Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акциялар

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 42 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20223 болып тіркелді.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту, жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою қағидалары;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту үшін құжаттарға қойылатын талаптар;

      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Жарияланған акциялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесі және оларға қойылатын талаптар;

      4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Акциялар шығарылымының проспектісін, акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті жасау және ресімдеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      2020 жылғы ____ __________

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 42 қаулысына
1-қосымша

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, акционерлік қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту, жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, акционерлік қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту, жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, "Акционерлік қоғамдар туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы", "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

      Қағидалар жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу (бұдан әрі – өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу), акционерлік қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту, жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою талаптары мен тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат тиісті нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және бірыңғай байланыс-орталығына жіберіледі.

      3. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда көрсетілген мағыналарда қолданылады.

2-тарау. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу тәртібі

      4. Акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) еркін нысанда жасалған өтінішті бағалы қағаздар орталық депозитарийінің веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) электрондық түрде ұсынады.

      "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, онда қызмет көрсету процесінің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтер Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі - акциялар шығарылымын тіркеу тізбесі) келтірілген. Эмитент өтінішті портал арқылы "жеке кабинетке" жіберген кезде нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі. Заңды тұлға ретінде қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының дерекқорынан алады.

      5. Қоғам орталық депозитариймен уәкілетті органға жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу мақсатында құжаттарды ұсынғанға дейін қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуге шарт жасайды.

      6. Уәкілетті органның хат-хабарларды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш келіп түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты уәкілетті органның бөлімшесіне (бұдан әрі - жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады. Қоғам жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Меркелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      7. Жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын және құжаттардың қолданылу мерзімін:

      жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні;

      акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу кезінде өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексеруді жүзеге асырады.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері осы тармақпен белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және қоғамға жібереді.

      Уәкілетті органның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту қоғамға портал арқылы электрондық нысанда жіберіледі.

      8. Ұсынылған құжаттардың толық болу және (немесе) қолданылу мерзімі өтпеу фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері құжаттардың Акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келу тұрғысынан қарайды және мемлекеттік қызмет көрсетуге хаттың (куәліктің) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың жобасын дайындайды, уәкілетті органның уәкілетті адамына мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне:

      жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 12 (он екі) жұмыс күні;

      акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу кезінде 7 жұмыс күні ішінде қол қойдырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган қоғамға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі алдын ала шешім туралы, сондай-ақ қоғамға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган хат (куәлік) не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту береді.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ куәландырылған электрондық нысанда қоғамның "жеке кабинетіне" жібереді.

      Барлық кіші түрлері бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету процестері бірдей.

      9. Мемлекеттік қызметтің көрсетілу сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін мониторингтеу ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

      10. Қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынған құжаттар акционерлік қоғамдар туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган қоғамның "жеке кабинетіне" электрондық нысанда Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және жарияланған акциялар шығарылымы проспектісін жібереді.

      11. Қоғам акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін электрондық нысанда:

      1) Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда - қоғам атауының және оның орналасқан жерінің өзгеруін растайтын құжаттарды қоғам алған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;

      2) Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда - қоғамның тиісті органдары шешім қабылдаған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде оларды уәкілетті органға ұсынады.

      12. Уәкілетті орган қоғам жарияланған акциялар шығарылымын, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсыну шарттары мен тәртібін бұзған және құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкессіздігін анықтаған жағдайда, жарияланған акциялар шығарылымын, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеуден бас тартады. Жарияланған акциялар шығарылымын немесе акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған жағдайда қоғам Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 11-бабының 8-тармағында белгіленген мерзімде уәкілетті органның ескертулерін жояды және құжаттарды уәкілетті органға қайта ұсынады.

      13. Қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде уәкілетті орган берген жарияланған акциялар шығарылымын қағаз тасымалдағышта мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқаларын жоғалтқан жағдайда, қоғам құжаттардың телнұсқасын алу қажет болған кезде бұқаралық ақпарат құралының атауы және жоғалған құжаттардың жарамсыздығы туралы хабарламаның жарияланған күні жайлы мәліметтерді көрсете отырып, уәкілетті органға жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін портал арқылы электрондық нысанда жасалған өтініш береді.

      Уәкілетті орган қоғамға өтінішті алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде куәліктің телнұсқасын электрондық нысанда "жеке кабинетке" портал арқылы жібереді.

      14. Уәкілетті орган акциялар шығарылымы проспектісінде қамтылған, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту туралы, қоғам акцияларының бөлінуіне байланысты акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептегі өзгерістер туралы, қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында акциялар шығарылымы проспектісін, оған енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, орналастыру арқылы акциялар шығарылымының күшін жою туралы ақпаратты, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту туралы, қоғам акцияларының бөлінуіне байланысты акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептегі өзгерістер туралы, уәкілетті орган акциялар шығарылымы проспектісін мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде акциялар шығарылымының күшін жою туралы, акциялар шығару проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу туралы есепті бекіту туралы, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті, қоғам акцияларының бөлінуіне байланысты акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептегі өзгерістерді қабылдау, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті, акциялар шығарылымының күшін жою туралы есепті бекіту туралы ақпаратты жариялайды.

      15. Қоғам 2023 жылғы 1 шілдеге дейін уәкілетті орган тіркеген акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін құжаттарды ұсынған жағдайда, қоғам акциялар шығарылымы проспектісін жасау және ресімдеу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес акциялар шығарылымы проспектісінің құрылымына сәйкес акциялар шығарылымы проспектісінің, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулардың, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептің, осы қаулымен бекітілген акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есептің электрондық нысанын толтырады.

      Электрондық нысандарды толтыру кезінде эмитенттің қаржы-экономикалық және шаруашылық қызметінің көрсеткіштері туралы мәліметтерді өзектендіру талап етілмейді.

3-тарау. Қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту тәртібі

      16. Қоғам акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту үшін уәкілетті органға еркін нысанда жасалған ілеспе хатты портал арқылы электрондық түрде жібереді. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қамтитын "Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтер Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту бойынша талаптарды тізбесі). Эмитент өтінішті портал арқылы "жеке кабинетке" жіберген кезде нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі. Тұрақтандыру банкі акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті ұсынбайды. Акцияларды орналастырудың есепті кезеңінің аяқталу күні акцияларды орналастырудың есепті кезеңі соңғы айының тиісті күні болып табылады.

      17. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш келіп түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және жауапты бөлімшеге орындауға жіберуді жүзеге асырады. Қоғам жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске және Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      18. Жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және қоғамға жібереді. Уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту қоғамға портал арқылы электрондық нысанда жіберіледі.

      19. Ұсынылған құжаттардың толық болу және (немесе) қолданылу мерзімі өтпеу фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның талаптарына сәйкес келу тұрғысынан қарайды және мемлекеттік қызмет көрсетуге хаттың (куәліктің) не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың жобасын дайындайды, уәкілетті органның уәкілетті адамына мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойдырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган қоғамға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі алдын ала шешім туралы, сондай-ақ қоғамға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша уәкілетті орган хат (куәлік) не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту береді.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ куәландырылған электрондық нысанда қоғамның "жеке кабинетіне" жібереді.

      Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей.

      20. Мемлекеттік қызмет көрсетілу сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін мониторингтеу ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

      21. Қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті уәкілетті орган Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 24-бабының 6-тармағында белгіленген мерзімде қарайды.

      22. Уәкілетті орган Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 24-бабының 7-тармағында белгіленген жағдайда акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті, қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекітуден бас тартады.

      23. Қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті немесе қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекітуден бас тартылған жағдайда, қоғам уәкілетті органның ескертулерін жояды және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 24-бабының 7-тармағында белгіленген мерзімде пысықталған есепті уәкілетті органға қайта ұсынады.

      24. Акцияларды бөлшектеу жағдайында қоғам уәкілетті органға портал арқылы акцияларды бөлшектеуді аяқтау күнінен кейінгі күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде акцияларды орналастыру қорытындылары туралы уәкілетті орган бекіткен есепке өзгерістерді қарауға және мәліметке алу үшін электрондық нысанда ұсынады.

      25. Қоғамның акцияларын бөлшектеуге байланысты акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістерді уәкілетті орган 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды.

      26. Қоғам ұсынған құжаттар сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган қоғам акцияларын бөлшектеуге байланысты акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістерді мәліметке алмайды және бағалы қағаздар рыногы және акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болатын ақпарат және құжаттар ұсыну қажеттілігі туралы хатты электрондық нысанда жолдайды.

4-тарау. Жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою тәртібі

      27. Қоғам акциялар шығарылымының күшін жою үшін Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 30-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде уәкілетті органға электрондық нысанда портал арқылы өтініш жасайды. Уәкілетті орган осы қаулымен бекітілген жарияланған акциялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесінде және оларға қойылатын талаптарда көрсетілген, қоғамның жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою үшін ұсынған құжаттарын оларды алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.

      28. Қоғам жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою үшін ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар және бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган жарияланған акциялар шығарылымының күшін жояды және қоғамға Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою туралы куәлікті жібереді.

      29. Акциялар шығарылымы қоғамға жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою туралы куәлік жіберілген күннен бастап жойылады.

      30. Уәкілетті орган жарияланған акциялар шығарылымының мемлекеттік тiркеуін жарамсыз деп тану туралы немесе қоғамды мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімдерін және (немесе) Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімінен қоғамды тарату немесе қоғамды қайта ұйымдастыру туралы ақпарат алған күннен кейін осы қаулымен бекітілген Жарияланған акциялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесінде және оларға қойылатын талаптарда көрсетілген құжаттарды ұсынбай-ақ 10 (он) жұмыс күні ішінде қоғамның жарияланған акциялар шығарылымын жояды. Уәкілетті органның тұрақтандыру банкінің қызметін тоқтату туралы шешімінің негізінде уәкілетті орган тұрақтандыру банкінің акциялар шығарылымын жою туралы шешім қабылдайды. Қоғамды мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің және (немесе) Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімінен қоғамды тарату немесе қоғамды қайта ұйымдастыру туралы ақпараттың және (немесе) уәкілетті органның тұрақтандыру банкінің қызметін тоқтату туралы шешімінің негізінде жарияланған акциялар шығарылымының күші жойылған жағдайда деректер Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген күннен бастап қоғамның акциялары шығарылымының күші жойылады. Жарияланған акциялар шығарылымының мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп тану туралы сот шешімінің негізінде жарияланған акциялар шығарылымының күші жойылған жағдайда уәкілетті орган қоғамға Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою туралы куәлікті электрондық нысанда жібереді.

      31. Уәкілетті орган Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 30-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларда бас тарту себептерін көрсете отырып, жарияланған акциялар шығарылымының күшін жоюдан бас тартады. Жарияланған акциялар шығарылымының күшін жоюдан бас тартылған жағдайда, қоғам уәкілетті органның ескертулерін жояды және бас тарту алған күннен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға электрондық нысанда құжаттарды қайталап ұсынады.

5-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      32. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, уәкілетті органның жоғары тұрған лауазымды адамы, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған уәкілетті органға және (немесе) уәкілетті органның лауазымды адамына беріледі.

      Егер Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, Мемлекеттік қызмет туралы заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгіну сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жүзеге асырылады.

      33. Уәкілетті органның басшысына жіберілетін шағымда қоғамның - қоғамның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, уәкілетті органның кеңсесінде оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) уәкілетті орган басшысының шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты акциялар шығарылымын тіркеу бойынша талаптар тізбесінде және акцияларды орналастырудың қорытындылары туралы есепті бекіту бойынша талаптар тізбесінде көрсетілген бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда қоғамға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол уәкілетті органның шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

  Жарияланған акциялар
шығарылымын мемлекеттiк
тiркеу, акциялар шығарылымы
проспектісіне өзгерістерді
және (немесе) толықтыруларды
тіркеу, акционерлік қоғамның
акцияларын орналастыру
қорытындылары туралы есепті,
акционерлік қоғамның
орналастырылған акцияларының
бір түрін осы акционерлік қоғам
акцияларының басқа түріне
айырбастау туралы есепті
бекіту, жарияланған акциялар
шығарылымының күшін
жою қағидаларына
1- қосымша

"Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік қызметтің атауы

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы

1) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу;
2) акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу.

1.

Уәкілетті органның атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - уәкілетті орган).

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Барлық кіші түрлері бойынша:
Бағалы қағаздар орталық депозитарийінің веб-порталы (бұдан әрі - портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

1) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу - құжаттарды мемлекеттік тіркеуге ұсынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
2) акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу – мемлекеттік реттеуге берілген құжаттарды алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Барлық кіші түрлері бойынша:
электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Кіші түрлері бойынша:
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген жағдайда-жарияланған акциялар шығарылымының проспектісі электрондық нысанда,
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (жарияланған акциялар санының ұлғайған және (немесе) олардың түрлері өзгерген, және (немесе) атауы өзгерген, және (немесе) акционерлік қоғамның орналасқан жері өзгерген кезде)және электрондық нысанда - акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда-өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескеріле отырып, жарияланған акциялар шығарылымының проспектісі не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

7.

Жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) портал - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2) уәкілетті орган - Кодекске және Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, мәліметтерді пайдалануға келісімі бар еркін нысанда жасалған электрондық өтініш;
2) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда жарияланған акцияларды шығару туралы құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешімі) немесе акционерлердің жалпы жиналысы (барлық дауыс беретін акцияларды иеленуші акционердің шешімі) хаттамасының электрондық көшірмесі;
3) Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда жарияланған акциялар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы сот шешімінің электрондық көшірмесі;
4) электрондық нысандағы жарияланған акциялар шығарылымының проспектісі;
5) акционерлік қоғам құрылтайшыларының арасында орналастырылған, жарияланған акциялардың төленгенін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Акционерлік инвестициялық қордың жария етілген акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа акционерлік инвестициялық қор акционерлік инвестициялық қордың басқарушы компаниясының шарттары жобаларының электрондық көшірмелерін, сондай-ақ акционерлік инвестициялық қор құрылтайшыларының жалпы жиналысы не жалғыз құрылтайшысы бекіткен инвестициялық декларацияның электрондық көшірмесін қосымша ұсынады.
Акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін:
1) акционерлік қоғамның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, мәліметтерді пайдалануға келісімі бар еркін нысанда жасалған электрондық өтініш;
2) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды есепке ала отырып акциялар шығарылымының проспектісі;
3) шешімнің (хаттаманың) электрондық көшірмесі немесе оның негізінде акционерлік қоғамның акциялары шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген акционерлік қоғам органы отырысының хаттамасынан үзінді;
4) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында белгіленген жағдайларда жарғылық капиталына мемлекет қатысатын (мерзімі өткен салық берешегін өтеу үшін акционерлік қоғамның жарияланған акциялары болмаған немесе олар жеткіліксіз болған жағдайда) акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімінің электрондық көшірмесі.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының дерекқорынан алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер

Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға көрсетілетін қызметті алушының жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсыну шарттары мен тәртібін бұзуы және құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес еместігін анықтау негіз болып табылады.

10.

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Порталда іркіліс немесе техникалық ақаулықтар анықталған жағдайда, бірыңғай байланыс орталығына хабарласу қажет.
Бірыңғай байланыс орталығы: 8 800 080 86 68.

  Жарияланған акциялар
шығарылымын Мемлекеттiк
тiркеу, акциялар шығарылым
проспектісіне өзгерістерді
және (немесе) толықтыруларды
тіркеу, акционерлік қоғамның
акцияларын орналастыру
қорытындылары туралы есепті,
акционерлік қоғамның
орналастырылған акцияларының
бір түрін осы акционерлік қоғам
акцияларының басқа түріне
айырбастау туралы есепті
бекіту, жарияланған акциялар
шығарылымының күшін жою
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

20_ жылғы "___"

Алматы қаласы

      Уәкілетті орган (уәкілетті органның толық атауы)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (акционерлік қоғамның бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      тіркелген

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (акционерлік қоғамның толық атауы және орналасқан жері)

      жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге алды.

      Шығарылым

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (акциялар саны цифрмен және жазбаша, акциялар түрі) акцияларға бөлінген,

      оларға

      __________________________________________________________________________

      халықаралық сәйкестендіру нөмiрi (ISIN коды) берілген.

      Бір акцияның номиналды құны

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ____________теңге.

      (акционерлік қоғамның жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде толтырылады). (цифрмен және жазбаша)

      Акционерлік қоғамның жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру себебі (акционерлік қоғамның жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік ауыстырылған жағдайда толтырылады):

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ________________

      Уәкілетті адам

      __________________________________________________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба)                   (тегі, инициалдары)

  Жарияланған акциялар
шығарылымын мемлекеттiк
тiркеу, акциялар шығарылымы
проспектісіне өзгерістерді және
(немесе) толықтыруларды
тіркеу, акционерлік қоғамның
акцияларын орналастыру
қорытындылары туралы есепті,
акционерлік қоғамның
орналастырылған акцияларының
бір түрін осы акционерлік
қоғам акцияларының басқа
түріне айырбастау туралы есепті
бекіту, жарияланған акциялар
шығарылымының күшін жою
қағидаларына
3- қосымша

"Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік қызметтің атауы

Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы

1) акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту;
2) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту;
3) акцияларды бөлшектеуге байланысты акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістерді назарға алу.

1.

Уәкілетті органның атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - уәкілетті орган).

2.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәсілдері

Барлық кіші түрлер үшін: Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі веб-порталы (бұдан әрі - портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

8 (сегіз) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Барлық кіші түрлер үшін: электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Кіші түрлері бойынша:
Көрсетілетін қызметті алушының атына:
акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп бекітілген жағдайда, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы;
акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есеп бекітілген жағдайда, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту туралы;
қоғамның акцияларын бөлшектеумен байланысты акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістер назарға алынған жағдайда, қоғамның акцияларын бөлшектеумен байланысты акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістерді назарға алу туралы хат;
не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.

7.

Жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) портал - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2) уәкілетті орган - Кодекске және Мерекелер туралы заңға сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту:
1) көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, мәліметтерді пайдалануға келісімі бар еркін нысанда жасалған электрондық ілеспе хат;
2) көрсетілетін қызметті алушының акцияларын орналастыру қорытындылары туралы электрондық нысандағы есеп;
3) көрсетілетін қызметті алушының акцияларына ақы төлегенін растайтын электрондық құжаттардың көшірмелері;
4) акцияларды орналастырудың есепті кезеңі аяқталған айдың немесе көрсетілетін қызметті алушының барлық жарияланған акциялары орналастырылған кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасалған шоғырландырылмаған қаржылық есептіліктің электрондық көшірмесі.
Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту (акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту):
1) көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, мәліметтерді пайдалануға келісімі бар еркін нысанда жасалған электрондық ілеспе хат;
2) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы электрондық нысандағы есеп;
3) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастауға негіз болған шешімнің (хаттаманың) электрондық көшірмесі.
Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту (акцияларды бөлшектеуге байланысты акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістерді назарға алу):
1) көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, мәліметтерді пайдалануға келісімі бар еркін нысанда жасалған электрондық өтініш;
2) электрондық нысандағы қоғам акцияларын бөлшектеуге байланысты акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістер.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер

"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 24-бабының 7-тармағына сәйкес уәкілетті органның құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмегенін анықтауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

10.

Өзге де талаптар мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Порталда іркіліс немесе техникалық ақаулықтар анықталған жағдайда, бірыңғай байланыс орталығына хабарласу қажет.
Бірыңғай байланыс орталығы: 8 800 080 86 68.

  Жарияланған акциялар
шығарылымын мемлекеттiк
тiркеу, акциялар шығарылымы
проспектісіне өзгерістерді және
(немесе) толықтыруларды
тіркеу, акционерлік қоғамның
акцияларын орналастыру
қорытындылары туралы
есепті, акционерлік қоғамның
орналастырылған акцияларының
бір түрін осы акционерлік қоғам
акцияларының басқа түріне
айырбастау туралы есепті
бекіту, жарияланған акциялар
шығарылымының күшін жою
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою туралы куәлік

      20_ жылғы "___" __________                                     Алматы қаласы

      Уәкілетті орган (уәкілетті органның толық атауы)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ___________ тіркелген

      (акционерлік қоғамның бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

      __________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      ______________________ (акционерлік қоғамның толық атауы және орналасқан жері)

      жарияланған акциялар шығарылымының күшін жойды.

      Шығарылым

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген органның атауы, күні, айы, жылы) тіркелген.

      Шығарылым акцияларына берілген халықаралық сәйкестендіру нөмiрi (ISIN коды)

      _________________________________________________________________________.

      Шығарылым _____________________________________________________________

      (акциялар саны цифрмен және жазбаша, акциялар түрі)

      _______________________________________________________ акцияларға бөлінген.

      Акциялар шығарылымының

      __________________________________________________________________________

      (күшін жоюдың себебі) байланысты күші жойылды.

      Уәкілетті адам _________________________________ ____________________________

                  (электрондық цифрлық қолтаңбасы)             (тегі, инициалдары)

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 42 қаулысына
2-қосымша

Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту үшін құжаттарға қойылатын талаптар

      Ескерту. Талаптар жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту үшін құжаттарға қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) "Акционерлік қоғамдар туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы", "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі - өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу), акционерлік қоғамның (бұдан әрі - қоғам) акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту үшін құжаттарға қойылатын талаптарды белгілейді.

      2. Қоғамның жарияланған акцияларының төлемін растайтын құжаттар (аталғандардың біреуі немесе бірнешеуі):

      1) төлем құжаттары;

      2) мүлiктi қабылдау-өткiзу актiсі, беру актісі, ақшалай міндеттемелерді салыстырып тексеру актісі;

      3) бағалау туралы есеп (қоғамды қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда);

      4) орталық депозитарийдің орналастырылатын акциялар төлеміне енгізілетін бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын құжаттар;

      5) жарияланған акциялардың ақысына енгізілген мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттар (төлем меншік құқығын тіркеуді талап ететін мүлікпен жүргізілген жағдайда).

      3. Қоғамның жарияланған акциялар шығарылымы туралы немесе оның негізінде акциялар шығарылымы проспектіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген шешімде (хаттамада) мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы (дауыс беретін барлық акцияларға ие акционердің шешімі) немесе одан үзінді-көшірме:

      қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;

      акционерлердің жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты мен орны;

      акционерлердің жалпы жиналысында ұсынылған қоғамның дауыс беретін акцияларының саны туралы мәліметтер;

      акционерлердің жалпы жиналысының кворумы;

      акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі;

      акционерлердің жалпы жиналысында оның негізінде жарияланған акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін мәселе бойынша дауыс беру тәртібі;

      акционерлердің жалпы жиналысы төрағасының (президиум мүшелерінің) және хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      акционерлердің жалпы жиналысына қатысушылардың сөйлеген сөздері;

      акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінде дауыс беруге қойылған әрбір мәселе бойынша акционерлер дауыстарының жалпы саны;

      дауыс беруге қойылған мәселелер, олар бойынша дауыс берудің қорытындылары;

      қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында оның негізінде жарияланған акциялар шығарылымы проспектіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін мәселе бойынша қабылданған шешім.

      Акционерлердің (қоғамның дауыс беретін барлық акцияларына ие акционердің) жалпы жиналысының хаттамасынан (шешімінен) үзінді-көшірме акционерлердің жалпы жиналысы хатшысының (корпоративтік хатшысының) қолымен расталады;

      2) директорлар кеңесі (атқарушы орган) отырысының хаттамасы немесе одан үзінді-көшірме:

      қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;

      директорлар кеңесінің (атқарушы органның) отырысын өткізу күні, уақыты мен орны (ішкі отырыс болған жағдайда);

      директорлар кеңесінің (атқарушы органның) отырысына қатысқан (сырттай дауыс беру арқылы шешім қабылдаған) тұлғалар туралы мәліметтер;

      директорлар кеңесі (атқарушы орган) отырысының кворумы;

      шешімдері жарияланған акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге әкелген директорлар кеңесі (атқарушы орган) отырысының күн тәртібінің мәселелері;

      директорлар кеңесі (атқарушы орган) отырысының күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша директорлар кеңесінің (атқарушы органның) әрбір мүшесінің дауыс беру нәтижесін көрсете отырып, отырыс күн тәртібінің дауыс беруге қойылған әрбір мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары;

      жарияланған акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мәселесі бойынша қабылданған шешім.

      Директорлар кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді-көшірме қоғамның уәкілетті қызметкерінің қолымен расталады.

      Атқарушы орган отырысының хаттамасынан үзінді-көшірме қоғамның атқарушы органы басшысының (не оның орнындағы адамның) қолымен расталады.

      4. Қоғам ұсынатын жылдық қаржылық шоғырландырылмаған есептілік бухгалтерлік баланстан, пайда және шығын туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептен және түсіндірме жазбадан тұрады.

      Қоғам ұсынатын аралық қаржылық шоғырландырылмаған есептілік бухгалтерлік баланстан, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептен тұрады.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 42 қаулысына
3-қосымша

Жарияланған акциялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесі және оларға қойылатын талаптар

      Ескерту. Талаптар жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Жарияланған акциялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесі және оларға қойылатын талаптар (бұдан әрі - Тізбе) "Акционерлік қоғамдар туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы", "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және жарияланған акциялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және аталған құжаттарға қойылатын талаптарды айқындайды.

      2. Сот жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп таныған жағдайда, қоғам жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды:

      1) еркін түрде құрылған электрондық нысандағы өтінішті;

      2) қоғамның жарияланған акцияларының шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану туралы сот шешімінің электрондық көшірмесін жібереді.

      3. Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамның ерікті түрде таратылуына байланысты жарияланған акциялар шығарылымын жою туралы шешім (жалғыз акционердің немесе барлық дауыс беруші акцияларына ие тұлғаның шешімі) қабылдаған жағдайда қоғам акциялар шығарылымын жою үшін портал арқылы уәкілетті органға белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды:

      1) еркін түрде құрылған электрондық нысандағы өтінішті;

      2) қоғамның ерікті түрде таратылуына байланысты акциялар шығарылымының күшін жою туралы қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы хаттамасының (жалғыз акционердің немесе барлық дауыс беруші акцияларына ие тұлғаның шешімі) электрондық көшірмесін;

      3) акционерлердің жалпы жиналысы (жалғыз акционердің немесе барлық дауыс беруші акцияларына ие тұлғаның шешімі) бекіткен қоғамның тарату балансының электрондық көшірмесін;

      4) орналастырылған акциялардың (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) жалпы санының он және одан көп пайызына ие акционерлер туралы қоғамның ерікті түрде таратылуына байланысты акциялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдаған күні орталық депозитарий берген анықтаманың электрондық көшірмесін жібереді.

      4. Қоғам мәжбүрлеп таратылған жағдайда қоғам белгіленген мерзімде портал арқылы уәкілетті органға акциялар шығарылымының күшін жою үшін мынадай құжаттарды:

      1) еркін түрде құрылған электрондық нысандағы өтінішті;

      2) қоғамды мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің электрондық көшірмесін;

      3) сот бекіткен қоғамның тарату балансының электрондық көшірмесін жібереді.

      5. Қоғамды шаруашылық серіктестікке немесе өндірістік кооперативке қайта құру арқылы қайта ұйымдастырған жағдайда қоғам белгіленген мерзімде акциялар шығарылымының күшін жою үшін портал арқылы уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) еркін түрде құрылған электрондық нысандағы өтінішті;

      2) қайта құрылатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында қайта құруды жүзеге асыру тәртібінде және жағдайларда, шаруашылық серіктестіктің қатысу үлестерін немесе өндірістік кооператив мүшелерінің пайларын айқындау тәртібінде қабылданған шаруашылық серіктестікке немесе өндірістік кооперативке қайта құру арқылы қоғамды қайта ұйымдастыру туралы, акционерлердің жалпы жиналысында қабылданған қайта құрылатын қоғамның жарияланған акциялары шығарылымының күшін жою туралы шешімнің электрондық көшірмесін;

      3) атқарушы органдардың басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) мен қайта құрылатын қоғамның бас бухгалтері немесе олардың орнын ауыстыратын адамдар (міндеттерді орындауды жүктеу туралы растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қол қойған тапсыру актісінің электрондық көшірмесін;

      4) орналастырылған акциялардың (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) жалпы санының он және одан көп пайызына ие акционерлер туралы шаруашылық серіктестікке немесе өндірістік кооперативке қайта құру арқылы қоғамды қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған күні орталық депозитарий берген анықтаманың электрондық көшірмесін жібереді.

      6. 2 (екі) немесе бірнеше қоғамды біріктіру арқылы қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда қайта ұйымдастырылатын қоғамдар белгіленген мерзімде акциялар шығарылымының күшін жою үшін портал арқылы уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) еркін түрде құрылған электрондық нысандағы өтінішті;

      2) қайта ұйымдастырылатын қоғамдар акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында әрбір жекелеген қоғам акционерлерінің білікті көпшілік дауыстарымен қабылданған біріктіру жолымен қоғамды қайта ұйымдастыру туралы шешімнің электрондық көшірмесін, сондай-ақ әрбір қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың акциялары шығарылымының күшін жою туралы шешімдердің электрондық көшірмелерін;

      3) уәкілетті тұлғалар қол қойған тапсыру актісінің электрондық көшірмесін;

      4) біріктіру жолымен қоғамды қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған қоғамның жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің электрондық көшірмесін;

      5) орналастырылған акциялардың (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) жалпы санының он және одан көп пайызына ие акционерлер туралы қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың акциялары шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдаған күні орталық депозитарий берген анықтамалардың электрондық көшірмелерін жібереді.

      7. Қоғамды (қоғамдарды) басқа қоғамға қосу арқылы қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда қосылатын қоғам (қосылатын қоғамдар) белгіленген мерзімде акциялар шығарылымының күшін жою үшін портал арқылы уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) еркін түрде құрылған электрондық нысандағы өтінішті;

      2) қосу жүзеге асырылатын қоғамның және қосылатын қоғамның (қоғамдардың) акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында қабылданған қосу жолымен қоғамды қайта ұйымдастыру туралы шешімнің электрондық көшірмесін, сондай-ақ қосылатын қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған қосылатын қоғамның акциялары шығарылымының күшін жою туралы шешімнің электрондық көшірмесін;

      3) уәкілетті тұлғалар қол қойған тапсыру актісінің электрондық көшірмесін;

      4) орналастырылған акциялардың (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) жалпы санының он және одан көп пайызына ие акционерлер туралы қосылатын қоғамның (қоғамдардың) акцияларын сатып алғанын растайтын қосу жүзеге асырылатын қоғамға орталық депозитарий берген анықтаманың электрондық көшірмесін жібереді.

      8. Қоғамды 2 (екі) немесе одан көп қоғамға бөлу арқылы қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда, бөлінетін қоғам белгіленген мерзімде акциялары шығарылымының күшін жою үшін портал арқылы уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) еркін түрде құрылған электрондық нысандағы өтінішті;

      2) қоғамды 2 (екі) немесе одан көп қоғамға бөлу арқылы қоғамды қайта ұйымдастыру туралы және бөлінетін қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған бөлінетін қоғамның акциялары шығарылымының күшін жою туралы шешімдердің электрондық көшірмелерін;

      3) бөлінген қоғамдардың мүдделерін оларды құру барысында білдіру тапсырылатын тұлғалар қол қойған бөлу балансының электрондық көшірмесін;

      4) орналастырылған акциялардың (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) жалпы санының он және одан көп пайызына ие акционерлер туралы қоғамды 2 (екі) немесе одан көп қоғамдарға бөлу арқылы қоғамды қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған күні орталық депозитарий берген анықтаманың электрондық көшірмесін жібереді.

      9. Қоғам жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою кезінде уәкілетті орган қағаз тасымалдағышта берген жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою туралы куәліктің түпнұсқасын жоғалтқан жағдайда, қоғам жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою туралы куәліктің телнұсқасын алу қажет болған кезде бұқаралық ақпарат құралының атауы және жоғалған құжаттың жарамсыздығы туралы хабарламаның жарияланған күні жайлы мәліметтерді көрсете отырып, жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою туралы куәліктің телнұсқасын беру үшін портал арқылы уәкілетті органға электрондық нысанда өтініш жібереді.

      Уәкілетті орган қоғамға өтінішті алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою туралы куәліктің телнұсқасын портал арқылы "жеке кабинетке" электрондық нысанда жібереді.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 42 қаулысына
4-қосымша

Акциялар шығарылымының проспектісін, акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті жасау және ресімдеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Акциялар шығарылымы проспектісін, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті жасау және ресімдеу қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және акциялар шығарылымы проспектісін, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, акционерлік қоғамның (бұдан әрі - қоғам) акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті жасау және ресімдеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Акциялар шығарылымының проспектісі Қағидаларға 1-қосымшаға сай, акциялар шығарылымы проспектісінің құрылымына сәйкес жасалады және ресімделеді.

      3. Қоғамның акциялары шығарылымының проспектісіндегі мәліметтер жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) құжаттарды ұсынған күннің алдындағы айдың соңғы жұмыс күніне келтіріледі.

      4. Акциялар шығарылымы проспектісінің титул парағында мыналар қамтылады:

      1) құжаттың атауы: "Акциялар шығарылымының проспектісі";

      2) қоғамның толық және қысқартылған атауы;

      3) мынадай жазба:

      "Уәкілетті органның жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуі инвесторларға проспектіде сипатталған акцияларды иеленуге қатысты қандай да бір ұсыныстарды беруді білдірмейді және осы құжаттағы ақпараттың дәйектілігін растамайды.

      Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектіде берілген бүкіл ақпараттың дәйекті және акционерлік қоғам мен оның орналастырылатын акцияларына қатысты инвесторларды жаңылыстырмайтын болып табылатынын растайды.

      Акционерлік қоғам акциялар айналысы кезеңінде Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында бағалы қағаздар рыногындағы ақпаратты жариялауды қамтамасыз етеді.".

      5. Акциялар шығарылымы проспектісін қоғам уәкілетті органға бағалы қағаздар орталық депозитарийінің веб-порталы арқылы электрондық нысанда ұсынады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Акциялар шығарылымының проспектісі қазақ және орыс тiлдерiнде жасалады.

      7. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Акциялар шығарылымы проспектісі қазақ және орыс тілдерінде жасалған өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескеріле отырып, электрондық нысанда жіберіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 07.06.2023 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп Қағидаларға 2-қосымшаға сай акционерлік қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептің құрылымына сәйкес жасалады және ресімделеді.

      12. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті қоғам уәкілетті органға электрондық түрде ұсынады.

      13. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп қазақ және орыс тілдерінде жасалады.

      14. Қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есеп Қағидаларға 3-қосымшаға сай акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есептің құрылымына сәйкес жасалады және ресімделеді.

      15. Қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғамның басқа түрдегі акцияларына айырбастау туралы есеп қазақ және орыс тілдерінде жасалады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      16. Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Қоғамның акцияларын бөлшектеуге байланысты акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістер Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қоғамның акцияларын бөлшектеуге байланысты акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің құрылымына сәйкес жасалады және ресімделеді.

      Ескерту. Қағида 17-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Қоғамның акцияларын бөлшектеуге байланысты акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістер қазақ және орыс тілдерінде жасалады.

      Ескерту. Қағида 18-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Акциялар шығарылымының
проспектісін, акциялар
шығарылымының проспектісіне
өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды, акционерлік
қоғамның акцияларын
орналастыру қорытындылары
туралы есепті, акционерлік
қоғамның орналастырылған
акцияларының бір түрін осы
акционерлік қоғам
акцияларының басқа түріне
айырбастау туралы есепті жасау
және ресімдеу қағидаларына
1-қосымша

Акциялар шығарылымы проспектісінің құрылымы

1-тарау. Қоғамның атауы және оның орналасқан жері туралы ақпарат

      1. Құрылтай құжаттарына сәйкес қоғам туралы ақпарат:

      1) қоғамды бастапқы мемлекеттік тіркеу күні;

      2) қоғамды мемлекеттік қайта тіркеу күні (егер қайта тіркелген болса);

      3) қоғамның толық және қысқартылған атауы қазақ, орыс және ағылшын (бар болса) тілдерінде;

      4) қоғамның атауы өзгерген жағдайда, оның барлық бұрынғы толық және қысқартылған атаулары, сондай-ақ олардың өзгерген күндері көрсетіледі;

      5) егер қоғам заңды тұлғаны (заңды тұлғаларды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған болса, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларға және (немесе) қоғамға қатысты құқық мирасқорлығы туралы мәліметтер көрсетіледі;

      6) қоғамның бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      7) ISO 17442 халықаралық стандартына сәйкес Legal Entity Identifier коды "Financial services - Legal Entity Identifier" (LEI) (бар болса).

      2. Қоғамның байланыс телефондарының, факс нөмірлерін және электрондық пошта мекенжайын, сондай-ақ егер қоғамның нақты мекенжайы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген қоғамның орналасқан жерінен ерекшеленетін болса, қоғамның нақты мекенжайын көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға сәйкес қоғамның орналасқан жері.

2-тарау. Акциялар туралы, оларды төлеу тәсілдері және олар бойынша кіріс алу туралы мәліметтер

      3. Жарияланған акциялар шығарылымы туралы мәліметтер:

      1) жарияланған акциялардың саны, түрлері;

      2) құрылтайшылар төлейтін акциялардың саны, түрлері;

      3) құрылтайшылар төлейтін бір акцияның номиналды құны;

      4) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтің кепілді мөлшері.

      Тұрақтандыру банкі тұрақтандыру банкінің жарияланған акцияларының саны, түрлері, номиналды құны туралы ақпаратты ғана толтырады.

      4. Акцияларды төлеу

      Акцияларды төлеу тәсілі:

      ақшамен (құрылтайшылардың (инвесторлардың) акцияларды төлегенін растайтын төлем құжатының (құжаттарының) деректемелерін, төлем сомасын және төлеушінің атауын көрсету);

      бағалы қағаздармен (бағалы қағаздар эмитентінің атауын, бағалы қағаздардың халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) мен санын, бағалаушының атауын, бағалау туралы есептің жасалған күнін, бағалау сомасын (нарықтық бағасы болмаған жағдайда) мәміле тіркелу күнін көрсету);

      мүліктік құқықтармен (қоғамның тиісті органдарының қоғамның ақшалай міндеттемелерін қоғамның орналастырылатын акцияларын төлеу есебіне өтеу туралы қабылдаған шешімінің күнін және қоғамның осы шешімді қабылдаған органын; қоғамның ақшалай міндеттемелерін салыстырып тексеру актісінің деректемелерін, бағалаушының атауын, бағалау туралы есептің жасалған күнін, бағалау сомасын, мүлікті қабылдау-өткізу актісінің күнін көрсету);

      өзге мүлікпен (бағалаушының атауын, бағалау туралы есептің жасалған күнін, мүлікті бағалау сомасын, мүлікті қабылдау-өткізу актісінің күнін көрсету).

      Қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда қайта ұйымдастыру туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімді қабылдаған күні, тапсыру актісінің күні көрсетіледі (банктерді біріктіру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастырылған жағдайда қолданылмайды). Қайта ұйымдастырылған банктер акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында бекітілген акцияларды айырбастау коэффициенті көрсетілетін, банкті басқа банкке қосу нысанында банктерді ерікті түрде қайта ұйымдастыру жағдайын қоспағанда, біріктіру арқылы қоғамды қайта ұйымдастырған жағдайда, қосылатын қоғамның акцияларын сату бағасы, қосылу жүріп жатқан қоғамның акцияларын орналастыру (сату) бағасы қосымша көрсетіледі.

      Акцияларға цифрлық (виртуалдық) бірліктермен және (немесе) құны цифрлық (виртуалдық) бірліктердің құнына (құнының өзгеруіне) байланысты болатын қаржы құралдарымен төлем жасалмайды.

      Акциялар шығарылымы проспектісінің мақсаты үшін цифрлық (виртуалдық) бірлік деп криптография және (немесе) компьютерлік есептеу құралдарын қолдана отырып, орталықтандырылмаған ақпараттық жүйеде құрылған және есепке алынатын сандық жазба болып табылатын бірлік түсініледі.

3-тарау. Акцияларды орналастыру шарттары мен тәртібі

      5. Акцияларды орналастыру және айналысқа шығару:

      1) акцияларды орналастыру және айналысқа шығару жоспарланатын нарық (бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған нарығы);

      2) акцияларды ұйымдастырылмаған нарықта орналастырған жағдайда орналастыру тәсілі: жазылу немесе аукцион көрсетіледі;

      3) құрылтайшылар жиналысында бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында қоғамның акцияларды сатып алу кезінде олардың құнын айқындау әдістемесін бекіткен күні көрсетіледі;

      4) акционерлік инвестициялық қорда:

      акционерлік инвестициялық қордың акцияларын сатып алуға өтінімдер беру және орындау шарттары мен тәртібі;

      акционерлік инвестициялық қордың акцияларын орналастыру және (немесе) сатып алу жөніндегі делдалдар тізбесі (олар бар болса) олардың орналасқан жері мен байланыс телефондарының нөмірлері беріле отырып қосымша көрсетіледі.

4-тарау. Қоғамның орналастырылған (акционерлік қоғамның сатып алғандарын қоспағанда) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызына ие құрылтайшылары немесе ірі акционерлері (қатысушылары) туралы мәліметтер

      6. Жаңадан құрылған, оның ішінде қайта ұйымдастырылу жолымен құрылған қоғамдар, сондай-ақ сот шешімі бойынша жарияланған акциялары шығарылымын мемлекеттік тіркеу жарамсыз деп танылған қоғамдар үшін қоғамның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызына ие құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәліметтер, оның ішінде:

      1) жеке тұлғалардың құрылтайшыларының (қатысушыларының) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және (немесе) заңды тұлғалардың құрылтайшыларының (қатысушыларының) толық атауы, орналасқан жері;

      2) қоғамның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызына ие құрылтайшылары (қатысушылары) ақысын алдын ала төлеген акцияларының саны мен түрі (түрлері);

      3) құрылтайшылардың (қатысушылардың) қоғамның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызына ие болған күні көрсетіледі.

      Жарғылық капиталдың ақысы заңды тұлғаны тіркеуге дейін төленген жағдайда қоғамды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу күні көрсетіледі.

      Жарғылық капиталдың ақысы заңды тұлғаны тіркегеннен кейін төленген жағдайда құрылтайшылардың қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін толық төлеген күні көрсетіледі.

      Сот шешімі бойынша жарияланған акциялар шығарылымының мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп танылған қоғамдар акционерлердің жалпы жиналысында жаңа акциялардың шығарылымын тіркеу туралы шешім қабылдаған күнді көрсетеді.

5-тарау. Қоғам қызметінің негізгі түрлерін көрсете отырып, қоғамның қаржы-экономикалық және шаруашылық қызметінің көрсеткіштері

      7. Қоғам қызметінің түрлері:

      1) қызметінің негізгі түрлері;

      2) қоғамның маусымдық сипаттағы қызмет түрлерін және олардың қоғамның жалпы кірісіндегі үлесін көрсете отырып, қызметінің түрлеріне қысқаша сипаттама беру;

      3) қоғамның бәсекелесі болып табылатын ұйымдар туралы мәліметтер;

      4) қоғам қызметінің негізгі түрлері бойынша сату (жұмыстарды, қызметтерді) кірістілігіне оң және теріс әсер ететін факторлар.

      8. Акционерлік инвестициялық қорлар болып табылатын қоғамдардың қызметі туралы мәліметтер.

      Мыналар көрсетіледі:

      акционерлік инвестициялық қордың инвестициялық қызметі туралы негізгі ережелер, инвестициялық саясаты мақсаттарының сипаттамасы, акционерлік инвестициялық қордың кірістеріне жағымсыз әсерін тигізуі мүмкін ықтимал факторларды көрсете отырып тиісті объектілерге инвестициялау себептері мен тәуекелдері, сондай-ақ олардың туындау мүмкіндіктері;

      акционерлік инвестициялық қордың басқарушы компаниясы туралы мәліметтер (толық атауы, орналасқан жері);

      қоғамның инвестициялық декларациясында көрсетілген инвестициялау объектілері, оның ішінде акционерлік инвестициялық қор үшін барынша маңызды объектілері нарығындағы жалпы үрдістің қысқаша сипаттамасы.

      9. Қоғамның қызметіне әсер ететін тәуекел факторлары.

6. Қоғам туралы және ол орналастыратын эмиссиялық бағалы қағаздар туралы қосымша мәліметтер

      10. Қоғамның төлеу агенті туралы мәліметтер (бар болса):

      1) төлеу агентінің толық атауы;

      2) орналасқан жері, байланыс телефондары, электрондық пошта адресі (бар болса);

      3) қоғамның төлеу агентімен жасасқан шартының күні мен нөмірі.

      11. Қоғамның консультанты туралы мәліметтер (Бағалы қағаздар рыногы туралы заңға сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету бойынша шарт жасасу міндеті белгіленген жағдайда):

      1) қоғам акцияларын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін тұлғаның толық және қысқартылған атауы;

      2) қоғам акцияларын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін тұлғаның орналасқан жері, байланыс телефондарының нөмірлері, электрондық пошта адресі (бар болса);

      3) қоғамның қоғам акцияларын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болуы мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін адаммен жасасқан шартының күні мен нөмірі.

      Егер, қоғамның пікірі бойынша, мұндай мәліметтерді жария ету қоғам акцияларын сатып алу туралы шешім қабылдау үшін маңызды болса, қоғамның өзге де консультанттары туралы мәліметтер көрсетіледі.

      12. Қоғамның орталық депозитарийімен жасасқан қоғам акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөнінде қызмет көрсету туралы шарттың күні мен нөмірі.

      13. Тұрақтандыру банкі жарияланған акциялар шығарылымының проспектісін жасаған кезде, осы қосымшаның 10 және 11-тармақтары толтырылмайды.

  Акциялар шығарылымының
проспектісін, акциялар
шығарылымының проспектісіне
өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды, акционерлік
қоғамның акцияларын
орналастыру қорытындылары
туралы есепті, акционерлік
қоғамның орналастырылған
акцияларының бір түрін осы
акционерлік қоғам
акцияларының басқа түріне
айырбастау туралы есепті жасау
және ресімдеу қағидаларына
2-қосымша

Акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептің құрылымы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің титул парағында мынадай ақпарат қамтылады:

      1) құжаттың атауы: "_______ бастап __________ дейінгі кезеңдегі акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп";

      2) қоғамның толық және қысқартылған атауы;

      3) мынадай жазба:

      "Уәкілетті органның акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуі инвесторларға акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепте сипатталған акцияларды иеленуге қатысты қандай да бір ұсыныстарды беруді білдірмейді және осы құжаттағы ақпараттың дәйектілігін растамайды. Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепте берілген бүкіл ақпараттың дәйекті және акционерлік қоғам мен оның орналастырылатын акцияларына қатысты инвесторларды жаңылыстырмайтын болып табылатынын растайды.".

      2. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің мазмұны:

      1) қоғамның толық атауы және орналасқан жері;

      2) қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні және мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы;

      3) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу (жарияланған акциялар санының ұлғаюына байланысты жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру) күні;

      4) қаржылық есептіліктің деректеріне сай қоғамның жарғылық және меншікті капиталы туралы мәліметтер;

      5) жарияланған акциялар туралы мәліметтер:

      жарияланған акциялардың, оның ішінде жай және артықшылықты акциялардың жалпы саны;

      артықшылықты акциялар бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшері;

      6) қоғамның акцияларын қор биржасының ресми тізіміне (бар болса) енгізу күні;

      7) акцияларды орналастыру туралы мәліметтер:

      есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша түрлері бойынша орналастырылған және орналастырылмаған акциялардың саны;

      түрлері бойынша бөлігінде есепті кезеңде орналастырылған акциялардың саны;

      8) акцияларды орналастырудың есептi кезеңiнде акцияларды орналастыру (сату) тәсiлдерi:

      акциялардың түрін, санын, акциялардың номиналды құнын, ақы төлеу сомасын көрсете отырып, құрылтайшылар арасында (жаңадан құрылған қоғамдар үшін);

      акционерлердің арасында акциялардың немесе Қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа да бағалы қағаздардың түрін, санын, орналастыру бағасы мен төлем сомасын, қоғамның уәкілетті органының акцияларды орналастыру туралы шешім қабылдаған күнін көрсете отырып, басымдықпен сатып алу құқығы бойынша;

      акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығын қолданбай орналастыру арқылы (акцияларды орналастыру туралы шешім қабылданған жағдайларды, күнді, акцияларды орналастыру тәртібін, санын және мерзімдерін көрсету);

      жазылу арқылы (ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарықтарында);

      акциялардың түрін, санын, орналастыру бағасы мен ақы төлеу сомасын көрсете отырып, өзге инвесторлар арасында орналастыру арқылы;

      аукцион арқылы:

      акциялардың түрін, санын, жалпы ақы төлеу сомасын, алғашқы және соңғы сауда-саттықтарды өткізу күнін, есепті кезеңде бір акцияны сауда-саттықта орналастырудың ең аз және ең жоғары бағасын, есепті кезеңдегі бiр жай және артықшылықты акцияның нарықтық құнын (егер ол есептелген болса) көрсете отырып, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында;

      аукционды өткізу күнін, акциялардың түрін, санын және ақы төлеудiң жалпы сомасын көрсете отырып, бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында;

      айырбасталатын бағалы қағаздардың санын, бағалы қағаздарды және қоғамның өзге де ақшалай міндеттемелерін айырбастауды жүргізу күнін көрсете отырып, қоғамның акцияларына бағалы қағаздарды және қоғамның өзге де ақшалай міндеттемелерін айырбастау арқылы не туынды бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастыру арқылы (туынды бағалы қағаздардың атауын, туынды бағалы қағаздарды орналастыру арқылы орналастырылған акциялар санын, Қазақстан Республикасының, сондай-ақ заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздарды орналастыру жүзеге асырылған мемлекеттің бағалы қағаздар рыногында сатып алуға ұсынылған акциялар санын көрсете отырып);

      9) орналастырылатын акцияларға ақы төлеу тәсілі (ақы төлеуді растайтын құжаттарды және акцияларды орналастыру күні аяқталғаннан кейінгі күні орналастырылған акциялардың (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде) жалпы санының он және одан көп пайызына ие акционерлер туралы тіркеуші берген анықтаманың көшірмесін қоса берумен):

      ақшамен (құрылтайшылардың (инвесторлардың) акцияларға ақы төлеуiн растайтын төлем құжатының (төлем құжаттарының) деректемелерін, төлем сомасын және төлеушінің атауын, төленетін акциялардың түрі мен санын көрсету);

      бағалы қағаздармен (бағалы қағаздар эмитентiнiң атауын, бағалы қағаздардың халықаралық сәйкестендіру нөмiрi (ISIN коды) мен санын, бағалаушының атауын, бағалау туралы есептің жасалу күнін, бағалау сомасын (нарықтық бағасы болмаған жағдайда), мәміленің тіркелу күнін, төленетін акциялардың түрі мен санын көрсету);

      мүлiктiк құқықтармен (қоғамның орналастыратын акциялары есебінен қоғамның ақшалай міндеттемелерін өтеу туралы қоғамның тиісті органдары қабылдаған шешімнің күнін және қоғамның осындай шешім қабылдаған органын; қоғамның ақшалай міндеттемелерін салыстырып тексеру актісінің деректемелерін; бағалаушының атауын, бағалау туралы есептің жасалу күнін, бағалау сомасын, мүлiктi қабылдау-өткiзу актiсiнің күнін, төленетін акциялардың түрі мен санын көрсету);

      өзге мүлікпен (бағалаушының атауын, бағалау туралы есептің жасалу күнін, мүлікті бағалау сомасын, мүлікті қабылдау-өткізу актісінің күнін, төленетін акциялардың түрі мен санын көрсету);

      бағалы қағаздарды және өзге де ақшалай міндеттемелерді қоғамның орналастырылатын жай акцияларына айырбастау жолымен (бағалы қағаздардың халықаралық сәйкестендіру нөмiрiн (ISIN коды) және санын, мәміленің тіркелген күнін, қоғамның тиісті органы бағалы қағаздарды және өзге де ақшалай міндеттемелерді айырбастау туралы қабылдаған шешімнің күнін, мәміленің орындалуы туралы есеп күнін, төленетін акциялардың түрі мен санын көрсету қажет). Қоғамның орналастырылатын акцияларына қоғамды оңалту барысында қоғамның акцияларына бағалы қағаздарды және қоғамның өзге де ақшалай міндеттемелерін айырбастау жолымен ақы төленген жағдайда, оңалту жоспарын бекіту туралы сот шешімінің күні қоса көрсетіледі. Банктің орналастырылатын акцияларына қоғамды оңалту барысында төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банктің міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдау шеңберінде банктің акцияларына бағалы қағаздарды және қоғамның өзге де ақшалай міндеттемелерін айырбастау жолымен ақы төленген жағдайда, төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банктің міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдау туралы уәкілетті орган шешімінің күні қоса көрсетіледі;

      дивидендтермен (акционерлердің жалпы жиналысында дивидендтерді бөлу туралы қабылданған шешімнің күнін және акциялар төлеуді растайтын құжаттардың деректемелерін, төленетін акциялардың түрі мен санын көрсету).

      Қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда акционерлердің жалпы жиналысында қайта ұйымдастыру туралы қабылдаған шешімнің күні, тапсыру актісінің күні көрсетіледі (банктерді біріктіру түрінде ерікті түрде қайта ұйымдастыруға қолданылмайды). Біріктіру арқылы қоғам қайта ұйымдастырылған жағдайда, қайта ұйымдастырылған банктер акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында бекітілген акцияларды айырбастау коэффициенті көрсетілетін, бір банк екінші банкке қосылу түрінде банктердің ерікті түрде қайта құрылу жағдайын қоспағанда, қосылған қоғамның акцияларын сату бағасы, қосылу жүріп жатқан қоғамның акцияларын орналастыру (іске асыру) бағасы қосымша көрсетіледі;

      10) қоғамның акцияларын орналастыру кезінде қоғам опцион шартын жасаған жағдайда, опцион құны, опцион шарты жасалған қоғам акцияларының саны, опционды орындау бағасы;

      11) қоғамның акциялар шығарылымы андеррайтерлері (эмиссиялық консорциумдар) туралы ақпарат (бұл тармақ андеррайтер қызметін көрсету шарты бар болған жағдайда толтырылады):

      бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының атауы, андеррайтердің қызметін көрсетуге қоғам жасаған шарттың күні және нөмірі, сондай-ақ эмиссиялық консорциумның қатысушылары;

      андеррайтердің акцияларды орналастыру тәсілі;

      андеррайтердің есептік кезеңде орналастырған акцияларыны.

  Акциялар шығарылымының
проспектісін, акциялар
шығарылымының проспектісіне
өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды, акционерлік
қоғамның акцияларын
орналастыру қорытындылары
туралы есепті, акционерлік
қоғамның орналастырылған
акцияларының бір түрін осы
акционерлік қоғам
акцияларының басқа түріне
айырбастау туралы есепті жасау
және ресімдеу қағидаларына
3-қосымша

Акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есеп құрылымы

      1. Қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есептің титул парағында мынадай ақпарат қамтылады:

      1) құжаттың атауы: "Акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есеп";

      2) қоғамның толық және қысқартылған атауы;

      3) мынадай жазба:

      "Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепте берілген бүкіл ақпараттың дәйекті және акционерлік қоғам мен оның орналастырылатын акцияларына қатысты инвесторларды жаңылыстырмайтын болып табылатынын растайды.".

      2. Акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есептің мазмұны:

      1) қоғамның толық атауы және орналасқан жері;

      2) қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні және мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы;

      3) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу (жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру) күні;

      4) акционерлердің жалпы жиналысында айырбастау талаптарын, қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау жүзеге асырылған мерзімді көрсете отырып, қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы шешім қабылдау күні;

      5) акциялар туралы мәліметтер:

      жай және артықшылықты акциялардың санын көрсете отырып жарияланған акциялардың жалпы саны;

      айырбастауға жатқызылған акциялардың саны және айырбастауға жатқызылмаған акциялардың саны, орналастырылған акцияларды айырбастау тәртібі.

  Акциялар шығарылымының
проспектісін, Акциялар
шығарылымының проспектісіне
өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды, акционерлік
қоғамның акцияларын
орналастыру қорытындылары
туралы есепті, акционерлік
қоғамның орналастырылған
акцияларының бір түрін осы
акционерлік қоғам
акцияларының басқа түріне
айырбастау туралы есепті
  жасау және ресімдеу
қағидаларына
4-қосымша

Қоғамның акцияларын бөлшектеуге байланысты акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістердің құрылымы

      Ескерту. Қағида 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоғамның акцияларын бөлшектеуге байланысты акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістердің титул парағында мынадай ақпарат қамтылады:

      1) құжаттың атауы: "Қоғамның акцияларын бөлшектеуге байланысты акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістер";

      2) қоғамның толық және қысқартылған атауы;

      3) мынадай жазба:

      "Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары қоғамның акцияларын бөлшектеуге байланысты акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке енгізілген өзгерістерде берілген бүкіл ақпараттың дәйекті және акционерлік қоғам мен оның орналастырылатын акцияларына қатысты инвесторларды жаңылыстырмайтын болып табылатынын растайды.".

      2. Акционерлік қоғамның акцияларын бөлшектеуге байланысты акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке өзгерістердің мазмұны:

      1) қоғамның толық атауы және орналасқан жері;

      2) қоғамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні және мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы;

      3) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу (жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру) күні;

      4) акционерлердің жалпы жиналысында акцияларды бөлшектеу туралы шешім қабылдау күні:

      бөлшектеуге жататын акциялардың түрі;

      бөлшектеу коэффициенті;

      бөлшектеуді жүргізу мерзімдері

      өзге де мәліметтер;

      5) акциялар туралы мәліметтер:

      жай және артықшылықты акциялардың санын көрсете отырып жарияланған акциялардың жалпы саны;

      бөлшектеуді ескере отырып, орналастырылған акциялардың жалпы саны (қоғам сатып алған акцияларды шегергенде).

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 42 қаулысына
5-қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту, жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою қағидаларын, Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу, акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту үшін құжаттарға қойылатын талаптарды, Жарияланған акциялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Акциялар шығарылымының проспектісін, акциялар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті жасау және ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 247 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17857 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 213 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19681 болып тіркелген, 2019 жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 1-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 1-тармағының 12) және 15) тармақшалары.

      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 149 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15685 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 1-тармағының 8) және 11) тармақшалары.

      5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 24 ақпандағы № 37 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15210 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 1-тармағының тоқсан бірінші абзацы, бір жүз он бірінші абзацынан бастап бір жүз отызыншы абзацы аралығы.

      6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 7 ақпандағы № 26 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18340 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 1-тармағының бір жүз алпыс бірінші абзацынан бір жүз сексен екінші абзацы аралығы, екі жүз бірінші абзацынан екі жүз он алтыншы абзацы аралығы.

      7. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 149 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 65 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18589 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 1-тармағының жетпіс бірінші абзацынан сексен төртінші абзацы аралығы, тоқсан тоғызыншы абзацынан бір жүз он екінші абзацы аралығы.

      8. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 160 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19393 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 1-тармағының екінші абзацынан он тоғызыншы абзацы аралығы.

      9. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 149 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 206 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19660 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) 1-тармағының екінші абзацы.