ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 14-4) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.02.2024 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығына 1-қосымша |
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 14-4) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыруға рұқсаттар беру немесе ұзарту тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бос орын – жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым);
2) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) - облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын жергілікті атқарушы органы;
3) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
4) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және жұмыс істейтін заңды тұлғада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, еңбек шартын бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;
5) маусымдық шетелдік жұмыскерлер – халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекітетін кәсіптер тізбесіне сәйкес, климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер бір жылдан аспайтын мерзімге жұмысқа тартатын көшіп келушілер;
6) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) шетелдік жұмыскер – экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер тартатын, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде келген көшіп келушілер;
8) шетелдік жұмыс күші – маусымдық шетелдік жұмыскерлерді қоса алғанда, жұмыс берушілер еңбек қызметін жүзеге асыру үшін, оның ішінде корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартатын шетелдік жұмыскерлер;
9) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушіге тартуға рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті саны;
10) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат – Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушіге жергілікті атқарушы орган беретін белгіленген нысандағы құжат;
11) migration.enbek.kz ақпараттық жүйесі – көшіп-қонушыларды есепке алуды және олардың қозғалысын, сондай-ақ көші-қон саласында қызметтер көрсетудің мониторингін қамтамасыз ететін Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) цифрлық экожүйесінің кіші жүйесі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-1. Ішкі еңбек нарығында тиісті кандидатураларды іздеуді жұмыс беруші бос жұмыс орындарының болуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 103-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес электрондық еңбек биржасына (www.enbek.kz) жіберу жолымен жүзеге асырады.
Жұмыс беруші электрондық еңбек биржасына бос жұмыс орнының (орындарының) болуы туралы мәліметтерді берген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн өткен соң орналастырылған бос жұмыс орнын жариялау кодын көрсете отырып, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру туралы өтініш жібереді.
Ескерту. 1-тарау 2-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-2. Өтінішті жолдау кезінде "Шетелдік жұмыс күші" ақпараттық жүйесі тартылған шетелдік жұмыскерлермен тіркелген еңбек шарттары туралы деректерді алу үшін "Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі" (бұдан әрі – ЕШЕБЖ) және "Көші-қон полициясы" ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Ескерту. 1-тарау 2-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-3. Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Ескерту. 1-тарау 2-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыруға рұқсат беру немесе ұзарту тәртібі мен шарттары
1-параграф. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту тәртібі мен шарттары
3. "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызметін алу үшін жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген тұлға "электрондық үкіметтің" www.egov.kz (бұдан әрі – ЭҮП), www.elicense.kz веб-порталы немесе migration.enbek.kz порталы арқылы шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар тізбесі) көрсетілген құжаттарды қоса, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінішті ұсынады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Процестің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
5. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) беру немесе ұзарту тәртібі мен шарттарын айқындау мақсатында жұмыскерлердің мынадай санаттары белгіленеді:
1) бірінші санат – басшылар мен олардың орынбасарлары;
2) екінші санат – кәсіптік стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімшелердің басшылары;
3) үшінші санат – кәсіптік стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін мамандар;
4) төртінші санат – кәсіптік стандарттарда, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар.
6. Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күнді есептемегенде бір жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды және жұмыс беруші ұсынған құжаттар топтамасының толықтығы мен дұрыстығын тексереді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттарды толық ұсынбаған және (немесе) белгіленген нысан бойынша құжаттарды толтырмаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде жергілікті атқарушы орган өтінішті қабылдаудан бас тартуды (белгіленген нысан бойынша ұсынылмаған және (немесе) толтырылмаған құжаттарды және өзге де құжаттарды көрсете отырып) жүргізеді ережелерге сәйкес сәйкессіздіктер).
Жергілікті атқарушы орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті қабылдаудан бас тарту ЭҮП-дағы "жеке кабинетке" электрондық құжат нысанында өтініш берушіге жіберіледі.
7. Жергілікті атқарушы органның қызметкері жұмыс беруші өтініш пен мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттарды ұсынған кезде оларды қабылдауды және тіркеуді өтініш келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Жұмыс беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), рұқсаттарды бергені үшін алымды төлеу туралы мәліметтерді жұмыс беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Жергілікті атқарушы орган өтініш тіркелген сәттен бастап алты жұмыс күні ішінде құжаттарды мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар тізбесіне сәйкес келуін қарайды.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Рұқсатты беру не беруден бас тарту туралы шешім жұмыс берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган басшысының бұйрығы түрінде қабылданады.
Жұмыс берушінің рұқсат алуға өтінішін бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жергілікті атқарушы орган Жұмыс берушінің құжаттары қабылданған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарайды.
Келісуші жергілікті атқарушы орган үш жұмыс күні ішінде (жұмыс берушінің құжаттары қабылданған күннен бастап) біреуден астам әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде қолданысы бар рұқсат беруді жергілікті атқарушы органға келісу туралы шешім ұсынады
Жергілікті атқарушы органның біреуден артық әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде қолданысы бар рұқсатты беруі немесе ұзартуы келісуші жергілікті атқарушы органның оң шешімін алғаннан кейін жүзеге асырылады.
Келісуші жергілікті атқарушы орган үш жұмыс күні ішінде (жұмыс берушінің құжаттары қабылданған күннен бастап) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте рұқсатты беру немесе ұзарту туралы келісу не келісуден бас тарту туралы шешім жібереді.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Ұсынылған құжаттар бойынша дәлелді ескертулер туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруге өтінішті қабылдау туралы шешім қабылдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Жергілікті атқарушы орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту ЭҮП-дағы "жеке кабинеткеә электрондық құжат нысанында өтініш берушіге жіберіледі.
10. Жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты беру, ұзарту не беруден, ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде "Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін", "Көші-қон полициясы" ақпараттық жүйелерінде, "ЕҚжҚ" АЖ-да тіркелген бұзушылықтар туралы мәліметтердің, сондай-ақ "ШЖК" ААЖ, "ЕШЕБЖ" ИАЖ-да мәліметтердің болуына тексеруді жүзеге асырады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Рұқсатты беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін негіздер болған кезде жергілікті атқарушы орган ҚР ӘРПК 73-бабына сәйкес жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" не телекоммуникациялық құралдар арқылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны жібереді/хабарлайды.
Хабарламада осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген бас тарту негіздері көрсетіледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Рұқсат беру туралы шешім қабылданған жағдайда, жергілікті атқарушы орган оны қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" хабарлама жібереді.
14. Төртінші санат бойынша рұқсат беру кезінде жұмыс беруші алты айдан бір жылға дейінгі кезеңде шетелдік жұмыскерлерді төртінші санатқа жататын бірдей лауазымдар немесе өзге де лауазымдар бойынша қазақстандық азаматтарға ауыстыруды жүзеге асырады.
Рұқсаттарды беру кезінде шетелдік жұмыскерлерді қазақстандық азаматтарға ауыстыруды келісу осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алған жұмыс берушілер осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес migration.enbek.kz ақпараттық жүйесіне шетелдік жұмыскерлерді қазақстандық азаматтарға ауыстыру және тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтерді енгізеді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат беру "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 14-6) тармақшасына сәйкес айқындалатын кәсіптер тізбесі бойынша жүзеге асырылады.
16. Жергілікті атқарушы орган халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде рұқсат береді.
16-1. Шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілер тартатын шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) және практикалық жұмыс тәжірибесі (өтілі) кәсіптік стандарттарға немесе Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сайкес келгенде беріледі.
Ескерту. 2-тарау 16-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданыстағы, бұрын берілген рұқсаттардың саны халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген тиісті күнтізбелік жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота санынан аспайды.
18. Біреуден артық әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде әрекет ете отырып, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру аумағына жұмыс беруші рұқсатты беруге немесе ұзартуға өтініш берілген жергілікті атқарушы органның (дардың) рұқсатының қолданылуын таратуға өтініш білдірген жергілікті атқарушы органның келісуі шартымен жүзеге асырылады
Келісу Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жүзеге асырылады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Жергілікті атқарушы органның рұқсаттарды беруі немесе ұзартуы мынадай шарттар сақталған кезде жүзеге асырылады:
1) жіберуші тараптың персоналды ұсыну жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шарт шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлерін ескере отырып, бірінші және екінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 70 %-ы Қазақстан Республикасы азаматтарының саны;
2) жіберуші тараптың персоналды ұсыну жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шарт шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлерін ескере отырып, үшінші және төртінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 90 %-ы Қазақстан Республикасы азаматтарының саны.
Кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу кезінде шетелдік қызметкерлер қатарында Қазақстан Республикасының "Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары есепке алынбайды.
Жұмыс беруші кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органға ұсынады.
20. Осы Қағидалардың 19-тармағының күші мыналарға қолданылмайды:
1) жұмыскерлер саны 20 адамнан аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектілері;
2) мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар;
3) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 14-5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасына өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келген шетелдік қызметкер;
4) Қазақстан Республикасы ратификациялаған еңбек көші-қоны және еңбекші-мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған кезде шығу елдері бойынша квоталар шеңберінде берілетін рұқсаттар;
5) жұмыскерлер саны 10 адамнан аспайтын шетелдік заңды тұлғалардың өкілдіктері мен филиалдары.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Инвестициялық басым жобалар үшін кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі шарттарды аумағында жобалар іске асырылатын жергілікті атқарушы органмен және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша мүдделі орталық мемлекеттік органдар айқындайды.
22. Рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін жұмыс берушілерден "Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 157 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес салық алымы (бұдан әрі – алым) алынады.
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу немесе ұзарту кезінде біреуден артық әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде алым рұқсатта көрсетілген әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік бюджетіне төленеді.
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде біреуден артық әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде берілетін рұқсаттар тегін негізде жүзеге асырылады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Жұмыс беруші рұқсат беру туралы хабарламаны осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға рұқсат бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттарды ұсынады.
Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде алымның енгізілгенін растайтын құжаттарды жергілікті атқарушы органға ұсынбаған кезде, жергілікті атқарушы органның рұқсат беру туралы шешімі, сондай-ақ рұқсаттың қолданылуы осы Қағидалардың 41-тармағының 5) тармақшасына сәйкес тоқтатылады.
Бас тарту туралы хабарлама осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.
24. Жергілікті атқарушы орган рұқсат бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттарды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында рұқсатты қалыптастырады және жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.
24-1. Жұмыс берушілер:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдане әрі – Кодекс) 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына сәйкес шетелдік жұмыскерлерімен жасалған еңбек шарттары (корпоративішілік ауыстыру туралы хаттар/келісімдер) бойынша ақпаратты ЕШЕБЖ-ға еңгізуді;
2) "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20201 болып тіркелген) сәйкес шетелдік жұмыскердің жеке сәйкестендіру нөмірін алуды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 2-тарау 24-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар:
1) бірінші санат үшін – рұқсат мерзімін бір, екі немесе үш жылға ұзартумен, жұмыс берушінің өтініші негізінде бір, екі немесе үш жылға;
2) екінші және үшінші санаттар үшін – он екі айға ұзартыла отырып, он екі айға, бірақ үш реттен аспайтын мерзімге;
3) төртінші санат үшін – ұзартусыз он екі айға;
4) маусымдық шетелдік жұмыскерлер үшін – ұзартусыз күнтізбелік тоқсан, жүз сексен, екі жүз жетпіс, үш жүз алпыс бес күнге дейін беріледі.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Осы Қағидалардың шетелдік қызметкерлерге қолданылатын ережесі корпоративішілік ауыстыру шеңберінде немесе осы Қағидалардың 39-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында жұмыс істеу үшін тартылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады.
27. Алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27-1. Егер халықаралық шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше тәртіп көзделмесе, жергілікті атқарушы орган білім туралы құжаттардағы заңдастыру мөртабанының немесе апостильдің түпнұсқалығын белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне тиісті сұрау салуларды жолдайды.
Ескерту. 2-тарау 27-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Басқа шетелдік қызметкерге бұрын берілген рұқсатты қайта ресімдеуге рұқсат берілген шетелдік қызметкер жұмыс орнына келмеген немесе онымен еңбек шартын бұзған, хаттың немесе ауысу туралы келісімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мерзімінен бұрын тоқтатылған, шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, оның біліктілік талаптарына сәйкес жаңа нөмір берілген кезде жол беріледі. Кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасында көзделген тәртіппен, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен бастапқыда берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі өткенге дейін қалған мерзімге осы кәсіп үшін белгіленген.
Бұл ретте жұмыс беруші жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларда көзделген рұқсат қайта ресімделетін шетелдік қызметкерге құжаттарды жібереді. Бастапқыда берілген рұқсат осы Қағидалардың 41-тармағының 6) тармақшасына сәйкес тоқтатылуға жатады.
29. Басқа шетелдік жұмыскерге бұрын берілген рұқсатты қайта ресімдеу туралы шешімді жергілікті атқарушы орган құжаттар қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Жергілікті атқарушы органның рұқсатты қайта ресімдеу бойынша қабылданған шешімі туралы хабарлама жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.30. Рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзартуға күнтізбелік алпыс күннен ерте емес және рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жол беріледі.
31. Жергілікті атқарушы орган ұсынылған құжаттар негізінде құжаттарды қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру мерзімін ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Жергілікті атқарушы органның рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы оң шешімі болған кезде рұқсат осы Қағидалардың 25-тармағында көзделген мерзімге ұзартылады, бұл ретте рұқсаттың қолданылу мерзімі бұрын берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен басталады.
32. Алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.33. Жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге рұқсат беру мерзімін ұзарту туралы не ұзартудан бас тарту туралы хабарламаны электрондық құжат нысанында жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" ұзарту туралы шешім қабылданған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде не шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру мерзімін ұзартудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.
34. Жұмыс беруші рұқсатты ұзарту туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға рұқсатты ұзартқаны үшін алым енгізілгенін растайтын құжаттарды ұсынады.
35. Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде алымның енгізілгенін растайтын құжаттарды жергілікті атқарушы органға ұсынбаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдайды және жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" бас тарту туралы хабарлама жібереді.
36. Жергілікті атқарушы орган рұқсатты ұзартқаны үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттарды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында рұқсатты қалыптастырады және жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.
37. Жергілікті атқарушы орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
38. Жергілікті атқарушы орган берген рұқсат басқа жұмыс берушілерге берілмейді, тек тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ғана қолданылады.
Бұл ретте жұмыс берушінің рұқсаттар алынған шетелдік жұмыскерлерді басқа әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағындағы кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуіне бір күнтізбелік жыл ішінде күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге жол беріледі.
39. Қызметін Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз жұмыскерлерін жұмыстарды орындауға, жабдықты монтаждау және пайдалануға беру бойынша қызметтерді көрсетуге арналған келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасына жіберген жағдайда не шетелдік заңды тұлға – жұмыс беруші өз жұмыскерлерін Қазақстан Республикасына жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін онда мұндай шетелдік заңды тұлға – жұмыс берушінің тікелей немесе жанама қатысу акциясы немесе үлесі бар шетелдік заңды тұлғаның еншілес ұйымына, өкілдігіне, филиалына жіберген жағдайда, пайдасына жұмыстар орындалатын ұйымның уәкілетті адамы ЭҮП арқылы шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінішті ұсынады.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.40. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат:
1) рұқсатта көрсетілген лауазымға сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша шетелдік жұмыскерді тарту;
2) жұмыс берушінің осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген шарттарды сақтамау фактілері белгіленген жағдайларда кері қайтарылады. Бұл ретте жергілікті атқарушы орган саны осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген пайыздық қатынастардан асатын соңғы берілген рұқсаттарды кері қайтарып алады;
3) жұмыс берушінің рұқсатты алу немесе ұзарту үшін дұрыс емес құжаттарды ұсыну фактілері белгіленген жағдайларда кері қайтарылады.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайлар осындай факт анықталған күннен бастап он екі ай ішінде рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.41. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат мынадай жағдайларда өзінің қолданылуын тоқтатады:
1) ол берілген мерзім өткеннен кейін;
2) рұқсатты қайтарып алу;
3) жеке тұлға-жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған, заңды тұлға – жұмыс беруші таратылған;
4) Жұмыс берушінің рұқсатты жергілікті атқарушы органға ерікті түрде қайтаруы;
5) рұқсатты бергені және ұзартқаны үшін алым төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері енгізілмеген жағдайда;
6) басқа шетелдік қызметкерге рұқсатты қайта ресімдеу.
Жергілікті атқарушы орган осы тармақтың 2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген рұқсаттың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ІІМ) аумақтық органына рұқсаттың қолданылуын тоқтату туралы ақпарат жібереді.
41-1. "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабына сәйкес жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру талап етілмейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда, жұмыс берушінің рұқсатынсыз шетелдік жұмыскерлерді тартуға, сондай-ақ рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша шетелдік жұмыскерді тартуға жол берілмейді. Мұндай жағдайларда осындай факт анықталған күннен бастап он екі ай ішінде жаңа рұқсаттар берілмейді.
Ескерту. 2-тарау 41-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.42. Осы Қағидалардың жұмыс берушілерге қолданылатын ережесі корпоративішілік ауыстыру шеңберінде немесе осы Қағидалардың 46-тармағына сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдік заңды тұлғаның заңды тұлғаларына, филиалдарына, өкілдіктеріне де қолданылады.
2-параграф. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асырылатын шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беру немесе ұзарту шарттары мен тәртібі
43. Корпоративішілік ауыстыру кезеңінде шетелдік қызметкерге жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимі, сондай-ақ қабылдаушы тараптың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптары қолданылады, бұл ретте еңбек қатынастары шетелдік қызметкер мен корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын заңды тұлға арасында келісілген еңбек шартымен (немесе еңбек қатынастарын растайтын өзге де құжатпен) реттеледі.
44. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асырылатын шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды беру немесе ұзарту тегін негізде жүзеге асырылады.
45. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту шарттарын айқындау мақсатында қызметкерлердің мынадай санаттары белгіленеді:
1) басшылар;
2) менеджерлер;
3) мамандар.
46. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат басшының, менеджердің және маманның ел аумағында құрылған заңды тұлғада кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі болған жағдайда беріледі – корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және жұмыс істейтін Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі және шетелдік жұмыскерлердің Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 01-99 "Қызмет сыныптауышы" мемлекеттік ссыныптауышына сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі қызметкердің біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі туралы корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын заңды тұлғаның хатымен, сондай-ақ қызметкердің қажетті біліктілігі мен кәсіби жұмыс тәжірибесі бар екенін растайтын қабылдаушы Тараптың хатымен расталған кезде беріледі.
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын басшылар мен менеджерлердің лауазымдары басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 01-99 "Қызмет сыныптауышы" Мемлекеттік сыныптауышына сәйкес басшылар лауазымдары үшін белгіленген біліктілікке қойылатын талаптарға сәйкес келуге тиіс.
47. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат алу үшін жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген тұлға ЭҮП арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша жергілікті атқарушы органға өтінішті 1-қосымшаға сәйкес ұсынады осы Қағидаларға.
48. Жергілікті атқарушы орган құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Жұмыс беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жұмыс беруші құжаттарды берген кезде жұмыс берушінің "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
49. Өтінішті қабылдаған жергілікті атқарушы органның қызметкері құжаттарды тіркеу күнін қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде жұмыс берушіден қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығы мен дұрыстығын тексереді және осы Қағидалардың 47-тармағында көзделген құжаттар толық көлемде ұсынылмаған және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың және (немесе) құжаттардың дұрыс емесігі анықталған жағдайларда осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес өтінішті одан әрі қараудан бас тартады.
50. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат беру не беруден бас тарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган Жұмыс берушінің құжаттары қабылданған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Ескерту. 50-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.51. Жергілікті атқарушы орган корпоративішілік ауыстыру шеңберінде рұқсат беру не беруден бас тарту туралы қабылданған шешім туралы жұмыс берушіні ол қабылданған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
52. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат беру туралы шешім қабылданған жағдайда, жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жұмыс берушінің "Жеке кабинетіне" хабарлама жібереді.
53. Рұқсатты беру және ұзарту бойынша жергілікті атқарушы орган қабылдаған шешім туралы нәтиже осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" жергілікті атқарушы орган басшысының қол қойылған ЭЦҚ-мен жіберіледі.
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде жергілікті атқарушы орган жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес негіздемесін көрсете отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында хабарлама жібереді.
Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.54. Рұқсат беру кезінде жұмыс беруші өз таңдауы бойынша мынадай ерекше шарттардың бірін таңдап алады:
1) тартылатын шетелдік жұмыскер мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан өз жұмыскерлерін кәсіптік даярлау;
2) тартылатын шетелдік жұмыскер мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан өз жұмыскерлерін қайта даярлау;
3) Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан өз жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру;
4) шетелдік жұмыскерлер тартылатын мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары үшін қосымша жұмыс орындарын құру.
Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.55. Жұмыс берушіде кадрларда жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарлама болған кезде ерекше шарттарды қабылдау талап етілмейді.
56. Корпоративішілік аудару кезінде:
менеджерді алса - жұмыс беруші осы Қағидалардың 54-тармағында көзделген шарттардың бірін таңдайды;
маманды алса -жұмыс беруші осы Қағидалардың 54-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көзделген шарттардың бірін таңдайды.
57. Жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартуға берілетін рұқсаттар санына сәйкес ерекше шарттардың санын қабылдайды.
58. Рұқсат алу үшін қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпарат Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
59. Көзделген шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттардың шарттарын орындау:
осы Қағидалардың 54-тармағының 3) және 4) тармақшаларымен рұқсаттың қолданылу мерзімі ішінде жүргізіледі;
осы Қағидалардың 54-тармағының 1) және 2) тармақшаларымен рұқсаттың қолданылу мерзімінің алғашқы алты айы ішінде басталады.
60. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартатын жұмыс беруші корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын, тиісті санаттағы қазақстандық кадрлар санына елу пайыздан аспайтын шетелдік жұмыскерлер (менеджерлер мен мамандар) санының пайыздық арақатынасын қамтамасыз етеді.
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту кезінде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты жұмыс беруші осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органға ұсынады.
61. Шетелдік қызметкерді басшы лауазымдарына тарту кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының санына арақатынасты сақтау жөніндегі талаптар қолданылмайды.
62. Алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.63. Басқа шетелдік қызметкерге корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға бұрын берілген рұқсатты қайта ресімдеу біліктілік талаптарына сәйкес болған кезде жаңа нөмір бере отырып, шетелдік жұмыс күшін тарту, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мемлекеттік қызмет стандартының құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттармен расталған шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген шетелдік қызметкер жұмыс орнына келмеген немесе онымен еңбек шартын бұзған, хаттың немесе ауыстыру туралы келісімнің қолданылу мерзімі рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда жүзеге асырылады.
Қайта ресімделген рұқсат бастапқыда берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қалған мерзімге беріледі.
64. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға бұрын берілген рұқсатты басқа шетелдік жұмыскерге қайта ресімдеу туралы шешімді жергілікті атқарушы орган құжаттар қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.65. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзартуға күнтізбелік алпыс күннен ерте емес және рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жол беріледі.
66. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде рұқсатты ұзарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган Қағидаларға сәйкес құжаттар қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.67. Жергілікті атқарушы орган жұмыс берушіге рұқсат беру мерзімін ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы хабарламаны" корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру мерзімін ұзарту туралы не ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылданған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде электрондық құжат нысанында жұмыс берушінің жеке кабинетіне жібереді.
68. Жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 37-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
69. Рұқсатты ұзарту кезінде жұмыс беруші осы Қағидалардың 54-тармағына сәйкес өз таңдау бойынша ерекше шарттардың бірін таңдайды.
70. Рұқсатты ұзарту үшін қабылданатын ерекше жағдайлар туралы ақпарат осы Қағидалардың 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
71. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттарын орындау осы Қағидалардың 59-тармағына сәйкес көзделеді.
72. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыскерлерді тартатын жұмыс беруші осы Қағидалардың 60-тармағына сәйкес пайыздық арақатынасты қамтамасыз етеді.
73. Алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.74. Жергілікті атқарушы орган мынадай жағдайларда корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға қолданыстағы рұқсаттарды кері қайтарып алуды жүргізеді:
1) рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша шетелдік жұмыскерді тарту;
2) жұмыс берушінің осы Қағидалардың 60-тармағында белгіленген шарттарды сақтамауы. Бұл ретте жергілікті атқарушы орган саны осы Қағидалардың 60-тармағында белгіленген пайыздық қатынастардан асатын соңғы берілген рұқсаттарды кері қайтарып алады.
Жергілікті атқарушы орган рұқсатты кері қайтарып алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға кері қайтарып алынған рұқсаттар туралы ақпаратты облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ҚР ІІМ аумақтық органына жібереді.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайлар осындай факт анықталған күннен бастап он екі ай ішінде рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.74-1. "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабына сәйкес жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру талап етілмейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда, жұмыс берушінің рұқсатынсыз шетелдік жұмыскерлерді корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартуға, сондай-ақ рұқсатта көрсетілген кәсіпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша шетелдік жұмыскерді тартуға жол берілмейді. Мұндай жағдайларда осындай факт анықталған күннен бастап он екі ай ішінде жаңа рұқсаттар берілмейді.
Ескерту. 2-тарау 74-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.75. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар еңбек шартында көрсетілген, бірақ он екі айға бір реттен аспайтын мерзімге ұзарту құқығымен үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Еңбек шарты болмаған кезде корпоративішілік ауыстыру мерзімі корпоративішілік ауыстыру туралы хатпен немесе келісіммен (шартпен) айқындалады, бірақ он екі айға бір реттен артық емес ұзарту құқығымен үш жылдан аспайды.
76. Жергілікті атқарушы орган берген рұқсат басқа жұмыс берушілерге берілуге жатпайды, жұмыс беруші рұқсаттар алған шетелдік жұмыскерлерді өзге әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағындағы кәсіпорындарға, ұйымдарға іссапарға жіберуді қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге ғана қолданылады. бір күнтізбелік жыл ішінде.
77. Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат мынадай жағдайларда өзінің қолданылуын тоқтатады:
1) ол берілген мерзім өткеннен кейін;
2) рұқсатты қайтарып алу;
3) жеке тұлға-жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған, заңды тұлға – жұмыс беруші таратылған;
4) жұмыс берушінің рұқсатты жергілікті атқарушы органға ерікті түрде қайтаруы.
78. Жергілікті атқарушы орган:
1) корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдік қызметкерлердің есебін жүргізеді;
2) ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органды, сондай-ақ еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесін корпоративішілік ауыстыру шеңберінде жұмыс істейтін шетелдік жұмыскерлер туралы хабардар етеді.
Ескерту. 78-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2024 № 390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.79. Шетелдік қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясының өзгеруіне байланысты және жұмыс беруші-Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе шетелдік заңды тұлға филиалы (өкілдігі) бірігу, қосылу, бөліну, бөліну немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда, сондай-ақ оның атауы немесе атауы өзгерген жағдайда рұқсатты қайта ресімдеу үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатта көрсетілген деректемелерді, не ол уәкілеттік берген тұлға ЭҮП арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша жергілікті атқарушы органға өтінішті ұсынады.
Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып, рұқсатты қайта ресімдейді.
Рұқсатты қайта ресімдеу бойынша жергілікті атқарушы органның қабылданған шешімі туралы хабарлама жергілікті атқарушы орган басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.
80. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алған жұмыс берушілер осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес migration.enbek.kz ақпараттық жүйесіне ерекше шарттардың және тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтерді енгізеді.
Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.81. Шетелдік жұмыскер шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген жұмыс орнына келмеген жағдайда жұмыс беруші ерекше шартты орындамайды.
Бұл ретте, жұмыс беруші шетелдік қызметкердің келмегені туралы хабарламаны жергілікті атқарушы органға жібереді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органның немесе оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
82. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым тиісті облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімінің аппаратына беріледі, ол 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.83. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда жұмыс беруші Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
ӨТІНІШ
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты (ларды) беруді/ұзартуды/қайта
ресімдеуді (керегінің астын сызуды) сұраймын ______________________________
(облыс, республикалық маңызы бар қала (лар), астана көрсетілсін)
______адамға, оның ішінде: бірінші санат бойынша - ___ адам, оның ішінде
лауазымдар (кәсіптер) бойынша (рұқсаттың қолданылу мерзімін көрсету
(рұқсатты беру/ұзарту кезінде):
________________________________________________________________________
екінші санат бойынша - _____ адам, оның ішінде лауазымдар (кәсіптер) бойынша:
________________________________________________________________________
үшінші санат бойынша - _____ адам, оның ішінде лауазымдар (кәсіптер) бойынша:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
төртінші санат бойынша - ____ адам, оның ішінде лауазымдар (кәсіптер) бойынша:
________________________________________________________________________
маусымдық жұмыстарға - _____ адам, оның ішінде лауазымдар (кәсіптер)
бойынша (рұқсаттың қолданылу мерзімін көрсету (рұқсат беру кезінде):
________________________________________________________________________
Шетелдік жұмыс күші еңбек қызметін жүзеге асыратын экономикалық қызмет түрі:
________________________________________________________________________
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді
тарту кезінде:
Облыс (қала): ____________________________________________________________.
Шетелдік жұмыскерлердің саны: _________адам, оның ішінде: басшы ______адам,
лауазымы
________________________________________________________________________;
менеджерлер _____адам, оның ішінде лауазымдар (кәсіптер)бойынша:
________________________________________________________________________;
мамандар _____адам, оның ішінде лауазымдар (кәсіптер)бойынша:
________________________________________________________________________
Жұмыс берушінің (қабылдаушы ұйымның)атауы:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Жұмыс беруші (қабылдаушы ұйым) туралы мәліметтер:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Ұйымның меншік нысаны
________________________________________________________________________
Құрылған күні 20___ жылғы "____" _____________.
Қазақстан Республикасының Әділет органдарында тіркеу туралы куәлік
________________________________________________________________________
(нөмір, қашан және кім берді) жеке сәйкестендіру нөмірі:
________________________________________________________________________,
бизнес сәйкестендіру нөмірі: _______________________________________________
Жүзеге асырылатын қызмет түрі:
________________________________________________________________________
Кәсіпкерлік субъектісінің санаты:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
(шағын / орта / ірі кәсіпкерлік субъектісі)
Мекен-жайы, телефоны, факсы: _____________________________________________
Қоса беріліп отырған құжаттар: _____________________________________________
________________________________________________________________________
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру/ұзарту/қайта ресімдеу қажеттілігінің
негіздемесі: ______________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Шетелдік заңды тұлғаның-Жұмыс берушінің толық атауы:
________________________________________________________________________
Резиденттік елінде тіркеу туралы деректер:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
( № , мемлекеттік тіркеу күні және тіркеу органының атауы)
Резиденттік елдегі салықтық тіркеу нөмірі немесе оның баламасы:
________________________________________________________________________
Жүзеге асырылатын қызмет түрі:
________________________________________________________________________
Резиденттік елдегі орналасқан жері, телефон:
________________________________________________________________________
Шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігінің негіздемесі: _______
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Шетелдік жұмыскерлерді тарту кезінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды
беру немесе ұзарту сондай-ақ "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 11-бабының 14-4) тармақшасына сәйкес бекітілген корпоративішілік
ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарының 39-тармағына сәйкес:
________________________________________________________________________
Шетелдік заңды тұлғаның-жұмыс берушінің толық атауы:
________________________________________________________________________
Резиденттік елінде тіркеу туралы деректер:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
(№ , мемлекеттік тіркеу күні және тіркеу органының атауы)
Резиденттік елдегі салықтық тіркеу нөмірі немесе оның баламасы
________________________________________________________________________
Жүзеге асырылатын қызмет түрі: ___________________________________________
Резиденттік елдегі орналасқан жері, телефон:
________________________________________________________________________
"Қолданыстағы Қағидалармен және шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды
беру немесе ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру
шарттарымен таныстым (а)".
"Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту"
мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және
өңдеуге келісім беремін.
Басшы __________________________________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)
20__жылғы "___" ___________.
Өтініш қарауға қабылданды 20__ жылғы "___" ___________.
________________________________________________________________________
(жауапты тұлғаның тегі, аты-жөні, қолы)
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына 2-қосымша |
"Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. бірінші, екінші, үшінші, төртінші санаттар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға және маусымдық шетелдік жұмыскерлер үшін рұқсат беру;
2. шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты қайта ресімдеу;
3. шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту;
4. корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу немесе қайта ресімдеу;
5. корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты ұзарту;
6. шетелдік жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және сериясы өзгеруіне байланысты және жұмыс беруші-Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе шетелдік заңды тұлға филиалы (өкілдігі) қосылу, бірігу, бөлу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатта көрсетілген оның атауы немесе деректемелер өзгерген жағдайда рұқсатты қайта ресімдеу.
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы немесе migration.enbek.kz ақпараттық жүйесі |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Рұқсат беру 19 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, оның ішінде: |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат, қайта ресімделген және ұзартылған рұқсат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жұмыс берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы/тегін көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
"электрондық үкімет" www.egov.kz және www.elicense.kz веб-порталының немесе migration.enbek.kz порталының жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (жұмыс беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. |
8 | Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
1. Маусымдық шетелдік жұмыскерлерді тарту кезінде: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту (қайта ресімдеу) кезінде: |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар | Бизнес сәйкестендіру нөмірі және электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде мемлекеттік қызметті, сондай-ақ www.egov.kz "электрондық үкімет" және www.elicense.kz веб-порталы немесе migration.enbek.kz порталы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде рұқсатты беру, қайта ресімдеу және ұзарту туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. Жұмыс берушінің "электрондық үкімет" www.egov.kz және www.elicense.kz веб-порталдың немесе migration.enbek.kz порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары 1414, 8-800-080-7777. |
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына 3-қосымша |
|
нысан |
_______________________________________________________________ (рұқсат беруші органның толық атауы)
Шетелдік жұмыс күшін тартуға РҰҚСАТ
_______________________________________________________________
20 __ жылғы "___" _________ № ____
Жұмыс беруші
_______________________________________________________________
(заңды тұлға үшін: атауы, мекенжайы,
_______________________________________________________________
тіркеу нөмірі, тіркелген күні, бизнес сәйкестендіру нөмірі;
_______________________________________________________________
жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру
нөмірі, үйінің мекенжайы)
_______________________________________________________________
Рұқсат қолданылатын аумақ ______________________________________
_______________________________________________________________
Шетелдік жұмыскер______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), санаты, лауазымы/кәсібі)
_______________________________________________________________
(паспорттың/жеке куәліктің №, берілген күні және берген орган)
Жұмыс істеу әдісі (тұрақты, вахталық)______________________________
Рұқсатты беру үшін негіздеме _____________________________________
_______________________________________________________________
Рұқсаттың қолданылу мерзімі_____________бастап ___________дейін
(күні, айы, жылы) (күні, айы, жылы)
М.О. қолы _______________________
(тегі, аты-жөні)
Хабарлама
_______________________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы
органының атауы)
_______________________________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы және мекенжайы)
шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру/ұзарту/беруден бас тарту/ұзартудан
бас тарту туралы шешім қабылданғаны туралы хабарлайды.
Оң шешіммен __________________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)
салық төлемін енгізу қажет:
(рұқсат (тар) беру немесе ұзартуды көрсету)
______________________________________________________________________.
(шетелдік жұмыскердің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), санатын, кәсібін
және лауазымын, тартылатын экономикалық қызмет түрін және салық
алымының сомасын көрсету қажет)
Рұқсатты беру/ұзарту үшін салық алымын мына шотқа енгізу талап етіледі:
№_____________________, бюджеттік сыныптама коды: 105433
Назар аударыңыз! |
Салық алымының төленгені туралы он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға салық алымының төленгенін растайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесін (көшірмелерін) енгізу жолымен хабарлау қажет.
Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық алымының төленгенін растайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесін (көшірмелерін) ұсынбаған жағдайда жергілікті атқарушы органның рұқсат беру туралы шешімінің күші жойылады.
Басшы ____________________ ________ _________________________
(тегі, аты-жөні) (қолы) (күні: күні, айы, жылы)
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына 5-қосымша |
Рұқсат беру кезінде шетелдік жұмыскерлерді қазақстандық азаматтарға ауыстыруды жұмыс берушімен келісу нысаны
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с | Тартылатын шетелдік жұмыскерлердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Жұмыс берушінің өтінішіне сәйкес тартылатын шетелдік жұмыскерлердің санаты, кәсібі (мамандығы) | Шетелдік жұмыскерлерді алмастыру жүзеге асырылатын кәсіптің (мамандықтың) атауы | Шетелдік жұмыскерлерді қазақстандық азаматтарға ауыстыру мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
________________________________________________________
________________________________________________________
(жұмыс берушінің атауы)
________________________________________________________
(қолы, тегі, лауазымы)
20 ___ жылғы " ____" ________
Келісілді:________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
________________________________________________________
(қолы, тегі, лауазымы)
20 ___ жылғы " ____" ________
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.02.2024 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынылады
Әкімшілік деректер нысаны www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат
Нысан индексі: КЖҚ-1
Кезеңділігі: біржолғы
Есепті кезең:__ күн______ ай ____ жыл
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар: шетелдік жұмыс күшін тартатын заңды және жеке тұлғалар
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту үшін жүгінген кезде
Нысан
Р/с № | Тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санаттары | Жұмыс беруші қызметкерлерінің саны, адам | Тартуға жоспарланған шетелдік жұмыс күшінің саны, адам. | 3-баған+ 5-баған | 4-баған+ 5-баған | қызметкерлердің жалпы санына шетелдік жұмыс күшінің %-ы, 7-баған/ 6-баған*100% | |
Барлығы (шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік қызметкерлер есепке алынбайды) | Оның ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күші | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | 1 және 2- санат | ||||||
2 | 3 және 4- санат | ||||||
3 | Барлығы |
Ескертпе: егер шетелдік жұмыскер 4-бағанда есепке алынған жағдайда, онда 5-бағанда ол есепке алынбайды.
Жұмыс беруші:____________________________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы, күні)
"Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша |
"Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индексі – КЖҚ-1, кезеңділігі – біржолғы)
1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбейді;
2-бағанда тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санаты көрсетіледі;
3-бағанда шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күшінің барлығы (шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік қызметкерлер есепке алынбайды) көрсетіледі;
4-бағанда оның ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күші көрсетіледі;
5-бағанда тартуға жоспарланатын шетелдік жұмыс күшінің саны, адам көрсетіледі;
6-бағанда жұмыс істеп тұрған қызметкерлердің және шетелдік қызметкерлерді тартуға жоспарланатын қызметкерлердің сомасы көрсетіледі;
7-бағанда тартылған және тартуға жоспарланатын шетелдік қызметкерлердің сомасы көрсетіледі;
8-бағанда жұмыскерлердің жалпы санына шетелдік жұмыс күшінің пайызы көрсетіледі, 7-баған/ 6-баған*100%.
________________________________________________
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына 7-қосымша |
|
нысан |
Кадрлардағы жергілікті қамту шарттары инвестициялық басым жобалар үшін
Р/с № | Басымды жобаның атауы | Тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санаттары | Басымды жобада жұмыс істейтін қазақстандық азаматтардың % | Басымды жобада жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің % | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
1. | 1-санаттағы | |||||
2- санаттағы | ||||||
3- санаттағы | ||||||
4- санаттағы | ||||||
Келісілді: | Келісілді: | Келісілді: |
___________________ |
___________________ |
____________________ |
____________________ |
___________________ |
____________________ |
Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.02.2024 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынылады
Әкімшілік деректер нысаны www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Рұқсаттарды алу немесе ұзарту үшін қабылданатын ерекше жағдайлар туралы ақпарат
Нысан индексі: РАҰҮҚЕШ-2
Кезеңділігі: біржолғы
Есепті кезең:__ күн______ ай ____ жыл
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар: шетелдік жұмыс күшін тартатын заңды және жеке тұлғалар
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ерекше жағдайларда рұқсаттарды алу немесе ұзарту үшін жүгінген кезде
Нысан
Р/с № | Тартылатын шетелдік қызметкерлердің Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) | Жұмыс берушінің өтінішіне сәйкес тартылатын шетелдік қызметкерлердің санаты, кәсібі (мамандығы) | Қазақстан Республикасының азаматтары үшін құрылатын жұмыс орындарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылатын кәсіп (мамандық) және (немесе) саны көрсетілген ерекше шарттардың атауы | Ерекше шарттарды орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Жұмыс беруші:____________________________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы, күні)
"Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша |
"Рұқсаттарды алу немесе ұзарту үшін қабылданатын ерекше шарттар туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индексі – РАҰҮҚЕШ-2, кезеңділігі – біржолғы)
1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбейді;
2-бағанда тартылатын шетелдік қызметкерлердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі;
3-бағанда жұмыс берушінің өтінішіне сәйкес тартылатын шетелдік қызметкерлердің санаты, кәсібі (мамандығы) көрсетіледі;
4-бағанда Қазақстан Республикасының азаматтары үшін құрылатын жұмыс орындарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылатын кәсіпті (мамандықты) және (немесе) олардың санын көрсете отырып, ерекше шарттардың атауы көрсетіледі;
5-бағанда ерекше шарттардың орындалу мерзімі көрсетіледі.
________________________________________________
Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.02.2024 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсынылады
Әкімшілік деректер нысаны www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту кезінде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат
Нысан индексі: КАШШҚТККЖҚ-3
Кезеңділігі: біржолғы
Есепті кезең:__ күні______ айы ____ жылы
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар: шетелдік жұмыс күшін тартатын заңды және жеке тұлғалар
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту кезінде
Нысан
Р/с № | Лауазымдардың атаулары | Жұмыс беруші қызметкерлерінің саны, адам | Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартуға жоспарланатын шетелдік жұмыс күшінің саны, адам | 3-баған + 5-баған | 4-баған + 5-баған | корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік жұмыс күшінің %-ы Қазақстан азаматтары қатарындағы қызметкерлердің жалпы санына, 7-баған/6-баған*100 % | |
Барлығы | оның ішінде: корпоративішілік ауыстыру шеңберінде рұқсаттар бойынша жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күші | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | Менеджерлер | ||||||
2 | Мамандар | ||||||
3 | Барлығы |
Ескертпе: егер шетелдік қызметкер 4-бағанда есепке алынған жағдайда, онда 5-бағанда ол есепке алынбайды.
Жұмыс беруші:____________________________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы, күні)
"Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша |
"Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлерді тарту кезінде кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индексі – КАШШҚТККЖҚ-3, кезеңділігі – біржолғы)
1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбейді;
2-бағанда корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік қызметкерлер тартатын лауазымдардың санаттарының атауы көрсетіледі;
3-бағанда жұмыс берушінің барлық қызметкерлерінің саны, адам көрсетіледі;
4-бағанда оның ішінде: корпоративішілік ауыстыру шеңберінде рұқсаттар бойынша жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күші көрсетіледі;
5-бағанда корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартуға жоспарланатын шетелдік жұмыс күшінің саны, адам көрсетіледі;
6-бағанда жұмыс істеп тұрған жұмыскерлердің және шетелдік жұмыскерлерді тартуға жоспарланатын жұмыскерлердің сомасы көрсетіледі;
7-бағанда тартылған және тартуға жоспарланатын шетелдік қызметкерлердің сомасы көрсетіледі;
8-бағанда корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тартылатын шетелдік жұмыс күшінің қазақстандық азаматтар қатарындағы жұмыскерлердің жалпы санына пайызы, 7-баған/6*100-баған көрсетіледі.
________________________________________________
Шетелдіктерді жұмыс күшін тартуға кері қайтарып алынған рұқсаттар туралы ақпарат
Шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге
асыруға жұмыс берушілерге рұқсаттар беру немесе ұзарту қағидалары мен
шарттарының 74-тармағының __ тармақшасына сәйкес
____________________________________________________________________
(облыстың, қаланың жергілікті атқарушы органының атауы Республикалық маңызы
бар қалалар, астаналар)
шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат қайтарып алынды:
____________________________________________________________________.
(жұмыс берушінің атауы, шетелдік қызметкердің деректері: тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса), паспорттық деректер (нөмірі, берілген күні), рұқсат нөмірі, рұқсат берілген
күні, рұқсаттың қолданылу мерзімі).
____________________________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегі, аты)
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына 11-қосымша |
Ескерту. 11-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 28.036.2025 № 93 (01.09.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ұсынылады: Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.enbek.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Migration.enbek.kz ақпараттық жүйесіне шетелдік жұмыс күшін, ерекше шарттарды орындау және тартылатын шетелдік жұмыс күшін ауыстыру туралы мәліметтер
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ЕШОТШЖК-4
Кезеңділік: ай сайын
Есепті кезең:__ күні______ айы ____ жылы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: шетелдік жұмыс күшін тартатын заңды және жеке тұлғалар
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: шетелдік жұмыскерлерді тарту кезінде
ЖСН/БСН |
Жинау әдісі: электронды түрде
Р/с № | Рұқсат беретін органның толық атауы | Жұмыс берушінің ерекше шарттарды орындауы туралы ақпарат |
Жұмыс істейтін қазақстандық азаматтар (тегі, аты, әкесінің |
Қабылдаушы тарапты (ұйым/кәсіпорын, БСН/ЖСН көрсетілген) көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 137-1-бабы шеңберінде жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күші және оның жұмыс мерзімі (тегі, аты, әкесінің |
Қағидалардың 38-тармағына сәйкес ұйымға/кәсіпорынға (ұйым/кәсіпорын, БСН/ЖСН көрсетілген) іссапарға жіберілген шетелдік жұмыс күші және оның іссапарға жіберу мерзімі (тегі, аты, әкесінің | Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күші | |||||
Кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан өткен қазақстандық азаматтар (тегі, аты, әкесінің |
Қазақстан азаматтары үшін құрылған жұмыс орындарының саны (тегі, аты, әкесінің |
Шетелдік жұмыскерлерді (тегі, аты, әкесінің | |||||||||
Шетелдік жұмыс күшінің тегі, аты, әкесінің | Шетелдік жұмыс күші тартылатын кәсіп | Шығу елі | Санат | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
1 |
Атауы________________________ Мекенжайы__________________
______________________________ _____________________________
Телефон _________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _____________________________
Орындаушы________________________________ _____________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам___________________
____________________________________________ ____________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
Мөрдің орны
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Migration.enbek.kz ақпараттық жүйесіне шетелдік жұмыс күшін, ерекше шарттарды орындау және тартылатын шетелдік жұмыс күшін ауыстыру туралы мәліметтер"
(индексі – ЕШОТШЖК-4, кезеңділігі – біржолғы)
1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбейді;
2-бағанда рұқсат беретін органның толық атауы көрсетіледі;
3-бағанда кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан өткен қазақстандық азаматтар көрсетіледі (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН көрсетілген);
4-бағанда Қазақстан азаматтары үшін құрылған жұмыс орындарының саны көрсетіледі (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, лауазымы, кәсібі көрсетілген), бірлік;
5-бағанда шетелдік жұмыскерлерді (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, лауазымы, кәсібі көрсетілген) қазақстандық азаматтарымен (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, лауазымы, кәсібі көрсетілген) ауыстыру көрсетіледі;
6-бағанда жұмыс істейтін қазақстандық азаматтардың саны көрсетіледі (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН көрсетілген);
7-бағанда қабылдаушы тарапты (ұйым/кәсіпорын, БСН/ЖСН көрсетілген) көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 137-1-бабы шеңберінде жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күші және оның жұмыс мерзімі көрсетіледі (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН көрсетілген);
8-бағанда Қағидалардың 38-тармағына сәйкес ұйымға/кәсіпорынға (атауын, БСН/ЖСН көрсетілген) іссапарға жіберілген шетелдік жұмыс күші (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН көрсетілген) және оның іссапарға жіберу мерзімі көрсетіледі;
9-бағанда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН көрсетіледі;
10-бағанда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің кәсібі көрсетіледі;
11-бағанда Қазақстан Республикасының ISO 3166-1-2016 "Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдер кодтары" ұлттық жіктеуішіне сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің шығу елі көрсетіледі;
12-бағанда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшінің санаты көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14170 тіркелген);
2. "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 1069 бұйрығы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14555 болып тіркелген);
3. "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 181 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15472 болып тіркелген);
4. "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 75 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16542 болып тіркелген);
5. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 242 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 7-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17194 болып тіркелген);
6. "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 138 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20429 тіркелген);
7. "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 386 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21353 тіркелген).