"Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 200 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 сәуірде № 20448 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 05 қазанда № 8782 болып тіркелді, 2014 жылы 1 ақпанда "Казахстанкая правда" газетінде № 22 (27643) болып жарияланды) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV Заңының 54-бабының 3-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация персоналы куәлiгін беру және қолданылу мерзімін ұзарту Қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы авиация персоналы куәлiгін беру және қолданылу мерзімін ұзарту Қағидалары Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV Заңының 54-бабындағы 3-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 10-бабындағы 1-тармақшасына сәйкес жасалған және авиация персоналы куәлiгін беру және қолданылу мерзімін ұзарту тәртібін және "Авиация персоналына куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін анықтайды.

      10, 11-тармақтар және 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу үшін коммерциялық емес "Мемлекеттік корпорация "Азаматтарға арналған үкімет" (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) АҚ немесе www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы уәкілетті ұйымға келесі құжаттарды жолдайды:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) авиация персоналына Куәліктер алу үшін:

      Ұшу экипажы мүшелерінің куәлігін алу үшін осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;

      Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің куәлігін алу үшін осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;

      Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналы куәлігін алу үшін осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;

      Ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкері/ ұшу диспетчері, авиация станциясы операторы куәлігін алу үшін осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады.

      2) авиация персоналына Куәліктердің қолданылу мерзімін ұзарту үшін:

      Ұшу экипажы мүшелерінің куәлігін қолданылу мерзімін ұзарту үшін осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;

      Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчері куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;

      Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналы куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;

      Ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкері/ ұшу диспетчері, авиация станциясы операторы куәліктің қолдану мерзімін ұзарту үшін осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады.

      3) авиация персоналына біліктілік және арнайы белгілерді Куәлікке енгізу үшін:

      Ұшу экипажы мүшелерінің куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу үшін осы Қағидалардың 41-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;

      Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчері, ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкері/ ұшу диспетчері, авиация станциясы операторы куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу үшін осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;

      ӘК-не техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал куәлігіне "Ratings" бағанына біліктілік белгісін енгізу үшін:

      "В1" немесе "В2" санаттары бойынша осы Қағидалардың 50-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;

      "С" санаты бойынша осы Қағидалардың 51-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;

      порталға:

      1) авиация персоналына куәліктер алу үшін:

      Ұшу экипажы мүшелерінің куәлігін алу үшін 16-тармақтың 5-тармақшасында көзделген құжатты қоспағанда, осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады;

      Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің куәлігін алу үшін осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады;

      Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналы куәлігін алу үшін осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады;

      Ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкері/ ұшу диспетчері, авиация станциясы операторы куәлігін алу үшін осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады.

      2) авиация персоналына Куәліктің қолданылу мерзімін ұзарту үшін:

      Ұшу экипажы мүшелерінің куәлігін қолданылу мерзімін ұзарту үшін осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады;

      Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчері куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады;

      Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналы куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады;

      Ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкері/ ұшу диспетчері, авиация станциясы операторы куәліктің қолдану мерзімін ұзарту үшін осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады.

      3) авиация персоналына біліктілік және арнайы белгілерді Куәлікке енгізу үшін:

      Ұшу экипажы мүшелерінің куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу үшін осы Қағидалардың 41-тармағында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады;

      Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчері, ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкері/ ұшу диспетчері, авиация станциясы операторы куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу үшін осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады;

      ӘК-не техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал куәлігіне "Ratings" бағанына біліктілік белгісін енгізу үшін:

      "В1" немесе "В2" санаттары бойынша осы Қағидалардың 50-тармағында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады;

      Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктерін көрсете отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 6-1 қосымшаға сәйкес "Авиация персоналына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.

      11. Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырған кезде, Мемлекеттік корпорация операторы өтініш берушіге құжаттарды қабылдау нөмірі мен күнін және мемлекеттік қызметті алу нәтижесін алу күнін көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекетті қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға өтініш берушінің жазбаша келісімін алады.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған кезде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін уәкілетті ұйымға береді.

      Өтініш беруші бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша уәкілетті ұйым бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды өтініш берушіге беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Уәкілетті ұйым мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді;

      Портал арқылы тапсырған кезде, өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      12. Уәкілетті ұйым құжаттар мен мәліметтерді олар түскен күні тіркейді."

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.";

      Мынадай мазмұндағы 12-1, 12-2 және 12-3 тармақтарымен толықтырылсын:

      "12-1. Өтініш беруші осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация не уәкілетті ұйым өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Өтініш берушіден ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді."

      12-1-тармақта көрсетілген жағдайларда Мемлекеттік корпорация осы Қағидалардың 6-2-қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      12-2. Өтініш беруші осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда, уәкілетті ұйымның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналды қоспағанда, 3 (үш) жұмыс күні ішінде медициналық куәландыруді жүргізетін медицина жөніндегі авиациялық инспекторға сараптамаға өтініш береді.;

      Медицина жөніндегі инспектордың медициналық куәландырудың оң қорытындысы болған жағдайда, өтініш тиісті сараптама жүргізетін авиациялық оқу орталықтары жөнідегі авиациялық инспекторға 5 (бес) жұмыс күні ішінде сараптамаға беріледі.

      Авиациялық оқу орталықтары жөніндегі авиациялық инспектордың оң қорытындысы болған жағдайда, өтініш 5 (бес) жұмыс күні ішінде авиация персоналына куәлік беру мүмкіндігінің тақырыбына талдау жүргізетін авиаперсонал жөніндегі авиациялық инспекторға беріледі және қабылданған шешімді уәкілетті ұйымның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкеріне береді.

      12-3. Авиаперсонал бойынша авиациялық инспектордың шешімін алғаннан кейін уәкілетті ұйымның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 2 (екі жұмыс күні ішінде):

      авиация персоналына куәлікті (немее куәліктің қолданылу мерзімін ұзарту);

      жоғалған, ұрланған немесе бүлінген жағдайларда куәлікті және (немесе) оның қосымша бетін қалпына келтіруді;

      біліктілік және арнайы белгілердің қолданылу мерзімін енгізу немесе ұзарту немесе осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.

      Кітап түріндегі куәлік осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ресімделеді, пластикалық карточка түріндегі куәлік осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ресімделеді";

      Мыналар:

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі;

      портал арқылы жүгінген кезде өтініш берушінің "жеке кабинетіне" Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің дайын екендігі және нәтижесін алу туралы хабарлама қағаз түрінде жіберіледі.";.

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Авиация персоналы куәлігін беруден немесе қолданылу мерзімін ұзартудан мынадай жағдайларда бас тартылады:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

      2) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7058 болып тіркелген) біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 763 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8786 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары, сондай-ақ осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығымен бекітілген ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламалары (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8785 болып тіркелген) белгіленген талаптарға), Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 517 бұйрығымен бекітілген авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларына;

      3) өтініш берушіге қатысты авиация персоналы куәлігін алу немесе қолдану мерзімін ұзартуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;

      4) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген, соның негізінде өтініш беруші авиация персоналы куәлігін алуға немесе қолданылу мерзімін ұзартуға байланысты арнайы құқықтан айырылған сот шешімі бар.

      Мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:

      14. Уәкілетті ұйым қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.";

      16-тармақтың 5-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "5) жеке басты куәландыратын құжат (шетел азаматтары үшін "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңының 80-бабына сәйкес нотариалды куәландырылған).";

      Мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:

      "3-1-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті ұйымның (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      56-1. Уәкілетті ұйымның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым немесе уәкілетті орган басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына берілуі мүмкін.

      56-2. Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация филиалының басшысына мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жіберіледі.

      Қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияға қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      56-3. Өтініш берушінің шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес:

      оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым, уәкілетті органның;

      ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде - мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның қарауына жатады.

      56-4. Уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес шағымды қарау мерзімі:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру немесе жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 6-1-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 6-2-қосымшамен толықтырылсын;

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгiнің Азаматтық авиация комитетi белгіленген заңнамалық тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгiнің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік жасайтын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрiне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 14 сәуірдегі
№ 200 бұйрығына
қосымша
  Авиация персоналы куәліктерін
беру және қолданылу мерзімін
ұзарту қағидаларына
6-1-қосымша

"Авиация персоналына куәлiктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Қызмет көрсетушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) Мемлекеттік корпорация
2) портал

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күні;

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

авиация персоналына куәлік беру (не куәліктің қолданылу мерзімін ұзарту);
жоғалған, ұрланған немесе бүлінген жағдайларда куәлікті және/немесе оған қосымша парақты қалпына келтіру;
біліктілік және арнайы белгілердің қолданылу мерзімін енгізу немесе ұзарту;
немесе осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00- ден 20.00-ге дейін;
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша электрондық кезек тәртібімен, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, портал арқылы электрондық кезекті "броньдауға" болады;
2) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00 - ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін.
3) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға:
1) авиациялық персоналға куәлік алу үшін:
ұшу экипажы мүшелерінің куәлігін алу үшін осы Қағиданың 16-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
әуе қозғалысы диспетчерінің куәлігін алу үшін осы Қағиданың 20-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігін алу үшін осы Қағиданың 22-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің/ұшу диспетчерінің, авиациялық станция операторының куәлігін алу үшін осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
2) авиациялық персоналға куәліктің қолданылу мерзімін ұзарту үшін:
ұшу экипажы мүшелері куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін осы Қағиданың 19-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
әуе қозғалысының диспетчері куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін осы Қағиданың 23-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады:
Мемлекеттік корпорацияға:
1) авиациялық персоналға куәлік алу үшін:
ұшу экипажы мүшелерінің куәлігін алу үшін осы Қағиданың 16-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
әуе қозғалысы диспетчерінің куәлігін алу үшін осы Қағиданың 20-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігін алу үшін осы Қағиданың 22-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің/ұшу диспетчерінің, авиациялық станция операторының куәлігін алу үшін осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
2) авиациялық персоналға куәліктің қолданылу мерзімін ұзарту үшін:
ұшу экипажы мүшелері куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін осы Қағиданың 19-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
әуе қозғалысының диспетчері куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін осы Қағиданың 23-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады:
ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер/ұшу диспетчері, авиациялық станция операторы куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
3) авиациялық персоналға Куәлікке біліктілік және арнайы белгілер енгізу үшін:
ұшу экипажы мүшелерінің куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу үшін осы Қағиданың 41-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
әуе қозғалысы диспетчерінің, ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің/ұшу диспетчерінің, авиациялық станция операторының куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу үшін осы Қағиданың 47-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігіне "Ratings" бағанына енгізу үшін":
"В1" немесе "В2" санаттары бойынша осы Қағиданың 50-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
"С" санаты бойынша осы Қағидалардың 51-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылады;
порталға:
1) авиациялық персоналға куәлік алу үшін:
ұшу экипажы мүшелерінің куәлігін алу үшін осы Қағиданың 16-тармағында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады;
әуе қозғалысы диспетчерінің куәлігін алу үшін осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады;
әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігін алу үшін осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады;
ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің/ұшу диспетчерінің, авиациялық станция операторының куәлігін алу үшін осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады;
2) авиациялық персоналға куәліктің қолданылу мерзімін ұзарту үшін:
ұшу экипажы мүшелері куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады;
әуе қозғалысының диспетчері куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады;
әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады:
ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер/ұшу диспетчері, авиациялық станция операторы куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады;
3) авиациялық персоналға Куәлікке біліктілік және арнайы белгілер енгізу үшін:
ұшу экипажы мүшелерінің куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу үшін осы Қағиданың 41-тармағында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады;
әуе қозғалысы диспетчерінің, ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің/ұшу диспетчерінің, авиациялық станция операторының куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу үшін осы Қағиданың 47-тармағында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады;
әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігіне "Ratings" бағанына енгізу үшін":
"В1" немесе "В2" санаттары бойынша осы Қағидалардың 50-тармағында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7058 болып тіркелген) біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 763 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8786 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары, сондай-ақ осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығымен бекітілген ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламалары (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8785 болып тіркелген) белгіленген талаптарға), Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 517 бұйрығымен бекітілген авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларына;
қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары келесі интернет-ресурстарда орналастырылған:
Министрлік - www.miid.gov.kz, "Азаматтық авиация комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі:
Қызметті алушының мыналарды алуға мүмкіндігі бар:
ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету;
порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 14 сәуірдегі
№ 200 бұйрығына
6-қосымша
  Авиация персоналы куәліктерін
беру және қолданылу мерзімін
ұзарту қағидаларына
6-2-қосымша
  Нысан

      (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бұдан әрі - Т. а. ә.) немесе көрсетілетін қызметті алушы

      ұйымының атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Қолхат құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты Мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда::

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ___________________________________________________________;

      2) ___________________________________________________________;

      3) ___________________________________________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің) т. а. Ә. (қолы)

      Орындаушы: А.Ә.Т. ______________

      Телефон _______________________

      Алды: _________________________

      Көрсетілетін қызметті алушының Т. А. Ә. / қолы

      "___" _________ 20__ жыл.