5) инвесторлармен байланыс жөніндегі бөлiм бастығы)