Авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 763 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 07 қазанда № 8786 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.07.2017 № 437 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 54-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі интернет-ресурсында және оның мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне мемлекеттік тіркелгені туралы және осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 күн ішінде ақпарат құралдарына жариялау туралы жіберілгенін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Жұмағалиев


  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2013 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 763 бұйрығымен бекітілген

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Талаптар жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 15.07.2024 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 04.07.2017 № 437 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 1-тармағына, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы стандарттары мен ұсынылатын тәжірибесіне (Халықаралық азаматтық авиация конвенциясының "Авиациялық персоналға куәлік беру" 1-қосымшасы, "Жеке құрамға куәлік беру мемлекеттік жүйесін құру және осы жүйені басқару жөніндегі нұсқаулық" ИКАО 9379 құжаты, "Оқыту ұйымдарын бекіту жөніндегі нұсқаулық" ИКАО 9841 құжаты, "Персоналды даярлау" ИКАО 9868 құжаты) сәйкес әзірленді.

      2. Осы Біліктілік талаптары куәліктерге біліктілік белгілерін, сондай-ақ шектеулер мен берілетін құқықтарға қатысты арнайы белгілерді енгізу мақсатында авиациялық персонал біліктілігінің деңгейін айқындау құқығы бар жеке тұлғалардың сәйкестік өлшемшарттарын айқындайды.

      3. Емтихан алушылардың мақсаты авиациялық персонал куәлігін алуға кандидаттардың және осындай куәлігі бар тұлғалардың біліктілігін бағалау үшін авиациялық оқу орталығында (бұдан әрі - АОО) және азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық персонал және нұсқаушылар санынан құзыретті тұлғаларды ұйымдастыру болып табылады.

      4. Осы Біліктілік талаптарында пайдаланылатын негізгі терминдер:

      1) адамның мүмкіндіктері – адамның қабілеті және оның авиациялық қызметтің қауіпсіздігі мен тиімділігіне әсер ететін мүмкіндіктерінің шегі;

      2) аспаптар бойынша жердегi жаттығу уақыты – пилот ұшуды айнытпай көрсететін жаттықтыру құрылғысында жерде аспаптар бойынша айнытпай көрсетіп ұшуды атқаратын уақыт;

      3) аспаптар бойынша ұшу уақыты – пилот сыртқы бағдарларды пайдаланусыз тек аспаптар бойынша ғана әуе кемесiн тікелей басқаруды жүзеге асыратын уақыт;

      4) білімін анықтауға арналған тексеріс (тест) (Skill Test) – куәлік немесе рұқсат беру үшін білімін анықтауды көздейтін тест;

      5) дербес ұшу уақыты – ұшқыш-студент ӘК бортында бірден-бір тұлға болып табылатын ұшу уақыты ВС (SOLO);

      6) даярлау және бағалаудың біліктілік жүйесі – нәтижелерге бағдарлану, операциялардың орындалу тиімділігі стандарттарына және осы стандарттарды өлшеуге ерекше назар аудару, сондай-ақ белгіленген тиімділік стандарттары негізінде оқу курсын әзірлеу тән болатын даярлау және бағалау жүйесі;

      7) емтихан алушы (бағалаушы) - тиісті біліктілігі бар, куәліктер/біліктілік белгілерін беру/мерзімін ұзарту және өздігінен қызмет етуге рұқсат беру мақсатында авиациялық персоналдың; мамандардың теоретикалық білімін және/немесе практикалық дағдысын бағалауды жүргізуге уәкілетті және азаматтық авиация саласындағы ұйым тағайындаған жеке тұлға;

      8) қауіп-қатер факторларын бақылау – қауіп-қатерлердi табу және оларға қауіп-қатерлер салдарын азайтатын немесе жоятын және қателердiң немесе жағымсыз жай-күйлердің ықтималдылығын төмендететiн бақылау шараларының көмегiмен ден қою процесі;

      9) қателерді бақылау – қауіп-қатерлердi табу және оларға қауіп-қатерлер салдарын азайтатын немесе жоятын және қателердiң немесе жағымсыз ахуалдардың ықтималдылығын төмендететiн бақылау шараларының көмегiмен анықтау процесі;

      10) нұсқаушы – авиациялық персоналды өзінің біліктілігіне сәйкес кәсіптік даярлау және дағдыларын тесілеу бойынша тікелей қызметті жүзеге асыратын адам;

      11) практикалық дағдыларды игеруді тексеру (Proficiency Check) – бұл ре-валидациялауға (растауға) арналған емтихан немесе бұрын берілген рұқсаттың мерзімін ұзарту;

      12) процесс – өнімге жұмсалатын шығыстарды ауыстыратын бірқатар өзара байланысты немесе өзара тәуелді әрекеттер;

      13) рәсім - процесті құжатпен растау тәсілі;

      14) саясат – нақты мәселе бойынша ұйымдастыру тұрғысынан немесе ұстанымы жазылған құжат;

      15) техникалық қызмет көрсету – әуе кемесінің ұшу жарамдылығын сақтауын қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстарды жүргізу, жеке және сондай-ақ үйлестіріліп орындалатын бақылау-қалпына келтіру жұмыстарын, тексерулерді, ауыстыруды, ақауларды жоюды, сондай-ақ түрлендіру немесе жөндеуді практикалық жүзеге асыруды қоса алғанда;

      16) тиімділік өлшемшарттары – біліктілік элементтерін көрсеткен кезде талап етілетін нәтижелерді қарапайым бағалап баяндау және олардың орындалуының талап етілетін деңгейіне қол жеткізілгендігін анықтау үшін пайдаланылатын өлшемшарттарды сипаттау;

      17) ұшу уақыты:

      ұшақтар, автожирлер, мотодельтапландар және көтергіш күштерінің көбею жүйесі бар әуе кемелері (бұдан әрі - ӘК) үшін – ұшу мақсатында ӘК қозғала бастаған сәттен бастап ұшу аяқталған кезде оның тоқтайтын сәтіне дейінгі жалпы уақыт;

      тікұшақтар үшін – ұшу мақсатында көтергіш бұрандалар қалақшаларының айнала бастайтын сәтінен бастап ұшуды аяқтаған соң және көтергіш қалақшалар айналуын тоқтатқан соң тікұшақтар толық тоқтаған сәтке дейінгі жалпы уақыт;

      дирижабльдер үшін - дирижабль ұшу мақсаттары үшін діңгектен босатылатын кездегі сәттен бастап дирижабль ұшуды аяқтаған және діңгекке бекітілгеннен кейін түпкілікті тоқтайтын кездегі сәтке дейінгі жалпы уақыт;

      планерлер үшін – планер ұшу процесінде жерде екпіндей бастаған сәттен бастап планер ұшуды аяқтағаннан кейін тоқтайтын кезге дейінгі сүйретпедегі немесе сүйретпесіз ұшуда болатын жалпы уақыт;

      аэростаттар үшін – ұшу мақсаттары үшін гондола жерден ажырайтын кездегі сәттен бастап ол ұшуды аяқтағаннан кейін түпкілікті тоқтайтын сәтке дейінгі жалпы уақыт;

      18) ұшу шеберлігі – ұшу мақсаттарына қол жеткізу үшін білім, ептілік пен дағдыларын пайдалана отырып, әуе кемесін басқару бойынша үнемі дұрыс шешімдер қабылдау және жүзеге асыру;

      19) ұзарту – анық айтылған талаптар орындалатын жағдайда, одан әрі мерзімге жол берілетін немесе рұқсат етілетін құқықтардың қолданылу мерзімін ұзартатын жол беру немесе рұқсат етудің қолданылу мерзімдері аяқталған соң қабылданған әкімшілік әрекет;

      20) ұшуды айнытпай көрсететін жаттықтыру құрылғысы (тренажер) – құрылғылардың мынадай үш түрінің кез келгені арқылы жерде ұшу жағдайлары айнытпай көрсетіледі:

      ұшу экипажының мүшелері үшін әдеттегі механикалық, электрлік және басқа да борттық басқару жүйелерінің шынайы функцияларын және әуе кемесінің аталған типінің сипаттамаларын айнытпай көрсетуге мүмкіндік беретін белгілі бір әуе кемесі экипажының кабинасын дәл көрсетуді қамтамасыз ететін ұшу жаттықтыру құрылғысы;

      экипаж кабинасында жағдайдың шынайы болуын қамтамасыз ететін және аспаптардың көрсеткіштерін, механикалық, электрлік және борттың басқа да жүйелерінің қарапайым функцияларын, сондай-ақ белгілі бір сыныптағы әуе кемесін техникалық-ұшу сипаттамаларын айнытпай көрсететін рәсімдік жаттықтыру құрылғысы;

      тиісті аспаптармен жабдықталған және ұшуларға базалық дайындықты аспаптар бойынша ұшу уақытындағы жайтқа ұқсас жағдайды экипаж кабинасында айнытпай көрсетететін жаттықтыру құрылғысы.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 № 460 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Емтихан алушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары

      5. Авиациялық персонал куәлігі берілетін тұлғаларды бағалауды жүзеге асыратын емтихан алушының біліктілігін алуға кандидатқа төмендегідей мамандандыру үшін ортақ біліктілік талаптары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7058 болып тіркелген) бекітілген, Авиациялық персонал куәлігі берілетін адамдарға қойылатын біліктілік талаптары қойылады, бұл мыналардың бар болуы:

      нұсқаушының қолданыстағы біліктілік белгісі (FI, TRI, CRI, IRI, SFI, MCCI, STI);

      ретіндегі қолданыстағы куәлік:

      ұшу экипажының мүшелері, аса жеңіл әуе кемесінің ұшқышы (планер, мотодельтаплан, автомай, бос аэростат, дирижабль) – ULP. Жеңіл әуе кемесінің ұшқышы (ұшақ) – LAPL. Жеке ұшқыш (ұшақ, тікұшақ, көтеру күші жоғары әуе кемесі) – PPL. Коммерциялық авиация ұшқышы (ұшақ, тікұшақ) – CPL. Көп мүшелік экипаждың ұшқышы (ұшақ) – MPL. Желілік ұшқыш (ұшақ, тікұшақ) – ATPL;

      ұшқыштардан ерекшеленетін ұшу экипажының мүшелері, штурман; бортинженер (бортмеханик); бортрадист;

      әуе қозғалысына қызмет көрсететін (бұдан әрі - ӘКҚ) диспетчердің басқа авиациялық персоналы, ӘК техникалық қызмет көрсетуші маман; ұшуларды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер/ұшу диспетчері; авиациялық станция операторы (теңіз жағдайында орналастырылған).

      6. Емтихан алушы төмендегідей біліктілік талаптарға сай болуы тиіс:

      1) авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындау тәртібі мен рәсімдерін регламенттейтін нұсқамалық материалды білуі, оларды қолдана және талқылай білуі;

      2) оқыту және практикалық дағдыларға бағалау өткізу саласында жұмыс тәжірибесінің болуы;

      3) бағаланатын қызметтің бейіні бойынша практикалық жұмыс тәжірибесінің болуы;

      4) өздері кәсіби білімдеріне, ептіліктері мен дағдыларына бағалау өткізу үшін уәкілетті авиациялық персоналдың куәліктері мен біліктілік белгілеріне тең келетін біліктілік белгілеріне (рейтингтерге) ие болуы;

      5) емтихан алушы ретінде тиісті кәсіби даярлығының болуы;

      6) біліктілік бағалауын өткізу рәсімін білуі, мыналарды қоса алғанда:

      объективті деректерді жинау;

      объективті деректерді бағалау;

      қабылданған бағалау туралы есепті ұсынуы;

      7) авиациялық персоналға куәліктер беру жүйесін жақсы білуі;

      8) емтихандарды өткізу функцияларын орындаумен байланысты жеке және кәсіби мүдделер қақтығысының болмауы;

      9) жоғары моральдық қасиеттерінің болуы.

      7. Емтихан алушының өкілеттіктерін ұзартуға арналған біліктілік талаптары, ӘК ТҚжЖК жөніндегі емтихан алушыны, мамандарды қоспағанда:

      1) өз міндеттемелерін орындау кезеңі ішінде жылына кемінде 2 тексерісі болады (емтихан алушы ретінде);

      2) өкілеттік мерзімі ішінде уәкілетті орган тағайындаған басқа емтихан алушының бақылауында бір тексерісі (аталған тексеріс кешенді жаттықтыру құрылғысында орындалуы мүмкін) болады (емтихан алушы ретінде);

      3) авиациялық маманның куәлігінде қолданыстағы біліктілік және арнайы белгілері болады;

      4) емтихан алушыларға арналған арнайы бағдарлама бойынша кәсіби деңгейін сақтауға арналған курстары 3 жылда бір рет болады.

      8. Емтихан алушы теориялық и практикалық білімінің деңгейін мына салаларда көрсетеді:

      1) емтихан алушының қызмет аясына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтік-құқықтық актілер;

      2) азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың қызмет саласының ерекшеліктерімен байланысты нормативтік құжаттарын және емтихан алушының міндеттеріне қатысты нұсқаулық материалы;

      3) адамның мүмкіндіктері мен шектеулерін, оның ішінде қызмет саласына сәйкес қауіп-қатер мен қателер факторлары;

      4) оған қатысты білімін, біліктері мен дағдыларын тексеру жүзеге асырылатын адаммен жұмыстық өзара қарым-қатынастарды анықтау қағидаттары;

      5) бағалау жүргізу принциптері мен әдістерін, бағалау бойынша негізделген шешім қабылдауды, бағаланатын жеке тұлғаға бағалау нәтижелері туралы сындарлы ақпарат беруді қоса алғанда барабар баға қоюды және кандидаттардың білімі, дағдылары мен біліктерінің сәйкестігін анықтау;

      6) жиналған деректердің дұрыстығы мен сенімділігін қамтамасыз етуді, құжаттарды тіркеуді, жүргізілетін тексерістер мен нәтижелерге қатысты емтихан тапсырушылардың дербес деректерін қорғау бойынша шараларды зерделеуді қоса алғанда құжаттама жүргізуді қамтиды;

      7) нұсқаулықты, емтихан алушыларға кандидаттың білімі, дағдылары мен біліктері деңгейін тексеру жүргізуді;

      8) ұйымдастыруды көрсету және сәйкес санатты және қызмет бейіні бар емтихан алушының басшылығымен емтихан өткізуге даярлықты;

      9) емтихан тапсырушыдан сауалнама алуды және оны бағалауды, тексеру рәсімдерін құжаттауды қамтиды.

3-тарау. Ұшқыштардың біліктілік деңгейлерін айқындауға құқығы бар емтихан алушыларға қойылатын біліктілік талаптары

      9. Ұшқыштар үшін емтихан алушылардың мынадай тағайындаулар айқындалады:

      1) ұшу емтиханын алушы - (FE).

      2) ӘК типі бойынша емтихан алушы - (ТRE).

      3) ӘК сыныбы бойынша емтихан алушы - (СRE).

      4) аспап бойынша ұшуға жөніндегі рұқсат беру емтихан алушы - (IRE).

      5) жаттықтыру емтихан алушы - (SFE).

      6) ұшу нұсұқаушыларынан емтихан алушы - (FIE).

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 № 460 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген емтихан алушылар авиациялық персонал куәлігіне ие және авиациялық персонал куәліктегі біліктілік белгілеріне тең; өздері кәсіби ұшу дағдылары мен ептіліктеріне бағалау өткізуге уәкілетті ұшқыштардың, штурмандардың, бортинженерлердің куәліктері мен біліктілік белгілеріне тең келетін куәліктері мен біліктілік белгілері, куәліктер мен біліктілік белгілерін алуға өкілеттік беретін нұсқаушының біліктілігі болуы тиіс.

      11. Кәсіби дағдыларды бағалауды, әуе кемесінің командирі (бұдан әрі - ӘКК) жаттықтыру құрылғысын немесе ұшу дайындығын тексеруді ӘКК функцияларын орындау үшін біліктілігі бар емтихан алушылар жүзеге асырады.

1-параграф. Ұшу емтихан алушыға қойылатын біліктілік талаптары – FE

      12. Кандидаттың "ұшақ" - FE(А) ұшу емтихан алушысының біліктілігін алуға болуы керек:

      1) LAPL куәлігін алғаш рет беруге арналған біліктілік тексерістері үшін - ӘК ұшқышы ретінде кемінде 500 ұшу сағаты, оның ішінде FI(A), FI(MGH) немесе FI(Ag) нұсқаушысы ретінде кемінде 100 сағат;

      2) PPL(A) және СPL(A) куәліктерін алғаш рет беруге арналған біліктілік тексерістері үшін – ӘК ұшқышы ретінде кемінде 1000 ұшу сағаты, оның ішінде СPL арналған нұсқаушы ретінде кемінде 250 сағат FI(A).

      13. Кандидаттың "Тікұшақпен" ұшудан емтихан алушының біліктілігін алуға - FE(Н) болады:

      1) PPL(Н) куәлігін алғаш рет беруге арналған біліктілікті тексерістері үшін – тікұшақтың ұшқышы ретінде кемінде 500 ұшу сағаты, оның ішінде нұсқаушы ретінде кемінде 250 сағат FI(H);

      2) куәлігін алғаш рет беруге арналған біліктілікті тексерістері үшін СPL(Н) - тікұшақтың ұшқышы ретінде кемінде 1000 ұшу сағаты, оның ішінде нұсқаушы ретінде СPL үшін кемінде 250 сағат FI(H);

      3) егер емтихан алушы жағдайға байланысты осы Қағидалардың 13-тармағы 1) немесе 2) тармақшаларында көрсетілген талаптарды орындайтын және CPL(H) немесе ATPL(H) иеленетін және қажеттілігі бойынша IRI(Н) аспаптары жөнінде ұшуларға рұқсаты болатын болса, көп қозғалатын тікұшақтарда ұшуларға рұқсат беру үшін PPL(H) немесе CPL(H) куәліктерінде біліктілік белгісін (type rating) алуға арналған біліктілік тексерістері үшін.

      14. Ұшудан емтихан алушы – FE өткізеді:

      1) LAPL, PPL, CPL ұшқышының куәлігін алғаш рет алуға және ұзартуға арналған біліктілік бағалауы;

      2) ӘК тиісті түрінде "ұшу нұсқаушысы – FI" біліктілік белгісін алуға және ұзартуға арналған біліктілік бағалауы.

2-параграф. Әуе кемесінің – TRE типі бойынша емтихан алушыға қойылатын біліктілік талаптары

      15. Әуе кемесінің көп мүшелік экипажының "ұшақ" - ТRE(А) типі бойынша біліктілігін алуға кандидаттың көп мүшелік экипажы бар әуе кемесінің ұшқышы ретінде кемінде 1500 ұшу сағаты бар, олардың кемінде 500 сағаты ӘК командирі ретінде және ТRI(A) біліктілігіне ие.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 № 460 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. "Тікұшақ" - ТRE(Н) типі бойынша біліктілігін алуға кандидаттың көп мүшелік экипажы бар тікұшақтың ұшқышы ретінде кемінде 1500 ұшу сағаты бар, олардың кемінде 500 сағаты ӘК командирі ретінде және ТRI(Н) біліктілігіне ие.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 № 460 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Бір ұшқышы болатын көп қозғалтқышты тікұшақта ТRE(Н) біліктілігін алуға кандидаттың тікұшақтағы ұшқыш ретінде кемінде 1000 ұшу сағаты болады, олардың кемінде 500 сағаты КВС ретінде және ТRI(Н) біліктілігі болады.

      18. Бір ұшқышы болатын бір қозғалтқышты тікұшақта ТRE(Н) біліктілігін алуға кандидаттың тікұшақтағы ұшқыш ретінде кемінде 750 ұшу сағаты болады, олардың кемінде 500 сағаты ӘКК ретінде және FI(Н) немесе ТRI(Н) біліктілігі болады.

      19. "Ұшақтың – TRE(А) типі бойынша ұшу нұсқаушыларынан емтихан алушы" біліктілігі бар емтихан алушы өткізеді:

      1) ӘК (type ratings) типтері бойынша рұқсат алуға арналған белгіні алу, ұзарту және жаңарту үшін біліктілік тексерістері;

      2) егер TRE(A) IRI(A) аспаптары бойынша ұшуларға қолданыстағы нұсқаушылық рұқсаты болатын болса, IR аспаптары бойынша ұшуларға рұқсатты ұзартуға және жаңартуға арналған біліктілік тексерістері;

      3) ATPL(A) ұшқыштары үшін кәсіби дағдыларының біліктілік тексерістері;

      4) егер емтихан алушы талаптарды орындайтын кездегі жағдайда, MPL үшін кәсіби дағдыларының біліктілік тексерістері;

      5) егер емтихан алушы "ӘК типі бойынша", кемінде үш жыл бойы TRE болып табылатын болса, TRI ұшағының типі бойынша нұсқаушының" немесе "SFI(А) жаттықтыру құрылғысының нұсқаушысы" біліктілігін беру, ұзарту немесе жаңарту үшін құзыреттілігін бағалау.

      6) уәкілетті ұйыммен келісу бойынша TRE(A) біліктілігін беру.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 № 460 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. "TRE(Н) тікұшағының типі бойынша ұшу нұсқаушыларынан емтихан алушылардың" біліктілігі бар емтихан алушы өткізеді:

      1) ӘК типтері бойынша рұқсатқа алуға арналған белгілерді беруге, ұзартуға немесе жаңартуға арналған кәсіби дағдылардың біліктілігін тексеру (type ratings);

      2) егер TRE(Н) IRI(H) аспаптары бойынша ұшуларға қолданыстағы нұсқаушылық рұқсаты болатын болса, ондай жағдайда бір қозғалтқышты немесе көп қозғалтқышты тікұшақтардағы аспаптар бойынша ұшуларға берілетін рұқсатты ұзарту немесе жаңартуға арналған біліктілік тексерістері;

      3) ATPL(H) ұшқыштары үшін кәсіби дағдыларының біліктілік тексерістері;

      4) егер емтихан алушы, кемінде үш жыл бойы TRE болып табылатын болса, ондай жағдайда TRI(H) немесе SFI(H) белгілерін беру, ұзарту немесе жаңарту үшін біліктілігін бағалаулар;

      5) уәкілетті ұйыммен келісу бойынша TRE(H) біліктілігін беру.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 № 460 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-параграф. Әуе кемесінің – CRE сыныбы бойынша емтихан алушыға қойылатын біліктілік талаптары

      21. "Ұшақ" - СRE(А) сыныбы бойынша емтихан алушының біліктілігін алуға кандидат ӘК ұшқышы ретінде кемінде 500 сағаты және СRI(А) біліктілігі болады.

      22. ӘК CRE сыныбы бойынша емтихан алушының өкілеттіктері бір ұшқыш басқаратын бір және екі қозғалтқышты ұшақтарға таралады, ұшу сипаттамалары жоғары болатын ұшақтарды қоспағанда.

      23. "Ұшақ" CRE сыныбы бойынша емтихан алушы бір ұшқыш басқаратын бір және екі қозғалтқышты ұшақтарда ӘК (type rating) типі бойынша белгіні алу және жаңарту үшін біліктілік бағалауларын өткізеді.

4-параграф. IRE - аспабы бойынша ұшуға рұқсат беру жөніндегі емтихан алушыға қойылатын біліктілік талаптары.

      Ескерту. 4-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 № 460 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. IRE(А) - аспап бойынша ұшуға рұқсат беру жөніндегі біліктіліктен емтихан алушының біліктілігін алуға кандидатта IRE(А):

      1) IRI(A) біліктілік белгісі;

      2) ұшақтың ұшқышы ретінде кемінде 2000 ұшу сағаты, оның ішінде аспаптар бойынша кемінде 500 ұшу сағаты, олардың ішінде нұсқаушы ретінде 250 сағат бар.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 № 460 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. IRE(Н) - аспап бойынша ұшуға рұқсат беру жөніндегі біліктіліктен емтихан алушының біліктілігін алуға кандидатта IRE(Н):

      1) IRI(Н) біліктілік белгісі;

      2) тікұшақтың ұшқышы ретінде кемінде 2000 ұшу сағаты, оның ішінде аспаптар бойынша 300 ұшу сағаты, олардың ішінде нұсқаушы ретінде 200 сағат бар.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 № 460 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-параграф. Жаттықтыру құрылғысында емтихан алушыға қойылатын біліктілік талаптары - SFE

      26. SFE(A) Ұшақтың жаттықтыру құрылғысында емтихан алушының біліктілігін алуға кандидаттың АТPL(A) әуекомпаниясының желілік ұшқыш куәлігі және көп мүшелік экипажды ұшқышы ретінде кемінде 1500 ұшу сағаты мен SFI(A) біліктілік белгісі бар.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 № 460 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Тікұшақтың жаттықтыру құрылғысында SFE(Н) емтихан алушының біліктілігін алуға кандидаттың тікұшақтың тиісті типіне арналған IR(Н) бар желілік ұшқыштың куәлігі және тікұшақтың ӘКК ретінде кемінде 1000 ұшу сағаты мен біліктілік белгісі SFI(Н) болады.

6-параграф. Ұшу нұсқаушыларынан емтихан алушыға қойылатын біліктілік талаптары - FIE

      28. Ұшақта ұшу нұсқаушыларынан емтихан алушының біліктілігін алуға кандидаттар - FIE(A) болады:

      1) FI(А) немесе TRI(А) біліктілік белгілері;

      2) ұшақтың ұшқышы ретінде кемінде 2000 ұшу сағаты, оның ішінде ұшу нұсқаушысының FI(A) немесе TRI(А) біліктілік белгісін іздеушілерді оқытуда, кемінде, 100 ұшу сағаты.

      29. Тікұшақта ұшу нұсқаушыларынан емтихан алушының біліктілігін алуға кандидатта - FIE(Н) болады:

      1) FI(H) немесе TRI(H) біліктілік белгілері;

      2) тікұшақтың ұшқышы ретінде кемінде 2000 ұшу сағаты және FI(H) немесе TRI(H) біліктілік белгілеріне дайындық кезінде кемінде 100 сағат.

      30. FIE ұшу нұсқаушарынан емтихан алушы" біліктілігі бар емтихан алушы:

      1) FI, FE, CRI, CRE, IRI, IRE, TRI, TRE біліктіліктерінде ұсынылатын өкілеттіктерді пайдаланады;

      2) оның, кемінде салалас куәлігі және ұшқыштармен жасалған біліктілік белгілері болатын жағдайда, ӘК ұшқыштарының кәсіби дағдыларының немесе ептіліктерінің деңгейін тексеруді жүзеге асырады;

      3) азаматтық авацияның уәкілетті ұйыммен келісу бойынша ӘК тиісті түрінің FE, CRE, TRE немесе FIE біліктілігін иелену, қолданылу мерзімін ұзарту немесе қалпына келтіру;

      тексерілетін нұсқаушыда тиісті біліктілік болатын жағдайда, FI, CRI, IRI және TRI біліктіліктерін беру, қолданылу мерзімін ұзарту немесе қалпына келтіру.

      Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.06.2019 № 460 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. ӘҚҚК диспетчерлерінің біліктілік деңгейін анықтау құқығы бар емтихан алушыларға қойылатын біліктілік талаптары

      31. ӘҚҚК емтихан алушының біліктілігін алуға кандидат мынадай біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс:

      1) ӘҚҚК диспетчерінің қолданыстағы авиациялық персонал куәлігінің болуы;

      2) қолданыстағы нұсқаушы-диспетчердің біліктілік белгісінің болуы;

      3) ӘҚҚК емтихан алушының біліктілігін алудың алдындағы кезеңде нұсқаушы-диспетчер ретіндегі кемінде үш жыл үздіксіз жұмыс өтілі;

      4) өздері кәсiптiк дағдыларын бағалау, дағдылары мен ептіліктеріне бағалау жүргiзуге уәкiлеттi персоналдың біліктілік белгілеріне тең біліктілік белгілерін иелену;

      5) ӘҚҚК емтихан алушы ретінде тиісті кәсіптік даярлығының болуы.

      32. ӘҚҚК емтихан алушыларының кәсіптік дайындығы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 8785 болып тіркелген) бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

      33. ӘҚҚК емтихан алушы өз қызметін мынадай жағдайларда ӘҚҚК мамандарының біліктілігін айқындау мақсатында жүзеге асырады:

      1) кандидаттың ӘҚҚК диспетчері куәлігін алуы;

      2) кандидаттың ӘҚҚК диспетчері куәлігінің қолданысын ұзарту;

      3) біліктілік белгісін иелену (ӘҚҚК диспетчерінің куәлігіне енгізу);

      4) мынадай біліктілік белгілерінің қолданылу мерзімін ұзарту:

      аэродромның диспетчерлік пунктінің (аэродромдық диспетчерлік орталықтың) диспетчері - Aerodrome control;

      диспетчерлік кіреберіс пункттің диспетчері және диспетчерлік кіреберіс пункттің радиолокациялық бақылау диспетчері - Approach control and approach radar control;

      аудандық диспетчерлік пункттің рәсімдік бақылау (аудандық диспетчерлік орталық) диспетчері және аудандық диспетчерлік пункттің радиолокациялық бақылау (аудандық диспетчерлік орталық) диспетчері - Area control and area radar control.

      34. ӘҚҚК емтихан алушы өзі иеленуші болып табылатын біліктілік белгілеріне ғана қатысты бағалау рәсімдерін жүзеге асырады.

5-тарау. ӘК ТҚК мамандарының біліктілігін бағалауға және айқындауға құқығы бар емтихан алушыларға қойылатын біліктілік талаптары

      35. Емтихан алушыларлың мынадай негізгі тағайындаулары айқындалады:

      1) ӘК ТҚК бойынша мамандардың бастапқы кәсіптік дайындығы және ӘК типіне оқыту курсының білімін тексеретін емтихан алушы;

      2) практикалық элементтен емтихан алушы;

      3) практикалық тағылымдамадан емтихан алушы;

      4) жеңіл және аса жеңіл авиациядағы ӘК ТҚК бойынша емтихан алушы.

      36. ӘК ТҚК мамандарының біліктілігін бағалауға және айқындауға құқығы бар емтихан алушының біліктілігін алуға кандидат курстардан өткендігі туралы құжаттар ұсынады:

      1) "Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасының" 9А немесе 9В модулінің көлемінде "ӘК техникалық қызмет көрсетуге қатысты адамның мүмкіндіктері" не Part-147 бойынша мақұлданған оқыту ұйымдастыруындағы 9А немесе 9В модулінің "Human Factors Course";

      2) "Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасының" 10RK модулі көлеміндегі авиациялық заңнама;

      3) "Оқытушыларды оқыту" ("Train the Trainers Course") немесе "Нұсқаушыларға арналған кәсіптік оқыту" ("Professional Training of Instructors");

      4) емтихан алушының курсы (Assessor Training Course).

1-параграф. ӘК ТҚК және ӘК типіне оқыту курсы бойынша мамандардың бастапқы кәсіптік даярлығының білімдерін тексеру жөніндегі емтихан алушыға қойылатын біліктілік талаптары

      37. ӘК ТҚК және ӘК типіне оқыту курсы бойынша мамандардың бастапқы кәсіптік даярлығының білімдерін тексеру жөніндегі емтихан алушының біліктілігін алуға кандидат:

      1) өзі оқытатын ӘК типі бойынша курстың немесе бастапқы даярлық курсының пәнін (модуль, бөлім) білуі;

      2) модуль бағдарламасын, тақырыптарын, зерделеу деңгейін және пәндегі (модульдегі, бөлімдегі) сұрақтарды білуі;

      3) толтырылған сауалнамалардан ақпаратты таңдай және баға қою білуі;

      4) студенттердің жауаптарын бағалай және талдай білуі әрі емтиханның немесе процестің нәтижелері бойынша оқытушыға/оқыту менеджеріне кері байланысты қамтамасыз етуі тиіс.

      38. Емтихан алушы мынадай салаларда білімі мен ептіліктерін көрсетеді:

      1) ӘК ТҚК (Aircraft Basic Course) немесе ӘК типіне (Type Training Course) оқыту курсы (курстары) бойынша мамандардың бастапқы кәсіптік даярлығы курсы бағдарламасының модульдері бойынша;

      2) модульде зерделенетін тақырып деңгейі және "Базалық кәсіптік даярлық стандартында" берілген модульдегі сұрақтар деңгейіндегі бөлікте;

      3) тестілеу сұрақтары мен жауаптарында;

      4) студенттердің жауаптарына талдау жасау, жауаптарын бағалау және емтиханның немесе процестің нәтижелері бойынша оқытушыға/оқыту менеджеріне кері байланысты қамтамасыз ету.

2-параграф. Практикалық элементтен емтихан алушыға қойылатын біліктілік талаптары

      39. ӘК типіне оқытудың практикалық элементінен емтихан алушының біліктілігін алуға кандидат мынадай біліктілік талаптарына сәйкес болады:

      1) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйым (бұдан әрі – АТ ТҚ және Ж) жөніндегі ұйым ӘК ТҚК бойынша маманға онда емтихан алушының санатын дербес көрсете отырып берген сертификаттық рұқсатын иеленуге, ӘК енгізілген рейтингі және бағаланатын қозғалтқышы бар ӘК ТҚК бойынша маманның қолданыстағы куәлігін иеленуге, сабақ беру әдістемесінің курсын және емтихан алушының курсын өтуі; немесе

      2) АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымда орта буын басшысының орнын немесе авионика жүйелерін ӘК ТҚК бойынша тәжірибеден өтуші маманның (В2) немесе ұшақтың (тікұшақтыңжәне қозғалтқыштың (В1 санаты/В1.1, В1.2, В1.3, В1.4 кіші санаттары) ТҚК бойынша маманның орнын иеленуге, бұл ретте бағалау өткізу сәтінде тізбеленген мамандардың әрқайсысы сол типтегі ӘК-ні және сол санаттағы қозғалтқышты ӘК пайдалануға рұқсат беретін сертификатты беру құқығын, кандидат бағаланатын ӘК ТҚК бойынша маманның куәлігін иеленуі тиіс.

3-параграф. Практикалық тағылымдамадан емтихан алушыға қойылатын біліктілік талаптары

      40. Практикалық тағылымдамадан емтихан алушының біліктілігін алуға кандидат мынадай біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс:

      1) онда емтихан алушының санатын дербес көрсете отырып, АТ ТҚ және Ж бойынша маманға ӘК ТҚК жөніндегі ұйым берген сертификаттық рұқсатын иеленуі, бағаланатын ӘК рейтингі және қозғалтқышы енгізілген ӘК ТҚК бойынша маманның қолданыстағы куәлігін иеленуі, сабақ беру әдістемесінің курсын және емтихан алушының курсын өтуі;

      2) АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымда орта буын басшысының орнын немесе авионика жүйелерін ТҚК бойынша тәжірибеден өтуші маманның (В2) немесе ӘК ТҚК бойынша ұйымда жұмыс істейтін ұшақтың (тікұшақтың және қозғалтқыштың (В1 санаты/В1.1, В1.2, В1.3, В1.4 кіші санаттары) ТҚК бойынша маманның орнын иеленуге, бұл ретте бағалау өткізу сәтінде тізбеленген мамандардың әрқайсысы сол типтегі ӘК және сол санаттағы қозғалтқышты пайдалануға рұқсат ету сертификатын, кандидат бағаланатын ӘК ТҚК бойынша маман куәлігін беру құқығын иемденгендігін дәлелдейді;

      3) осы біліктілік талаптарында сипатталған тәжірибелер мен дағдыларды көрсете білуі;

      4) АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның жалпы рәсімдерінің талаптарына сәйкес болуға.

4-параграф. Жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің ТҚК бойынша мамандарының біліктілік деңгейін анықтауға құқығы бар емтихан алушыға қойылатын біліктілік талаптары

      41. Жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің ТҚК бойынша мамандарының біліктілік деңгейін анықтауға құқығы бар емтихан алушының біліктілігін алуға кандидат мынадай біліктілік талаптарына сәйкес болады:

      1) авиациялық персоналға куәліктер беру жүйесін білу;

      2) авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін айқындау тәртібі мен рәсімдерін регламенттейтін қағидаларды, саясатты және инструктивті материалды білу, оларды қолдана және талқылай білу;

      3) ӘК техникалық қызмет көрсету және жөндеу саласында жұмыс істейтін практик-маман болуға;

      4) ӘК ұшу қауіпсіздігі және техникалық қызмет көрсету стандарттарын қолдана білу;

      5) кем дегенде кәсіптік білімін, дағдылары мен ептіліктерін бағалауға уәкілетті ӘК ТҚК бойынша мамандардың куәліктері мен біліктілік белгілеріне тең біліктілік белгілерін (рейтингтерін) иелену;

      6) емтихан алушы ретінде арнайы даярлығының болуы;

      7) біліктілік бағалауын өткізу рәсімін білу, мыналарды қоса алғанда:

      объективті деректерді жинау;

      объективті деректерді бағалау;

      қабылданған баға туралы есепті ұсыну.

      42. Емтихан алушының бағалау функцияларын орындауды бастағанша мыналарды қамтитын, кемінде 40 сағат көлемінде АОО-да арнайы бағдарлама бойынша өтілген курстары болады:

      1) "ӘК техникалық қызмет көрсетуге қатысты АА-дағы адами фактор";

      2) ӘК ТҚК бойынша мамандарға қатысты бөлігінде "Авиация персоналы куәлiктерiн беру және қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларында" жазылған талаптар мен рәсімдер;

      3) арнайы теориялық пәндерді оқыту, практикалық оқыту және тағылымдама өткізу әдістері.

      43. Жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің ТҚҚ бойынша мамандардың біліктілік деңгейін анықтауға құқығы бар емтихан алушының өкілеттіктерін ұзартуға арналған біліктілік талаптары:

      1) өз міндеттемелерін орындау кезеңі ішінде жылына кемінде 1 тексерісі болуға (емтихан алушы ретінде);

      2) өкілеттіктерінің мерзімі ішінде басқа емтихан алушының бақылауымен бір тексерісінің болуы (тексерілуші ретінде);

      3) ТҚК бойынша маманның куәлігінде қолданыстағы біліктілік және ерекше белгілерінің болуы;

      4) жеңіл және аса жеңіл авиацияны пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымның авиациялық оқу орталығында 3 жылда бір рет емтихан алушыларға арналған арнайы бағдарлама бойынша кәсіби деңгейін сақтау курстарының болуы.

      44. Жұмыс істейтін емтихан алушылар Қазақстан Республикасында бұрын пайдаланылмаған, массасы 5 700 кг және одан аз, құрамында кемінде 2 маманы және:

      1) әуе кемесінің түрі бойынша АТ ТҚК және Ж бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

      2) әуе кемесінің аталған түрінің ең аз дегенде 3 типіне АТ ТҚ және Ж бойынша рұқсаты болатын болса, жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің жаңа типтерін дербес меңгеруге жіберіледі.

      45. Жаңа техниканы меңгеруді ең аз дегенде үш әуе кемесіне рұқсаты бар және кемінде 5 жыл пайдалану тәжірибесі бар екі емтихан алушы өткізеді.