Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 157 қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.11.2021 № 811 қаулысымен.

      2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелері:

      күнтізбелік 90 күнге дейін – 12 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      күнтізбелік 180 күнге дейін – 24 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      күнтізбелік 270 күнге дейін – 36 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      күнтізбелік 365 күнге дейін – 48 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленетін маусымдық шетелдік жұмыскерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелері алымдарды төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне байланысты осы қаулыға қосымшаға сәйкес мөлшерлерде белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.11.2021 № 811 қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 459 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 44, 265-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 3 сәуірдегі
№ 157 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелері

      Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.11.2021 № 811 қаулысымен.

Р/с

Экономикалық қызмет түрінің атауы

Айлық есептік көрсеткішпен мөлшерлемелер

шетелдік жұмыскерлердің бірінші санаты

шетелдік жұмыскерлер-дің екінші санаты

шетелдік жұмыскер-лердің үшінші санаты

шетелдік жұмыскер-лердің төртінші санаты

қолданы-лу мерзімі бір жылдық рұқсат

қолданы-лу мерзімі екі жылдық рұқсат

қолданы-лу мерзімі үш жылдық рұқсат

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

137

274

411

158

179

200

2

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

154

308

462

178

202

225

3

Өңдеуші өнеркәсіп

154

308

462

178

202

225

4

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау

137

274

411

158

179

200

5

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау

137

274

411

158

179

200

6

Құрылыс

171

342

513

198

224

250

7

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдарды жөндеу

154

308

462

178

202

225

8

Көлік және қоймаға жинау

137

274

411

158

179

200

9

Тұру және тамақтану бойынша қызметтер

137

274

411

158

179

200

10

Ақпарат және байланыс

137

274

411

158

179

200

11

Қаржы және сақтандыру қызметі

137

274

411

158

179

200

12

Жылжымайтын мүлікпен орындалатын операциялар

137

274

411

158

179

200

13

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

137

274

411

158

179

200

14

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

137

274

411

158

179

200

15

Міндетті әлеуметтік қамсыздандыру

137

274

411

158

179

200

16

Білім беру

137

274

411

158

179

200

17

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

137

274

411

158

179

200

18

Өнер, ойын-сауық және демалыс

137

274

411

158

179

200

19

Өзге де қызмет түрлерін ұсыну

154

308

462

178

202

225

20

Үй қызметшісін жалдайтын және өзі тұтыну үшін тауарлар өндіретін және қызметтер көрсететін үй шаруашылықтары-ның қызметі

137

274

411

158

179

200

 
21

Эксаумақтық ұйымдардың және органдардың қызметі

137

274

411

158

179

200